Қоршаған ортаны қорғау. 5
Жоспар
І. Кіріспе
Қоршаған
ортаны қорғау
ІІ. Негізгі бөлім:
2.1. Республикамыздың орман қоры
2.2. Орманның азып-тозуы
2.3. Қоршаған
ортаның экологиялық тазалығы
ІІІ. Қорытынды
Таза
табиғат – халық байлығы
Кіріспе
Жер планетасының ғасырлар бойғы барлық жануарлар дүниесі мен адамзат баласы үшін тіршілік негізі – таза ауа. Ол тек өсімдіктер дүниесінен бөлініп шығатын оттегі. Бізді қоршаған тропосфералық ауа қабатының 20,9% осы оттегіден тұрады, ол тұрақты ең қажетті газдың бірі. Су оттегін бөліп шығаратын негізгі жасыл фабрика – көпжылдық ағаштар.
Қазақстандағы
тәуелсіздік жылдары
Алайда, Қазақстанда көптеген онжылдықтар бойы қоршаған ортаға төтенше жоғары техногендік салмақ түсіретін, табиғат пайдаланудың көбінесе шикізат жүйесі қалыптасты. Сондықтан әзірге экологиялық жағдайдың түбегейлі жақсаруы әзір бола қойған жоқ әрі ол бұрынғысынша биосфераның тұрақсыздануына, оның қоғамның тіршілік әрекеті үшін қажетті қоршаған ортаның сапасын оның қолдау қабілетін жоғалтуына апаратын табиғи жүйелердің тозуымен сипатталады.
Қоршаған
ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік
саясаттың негіздері Қазақстан Республикасы
Президентінің 1996 жылғы 30 сәуірдегі өкімімен
мақұлданған экологиялық қауіпсіздік
тұжырымдамасына енгізіліп, онда өтпелі
кезеңнің экологиялық басымдықтары, атап
айтқанда, жекешелендірудің экологиялық
проблемалары, табиғат қорғау заңнамасының,
мемлекеттік бақылау және сараптаманың,
табиғат пайдаланудың экономикалық тетіктерінің,
қоршаған орта мониторингінің жүйесін
құру қажеттілігінің мәселелері қарастырылған
болатын.
Ұлттық экономиканың барлық салаларын реформалау табиғи ресурстарды пайдалануға көзқарастардың өзгеруіне, қоршаған ортаны сақтауды ескере отырып, әлеуметтік-экономикалық дамуды жүзеге асыруға негіз болды.
Аталған Тұжырымдаманы қабылдаған сәттен бастап Қазақстан Республикасында қоғамдық дамуда елеулі өзгерістер болды. Мемлекет дамуының стратегиялық құжаттары әзірленді, табиғат қорғау заңнамасының негізі құрылды, қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша бірқатар халықаралық конвенцияларға қол қойылды, табиғат қорғау қызметін басқару жүйесі құрылды.
Мысалы, 1997 жылы "Қоршаған ортаны қорғау туралы", "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы", "Экологиялық сараптама туралы", 1998 жылы - "Радиациялық қауіпсіздік туралы" Заңдар, ал 2002 жылы - "Атмосфералық ауаны қорғау туралы" Заң қабылданды. Табиғатты ұтымды пайдалану саласында Президенттің "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" (1996 жыл) және "Мұнай туралы" (1995 жыл) заң күші бар Жарлықтары, 2003 жылы - Орман, Су және Жер кодекстері қабылданды. Заңға тәуелді қажетті нормативтік құқықтық актілердің көпшілігі әзірленіп, бекітілді.
Заңнаманы жетілдіру мақсатында республикада оны дамыған елдердің заңнамасына жақындатуға және халықаралық стандарттарды енгізу бағыты алынды. Қазақстан Республикасы 19 халықаралық конвенцияға қол қойды және оларды іске асыру жөніндегі іс-қимылды ұлттық жоспарлары әзірледі. Экологиялық сараптау жүйесі, рұқсат ету және бақылау-инспекциялық жұмыс жолға қойылды.
