Оңтүстік Кореядағы ШОК қолдау жүйесі

                 1. Оңтүстік Кореядағы ШОК қолдау жүйесі

1.1. Оңтүстік Кореядағы кәсіпкерліктің қалыптасуының негізгі кезеңдері

Корея Республикасының экономикасы қарқынды дамып жатқан әрі күшті экономикалардың бірі деп саналады. Бүгінде Оңтүстік Корея экономикасы – ІЖӨ-нің номинальды көлемі бойынша Азия-Тынық мұхиты аймағы елдерінің арасында 4-орында. Өткен ғасырдың 60-жылдарынан бастап, қырық жылдан аз уақыттың ішінде Оңтүстік Корея дамымаған аграрлы елден әлемдік экономиканың ең биік шыңына көтерілген елге айналып, теңдессіз серпіліс жасады. Оңтүстік Корея автомобиль, кеме құрылысы, болат құю өнеркәсібі саласында, тұрмыстық техника мен электроника өндірісінде әлемдік көшбасшылардың біріне айналды. Ең бастысы, ел аз уақыттың ішінде 1997 – 1988жж. қаржылық дағдарыстың ауыр салдарын жеңіп, өз экономикасының бәсекеге қабілетті екендігін растай алды.

Ел экономикасы өнімдері экспортқа табысты сатылып отырған жеңіл өнеркәсібінің құрылуынан дами бастады. Бұдан кейін осы салада жинақталған кәсіпкерлік тәжирибе 1970 жылдары ауыр өнеркәсібін қалыптастыру кезінде, артынан – электроника мен тұрмыстық техниканың жоғары технологиялық салаларында қолданылды.

Оңтүстік Кореядағы кәсіпкерліктің дамуы екі кезеңмен өтті. Қазіргі заманғы экономиканың қалыптасуының бірінші кезеңінде (XX ғ. 60-жылдарынан бастап) үкімет басты назарды ірі корпорацияларға – чеболилерге аударды. Бұл ресурстардың шектеулі болуымен және көп жағдайда мемлекет тарапынан көрсетілетін көмектің арқасында бәсекеге қабілеттілігі жоғары ірі монополияларды құру және дамыту үшін қолдағы ресурстарды бір жерге шоғырландыру телпынысымен түсіндіріледі.

Алайда, әлемдік экономика тарихи экономика теңгерілген болуы үшін ірі корпорацияларды шағын және орта кәсіпорындарға толы ортада дамығанына қол жеткізу қажеттігін дәлелдеуде.

 

    

 

       2. Шағын бизнесті дамыту орталықтарының құрылуындағы     АҚШ тәжірибесі.

2.1. Шағын бизнесті дамыту орталықтарын құру бағдарламасы

АҚШ – кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының дамуында тәжірибесі сәтті болған елдердің бірі. Шағын бизнес әкімшілігі (SBA) – АҚШ-тағы шағын бизнесті дамыту мәселелері жөніндегі орталық мемлекеттік ведомство. Аталмыш ведомство Шағын бизнесті дамыту орталықтарының (бұдан әрі – ШБДО) бағдарламасын қоса алғанда, бизнесті қолдауға бағытталған бірқатар бағдарламаларды жүзеге асырады. ШБДО бағдарламасы бизнес жүргізудің барлық аспектілері бойынша қонсультациялық қызметтер, тренингтер мен техникалық қолдау көрсету үшін әзірленген.

Бүгінде ШБДО – бұл шағын бизнес әкімшілігінің (бұдан әрі – ШБӘ), университеттердің, сауда-өнеркісіптік палаталарының, штаттар мен қалалардың билік орындарын, үкіметтік емес ұйымдардың (бұдан әрі – ҮЕҰ), сондай-ақ өз қызметімен бүкіл АҚШ аумағын қамтып отырған жекеменшік сектордың күшін біріктіретін қоғамдық ұйымдар желісі:

 


ШБӘ


Қаржы институттары



 

 

  


          ШБДО


Билік орындары


Консультанттар (зеңгерлер, бухгалтерлер және т.б.)




