Қоршаған ортаның экологиялық факторлары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ..................................................................................................................3

 

1.Қоршаған ортаның экологиялық факторлары

1.2. Ортаның факторлары және ағзалардың оған адаптациясы

1.3 Ортаның абиотикалық факторларына бейімделу

1.4. Биотикалық факторларға адаптация

1.5. 1.5. Факторлар және олардың айырмашылықтары

 

1.6. Орта факторлары және олардың ағзаға әсері

1.7. Экологиялық факторлардың әсер етуінің кейбір заңдылықтары

 

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................27

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................................................................................28

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

кіріспе

 

  Жұмыстың көкейкестілігі. Қазақстанның көптеген аймақтарындағы экологиялық  жағдай сын көтермейді. Ғылыми-техникалық прогресс қоршаған ортаның көптеген мөлшерде зиянды заттармен ластанып, қалыптасқан табиғи тепе-теңдіктің бұзылуымен қатар жүруде. Республиканың көптеген аймақтары газ, сұйық және қатты күйдегі өндіріс қалдықтарымен, сульфаттармен және ауыр металдармен ластануда. Қоршаған ортаның зиянды заттармен ластану деңгейі жоғары болуына байланысты олардың топыраққа, суға, ауаға түсуіне, тигізетін зияны мен биологиялық рөлін зерттеуге ерекше көңіл бөлініп отыр. Өндіріс ошақтары орналасқан аудандардың топыраққа көп мөлшерде  әр түрлі химиялық таба

жолмен жинақталған ауыр металл иондары адам ағзасында әр түрлі аурулардың қозуы мен пайда болуының ауруларда асқазан ауруы бірінші орында, тыныс алу жүйелері аурулары екінші орында, қан айналу жүйелері аурулары үшінші орында тұр. Сондықтан да Қазақстан топырақтарында ауыр металдардың жинақталуын және олардың қоректік тізбек арқылы ауысуын зерттеу қазіргі таңдағы ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

Жұмыстың мақсаты. Қазақстан топырағындағы ауыр металдардың таралу мен жинақталу ерекшеліктерін зерттеп, олардың  тірі ағзаларға тигізген   экологиялық  әсерін анықтау.

 

Жұмыстың міндеті.

  • Қазақстан топырағындағы ауыр металдардың мөлшерін және олардың таралу динамикасын қарастыру;

  • Ақтөбе қаласының топырақ жүйесі химиялық, соның ішінде ауыр металдармен ластану ерекшеліктерін және қауіптілігін анықтау;

Жұмыстың ғылыми жаңалығы. Қазақстан топырағының ластануын негізге ала отырып, өндіріс ошақтарынан бөлінген ауыр металдардың  мөлшері мен динамикасын анықтау арқылы олардың қоршаған ортаға тигізген кері әсері  экологиялық тұрғыдан толығымен бағаланды.

 

 

Жұмыстың практикалық маңызы. Жұмыс нәтижелерін экология сабағында оқыған кезде пайдалануға болады.

 

 

 

 

 

               

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Қоршаған ортаның экологиялық факторлары

а) абиотикалық факторлар;

ә) биотикалық факторлар;

б) антропогенді факторлар.

с) Ортаның факторларына организмдердің адаптациясы.

д) Экологиялық факторлар әсеріне организмдердің жалпы заңдылықтары: Ю.Либихтың минимум заңы және  В.Шелфордтың толеранттық заңы.

 

       Негізгі түсініктер: экологиялық факторлар, биотикалық факторлар, абиотикалық факторлар, антропогенді факторлар, толеранттылық диапазоны, оптимум зонасы, экологиялық валенттілік

1. Қоршаған ортаның  экологиялық факторлары- тірі организмдерге олардың дербес дамуының бір ғана кезеңінде болса да тікелей немесе жанама әсер ете алатын, ортаның кез-келген  әрі қарай бөлшектелмейтін элементі. Бұл анықтамада экологиялық факторлардың мынандай критерийлеін ерекше атап өту қажет;

1.Ортаның қарастырып отырған элементінің одан әрі бөлшектенбеуі. Мысалы, су қоймасының тереңдігін немесе тіршілік ету орнының  теңіз деңгейінен биіктігін экологиялық фактор ретінде қарастыруға болмайды, себебі тереңдік суды мекендеуші организмдерге тікелей емес, қысымның артуы, жарықталудың кемуі, температураның төмендеуі, еріген оттегінің  азаюы, су тұздылығының жоғарлауы, т.б. арқылы әсер етеді; биіктіктің әсері  температураның, атмосфералық қысымның  төмендеуі арқылы жүзеге асырылады.Шын мәнінде температура, жарықталу, тұздылық және т.т. тірі организмдерге тікелей әсер етуші сыртқы ортаның  экологиялық  факторлары ретінде білінеді.

