Орман шаруашылығын механикаландыру

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

С.СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ

УНИВЕРСИТЕТІ 

                                                                                          кафедрасы

 

 

 

РЕФЕРАТ

 

 

 

Тақырыбы: Орман шаруашылығын механикаландыру

 

 

 

 

                                                                                    Орындаған: Болыспаев М.Г

                                                                                    

                                                                                    Тексерген: Каспаков Е.Ж

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана 2013

 

ЖОСПАРЫ:

 

 

 

1. ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ХИМИЯЛЫҚ ӨҢДЕУГЕ ОРМАН МАШИНАЛАРЫНА ШОЛУ ЖАСАУ

 

2. ОРМАН ДАҚЫЛДАРЫН  КЕПТІРУГЕ, СОРТТАУҒА  АРНАЛҒАН  ҚҰРЫЛҒЫ КОНСТРУКЦИЯҒА ШОЛУ ЖАСАУ

 

3. ОРМАН СОҚАЛАРЫ ҚҰРЫЛЫСЫ. ЖҰМЫС ПРОЦЕСІ ЖӘНЕ ҚОЙЫЛАТЫН АГРОТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ  ХИМИЯЛЫҚ ӨҢДЕУГЕ ОРМАН МАШИНАЛАРЫНА ШОЛУ ЖАСАУ

 

Орман зиянкестерінің әсерін өртпен салыстыруға болады. Олармен  күресудің үш бағытын атауға болады:

  • Химиялық улы химикиаттармен үлкен өнімділік және залалдықпен – бүріккіштер, тоңазытқыштар мен аэроалгенераторлар;
  • Биологиялық - ормандарға пайдалы зиянкестер жаулармен жәндіктер қоныстандыру;
  • Механикалық терең каналдар қазу және жарық ұстағыштар арқылы.

Өсімдірек химиялық әдіс кенінен тараған. Сондықтан орман  ағаштарымен өсімдіктерінің зиянкестері  және ауруларымен күресте қолданылатын машиналар жұмысына тоқталамыз.

 Өсімдіктердің зиянкестерімен  аурулары орман шаруашылығына  көп зала келтіреді. Оларды құрту үшін бүріккіштерді, тоңазытқыштарды, аэрозол генераторлардың, дәрілегіштерді, топырақты өсімдікке зиянды заттардан арылтатын, жәндіктерді елітетен заттарды әзірлеп, шашатын машиналарды пайдаланады.

Өсімдіктердің барлық өсіп, жетілу фазасында комплектілі күрес жүргізу тиімді. Ол үшін қоймаларды дизенфекциялайды, себер алдында тұқымдарды дәрілейді, егістіктерге улы заттарды бүркіп, тозаңдатады, оны үстеп қоректендіреді және арамшөптерді жояды.

Өсімдіктерді зиякестерден, аурулардан және арамшөптерден қорғау үшін қолданылатын химикат заттар арналып жасалған мақсатына қарай: инсектицидтер, фунгицидтер және гербицидтер деп үшке бөлінеді. Инсектидтер заттарды зиянды жәндіктерден, фунгитцидтер- өсімдік ауруларын құрту үшін, гербитцидтер арамшөптерді құрту үшін пайдалынады.

Бүріккіш машиналар  улы химикат ерітіндісін өсімдікке шашады. Тоңазытқыш машиналар өсімдікті ұнтақталған улы заттармен тозандатады.

  Аэрозол генераторлары улы химикаттарды жылыту және механикалық жолмен  0,002 мм-ге дейін бөлшектеп, тұманға айналдырады, ол өсімдіктердің үстіне қаптап, тұрып қалады.

Дәрілеу машинасы егетін және отырғызылатын тұқымдық материалдарды  әр түрлі ауру қоздырғыштардан арылтуға арналған. Өнделетін жердің көлеміне қарай қолмен және атпен сүйретілетін, тракторға тіркелетін бүріккіштермен тоназытқыштар да қолданылады.

Орман шаруашылығына  зиян келтіретін аурулармен зиянкестерді құрту үшін, сондай-ақ үлкен алқаптардағы өсімдіктерді үстеп қоректендіру үшін авиацияныда қолдануға болады.

Дақылдар зиян келтеретін аурулармен, зиянкестермен күресу, арамшөптерді құрту үшін қолданылатын машиналарға қойылатын агротехникалық талаптар.

Машиналар улы химикаттың өнделетін жер көлемінің бірлік өлшеміне қажетті мөлшерде жұмсалуын  қамтамасыз етуге және оның бүкіл  жұмыс кезінде сол қалыпта сақталуын, ал тоңазытқыш құрылғылар сұйықтық пен ұнтақ заттардың өңделетін учаскеге біркелкі бөлініп отырылуын қамтамасыз етуге тиіс.

Тұқымды улы химикатпен өңдеу біркелкі жүргізілуі тиіс. Тұқым  умен араластырылғанда оның бүлінуі 0,5 пайыздан аспауы тиіс. Жұмыс органдары химикаттар әсерінен бұзылмайтын болуға тиіс.

Бүріккіш машиналар. Бүріккіш машиналардың негізгі механизмдері мен жүйелері: араластырғышы бар резервуар, насос, сорғыш және айдағыш торлар, манометрлі сақтандырғыш клапан, улы химикат толтыратын құрылғы тоңазытқыш құрылғы жұмыс органдарына жалғасы және рама.

Машина жұмыс істеп  тұрғанда резервуардағы  сұйық улы химикат араластырғыш пен үнемі шайқалып тұрады да, сорғыш сүзгіштен  өтісімен сорғыш магистраль  бойынша насоспен сорылады. Улы химикат қысымының әсерімен айдағыш магистральға келіп, сақтандырғыш-редукция клапаны дистанциялық басқару клапаны  арқылы өтіп, тоңазытқыш құрылғыға қарай кетеді. Тоңазытқыштар улы химикат ерітіндісін ұп-ұсақ етіп үгеді, ол сыртқа шашыратылып тасталады да, өсімдікке және топырақ бетіне шөгіп қалады.