Тұжырымдаманың
міндеттерін орындау
2. Республикамыздың орман қоры
Қазақстан аумағының 3,8 %-ын орманды жер алып жатыр. «Қазақстан - 2030» стратегиясында бұл көрсеткішті 5,1 %-ға дейін көтеру жоспарланған.
Кейінгі жылдары республикамыздың орман қоры аумағында 2257 орман өрті орын алды. Бұл өрттердің 70 %-ы отты дұрыс пайдаланбаудың салдарынан болған.
Өрт 4 млн. текше метрге жуық ағашты жойды. Ірі орман өрттері Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Қарағанды, Алматы облыстарында болды.
50 мың гектар орман алқабында зиянкестер мен ағаш аурулары анықталды. Ең ірі орманды аумақтар – Шығыс Қазақстан, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында. 1997 жылы орман заңын бұзушыларға қарсы 500 іс тіркелді.
Қазақстан солтүстігінде өзенді жағалай өскен ормандары мен оңтүстігіндегі тоғайлары жеке-жеке алқаптар болып есептеледі.
Барлық
таулы жерлердегі ормандардың топырақ
пен су қорғауға тигізетін әсері
көп. Олардың арқасында тау
Қазақстандағы орманның жалпы көлемі «Қазорман» шаруашылығының мәліметі бойынша 1998 жылы 24568,4 мың гектар болды.
Соңғы жылдары орман шаруашылығын қаржыландырудың қысқаруынан, орманды күтіп ұстаудың жағдайы күрт төмендеп кетті. 1997 жылдың 10-шы айында ірі өрттен 170 мың гектардан астам орман өртенді. Мысалы, Баянауыл ұлттық бағының ерекше қорғалатын аумағының 12,1 гектары өртеніп кеткен.
Бақылау
қызметінің қысқаруынан және қазіргі
техниканың көптеген орман қорғау кәсіпорындарында
іс жүзінде жоқтығынан зиянкестер ошағы
мен орман аурулары көбейіп барады.
3. Орманның азып-тозуы
Орманның азып-тозуы антропогендік және табиғи факторлардан туындайды. Мысалы, Қызылқұм шөлейт даласын суаруға Сырдариядан су алуға байланысты жер асты суларының деңгейі төмендеп, бұталы ағаш өсімдіктерінің жағдайы нашарлап, бұл жер сексеуіл өсіруге жарамсыз болып қалды. Малды жөнсіз бағудан шөлейттегі орман едәуір зардап шекті. Далалық орман, ең алдымен аса бағалы қарағайлы орман ретсіз кесуден таусылған. Өзендердің реттеліп тежелуінен және өрттен тоғай қатты азып-тозып кетті. Оның ішінде сирек кездесетін биогеоценоз – тораңғы да таусылып бітті. Сондықтан Шардара ауданында соңғы онжылдықта осы тұқымның 30 %-ын маңызы шамалы шеңгел тобы ауыстырған. Жоғары табиғи таулы жердегі ерекшелігіне қарай тау орманы өрттен көп зардап шекті.
Республика ормандарында қалыптасқан экологиялық нашар ахуал және тозу процестері орман ресурстарын сақтап, ұтымды пайдалану жөнінде шұғыл және кесімді шараларды қаблдауды талап етеді.
1993 жылы қабылданған жаңа Орман кодексі Қазақстан Республикасының құқықтық және экологиялық жағынан орманды қорғауға, шаруашылықты ұтымды жүргізуге ынталандыруды белгілі шамада арттырды.
Халық шаруашылық маңызы бойынша Қазақстан ормандарын үш топқа бөлуге болады.
Бірінші топқа жататын ормандар 18,7 миллион гектарды алып жатыр. Бұларға егістік қорғауға орналған, топырақ қорғау, су қорғауға арналған орман алқаптары, қалалар мен өндіріс орындарының айналасындағы, курорттық ормандар, өзендер, тас жол, темір жол жиегіндегі және мемлекеттік қорықтардың ормандары жатады. Бұл ормандарды кесуге тыйым салынған. Тек күтіпбаптау, тазалық және орманды қалпына келтіру кезіндегі кесулер ғана жүргізіледі. Бірінші топқа жататын ормандарды қорғауда оларды тиімді пайдалану мен өсірудің маңызы зор.
