Қоршаған ортаны қорғау туралы инвестициялар
Жоспар
- Ауылшаруашылығы
- Ауыл шаруашылыәының дамуында мүмкіндігінше экологиялық заңдарды ұстануы
- экология-экономикалық тиімділігін арттыру мәселелері
- Қоршаған ортаны қорғау туралы инвестициялар
Ауыл шаруашылығы — материалдық өндірістің ең маңызды түрлерінің бірі. Ауыл шаруашылығы халықты азық-түлікпен және өнеркәсіпті шикізаттың кейбір түрлерімен қамтамасыз етумен айналысады. Ауыл шаруашылығы екі үлкен саладан, яғни өсімдік шаруашылығынан және мал шаруашылығынан тұрады. Сонымен қатар оның құрамына балық аулау, аңшылық және омарта шаруашылығы да кіреді.[1]
Қазақ жерінде б.з.б. 2-мыңжылдықтан
бастап адамдар қолда мал өсіре
бастады. Оларды көбейту үшін жайылымдар
іздеп, көшіп қонатын болды. Олар көбінесе жылқы, түйе, қойжәне
Ауыл шаруашылығының маңызы
Ауыл шаруашылығы — шаруашылық салаларының ішіндегі ең ежелгі және табиғат жағдайларына тікелей тәуелді саласы. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы — неғұрлым көп тараған сала. Шындығында, дүниежүзінде халқы ауыл шаруашылығының түрлі салаларымен айналыспайтын бірде-бір ел жоқ. Ауыл шаруашылығының барлық жерге таралуы оның алуан түрлілігіне байланысты. Ғалымдар шамамен онын 50-ге жуық түрін бөліп көрсетеді. Қазіргі мәлімет бойынша дүниежүзінде бұл салада шамамен 1,3 млрд-тан астам адам еңбек етеді, оған ауыл шаруашылығындағы шаруа отбасыларын қосатын болса, онда ол көрсеткіш 2,6 млрд адамға жетеді. Еңбекке жарамды ер адамдардың ауыл шаруашылығындағы үлесіне сәйкес елдер индустриялы, постиндустриялы және аграрлы болып жіктеледі. Дүниежүзінде экономикалық белсенді халықтың (ЭБХ) 46%-ы осы салада еңбек етеді.[1]
Ауыл шаруашылығында еңбек ететіндер үлесі
Аймақтар |
Жұмыс істейтіндер саны, млн адам |
ЭБХ-тың ауыл шаруашылығында істейтін бөлігі, % |
Дүниежүзі бойынша ауыл шаруашылығында жұмыс істейтіндер санындағы жеке аймақтар үлесі, % |
Азия |
1034 |
57,5 |
79,1 |
Африка |
190 |
58,7 |
14,5 |
Солтүстік Америка |
21 |
9,2 |
1,6 |
Оңтүстік Америка |
27 |
18,8 |
2.1 |
Еуропа (Ресеймен бірге) |
33 |
9,3 |
2.5 |
Аустралия мен Мұхит аралдары |
3 |
19,0 |
0.2 |
Дүниежүзі |
1308 |
45,6 |
100.0 |
Жеке елдер бойынша ауыл шаруашылығында жұмыс істейтіндер саны үлкен айырма жасайды. Мысалы, Батыс Еуропа елдерінде бұл көрсеткіш — 8%, АҚШ- та — 3%, Канадада — 4%, Ресейде — 14%, Қазақстанда 40%-ға жуық болса, ал дамушы елдерде ол өте жоғары (44-сызбанұсқаға қараңдар).
