Қоршаған орта мониторингі
Табиғат пайдаланудың мағынасы
табиғат байлығын адамның қызметіне,
оның белгілі бір тұтыну қажетін
өтеуге тарату болып табылады. Осыған
сәйкес өндіргіш күштердің белгілі
даму дәрежесін игеруге болатын
және экономикалық мәні бар, өндіріс
қатынастарына тікелей араласатын немесе пайдалануы мүмкін
табиғи заттар мен күштерді табиғат байлығы
деп білеміз.Қазіргі күнде экология ғылымына
биология тұрғысынан ғана емес, одан да
жоғары көзқарастар мен түсініктермен
қарау керек сияқты. Табиғат пен қоғам
арасындағы нармоникалық байланыстарды
дұрыс шешу жоғары білімді эколог мамандардың
жауапкершілігінде. Биосфераның ноосфераға
көшуі- қоғам және биосфера дамуының өзара
байланыстылығын негізе ала отырып, оларды
ғылымитұрғыда басқару мүмкіндігін ашады.
Демек, бұл, біріншіден, қоршаған ортадағы
күнделікті өзгерістерді бақылап қадағалап
отыруды, екіншіден, қоршаған ортадағы
өзгерістердің экологиялық салдарларын
алдын –ала болжап отыруды жүктейді. Бұл
орайда, қоршаған орта сапасының көрсеткіші
деген ұғымның тигізер пайдасы мол. Мысалы,
АҚШ-та 1969 жылдан бастап табиғи ортаның
сапа индексі (индекс качества природной
среды деген шама, қоршаған ортаның тіршілік
етуге қолайлылығын сипаттайды. Табиғи
қоршаған ортаның, тіршілікке қолайсыз
әсері орын алмауы үшін, оған шығарылатын
улы, зиянды заттардың, қоқыс- қалдықтардың
шамасын нормативті мөлшерден арттырмау
керек.
Бұл көрсеткіш, өзімізге белгілі зияны
жоқ жоғары концентрация шамасы (ЗЖЖК)
мен шекті шығарылу шамасы (ШКШ) және шекті
экологиялық жұқ шамасы (ШЭЖШ)- (предельно
допустимая экологическая нагрузка- ПДЭН)
арқылы сипатталады. Осы шамалардың барлығын
ескеретін және экожүйе құрамындағы өзгерістерді,
құбылыстарды және де басқа жағдайларды
сипаттайтын көрсеткіш болуы тиіс. Бұл
көрсеткіш қызметін, мониторинг жүйесі
атқарады. Мониторинг сөзі латынның «монитор»-
болашаққа қарайтын, бағдарлайтын немесе
болашақты болжайтын деген сөзінен шыққан.
БҰҰ 1972 ж.
Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі Стокгольм
Конференциясынан кейін көптеген елдерде
келісілген экологиялық саясат, оның ішінде
басқару саласында да жүргізіле бастады.Табиғат
қорғау жөнінде арнайы мемлекттік басқару
органдары құрылды.Мысалы, Ұлыбританияда
1970 ж. Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
құрылды. Сондай министрлік Данияда,Голландияда,
1972 ж. КСРО Жоғарғы
Кеңесінің «Табиғатты қорғауды
күшейту және табиғи
Үкіметтің 1988 ж. <<Елімізде табиғатты
қорғау жұмысын түбелей
Қазақстан егемендік алғаннан кейін аталған комитет бірнеше рет қайта құрудан өтті. Оған қарасты салалар, міндеттер өзгертілді. Соңғы рет Министрліктен ресурстарды пайдалануды бақылау міндеті алынып, табиғатты қорғауды бақылау қызметтері күшейтілді. 2002 ж. 6 қарашадан ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі болып қайта құрылды.
Табиғатты қорғау заңдарын жүзе
Жалпы міндетті мемлекеттік
органдарға:Президент,
Арнайы міндетті мемлекеттік органдарға табиғатты қорғау міндеті арнайы жүктелген орган жатады.Тәуелсіздік алғаннан бері басқару органдарының құрылымын жетілдіру мақсатында табиғат қорғауды басқарушы арнайы органдар көптеген құрылымдық өзгерістерге ұшырады. Бірде табиғат қорғау және пайдалану органдары біріктірілсе, кейде бөлектендірілді және т.с.с.
ҚР табиғат қорғау
және пайдалану жөніндегі
- Қазақстан халқының игілігі үшін экологиялық дамудың нақты территориялардың экологиялық табиғи-географиялық жағдайы мен үйлесімділігін қамтамасыз ету;
- нақты территорияларда
санитарлық-гигиеналық
- биосфералық тепе-теңдікті,
жануарлар мен өсімдіктердің
генетикалық тұтым қорларын
- ҚР барлық табиғи ресурстар потенциалын тиімді пайдалану.
Аталғандарды жүзеге асыру үшін экология және табиғатты пайдалану саласында тиімді мемлекеттік басқару органдарын қалыптастыру қажет. Олар біртұтас қарастырылып, бір басқару жүйесіне біріктірілуі керек. Бәлкім, табиғатты қорғау заңдарымен қатар, табиғатты қорғаудың құқықтық экологиялық нормаларын рухани құндылыққа айналдыратын және өнегелік, тәрбиелік мәні бар экологиялық Кодекс қабылдау керек болар.
