Оқушыларды сөз өнеріне баулу

                      

 

 

 

 

 

 

 

       Оқушыларды сөз өнеріне баулудың

                  әдіс-тәсілдері

 

 

                                                                Солтүстік Қазақстан облысы

                                                                 Тайынша ауданы Талап негізгі  

                                                                 мектебінің  қазақ тілі мен  әдебиет пәні 

                                                                 мұғалімі  Біләлова Бақытжан 

                                                                 Балтабайқызы

 

 

 

 

 

 

 

 

 Мазмұны

  Ι. Кіріспе

ΙΙ. Негізгі  бөлім

     Мұғалім  іс-тәжірибесінен

      1. Әдеби  ойындар

      2. Лингвистикалық  жаттығулар

      3.Сабақ  жоспарлары

    4. Тест үлгілері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Ι. Кіріспе   

    Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев қазіргі мұғалімнің қоғамдағы ролін бағалай отырып:"Сіздер мен біздер тек болашақ буынды ғана емес, жалпы адамзаттың  қадір - қасиеттерінің мән - мағынасын түсінетін, жаны да, тәні де, білімді патриот азаматтар буынын тәрбиелеуге  міндеттіміз " деген еді.

    Жаңа  ғасырға аяқ басқанда ана тіліміз бен төл әдебиетімізді одан әрі дамыту - қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімінің қасиетті парызы болып қала береді . Сондықтан тіл мен әдебиетті оқытудың мектептердегі алатын орын ерекше. Басқаның  бағына бұйыра бермеген  бай ауыз әдебиеті бар халқымыздың  баға жетпес мұрасына  бойлау да, үйрену де, үйрету де, оқыту да қажет.  Біз ұрпақтарымызға бабаларымыздың сандаған буынының тәжірибесінен өтіп, біздің де үйлесімді үлесімізбен толыға түсетін қазіргі тілді мұраға қалдыруға  тиіспіз. Бұл – өзін қадірлейтін әрбір адам дербес шешуге тиіс міндет ",- деген екен . Тіл мамандарының бұл ортақ мүддесі деп ойлаймын

         Жүсіп Баласағұнның  "Барлық істің басшысы- білім мен ғылым " деген пікірінде үлкен ой жатыр. Білім жүйесінің ел өміріндегі стратегиялық маңызды сала болып табылытыны белгілі.

    Сондықтан да ұлттық педагогиканы негізге ала отырып, қазіргі таңдағы педагогика жаңалықтарын,озық іс-тәжірибелер мен ізденістерді, педагогика-лық технологияларды тиімді қолдана отырып, тағы да жаңаша, тың жолдар іздеу - мұғалімнің шеберлігін шыңдап, біліктілігін көтеріп, көздеген мақсатына жетудегі ұмтылысы, зор талпынысы деп түсінемін. Өзіндік іс-тәжірибемде алдыма қойған мақсатқа жету үшін, оқушыны қызықтыратын, оның ойлау қабілеті мен шығармашылық қабілетін арттыруға пайдасы тиетін ең тиімді әдіс-тәсілдерді таңдап, оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыруды көздедім. Ең тиімдісін таңдағанда, басты назарда ұстағаным-оқушының өзіндік іс-әрекеті арқылы мақсатына жетуі. Мұғалім-ұйымдастырушы, бағыт беруші. Ал сабақтың тақырыбы мен мақсатына, оқу материалының мазмұны мен көлеміне, оқушылардың дайындық дәрежесіне  сәйкес сабақтың құрылысы мен оқу әдісін ұдайы толықтырып отыру мұғалімнің  тікелей міндеті.   

          Оқыту әдістері  көп, солардың  ішінен оқушылардың сабақ үстіндегі  белсенділігін арттыратынын таңдау  керек.  Сабақ біртұтас болуы  тиіс, егер ол ұсақ бөліктерге  бөлініп кетсе сабақ емес,  тек әр алуан әдістемелік тәсілдердің  тізбесі ғана болып шығады.