2.Экологиялық фактордың әсері тікелей емес, аралық буындар арқылы берілуі мүмкін, яғни бұндай жағдайда ол көптеген  себеп-салдарлық байланыстар арқылы ықпал көрсетеді.Экологиялық факторлардың  аралық буындар арқылы ықпал етуінің мысалын құс базарынан көруге болады.Құс базарларында құстар орасан көп шоғырланады. Бұнда басты рольді биогендік заттар атқарады; құстардың саңғырығы суға түседі; судағы органиканы бактериялар  минералдандырады, соған байланысты осы жерлерде балдырлар шоғырланады.Бұл өз кезегінде  планктондық организмдердің, негізінен шаян тәрізділердің  концентрациясының артуына әкеліп соғады. Соңғылармен балықтар қоректенеді, ал олармен базарды мекендеуші құстар қоректенеді.Демек бұл жерде құс саңғырығы экологиялық фактор ретінде көрінеді.

Экологиялық факторлар табиғаты жағынан  қаншалық әр алуан болмасын, олардың әсерінің нәтижелері экологиялық тұрғыдан салыстыруға келеді, өйткені әрқашанда организмдердің тіршілік әрекетінің өзгерісі арқылы білінеді, ал бұл, ақырында, популяция санының өзгеруіне әкеліп соғады.Осы тәуелділікті талдау, оның төмендегідей заңдылықтарын атап көрсетуге мүмкіндік береді;

1. фактордың белгілі бір мәндерінде организмдердің тіршілік ету үшін ең қолайлы жағдай туады: бұл жағдайлар оптималды жағдайлар деп аталады.

2. фактордың мөлшері оптималдық жағдайдан неғұрлым көбірек ауытқыса, дара организмдердің тіршілік әрекеті де солғұрлым нашарлай түседі; осыған байланысты  қалыпты тіршілік ету аймағы айқындалады.

3. фактор мөлшерінің дара организмдер қалыпты тіршілік ете алатын аралығы төзімділік шектері деп аталады; төзімділіктің төменгі және жоғарғы шектері ажыратылады. 

Сонымен, қоршаған орта факторлары 3 топқа бөлінеді:

 

     1.) Абиотикалық  факторлар- өлі табиғаттың әсері (климат, t0-ра , ылғалдылық , жарық және т.б.

 

     2.) Биотикалық факторлар – тірі организмдердің әсері.

 

     3.)  Антропогенді факторлар – адамның әртүрлі іс-әрекетінің әсерлері.

1.Абиотикалық  факторларға  айналадағы ортаны, яғни өлі табиғатты құрайтын жеке құрамды бөліктері жатады. Мысалы: климаттық факторлар (ауаның ылғалдылығы, жауын-шашын мөлшері, ауаның t0 –сы, жарық мөлшері, күн мен түннің ұзақтығы, желдің әсері, ауа қысымы, ауа құрамы);

 

    Топырақтың әсері (химилялық  құрамы, физикалық және химиялық  ерекшеліктері); гидрологиялық факторлар(судың  тұнықтылығы, күн сәулесінің түсуі, құрамы, қысымы, ластануы т.б.); жер  бедерінің әсері.

2.Биотикалық  факторлар ағзалардың тіршілік әрекетіне байланысты бір-біріне тигізетін сан алуан әсерлері жатады.

3.Антропогенді  факторлар биотикалық факторлар қатарына жатқызып келген болатын. Бірақ соңғы кездегі адамның іс-әрекетінің табиғатқа қарқынды, әрі жан-жақты ықпал ететіне байланысты ол жеке қарастырылады.

