Отбасы туралы жалпы ұғым

 Жоспар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

    Н. Смелзер біздің өміріміздің бір жағын байқай алған. Туғаннан о дүниеге дейінгі барлық өмір жолында адамдар ұйымда болып, оларды отбасы қарсы алатынын ұмытпағанымыз жөн.

    Адамның бейресми өмірі ата-анасының отбасында, өзінің отбасында және балаларының, немерелерінің, туысқандары мен достарының отбасында өтеді.

    Социологтардың отбасын бірнеше ондаған жылдар бойы зерттегеніне қарамастан, қоғамның осы бөлігін анықтауда келісім де, оны зерттеуде бір ізді әдіс те жоқ. Социоллогияның пайда болуымен есімі тығыз байланысты Огюст Конт қоғамды отбасы арқылы тану керек, өйткені отбасы – адамзат тегін жалғастырушы, ондай қоғам антропологиялық деңгейде дами алмайды, - дейді. Адамзаттың сақталуы - әлеуметтік жүйенің табысты нәтижесі. Конт отбасын зерттеу адамның өндірістік әрекетін түсіну мүмкін емес дейді. Оның отбасы тұжырымдамасында ажырасуды айыптайды.

    Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс, өмірдегі кездесетін проблемаларын бөтен адам араласпайынша шеше алмайтын, өзінің әлеуметтік қызметін толық орындай алмайтын отбасыларын әлеуметтік жағынан қолдауды жүзеге асыруға бағытталған.

    Бүгінгі күні отбасы әлеуметтік институт ретінде, әлеуметтік мәдени өзгерістер ішінде маңызды орын алып отыр. Сондай-ақ отбасы өзінің өмір сүрі жылдарында әртүрлі мәселеге кездесіп, отбасына теріс әсер ететін және күйзеліс пен зорлық тудыратын жағдайларға тап болуы мүмкін. Осыған байланысты отбасылары өздерінің ішкі ресурстары есебінен жеңе алмайтын әртүрлі күйзеліс жағдайын жеңуге, мәселелерді шешуге көмек көрсету туралы сұрақ туындайды.

         

 

 

 

 

 

 

 

 

Отбасы туралы жалпы ұғым

 

      Социологияның негізін салушы О.Конт қоғамды зерттеу үшін алдымен отбасына көңіл бөлу керек деп есептеді. Ол қоғамды индивид бағыну мен басқаруға үйренетік кішкене қоғам деп есептеді. Отбасы, О. Контттың пікірінше, оның үлгісі бойынша қоғам құрылатын негізгі элемент, әлеуметтік өмір мектебі деп есептеді. Ол алғашқы қауымдастық құрылыстың тұсында таптардан, ұлттардан және мемлекеттерден бұрын пайда болды.

     Біз қазіргі отбасы - өзімен өзі қайнап жатқан әлем екендігіне көніп алдық. Ал, ол болса - көптеген жақсылықтар мен қателіктердің жемісі. Отбасы – адамның өте маңызды, өте жауапты жан ұясы, себебі отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс-тіршілік әкеледі. Отбасы қоғамдық құрылымның кіші тобы, алғашқы ұясы. Қоғамның негізгі мақсаты – адамдарды бақытты ету, ал мұның өзі терезесі тең, берік отбасына байланысты.

    Отбасы сияқты әлеуметтік институттардың табысты қызмет етуін тарихтың қозғаушы күшіне жатқызуға болады. Отбасының дүниеге келу сәті бізге белгізіз, бірақ оның пайда болуы отбасылық үй шаруасы, отбасының бірлескен әлеуметтік және өндірістік әрекеттері негізінде отбасын нығайтудағы әр түрлі қызметке байланысты.

   XX ғасырдың ортасынан қазіргі кезге дейін социологиялық әдістің бес түрі қалыптасты: интеракционистік, құрылымдық – функционалдық, жағдаяттық, эволюциялық және инмтитуционалдық. Отбасы ұғымын анықтаудағы әр түрлі пікірлерді ескере отырып, төмендегі дефиницияға келісуге болады: “Отбасы – ортақ тұрғын үйімен, экономикалық кооперациямен, ұдайы өндірумен сипатталатын әлеуметтік топ. Отбасына ең болмағанда екеуі әлеуметтік бағытталған жыныстыққатынас жасайтын және бір немесе одан да көп өз балалары, сондай-ақ тәрбиелеуге алған балалары бар ересек жыныс өкілі кіреді.”