Ауылшаруашылық географиясы
Аграрлық қатынастар
Дүниежүзінің кез келген елінің ауыл шаруашылығы өзара бір-бірімен тығыз байланысты екі саладан — өсімдік және мал шаруашылығынан құралады. Олардың арасалмағы әр елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен еңбек ресурстарының көрсеткіштеріне және табиғат жағдайларының ерекшелігіне сәйкес өзгеріп отырады. Экономикалық деңгейі жоғары елдерде (АҚШ, ГФР, Франция және т.б.) ғылым жетістіктері мен агротехникалық шаралар кеңінен қолданылуы нәтижесінде мал шаруашылығы өнімдерінің үлесі жоғары. Мұндай жағдай кейбір жекелеген дамушы елдерде де байқалуда, бірақ оның басты себебі климаттың қолайсыз әсерінен өсімдік шаруашылығының өркен жаюына мүмкіндіктің болмауы. Бұл керініс Таяу Шығыстың кейбір елдеріне тән. Өсімдік және мал шаруашылығы тек қана өзара байланысып қоймай, олардың өнімдерін өңдейтін өнеркәсіп салаларымен де тығыз байланысты. Бұл салалар арасындағы өзара байланыс агроөнеркәсіптік кешен (АӨК) арқылы жүзеге асады. Мұндай кешендер құрылымы мен қуатына қарай алуан түрлі болып келеді және дамыған елдерде кең қанат жайған. Ал дамушы елдерде олар жаңа-жаңа белең алып келеді.
Бүгінгі таңда жерге иелік етудің бірнеше түрі қатар кездеседі. Олар: жеке-меншіктік, мемлекеттік меншік және кооперативтік меншік. Ең көп таралғаны жерге жекеменшік иелігі, олар дүниежүзіндегі тауарлық ауылшаруашылық өнімдерінің басым бөлігін өндіреді.
Жоғары дамыған елдердің көпшілігінде жер қорының біраз бөлігі ірі жер иеленушілердің — фермерлердің қолында шоғырланған. Оларға берілген орташа жер мөлшері — 40—50 га. Бірақ жердің басты қожасы — мемлекет. Мысалы, АҚШ-та жер қорының 1/4-і мемлекет меншігінде. Дамушы елдерде аграрлық қатынастар түрліше сипатты болып келеді. Азия мен Африканың бірқатар елдерінде жергілікті және сырттан әкелінген күрделі қаржыға негізделген ірі капиталистік шаруашылықтармен қатар феодалдық, тіпті ру-тайпалық қатынастары өлі сақталып калған шаруашылықтар да көптеп кездеседі. Ал Латын Америкасы елдерінде жер қорының көпшілігін помещиктік шаруашылықтың негізін құрайтын ірі жер иеліктері — латифундиялар меншіктейді, оларға берілген орташа жер мөлшері — 2—3 мың га. Бұрынғы ТМД мен Шығыс Еуропа елдерінде меншіктің жаңа түрлері енгізілуде.[1]
Ауыл шаруашылыәының дамуында мүмкіндігінше экологиялық заңдарды ұстануы
Ауыл шаруашылық өндірісінің қазіргі көптеген әдістері өзінің мәні жағынан антиэкологиялық – монодақылдарды өсіру, малды шектен тыс жаю, улы химикаттарды кеңінен қолдану, минералдық тыңайтқыштардың шектен тыс мөлшерін қолдану, топырақты жаппай жырту және т.б. Бұлар экожүйелердің қалыпты қызметінің бұзылуына, құрамының қарапайымдылығына, тұрақсыздыққа және табиәаттағы апатты өзгерістерге алып келеді.
Сондықтан қазіргі ауыл шаруашылыәының дамуында мүмкіндігінше экологиялық заңдарды ұстану қажет. Жер өңдеудің алғашқы кезеңдерінде агроценоздар қазіргімен салыстырғанда тұрақтырақ болған. Егіс танаптары табиғи өсімдіктермен қоршалған және салыстырмалы түрде шағын аудандарды алып жатты. Реттеуші жануарлар мен тозаңдандырушылар әлемі өте бай болған. Мәдени өсімдіктер таза қолтұқымдар емес, тұқым қуалау сапасы әр түрлі түрлердің қоспасы еді. Құрғақшылық жылдары бір түрлер тіршілігін сақтаса, ылғалды жылдар да басқалары қалып отырған.
Қазіргі таңда өнім өндіру жеке меншікке негізделгендіктен ауыл шаруашылыәы саласында үш басқару жүйесі қалыптасқан, олар: мемлекеттік, шаруашылықтық және кәсіпорындардың өзін-өзі басқару жүйесі. Мұнда мемлекет әр түрлі экономикалық тегеуріндерді қолдана отырып, реттеуші қызмет атқарады. Ал шаруашылықтық басқару жүйесі тауар өндірушілердің белгілі бір мақсатта коммерциялық емес ұйымдарға бірігуі арқылы жүзеге асады.