ҚР жоғарғы өкіметі- Парламент халықтың атынан табиғат байлықтарына иелік етеді, еліміздің экологиялық саясатын анықтайды, табиғатты және оны құраушы бөліктерін қорғау туралы заңдар қабылдайды, мемлекеттік экологиялық бағдарламаны бекітеді, қоршаған ортаны қорғау саласында құқықтық реттеу негіздерін белгілейді, төтенше экологиялық жағдайда, экологиялық апатты аймақтардағы құқықтық тәртіптерді, экологиялық қауіпсіздік, экологиялық зардап шеккен азаматтардың құқықтарын анықтайды, табиғатты қорғау мәселелері бойынша халықаралық қарым-қатынас жасайды, табиғатты қорғау заңдарының орындалуын бақылайды.
Үкіметке эколгиялық саясатты жүзеге асыру, бағдарламаларды орындау, табиғат қорғауды басқарушы барлық органдардың жұмыстарын үйлестіру, бюджеттен тыс экологиялық қорларды құру, жұмсау табиғатты пайдалану төлемдерінің тәртібін белгілеу, халықты экологиялық ақпаратпен қамтамасыз ету және т.с.с. міндеттер жүктелген.
ҚР үкіметі атқарушы орган ретінде табиғатты қорғау саласында :
- мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын, оны жүзеге асыру жөніндегі стратегилық және техникалық шараларды әзірлейді;
- мемлекттік экологиялық бағдарламалар әзірлейді және олррды бекітуге ұсынады;
- министрліктердің, Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың және жергілікті атқарушы органдардың жұмысына басшылық етеді;
- мемлеттік меншікті басқарады, оны пайдалану жөнінде үкіметке жүктелген шараларды жүзеге асырады;
- қоршаған орта сапасының нормативтері мен шаруашылық және өзге қызметтерге қойылатын экологиялық талаптарды әзірлеу мен бекіту тәртібін белгілейді;
- табиғи ресурстарды пайдалануға береді, табиғат пайдалану шарттарын, лимиттер мен квоталар белгілейді;
- қоршаған ортаны ластауға рұқсат беру тәртібін бекітеді;
- табиғи ресурстардың мемлекеттік есебі мен кадастрларын және мониторингін жүргізу тәртібін белгілейді;
- ерекше қорғалатын обьектілердің тізбесін бекітеді, мемлекеттік қорықтар, ұлттық, табиғи парктер ұйымдастырады;
- қоршаған ортаны қорғау саласында ақпарат беру мен мемлекеттік статистиканы жүргізу тәртібін белгілейді.
- Табиғатты пайдалануды басқару және бақылау органдарын белгілейді, олардың қызметін айқындайды, экологиялық аудиторлық қызметке лицензия беру мен жүргізу тәртібін белгілейді;
- төтенше экологиялық жағдайлар хабарлау ережесін бекітеді;
- халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады.
Үстідегі аталған міндеттерді жеті топқа бөлуге болады:
- Экологиялық саясаттың негізгі бағыттарын анықтау, экологиялық бағдарламаларды бекіту, табиғат қорғауды басқарудың құқықтық және экономикалық негіздерін белгілеу және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
- Экологиялық бағдарламаларды жоспарлау, қаржыландыру және материалдық-техникалық жабдықтау, табиғатты қорғау әректтерін үйлестіру.
- Табиғат ресурстарын есептеу және бағалау,табиғи ортаның жағдайын болжау, табиғат ресурстары кадастрларын жүргізу және табиғи ортаның сапасын бақылау.
- Зиянды әсерлердің табиғат ресурстарын пайдалану төлемдерінің, зиянды заттарды шығарғаны және қатты қалдықтарды орналастырғаны үшін өлшемдердің нормативтерін бекіту.
- Мемлекеттікм экологиялық бақылау, мемлекеттік экологиялық сараптама, экологиялық зиянды өндірістерді, қызметтерді тоқтату, шектеу шешім қабылдау. Экологиялық қылмыстар үшін қылмыстық және әкімшілік жаза қолдану. Экологиялық құқық бұзушылардың үстінен сотта, арбитраждық сотта іс қозғау.
- Қорықтар жұмысын ұйымдастыру, табиғат ескерткіштерін қорғау, қызыл кітапты жүргізу, экологиялық тәрбие мен білім беру.
- Халықаралық бірлестік қарым - қатынас.
Аталған мәселелер мен міндеттерді барлық басқарушы құрылымдар орындайды. Олардың әрекеттері бөлектеу: кеңістік және ресурстық болып бағытта жүреді. Мәселен, республикалық басқару органдары өздерінің құзыретін бүкіл республика территориясында жүргізеді. Ал облыстық, жергілікті органдар- өздерінің құзыреті жүретін территорияда.Мысалы, экологиялық саясат пен экологилық бағдарламалардың негізгі бағыттарын белгілеу, бағалау, мониторинг, бақылау, қорғалатын, нысандар, эко тәрбие мен білім беру әр деңгейдегі мемлекеттік органдардың міндеттері. Бірақ, әрбір территорияда маңыздылығы әр түрлі: республикалық,облыстық, жергілікті ресурстар болуы мүмкін.Бұл олардың құзіретін білдіреді.Мысалы, табиғатты пайдалануға рұқсат беру барлық деңгейдегі басқару органдарының құзыретіне жатады. Бірақ, олардың құзыреті тек өз билігіндегі ресурстарға ғана жүреді.Осы тәртіпке сәйкес республикалық маңызы бар ресурстарды пайдалануға рұқсатты республикалық органдар береді. Мұндай құқық жергілікті ресурстар бойынша жергілікті органдарға, облыстық органдарға - өздерінің құзыретіндегі ресурстар бойынша беріледі.