Машинаға сұйықтық құйғанда дистанциялық басқару клапаны  мен  эжектор вентилін  жауып, сорғыш магистральдың вентилін  ашу керек. Эжектордың шаңдатқыш шлангысын  тоғанға ал сұйықтық толтыратын шлангыны резервуардың өңешіне қояды. Резервуарға бірнеше шелек су құйып, трактордың қуат тарататын білігін іске қосады да эжектор вентилін ашып қояды. Сұйықтық толтыратын құрылғы түтіктерінде пайда болатын сирексудің нәтижесінде тоғанға су насоспен сорылып, резервуарға тартылып келеді. Сұйықтықты толтырып алғаннан кейін эжекторды жауып қояды.

Тоңазытқыштар. Тозаңдатқыш машинасының негізгі тораптары мен механизмдері ұнтақ тәрізді улы химикаттарға арналған бункер, желдеткіш, тоңазытқыш құрылғы, жұмыс органдарына келетін жалғас, рама. Тозаңдатқыштарды тракторлерге, автомобильдерге өздігінен жүретін шассилерге және самолеттерге орнатады.

Улы химикатты жұмсау мөлшерін өзгерту үшін тесікті жапқышпен  жауып қою керек. Ауа улы химикаттарды тартып алады да сыртқа шығаратын  келте түтікке бағыттайды, одан әрі тозаңдатқыш қақпақ арқылы өңделетін учаскеге жібереді.

Тозаңдатқыш бүріккіштер. Бұл машиналардың жұмыс  тораптары мен тозаңдатқыш және бүріккіш механизмдері болады, мұның өзі улы химикаттар қолданып, ауыл шаруашылығы дақылдарының ауруларымен зиянкестеріне қарсы күресті былай жүргізеді:

  • өсімдіктерді у шашқан кезде су мен немесе улы химикаттардың ерітінділерімен дымқылдатылған  ұнтақ тәрізді улармен тозаңдатуға;
  • өсімдіктерді құрғақ ұнтақ тәрізді химикаттармен тозаңдатуға;
  • тозаңдатқышты өте ұнтақпен бөлу өсімдіктерді ауаның қуаты ағысына ұстап, оларға ерітінділер, суспензиялар және минералды майлы эмульсиялар бүркуге;
  • өсімдікке улы затты ауа жібермей-ақ әдеттегі әдіспен бүркуге қолайлы.

Мұндай машиналарға  ОНК-Б маркалы тозаңдатқыш-бүріккіш жатады. Қазірде өнеркәсіп оларды шығармайды.

Аэрозолды генераторлар. Генератор ауа айдағыштан ауа шығаратын трубопроводтардан екі ауа сүргіштен оттықты қыздыру камерасынан улы сұйықтық шаштың сұғындырмадае улы сұйықтық құйятын бактан және рамадан құралған.

Двигатель қозғалатын ауа  айдағыш ауаны трубопроводтар арқылы оттыққа да қызу камерасына да айдайды. Генератор ауа айдағыштан ауа  шығаратын трубопроводтардан, екі  ауа сүзгіштен оттықты қыздыру  камерасының улы сұйықтық шашатын сұғындырмадан улы сұйықтық құятын бактан және рамадан құралған.

Бензин бактан жиклер арқылы отын құбырынан өтіп оттыққа  құйылады. Ауа бензинді ыдыратып, жанармай қоспасы пайда болады, ол от алдыру свечасынан лап етіп тұтатанады да, түгел жанып кетеді. Свеча қызу камерасына қойылып, магнетодан қуат алып жұмыс істейді. Қызған газ сұғындырманың тар мойнына арқылы аса жылдамдықпен өтеді де оған жиклер арқылы улы сұйықтық құйылады. Улы сұйықтық біразы тозаңдалады, ал басқасы буланып, тұманға айналады. Осы тұман өсімдікке шашылады. Генератордың жұмыс өнімділігі – 5-20га/сағ, жердің әр гектарына 5-6л сұйықтық жұмсалады.

Дәрілегіштер. Универсалды ПУ-3 дәрілегіш машинасы бидай, жүгері зығыр және басқа дақылдардың дәндерін құрғақ және сұйық химикаттармен дәрілеуге арналған.

ПУ-3 дәрілегіші астық бункерінен астықты трубопроводқа жеткізіп тұратын ожаулы элеватордан астықты сумен араластыруға  арналған барабаннан құрғақ  у бункерінен барабан камерасындағы ұштықтарға сұйықтық құйып тұратын шестерня тәрізді насостан, сүзгіштен резервуардан шығару камерасынан құралған. Машинаның барлық тораптары рамаға орнатылған. Жұмыс органдарын электор моторы немесе бензинді двигатель қозғалтады.

Жұмыс мына төмендегінше жүргізіледі. Үйілген жалдан күреп  алғыш элеватордың жоғарғы қалақшасына  тасымалданады. ПУ-3 дәрілегіші астық бункерінен астықты трубопроводқа жеткізіп тұратын ожаулы элеватордан астықта умен араластыруға арналған барабаннан құрғақ у бункерінен барабан камерасындағы ұштықтарға сұйықтық құйып тұратын шестерня тәрізді насостан сүзгіштен, резервуардан шығару камерасынан құралған. Машишаның барлық тораптары рамаға орнатылған. Жұмыс органдарын электор моторы немесе бензинді двигатель қозғалтады.  Жұмыс мына төмендегінше  жүргізіледі. Үйілген жалдан күреп-алғыш элеватордың жоғарғы қалақшасына тасымалданады.