Жалпы ауыл шаруашылыәында мемлекеттік және шаруашылықтық басқару жүйесі өз қызметін келесі принциптерге негіздеп жүргізеді:
Мемлекеттік және шаруашылықтық басқару жүйесінің өзіндік ерекшеліктеріне байланысты нақты қызмет ету шегі болуы қажет;
Ауылшаруашылық саласында бұл екі жүйенің де қалыптасуының өзіндік ерекшеліктері болады, олар мемлекеттік басқару «жоғарыдан төменге» қарай жүргізілетін басқару принципіне негізделсе, шаруашылықтық басқару тауар өндірушілердің ерікті бірігуі негізінде «төменнен-жоғары» қарай басқару принципіне негізделеді;
Мемлекеттік басқару жүйесі аграрлық салада мемлекеттік шарлармен байланысты алдын-ала белгіленген қызметтер мен ұйымдық құрылымдар негізінде жүзеге асады.
Дегенмен ауыл шаруашылыәының кейбір салаларында өндірілген өнім көлемінің қысқаруы байқалады, ол егін шаруашылыәы. Ол соңәы жылдарда боләан құрғақшылықпен түсіндіріледі, әсіресе 1995,1996 және 1998 жылдары өндірілген өнім көлемі орташа аләанда 1994 жылмен салыстырәанда 50 пайызәа қысқарәан.
Ал мал шаруашылығында жалпы өндірілген өнім көлемінің өскені байқалады, әрине бұл тенденцияны тек мал басының өсуі деп түсіндіруге болмайды, мұндай мал шаруашылыәында жалпы өнім көлемінің өсуі мал өнімінен өндірілетін өнімдерге деген бағаның өсуі және мал шаруашылғында өндірілетін өнімдердің алуан түрлілігімен түсіндіріледі. Мал шаруашылығында өндірілген жалпы өнім көлемі 1994 жылы 1651,8 млн теңге болса, 2001 жылы 10400 млн теңге боләан, яәни өндірілген жалпы өнім көлемі 7687,3 млн теңгеге өскен.
2001 2001 жылы мал шаруашылыәында өндірілген өнім көлемі жалпы ауыл шаруашылыәнда өндірілген өнімдер көлемінің 55,9 пайызын құрайды, ал өсімдік шаруашылыәында өндірілген өнім көлемі 44 пайызын құрайды.
Агроөнеркәсіп кешенінде жүргізілген реформа нәтижесінде ауыл шаруашылыәы өндірісін басқару жүйесі түбегейлі өзгерді, бір орталықтан басқарылатын совхоздар мен колхоздардың орнына жеке меншік құқығына негізделген өз алдына жұмыс жасайтын ұйым түрлері пайда болды.
Қазіргі таңда пайдасынан гөрі шыәыны мол ауыл шаруашылық акционерлік қоәамының акцияларына деген сұраныс жоқ болғандықтан, акционерлік қоғамдардың жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерден айырмашылыәы жоқ.
Бір ауылшаруашылық кәсіпорнына келетін мал басы мен егін егілген ауылшаруашылық жерлерінің орташа көрсеткіштері 2001 жылы 1997 жылмен салыстырғанда кему байқалады, соның ішінде бір кооператив бойынша орташа жыртылған жер көлемі 4,5 есе, ірі қара мал басы 8,7 есе, қой 2,8 есе, жылқы 3,8 есе, шошқа 3,2 есе кеміген. Сол сияқты жауапкершілігі шектеулі серіктетіктердегі бір кәсіпорынға келетін орташа көрсеткіштер де кеміген. Сонымен, ауыл шаруашылыәы өндірісі көп еңбек күшімен, көп қаражат талап ететіндіктен оның дамуы баяу. Ауыл шаруашылығы өндірісі тікелей табиғатқа (ауа райына) тәуелді болғандықтан, (мысалы суәа тапшы жерлерді алатын болсақ)ол биосфераның негізігі 3 компоненті ауағы, суға, топырақ жамылғысына, әсер етпей қоймайды. Жерді техникалық құралдармен жыртқан кезде, бір жағынан топырақ құнарлылығын арттыратын болса, екінші жағынан, шаң-тозаң атмосфераны ластаудың үстінде болады. Сонымен қатар зиянкестермен күрес кезінде, улы химикаттар мен пестицидтерді қолдану суға да, ауаға да, топырақ жамылғысына да әсері ерекше.