Антропикалық фокторлар дегеніміз - айнала қоршаған ортаға тигізетін адам баласы іс-әректінің тікелей немесе жанама әсері.Адам баласы өзінің материалдық игілігі үшін  табиғат байлықтарын игеруге мәжбүр болады. Нәтижесінде, ірі кешендер, өнеркәсіп, зауыт, кен байыту, автокөліктер , ауыл шаруашылығы салалары дами түседі. Ал олардан зияны әр-түрлі газдар, қалдықтар, лас сулар, химиялық зиянды қосынды заттар айнала қоршаған ортаға түседі.Зиянды заттардың көпшілігі табиғатта айналымға түспей, жинақталып бұкіл  тіршілікке кері әсерін тигізе бастайды. Яғни, атмосфера ауасының ластануы, су айналысының бұзылуы, жердің құнарсыздануы, қуаншылық, өзен-көлдердің тартылуы, өсімдіктер мен жануарлардың сиреп немесе құрып кетуі, адам баласының денсаулығының бұзылуы және жалпы биосфера шегіндегі бұрын-соңды болмаған климаттың өзгеру құбылыстары үдей түседі. Соңғы жылдары антропикалық факторлардың табиғи ортаға  және жалпы биосфераға әсері айқын біліне бастады.Осыған орай, адам баласының іс-әрекеті бақылауға алынып табиғат тепе-теңдігінің бұзылмауына жол бермеу жолдары ғаламдық проблемалар деңгейінде қарастылуда.

 

1.2. Ортаның факторлары және ағзалардың оған адаптациясы

1) Орта және орта факторлары, оларды топтау.

2) Ағзаға орта факторларының әсері етуінің кейбір жалпы заңдылықтары.

3)  Адаптация биологиялық  құбылыс ретінде.

4) Тіршілік ету ортасы.

 

      1.Мекен ету ортасы  деп, әдетте ағзалардың табиғи  денелермен және құбылыстармен  тікелей немесе жанама өзара  байланыста болатынын түсінеміз.

 

     2.Факторлар әсер ету  маусымдылығы және бағыттылығы  бойынша 3 топқа бөлінеді.

1. Қатаң маусымдылықпен әсер етуші факторлар тәулік уақытының  уақыты, жыл мезгілдері, келіп-кету құбылыстары т. б.)

2. Маусымдылықсыз  әсер етуші факторлар - кейбір уақыттарда қайталанады-ауа-райы құбылыстары, су тасқыны, жер сілкіну, вулкан т. б.

3. Бағыттылықпен әсер етуші факторлар. Олар әдетте бір бағытта ғана өзгереді (климаттық жылынуы немесе суып кетуі, тар. бетпақталада т. б.).

 

 4. Белгісіз әсер етуші  факторлар-бұған антропогендік факторлар  жатады, ағзалар мен олардың бірлестікреті  үшін өте қауіпті.

Жарық және мінез-құлық бағдарлануы.

 

               Жануарлардың мінез-құлығындағы  бағдарлануы жарық әсері өте  маңызды.

 

               Жарыққа байланысты  жануарларды күндізгі және түнгі  деп бөлеміз. Күн сәулесі осы  жануарларға әсер ете отырып, олардың әрекетін басқарады және  олардың тіршілік салтын, мінез  құлығын, ұйқы мен демалу ритмдерін  анықтайды. Мысалы: олардың әрекет сипаттары, тамақтану тәсілдері, жыныстық белсенділіктері т. б.

Ағымдар және оттегі.

 

               Көптеген тіршілік  орталарында жануарлар ағымының  әсер етуін сезінеді. Ауа және  су ағымдар болып бөлінеді  және жануарлардың таралуында  қоршаған ортаның реттеуші факторы  болып табылады. Олардың әсері  екі жақты: біріншіден, ағымдар жануарларға  әртүрлі заттар және жылу әкелсе, екіншіден, олар жануарлардың өзін  басқа жаққа орнын ауыстыртады.

 

               Ауа ағымдары горизантальды  түрде тұратын жел сипатта  және жер бетінен шығатын термальды  түрде болып бөлінеді.

 

               Суда да ағымдар  бар. Су ағымының жылдамдығы ауа  ағымына қарағанда  аз болып келеді. Ол сарқырамаларды  үлкен шамада-6 м. секундқа дейін. Ең қуатты су ағымы мұхитта болады, жылы Гольфстрим  ағымдарында немесе суық компенсациялық  ағымдарында.

 

               Зат алмасу процесінде  көпшілік жануарлар үшін оттегінің  ролі өте зор. Ол тыныс алуға  қатысады.

 

               Ересек адамдардың  қанында гемоглабиндік байланысқан  оттегінің мөлшері 1 метрге дейін  болады. Гемоглобин көмегімен О2-ткандерге таралады және сіңіреді.