Табиғатты қорғау жөніндегі
құзыреттер өкілетті және атқарушы органдар
арасында да бөлінеді. Ол конституциялық
әкімшілік бөлініске
Өкілетті органдар шешім қабылдауды қажет етпейтін мәселелермен айналысады. Табиғатты қорғау заңдарына сәйкес жоғары өкілетті органның құзыретіне, негізінен,м бес мәселе жатады:
- экологиялық саясаттың басты бағыттарын анықтау;
- мемлекеттік экологиялық бағдарламаны бекіту;
- табиғатты қорғау қатынастарының құқықтық негіздерін анықтау;
табиғатты қорғау саласындағы құзыретті және осысаладағыбасқару органдарының әрекеті мен ұйымдастыру тәртібін анықтау;
- экологиялық апат
және экологиялық төтенше
Сондай-ақ, облыстық өкілетті органдардың құзыреті анықталады. Олардың қарауына мыналар жатады:
- табиғатты қорғау және тиімді пайдалану бағдарламаларын бекіту;
- экологиялық қорлар құру және жер бөлімшелерін беру тәртібін анықтау;
- өз территорияларында қорғалатын табиғат нысандарын жариялау;
- табиғатты қорғау инспекцияларын құру және олардың әрекеті бойынша шешім қабылдау.
Жергілікті өзін-өзі басқару заңына сәйкес қалалық, аудандық өкілетті органдар органдардың құзыретіне мыналар жатады:
- табиғатты қорғау және пайдалану тәртіптерін белгілеу
- өздерінің территорияларында қолайсыз экологиялық салдарға соқтыратын шараларға тыйым салу;
- өздерінің қарауындағы территорияларда экологиялық, санитарлық не құрылыс нормалары бұзылғанда ондай нысандарды салуды, пайдалануды тоқтату туралы шешім қабылдау;
- экологиялық, тарихи, ғылыми маңызы бар жергілікті маңыздағы нысандарды табиғат ескерткіші деп жариялау және оларды қорғау тәртібін анықтау.
Табиғатты қорғау жөнінде кейбір құзыреттер ауылдық өкілетті органдарға да беріледі:
- өз территорияларында муниципалдық меншікке жатпайтын кәсіпорындарды орналастыру жағдайы мен тәртібін белгілеу;
- экологиялық және санитарлық нормалар бұзылғаны анықталған жағдайда құрылысты не нысандарды пайдалануды тоқтату;
- өз қарауындағы территорияларда қолайсыз экологиялық салдарға соқтыратын шараларға тыйым салу. Бұл санэпидемистанцияның не табиғат қорғау комитетінің қорытындысына сәйкес жүзеге асырылады .
Халықтың, қоғамдық ұйымдардың, халық қалаулыларының талаптарына сәйкес барлық деңгейдегі өкілетті органдар атқарушы органдардың құзыретіндегі басқа мәселелрді де қарастыра алады. Сонымен қатар, олар өздерінің құзыретін табиғат қорғау жөнінде нақты шешімдер қабылдау үшін атқарушы органдарға бере алады.
Егер атқарушы органдардың шешімдері табиғатты қорғаудың экологиялық талаптарына қарсы келетін болса, өкілетті органдар оларды тоқтата алады. Сонымен қатар атқарушы органдар өкілетті органдардың шешімдерімен келіспесе, сотқа шағына алады.
Табиғатты қорғау жөніндегі арнайы мемлекеттік органдар құзыретінің көлемі мен сипаты бойынша төрт: кешенді, салалық, қызметтік және территориялық түрге бөлінеді:
Кшенді органдар барлық
міндеттерді не табиғат қорғау міндеттерінің
бір тобын атқарады.Салалық-
Кешенді басқару органдарына
жататындар: Қоршаған ортаны қорғау министрлігі;Санитарлық-
экологиялық бақылау; Төтенше оқиғалар
жөніндегі агенттік;
Салалық арнайы басқару органдарына:Жер ресурстары және жерге орналастыру комитеті, Орман шаруашылық, Су және балық шаруашылық комитеті, Ауыл шаруашылық министрлігі.
Қызметтік және территориялық арнайы басқару органдары:Ядролық және радиациялық қауіпсіздікті бақылау, Тау-кен қауіпсіздігін бақылау, Кеден комитеті, Ішкі істер министрлігі.
Табиғатты қорғауды арнайы басқару органдарының қызметтері төмендегідей:
Қоршаған ортаны қорғау
министрлігі табиғатқорғау
Бұл министрлік қызметінің үш ерекшелігі бар. Біріншісі- бақылау, қадағалау қызметтерін кешенді атқаруы. Оның тікелей қарауына табиғи ортаны қорғауды және табиғи қорғалатын нысандарды бақылау жатады. Басқа табиғат нысандарын бақылау салалық арнайы өкілетті органдарға жүктелген.
Екіншісі- ол шаруашылықты
басқару органдарына жатпайды. Табиғат
ресурстарын пайдалануды басқар
Үшінші ерекшелігі- мемлекеттік
экологиялық қызметі табиғат
ресурстарын экономикада
Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі қызметтері:
- табиғатты қорғау жөніндегі өкілетті органдардың, сондай-ақ басқа министрліктердің жұмыстарын үйлестіру.