      Алдымдағы шәкірттердің білім және таным, қабілет-икемділіктері әр түрлі болғандықтан, профессор Ж. Қараевтың "Оқытудың педагогикалық технологиясы" еңбегіне сүйене отырып, дамыта оқутыды, проблемалық оқытуды өзіндік іс-тәжірибемде қолданып жүрмін. Оқушыларды шығармашылыққа баулуда "Сын тұрғысынан ойлауды дамыту" стратегиясы аса тиімді . Сонымен қатар оқушының бойындағы шығармашылық дарындылықты дамытуда жаңашыл ұстаз  Қ. Бітібаеваның "Әдебиетті оқытудың тиімді жолдары", "Конструкциялық технологиясы", "Жаңа сабақты меңгерту моделі" еңбектеріне сүйенемін. Бұл еңбектердегі шығармашылық бағыттағы зерттеу жұмыстарын, ізденімпаздыққа баулитын тапсырмалар жүйесі мен үлгілерін басшылыққа аламын.

     ΙΙ. Негізгі бөлім.

 Мұғалім  іс- тәжірибесінен

    Оқыту әдісін таңдауға ықпал ететін шарттар:

1. Оқыту әдістерін  оның мақсат-міндеттеріне, оқушылардың  жас және таным әрекетінің  ерекшеліктеріне сай қолдану;

2.Мектептің  материалдық- техникалық негізін  ескеру;

3.Мұғалімнің  шығармашылығы мен шеберлігі. Оқытудың нәтижелі өтуіне негіз болатын сабақ мақсатының айқындығы.  Сонымен қатар қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімінің кәсіптік шеберлігіне қойылатын педагогикалық талаптар мынандай :

- оқушылардың  назарын шығармашылық арнаға  бұру үшін үнемі шығармашылық тапсырма, міндеттер, жаттығу ойын түрлерін ұсыну;

- тапсырмалармен  таныстырғаннан кейін  бала  белгілі бір көркемдік шешімімін тауып, өз туындысын ұтымды аяқтап шыққанға дейін оны назардан тыс қалдырмайды. Үнемі бағыт көрсетіп отырады. Балалардың жұмыс үстіндегі көңілін алаңдату қаландай оңай болса, оларды қайта ынталандыру сондай қиын болары белгілі. Жаттанды білім-білім емес, шынайы білім өз ақыл-ойының күшімен, еңбекпен миға сіңіріледі.

     Балаларға  сөз өнерін меңгерту үшін оқытудың  мазмұны мен әдістемесін оқушылардың ерекшелігін, қызығушылығын, бейімділігін ескере отырып өзгертіп отыру қажет. Алғашқыда әр баланың еркін билеп, сезімін ұялату үшін сенім білдіріп, кішкентай жетістіктерін мадақтап, көтермелеп, психологиялық ахуал туғызу  аса қажет.

    Ғылымда танылып жүрген әдіс-тәсілдерді ескеріп, қазақ тілін оқыту тәжірибесін жинақтай келе, төмендегідей әдіс-тәсілдерді ұсынуға болады:

Баяндау, түсіндіру, оқушыны ойландыру, жалқылау, жалпылау әдістері, әңгімелесу, еліктеу, жаттықтыру. оқушының ана тілінің материалын пайдалану әдісі, көрнекі құралдарды пайдалану, техникалық құралды қолдану, саяхаттарды, сөйлеуге үйрету үшін пайдалану әдістері.

     Бұл  әдіс-тәсілдер сабақта бір-бірімен  байланысты қолданылады.Ешбір сабақ  тек бір ғана тәсіл негізінде құрылмайды. Ол тәсілдерді бір-бірімен байланыстыра қолдану сабақтың мазмұнына, мақсатына байланысты шешіледі.

     Мұғалім  оқушыға білім беруші болғандықтан, ол сабақта оқушыға түрлі тақырыптан  мәлімет береді Бұл негізінен  мұғалімнің баяндауы арқылы жүзеге асады Мұғалімнің баяндауы негізінен жаңа тақырыпты өту кезінде көбірек қолданылады.Мұғалімнің баяндау әдісін таза түрде қолдануы өте сирек кездеседі, оны басқа әдістермен орынды байланыстыра білсе, ол баяндау әдісін әсерлі етері сөзсіз.

    Түсіндіру әдісі баяндау әдісімен тікелей байланысты.Егер баяндау әдісі оқушыға хабарлау әдісі болса, түсіндіру әдісі оқушыға хабарлануға тиісті мәселені түрлі жағынан талдап, дәлелдеп. салыстырып оқушы санасына жеткізу, оны оқушының саналы түрде меңгеруін қамтамасыз ету әдісі болып саналады.