 


Жоғары  оқу орындары


 


 

 

 

 

ШБДО ШБӘ-мен аккредитацияланған және ШБДО қызметтерімен халықтың көпшілігін қамтамасыз ете алатын жоғары оқу орындарының (университеттердің) базасында жұмыс істейді. Бұл ретте университет те өз құзіреттілігін дәлелдеуі тиіс: билікті қызметкерлердің

болуы, материалды-техникалық базаның болуы, оқыту мен зерттеулер әдістемесінің болуы. ШБДО бөлек заңды тұлға емес, базасында жұмыс істейтін университеттің құрылымдық бөлімшесі. Демек, ШБДО-ның қызметкерлері университет қызметкерлері. ШБДО жайларды, жабдықтарды, зертханаларды қоса алғанда, университтеттің материалды-техникалық базасын жұмсай алады.

ШБДО «мэтчинг» (бірге қаржыландыру) қағидасы бойынша қаржыландырылады, яғни, ШБӘ мен базасында ШБДО әрекеттенетін  университет орталықты теңдей қаржыландырады. ШБӘ-нен түсетін қаржыландыру федералды бюджет қаражатының есебінен алынады. Қаржыландырылуды қамтамасыз ету үшін университет өз тарапынан сыртқы көздерді тартуға құқылы. Қаржыландыру үшін есепке ақшалай да, ақшалай емес те активтер (ғимарат, жабдық) алынады. Жыл сайын ШБӘ әр штаттағы ШБДО қаржыландыру үшін Федералды бюджет қаражатынан кемінде $500 мың бөлінеді.

         3. ШОК құру және дамытудағы Германия тәжірибесі

3.1. Германиядағы ШОК-тің  әлеуметтік-экономикалық мәні

Бүгінгі күні Германиядағы ШОК субъектілерінің  кәсіпшілік өндіріс, өнеркәсіп пен  өндірістік емес салалардағы, сауда  мен қызмет көрсету саласындағы  саны 3,3 млн астам. Бұл барлық кәсіпорындардың 99% астамын құрайды. ШОК үлесіне  жұмыс орындарының 70% жуығы келеді. Бұлар елдегі барлық жас мамандардың  шамамен 80% оқытады, айналым салығының  шамамен 45% төлеп, неміс экспортының 30% қамтамасыз етеді және Германия ІЖӨ-нің 57% қалыптастырады.

Германияда басымдық мемлекеттік  қолдауға емес кәсіпорындардың дербестігіне беріледі. Мемлекеттің сондай-ақ нарықтық экономика жағдайында ШОК-ті бәсекелестіктен  қорғауға құқығы жоқ. Басты мен нарық  механизмдердің қолданылуына беріледі. Қолданылатын шаралардың дені ШОК-тің  тиімділігіне емес, ірі бизнеспен  салыстырғанда шағын көлеміне қатысты  туындайтын проблемалардың шешілуіне  бағытталған. Мысалы, ШОК-тің капитал нарығы мен жаңа технологияларға қол жеткізуі жеңілдетілуде.

Мемлекеттік басқару органдарының жұмысын жеңілдету мақсатында ШОК-ті қолдау қызметінің бірқатар кейбір ашық-құқықтық институттарға, негізінен, Германияның  Қайта құру және даму банкі (KFW) сияқты арнаулы банктерге, сондай-ақ жекеменшік бизнестің өзін-өзі реттейтін  ұйымдарына, мысалы сауда-өнеркәсіптік палаталарына жүктеледі.

Германиядағы ШОК-ті мемлекеттік  қолдау инвестициялық белсенділікке  ықпалдасатын федералды және аймақтық мәндегі 500 астам бағдарламаны қамтиды. ШОК инвестициялық қолдау келесі формаларда жүргізіледі:

Инвестициялық үстемеақы мен субсидиялар


Арнаулы банктердің несие бойынша кепілдіктері


Инвестициялық компаниялардың ШОК капиталдарына  үлестік қатысуы


Несиелік  субсидия (нарықтық пен жеңілдік % мөлшерлеме арасындағы айырмашылық)


Субсидияларға салық салынады


Үстемеақыға салық салынбайды


Жеңілдікпен несиелеу



 

 

 

 

 

 

 

Үстемеақылар, субсидиялар мен  жеңілдігі бар несиелер маңызды  болғанымен, инвестициялық қызметті ынталадыратын шешуші факторлар  емес. Көп нәрсе салынған салымдардан  келтірілген таза түсім айқындайтын  кіріске байланысты.

