Орман
Орман – жер бетіндегі табиғи қорлардың, оның ішінде өсімдіктер
жамылғысының басты бір типі. Құрамында
бір-біріне жақын өскен ағаштың бір немесе
бірнеше түрлері бар табиғи кешен. Құрамы
мен өсуіне қарай мәңгі жасыл, қылқанды,
ақшыл қылқанды, күңгірт қылқанды, жапырақты,
ұсақ жапырақты, жалпақ жапырақты, тропиктік, муссонды
Орман зоналары - құрлықтың коңыржай, субтропиктік, тропиктік және субэкваторлық белдеулері мен табиғи ландшафтыларда ағашты-бұталы өсімдіктері басым экваторлық белдеудің табиғи зоналары. Негізінен, ылғалы жеткілікті немесе тым ылғалды солтүстік жарты шар аумағында тараған. Қоңыржай белдеуде (тайга зонасы, аралас және жалпақ жапырақты орман зоналары) күлгін, шымды-күлгін, кұба және орманның сұр топырақтарында өсетін қылқанды және түспе жапырақты ормандар кездеседі. Субтропиктік және тропиктік белдеулердің орман зоналарының климаты өсімдіктің жыл бойы өсіп-өнуіне қолайлы. Үнемі артық ылғалды болатын сары және қызыл топырақтарда сан алуан өсімдік түрлері өсетін мәңгі жасыл немесе (жоғарырақ ендіктерде) жазда жасыл ормандар қалыптасады. Муссонды атыраптарда мәңгі жасыл ормандармен бірге жапырақтарын жылдың құрғақ кезінде тастайтын түспе жапырақты ормандар өседі. Жерортатеңіздік климатты атыраптарда қоңыр топырақтарда өсетін қатқыл жапырақты ормандар мен бұталар тараған — маквис, гарига, бүрген (шибляк), фригана. Экваторлық және субэкваторлық белдеудің өте ылғалды аудандарында ыстық климат жағдайында қызыл және қызыл сары ферралитті топырақтарда түр құрамы бай, көп жікқабатты ормандар өседі.

- Орманды қорғау және орманды қайта қалпына келтіру
- Орман мен дала
- Орман өрті
- Орман ресурстары
- Орман шаруашылығын механикаландыру
- Ормон Хан (1791-1854)
- Орнамент
- Ориентирование на местности
- Ориентирование на местность без карты и компаса
- Ориентирование по местным признакам
- Ориентировочное поведение
- Орігамі як вид декоративно-прикладного мистецтва
- Орієнтовні напрями розвитку політичної системи сучасної України
- Оркестр народных инструментов