     Түсіндіру  әдісі-ең көп қолданылатын әдіс. Түсіндіру тәсіл қолданылмаған  ешбір сабақ болуы мүмкін емес. Сондықтан түсіндірудің жолдарын  мұғалім өте жақсы меңгеруге  тиісті.

    Оқушы  үнемі дайын мәлімет білім  алып үйренсе оның ойлану қабілетін жақсы дамыту өте қиын. Саналы сапалы білім оқушының өзінше ойлану қабілетін дамытумен тікелей байланысты. Оқушыны ойландыру әдісіне сұрақ-жауап әдісі де жатады Қазақ тілін оқытуда сұрақ-жауап әдісі жиі қолданылады.

  Үздік шығармаларды ерекшелеп, сыныпта оқытып, балалаар басылымдарына шығартып, сонымен қатар бағдарламада берілген материалдарға қоса белгілі ақын-жазушылардың , өнер адамдарының  шығармашылық лабороториясынан қызықты жайттарды әңгімелеп, оқушы жұмыстарын марапаттап отыру да маңызды болмақ. Сөз өнеріне баулуда әдеби-жаттығу ойындары мен лингвистикалық ойындардың ( «Сөз тізбегі », «Сұрақ- жауап», «Әңгімені жалғастыру» , « Дайын ұйқас »,  Лирика ойыны ,  Лемерик ойыны , «Затты тап», «Тілшілер», «Сөйлемді жалғастыр » ), басқа да грамматикалық тапсырмалардың  алатын орны ерекше. Оқушылармен өткізілетін  ойын,  сайыс, саяхат, интегралды сабақтардың  пәнге деген қызығушылықтын  арттырып , оқушы бойындағы  сөз өнеріне деген дарындылықты анықтауға себеп болары сөзсіз.

    Баланың бойындағы сөз өнеріне деген бейімділікті айқындауда «Оқу мен жазу арқылы  сын тұрғысынан дамыту» бағдарламасының стратегияларын  тәжірибеде қолдану аса тиімді.  СТО әдістеріне «Венн диаграммасы », «Синквейн»,  кластер, ми шабуылы т.б.

   Мысалы  С.Сейфуллиннің «Аққудың айрылуы » поэмасын оқуды бастаған кезде  «Ми шабуылы » стратегиясын пайдалануға болады.  ( Аққу құстар жайында не білесіңдер?  Әр халықта аққу құсты қалай бағалайды? «аққудың адалдығы » деген ұғымды қалай түсінесіңдер?) Одан әрі С.Сейфулиннің    «Аққулар жайында  » мақаласынан үзінді оқылады. Бұл кезең оқушыларды поэманы оқып талдауға дайындық кезеңі болып есептеледі.

    Сөздік  жұмысын жүргізген кезде  «аққу  » сөзіне ассоциация құрғызып «Бес жолды өлең»  старатегиясын пайдалануға болады.  Оқушылардың жауабы мынандай болуы мүмкін:

1. Аққу

2. адал, әдемі

3. ұшады, сенеді, сүйеді

4. Аққу-киелі  құс.

5. Махаббат.

      Әдебиет сабақтарында  көлемді  шығармаларды оқытуда, ақын, жазушылардың  өмірбаянын оқуда қысқаша конспект  жасау да өз нәтижесін береді. Әдеби конспект  мына түрде болуы мүмкін:

  Тақырып  : «А. Байтұрсынов»

Тірек сөздер: қазақ  тіл білімінің негізін салушы, қазақ әліпбиінің автора, «Қырық мысал»  жинағының авторы ,«Маса» өліңдер жинағының авторы.

    Өмірбаянынан  қысқаш деректер-

Туған жері-

Білім алуы-

Шығармашылығы-

Біз оқыған шығармалар-

Тақырыбы-

Кейіпкерлер-

Идеясы-

Сюжеті-

    Уақыт  үнемдеу кезінде  көлемді шығармаларды ертерек оқуға беру керек. Ол негізінен оқып зерттеуге , сюжетті суреттер, рефераттар жазу, жатқа оқу болады.