Жеңілдігі бар несие инвестицияларды  жанама түрде арзатканымен, инвестор жобасының басым бөлігін негізінен, тұрақты несие мөлшерлемесі бойынша  ұзақ уақыт қаржыландырып, кәсіпорынның бастапқы кезеңде өтімділігін азайтады. Мұндайда қаржы жүктемесі нарық  жағдайында қаржыланды-рылуға қарағанда, жобаның бүкіл өзін-өзі ақтау  кезеңіне білкеркірек үлестіріледі.

Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде жеңілдікпен несие беруге дотациялар несие сомасының 3-10% құрайды. ШОК  бәріне ортақ тәртіппен әдетте, 10 жыл мерзімге, алған соманы кез  келген уақытта қайтару мүмкіншілігімен, төмен пайыздық мөлшерлемемен жеңілдікпен несиелендіріледі. Несие алуға өтінімдер немістің коммерциялық банктеріне беріледі. Бұл банктер несие беруімен айналысып, клиенттермен жұмыс істейді.

 

           4. Кепілдік қорларының құрылуындағы Польша, Ресей және Армения тәжірибесі

4.1. Кепілдік беру қорларының  Польша, Ресей және Арменияда  жұмыс істеуі 

ШОК субъектілерінің несие ресурстарына деген қол жетімділігін жақсартудағы негізгі шарттардың бірі кепілдік беру қорларының желісін құру және дамыту.

Кепілге қойылатын мүліктің құны арзан  болғандықтан (өтімділігі жоқ мүлік), несие тарихының болмағандықтан және несие анализі ауыр болғандықтан, ауыл аймақтарында несие беруге муүделлі емес банктер үшін мұндай қорға кепілдік беру несие бойынша сенімді қамсыздандыру  ғана емес, кәсіпкер оқытудан өткен  және сұралатын несие қаражатын  «сапалы» қарыз алушы болып табылуы  маңызды сигнал болып табылады. 

Осы арқылы мемлекет кәсіпкерлердің мүдделерін қорғау мақсаты мен шағын  және орта бизнесті қолдауға жіберілетін  мемлекет қаражатының тиімді пайдалануының  артуына қол жеткізеді. Кәсіпкерлерге  қаржылық қолдау көрсету үшін кепілдік беру қорларын пайдалану мультипликативті нәтиже алуға мүмкіндік береді. Мұның  арқасында ШОК-ті несиелендіру үшін қол жетімді кепілдік беру капиталынан  бірнеше есе асатын банктердің несие  ресурстары тартылады. Мысалы, тіпті  егер қор кепілдігі беріліп отырған  несие бойынша дефолттардың көзделіп отырған пайызы 50% құраса, кепілдік беру қоры кепілдік беру капиталынан  екі есе артық сомаға кепілдік бере алады.

Польшадағы кепілдік беру қорлары  кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымы-ның  дамуына кешенді амалды қамтамасыз ете отырып, Кәсіпкерлікті қолдау орталықтарының базасында құрылады. Мұндай орталықтардың негізінде  халыққа түрлі ақпараттық-сараптамалық және консультациялық қызметтер 

ұсынылады, ал кепілдік нәтижесі бизнес-жоспардың  дайындалуы болатын кәсіпкер оқу  курсын сәтті аяқтағаннан кейін  ғана беріледі.

Польша 16 облыстан (воеводствалар) және 379 ауданнан (повяталар) тұрады. Мұндай 350 кепілдік беру қоры жұмыс істейді, яғни, әр ауданның өзінің кепілдік беру қоры бар десе болады.

Кәсіпкерлердің несие қаражатын  алуын қамтамасыз ету үшін кепілдік беру қорларын пайдалану тиімділігі аса жоғары. Бұл оларға берілген кепілдеменің, демек, кепілдеменің арқасында  алынған несиенің көлемімен және 1998 жылы 12-ден 2009 жылы 350-ге көбейген кепілдік беру қорларының санымен расталады.