- Табиғатты пайдалануды реттеу, яғни табиғат ресурстарын пайдалану нормаларын, ережелерін,табиғатқа әсер ететін шаруашылық әрекеттердің тәртіптерін белгілеу. Мұндай нормалар мен ережелерді кез келген табиғатты пайдаланушы, сондай-ақ табиғатты қорғаушы мекемелер орындауға міндетті;
- Бақылаушы-қадағалаушы әрекеттерді ұйымдастыру және басқару. Бұл қызметтің бір бөлігін Минэкологиялық территориялық органдары атқарады.Мысалы, атмосфера ауасының тазалығын бағалау, мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу және т.с.с. Қалғандары салалық табиғат қорғау органдарына жүктеледі. Мысалы, жерді, жер қойнауын, суды,орманды,жануарларды қорғауды арнайы өкілеттік берілген мекемелер жүзеге асырады. Біртұтас мемлекеттік экологиялық мониторинг жүйесі де Минэкология қарауында;
- Министрліктің рұқсат беру жұмыстары: зиянды заттарды шығаруға, төгуге, орналастыруға, биологиялық нысандарды өндіруге, жинауға, сатуға, сатып алуға, айырбастауға, тасымалдауға, шетке шығаруға және әкелуге рұқсат беру болып табылады.Табиғатты пайдалану шарттарын, нормаларын, шектерін, сондай-ақ табиғи ортаның сапасының нормаларын анықтау Минэкология қызметіне жатады.
- Табиғи ортаның жай-күй, шаруашылық әрекеттер салдарынан ондағы өзгерістер туралы дер кезінде деректі мәлімет беріп отыру Минэкологияның ақпараттық қызметіне жатады. Минэкология жыл сайын табиғи ортаның жағдайы және Қазақстанның табиғат ресурстарын пайдалану туралы баяндама жариялап отырады.
- Табиғатты қорғау қорларын басқару.
- Экологиялық тәрбие мен білім беруді басқару.
- Табиғи ортаны және табиғат ресурстарын қорғау жөнінде халықаралық ынтымақтастықтың дамуына қатысу.
Минэкология өзінің құзыретін жергілікті әкімшіліктер мен атқарушы үкімет органдарымен келісіп құрылған облыстық, қалалық, аудандық территориялық органдар жүйесі арқылы жүргізіледі.
2. Индустрия және табиғи
3. Санитарлық-эпидимиологиялық қадағалау органдары табиғат қорғау жөнінде мынадай қызметтер атқарады:
- табиғи ортаны санитарлық
- табиғи ортадағы зиянды
- адамның денсаулығына қауіпті
зиянды заттармен атмосфера
- қоғамның, өмір сүру ортасының саулығы туралы, антропогендік әсерлерден ондағы өзгерістерді болжап мәліметтер жинап, ақпараттық қызмет атқарады. Санитарлық- эпидемиялық жағдайлары және табиғи ортаны сауықтыру шаралары туралы халыққа хабарлайды.
4. Қазгидромет табиғи ортаның мониторингі иқызметін атқаратын басшы ұйым болып табылады. Оған табиғи ортаның жай-күйін, ондағы өзгерістерді қадағалауды ұйымдастыру, жүргізу жәнге болжау міндеттелген. Оның қадағалайтын нысандары атмосфера, топырақ, жер бетіндегі су, теңіздер,ауыл шаруашылық алқап пен өнімдер, ғарыш кеңістігі. Гидрометтің негізгі қызметі табиғи ортаның жай-күй және ондағы өзгерістер туралы хабарландыру. Гидромет жазалаушы не сақтандыру шараларын жүргізуші мекеме емес, табиғатты қорғау тәртібін бұзушыларға ешқандай шара қолдана алмайды. Ондай шаралармен мәлімет алған министрліктер, инспекциялар, ұйымдар, кәсіпорындар айналысады.
Гидромет қызметінің
жүйелері өздерінің тұрақты
5. Төтенше жағдайлар
министрлігі табиғи және
6. Жер комитеті жер
ресурстарын есептеу,
7. Орман шаруашылығы
комитеті орман өсіру, қорғау,
8. Балық шаруашылығы
комитеті балық қорын өсіру,
қорғау және пайдалануды
9. Ауыл шаруашылық
министрлігі арнайы үш
- жануарларды есептеу, пайдалануды реттеу, аң аулауды бақылау
- Қазақстан территориясына жануарлар мен өсімдіктердің ауруларының,зиянкестерінің болмауын, таралмауын бақылау.
- өсімдіктерді қорғаушы химиялық және т.б. заттарды қолдануды бақылау.
Бұлардан басқа да
арнайы және территориялық органдар
экологиялық қызметтер
10. Қазатом халықтың табиғи ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында атом энергиясын өндіру, тасымалдау, сақтау және халық шаруашылығында пайдалану ядролық материалдарды, радиоқауіпті заттарды, олардың негізінде жасалған өнімдерді пайдалану мәселелерін бақылайды.
11. Тау-кен жұмыстарының қауіпсіздігін қадағалау қызметі кен өндіргенде, тағы басқа жағдайларда жарылыс, қопару жұмыстарының қауіпсіздігін, жер қойнауынан пайдалану ережелерінің сақталуын бақылайды.