    Оқушыларды  сөз өнеріне баулуда эссе, ой  толғау жазудың тиімділігі осы  күнде тәжірибе түрінде дәлелденіп  отыр. Эссе  жазудың әр түрлі  формалары бар. Мысалы: кейіпкерге  хат, кейіпкер атынан хат жазуға  болады.

   Сабақта  деңгейлік тапсырмалар қолдану олардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін  арттыра түсіріп оқушы деңгейінен щығармашылық деңгейге жетелейді. Мысалы 6-сыныпта «Алпамыс батыр» жырын өткенде сыныпты 4 топқа бөлдім. Әр топ басшысы арнайы тапсырмасы мен бағалау парағын алады.

  1. Оқушы деңгейі
  2. Алгоритмдік
  3. Эвристикалық
  4. Шығармашылық

Деңгейлік тапсырмалары

    1. ОҚУШЫЛЫҚ ДЕҢГЕЙ: Сөз зергерлері.
      1. «Алпамыс батыр » жыры  қандай жыр?
      2. Жырдың мазмұнын баяндау.
      3. Жырдағы Алпамыс бейнесі.
      4. Гүлбаршынға мінездеме беру
      5. Қараманды қандай адам леуге болады?
      6. Жырдағы кейіпкендерді атаңыз
    2. АЛГЛГОРИТМДІК ДЕҢГЕЙ :  Сарапшылар тобы.
      1. «Алпамыс батыр» жырының негізгі тақырыбы.
      2. Жырдың көркемдік ерекшеліктері.
      3. Шығарманың композициялық құрылысын талдау.

                                                Анализ

  1. Батыр  болар бала болмысынан
  2. Аңғал батыр

 

3.ЭВРИСТИКАЛЫҚ  ДЕҢГЕЙ:  Зерттеушілер тобы

  1)  Батырлар  жырының басты кейіпкерлерін  салыстыру.

  Венн диаграммасын  пайдаланады.

 

  1. ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ДЕҢГЕЙ:  Жанашырлар тобы.

 Бұл топ  мүшелері өздерінің жұмысын келесі  түрде көрсетеді: бір оқушы  Алпамысқа арнап өлең оқиды, екінші оқушы « Мен –Алпамыс батырмын»  деген әңгіме құрайды.

   Әр топ  сабақта не білгендері жайында  өзара пікір алмасады. 

 Әдеби шығармаларды  оқытуда өзім негізге алып  жүрген тағы бір жұмыс ол- сахналық  қойылымдар. Қазіргі ақпарат заманында көркем әдебиетке деген оқушы қызығушылығын арттыру мақсатында мұндай ойындардың әсері мол.

   Сахналылық- импровизациялық   сахналық қойылымнан ерекшелігі мұнда бала дайын сюжет негізін алып өзіндік авторлық пікір қосады. Орта буын оқушыларына ертегілерден бастап тарихи шығармаларды сахналауға сатылай жеткізу керек. 

    Сахналылық- импровизациялық қойылым  алғашқы  кезеңде  сабақ үстінде негізінен  кейіпкерлер диалогынан құралады. Кейін  балалардың ойын шартын  меңгергеннен кейін сыныптан тыс жұмыстарда ұйымдастырамын. Ойынға балалар тек өз еркімен қатысуы керек, ойынға қатыспаған балалар көрермен болады, кейіннен тәжірибе көрсеткендей ол балалар да қызығушылық танытады.

   Сабақ  сыныпты психологиялық даярдаудан  басталады . Сынып топқа бөлінеді. Әр топ оқыған шығармаларын ескере отырып шеңбер бойында өз әңгімелерін  бастайды. Содан кейін рөлдер таңдалынып алынады. Бет перде киіледі./ мысал ретінде/. Әр топтың қойылымы тамашаланады. Қойылым біткеннен соң міндетті түрде бет перде шешіледі. ( Бұл да бір психологиялық тісіл- оқушы бет перде кигенде сол кейіпкердің жан-дүниесін сезінеді).Ендігі кезекте оқушылыар кейіпкерлер мінезін талқылауға кіріседі. Әр оқушы өз кейіпкері жайында әңгімелейді.  Оқушылар келесі сыныптан тыс сабақта қандай қойылым қоятындарын ақылдасады.