экология-экономикалық тиімділігін арттыру мәселелері
Мыңдаған жылдар бойы, шаруашылық және қоғамның дамуы нәтижесінде адамдардың өмір сүру ортасы, таза табиғаттан біртіндеп табиғи антропогендік және антропогендікке айналды. Табиғи үрдістер ортаның қасиеті емес, сонымен қатар қоғам және табиғаттың қарым-қатынысының мәселелері. Табиғатты пайдаланудың әр-түрлі әлемдік, аймақтық, жергілікті деңгейдегі табиғи үрдістері мен жағдайларға байланыстылығы бақыланып отырды.
XXI ғасырдағы әлемдік
жүйедегі өзінің өзектілігі
Ауыл-шаруашылық өндірістері мен жерді ұтымды пайдалану, қоршаған ортаға зиян келтірмейтін экологияға негіздеу және еңбек өнімділігінің артуына тікелей әсер етеді. Өз дәрежесіндегі экономикалық ынталандыру ауыл-шаруашылық инновациялық технологияларды енгізуге жағдай жасайды. Мысалға алсақ Алматы облысындағы Ұйғыр ауданының Бахар елді мекенінде 30га жерге тамшылатып суару әдісін қолдануда, құс шаруашылығында да толық афтоматтандырылған жүйені пайдалануда. Елбасы жолдауында дамыған 50 елдің қатарына қосылуымыздың бірден бір жолы ауыл шаруршылығын дамыту маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Ауданның әлеуметтік дамуы жылдан жылға артып келеді, оның басты дәлелі жерді тиімді пайдалану, ортаны қорғауды ғылыми негізде жоспарлау, құқықтық ережелерді дайындау, экономикалық ынталандыру. Экология-экономикалық шараларды белгілеу, оларды қаржыландыру және орындалуын қадағалау арқылы жүргізілуде. Нәтижесінде жаңа жұмыс көздері пайда болып ауданның әлеуметтік жағдайы өсуде. (1-кесте)
ауыл шаруашылық секторының даму қарқыны (2009-2010жж)
Өлшем бірлігі |
2010ж |
2009жылдың сәйкес кезеңіне %-бен | |
Тірі салмақта өткізілген мал мен құс |
тонна |
41340 |
134,7 |
Сауылған сиыр сүті |
тонна |
20005 |
100,0 |
Алынған тауық жұмыртқасы |
мың дана |
9876 |
100,0 |
Негізгі дәнді дақылдардың қолда бары-барлығы |
тонна |
2428 |
49,0 |
бидай |
тонна |
204 |
47,0 |
арпа |
тонна |
17 |
242,0 |
жүгері |
тонна |
2207 |
49,0 |
Негізгі майлы дақылдардың қолда бары-барлығы |
тонна |
- |
.... |
күнбағыс |
тонна |
- |
.... |
соя бұршағы |
тонна |
- |
.... |
Инвестиция және құрылыс
Өлшем бірлігі |
2010ж |
2009жылдың сәйкес кезеңіне %-бен | |
Негізгі капиталға инвестициялар |
млн.теңге |
2883,7 |
13,5 |
Тұрғын үй ғимаратының пайдалы аумағы |
шаршы метр |
3346 |
105,4 |
Құрылыс жұмыстары (қызметтер) көлемі |
млн.теңге |
1802,9 |
149,9 |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 29-қаңтардағы №177 қаулысымен, ауылшаруашылық министрлігі жанынан ауылшаруашылығын қаржыландыру жағынан мемлекеттік қоры құрамында лизинг қоры құрылды және Қазақстан Республикасы агроөнеркәсіп кешенін машина жасау өнімімен қамтамассыз ету жөнінде лизинг қоры туралы ереже бекітілді. Лизинг қорын құрайтын көздерге мемлекеттік бюджет қаражаты, сондай-ақ шетелдік және жеңілдікпен берілген несиелер, коммерциялық банктердің капиталдары, шаруашылық субъектілерінің өз қаражаттары жатады. Бұл қордың мақсаты агроөнеркәсіп кешенінде лизингтік операцияларды қаржыландыру. Ауылшаруашылығы жер ресурстарының рыногы зерттелген заңды және нормативті базаның республикалық