Польша тәжірибесі 3-5 адам жұмыс  істейтін шағын қорлар да тек өзін ақтап қана қоймай, капиталдың ұлғайтылуына жіберілетін қосымша кіріс алуға  мүмкіндік беретінін көрсетті.

Дәл осындай жағдай қазір ресейде  байқалуда. Мұнда бірнеше пилотты  кепілдік беру қорлары табысты нәтиже әкелгеннен кейін РФ Экономикалық даму министрілігі 2009ж. 24 желтоқсандағы  № 545 бұйрық шығарды. Осы бұйрыққа сәйкес Ресей Федерациясының барлық субъектілерінде  кепілдік беру қорлары құру және капиталдандыру үшін федералды бюджеттен қаражат  бөлінді. 2010 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Ресейде 73 кепілдік беру қоры жұмыс істейді, яғни, тек 6 айдың ішінде тек 70 кепілдік беру қоры құрылған. Кепілдік беру қорларының жүйесін құрудағы Ресей  тәжірибесін зерттеу үшін 2010 жылғы  шілде айында «Даму» Қорының қызметкерлері  Ресей Федерациясының Экономикалық даму министрілігінің және Мәскеу мен  Самара қалаларындағы кепілдік беру қорларының өкілдерімен кездесу  өткізді.

Аймақтарла өкілдік немесе филиалды арқылы жұмыс істейтін бір ұйым базасындағы  кепілдік беру жүйесі кепілдік беру қорларының альтернативасы болып табылады. Осы  схеманың Қазақстанда жүзеге асырылуының  орында болатындығын зерттеу мақсатында «Даму» Қоры Арменияда қолданылатын кепілдік беру жүйесін жан-жақты  зерттеді. Жүргізілген талдау осы  схеманың барлық аймақтардың институттық  қамтылуына мүмкіндік беретін аумағы айтарлықтай үлкен емес және ШОК  субъектілерінің саны көп емес мемлекеттерде  өзін ақтайтынын көрсетті. Бұдан басқа, мұндай жүйеге барлық өтінімдердің бас  бөлімше арқылы өтуінің ұйымдастырушылық және нормативтік процедураларының ерекшеліктеріне байланысты берілетін кепілдіктер санының айтарлықтай аз болуы тән. Осылайша, 2009 жыл «Армения шағын және орта кәсіпкерлігін дамыту ұлттық орталығы» Қоры жалпы сомасы 296 млн драмға (шамамен 120 млн теңге) тек 57 кепілдік  берген. Қазақстанның географиялық ерекшеліктерін (аумағы 2 725 мың текше км), рның әкімшілік бөлінуін, сондай-ақ  ШОБ-тің тіркелген субъектілерінің санын (1 млн астам) ескере отырып, «Даму» Қоры Қазақстанның барлық аймақтарындағы ШОК субъектілеріне біркелкі және тиімді қолдау көрсетуге мүмкіндік бере алмайтындықтан осы схеманың Қазақстанда қолданылуы орынсыз деп санайды. Мұның үстіне тәуелсіз кепілдік беру қорларының құрылуының әр аймақтың жеке ерекшелігінің есепке алынуы, кепілдік беру қорларының арасындағы бәсекелестік және т.б. сияқты басқа да көптеген артықшылықтары бар.

 

                      5. Қытайдағы ШОК қаржылық қолдау жүйесі

5.1. Қытайдағы кепілдік  беру қорларының жүйесін құру

Қытай Үкіметі ШОК секторының қарқынды дамуы және ішкі және свртқы нарықтарда жоғары бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін қаржылық қолдау көрсету керектігін түсіне отырып, шағын кәсіпорындарының қаржы ресурстарына қол жеткізуін жеңілдету үшін бірқатар шара қолданды.