Қазақстан ормандарының басым көпшілігі – Тянь-Шаньнің таулы ормандары, Ертіс маңындағы таспалы тоғай, Қазақстан қатпарлы өлкесінің қарағайлы-қайыңды ормандары, Солтүстік Қазақстанның қайыңды ормандары, тоғайлар мен сексеуіл ормандары.
Екінші топқа су қорғауына алынған ормандар, аз орманды, орташа орманды жерлердің орындары жатады. Бірақ ағашты кесу мөлшері жылдық өсімге сәйкес анықталады. Қазақстанда бұл топқа 591 мың гектар жерді алып жатқан Шығыс Қазақстан облысының жерлері жатады.
Үшінші топқа орманды жерлерде орналасқан барлық ормандар кіреді. Бұл жерлерде өндірістік орман дайындау жұмыстары жүргізіледі. Республикамызда оларға Кенді Алтайдың таулы ормандары, Шығыс Қазақстан облысында – 1,5 миллион гектар жерді алып жатқан ормандар кіреді. Сексеуілдің үлесіне барлық ормандардың аумағының 50 % сәйкес келгенмен, олардағы ағаш қоры бар болғаны 2,1 % ғана. Бағалы қылқанжапырақты ормандар Алтай мен Тянь-Шаньде, Ертіс маңындағы таспалы тоғай мен Қазақстанның қатпарлы өлкесінде өседі.
Ағаш қоры мен көлемі бойынша Шығыс Қазақстанның қылқанжапырақты ормандары бірінші орында. Олар самырсын, шырша, кедр ағаштарынан тұрады. Екінші орында шоқ қарағайлы ормандар, үшінші орында – Тянь-Шань шыршасынан тұратын таулы ормандар тұр.
Орман шаруашылығының ғылыми-зерттеу институтының есептеулері бойынша Қазақстанның облыстарында болашақ қорғаныштық ормандар отырғызу қажет.
Солтүстік Қазақстан облысында ормандарды егістік жерлердің көлемінен 1,6 %-ға жеткізу, Павлодарда – 4,0 %, Ақмолада – 3,8 %, Ақтөбеде – 3,9 % жеткізу жобаланған.
Егістікті қорғайтын ормандардың көлемін солтүстік және батыс облыстарда 3,3 %-ға дейін көтеру керек.
Оңтүстіктің
суармалы егістік жерлері мен
оңтүстік шығыста орман белдеуіне
3,5 %-ды жер берілуі қажет. Қазақстанның
егістік қорғауға арналған орман
белдеуін 3 %-ға дейін жеткізу көзделіп
отыр. Қазіргі кездегі табиғи және жасанды
ормандар 3,6 % құрайды. Республиканың жалпы
орманын шамамен 6-7 %-ға дейін жеткізу жоспарланып
отыр. Бұл экологиялық тұрғыдан негізделген.
Республиканың орман өсіру жұмысын тек
белгілі бір экологиялық шектеулі мөлшерде
және бұрын орман өскен жерлерде жүргізу
қажет.
4.
Қоршаған ортаның
экологиялық тазалығы
Барлық нәрсенің өз орны болады: су көп жерлерде – орман мен шалғындық, құрғақ жерлерде – даланың шөптес өсімдіктері басым. Далалы жерлерде орман отырғызу тәжірибесі оның тиімсіз екенін көрсетті. Бұл ағаштар он бес – жиырма жасқа жеткенде өздігінен кеуіп кетеді. Олай болса, адам экология заңдарын танып білуі, дұрыс пайдалануы қажет. Өйткені ешкім бұл заңды өзгерте алмайды. Әлі де болса, Қазақстанның ормандарының экологиясы толық зерттелмеген. Болашақтағы орман өсіру мен қалпына келтіруді экологиялық тұрғыдан қарау керек.