   

 

 

 

 

 

    Отбасы социологиясының пәні болып не табылады?

 

    Отбасы социологиясы – отбасын әлеуметтік институт ретінде зерттейтін социологиядағы негізгі бағыттардың бірі. Негізгі мәселелері отбасылардың өз қызметін орындау сипатын, әртүрлі типтегі отбасылардың өмірін, ажырасу себептері мен салдарын және т.б. зерттеу болып табылады.

   Отбасы социологиясы жалпы социологияның бір бөлігі ретінде, “орта деңгей” теория есебінде де өмірлік әрекет пен мәдени әрекет етуші адамдар (отбасы) тобының негізгі саласын отбасылық-туыстық қатынастарды ңбайланысын қарастырады. Отбасы социологиясы өмірлік іс-әрекеттегі жеке субъектілерді емес, топтарды қарастырады.

   Өмірлік іс-әрекетте отбасының топтық сапасын көрсете отырып, отбасы социологиясы индивидті отбасының мүшесі ретінде, мүшелердің құрылымын бір бүтін ретінде, ең алдымен жеке адамды отбасының ішкі рольдерінің әлеуметтік-мәдени призмасын зерттей отырып қарастырады. Отбасы социологиясында жеке адам нақты ері немесе жұдайы ретінде қойылады. Ерекше қарастырылатыны ішкі отбасылық рольдердің орындалуы, тұлғааралық өзара әрекетпен өзара қатынастар рақылы көрінеді.

    Отбасы социологиясы отбасылық-туыстық түрдің адамдардың аз тобындағы біріккен өмірін, отбасылық өмір салтын жалғыз бойдақпен салыстырып оқытады. Жалғыз бен тұтастықтағы өзара байланысын туыстық-некелік-туыстық, яғни нақты отбасын оқытады. Отбасы әлеуметтік ұйымдардың құрылымымен, әлеуметтік құрылымды, әлеуметтік институттармен аз топтардың жиынтығымен негізделеді. Бұл пәнге отбасылық тәрбие мен әлеуметтену, саясат, мәдени құқық, еңбек кіреді.

Неке дегеніміз не?

 

    Отбасы қалыптасуы үшін неке қалыптасуы қажет.

    Неке - әйел мен еркек арасындағы табиғи қажеттілік, олардың өзара құқықтары мен міндеттерін белгілейтін формасы. Неке – отбасының заң жүзіндегі негізі, әйел мен еркектің өзара түсінісіу, еріктілігі негізінде құрылатын одағы, адамның әлеуметтік-табиғи, сонымен қатар, материалдық және рухани өмір қажеттілігі. Некенің мазмұны мен ерешелігі жыныстық қатынаспен ғана шектелмейді, ол сонымен қатар, адамгершілік-эстетикалық қатынас. Некенің негізі – сүйіспеншілік (махаббат). Махаббат - өмір көркі (Абай).

    Отанды сүю. Ана махаббаты. Әке махаббаты. Музыканы сүю. Қызға, жас жігітке, әйелге, ер адамға деген махаббат. Өз ісін сүю. Өмірді сүю. Бұл ұғымның көп мағыналылығы мен көп қыры-сыры шексіз, тауісылмайды. Соның өзінде де ол барлық кезде жан-тәнімен берілу сезімін, адамның ең күрделі, ең жарқын сәулелі сезімін білдіреді. Бұл әсіресе ер мен әйелдің арасындағы махаббатқа тән қасиет.

        Құдай-ау қайда сол жылдар, 

        Махаббат, қызық мол жылдар.

        Ақырын-ақырын шегініп,

        Алыстап кетті-ау құрғылар – деп жырлады ұлы Абай.

    Некеге даярлық деген не? Неке дегеніміз – махаббаттың іс жүзіне асуы. Отбасының тұрақтылығы да, бақыты да некеге дейінгі жағдайларға байланысты. Жақсы отбасын құрудың елеулі шарттары некенің адамгершілік, құқықтық негіздірін түсіну, отбасын құруға деген психологиялық даярлықтың болуы, үй шаруашылығымен айналысудың белгілі дағдыларын игеру болып табылады.

    Некеге тұруға ешкім ықтиярсыз көндірілмейді, бірақ некеге тұрған адам неке заңдарына бағынуға тиіс. Қазақстан Республикасының Ата Заңына: “Заңда белгіленген жасқа толған еркектер мен әйелдердің некелесіп, отбасын құруға құқығы бар. Неке ерлі-зайыптылардың ерікті түрде келісуіне және құқық теңдігіне негізделеді,”-деп көрсетілген.