Одан соң астық трубопровод  пен сұғындырма мойыны арқылы ол барабанның араластыру камерасына түседі. Құрғақ улы химикатта бункерден трубопровод  арқылы осы камераға түседі. Барабан айналған кезде астық умен араласып, шығу камерасына қарай жылжиды да содан кейін дәріленген астық қаптарға салынады.

Дәнді сұйық немесе жартылай құрғақ химикатпен дәрілегенде жұмыс  процесі біршама өзгереді: құрғақ ұнтақ удың бункерден түсуі тоқтатылады, ал барабанның араластыру камерасына ұштықтар арқылы трубамен сұйық улы химикат жеткізіледі, ол резервуардағы насоспен сорылып алынады.

Резервуарлар. Бүріккіштердің резервуарларын болат табақтардан пісіріп жасайды. Оның жоғарғы жағынан мойын жасап, оған сұйықтық құятын сүзгіш орнатады. Мойынды қақпақпен нығыздап жауып қояды. Резервуардың қапталында немесе төмеңгі жағында сұйықтықты жіберетін түтік болады. Резервуардың ішінде улы химикат ерітіндісін араластырып тұратын араластырғыш бар.

Улы химикат  бүріккіш машиналар. Жұмысқа қосарда бүріккішті мұқият қарап, құрастырылуының дұрыстығын тексереді. Әсіресе гайкалардың, винттерді және басқа да бекітпе детальдардың мықтап магистралыі мен сақтандырғыш редукция калапандарыңдағы сүзгіштердің акаусыздығы мен тазалығына, тозаңдатқыштар ұшындағы сұйықтық шығытын тесіктерінің тазалығына, насос клапандарындағы серіппелердің ақаусыздығына, гидросистемадағы аралық төсемнің түгелдігіне және оның саңылаусыз болуына ерекше назар аударады.

Қарап шыққаннан кейін машинаның үйкелетін жерлерінің бәрін майлап, оны жүргізіп, жұмыс органдарын тексеруге кіріседі. Бұл үшін резервуарға 10-15 шелек су құйып, сорғыш және айдағыш торлардағы крандарды ашып, насосты жайлап іске қосады. Насос жұмыс істеп тұрған кезде сұйықтықтың тозаңдатқыш құрылғысына құйылуын, жүйедегі қысымды ағып тұрған жерлерін тексереді.

Егер сақтандырғыш редукция  клапанындағы тесік арқылы сұйықтық резервуарға құйылса, редукция клапанының маховигін оңға айналдырылып, қысымды арттыру керек.

Тозаңдатқыштар. Жұмысқа қосар алдында тозаңдатқыштың комплектілігін және жинақтаудың дұрыстығын, тозаңдатқыш құрылғысының желдеткіш фланеціне кигізілген бекітпелерлің беріктігін, болтты жалғастырғыштардың бәрінің тартылып тұруын, орнықтырғыштар мен мөлшерлеу жапқшының акаусыздығы тексереді. Сонан кейін тораптар мен механизимдерді майларды, ал одан соң тозаңдатқышты кәшә айналымға салып 5 минут бойы бостан бос жүргізіп көреді. Жүргізіп көргеннен кейің улы химикатпен толтырады да тозаңдатқыштың жүкпен жұмыс істеуін тексереді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ОРМАН ДАҚЫЛДАРЫН КЕПТІРУГЕ, СОРТТАУҒА  АРНАЛҒАН ҚҰРЫЛҒЫ  КОНСТРУКЦИЯҒА ШОЛУ ЖАСАУ

 

СЗС-2,1 сеялкасы 9 қатарлы  оның негізі – рама, оған екі дән  тыңайтқыш жәшігі қондырылған. Жәшіктердің  түбіндегі тесіктерге қарама – қарсы  катушкалы сепкіш аппарат болттармен бункер астарына бекітілген. Тесіктердің  саны сепкіш аппараттың санымен бірдей. Жәшіктің артқы қабырғасына катушкалы штифті тыңайтқыш сепкіш аппарат орнатылған. Тұқым өтетін түтіктер аппараттардың воронкасына сымнан жасалған орағышпен бекітіледі. Тұқым егетін түтіктің төмеңгі жағы қос дискілі шүмектің мойнына тандырғыш сыммен бекітілген.

Сеялканың жұмыс процесі  төмендегінше өтеді. Дән тұқым жәшігінің  түбіндегі тесік арқылы сепкіш аппараттардың  қабылдағышына құйылады. Айналмалы  катушкалар тұқымды қалақтарымен қамтиды  да, тұқым өтетін түтіктердің воронкаларына  шығарып жатады.

Тыңайтқыштар жәшіктің тыңайтқыш тұратын жағынан тыңайтқыш  себетін аппараттың катушкасы арқылы науашаларға жүргізіледі де, одан тұқым воронкасына түседі.

Тұқымдық дән түтік  арқылы тыңайтқыштармен бірге шүмектерге келіп, одан бағыттағыштар арқылы сырғып, сіңіргіштің астарына бороздаға таратқыш арқылы шашырап түседі. Тұқымдық дәндер топырақпен жабылып тығыздағыш катоктармен тығыздалады.

Дән тыңайтқыш салатын  жәшікке тұқым толтыру арасында себуге қажетті тұқымдық материалдарды  салуға және тыңайтқыштарды құюға арналған, сеялкалардың алуан-алуан түрлері бар екеңіне қарамастан, олардың дән тыңайтқыш жәшіктері бір-біріне ұқсас келеді. Жәшік алдыңғы және артқы қабырғалардан, екі қапталдан, қақпақтан және түптен құралған.

Жәшік қабырғалары жоғарғы  жағында бір-біріне паралель келеді, ал төмеңгі жағында бір-біріне жақындатылған.