Мемелекеттің бүкіл Қытай бойынша  кепілдік беру қорларының құрылуын ынталандыру  басты әрә тиімді шаралардың бірі болды. 1998 жылы пилотты тәжірибе ретінде  Қытайдың түрлі провинцияларында жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен 30 кепілдік беру қорлары Қытайдың дерлік барлық провинцияларында жұмыс істеуде. Бұдан басқа, кепілдік беру капиталын  ұлғайту үшін мемлекет тарапынан  жеңілдікпен қаржыландыруға үміт арта алатын көптеген жекеменшік коммерциялықкепілдік беру қорлары бар. 2000 жылы кепілдік беру қорларының жалпы саны 300 астам, 2002 жылы 848 астам, 2004 жылы 3 500 астам (олардың 2 000 астамы жекеменшік) болды. Бүгінгі  таңда Қытайда 4 227 кепілдік беру қоры жұмыс істейді, олардың 30% жуығы муниципалды:  

 

 

Муниципалды кепілдік беру қорлары


Кепілдік беру капиталы негізінен мемлекеттік емес қаражаттың есебінен қалыптасады


мемлекеттік қаражат есебінен қорландырылады


коммерциялық  сипат


коммерциялық  емес сипат 


Жекеменшік  кепілдік беру қорлары



 

 

 

 

 

 

Өз кезегінде, мемлекеттің басты  міндеті кепілдік беру капиталын  қалыптастыру үшін кепілдік беру қорларының жеңілдік ресурстарына қол жетімділігін, сондай-ақ кепілдік беру қорына жұмылдырылған  тәуекелдің кепілдік беру портфелінің  бір бөлігін жергілікті, ал содан  кейін ұлттық деңгейде қайта кепілдік беру жолымен бірнешеге қатысушыларға  бөлінуін білдіретін қайта кепілдік беру жүйесін қамтамасыз ету.

 

                             6. Италиядағы ШОК қолдау жүйесі

6.1. Италиядағы ШОК жай-күйі  мен даму ерекшеліктері

Шағын және орта бизнестің Италия экономикасында алатын мәні зор. Италияда шамамен 15,3 млн адам немесе жұмыс  күшінің  79% жұмыс істейтін барлығы 3,6 млн жуық ШОк субъектілеріне қызмет етеді. Олар елдің ІЖӨ-нің 55% шығарады. Барлық кәсіпорындарындағы ШОК үлесі  – 99,2%. Кәсіпорындарды ШОК секторына  жатқызу қағидалары төмендегіндей:

№

Кәсіпорын

Жұмыскерлер саны

Капитал

Жылдық айналым

1

Микро

             < 10

            ≤ € 2 млн

           ≤ € 2 млн

2

Шағын

             < 50

            ≤ € 10 млн

           ≤ € 10 млн

3

Орта 

             < 250

            ≤ € 43 млн

           ≤ € 50 млн


 

Италиядағы ШОК-тің өзіне тән  ерекшелігі - өнеркәсіптік округтер құру негізінде клестерлік даму. Өнеркәсіптік округ немесе кластер әлеуеті  мен сыртқы нарыққа шығу мүмкіншіліктері  жоғары өнддіріс секторларында мамандану  және кооперациялану негізінде жұмыс  істейді. Округ қандай да бір өнімнің жекелеген өндіріс фазаларына маманданатын бірқатар ШОК-ті біріктіреді. Шектеулі аумақта орналасқан кәсіпорындардың жоғары тығыздығы кластердің инновациялылық, икемділік, аз тәуекел, транзакциялық және жалпы ұсталымдардың аз болуы сияқты артықшылықтарын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Өзінің шаруашылық стратегиясы  мен менеджментін анықтауда, өндірісі мен өнімдерінің өткізілуін ұйымдастыруда  округ салыстырмалы түрде тәуелсіз болып табылады.

Саны 200 жуық округтерде өнеркісіп  саласында жұмыс істейтіндерінің  саны 45% жетеді. Ұлттық экспорттың 40% астамы осылардың нешісінде. Мысалы, Прато  округы (44 мың адам жұмыс істейтін 85 мың кәсіпорын) тоқыма мен дайын  киім түріндегі өз өнімінің 66% экспортқа  шығарып, ұлттық экспорттың 10-11 һ% камтамасыз етеді. ШОК-тің табысты даму себептерінің бірі – ірі өндірістің ШОК-ке қайшы  қойылмауында. Дамыған елдерде ірі, шағын және орта кәсіпорындарды кооперциялар принципі ұстанылады, оның үстіне бұлар  бірін-бірі әсіресе, жекелеген өндірістерге мамандану саласы мен инновациялық әзірлемелерде өзара толықтырады. ШОК секторының өнеркәсіптік кәсіпорындары  ірі кәсіпорындар шығаратын өнімнің  қосымша құнының 32% жуығын қамтамасыз етеді. Өнеркәсіптегі мұндай алға жылжуларға ішінен шағын және орта кәсіпорындарды бөліп, ірі кәсәпорындарды реформалаудың  арқасында қол жеткізілді.