Кейінгі кездерде кейбір көшелерде жиырма – отыз жалдан бері жайқалып өсіп тұрған ағаштарымызды ортан белінен аралап кесіп, жапырақсыз қалдырып жатырмыз. Ол - өзімізге өзіміздің жасаған қиянаттың бірі. Отыз-қырық жыл бойы өскен бір түп ағаш он адамға бір жыл бойы дем алатын оттегін бөліп шығаратыны белгілі. Бір автокөлік бір мың шақырым жүріп өткенде бір адамның бір жыл бойы дем алатын оттегін жағатындығы анықталды. Сонда қаламыздың эстетикалық көркемдік жағын әсемдеумен қоса, жылдан-жылға көбейіп келе жатқан автокөліктерден бөлініп шыққан көмірқышқыл газын жұтып, оны оттегіне, яғни таза ауаға айналдырып отырған жайқалған желектердің көлденеңінен кесіліп қалған қысқа ғұмыры адамзат баласының қайсысын болсын толғандырады.
Табиғатты қорғау басшылықтары қоршаған ортаның ластануына мән бермейді. Қаламыздың орталық базарларындағы барлық қоқыстарды, қағаз қалдықтарын өртеу адам тынысын тарылтып, еркін дем алуына кедергі келтіріп отыр. Ондай көк түтін адамның тыныс органдарының ісік ауруына әкеліп соқтыруы да мүмкін.
Қала ішінің таза ауасы мол болуы үшін қала көліктері электр қуатымен жүретін трамвай мен троллейбустарға көшірілсе, өте жақсы болар еді.
Облыс орталығы әр аудан орталықтарымен жалғасатын күре жолдардың екі жақ беткейі жаз бойы өртеніп жосылған көк түтін мен қара күйеге малынып жатады. Оған тыйым салып, қалай өртеніп жатқанына көңіл бөлетін ешбір жан жоқ. Сонда облысымыздағы табиғат қорғаумен айналысатын адамдар қайда қарап отыр деген сұрақ туады.
Ауылдық
жерлерде, ауыл маңында, шабындық өлкелерде
жас ағашты ормандарда басталған
өрт екі-үш тәулік бойы жанып жатады.
Оған ауыл адамдарының шамасы келмейтін
уақыттары да бар. Сондықтан олар аудан
орталығынан, облыстан көмек сұрайды.
Ол көмек жеткенше талай жердің шөбі, орманы
«қызыл тажалдың» құрбаны болып кетеді.
Одан бөлінген қаншама улы көмірқышқыл
газы түгелдей атмосферадағы озон қабатының
жұқаруына әсер етеді. Озон қабатының
жұқаруы салдарынан әлемдегі атмосераның
жылынып кету қаупі бүгінгі таңдағы ең
елеулі мәселелердің бірі болып отыр.
5.
Климаттың өзгеруі
"Қызу
әсерінің" салдарынан болатын
климаттың өзгеруі жалпы
Қазақстан
1995 жылы Климаттың өзгеруі жөніндегі
БҰҰ Yлгілік конвенциясын бекітті, ал 1999
жылы осы Конвенцияға Киото
Аталған хаттаманы бекіткен және ол күшіне енген жағдайда Қазақстан қызған газдардың шығарындыларын қысқарту жөніндегі сандық міндеттемелерді өзіне жүктей отырып, І қосымшаның Тарапы болады.
Қазақстанның Киoтo хаттамасын бекітуінің мақсатқа сайлығын айқындау үшін 2004 жыл барысында қызған газдардың шығарындыларын қысқарту жөніндегі сандық міндеттемелердің Қазақстанның экономикасына әсері мәселелері бойынша зерттеулер жүргізу қажет.
Талассыз
экологиялық тиімділігінен
Киото
хаттамасын бекіткеннен кейін нақты
жобалар мен іс-шараларды іске
асыруды көздейтін Қазақстан
Республикасында қызған газдардың
шығарындыларын азайту жөніндегі 2015 жылға
дейінгі бағдарлама әзірленетін
болады.
6.
Озон қабатының
бұзылуы
Жердің озон қабатының бұзылуы адам, жануарлар, өсімдіктер мен микроорганизмдер тіршілігі үшін ықтимал қатер болып табылады.