 

               Жануарлар үшін О2 негізгі зат тіршілік үшін қажетті. Жер бетіндегі оның таралуы түрлердің таралу шекарасын анықтайды. Оттегінің болуы шешуші фактор болып табылады, одан жануарлардыңәртүрлі мекен ету орталарына таралуы тәуелді. О2 таралуы: Ауадағы оттегі, топырақтағы О2, таяз судағы О2, теңіз О2-сі, паразиттердегі О2.

1.3 Ортаның абиотикалық факторларына бейімделу

Температура  мен ылғалдылықтың  әсер етуі. Антрактиканың шөлді  мұзында  t0-ра -880С дейін төмендесе,  Жердің сусыз шөлдерінде көлеңкеде    +580С   дейін көтеріледі. Орталық   Европаның  ормандарында оңтүстік  жағында  ыстық жазда 400С дейін жетсе, солтүстік жағында 200С дейін барады. Жердің  барлық  жерінде  тіршілік  таралған.  Бірақ  бір тіршілік иесі әлемде бүкіл жердегі   t0-ра диапазонын көтеруі мүмкін емес. Сондықтан  кез - келген  жануарлардың  таралуы  мекен  еткен  жерімен шектеледі, сол температурамен бейімделеді.

Көптеген жануарлардың дене температурасы қоршаған ортаның температурасына байланысты өзгеріп отырады. Мұндай жануарлар өзгеруінің дене температурасын реттей алмайды, және пойкилотермдік жануарлар деп аталады.

 

             Жануарлардың аздаған түрлері дене температураларын белсенді реттей алады, мұндай жануарлардың дене температурасы тұрақты және оларды гомойотермдік деп атайды.

 

             Қоршаған ортаның температурасының  өзгеруіне  өте төзімді жануарлар эвритермдік , ал тек белгілші температураның өзгеруіне ғана аз төзетін жануарлар стенотермдік деп аталады.

 

             Ылғалдылықтың жеткілікті мөлшері- Жердегі барлық организмдердің өмір сүруінің негізгі  шарты.  Организмдегі болатын барлық тіршілік процестері  су ерітіндісінде жүреді.

 

             Әдетте жануарлар денесінің 50% астамы судан тұрады. Мысалы : үй жануарларының  59%, адам денесі 64%, ұлу 70%, балықтарда 75% және жоғары, медузаларда 99% т. б.

 

              Көптеген жануарларда  ылғалдылықың көп немесе аз болуына байланысты организімдерінде тірішілік ету орталары арасында өзара байланыстар (бейімделу механизмдері) қалыптасқан.

 

              Август Тинеманн деген биологтың айтуынша «космостық шырмалымға» барлық тірілер кіреді және соған бағынышты. Тіршілік көзі- күн сәулесі.

1.4. Биотикалық факторларға адаптация.

Тамақтану және түр аралық байланыстар.  Әрбір жануарда өз тамағын табуға мүмкіндік беретін әртүрлі бейімделушіліктер бар.

 

             Филогенез барысында планетадағы фаунаның әртүрлі өкілдерінде сан алуан бейімделушіліктер қалыптасқан. Мысалы: Инфузорилер суды жұта отырып, оны сүзедіде өз қорегін аулайды. Молюскалар да фильтраторлар болып табылады. Жануарлар әлеміндегі ең белгілі жұтқыштарға жыландар жатады.

Гүлдер мен өсімдіктер.

Ертеде ассириялықтар мен вавилондықтар  Екі өзендік мемлекетінде  құрма пальмасын өсірді (екі үйлі өсімдік). Х.К.Шпренгель «Табиғаттың ашылған сыры» еңбегінде 1793ж. гүлді өсімдіктердің (нектарник) балауызын зерттеді. Ол өз теориясында гүлдердің балауыз қасиеттері сол өсімдікті тозаңдыратын насекомдарға тәуелді екенін айтты. Мысалы: эвглосса арасы  кектар соратын мүшесі ұзын болып келеді. Оңтүстік америка көбелегі- тұмсықтар өте ұзын гүл формасына байланысты.  Шмель -> аконит

Экожүйедегі ағзалардың байланыстары.

1)      Қоректену немесе трофикалық байланыс.

2)      Топикалық байланыс-(грекше  топос –орын), мекен ету ортасын пайдалануға негізделген байланыстар.

3)      Форикалық (латынша форас- сыртта)- бұл байланыс бір ағзаныцң басқа ағзаға таралуына қатысқан кезде пайда болады.