    Отбасы ұғымы неке ұғымымен тығыз байланысатындықтан, социологияда неке дегеніміз – отбасын қалыптастыру мен оған қоғамдық бақылау жасаудың дәстүрлі тәсілі, жыныстардың еркек пен әйелдің арасындағы бір-біріне және өз балаларына, ата-анасына қатысты құқықтары мен міндеттерін белгілейтін қатынас формасы.

    Қалай болғанда да некенің заң жүзінде немесе дін ұйымдары арқылы тіркелуі жұбайлардың міндеттерін қалыптастырады, жауапкершілігін арттырады. Соған байланысты өмірге жаңа адам келеді. Қоғамның материалдық негізі – экономика, өндіріс, ал өндіріс адамның іс-әрекеті арқылы дамиды. Ол үшін ұрпақ жалғасы үнемі дамып отыруы керек. Демек, некелесіп отбасын құру адамзат ұрпағын дамытудың бірден-бір негізі болып табылады.

Отбасы түрлері

 

    Әләуметтану отбасы түрлерінің жалпы принциптерін анықтаған. Некенің құрылымына байланысты отбасы моногамиялық және полигамиялық болып бөлінеді. Полигамия – бұл ерлі-зайыптылардың біреуінің некеге отыруы болып табылады (бір индивид пен бірнеше индивидтің арасындағы неке). Моногамия - әйел мен еркектің некеге тұруына бір-ақ ерт рұқсат беріледі, бір мезгілде бірнеше некеге тұруға рұқсат берілмейді (бұл бүгінгі күнде ТМД, АҚШ, Еуропа елдеріндегі бірден-бір форма).

    ҚР Парламентінде неке мен отбасы туралы жаңа Заңды талқылау кезінде көп әйел алу (полигиния) пікірталас болды, бірақ БАҚ-тың хабарлағанындай, әйелдер де көп еркекке шығу (полиандрия) туралы мәселе көтергеннен кейін көп әйел алу мәселесі күн тәртібінен алынып тасталынды.

    Отбасының құрамы деп олардың мүшелерінің өзара жиынтығын айтамыз, оған туынқандықтан басқа рухани, азаматтық қатынастар, билік, бедел қатысы да жатады.

    Отбасының туысқандық құрылымы, біріншіден жұбайлар мен балалар, екіншіден балалары мен жұбайлары және әйелдің, болмаса күйеуінің бірге тұратын туыстары немере-шөберелерден тұрады. Бала санына байланысты 4 түрлі отбасы болады: 1. Көп балалы (3 бала, одан көп); 2. Орташа (екі балалы); 3. Бір баласы бар; 4. Баласыз отбасылар.

    Отбасы әртүрлі басқа жағдайларға байланысты да топқа, түрге бөлінеді. Олардың шартты сипаты түрліше. Мысалы, баланы тәрбиелеу әсеріне қарай жайлы және жайсыз отбасы болады. Материалдық жағдайына, табысына қарай да отбасы түрлерге бөлінеді (жоғпры, орта және төменгі).

    Отбасының өмір сүру сипатына қарай үш түрі болады:

 

  1. Дәстүрлі отбасы, бұл ерлі-зайыптылардың, жалпы отбасының құндылығына байланысты. Мұнда бүкіл отбасы мүшелері бос уақытты бірігіп өткізеді, теледидарды бірігіп қарайды, отбасы басшысы формальді болса да ер адам, әйел үй жұмысын істейді, бала тәрбиелейді;
  2. Ер мен әйел қатынасы кәсіби жетістікке, жеке адамның дамуына бағытталады. Негізенен бір бала болады, үй жұмысын бөліп атқарады, мүмкін болғанынша ата-ана көмегі пайдаланылады. Театрға, концертке, киноға, спортқа бірге барады. Басшылық демократиялық сипатта болады ;
  3. Жас отбасы, мұнда бос уақытты бірігіп те, бөлек те өткізеді. Бағыты 2 балалы болу. Шаруашылық – тұрмыстық қажеттіліктер тең іске асырылады.

   Ең көне отбасының түрі – топтық некеге негізделген еді. Оны экзогамия және эндогамия деп атаған, бұның алғашқысының некелесу дәстүрі ерлі-зайыптылық, туыстық-отбасылық топтан, фратриядан тыс болса, соңғысында некелесуге фратрияның өз ішінде рұқсат берілген.