1973 жылдан
бергі байқаулар Қазақстанның
үстіндегі озон қабатының
Монреаль хаттамасына сәйкес қабылданған, озон қабатын бұзатын заттарды пайдалануды реттеу жөніндегі шаралар әлемде 1986 жылдың деңгейімен салыстырғанда оның 10 eceгe азаюына ықпал етті.
Біздің ел озон қабатын сақтау туралы халықаралық келісімдерге 1998 жылы қосылды. Қазіргі уақытта Қазақстанда озон бұзғыш заттарды (ОБЗ) пайдалануды қысқарту және оларды айналымнан алып қою, озон қабатын бұзбайтын заттарды қолданумен жаңа технологияларды енгізу жөніндегі жұмыстар жүргізілуде.
Озон
қабатын бұзу қатерін жоюдың негізгі
жолдары мыналар болып
Сондай-ақ
2004 жылдың барысында ОБЗ пайдаланатын
кәсіпорындардың қызметін лицензиялау
жөніндегі қажетті нормативтік құқықтық
актілерді қабылдау, ОБЗ пайдалану қызметімен
айналысатын мамандарды оқытуды және
Қазақстанның үстіндегі озон қабатының
жай-күйін зерделеу жөнінде іргелі ғылыми
зерттеулер жүргізуді бастау, сондай-ақ
жаңа технологияларды енгізу жолымен
ОБЗ пайдалануды қысқарту және қолданыстан
алу жөніндегі жұмыстарды жалғастыру
қажет болады.
Осы іс-шараларды
жүргізу нәтижесінде ОБЗ
7.
Биоәртүрлілікті
сақтау
Қазақстанның
экожүйесі Орталық Азияда және тұтастай
алғанда континентте
Өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің жоғалуы генетикалық деңгейдегі әртүрлілікті жоғалтуға және экожүйелердегі тиісті өзгерістерге әкеледі. Биоәртүрлілікті іc жүзінде жоғалтудың негізгі себебі өмір сүру ортасының жойылуы және тозуы, ең бастысы, ормандарды жою, топырақтың эрозиясы, ішкі және теңіз су айдындарының ластануы, өсімдіктер мен жануарлар түрлерін тым көп тұтыну болып табылады. Таяуда ғана өсімдіктер мен жануарлардың бөгде түрлердің жерсінуі де биоәртүрлілікті жоғалтудың алаңдатар жәйі деп танылды.
Биоәртүрлілікті сақтау үшін Қазақстан Республикасы 1994 жылы Биоәртүрлілік жөніндегі конвенцияны бекітті, биологиялық әртүрлілікті сақтау және теңгермелі пайдалану жөніндегі ұлттық стратегия мен іс-қимыл жоспарын әзірледі.
Биоәртүрлілікті сақтаудың неғұрлым тиімді шарасы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру болып табылады. Республиканың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының ауданы 13,5 млн. гектарды немесе барлық аумақтың 4,9%-ін құрайды, бұл биологиялық әртүрліліктің экологиялық теңгерімін сақтау үшін тым жеткіліксіз және 10%-ті құрайтын әлемдік стандарттардан төмен.
Қазақстан
Республикасының ерекше қорғалатын
табиғи аумақтарын дамыту мен орналастыру
тұжырымдамасына сәйкес 2030 жылға
дейін олардың алаңын 17,5 млн. гектарға
дейін ұлғайту көзделген, бұл
республика аумағының 6,4%-ін құрайды.
Қазақстанда биологиялық әртүрлілікті сақтау мақсатында биоәртүрлілік объектілерінің жай-күйін бағалау және түгендеу, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың желісін ұлғайту және қазіргі табиғи және антропогендік процестерді ескере отырып, оларды жасанды молықтыру және бұзылған аумақтарда қалпына келтіру жолымен табиғи популяциялардың сирек түрлерін сақтау, елдің ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік табиғи және мәдени мұрасы және "Адам және биосфера" бағдарламасы шеңберіндегі биосфералық аумақтар тізіміне енгізу жөніндегі шараларды іске асыру қажет.