Экологиялық факторлар әсеріне организмдердің жалпы  заңдылықтары

Экологиялық факторлардың организмге әсер етуі мен оған организмнің реакциясы бірдей болмайды.

 

            Өзара әрекеттесу факторлар ережесі. Оның мәні келесіде: яғни бір факторлардың әсер ету күшін басқа факторлар күшейту немесе азайтуы мүмкін . Мысалы, жылудың көп мөлшері ауаның ылғалдылығын төмендетеді.

Ю.Либихтың «Минимум» заңы немесе  шектеуші факторлар ережесі. Бұл ереженің мәні келесіде: шектен тыс аз немесе шектен тыс көп фактор (қауіпті нүктенің қасындағы)  организмнің күйіне  ықпал етеді, сонымен бірге , басқа факторлардың әсерлерін шектейді. Бұл заңның өмірде практикалық маңызы зор. Организмдердің ең қажетті шектеуші факторларын біле отырып, мол өнім алуға немесе табиғат ресурстарын тиімді пайдалануға жол ашады.

Шектеуші факторлармен қатар организмнің факторлар жиынтығына деген ең жоғарғы төзімділік қасиеті болады. Ол В.Шелфордтың толеранттық (төзімділік)  заңына байланысты. Оптимум аймағы әртүрлі ағзалар үшін бірдей емес . Біреулері үшін аймақ аралығы біршама көп, мұндай ағзалар эврибионттар тобына жатады (грекше эури- кең, биос- тіршілік). Аз диапазонда бейімделетін ағзалар стенобионттар деп аталады(грекше стенос- тар). Эврибионтты түрлер қолайсыз экологиялық орталарда қалыпты тіршілігін жалғастыра береді. Мысалы, бұл организмдер тобына Қазақстанға жерсіндірілген ондатраны, көгілдір түлкіні, колорадо қоңызын, ақ қанатты американдық көбелекті жатқызуға болады. Стенобионтты түрлердің таралу аймағы шектеулі болады.

Әр тіршілік ортасы ағзаға әсер ететін факторлармен ерекшеленеді. Ағзаға әсер ететін, тіршілік ортасын құрайтын элементтерді экологиялық факторлар деп атайды.

Экологиялық факторлар абиотикалық, биотикалық және антропогенді болып  бөлінеді.

1.5. Факторлар және олардың айырмашылықтары

Абиотикалық факторлар

Жарық, температура, ылғалдылық, топырақтың тұздылығы, судың ащылығы, қысым, атмосфералық газдар сияқты өлі табиғаттың құрамды бөліктері.

Жарық.

Күн сәулесінің спектрінде  биологиялық әсері бойынша ультракүлгін, инфрақызыл, көзге көрінетін сәулелер болып бөлінеді. Ультракүлгін сәулелер аз мөлшерде ағзаларға қажет, өйткені онық бактерияларды жоятын, өсу үрдісін және жасушалардың дамуын әрекеттендіретін, D витаминін түзілуіне әсері бар. Көп мөлшерде мутацияға себеп болуы да мүмкін. Ультракүлгін сәулелердің басым бөлігі озон қабатында шағылысып, жерге жетпейді.

Көзге көрінетін сәулелер – фотосинтезге энергия беретін, жердегі тіршіліктің негізгі көзі. Инфрақызыл сәулелер – жылу энергиясының көзі. Өсімдіктерге күн сәулесі  фотосинтез үшін энергия көзі болғаны  үшін маңызды. Ортаның жарықтығына  бейімделуіне байланысты өсімдіктер гелиофиттер (жарықсүйгіш), сциофиттер (көлеңке сүйгіш) және фокультативті гелиофиттер (көлеңкеге шыдамды) болып бөлінеді. Жануралар күндіз немесе түнде  белсенді тіршілік ететін болып бөлінеді. Олар үшін жарық – тіршілік белсенділігінің  уақытын анықтайтын фактор.

Жарықты талап етуіне байланысты өсімдіетерді қысқа күнді (төменгі  белдеуде тіршілік ететін) және ұзақ күнді (қоңыржай, биік белдеулерде тіршілік ететіндер) деп екіге бөлінеді.