Жәшік пішінінің мұндай болуы тұқым мен тыңайтқыштың сепкіш аппараттарға құйылуын жеңілдетеді. Жәшіктің ұзындығына қарай қақпақты тұтас немесе екі бөлік етіп жасайды  да, алдыңғы қабырғаның жоғарғы керпесіне топсамен бекітеді. Қақпақтың ашылуы тірекермен шектелген. Жәшіктің түбінде тесіктер бар. Тұқымға арналған сепкіш аппараттар солардың тұсына қойылған, ал жәшіктің артқы қабырғасында тыңайтқыш шашатан аппараттарға арналған тесіктер бар.

Тұқым сепкіш аппараттар. Дәнді дақылдардың тұқымы және шөп тұқымдарын себу үшін катушкалы сепкіш аппараттарды қолданады.

Бұл аппараттар құрылымы жағынан қарапайым, себу нормасын реттеу онша күрделі  емес, пайдалануға қолайлы. Катушкалы сепкіш аппарат. Негізгі 4 бөліктен: тұқым қорабынан, сызаттары бар жұмыс катушкаларынан, жай жұмыр муфталардан және розеткалардан құралған.

Тұқым өткізгіш құбыр  тұқым мен тыңайтқышты сепкіш аппараттардан сеялканың шүмегіне қарай жіберіп отыруға арналған. Конструкциясы жағынан ол спиральды-ленталы, кеңірдіктелген резеңкелі және труба тәрізді болып келеді.

Тұқым өткізігіш спиральді-ленталы  құбырлы спиралша ширатылған болат  лентадан жасайды. Оның жоғарғы ұшын серіппелі шаппа тіспен воронкаға  жалғастырады. Ал тұқым өткізгіш құбырдың төменгі ұшында қапсырма болады, ол  оны тұрақтандырғыш сым арқылы шүмектің корпусына бекітеді. Мұндай тұқым өткізгішті жасау қиын, бірақ ол икемді келеді. Оның кемшілігі: жұмысқа пайдалану кезінде керіліп, ұзарып кетеді. Спиральды-ленталы, құбырлы тұқым өткізгіш құбырлары СЗН-10, СЗН-16, СЗН-24, СУ-24, СУК-24А, ЛДС-4А, СУТ-47, СЗС-9, СЗС-2.1 сеялкаларына орнатады.

Дискілер шүмек корпусында бір-біріне 10° бұрышталып бір рет  майланатын шарикті подшипникке  орнатылған. Корпусқа дискілер салған борозда түбіне тұқымды төгіп отыратын воронка орнатылады. Дискілер аралығына ішкі жағына жабысқан топырақты түсіріп реттеп отыратын тазартқыш бекітілген. Мұндай дискілі шүмектерді СЗ-3,6, СЗС-2,1, СЗП-3,6, СУК-24А және т.б. сеялкаларға орнатады.

Сеялкаларды жұмысқа әзірлеу. Сеялкаларды егіс басына шықпай тұрып алдын ала тексеріп, жұмысқа әзірлеу керек. Алдымен сеялканың тораптары мен механизмдерінің бекітпелерін тексереді, сепкіш аппараттарды, тұқым өткізгіш құбырларды, шүмектерін қарап шығады. Байқалған ақаулардың бәрін жояды. Тұқым жәшігінен табылған бөгде заттарды алып тастайды. Содан кейін жалғастырғыш механизмдерді тексеріп, сеялканы майлап қояды.

Бір агрегатта бірнеше сеялкамен  жұмыс істеу үшін тексергіштерді де дайындап қояды. Доңғалақтардың, осьтердің, кергіштердің ақаусыздығын, брустардың аспа механизмдерінің, қапсырмаларының күйін тексереді. Байқалған ақауларды сол жерде дереу жөндейді.

Қондырғыш тақтайды пайдаланып, шүмектердің орналасуын тексереді. Белгіленген себу сұлбасынан ауытқыған  жағдайда шүмектерді ауыстырып қояды. Ең соңында сепкіш аппараттардың тұқымды біркелкі себуін тексеріп, сеялканы себу нормасына қояды.

Тұқымды сіңіру тереңдігін топтап және жекелеп реттелетін шүмектердің  топыраққа бату тереңдігіне қарап  анықтайды.

Топтап реттеу тереңдіктің  бұраңдалы реттегішімен немесе көтергіш механизмімен жүргізіледі. Винтті босатқанда немесе тісті сектор бойынша рычагты көтергенде шүмектердің жүріс тереңдігі кемиді және керісінше, винтті қатайтқанда немесе рычагты түсіргенде арта түседі. Реттегіштердің винттері мен сеялканың екі бөлігіндегі көтергіш рычагтары шүмектерді бірдей тереңдікке батыратындай етіп орнатылуы қажет.

Шүмектердің жүріс тереңдігін жеке-жеке реттеу мынадай бірнеше  тәсілмен жүргізіледі:

  • Дискілі шүмектерді қысқыш штангілері серіппелердің керілуін өзгерту арқылы реттейді. Серіппенің бос жиырылуы шүмектердің таяз жүруіне, ал серіппенің аса қатты жиырылуы шүмектердің ең терең жүрісіне сәйкес келеді. Серіппенің түрлі жиырылуы шайбаның орнын ауыстырып қою және штангіні бұру арқылы болады. Трактор доңғалағының іщімен жүретін шүмектер серіппелерінен бәрі бірдей жиырылуы қажет. Ол серіппелерді қаттырақ қысып жырылту керек. Топырақ қаттылығы әр түрлі жерлерде жұмыс істегенде, сондай-ақ алдыңғы және артқы шүмектердің жүрісін теңестіру үшін де серіпппелердің жиырылуын өзгерту әдісін пайдаланады.
  • Анкерлі шүмектерді раманың қапсырма тұтқасына қарай шүмектер асқышы шынжырларының ұзындығын өзгерту және шүмектер қапсырмаларына салмақ арту және оны түсіру арқылы реттейді. Шынжырларды ұзарту және салмақ арту шүмектердің жүріс тереңдігін ұлғайтады немесе оны керісінше таяздатады.
  • Қыр төсті шүмектерді салмақ арту немесе оны түсіру арқылы реттейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ОРМАН СОҚАЛАРЫ ҚҰРЫЛЫСЫ. ЖҰМЫС ПРОЦЕССІ ЖӘНЕ ҚОЙЫЛАТЫН АГРОТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛАПТАРЫ

 

Соқалар – жер өңдеу құралы. Адамзат өркениетінің қалыптасуы мен дамуы барысында орасан зор орын алған, көне дәуірлерден қазірге дейін қолданылып келе жатқан бұл еңбек құралы мыңдаған жылдар бойы жетіле келе ертедегі қарапайым имек ағаштан осы заманғы күрделі а. ш. техникасына айналды. Ерте егіншілік мәдениеті пайда болған әлемнің аса ірі сегіз орталығында (Қытай, Үндістан, Алдыңғы Азия, Орта Азия, Жерорта теңізі жағалауы, Эфиопия, Орталық Америка, Оңтүстік Америка) жер өңдеу саласы терімші-аңшылықтың гүлденген кезеңінен кейін барып қалыптасты. Терімші қауымдар тұтынған мүйіз, ағаш кетпендер мен жерқазғыштар іс жүзінде ежелгі соқаның пайда болуының алғы шарты еді. Ежелгі қауымдар пішіні жағынан қазіргі құралдарға ұқсас кетпендер мен түзу ұшталған имек таяқ жерқазғыштарды жеуге жарамды тамырлар мен түйіндерді қопарып алуға пайдалана отырып, оны өгіз, бұқа, есек, ат сияқты үй жануарларына тіркеу идеясына, яғни алғашқы соқаның идеясына жетті. Бұл ретте, әсіресе, дәнді дақылдардың жабайы түрлерін азық қылуға дағдыланған өлкелердің маңызы ерекше болды. Ерте егіншілік, малшылық салалары қалыптасқан неолиттік төңкерістің қарқындаған тұсында соқа пайда болып, мұнан әрі жер өңдеу кәсібі соқа қолданылатын және соқа қолданылмайтын екі үлкен түрге жіктелді. Мұны ғылымда соқалы егіншілік (танаптар малға, адамға жегілген соқамен өңделді) және кетпенді егіншілік (кетпендер, жерқазғыштар пайдаланылды) деп атады. Бұл айырмашылықтың басты себебі – ежелгі қауымдардың бір-бірінен әлдеқандай нәсілдік артық-кемшіліктерінде емес, табиғи-экологиялық жағдайлардың алуан түрлілігінде болды. Соқаны пайдалану орман-бұтасыз, кең, тегіс алқаптары жеткілікті, жер қыртысы жұмсақ, тасы жоқ, мол су көзі бар, жауын-шашын мен күн қызуы өзара қолайлы үйлесімін тапқан өңірлерде қалыптасты. Ежелгі Азия, Африканың Шумер,  Египет,  Қытай,  Үндістаннан өзге соқа анағұрлым кейін пайда болған Еуропа өлкелерінде де осы іспетті табиғи-экологиялық алғы шарттар орын алды. Азияның, Африканың, Американың, көптеген аралдардың ну-жынысты, биік таулы, ауа райы мен жауын-шашынның өз ерекшелігі бар тропиктік белдеулі өлкелерінде кетпенді егіншілік ұзақ уақыт сақталды. Мұндай өлкелердің біреуінде кейіннен жаңа заман ағымымен жаңартылған плантациялар дамыған болса, енді біреуінде осы күнге дейін егіншіліктің байырғы түрі қолданылып келеді. Н.Н. Миклухо-Маклайдың Жаңа Гвинея папуастарынан көріп, сипаттап жазған жерді өңдеу тәсілі бойынша, ағаш-бұталардың тамырымен араласып, бітісіп қалған қыртысты ерлер алдымен ағаш таяқтармен шанши аударып кетіп, соңынан әйелдер басы жуан шоқпар тәрізді құралдармен тамырларды ұрып, топырақтан босатып отырған, ал одан кейінгі топ, кейде жас өспірімдер қолдарымен қосымша қопсытатын болған. Археолог С.А. Семенов дәл осындай жағдайда темір күрек, кетпендерді пайдаланып көруге негізделген арнаулы ғылылыми тәжірибе жүргізгенде, алынған нәтиже жергілікті тұрғындардың байырғы тәсілінің нәтижесінен әлдеқайда төмен болып шыққан. Соқа негізінен Азия құрлығы өркениетінің жемісі. Ғылыми деректерде соқалы егіншілік Алдыңғы Азияда, яғни Ежелгі Месопотамияда байырғы шумер дәуірінде б.з.б. 6-мыңжылдықтың аяғы мен 5-мыңжылдықтың бас кезінде пайда болғандығы айтылады. Б.з.б. 4-мыңжылдықтың аяғына жататын байырғы шумерлік пиктография жазуында алғашқы соқаның суреті берілген. Соқа туралы көне жазба деректер дамыған шумер кезеңінен жеткен тақтайшалы жазулар да кездеседі. Мұндағы “Диқан күнтізбесі” аталып кеткен барлығы 10-нан асатын тақтайшада жерді өңдеп күту, егін егу мен оны жинауға байланысты пайдалы кеңестер, “бардиль” соқасы, “шукин” соқасы жайлы айтылады. Шумерлік жазбаларда кетпен мен соқаның айтысын сипаттаған әдеби шығарма да бар. Егіншілік жайлы жазба деректердің үлкен шоғыры  Грекия,  Рим әдебиетінде сақталған.  Рим әдебиетінде жер өңдеу жайлы Катон,  Варрон, Колумелла,  Плиний, атақты ақын Вергилий, т.б. деректер қалдырды. Ссоқаның түрлерін жүйелеп шыққан Ю.А. Краснов көне дәуірлердегі соқаларды құрылымы, шығу тегі жағынан бір-бірінен бөлек үш негізгі түрге бөледі. Бірінші түрге жататын 2 тұтқалы қисық жетекті соқа көне Шумер елінде пайда болған алғашқы соқа болып саналады. Яғни, соқаның бұл түрінің қалыптасуы ерте егіншіліктің әлемдік орталықтарының бірі –Алдыңғы Азиямен байланысты. Құрылымы бойынша ұзын тәртеге қисық пішінді қосымша таяқ немесе жетек жалғанып, ол сәл көлбеу соқа денесіне бекітілген. Жоғары тұсындағы арнаулы түтіктен тұқымдық дән себілген. Бұл түр б.