   Алғашқы қауымдастық құрылыстағы ең көне отбасы түрі – топтық некеге негізделгендіктен ондағы некелер тобы рулар ішіндегі бірімен-бірі тұтас ұрпақтар жігімен бөлінетін. Айталық, бабалар мен әжелер, әкелер мен шешелер, балалар тобында – ағалы-інілер, апалы-сіңлілер немесе шөбере туыстар бір-біріне ағалы қарындас бола тұра некелес болатын. “Алғашқы заманда, - дейді К.Маркс, - қарындасы ағасының әйелі болған, мұның өзі әдептілікке жататын да еді”.

       Билік формасына қарай отбасы патриархалды (күйеуі отбасының басшысы), матриархалды (әйелі басшы) болып бөлінеді.

   Отбасының туыстық қатынастар құрылымына байланысты жай, нуклеардық немесе күрделі, үлкен түрлері болады. Нуклеардық отбасына ерлі-зайыпты жұбайлар және олардың енкеге отырмаған балалары жатады. Егер отбасындағы балалардың кейбіреулері некеге отырып, екі немесе одан да көп ұрпақты қамтыса, онда отбасының күрделі немесе үлкен түрі құрылады. Қазігі отбасының сипатын танудағы жемісті әдістерді аса көрнекті американдық социолог Т.Парсонс қолданған еді. Оның айтуынша, қазіргі нуклеарлық отбасы мынадай себептер бойынша қазіргі қоғамға сай ыңғайластырылған. Біріншіден, қазіргі қоғамның экономикалық өмірі дәл осындай кішігірім отбасының болуын қалайды. Мұндай отбасында, үлкен отбасылармен салыстырғанда қайшылықтары көп жанжалдан құтылуға болады. Кішігірім нуклеарлық отбасы тез көшіп-қонуға, өзінің тұрған жерін жедел ауыстыруға бейім келеді. Яғни, қазіргі экономикалық өмірдің талаптарына икемделгіш болып келеді.

   Екіншіден, қазіргі шағын отбасы өмірге жеңіл бейімделіп, отбасылық және қоғамдық қажеттіліктерден пайда болған қақтығыстарды шешу жолдарын да жеңіл таба алады. Т.Парсонстың айтуынша. Отбасында алдын-ала белгіленген жекелеген құндылықтар үстемдік етеді. Бұл нені білдіреді? Алдын-ала белгіленген құндылықтарды айта келе және олардың отбасындағы көзқарасы мен орнын ескере отырып, біз отбасының кез келген мүшесі онда белгілі бір мәнге ие болады деп ойлаймыз. Өйткені, сәбидің дүниеге келуінен біз әкесі, анасы немесе баласы, қызы, әпкесі болып отырмыз.

   XIX ғ. Жаңа Англияда, АҚШ-да отбасының басқа түрлері пайда болған. Дінге сенуші адамдарды коммунаға жинау арқылы пайда болған отбасы түрі. Әр еркек әр әйелге үйленген, олар коммунада тәрбие алып жатқан балалардың ата-аналары боп саналған. 300 адамнан тұрған коммуна 30 жылдай тұрған. Коммунаның бір түрі боп Израильдегі кибуцы саналады. Кибуцы отбасының және индивидтердің қоғамы, балаларға тәрбие беру үщін бір кооперацияға жиналады. Бір шаруа жасайды, ия бір өнеркәсіптері бар. 100 мың адамнан тұратын 240 кибуц қоғамдар бар, 50 адамның санынан тұратын кибуцтық құрылымы бар. Кейбір кибуцтарда балалар үйлеріндетәрбие алады, бемалыс күндерін ата-аналарымен бірге өткізеді.

    Швеция, Германия, АҚШ-та отбасын құрмай, некеге тұрмай, жас адамдар бірге тұрады. Британияда бұл заң арқылы бекітілген, олар барлық отбасына берілген заңды пайдаланады. Отбасы мен қоғамның және отбасы мен тұлғаның қарым-қатынасының тарихи даму процесінде ең алдымен үстемдік етуші белгілі қоғамның мінез-құлқына және өндіріс тәсіліне байланысты жүйелі түрде өзгерді. Өндіріс тәсілі қоғамның таптық құрылымын анықтайды, бұл өз ретінде қоғамдағы “микро-құрылымға” (яғни, кіші әлеуметтік топтардың табиғатына және олардың қарым-қатынастарына) салмақты әсерін тигізеді және “микроортадағы” өмір сүріп, қызмет етуші әрбір тұлғаға әсерін тигізеді.