Фотопериодизм – өсімдіктер мен жануарлардың жарықтың түсу ұзақтығына байланысты әрекеттері. Ағзалардағы  маусымдық өзгерістер көбінесе жарықтың түсу ұзақтығына байланысты реттеледі. Жарықтың түсу ұзақтығының өзгеруі  температура өзгеруімен бірге жүреді. Бірақ жарық температура сияқты кездейсоқ өзгере бермейді. Фотопериодизм  құстардың қоныс аударуы, жапырақтардың түсуі сияқты маусымдық өзгерістердің негізі. Қоңыржай белдеулерде тіршілік ететін жануарларға күзгі күннің қысқаруы көбею жағдайына әсер етіп, тоқтатады. Ал көктемгі күннің ұзаруы жануарлардың көбеюіне жағдай жасайды. Күндізгі жарықтың ұзақ уақыт түсуі үй құстарының көбірек жұмыртқа салуына да әсер етеді.

Температура. Ортаның температурасы  ағзаның температурасына әсер етеді, яғни ағзадағы зат алмасуды құрайтын барлық химиялық реакциялардың жылдамдығына әсер етеді. Негізінен ағзалар 0-(+50)0С  аралығында тіршілік ете алады. Бұл цитоплазманың қасиеттеріне байланысты. Ең жоғарғы температура шегі 120-1400С (споралар, бактериялар тірі қалуы мүмкін) ең төменгі температура шегі болып – 190-(273)0С (споралар, тұқымдар, сперматозойдтар шыдай алады) болып табылады.

Температураға байланысты ағзаларды  криофилдер (температурасы төмен  жерлерді мекендейтін) және термофилдер (температурасы жоғары орталарды  мекендейтін) деп бөлінеді.

Ағзалар екі жылу энергиясының көзін қолдана алады: сыртқы күннің жылу энергиясын немесе жердің ішкі жылуын және ішкі – ағзада зат алмасу барысында  бөлінетін жылу.

Ағзаның жылу балансын реттеуде басым қолданатын энергия көзіне байланысты оларды пойкилотермді және гомойтермді деп бөледі.

Пойкилотермді ағзалар –  дене температурасы тұрақсыз, қоршаған ортаның температурасына қарай  өзгеріп отыратын ағзалар. Олар микроағзалар, өсімдіктер, саңырауқұлақтар, омыртқасыздар және кейбір омыртқалылар (балықтар, қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар) жатады. әдетте олардың дене температурасы сыртқы ортаның температурасынан 1-20С - қа жоғары немесе бірдей болады.

Гомойтермді ағзалар – дене температурасын сыртқы ортаның температурасынан тәуелсіз тұрақты дәрежеде ұстап тұра алатын ағзалар. Гомойтермді топқа құстар мен сүтқоректілер және адам жатады.

Өсімдіктер төмен температураға  шыдамдылығына байланысты жылылық  сүйетіндер және суыққа төзімділер деп бөлінеді. Жылу сүйгіштерге жүзім, шабдалы, өрік, алмұрт жатса, суыққа төзімділерге мүк, қыналар, қарағай, шырша, самырсын т.б. жатады.

Әрбір жеке организмнің өзіне тән температураға деген талабы және шегі болады. Кейбір организмдер температураға төзімділік көрсетеді. Мәселен, балықтар 520С-та, ал бактериялар 800С-та қалыпты тіршілік етеді. Кейбір көк жасыл балдырлар 440С-та өмір сүре береді. Температураның қалыпты мөлшерден кемуі кез келген ағзаның денесіндегі зат алмасуды тежеп, клеткадағы биохимиялық реакцияларды бұзып, одан әрі біртіндеп жасушалар кристалданып, жалпы тіршілігі тоқтайды.

Күнге қарай өсімдіктер жасушасындағы  цитоплазма суын азайтып, қоюланып, оның органоидтары төмен температураға  бейімделіп, төзімді күйге көшеді.

Қыс кезінде өсімдіктер спора, тұқым, түйнек, пиязшық, тамыр, жемтамыр, түзу арқылы тыныштық күйге көшіп, төмен температураларға шыдайды. Ал ірі ағаштар жапырағын тастап, бойындағы шырынды заттар қоюланып, қысқа төзімді күйге ауысады.

Пойкилотермді жануарлар  қолайсыз температура жағдайында қысқы  ұйқыға (анабиоз) кетеді. Анабиоз кезінде  организм денесіндегі зат және энергия  алмасу уақытша тежеліп, баяу күйге көшіп, ең төменгі деңгейде болады. Ал ұйқыға кету кейбір организмдерде (аю) қоректің жетіспеуінен болады.