з.б. 5 – 4-мыңжылдықтарда негізінен Месопотамия мен оның ықпалы тараған төңіректе, оның ішінде б.з.б. 3-мыңжылдықта Закавказье өлкелерінде тараған. Көне мәдениеттің Шумерден кейінгі келесі бір аса ірі орталығы Египетте 2 тұтқалы, тік жетекті, аздап өзгерген нұсқасы қалыптасты. Мұның тағы бір нұсқасы, яғни 1 тұтқалы қисық жетекті С. б.з.б. 2-мыңжылдықтың басында Солтүстік Месопотамиядан бастау алып, Жерорта теңізі жағалаулары, Пиреней түбегі арқылы Еуропаның батыс жағалаулық өңірлеріне, Солтүстік Еуропа, Фенноскандия елдеріне тарады. Ежелгі соқаның 2-түрі, яғни 1 тұтқалы тік жетекті соқа Орта Азияның оңтүс-батыс өлкелерінде, сонымен қатар Солтүстік Үндістанда және Пәкстан, Ауғанстанның оларға жапсарлас өңірлерінде б.з.б. 4- мыңжылдықтың соңы мен 3-мыңжылдықтың басында дербес қалыптасып, осы аумақтан алыс-жақын көптеген елдерге кеңінен тараған. Орта Азия,  Қазақстан,  Сібір өлкелері ғана емес, Қытай мәдениеттерінде қолданылған (б.з.б. 2-мыңжылдық) соқа да осыдан бастау алады. Сондай-ақ ортаазиялық соқа Каспийдің солтүстік далалары арқылы Қара теңіз аймағы, бүкіл Шығыс Еуропаға тарап, б.з.б. 2-мыңжылдықтың ортасында Орталық Еуропада белгілі болған. Яғни, қазақтың жерағашы, ортаазиялық омаш, тываның андазыны сияқты құралдар көне соқаның жергілікті түрінен басталады деуге болады. Ерте дәуірлердегі соқаның 3-түрі – тұтас жетекті, табанды соқалар. Жетек пен соқа денесі біртұтас, яғни ағаштың иілген кесіндісінен жасалған құралдардың жерге түсетін жағына арнаулы табан орналасады. Бұлар ежелгі егіншілік мәдениетінің Жерорта теңізі орталығында б.з.б. 3-мыңжылдықтың соңы мен 2-мыңжылдықтың басында пайда болған деп пайымдалады. Шығыс Жерорта теңізі жағалауларынан бастау алып, Кипр, Крит аралдарын қоса алғанда, теңіздің жағалау бойлықтарында кеңінен тараған. Кейінгі дәуірлерде құралдың бұл түрі Еуропа елдеріне, әсіресе, грек, рим мәдени ықпалдары арқылы беріліп келген. Ежелгі дәуір соқаларының осы үш түрі кейіннен әрі қарай тарап, әр өлкеде түрлі деңгейде жетілдіріліп отырды. Көне жеңіл соқаның орнына пайда болған табанды соқа жер қыртысын үстінен тілмей, астынан қопаруға мүмкіндік берді әрі құралдың орнықтылығын күшейтті. Мұнан кейін аударғыш қызметін атқаратын бөліктер енгізіліп, қопарылған қыртыс енді аударылатын болды. Қазақ жерінде қола дәуірінде мал шаруашылығына қосымша сала ретінде өркендеген егіншілікті нақты заттай айғақтар жоқ болғандықтан, кетпенді егіншілікке жатқызады. Қара теңіздіңдің солтүстігін мекендеген скифтерде соқалы егіншілік дамыды. Геродот (б.з.б. 5 ғ.) мұның бір бөлігін егінші-скифтер деп атады. “Алғашқы” скиф Тарғытайдың үш ұлына алтын соқа, қамыт, қылыш, аяқ сияқты заттар берілген деп келетін далалықтардың белгілі аңызы да мұны растайды. 1768 жылы неміс саяхатшысы Гильденштедт Украинадан көріп, сипаттап жазған шығыс славяндардың “рало” аталған соқасы осы скиф заманынан жеткен құралдардың бірі. Кейбір мәліметтерде соқалы егіншілік ғұн, қангюй, үйсін тайпаларында белгілі болған. Түркі дәуірінен бастап, соқа туралы деректер неғұрлым нақтыланады. Ағаштан жасалған, бір тұтқалы тік жетекті табанды соқа Ақбешім қаласын (8 ғ. қабаты) қазу барысында табылса, Талғар қаласының 11 – 12 ғасырлардағы қабатынан ұзындығы 20 – 35 см-ге жететін, темірден соғылған соқа ұштықтарының (тіс) бір тобы кездескен. Қазақ диқандары топырағы жеңіл өлкелерде көбіне жеңілдеу жерағашты қолданды, ал қыртысы қатты Арқада бұған қоса оның ауырлатылған түрлерін де пайдаланды. 19 ғасырдың екінші жартысына қарай қолданыла бастаған ат сабан соқа осындай ауыр түріне жатады. Өндірістік қатынастар жедел дамыған 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында қазақ тұрмысында жалпы  Ресей империясының экономикасына Батыс Еуропа елдерінің әсерімен тараған “плуг” (неміс: pflug, ағылшын. plough) соқасы қолданысқа енді. Соқаның жетілдірілген әрі қымбат бұл түрін ауқатты қазақтар Брянск зауытынан, Ген, Сакк сияқты кәсіпкерлердің компанияларынан да сауданың түрлі әдістерімен алып отырды. Мұның ең тиімдісі көптүренді “плугтар” еді, бірақ бағасы қымбат болғандықтан, оны тек байлар алды. Мысалы, 1913 жылы Қостанай уезінің қазақтарында біртүренді 29038, көптүренді 16828 “плуг” болған. Бұл кезеңде диқандардың негізгі бөлігі қай өлкеде болмасын дәстүрлі жерағаш, омаш, ат сабанды пайдаланды. 20 ғасырдың 30-жылдарынан бастап қазіргі заманғы соқа түрлері пайда болды.