    Отбасы қоғамдық өмірдің басқа салаларымен, жақтарымен байланысты – бұның өзі отбасына және некелік отбасылық қарым-қатынастың жеке аспектілеріне қоғамның әсерін, сонымен қатар, отбасының қоғамға әсерін көрсетеді.

 

 

Отбасы әлеуметтік институт ретінде

 

    Отбасы - некеге қарағанда күрделі қатынастар жүйесін құрайды, себебі ол тек қана ерлі-зайыптыларды ғана емес, сонымен қатар, олардың балаларын және басқа да туыстарын біріктіреді. Сондықтан, отбасын жай ғана некелік топ демей, оны әлеуметтік институт, яғни байланыстар жүйесі, адамдардың өзара қимылы мен қатынастары белгілі бір құндылық пен нормаларға негізделген, ұрпақ жалғастыру қызметін орындаушы деп қарастырылуы керек.

   Отбасын қоғамның бір бөлігі ретінде социологтар оның қызметін орындауға қатысты қарастырады. Отбасының қызметі дегеніміз – отбасы мен мүшесінің белсенділігі, тіршілік әрекеті. Қоғамның отбасына қатысты, отбасының тұлғаға қатысты және тұлғаның отбасына қатысты қызметтерін анықтауға болады.

   Социологтардың басым бөлігі қазіргі қоғамдағы отбасының негізгі қызметі: дүниеге адам әкелу; әлеуметтендіру, яғни балаларды осы қоғамда өмір сүруге әзірлеу; экономикалық, яғни балалардың есеюіне көмек беру деп көрсетеді. Қазіргі қоғамдағы отбасылардың осы қызметтерді орындауға жақсы бейімделгендігінің бірнеше себептері бар. Шын мәнінде, балаларды тәрбиелеу мықты биологиялық механизмдерге, яғни туыстық байланысқа сүйеніп, дуниеге адам әкелу жұбайлар арасында қалыпты, тәртіпке келлтірілген жыныстық қатынастыр және экономикалық жағынан көмек көрсету балалар тәрбиесі үшін өте тиімді тәсіл болып отыр.

   Отбасы әлеуметтік институт ретінде бірнеше кезеңдерден тұратын отбасылық саты немесе отбасылық өмірден өтеді. Зерттеушілер бұл маты фазаларды әр түрлі атайды. Дегенмен, олардың арасындағы бастылары мыналар болып табылады:

  1. Некеге отыру – отбасын құру;
  2. Бала туудың басталуы – бірінші баланы туу;
  3. Бала туудың аяқталуы – соңғы бала;
  4. “Бос ұя” – соңғы баланың некеге отырып отбасынан бөлініп шығуы;
  5. Отбасының өмір сүруін тоқтатуы – ерлі-зайыпының бірінің өлімі. Әрбір кезеңде отбасы ерекше әлеуметтік және экономикалық сипаттарға ие болады.

Отбасы әлеуметтік институт ретінде адамзат қоғамының қалыптасуымен бірге пайда болды. Отбасының қалыптасу және қызмет жасау процесі құндылық-нормалық жүйелермен белгіленген. Мысалы, болашақ жар таңдау, оны құрметтеп күту, жыныстық қатынаста сексуалдық тәртіпті сақтау, мәдениеттілік нормаларды әйелі мен еркегі, ата-аналар мен балалар және т.б. басшылыққа алуы орындамаған жағдайда заңға жүгінеді. Бұл құндылықтар, өлшемдер мен заңдылықтар осы қоғамда қабылданған еркектер мен әйелдер арасындағы тарихи өзгерісте болатын қатынастар түрінің көрінісі болып табылады да олардың жыныстық өмір қатынасын реттеп заңдандырады және ерлі-зайыптылық, ата-аналық және басқа туыстық құқықтары мен міндеттерін белгілейді.

Отбасының негізгі, алғашқы функциясы ол репродуктивтік, яғни қоғамдық тұрғыда балаға деген қажеттілікті қанағаттандыру. Отбасы осындай негізгі функциямен қатар, басқа да маңызды әлеуметтік қызметтер атқатады:

    • тәрбиелік жас ұрпақтың әлеуметтенуі қоғамның мәдени жетістігін сақтау және толықтыру;
    • тұрмыстық-шаруашылық – қоғам мүшелерінің денсаулығын сақтау, отбасы мүшелері балалар мен қарттарды күту;
    • экономикалық – отбасы мүшелерінің біреулерінің материалдық қаражат табуы, кәмелетке жетпеген және жарамсыз басқалары үшін қоғам мүшелеріне экономикалық көмек көрсету;
    • бастапқы әлеуметтік бақылау - отбасы мүшелерінің әртүрлі өмірлік қызмет саласындағы тәртібінің моральдық қағидаларды ұстануы, сонымен қатар, ерлі-зайыптылар, ата-аналар мен балалар, үлкендер мен орта ұрпақтар өкілдері қатынастарының жауапкершілігі мен міндеттері;
    • рухани байланыс – отбасы мүшелерінен тұлғалар қалыптастыру, өзара рухани қатынастарды байыту;
    • әлеуметтік дәреже - отбасы мүшелеріне белгілі бір әлеуметтік дәреже беру, әлеуметтік құрылымдарды дамыту;
    • демалыс – демалысты ұқыпты ұйымдастыру, өзара мүдделік қатынастарды байыту;
    • ұстамдылыққа тәрбиелеу – индивидтің мінез-құлқының тұрақты болуын қадағалап, оның дұрыс қалыптасуына қамқорлық жасау.

 Отбасының ең маңызды  міндеттерінің бірі – балаларды  тәрбиелеу. Отбасының балаға ықпал  болғаны жақсы. Отбасы тәрбиесі  ата-аналар ықпалымен жүзеге асады. Баланың өсуіне қарай, оның тәрбиесі де күрделеніп, оған қойылатын талап та арта түседі. Балалар отбасында еңбекке, әдептілікке, жинақылыққа, тәртіп мәдениетіне үйретіледі. Бала үй шаруашылығындағы жұмыстарға қатысу арқылы еңбек етуге үйренеді. Отбасы тәрбиесі ата-аналардың оқытушы, жұмыс орнымен бірлескен тәрбие жұмысының нәтижесінде жүзеге асады. Бұдан шығатын қорытынды, отбасы тәрбиесінің мәртебесі де, кемшіліктері де, ағаттықтары да баланың жеке басына едәуір ықпал жасайды, сөйтіп көбіне – көп адамды қалыптастырудың аса күрделі процесінің түпкі нәтижесін алдын-ала айқындап береді. Ақырында, отбасы тұтыну мен тұрмысты ұйымдастыру ісінде аз рөл атқармайды. Мұнда аданың материалдық және рухани қажеттері қанағаттандырылып қана қоймай, сонымен қатар, адамғы соншалық қажетті моральдық, эстетикалық байлықтар жасалады.

   

 Отбасында қайшылықтар тууының негізгі себептері

 

 Отбасында қайшылықтардың тууының негізі екі себебі бар: ішкі және сыртқы себептер. Сыртқы себептерге тұрғын үй, табыс, әдет-ғұрып, ұлттық ерекшеліктер т.б. жатса, ішкі себептерге – махаббат, эмоциялық-сезімдік, қамқорлық, ауызбірлік, т.б. Себептердің екеуі де жас отбасы үшін дағдарыс жағдайын тудыруы мүмкін. Отбасының тұрақсыздығы ажырасуға апарады. КСРО боынша, 1991 жылғы есепке қарағанда 2,7-2,8 млн. неке тіркелген, содан 930-980-ні ажырасқан. Біздің республикамызда 1994-1996 жылдар аралығында, 100 мың тұрғынға шаққанда, ажырасу оорта есеппен 40 мың болды, ал 1997 жылы 32,8 мыңға жеткен. Ажырасудың негізгі себептері:

 

  1. Жұбайлардың мінез-құлқының, көзқарастарының сәйкеспеуі;
  2. Арақ ішу, әсіресе ерлер тарапынан;
  3. Үй жағдайының, әсіресе жастарда, қолайсыздығы;
  4. Жұбайлық опасыздық;
  5. Балалы болғысы келмеушілік;
  6. Жыныстық кемшілік.

   Осы аталған себептер әр аймақта әртүрлі көріністе болады. Ресейде – арақ ішу, мінездің сәйкемтігі, Эстонияда – жұбайлардың опасыздығы, Арменияда, Грузияда, Өзбекстанда – ата-анаға дұрыс қарамаушылық, т.б.