 

                                      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                     Әдеби ойындар

                                         Түсініктеме

  Бұл бөлімде  берілген әдеби ойындар мен   лингвистикалық жаттығулар  оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарына деген таным белсенділігін арттырып, өзіндік пікір айту қасиеттерін  дамытуға жас ұстаздар үшін көп көмегі тиер деп ойлаймын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                    «Дайын  ұйқас» ойыны

   Оқушыларға алдын-ала дайындалған  ұйқастар беріледі де, сол ұйқастармен тез арада шумақ құруға тапсырма беріледі. Мысалы:  «Арайлы-қарайды» деген ұйқасқа мынандай жауап берілуі мүмкін.

 Тәуелсіздік  таңы атты арайлы,

Барлық әлем тамсана бізге қарайды.

   Бұл ойынды топпен жұмыс жасаған кезде, сөз өнері сайыстарында  қолдануға болады.  Ұйқасты өзгертуге, қосымша жалғауға болмайды. Ол өлең  жолының соңында тұруы керек.

 Мысалдар: «керемет-текемет», «қала-дала»,  «тірегім-жүрегін»,

 «білімді-гүгімді», «ардағым-арнадым»

 

 Жайлау біздің керемет,

Бейне гүлді  текемет.  ( Ақбота 5-сынып)

 

Астанамыз –  бас қала,

Бас қала- біздің жас қала. ( Қазына 5-сынып)

 

Анам менің  – аяулы ана,тірегім,

Ауыртпаймын мен  ешқашан жүрегін. ( Айбөпе 7-сынып)

 

 

 

                           «Сөз тізбегі»  ойыны

  Ойынның шарты бойынша  әрбір сөзі бірдей дыбыстан  басталатын сөз тізбегін немесе әңгіме құру  керек. Сөз тізбегіне дайын мақал-мәтелдерді, нақыл сөзделді пайдалануға болады.  Мысалы: « Ата-ана ақылын алған адам азбас», «Біреу білмегенді  біреу біледі».

                                «Ж» әрпімен

     Жеті жасар  Жарас жаздай Жамбылдағы жездесінің  жанынында жүрді. Жездесі Жомартты  жақын жолдастарыменжайлауға жіберді.  Жайлауда жүргенде  Жомарт жолдасы  Жарасатың жинаған жидегін жеді. 

              

 

 

                    "Сиқырлы сөздер сыры"

1. Бауыр 

2. Көз

3. Бас

4. Илеу

Әр оқушыға  бір-бір сөз беріледі. Сол сөздердің  мағынасын ашу ұсынылады. Мынадай  мәселелер ескеріледі: 1) тура мағынасы; 2) ауыспалы мағынасы; 3) мақал-мәтелдер; 4) тұрақты тіркестер; 5) сөзжасам; 6) омоним.

 

                                          «Диалог -ертегі» ойыны

     Шарты  : Мұғалім, не оқушы кез-келген  бір әңгіме-ертегі бастайды. Ал  оқушылар кезекпенбір-бір сөйлеммен   оны ары қарай жалғастырып  әкетеді. Мысалы: 1-оқушы: «Ертеректе бір ауылда Арман атты бала өмір  сүріпті.....»

2-оқушы:  «Ол  байдың малын бағып күнін көреді  екен.....»  осылай ертегі немесе  әңгіме жалғаса береді, ең соңғы  оқушы ертегіні тапқыр шешіммен  аяқтауы керек.  Ертегіге қызғылықты оқиға кіргізген оқушылардың еңбектері бағаланады.

 

 

                                    «Сұрақ –жауапқа құрылған хат» ойыны

                    Бұл ойынды тіл ұстарту сабақтарында  бір сынып оқушыларымен  немесе сергіту сәттерерінде  өткізуге болады. Ойынның шарты бойынша алты оқушыға белгілі бір сұрақтар беріледі. Сол сұрақтарға оқушылар жазбаша жауап жазулары керек. Оқушылар бір-біріне берілген сұрақтарды білсе де әрқайсысының қандай жауап жазғанын білмеуі шарт.

  Бірінші  сұрақ: «Кім? Не?»( Зат есімнен болатын кез келген сөз).

  Екінші сұрақ:  «Қай жерде?»  ( Жатыс септігінде тұрған  кез келген сөз).