12. Кеден комитеті табиғат ескерткіштерін, жануарларды, құстарды, өсімдіктерді, оның ішінде Қызыл Кітапқа жазылғандарды шетке әкетпеуді, адамға және табиғатқа экологиялық қауіпті тауарлардың әкелінбеуін бақылайды.
13. Ішкі істер министрлігі
көліктердің және өзге
Табиғатты қорғау жөнінде арнайы қызметтер атқаратын органдармен қатар өздерінің жұмыстары мен табиғат қорғау мәселесін шешетін басқарушы және атқарушы органдар бар. Олар:
14. Экономика министрлігі,
әлеуметтік-экономикалық даму
15. Мемлекеттік стандарт қызметі тиісті сала органдарымен бірлесіп, табиғатты қорғау, табиғат ресурстарын тиімді пайдалану стандарттарын әзірлейді және бекітеді. Ол стандарттардың табиғатты қорғау
Табиғатты
аграрлық мақсатта пайдалану экономикасы
Жоспар
Кіріспе
1.1. Аграрлық секторда топырақ ресурстарының
маңызы.
1. 2. Экономика жағдайында жел және су
эрозиялары.
1.3. Жерді рекультивациялау.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
1.1. Аграрлық секторда топырақ ресурстарының
маңызы.
Лтосфера – (грекше – Iithos – тас + sphair
– ifh) – жердің қабығы, құрамы силикатты,
қалыңдығы 30 – 80 км болатын жер шарының
сыртқы қатты тас қабықшасы. Литосферада
тірі организмдер 3км дейінгі тереңдікте
тіршілік етеді.
Топырақ. Жер бетінде Күннің энергиясы
заттардың екі айналымын: су айналымы
мен атмесфера циркуляциясында байқалатын
үлкен, немесе геологиялық және заттардың
топырақ, өсімдіктер микроорганизмдер
мен жануарлар арасвндағыайналымы- кіші
немесе биологиялық айналымды туғызады.
Екі айналым да бір – бір мен тығыз байланысты.
Топырақтың табиғи ландашфаттар мен
экожүйелердегі маңызы зор, оны жекелеген
экожүйе деп қарастыруға болады.
Топырақтану ғылымының негізін салушылардың
бірі В.В.Докучаев ХХ ғ басында топырақты
өзіне тән өзара байланыстары, тіршілік
ету заңдылықтары мен өзін - өзі реттеуге
қаблиетті табиғи – тарихи дене деп қарастырады,
топырақтың планетаның тарихы мен тау
жыныстармен, климатымен, өсімдіктерімен,
тығыз байланысты болатындығын атап көрсеткен.
Тау жыныстарының топыраққа айналу процесінің
аса бір маңызды және жалпы құблысы құрлықтың
бүкіл бетін жауып жатқан гумустық қабаттың
түзілуі болды. Бүл қабат топырақтың ең
белсенді бөлігі болып саналады. Топыраққа
ең алғаш рет М.В.Ломоносов ғылми анықтама
берді, ол:топрақ түзілу процесі құнарлық
түзіле жүретін өсімдіктер мен тау жыныстарының
арасындағы ұзақ өзара қарм – қатынас
деп көрсетті.
Топырақ ресурстары жер бетіндегі тіршілікке
қажетті ең маңызды алғы шарттардың бірі
болып табылады. Алайда оның шын мәніндегі
маңызы мен рөлін өз дәрежесінде бағалай
алмай келеміз. Топырақ биосфераның компоненттерінің
бірі ретінде адам, жануарлар мен өсімдіктер
үшін биохимиялық орта болып саналады,
ол энергетикалық симдылығы жоғары, топырақ
биотасы мен адамдар арасындағы тікелей
және жанама әсерлерді тепе – теңдікте
сақтап түра алатын өздігінен тазару процестерінің
механизмдерінің аса маңызды резерві
болып табылады. Адамдарға азық – түлік
пен жануарларға қоректі өндіру үшін қажетті
жағыдай тек топырақ арқылы ғана жасалыныды.
Топырақ – сыртқы орта жағыдайлары :
жылу, су, ауа, өсімдіктер мен жануарлар,
микрооргаизмдердің біріккен әсерінен
қалптасқан жердің беткі құнарлы қабаты.
Топырақ түзгіш факторларға сол сияқты
рельеф пен адамның іс - әрекеті де жатады.
Тірі организмдер топырақтың негізгі
қасиеті – құнарлығының қалптасуына жағыдай
жасайды.
Топырақтың құнарлығы дегеніміз – оның
өсімдіктерді оларға қажетті қоректік
элементтермен, сумен және ауамен қамтамасыз
ету қабілеті. Ол топырақ түзілу процесі
барысында және адамның топыраққа әсер
ету нәтижесінде қалыптасады. Од бүкіл
адам баласының тіршілігінің көзі болып
табылатын аса мыңызды байлық, ауылшаруашылық
дақылдарының өнімінің, ауылшаруашылық
дақылдарының өндірісінің негізі.
Топырақ – барлық элементтерінің аккумалияторы:
ол оларды өзіне жинақтап, су мен шайылып
кетуден сақтайды, өхінің қалыптасқан
зат алмасу процесі бар, тұрақты динамикалық
жүйе болғандықтан топырақ табиғи факторлар
(су тасқыны, құрғақшылық т.б.) әсеріне
қарсы түра алады .бырақ топырақ көптеген
антропогентік факторлардың (жер жырту,
мал жаю, техниканы қолдану т.б.)ұзақ уақытқа
созылатын әсерінен сезімтал келеді. топырақтың
құнарлығы адам іс - әрекетінеде байланысты
.