Гомойтермді жануарлар төмен  температурадан әр түрлі жолдармен қорғанып отырады. Жануарлар қысы қатты аймақтардан  жылы жаққа қарай қоныс ауыстырады (жыл құстары, кейбір сүт қоректілер т.б.). Тері жабындыларындағы жүн  және май қабаты қалыңдап, қысқа дайындала бастайды (аңдар, құстар, итбалықтар және т.б.). Уақытша ұйқыға немесе тыныштық күйге көшеді (суыр, борсық, аю, тышқандар  т.б). мұндай  гомойтермділердің дене жылуы ұйқыға кеткен кезде ортаның  температурасына тәуелді болғаны  үшін олардың  гомойтермділер деп атайды.

Су. Су ағзадағы зат алмасуда және жалпы ағзаның қызметтерін дұрыс атқаруын қамтамасыз етеді. Жасушалардағы судың құрамы шамамен 70%.

Ылғал көбінесе климаттық, құрылықтың температуралық белдеулеріне, табиғат белдемелеріне байланысты болады. Кей бір жағдайда  ылғал шектеулі  фактор рөлін атқарады. Ылғалдың жетіспеуі өсімдіктерді өнімді төмендетіп жібереді. Әсіресе шөл, шөлейтті белдеулерде ылғал жетпейді. Ал орман мен батпақты жерлерде керісінше әсер байқалады.  Ылғалдың әсеріне байланысты өсімдіктердің экологиялық топтары төмендегідей жіктеледі.

Гидрофиттер – суды  мол қажет ететін, ылғалды ортада өсетін өсімдіктер. Мысалы: қамыс, қоға, күріш, тұғиық т.б.

Ксерофиттер – шөл, шөлейт, дала сияқты ылғал тапшы аймақтардың  өсімдіктері.  Олар қатты ыстыққа және сусыздыққа төзімді болады. Мысалы: сексеуіл, жүзген, жусан, қылша, теріскен, селеу, күйреуік т.б.

Мезофиттер – ылғалдылығы  орташа, жеткілікті аймақтарда өседі. Жапырақтары ашық әрі ірі болып келеді. Мысалы: қайың, алмұрт, шалғындардағы өсімдіктер.

Суккулентті – ксерофиттерден де ылғалы тапшы аймақтың өсімдіктері. Олардың жапырақтары немесе сабақтары  ішінде су жинап, етжеңді болып келеді. Мысалы: кактус, алоэ т.б.

Гидрофиттер – судың ішінде өсетін өсімдіктер. Мысалы: элодея, балдырлар  т.б.

Су көптеген ағзалардың тіршілік ететін ортасы болып табылады. Су ағзалары мекен ететін су қабатына және тіршілік ету түріне байланысты келесі экологиялық топтарға бөлінген:

Планктон – негізінен  су ағынымен пассивті түрде орын ауыстыратын ағзалар. Планктонда фитопланктон (бір жасушалы балдырлар) мен зоопланктон (бір жасушалы қарапайымдылар) ажыратылады.

Нектон – судың орта қабатында белсенді түрде қозғалып тіршілік ететін ағзалар. Оларға балықтар, басаяқты былқылдақ денелілер, тасбақалар, киттәрізділер жатады.

Бентос – судың түбін  және топырақта тіршілік ететін су ағзалары. Оларды фитобентос (бекініп өсетін балдырлар және жоғары сатыдағы өсімдіктер) және зообентос (шаянтәрізділер, былқылдақ денелілер, теңіз жұлдыздары, т.б.) деп бөледі.

Перифитон – су өсімдіктерінің сабақтарына және жапырақтарына  жабысып тіршіліе ететіндер.

Биотикалық факторлар

 

  Тірі ағзалардың бір-біріне (популяциядағы даралар арасындағы, популяциялар арасындағы қарым-қатынастар) әсер етуі. Биотикалық факторлар: селбесу (симбиоз және протокооперация), мутуализм, комменсализм, түріше және түраралық бәсекелестік, паразиттік, жыртқышты, аменсализм, нейтрализм.

Биотикалық факторлар ағзалар арқылы ғана емес, табиғи орта арқылы да тікелей немесе жанама әсер ете алады.