және аймақтық дәрежеде болмауы, аграрлық реформаның мүдделеріне және жалпы ел экономикасы жағдайына жауап бере алмайтын жер қатынастарының стихиялы дамуына алып келеді. Жер бұл дәстүрлі тауар емес. Ол ерекше түрдегі өндірістің негізгі құралы, сондықтан да жерді тікелей сату мәселесіне емес, жерге қаржы жұмсауды, оны жақсартуды жүйелі ұйымдастырған дұрыс болар еді. Жерді игеру, оның құнарлығын сақтаудағы басты мәселе қаржы мәселесі болып табылады. Экономикасы дамыған елдер тәжірибесінде аграрлық секторды жандандырмай, елдің азық-түлік қауіпсіздігі жердің құнарлығында деп танып, ауылшаруашылық өнімдерін дамыта отырып экология-экономикалық құнарлы өнімдер алуда. Төл табиғатымыздың тепе-теңдігін сақтау, ауылшаруашылық өнімдерінен экология-экономикалық таза өнімдерді өндіру, ауылшаруашылық жерлерін тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды пайдаланудың ең тиімді нұсқаларын анықтау адамдардың өмір сүруінің өзгерістерін, яғни әлеуметтік жағдайының өсуін байқатады. Осындай ұдайы даму кезеңінде жер ресурстарын тиімді пайдалану және қорғау халық шаруашылығының маңызды міндеті болып табылады. Өйткені, жер ресурстары адамдардың шаруашылық, өндірістік, инфрақұрылымына қажет, өмір сүретін базисі, асыраушысы.
Жерді ұтымды пайдаланудың мәні мен мазмұны қоғамдық жер қатынастары мен жердің қызмет ету мәселелерін қарастырудағы маңыздылардың бірі.Экономикалық теория жерге монополияныңекі түрін көрсетеді: бірі-жерге меншік монополиясы, жер басқа да мүліктер сияқты, мемлекеттің, заңды тұлғалардың (өнеркәсіптік, транспорттық, сауда және басқа да кәсіпорындар, банктер т.б) жеке азаматтардың меншігі бола алады. Жерге жеке меншік монополиясы, шаруашылық объектісі ретіндегі жер монополиясымен толықтырып отырады. Монополист-меншік иесімен бірге, жердің өндіргіш күштерін тиімді пайдалану арқылы таза табысты максималдандыруға ұмтылатын, монополист-кәсіпкер пайда болады. Фермерлік шаруашылықтарда, шаруашылық объектісі ретінде жерге монополия жүзеге асады. Жерге шаруашылық жүргізу және меншік формасының көптүрлілігі, осы қатынастардың барлық субъектілерінің экономикалық мүдделерін жүзеге асырумен сәйкес келеді және жерді тиімді пайдалануға бағыт алуды қамтамассыз етеді. Елімізде «жекешелендіру және мемлекет меншігінен алу» процесі 1991 жылы басталып оның жеті жылға созылғаны белгілі. Мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындарын жекешелендіру және Қазақстан Республикасының аграрлық секторындағы колхоздар меншігін реформалау барысында жаңа әлеуметтік-экономикалық құрылым қалыптасты. Колхоздар мен совхоздар негізінде өндірістік кооперативтер, шаруашылықты жүргізуші серіктестіктер және шаруа қожалықтары құрылды. Көптеген экономикасы дамыған елдер экономикалық дағдарысқа ұшыраған, бірақ оның жолын таба білген. Ф.