   Ресейлік БАҚ мәліметтері бойынща, ажырасудың 75% әйелдің бастамасымен болады. Ресейдегі ажырасу себептері туралы жауаптардың бейнесі төмендегідей:

 

Себептер

Ерлер

Тұрмыстағы әйелдер

Ажырасқандар

Жұбайының үнемі көзіне шөп салуы

87

80

71

Ұнатпай қалуы

15

40

47

Басқаны ұнатуы

64

50

60

Жыныстық қанағат алмау

31

32

47

Жұбайының маскүнемдігі

70

88

92

Жұбайының үй шаруашылығын жүргізуге қырының жоқтығы

21

17

31

Күйеуі әйелінен ақшаны аз табады

12

8

21


   Осылайша, ажырасу – отбасылық некелік қарым-қатынастар шындығы. Ең бастысы, деп санайды мамандар, ажырасу кей жағдайда жалпы қалыпты құбылыс емес, төтенше апатты жағдай ретінде қабылдануы керек.

   Зерттеулердің көрсетуіне қарағанда, некенің бұзылу себептері некеге тұрғанға дейінгі жағдайларға да байланысты. Олар әлеуметтік-экономикалық жағдай, қыз бен жігіттің білім ерекшеліктері, мәдени дәрежесі, жас ерекшеліктері, күйеудің, қыздың ата-аналарының теріс әсерлері, т.б.

   Қорыта айтқанда, осы күнгі неке-отбасы мәселесінде үш негізгі басты проблеманы атап өтуге болады:

  1. Отбасының беріктік, тұрақтылық проблемасы;
  2. Бала табу, ұрпақ өсіру проблемасы;
  3. Отбасының тұрмыс жағдайындағы қиыншылықтар проблемасы.

   Дегенмен, ажырасудың жоғары деңгейі некенің қоғамдық институт ретіндегі маңызын жоймайды, отбасы дағдарысының жалпы көрсеткіші бола алмайды. Керісінше, отбасы адамзат қоғамының әлеуметтік негізі болып қала беретінін үлкенді-кішілі адамдардың бәрі мойындайды. Әңгіме тек отбасылық қатынастардың сапасына адамдардың барған сайын жоғары талаптар қоюында болып отыр.

     

  Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстардың мәні

 

  Отбасы әлеуметтік жұмыстардың маңызды салаларының бірі әрі негізгі объектісі болып табылады.

  Отбасы бір қарағанда, әлеуметтік түсініктер танымының қарапайым ғана түрі ретінде көрінеді. Осы термин күнделікті қарым-қатынаста қолданылып, әр адамның осы отбасылық өмірі туралы жеке тәжірибесі бар. Біз осы сөзді барлық партиялардың саяси қызметкерлерінің аузынан естіге үйреніп алғанбыз, олар өздерін отбасы мен отбасы қажеттілігінің жақтастарымыз деп есептейді.

   Кәсіптік жұмыстардың шетелдік тарихына ондаған жылдар болған деп есептеледі. Қазақстанда әлеуметтік жұмыстар тарихы енді қалыптасып жатыр, жоғарғы оқу орындарында әлеуметтік жұмыстар жөнінде мамандар даярлау жұмыстары басталды, осы саладағы ғылыми зерттеулерге деген қызығушылық туып, халықтың әлеуметтік мәселелерін шешумен нақты айналысатын мемлекеттік, жеке меншік, қоғамдық ұйымдар құрылуда.

   Әлеуметтік жұмыстардың мәні әлеуметтік қайта құру дәуірінде өсіп отыр, оның міндеті болмай қалмайтын әлеуметтік дау-жанжал салдарын төмендету болып табылады. Әлеуметтік жұмыстардың кәсібилігі, өмірсүру мүмкіншіліктері, кедейшілік, денсаулығының төмендігі, дискриминация және мүгедектігі салдарынан шектелген адамдар мен отбастарын реформаға табысты түрде бейімделуге мүмкіндік береді. Әлеуметтік жұмыстардың дамуы әлеуметтік жағдайы мен мүдделері әр түрлі топтағы адамдар үшін өз мүмкіндіктерін теңестіруге қол жеткізуін шамалайтын, азаматтық қоғамның құндылықтарын қалыптастыруымен тығыз байланысты. Әлеуметтік жұмыс, бір жағынан алғанда, өмір сүрудің қиын жағдайында отырған адамға немесе топқа көмек көрсетуге бағытталған. Ал екінші жағынан, ол жеке адам, жеке топ, қоғамдық, жеке меншік және мемлекеттік ұйымдар арасында делдалдың маңызды рөлін атқарады.

