Оңтүстік Африка Республикасы
Republic of South Africa |
|
Ұраны: !ke e: ǀxarra ǁke (ǀXam)
“Unity In Diversity”
(literally “Diverse People Unite”) |
Әнұраны: National
anthem of South Africa[1] |
|
|
Елордасы |
Pretoria (executive)
Bloemfontein (judicial)
Cape Town (legislative) |
Ең ірі қаласы |
Johannesburg (2001) |
Ресми тілдері |
Afrikaans, Ағылшын
тілі, IsiZulu,IsiXhosa, SiSwati, Ndebele,Southern
Sotho, Northern
Sotho,Tsonga, SeTswana, Venda |
Үкімет түрі |
Parliamentary
democracy |
— |
President |
Jacob
Zuma |
Тәуелсіздік |
from the Құрама
Патшалық |
— |
Union |
31 May 1910 |
— |
Statute
of
Westminster |
11 December 1931 |
— |
Republic |
31 May 1961 |
Аумағы |
— |
Барлығы |
1 221 037 км² (25th)
Айтылым
қатесі: Күтілмеген сан sq mi |
— |
Су (%) |
negligible |
Жұрты |
— |
2005 сарап. |
47 432 000 (26th) |
— |
2001 жұрт санағы |
44 819 278 |
ЖІӨ (АҚТ) |
2005 сарап. |
— |
Бүкіл |
$570.2 billion (18th) |
— |
Жан
басына шаққанда |
$12 161 (55th) |
АДИ (2004) |
0.653 (medium) (121st) |
Ұлттық ақшасы |
South
African rand (ZAR) |
Уақыт белдеу(лер)і |
SAST (UTC+2) |
Оңтүстік Африка
Республикасы (ОАР) – Оңтүстік Африкада орналасқан
мемлекет. Жер аумағы 1221 мың км². 28%,косалар – 12%, шангаан-тсонгалар – 6,6%,
тсваналар – 6,6%; қалғандары – еуропалықтар
5 млн., үнділер 1 млн-нан астам, метистер
3,5 млн. Астанасы – Претория қаласы. Әкімшілік
жағынан 9 провинцияға бөлінеді. Ресми
тілі –ағылшын және африкаaнс тілдері. Халқының
77%-ы христиандар, 20%-ы жергілікті наным-сенімдерді, қалғандарыиндуизм, ислам діндерін ұстанады. 1996
жылы қабылданған конституциясы бойынша
мемлекет басшысы – президент. Жоғарғы
заң шығарушы органы – екі палаталы парламент. Жоғарғы атқарушы органы –
үкімет. Ақша бірлігі – рэнд. Ұлттық
мейрамы – 27 сәуір – Бостандық күні (1994).
БҰҰ-ның (1945), Африка Бірлік Ұйымының (ОАЕ)
мүшесі (1994).[1]
Табиғаты
ОАР Оңтүстік Африка таулы
үстіртінің оңтүстік шетін ала орналасқан.
Шығысын Айдаһар
таулары (биіктігі 3482 м), Оңтүстік Африка
жағалауын бойлай Кап таулары алып жатыр.
Пайдалы қазбалары – алтын, уран, қалайы,
марганец, хромит, хризотил-асбест, мыс.
Климаты ыстық және ылғалды тропиктік,
оңтүстік-шығысы субтропиктік. Жаз айларының
орташа температурасы 18 – 27°С, қыс айларында
7 – 18°С. Үстірттің жылдық жауын-шашын
мөлшері 150 – 750 мм. Оңтүстігінде жаз айларының
орташа температурасы 13 – 21°С. Жылдық
жауын-шашын мөлшері 650 – 700 мм; Айдаһар
тауының шығыс беткейлерінде 1000 – 2000 мм,
Атлант теңізі жағалауында 60 – 100 мм. Басты
өзендері – Оранжевая (Вааль саласымен)
және Лимпопо. Елдің шығысына қарай саванналар,
Айдаһар тауларында мәңгі жасыл таулы
субтропиктік бұталар, ішкі аудандарда
тікенді бұталар өседі.
Тарихы
Қазіргі ОАР жерін адамдар
көне тас дәуірінен бастап мекендеген.
Негізгі халқы готтентоттар мен бантулар. Бірақ олардың ежелгі және
орта ғасырлар тарихы жөніндегі деректер
жоқтың қасы. 15 ғасырда португалдықтар,
испандықтар және голландықтар жергілікті
халықпен сауда қатынастарын орнатты.
Еуропалықтар арасынан бұл аймақты отарлауды
голландықтар мен ағылшындар бастады.
Голландық Ост-Үнді компаниясы 1652 ж. Кап
отарын құрды. 18 ғасырдың 70-жылдарынан
бастап Голландия мен Франциядан бұл жерге
көптеген келімсектер қоныстанып, жергілікті
халықтарды қанау арқасында байи түсті.