Топырақ – барлық материалдық игіліктердің
көзі. Ол азық түлік, малға жем, ким үшін
талшық, құрлыс материялдарын береді.
Топырақтың ең маңызды байлық екенін айта
отырып, К.Маркс, еңбек – байлықтың әкесі
болса , топырақ – анасы деген.
Топырақ ешнәрсеге айрбастамайтын табиғи
ресурс. Қазіргі таңда, ғылм әлі күнге
дейін топырақтың орнын баса алатын жасанды
материал таба алған жоқ. өсімдіктерді
топырақсыз өсірудің кез келген әдісі
топырақтың рөлін дәл өз мәнінде орындай
алмайды . сондықтан адамзат қоғамы алдында
тұрған және әлі де маңызды болып қала
беретін аса маңыздаы проблема топырақтың
топырақ түзілу процесіндегі өздігінен
қалпына келу сақтап қалуға барынша жағыдай
жасау.
Топырақтың қорғау мен бақылау обьектісі
ретінде қоршаған ортаның басқа обьектілерімен
салыстырғанда бірқатар өз ерекшеліктері
бар. Ең алдымен топырақ атмосфералық
ауа менжер бетілік суларға қарағанда
әлде қайда қозғалссыз орта, соған байланысты
басқа орталарға тән аса қуатты табиғи
өздігінен тазару қасиеті жоқ. Топыраққа
түскен атропогендік ластаушылар онда
жинақталып, көбеие береді.
1. 2. Экономика жағдайында жел және су
эрозиялары.
Топырақ өте күрделі организм сияқты
үнемі өсу, даму және өзгеру үстінде болады.
Онда үздіксіз түзілу және бұзылу процестері
жүріліп отырады. Су, жел, антропогендік
факторлардың топырақ пен оның қабаттарын
бұзу, беткі құнарлы қабаттың сумен шайылу,
желмен ұшыу құбылыстары эрозия деп аталады.
«Эрозия» термині ла erodere – бұзу деген
сөзінен алынған. Эрозия дегеніміз топырақ
жабынының су не желмен бұзылуы. Бұл кезде
топырақтың ең құнарлы қабаты бұзылады:
топырақ түзілу процесінің жүру жылдамдығышамамен
0,5-2,0см / 100жыл болғанда қалыңдығы шамамен
18 см болатын осы қабаттың табиғи жолмен
түзілуіне 1400-7000жыл қажет болған болар
еді. Бұл қабаттың жойылуы кейде 20-30 жыл,
кейде бір ғана қатты жауған жаңбыр, не
шаңды дауыл нәтижесінде болуы мүмкін.
Эрозиялық процестердің байқалу сипатына
қарай қалыпты не геологиялық және жылдам,
не антропогендік эрозия болып бөлінеді.
Қалыпты эрозия – орманды жерлер мен
шөптесін өсімдіктердіңтопырағында жүреді.
Ол өте жай байқалып, нәтижесінде бұзылған
топырақ қабаты топырақ түзілу процестерінің
нәтижесінде бір жылда қайта қалпына келе
алады.
Жылдам эрозия – табиғи өсімдіктер дүниесі
жайылып біткен, топырақтың табиғи ерекшеліктері
ескерусіз пайдаланылған територияларда
байқалып, бұл эрозия өте тез жүреді.
Кең тараған эрозиялардың түрлері: жазықтық,
сызықтық, дефляция, ирригациялық, өндірістік
(техногендік), абразия, жайылымдық.
Жазықтық эрозия – тау беткейлеріндегі
жоғары горизонттағы топырақтардың жаңбыр,
еріген қар сулармен шайылуы.
Сызықтықэрозия – тау беткейлері топырақтарының
жаңбыр, еріген қар сулардың әсерінен
терең жыралар мен жылғалар түзіп шайылуы.
Жел эрозиясы, не дефляция – топырақтың
жоғарғы құрғақ, құнарлы қабатының бөлшектерінің
желімен ұшуы.
Ирригациялық эрозия – сулармен егін
шаруашылығымен айналысатын аудандарда
байқалып, топыраққа көп мөлшардегі су
массасының бірілуіне байланысты болды.
Бұл су топыраққа сіңіп үлгірмейді де,
топырақ бетімен ағады. Су жіберілетін
егістік жер аз ғана болсада тегіс болмаса
топырақтың қарашірігі су мен бірге төменге
қарай жуылып, ағып кетеді. Ирригациялық
эрозия кезінде бір уақытта эрозия да
, топырақтың сортаңдануы да жүреді.
Өндірістік эрозия – пайдалы қазбаларды
өндіру кезінде, әсіресе, ашық әдіспен
өндіруде, тұрған ұй, өндіріс орындарының
құрылысын, жолдар, газ және мұнай трубопроводтарын
салу кезінде байқалады.
Абыразия кезінде (жыртылатын және мал
жайылатын жерлердің ауданы кеміді.
Шамадан тыс көп мал жаю кезінде жайылымдық
эрозия байқалады.