 

                    7. Түркиядағы ШОК қаржылық қолдау жүйесі

7.1. Түркиядағы ШОК-ті  мемлекеттік қолдау 

Шағын және орта кәсіпкерлік Түркия экономикасында маңызды рөл атқарады және оның сауда-өнеркәсіптік кешенінің  негізін құрайды. 2009 жылғы деректер бойынша Түркиядағы ШОК субъектілерінің  саны 2 567 мыңды немесе елдегі барлық кәсіпорындардың 99,9% құрайды. Бұл секторда жұмыспен қамтылғандардың жалпы  санының 81% жұмыс істейді. ШОК жиынтықты  қосымша құнның 59% шығарады. Жалпы  экспорт құрылымының 56% ШОК-тің еншісінде. Пайыздық қатынаста ШОК төмендегі  салалар бойынша үлестірілген: сауда  – 46,8%, қызмет көрсету – 37,1%, өнеркәсіп – 12,6%, басқасы – 3,5%:

 

№

Кәсіпорындар

Жұмыскерлер саны

Жылдық айналым 

($ мың)

Кәсіпорындардың жалпы санындағы  үлесі, %

1

Микро

1-9

~ 670

95,54

2

Шағын

10-49

~ 3 350

4,03

3

Орта 

50-250

~ 16 770

0,35


 

Түркиядағы ШОК-ті анықтаған уақытта  кәсіпорындарда жұмыс істеушілердің  санын сесптеу – басты қағида: микро кәсіпорындарға жұмыскерлерінің  саны 1-9 адам, шағын кәсіпорындарға 10-49 адам, орта кәсіпорындарға 50-250 адам жұмыс істейтін құрылым жатады.

Мемлекет ең алдымен, экспортқа  бағдарланған салаларды дамытуға бағытталған  ШОК-ті ынталандыру мен қолдаудың 5 негізгі нысанын қолданады:

1. Несиені құрылған Инвестициялық қордың есебінен ұсыну.

2. Елге кіргізу кезінде Инвестициялық тауарларды кедендік баждар мен басқа да кедендік алымдардан босату.

3. «Инвестициялық жеңілдік» қолдану, яғни, кісіпорынның салық салынатын базасын ШОК қаржы салатын аймақ пен салаға байланысты кәсіпорынның салық салу базасын белгілі сомаға азайту.

4. «ҚҚС төлеуге қолдау көрсетуді» қолдану, яғни, ҚҚС ретінде төленген сомаларды қаражат салынған аймақ пен салаға байланысты ішінара немесе толығымен қайтару.

5. Жеңілдікпен салық салу.

6. ШОК қолдаудың қаржылық емес құралдары.

 

                     

 

 

 

                    8. Франциядағы ШОК-ті қолдау жүйесі

8.1. Франциядағы ШОК-ті  мемлекеттік қолдау

Кәсіпкерлікті қолдау Франция Үкіметінің басты міндеттерінің бірі болып  табылады. Францияның мемлекеттік билік  құрылымында кәсіпкерлердің проблемаларымен  айналысатын арнайы орган – Шағын  және орта бизнес, сауда және кәсіпшілігі  бар. Үкімет пен Министрлік мамандары  шағын және орта кәсіпорындарына  өндірісті ынталандыруға және жаңа жұмыс орындарын құруға көмек  беретін түрлі бағдарламалар  әзірлеумен айналысады.

Франциядағы ШОК-ті қолдау саясатының тиімділігін қол жеткізілген  нәтижелерге қарап бағалау керек. Франциядағы кәсіпорындардың жартысына  жуығы шағын бизнеске жатады. Францияда  шағын және орта бизнеске барлығы 15 млн астам адам жұмылдырылған. Бұл  жұмыспен қамтылғандардың жалпы  санының 54% құрайды. Шағын кәсіпорындар шығаратын өнімдердің елдің ІЖӨ-дегі үлесі 55-62%. Франциядағы шағын кәсіпорындар санының орташа жылдық өсімі орта емесппен 2,5%, экспортқа жұмыс істейтін шағын кәсіпорындардікі 5% құрайды.