Олардың ұрпақтары бурлар, 19 – 20 ғасырларда
африканерлер деп аталды. Оңтүстік Африка
аймағына талас 18 ғасырдың аяғында ағылшындардың
пайдасына шешілді. 1806 ж. Кап отары ағылшындардың
иелігіне өтті. 1838 ж. бурлар зулулардың
жерін басып алып, Наталь Республикасын
құрды. 1843 ж. Натальды ағылшындар өздеріне
бағындырды. 19 ғасырдың жартысында бурлар
екі ірі мемлекет – Трансвааль және Ерікті
Қызғылт Республикаларын жариялады. Оларды Англия, Германия және Ресей мойындады. Ұлыбритания 19 ғасырдың 70-жылдары бурларды
жаулауға кірісіп, нәтижесінде 1902 жылы
Трансвааль мен Ерікті Қызғылт республикалары
ағылшын отарына айналды. Еуропалықтардың
Оңтүстік Африкаға ағылуына 19 ғасырдың
60 – 70-жылдары ашылған алмас, алтын қорлары
себеп болды. Шетел компаниялары африкандықтарды
қазба жұмыстарға, жол салуға пайдаланды,
оларды арнайы аудандарға (резервацияларға)
зорлықпен шоғырландырды. 1910 жылы Ұлыбритания
отарларын біріктіріп, Оңтүстік Африка
Одағын (ОАО) құрып, ол доминион құқығын
алды. ОАО-да басқа жерлерде кездеспейтін
нәсілшілдік және апартеид тәртібі орнатылды.
Жергілікті африкалықтардан шыққан зиялылар
мен ақсүйектер өкілдері 1912 жылы қаңтарда
Оңтүстік-Африкалық түземді ұлттық конгресті
ұйымдастырып, ол кейін Африка Ұлттық
конгресі (АҰК) болып аталды. 1-дүниежүзілік
соғыс кезінде ОАО-ның экономикасы алға
басып, монополистік топтар құрылды. Соғыс
кезінде Ұлыбританияны қолдаған ОАО немістердің
бұрынғы отары болған Оңтүстік-Батыс Африканы
(қазіргі Намибияны) басқарып, соғыстан кейін елде
ұлт-азаттық қозғалыс басталды. 1920 жылы
кәсіподақтар бірлестіктері, 1921 жылы Оңтүстік
Африка коммунистік партиясы құрылды.
1924 – 1933 жылы жергілікті үкімет нәсілшілдік
және апартеид тәртібін одан әрі жалғастырды.
2-дүниежүзілік соғыс жылдары ОАО Ұлыбритания
жағында соғысқа қатысты. Соғыс кезінде
ОАО-да өндіріс салалары дамып, экономика
көтерілді. АҚШ капиталы Англия капиталын
ығыстырды. 1961 жылы Оңтүстік Африка Республикасы
жарияланып, ел Британ Достастығынан шықты.
1976 – 1978 жылы нәсілшілдікке қарсы ереуілдер
күшейді. 1979 жылы үкімет кәсіподақтардың
қызмет істеуіне рұқсат берді, қара нәсілдердің
жұмысқа орналасуына мүмкіндік беретін
жаңа заңдар қабылданды. 1984 жылы жаңа конституция
бекітіліп, президенттік билік енгізілді.
Парламентте еуропалықтар, үндістер, түрлі-түстілер
палаталары құрылды. Бірақ жергілікті
халық құқықсыз жағдайда қалды. Бұған
қарсылық ретінде АҰК 1983 жылы Біріккен
демократиялық майдан (БДМ) құрды. Елде
жаппай ереуілдер басталды. 1988 жылы Бота
үкіметі биліктен кетті. 1989 жылы Францияда
де Клерк президент болды. 1993 жылы ОАР-дың
жаңа Конституциясы қабылданды. 1994 жылы
27 сәуірде өткен сайлауда АҰК партиясы
жеңіске жетіп, 9 мамырда Ұлттық Ассамблея
Н.Манделаны ОАР-дың президенті етіп сайлады.
1999 жылы маусымда елде жаңа президенттік
сайлау өтті.
ОАР дамыған индустриялы-аграрлы
ел
Жан басына шаққандағы жылдық
табыс мөлшері 7490 АҚШ доллары
шамасында. Халықтың 85%-ы аграрлық салада
жұмыс істейді. ОАР алтын, платина,
хром, марганец, сурьма, алмас өндіруден
дүние жүзінде алғашқы орындарда,
уран өндіруден 2-орында. Өнеркәсібінің
жетекші саласы – тау-кен өндірісі.
Оңтүстік-батыс бөлігінде мұнай
өндіріледі. Көмір өндірудің басты
аудандары – Трансвааль, Наталь
провинциялары, Қызғылт атырабы. Қара
металлургияның басты орталықтары
– Претория және Фандербейлпарк. Машина
жасау, химия, мұнай айыру, мұнай-химия,
тамақ өнеркәсіп салалары дамыған. Металл, металл өңдеу өнімдері, алтын, қымбат бағалы тастар, өнеркәсіп
өнімдері, т.б. сыртқа шығарылса, механикалық
аспаптар, киім, машиналар және жабдықтар,
жеміс-жидектер, мұнай және мұнай өнімдері, т.б. сырттан
әкелінеді. Негізгі сауда серіктестері:
АҚШ, Жапония, ГФР, Ұлыбритания, Франция, Италия, Швейцария.
Пайдаланылған әдебиеттер
Қазақ энциклопедиясы, 7 том
Үлгі:South Atlantic
Ocean Үлгі:Indian Ocean
Үлгі:Member states
of the SADC
Үлгі:Peri-Antarctic
countries and overseas territories