 Қазіргі трактор соқаларын былайша жіктеуге болады. Атқаратын жұмыстарына қарай жалпы жұмыс және арнаулы жұмыс плугтарына, корпус санына қарай 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 корпусты, тракторға тіркеуіне қарай – тіркемелі, жартылай аспалы және аспалы. Корпустарының қайырма формасына қарай – дақылдық қайырмалы, торлы қайырмалы, жартылай винтті және винтті қайырмалы плугтар.

Соқалардың  маркалары: ПН – аспалы плуг, ПБН – батпаққа арналған аспалы плуг, ПСГ – гидрофикциаланған бай-бақша плугы; екі мәнді цифр корпус алымының ені, цифрдан кеінгі әріп плугтың өзгертілген түрі (А-жаңа модельі, Р-тіркеуіш доңғалағы бар, ПГ- топырақ қазғышы бар әрі гидровикалық жолмен басқарылады).

Соқаның құрлысы:

СА-2 автотіркеуіші бар  тракторға арналан бес корпусты үйлестірілген аспалы ПЛН-5-35 плугы  құрамында тасы жоқ, 30 с тереңдікте дейін жыртуға арналған. ПЛН-5-35 плугы ДТ-75 М, Т-150 К және Т-4А тракторларына агрегатталады.

Плугтың негізгі жұмыс  органдары дискілі пышақ, шым  аударғыш, және табан арқылы түрен, қайырма және жақтау штампталан болат  тірекке бекітілген корпус болып  табылады. Плуг рамасы пісірмелі, ал брус арқалықты қатайтып ұстап тұрады.

 

 

Түрен - топырақ қыртысы астын тілуге арналған. жүзінің 20-35 см енін жылулық өңдеуден өткізеді. түрен борозда түбіне 22-300 бұрыш жасап, көлбей орнатылуы тиіс. Түрен трапеция немесе қашау тәрізді болады. Бүгінгі таңда қашау тәрізді түрендер көп таралған. Түренді оның кескіш жүзі плугтың жүріс бағытымен сүйір бұрыш жасайтындай етіп орналастырады. бұл өсімдік тамырлары мен топырақ кесектерін кесуге қолайлы жағдай туғызады, өйткені плугтың қозғалысы кезінде олар оның кесікш жүзінің бойымен сырғиды.

Қайырма – топырақ  қыртысын аудару мен ұсақтауға арналған. Қайырмалар бет формасына қарай  дақылдық, цилиндірлі, жартылай винтті және винтті болып бөлінеді. винтті және жартылай винтті қайырмалар топырақ қыртысын жақсы аударады. Топырақ қыртысын жақсы аудару үшін қайырманың ұшына екі болат жолақ бекітіледі.

Қайырманы үш қабатты  болаттан жасайды. олардың ыртқы  қабаттары көмртекті, ортаңғысы  аз көміртекті болаттан құралады да жылумен  өңделеді.

Атыз тақтайшысы плугтың жүрісін тұрақтандырады, тіректі бүйірлік күштерден жеңілдетеді, борозда қабырғасын құлаудан сақтайды.        

Шым аударғыш – бұл  алым кеңдігі 23 см  дақылдық жұмыс  беті бар кіші-гірім корпус. Шым  аударғыш топырақтың жоғарғы қабаты 12 см-ге дейінгі тереңдікте кесіп, ұсақтап, аударып, оны борозда бетіне салуға арналған. Соның нәтижесінде арамшөптер мен өсімдік қалдықтары көміліп қалады. Шым аударғыш болат тіректен және оған басы жасырын тұрған болаттар арқылы бекітілетін қайырма мен түреннен құралған.

Пышақ топырақ қыртысын вертикаль бағытта тіліп, борозда  қабырғасын тегіс болуын қамтамасыз етеді. ол дискілі немесе сапты пышақ  тәрізді болуы мүмкін.

Дискілі пышақ айналатын  және сапты пышаққа қарағанда  жұқа болатындықтан жұмыс кезінде  аз күш жұмсауды қажет етеді.

Дискілі пшақ болат дискіден тұрады. Дискі жүзі екі жаққа бірдей қйырылып, ені 75 мм шамасында жылумен  өңделген. Дискі өз осімен күпшекке орнатылған екі радиалды шарикті  подшипникте айналып тұрады. Топырақ  тереңдеткіш жыртылған қабаттың астын тереңдігі 6-15 см болатындай етіп қопсытуға арналған. Жыртылған топырақ астын қопсытуға топырақ тереңдеткіштен басқа, екі сатылы етіп жыртатын арнаулы корпус пайдаланылады.