Өсімдіктердің бір-бірімен және тіршілік орта жағдайымен әрекеті. Популяциядағы өсімдіктердің өздігінен азаюына әкелетін, бір түрге жататынөсімдіетердің арасындағы бәсекелестік; арамшөп өсімдіктері мен мәдени өсімдіктер арасындағы жарық, ылғалға т.с.с. бәсекелестік пайда болады. өсімдіктер атмосфераның газдық құрамын сақтайды, өйткені оттегі-фотосинтез нәтижесі.

Жануарлар мен өсімдіктердің  бір-біріне әсері. Шөпқоректі жануарлар өсімдікпен қоректене отырып, олардың өсуін тежейді. Бал арасы жабайы аралар өсімдіктерді тозандандырады және шырынмен қоректенеді. Кейбір өсімдіктер өзінің жемісін және тұқымын жануарлар арқылы таратады (жаңғақты тиіндер т.с.с.), жәндік қоректі өсімдіктерді жәндікпен қоректенеді (шыбынжұт, шылқылдақ).

Жануарлардың бір-бірімен және тіршілік ортасымен қатынасы. Бір немесе бірнеше түрге жататын ағзалар тіршілік ресурстары үшін өзара бәсекелестікке түсуі мүмкін. Кейбір жағдайда қоректік факторларға ғана емес, басқа да (мінез-құлық, мекен ететін ортасы үшін т.б.) ресурстардың жетуспеуіне байланысты бәсекелестік тууы мүмкін.

Саңырауқұлақтар,бактериялар,вирустардың өсімдіктермен,жануарлармен және тіршілік ортасымен әрекеті. Симбиотикалық  бактериялар өсімдіктермен және қоректік элементтермен қамтамасыз етеді.Аурутұғызатын микроорганизмдер,өсімдіктермен жануарлар организімінде  паразиттік өмір сүретіндер оны өлімге әкеп соқтыруы мүмкін. Топырақ бактериясы мен саңырауқұлақтар топырақты құнарландырып, экожүйедегі заттар айналымын қамтамысыз етеді.

 

 

 

Антропогендік факторлар

 

  Адамның ағзаларға тікелей  әсер ететін немесе ағзалардың тіршілік ортасын өзгеруіне әкеліп соғатын әрекеттері. Оң әсері. Қоршаған ортаны жаңарту: ағаштар, гүлдер, шөптер өсіру; өсімдіктердің жаңа сорттарын, жануарлардың тиімді қолтұқымдарын шығару; табиғи территорияларды (қорықтар, ұлттық парктер, қорықшалар) сақтау. Кері әсері. Орман-тоғай  ағаштарын аяусыз кесу,  батпақты жерлерді қарқынды кептіру, өндіріс құрылыстарын салу, табиғи ортаға өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды тастау, табиғи ресурстарды үздіксіз алу (мұнай, көмір, газ т.с.с.); жануарларды жаппай қыру, аңшылық, өсімдіктерді басу, дәрілік өсімдіктерді, саңырау құлақтарды жаппай жинау т.с.с.

1.6. Орта факторлары және олардың ағзаға әсері

Ағза - француздың  – organisme, латынша -  organiso – құрамын,  сыртқы құрылым беремін деген  сөздеріндегі мағынаны береді.

Кең көлемде  алатын болсақ, тірі ағза- дегеніміз,бір-бірімен байланыста болатын және бір-біріне бағыныңқы болатын элементтерден тұратын және олардың өзара байланыстары мен құрылысы  біртұтас құрылымды беретін биологиялық жүйе болып саналады. Ағза  деген ұғымға тек жеке даралар  (индивидтер) ғана емес, колониямен  өмір сүретін (колониялы ағзалар),отбасы (жануарлардағы), популяция, биоценоз және тағы басқаларда кіреді.Қысқаша  алғанда, ағза-дара, индивидиум, «тірі дене».

Тіршілік  ортасы –ол, табиғаттың тірі ағзаны қоршап тұрған және онымен тікелей  өзара байланыстағы бөлігі.Тірі ағзалар өте күрделі және ауыспалы өмірде тіршілік етеді, олар сол ортаның  әсеріне байланысты үнемі өзгереді,тіршілік әрекеттерін үнемі өзгертіп отырады.Ағзалардың ортаға бейімделушілігі – адаптация деп аталады. Ортаның  ағзаға әсер етуші жекеленген  бөліктері мен құрылымы – экологиялық  факторлар деп аталады.Экологиялық факторлар табиғаты жағынан және ағзаға әсер ету әрекеттері жағынан әртүрлі болады.

Қоршаған ортаның экологиялық факторлары