Механикалық эрозия ауылшаруашылық техникалардың
ауыр түрлерін топырақтың өздігінен қалпына
келу қабылетін ескермей пайдаланған
жағыдайларда қалыптасады. Бұл кезде топырақтың
струтурасы бұзылады, физикалық қасиеттері
нашарлап, топырақ түзілу процесінің негізгі
агенті – биолигиялық белсенділігі әлсірейді.
Мысалы, АҚШ – да топырақтың тығыздалуы
мен бұзылуы жыл сайын 1 млиад доллар шығын
әкеледі.
Егіс далалары, әсіресе, жылына екі рет
өнім жинайтын аудандарда ауыр техникалардың
әсерінен топырақ тығыздалып, ауылшаруашылық
дақылдарының өнімі төмендейді.
Бұл зардаптарды болдырмаудың тимді
жолы - топырақты минималды өңдеу, топырақ
өңдеуші және басқада машиналардың өнімділігін
олардың алатын ауқымын ұлғайту арқылы
арттыру.
Эрозия – құнарлықтың жауы. Мамандардың
есептеулері бойынша, әрбір минут сайын
жер шарында 44 га жер ауылшаруашылық айналымынан
шығып отырады. Эрозияның әсерінен адамзат
қоғамы күн сайын 3000 аса га жерден айырылып
отырады. Ал барлығы қазіргі кезде 5 млн
га құнарлы жер тозып пітті эрозияның
түрлерінің әсерінен барлық ауылшаруашылық
дақылдарының өнімі шамамен 20 – 40 % төмендейді.
Эрозияның зардаптары бұнымен бітпейді.
Топырақ беттеріндегі жыралар, арықтардың
тұзілуі топырақты өңдеу жұмыстарын қиндатып,
топырақ өңдеуші және өнім жинаушы техниканың
еңбек өнімділігін төмендетеді. Топырақтың
эрозиясы, олай болса, биогеоценоздардағы
жануарлар мен өсімдіктердің тіршілік
ету ортасының бұзылуы, табиғи комплекстердегі
қалыптасқан биолигиялық тепе – теңдіктің
бұзылуына әкеп соғады.
Эрозияға ең көп ұшыраған АҚШ жерлері.
Соңғы 150 ж барлығы 160млн га жерін 120млн
га эрозияға ұшыраған, 20 млн га жер ауылшаруашылығында
пайдалануға жарамсыз. Эрозияның әсерінен
жыл сайын жердің қоректік заттарға бай
4млрд т. құнарлы қабаты жойылып отырады.
Жерорта теңізінің жағалауларына орналасқан
елдердің топырақтары қатты бұзылған.
Пиреней түбегінің шөлді Сиссарлары мен
Солтүстік Африканың шөл далалары, Австралия,
Индия, Қытайдың бір қатар жерлері эрозияға
ұшыраған.
Эрозия адамдардың тиімсіз тіршілік
әрекеттері, жер ресурстарын дұрыс пайдаланбауы,
кейбір шаруашылықтарда нашар агротехниканы
қолдану нәтижесінде жүреді.
1.3. Жерді рекультивациялау.
Әлемнің көптеген мемлекеттерінде бұрын
мадени дақылдар өсіріліп келген құнарлы
жерлер орман, мал жайылымы, т.б. үшін пайдаланып
келген. Ал қазіргі кезде адамның шаруашылық
әрекетінің нәтижесіне бұл жерлер түрлі
басқа мақсаттағы жұмыстар (жолдар мен
трубопроводтар салу ) жұргізу нәтижесінде
өте ұлкен өзгерістерге ұшырады.
Адамның шаруашылық іс - әрекетінің нәтижесінде
өсімдіктері жойылған, гидрарогиялық
режимі мен рельефі өзгерген, топырақ
жабыны бұзылып ластанған жерлер бұзылған
жерлер деп аталады. Пайдалы қазбаларды
ашық әдіспен өндіру ауыл шаруашылығында
пайдалануға жарамды жерлерге біршама
зиян келтіріді. Бұл жұмыстар кезінде
тереңдігі 400 – 500 м болатын шұңқырлар
түзіледі.
Бұзылған жерлерді қайта қалпына келтіру
процестері рекультивация деп аталады.
Кәзіргі кезде ғылымдар мен мамандар бұзылған
жерлерді қайта қалпына келтіріп, оларды
ауыл және орман шаруашылығына қайтарудың
жолдары іздестіруде .
Жерді рекультивациялаудың 2 негізгі
этапы бар: тау – техникалық және биологиялық
. тау – техникалық рекультивациялаудың
мақсат – территорияны жөндеуге дайындау.
Ал биологиялық рекультивациялауда топырақ
құнарлығын қалпына келтіруге бағытталған
жұмыстар жұзеге асырылады.
Жерді рекультивациялау жұмыстары бойынша
Чехословакия мен ГДР мемлекеттерінде
бұзылған жерлерге жүгері егіледі.
Жерді рекультивациялау - өте күрделі
мәселе. Ол көп жағыдайда бұзылған териториялардың
нақты экологиялық жағыдайларына байланысты.
Республикалық жұмыстарды жоспарлау үшін
грунт топырағының физико – химиялық
құрлымын, гидрологиялық режимнің ерекшеліктерін,
рельефтің ерекшеліктерін жақсы білу
қажет.пайдалы қазбаларды ашық әдіспен
өндіру. Мал шаруашылығы комплекстерін,
суару орындарын салу, т.б. топырақ жабынының
бұзылуына себеп болатын жұмыстар кезінде
рекультивацияланатын жерге жоғары қарашірікті
топырақ қабатын ауыстыру, орналасатыруда
барлық тиісті ережелерді қатаң сақтау
қажет.