Рузвельт АҚШ-президенті қызметіне кіріскеннен кейін, америка экономикасының дағдарыстық жағдайын мойындай отырып, басқаруының төртінші күнінде ақ Конгресте «Банктер туралы төтенше заң» заң ұсынылып, сол күні кешкісін оған қол қойылды. «Ауыл шаруашылығын реттеу туралы заң» және тағы басқа да заң актілері қабылданды. Бұл елді дағдарыстан шығарудағы басты, бірінші кезектегі міндеттер қатарынан ауыл шаруашылығы мемлекеттік реттеу шараларының да орын алатынын көрсетсе керек. Ауыл шаруашылығы қоғамдық еңбек бөлінісінің біріңғай жүйесіне кіреді. Сондықтан да ауыл шаруашылығының ұдайы өндіріс процесі өнеркәсіптегі ұдайы өндіріс процесімен араласып кетеді. Нәтижесінде ауыл шаруашылығы өнеркәсіпте болатын жерді пайдалану оны күту, құнарландыру, өнеркәсіптің ауыл шаруашылық шикізаты, экология-экономикалық таза әрі тиімді болады, мұндай өнімге сұраныс өседі. Жалпы қазіргі уақытта Қазақстандағы аграрлық дағдарысты, ұдайы өндірістік экономикалық шарттарын бұзумен туындаған өндірістік және тауар өндіруші шаруашылықтар табысының төмендеуі ретінде анықтауға болады. Бұл жерде мәселе өндірістің және ауыл шаруашылық өнімін өткізудің салыстырмалы жергілікті дағдарысынан да ауыр жағдай туралы болып отыр. Айта кету керек бұл жағдайда өндірістің құлдырауы бәрінен бұрын, өткізу қиындықтарымен емес тіпті жай ұдайы өндіріс үшін қажетті материалды заттық факторлардың тапшылығынан және оны бұрынғы көлемінде жаңғырту мүмкін еместігіне байланысты болып отыр.
Арнайы инспекция 2009 және 2010 жылдары жалпы көлемі 2,5 млн.гектар жер атырапты алып жатқан 24 мыңнан астам жер телімдерінің пайдаланусыз қалғандығын анықтады. Бұл туралы желтоқсанның 20-сы күні Астанада Bnews.kz порталында болған онлайн-конференцияда Қазақстан Республикасының жер ресурстарын басқару агенттігінің төрағасы Өмірзақ Өзбеков мәлім етті. Оның сөзіне қарағанда, мұндай немқұрайдылық тұтас мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігіне нұқсан келтіріп отыр. «2009жылы ауыл шаруашылығы жерлеріне қатысты Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өткен болатын. Жер ресурстарын басқару агенттігі облыс әкімдіктеріне жерлерді қорғау бағытындағы мемлекеттік қадағалауды қатаңдату бойынша бірқатар тапсырмалар берді. Себебі елдің азық-түлік қауіпсіздігі ауыл шаруашылық жерлерін дұрыс пайдалануға тікелей тәуелді» - дейді Ө.Өзбеков.
Оның келтірген мәліметіне сәйкес 11мың жер заңнамасын бұзу фактісі тіркелген, оның жартысынан көп үлесі мемлекеттік меншік құқықтарын бұзуға қатысты, яғни мемлекеттік жерлерді заңсыз басып алу болса, заң бұзушылықтың екінші санаты-ауыл шаруашылығына арналған жерді тиімді қолданбау немесе мақсатына сай мүлдем пайдаланбау болып отыр.
С.Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық университеті
Ауылшаруашылық экология және экономика
Қабылдаған: Қизат Рахат
Орындаған: Исаханова Ұлпан

- Қоршаған ортаны мұнай өнімдерінен ластанудан қорғау
- Қоршаған ортаның зиянды факторлары. Қауіп-қатердің еркінді факторлары туралы түсінік, оның маңызы
- Қоршаған ортаның қазіргі жай-күйі
- Қоршаған ортаның экологиялық жағдайы және ауру деңгейі
- Қоршаған ортаның экологиялық тазалығы
- Қоршаған ортаның экологиялық факторлары
- Қоршаған ортаның экологиялық факторлары
- қоршаған ортаны қорғау
- Қоршаған ортаны қорғау
- Қоршаған ортаны қорғау
- Қоршаған ортаны қорғау
- Қоршаған ортаны қорғау
- Қоршаған ортаны қорғау
- Қоршаған ортаны қорғау жөнінде халықаралық бірлестіктер