Республика аумағының небәрі 4,2%-ін алатын Қазақстанның барлық ормандарының ерекше экологиялық, ғылыми, рекреациялық, эстетикалық және мәдени мәнін, сондай-ақ биологиялық әртүрліліктің табиғи резерваттары ретіндегі олардың орасан рөлін ескере отырып, оларды ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесіне көшіру жөніндегі шұғыл шаралар қабылдау қажет. Бұл үшін 2006 жылға дейін мемлекеттік биосфералық резерваттардың желісін қалыптастыру бағдарламасын әзірлеу қажет.
Соңғы уақытта, әлемде кең таралған генетикалық өзгерген организмдер мен өнімдерді әкелу Қазақстан үшін елеулі сыртқы қатер болып отыр. Бүкіл әлем бойынша генетикалық өзгерген организмдер мен өнімдердің кең таралу қауіптілігін ескере отырып, Биоәртүрлілік жөніндегі конвенцияның Биоқауіпсіздік жөніндегі Картахена хаттамасы қол қоюға алынды. Қазақстанның Картахена хаттамасына қол қоюы өзге елдердің біздің еліміздің аумағында генетикалық өзгерген организмдер мен өнімдерді трансшекаралық өткізуімен байланысты қызметті жүзеге асырудағы жауапкершіліктерін арттыруға, оларды елге әкелуге жол бермеу жөнінде шаралар қабылдауға, зерттеулер мен ғылыми-техникалық әзірлемелер ісінде өзара көмекті, сондай-ақ биотехнологиялар саласындағы ақпарат алмасуды қоса, халықаралық тығыз ынтымақтастықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Осы Тұжырымдаманың
айтылған ережелерін іске асыру қоршаған
орта объектілерін сақтауды, оны белгілі
бір тұрақтылық деңгейінде ұстап
тұруды, өзін-өзі реттеу қабілеті мен
жанды және жансыз табиғат түрлерінің,
оның ішінде жойылу қаупі төнген тіpі организмдер
геноқорының көптүрлілігін сақтауды қамтамасыз
етуге мүмкіндік береді.
8. Жердің шөлейттенуі және тозуы
Қазақстанның көп бөлігі қуаң аймақта орналасқан және оның аумағының шамамен 66%-і түрлі деңгейде шөлейттену процестеріне бейім. Алдын ала есептер бойынша жайылымның тозуынан залал, егістік эрозиясынан, қайталама тұзданудан және басқа да себептен алынбаған кіріс шамамен 300 миллиард теңгені құрайды.
Қазақстан үшін елеулі ішкі қатерді білдіретін жердің шөлейттенуі мен тозу проблемасы шаң-тұз дауылының пайда болуы және ауа массаларының ластаушы заттарды алыс қашықтыққа жеткізуі нәтижесінде біртіндеп трансшекаралық проблемаға айналуы мүмкін.
2004 жылдың
барысында шөлейттенудің
Бағдарламаның
негізгі нәтижелері шөлейттену процестерін
болдырмау және жердің тозу ауқымын қысқарту,
шөлейттенумен күрестің экономикалық
тетіктерін енгізу, ауыл шаруашылығы жерлерінің
өнімділігін арттыру болмақ.
9. Ұлттық экологиялық проблемалар
9.1.
Экологиялық апат
аймақтары
Табиғи
экологиялық жүйелердің бұзылуы, флора
мен фаунаның тозуы орын алған және қолайсыз
экологиялық ахуал салдарынан халықтың
денсаулығына елеулі зиян келтірілген
Арал және Семей өңірлері экологиялық
апат аймақтары болып жарияланды. Экологиялық
апат аймақтары елдің ішкі қауіпсіздігіне
нақтылы қатер болып табылады.
Қазіргі
уақытта бұрынғы Семей
Арал өңірі экологиялық апат аймағында (186,3 мың халқы бар 178 елді мекен) әсіресе әйелдер және балалар арасында асқазан-ішек аурулары мен қан аздығы, балалардың шетінеуі мен туа біткен патологияның жоғары деңгейі байқалуда.