Негізгі арқалық дискілі  пышақ бекітілген консольмен жабдықталаы. Негізгі арқалықтың алдыңғы және артқы бөлігінде төрт тесік бар. Осы тесіктер арқылы негізгі арқалықтың алдыңғы жағына борозда доңғалағының механизмі, ал арт жағына артқы борозда механизмі мен тіреуіш доңғалақтар бекітіледі. Көлденең тартқыш оң және сол винттерден және тартқыш ұзындығын реттеуге көмектесетін қосалқы гайка мен жалғастырғыш муфтадан тұрады.

Аспалы плугтағы СА-2 автотіркеуішінің құлпы раманың көлденең брусына, ал айқыш тартпа раманың негізгі  брусына бекітіледі.

Аспалы плугтың корпусы  рама жолағына үш болтпен бекітіледі, ал шым аударғыш корпус алдына тұтқыш пен қамыт арқылы оның сол жағына бекиді. тіреуіш доңғалағы бойлық арқалықтың сырт жағынан тырма тіркмесінің алдынан орнайды. Шым аударғыштар рама жолағына бекітіледі.

Бойлық арқалықтың сырт жағынан дискілі пышақтың консолы бекітіледі.

ПЛ-5-35 жартылай аспалы плугының артқы тіреуіш доңғалағы жер  жырту тереңдігін реттеуге арналған. Тиісті тереңдікке қою үшін тіректе  белгілер жасалған. Артқы тіреуіш  доңғалағы тіректен, тұтқыштан, жартылай осьтен және доңғалақ дискілі құрсаудан тұрады. Доңғалақ жартылай оське бекітілген. Ал жартылай ось күпшектегі 7508 номірлі екі роликті подшипникке орналасады. Күпшектің бір ұшы дискілі құрсаумен бес шпилькалы конусты гайкалар арқылы, ал екінші қарама-қарсы ұшына болаттар арқылы төсемі бар қақпақ бекітіледі. Тіреуіш доңғалағы негізгі арқалыққа орналасады. Ол жоғары көтеру немесе төмен түсіру винт артқы доңғалақтан айрмашылығы – тұтқыш құрлысының өзгешілігі мен екі қамытының болуында.

Құрылысы бойынша ПЛП-5-35 аспалы плугының тіреуіш доңғалағы ПЛ-5-35 жартылай аспалы плугының тіреуіш доңғалағына ұқсас.

ПЛ-5-35 жартылай аспалы плугы  екі пневматикалық доңғалақпен  жабдықталған және олар тасымалдау кезінде  де, жер жырту кезінде де тіреуіш  доңғалақтарының қызметін атқарады.

Пневматикалық доңғалақ жартылай оське, ал жартылай ось екі конусты роликті подшипниктер арқылы күпшекке орналасқан. подшипниктер шаң кіргізбес үшін манжетпен қорғалған.

Алдыңғы борозда доңғалағының механизмі корпустың тіреу жазықтығына  қарай борозда доңғалағын орнатуға және реттеуге арналған, сондай-ақ плугты жұмыс қалпының тасымал қалпынаң тасымал қалпына келтіру қызметін де атқарады.

Алдыңғы борозда доңғалағының механизмі негізгі арқалыққа  құрастырылады, ол кронштейннен, жетекшіден, екі рычагтан, ішкі жағында осьі бар, төменгі және жоғарғы екі стаканнан тұрады.

Аспа плугты тракторға  тіркеуге және бақару механизмінің тартқышы арқылы борозда доңғалағын басқаруға  арналған.

Аспа траверс тірегінен, траверстен, саусақтардан, шайбадан, втулкадан, рычагтан, шплинтті мұрындықтан және қапсырмадан тұрады.

Автотіркеуіш құлыбы СА-2 автотіркеуішімен жабдықталған плугты трактор автоматты түрде жалғастыруға арналған. Автотіркеуіш құлпы пісіріліп  дайындалған жазық конструкция  түрінде болады. Ол өзара 650 бұрыш жасап жалғасқан екі иілген швеллерден тұрады. Швеллер төменгі ұштары планкалар мен түтіктен жасалған кронштейнге пісіріліп бекітілген.

Басқару механизмі артқы  пневматикалық доңғалақты басқаруға  арналған. Бұл басқару трактор  арқылы жүргізіледі.

ПЛ-5-35 плугы тырмаға  арналған тіркемемен жабдықталуы мүмкін және ол брустан, шынжырлары мен саусақтары бар бойлық арқалықтан және втулкадан тұрады.

Плугты жұмысқа  дайындау. Плугты жұмысқа дайындауды оның дұрыс құрастырылғанынан тексеруден бастайды.

Дұрыс құрастырылған  плуг мынадай негізгі талаптарды қанағаттандыруы тиіс.

  1. Барлық корпус түрендерінің тұмсықтары мен өкшелері, олардың аралығына қатты керілген жіпке немесе рейкаға толық тиіп тұруы тиіс. Керілген жіптен немесе рейкадаң алшақтығы 5 мм-ден аспауы тиіс.
  2. Дискі жазықтығының айналасы вертикаль бағытта болады. Дискі осінің алшақтауы 1 мм-ден аспауы керек.
  3. Рамада қисықтық болмайды. Тексеретін алаңның сол және оң жолақтардың биіктіктерінде жіберілетін алшақтық 5 мм-ден артық болмауы керек.
  4. Доңғалақтар қисаймай ось бойымен еркін айналуы тиіс. Жұмыс органдарының беттеріне жуғыш АФТ ТУМХП-2648-51 сұйығын бүрккішпен немесе қылқаламмен жағып жұмсақ шүберекпен сүртіп тастау керек.

Шым аударғыш түрендерінің тұмсығы мен негізгі корпустың  арасына дейінгі қашықтық 250 мм-ден  кем болмауы керек. Шым аударғыштың тірегін жырту тереңдігі 24 см  болғанда – үшінші, 25-26 см болғанда төртінші, ал 27 см кезінде – ең төменгі тесігіне бекітеді.    

Орман шаруашылығын механикаландыру