Францияның шағын бизнесіне  ірі компаниялармен орнатылатын  берік қарым-қатынас тән. Шағын  компаниялардың көпшілігі қосалқы  мердігерлер: керек-жарақтарды, техникалық, жөндеу қызметтерін жеткізушілер ретінде  ірі қомпаниялардың айналасында  топтасуы.

Кәсіпкерліктің дамуына мүмкіншілік  беретін заңгерлік жағдайлардың құрылуы ШОК-ке көрсетілетін мемлекеттік  қолдаудың негізі болып табылады. Шағын бизнесті ынталандыру мемлекеттік  саясаты салық жеңілдіктерінің  берілуін, бизнес-инкубаторлардың құрылуын, бюрократиялық процедуралардың  азайтылуын, қол жетімді білім  алу жүйесінің қамтамасыз етілуін  және кәсіпкерлер біліктілігінің арттылуын  қамтиды. Францияда ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге қаржы көздерін табуға көмектесетін кепілдік қорлары жұмыс  істейді.

Франциялық салық заңнамасы  шағын кәсіпорындарға жеңілдетілген  салық салу режимінің қолданылуын  қарастырған. Мысалы: қайта құрылған шағын кәсіпорындар акционерлік  қоғамдарға салынатын салықтан және жерлікті салықтардан 2 жылға басатылады. Кәсәпкерлер табыс салығы мен  пайданың инвестициялатын бөлігіне салынатын салықтан және жерлікті салықтан 2 жылға босатылады. Кәсіпкерлер табыс салығы төмен мөлшерлемемен төлейді. Өз бизнесіндотаиялық аймақтарда ашуға бел буған кәсіпкерлерге жеңілдіктер беріліп, тіпті әлеуметтік қамсыздандыру қорларына төлемдерден басатылады. Шағын инновациялық кәсіпорындар жұмысының алғашқы 2 жылында табысқа салынатын толығымен босатылып, мұндай салықты жұмысының 6-жылынан бастап, толығымен төлей бастайды.

Шағын кәсіпорындарды қолдауда 2005 жылы ANVAR Франция Ұлттық инновациялық агенттігін, BDPME шағын және орта бизнесті қолдау банкін және Sofaris Францияның капиталды  сақтандыру қоғамын біріктірген OSEO миссиясы: ШОК-ке көмек көрсету және қаржылық қолдау. Компания тәуекелді  бөле отырып, ШОК-тің банктермен және инвесторлармен серіктестік қатынастар орнатылуы арқылы қаржыландырылуына  қол жеткізуін жеңілдетеді.

OSEO қызметінің негізгі бағыттары:

•   инновацияларды қолдау және қаржыландыру, технологиялар трансферті және нақты келешегі бар инновациялық жобаларды дамыту,

•   кепілдік беру,

• технологиялар мен жұмыс циклына банктермен қатар инвестициялар                                                               салу.

OSEO өзінің аймақтық желісі арқылы Францияның барлық аймақтарын қамтиды.

Мұнымен қоса, ұйым серіктес банктер шағын және орта кәсіпорындарға берген несиелер бойынша кепіл беруші-кепілгер болып  табылады. Бұл орайда, кепілдік несиенің тек бөлігіне ғана (шамамен 40%) берілетіндіктен банктер де несие үшін белгілі бір тәуекелдерге ұшырайды. Егер әңгіме шағын кәсіпорынның ең тәуекелді кезеңі – құрылу кезеңі жайында болса, кепілдік несие сомасының 70% жетуі мүмкін.

ШОК-ті мемлекеттік  қолдау жүйесі мемлекетке табыспен дамып келе жатқан кәсіпорындар түсетін салықтар мен мұндай кәсіпорындар қамтамасыз ететін жұмыс орындарының артып келе жатқан саны түрінде кіріс әкеліп, Францияда 25 жылдан бері жұмыс істеп келеді.

 

 

 

                    • рыпарпр

 

 

 

 

 

 

 

        


Оңтүстік Кореядағы ШОК қолдау жүйесі