Елдің ішкі қауіпсіздігіне қатерді жою мақсатында экологиялық апат аймақтарында халықтың тұруының әлеуметтік-экономикалық және экологиялық жағдайын кешенді талдау жөнінде іс-шаралар жүргізу, оның сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілуіне баға беру, экологиялық талаптарды әзірлеу және аумақтарды экологиялық бағалау мен ядролық сынақтар және өзге де факторлардың халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаға әсерінің салдарларын ескере отырып, сауықтыру-оңалту іс-шараларын жүзеге асыру қажет. 2007 жылға дейін Халықтың ішкі көші-қоны және экологиялық апат аймақтарының аумақтарын шаруашылыққа пайдалану бағдарламасы әзірленуі қажет.
Бұрынғы
Семей ядролық сынақ полигонын
және Арал өңірінің проблемаларын кешенді
шешу жөнінде ұсыныстар әзірлеуді
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
2003 жылғы 22 тамыздағы N 182-ө Өкімімен құрылған
ведомствоаралық жұмыс тобы жүзеге асырады.
10.
Каспий теңізі
қайраңының ресурстарын
қарқынды игерумен
байланысты проблемалар
Каспий
теңізі бассейні мемлекеттерінің көмірсутегі
ресурстарын кеңінен игеруі теңіз және
жағалау маңы экожүйелеріне теріс әсер
ауқымын ұлғайтады. Теңіз мәртебесінің
айқындалмаған жағдайында трансшекаралық
сипаттағы сыртқы экологиялық қатерлер
елеулі мәнге ие болады.
Теңіздің қазақстандық секторында көмірсутегі шикізатын алдағы кезде баса игеру елдің экологиялық қауіпсіздігіне ықтимал қатер төндіреді.
Каспий теңізінің қоршаған теңіз ортасын қорғау жөніндегі үлгілік конвенциясы және басымдық іс-қимылдардың өңірлік стратегиясы Каспий теңізінің коммерциялық ресурстарын пайдалану және Каспий маңы елдерінің Каспийдің экожүйесін қорғау жөніндегі алдағы іс-шараларға қатысты өзара ортақ іс-қимылы бойынша негізгі бағыттарын айқындайды.
Каспий теңізінің қазақстандық секторын игерудің мемлекеттік бағдарламасында 2005 жылдың аяғына дейін теңіз және жағалау маңы экожүйелеріне залал келтірместен көмірсутегін өндірудің мүмкін болатын шекті деңгейін айқындау жөніндегі арнаулы зерттеулерді жүргізу, геодинамикалық мониторингті іске асыру, иесіз мұнай ұңғымаларын және басқа да байырғы ластануларды жою, ілеспе газды алауларда жағуды және мұнай құбырлары мен радиоактивті ластанған жабдықтарды рұқсат алынбай көмуді тоқтату жөнінде шаралар қабылдау көзделеді.
Зерттеулер
нәтижесі Каспий қорық аймағын аймақтарға
бөлуді қоса алғанда, теңіздегі экологиялық
қауіпсіз шаруашылық қызметін қамтамасыз
ететін нақты нормативтік экологиялық
талаптар әзірлеу болуы тиіс.
11.
Су ресурстарының
сарқылуы және
ластануы
Қазақстан
су ресурстарының үлкен

- Қоршаған ортаны қорғау
- Қоршаған ортаны қорғау
- Қоршаған ортаны қорғау
- Қоршаған ортаны қорғау
- Қоршаған ортаны қорғау жөнінде халықаралық бірлестіктер
- Қоршаған ортаны қорғау туралы инвестициялар
- Қоршаған ортаны мұнай өнімдерінен ластанудан қорғау
- Қоршаған орта жағдайын бақылау және мониторинг
- Қоршаған орта және қоғамның өзара әсері
- Қоршаған орта және халық денсаулығы
- Қоршаған орта ластануының генетикалық салдары
- Қоршаған орта мониторингі
- қоршаған ортаны қорғау
- қоршаған ортаны қорғау