   Әлеуметтік жұмыс - әлеуметтік қиыстырылған іс-әрекет болып табылады. Онда қызмет жүйесі жұмысбастылықтың құрылымы мен теория жиынтығы айтылады. Оның мазмұны сол және басқа елдегі әлеуметтік көмек қажет ететін адамдармен жүргізілген жұмыстармен, әлеуметтік қызметтердің қалыптасқан түрлерімен, әлеуметтік жұмыстардың кәсіптік дәрежесімен және клиеттердің әр түрлі тобымен жүргізілетін әлеуметтік саямат сипатымен анықталады. Кәсіби әлеуметтік жұмыс отбасы құрамы мен клиенттің тұрмыс қалпы, әлеуметтік мәртебесі, дін, этика, мәдениет деректерімен анықталатын әр түрлі жағдайларға іске асырылады.

   Әлеуметтік жұмыстардың дәстүрлі тұжырымдамасы жеке, отбасылық, өндірістік және басқа да мәселелерді анықтау кезінде көмек көрсетудегі, адамның қоғаммен құқықтық, экономикалық, әлеуметтік қатынастарын ретке келтіруші ретінде әлеуметтік жұмыстардың мақсатын анықтайды. Отбасы немесе оның жеке мүшелерімен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың жеке сипаты бар екендігі осыдан көрінеді. Бұл әлеуметтік қызметкердің өз объектісімен жеке байланысын шамалайды.

   Әлеуметтік қызметкердің отбасымен жүргізілетін жұмысындағы рөлін атап өтудің маңызы зор. Ең алдымен, бұл әлеуметтік жұмыстардың мүмкіндігіне қарай объектісі болып табылатын, отбасы тұрпаттамасын құруға бағдарланған социологиялық зерртеулер жүргізу. Мұның күрделілігі отбасында кездесетін мәселені олардың түрліше түсінуінде. Сондай-ақ, әлеуметтік қызметтердің қорғалмаған отбастарымен жүргізілетін жұмыстарының қаншалықты тиімділігін анықтайтын зерттеу жүргізу талап етіледі.

   Әлеуметтік мәдени жағдайлар үнемі өзгеріп тұратындықтан, отбасында болып жатқан өзгерістерді қадағалап отыруға мүмкіндік беретін отбасылық мониторинг орнату қажет. Осындай ақпарат ең алдымен, отбасымен әлеуметтік жұмыс жүргізітін қызметтерге қажет.

   Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстар ғылымының келесі принциптері оларды топтастыруға байланысты:

  • мазмұнды принциптер – қоғамдық-топтық және жеке мүдделерінің үйлесімі, өзін-өзі және отбасы мүшелерін қамтамасыз ету, отбасы мүшелерінің күнкөрісі үшін өзінің күнелтуі және толық жарамды азамат тәрбиелеу;
  • психологиялық-педагогикалық принциптер – эмпатия (жан ашуы), менімді психологиялық пана, қазіргі уақытта қиын жағдайларға адамға күнелтуге көмектесу және т.б.
  • әдістемелік принциптер – мирасқорлыұ, бірізділік, үздіксіздік, құзырлылық;
  • ұйымдастырушылық принциптер – жинақылық, делдалдық (психология, құқық, медицина және т.б. ғылымдар арасында);
  • нормативті актілер мен заңдарда әлеуметтік жұмыс тәжірибесі мен талдап қорытындылаудың нақты принциптері – атап айтқанда, өзінің отбасы мүшелеріне экономикалық, әлеуметтік және дене қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамдар мен азаматтардың құқын сақтау, отбасындағы жас балалар, қартайған және науқас адамдарға мемлекеттің қамқорлық кепілдігі, балалал мен жастарды әлеуметтендіру шарты, отбасында, жұмыста құпиялылықты, махаббатқа деген сезімін, өмірге деген құштарлығын сақтау және т.б.

    Отбасымен әлеуметтік жұмыс жүргізу кезіндегі операциялар мен тәсілдер жиынтығын қандай да бір мақсатқа жету жолдарын, нақты мәселені шешуді әдіс деп түсінеміз. ОТбасымен әлеуметтік жұмыс жүргізу кезінде қолданылатын әдістерді сипаттай отырып, оларды экономикалық, құқықтық, медициналық, саяси, әлеуметтік, әкімшілік, педагогикалық және т.б. түрге бөлеміз.

    Сондай-ақ, мақсатқа жету үшін өз жұмыс тәсілдері мен міндеттерін игерген, отбасы саласы және отбасымен жүргізілетін жұмыс технологиясының өзіндік ерекщелігі бар маман ретінде әлеуметтік қызметкердің мамандығымен де анықталады.

 

 

 

 

 

Отбасы туралы жалпы ұғым