Гещлогиялық мұнай іздестіру және өндеу
жұмыстары кезіңде бұзылған және мұнаймен,
түрлі жуғыш рекультивациялаудың маңызы
өте зор. Әдетте, норматив бойынша, әрбір
бұрғылау скважинасына 2,2 га жер бөлінеді.
Бірақ практика жүзінде бұдан әлде қайда
көп жер ауыл шаруашылық айналымнан шығып
қалады. Әсіресе, ірі гусеницалы тракторлар
колоннасында орнатылған бұрғылау қондырыларын
бір орыннан екінші бір орынға ауыстыру
кезіңде жердің үлкен аймағы біршама зардап
шегеді. Сондықтан, мұнай-газ кең орындарын
іздестіру мен эксплуатациялау жұмыстарын
бастар алдында ол жерлердің топырағының
беткі құнарлы қабатын алып, сонынан қайтадан
құнарлы қабат топырағын салуды тиісті
орындар талап етулері қажет.
Қорытынды
Қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыру,
соның нәтижесінде халықтың тұрмысын,
әл – ауқатын жақсарту өндірістің еңбек,
материалдық және табиғи қорларын тиімді
пайдаланумен тікелей байланысты. Қазіргі
кезде және болашақта өндіріс қорларының
барлық түрін кешенді, үнемді пайдалану
мәселесін шешкенде ғана экономиканың
даму қарқынын арттыруға болады.
Бұл мәселенің шешімі ең алдымен табиғаттың
қалыпты жадайын сақтап, оның ресурстарын
тиімды пайдаланумен тығыз байланысты.
Өйткені табиғат өндіріс қорының көзі,
әрі өндірісті орналастыру ортасы ретінде
өндірістің барлық саласына қатысты. Өндірістің
даму қарқыны артқан сайын табиғат байлығын
пайдалану мөлшері де өсіп келеді. Соған
байланысты әсіресе қалпына келмейтін
табиғат байлығының тиімді қорының азаюы
немесе сапасының төмендеуі қоғамның
өндіріске жұмсалатын шығынының артуына
кері әсер етуде. Өндірісте қолданылатын
табиғат қоры сапасының төмендеуінен
туындайтын өндіріс тиімділігіне кері
әсерді ғылыми – техникалық жетістіктер
нәтижесі де жоя алмай тұр. Екінші жағынан,
өндірістің кері әсеріне табиғи ортаны
қорғау ісі де күрделене түсті. Сондықтан
да табиғат байлығын кешенді, үнемді пайдалану
кезек күттірмей шешімін табуға тиіс мәселеге
айналып отыр. Оған табиғаттың және қоғамның
даму заңдылықтары негізінде, олардың
үйлесімділігін арттыру арқылы ғана қол
жеткізуге болады.
Табиғатты тиімді пайдалануда экономика
ғылымының маңызы зор. Табиғатты қорғау,
тиімді пайдалануды басқару, жоспарлау,
оған экономикалық ынталандыру, табиғат
байлығын игеруге, табиғи ортаны қорғауға
жұмсалған шығындардың тиімділігін анықтау,
қоғамдық қажеттілікті қамтамасыз етудің
тиімді жақтарын белгілеу, т.с.с. экономика
ғылымының тікелей атқаратын қызметі.
Табиғат байлығын пайдалану, табиғи ортаны
қорғау білікті инженер, экономист мамандар
даярлаумен де тікелей байланысты. Өйткені
қазіргі өндіріс басшыларымен ұйымдастырушылары
өндіріс қорларын игеру экономикасын
оның ішінде табиғат байлығын пайдалану,
табиғи ортаның қорғау мәселесін терң
меңгеруге, қоғамға қажетті өндіріс қорларын
ұйымдастыра білуге қабілетті болуға
тиіс.
Бұл еңбекте табиғат байлығын пайдаланудың,
табиғи ортаны қорғаудың қазіргі жағдайы;
ғылыми – техникалық жетістіктер деңгейі,
олардың табиғатты пайдалануға әсері;
табиғат байлығын экономикалық бағалау
әдістері; табиғат байлығын пайдалану,
табиғи ортаны қорғау тиімділігін анықтау;
оған экономикалық ынталандыру, басқару,
ұйымдастыру әдістері қарастырылады.
Сондай – ақ студенттер мен табиғат байлығын
пайдаланушы өндіріс мамандарының табиғат
байлығын пайдалану мен табиғи ортаны
қорғау экономикасын үйренуіне көмектеседі.

- қоршаған ортаны қорғау
- қоршаған ортаны қорғау
- Қоршаған ортаны қорғау
- Қоршаған ортаны қорғау
- Қоршаған ортаны қорғау
- Қоршаған ортаны қорғау
- Қоршаған ортаны қорғау
- Қоршаған ортаға әсерді бақылау
- Қоршаған орта жағдайын бағалау критерийлері және әдістері
- Қоршаған орта жағдайын бақылау және мониторинг
- Қоршаған орта жағдайын бақылау және мониторинг
- Қоршаған орта және қоғамның өзара әсері
- Қоршаған орта және халық денсаулығы
- Қоршаған орта ластануының генетикалық салдары