 Үшінші сұрақ:  «Не  істейді?» ( Сөз тіркесі,  толықтауыш- етістік, пысықтауыш- етістік болуы мүмкін)

Төртінші сұрақ: "Ол не айтты?"  (Сөйлем  төл сөз түрінде болады).

Бесінші сұрақ: "Адамдар не деді?" (Сөйлем  төл  сөз түрінде болады).

Алтыншы сұрақ: "Оқиға немен тынды?" (Бастауышы жоқ бір сөйлем. Бірінші оқушы жазады). 

    Барлық оқушылар  жауап жазып болғаннан кейін  сұрақтың қойылу ретімен жауаптары оқылады. Қызықты , әрі күлкілі әңгіме шығуы мүмкін.

    Мысалы:

Арыстан

Дүкенде

Доп ойнады

Ол :"Мен ертен шығамын",- деді

Адамдар: "Біз көңілдіміз", - деді

Арыстанның ұйқысы келді.

 

  

 

                                 "Композиция" ойыны

      Берілген мәтіннің композициялық құрылымы бұзылып, ондағы бөліктер жасанды түрде алмастырылады.  Оқушының міндеті- композициялық  бөліктерді орны-орнына қойып, әңгіменің желісін қайта қалпына келтіру.  Егер оқушылар әңгңмені дұрыс құра алмаған жағдайда мұғалім мәтінді оқып береді.

                        

 

                                          "Ойлан тап" ойыны

      Ойын шарты:  Берілген  буындар бойынша сөз ойлату.

          Мысалы:  "А" буынды сөз  ойла

                      а) Бас киім       а  а а                       малақай

                      ә)  ағаш            а а а                     қарағай 

                      б) жидек          а а а                       қарақат  

                      в) құс               а а а                       жапалақ

 

                                 Лингвистикалық жаттығулар

     * Берілген дыбыстарға тиісті  дыбыстар  қосып, буын құрап, сөз жасау  керек.

Мысал:

   1) с, т,қ                                      - ас, ат, ақ:

   2) қ,л,б                                      - ақ, ал, бор;

   3)м,ш,н                                     - ым, ұш, ұн;

   4) м, к,  р                                    - ем, әк, ар.

*   Дос, туыс, жұбай   сөздерінің синонимдерін  дұрыс тапсаңдар олардаң бастапқы әріптерінен құралатын сөз төмендегі сөйлемдерді толықтырып, әр түрлі мағына береді.

              а) Жапырақ кетті, ... кетті,

                  Күз болған соң кетті күй.

           ә) Үй тапсырмасын  бар зейініңмен орында, жаттығу жұмысын дәптеріңе ...                                        

 

*  Төмендегі мысалдардағы әріптердің орны қалай ауысқан. Бір  сөздегі  бір әріптің  ауысуы сөз мағынасын әсер ете ме?

   Қыз түсіп, құстар жылы таққа ұшты. Қыс жолындағы домбырасын  құрбысына ұсынды. Сыйға тый, сыраға бал. Мына дәнді біріне тең көл! - деді.

 

*  Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем құрастырыңыз

  1. Өтінішті  жазыңыз.   Оны бөлім бастығына  апарыңыз.

  2. Олжас  екеуіміз кездестік . Бұл мәселені  жылдам шештік.

 

 

 

  *  Тапсырмалар:

     1. Сөздерге антоним табыңыздар:

орталық -  ... , үлкен - ... , алыс - ... ,  жаз - ... , ұзындық - ... .

 

*  Тапсырмалар

         Сөйлемді дұрыс құрастырыңыз:

  1. деп бұрын Целиноград аталған Астана.
  2. жаңа әкімшілік жағалауында Есіл сол өзенінің орналасқан қаладағы
  3. қаласында мен өткіздім қысқы  Астана демалысты

 

 

 

 

 *  Әңгіме құрастырыңыз

... болып жұмыс  істесем деймін. Ол үшін   ...  алу керек.  Оған  ... даярланудамын.  ... маған көмектеседі. Жақсы жұмыс  істеу үшін ... .

Болашақта ... боламын.

 

 

* Төмендегі  есімдіктерді белгісіздік есімдіктерге айналдырыңыз

Кім,  қашан,  қалай,  кімге, немен, бір, қандай, қалай

 

* Төменде берілген лепті сөйлемдерді хабарлы сөйлем түрінде жазыңдар.

       1.Төбемізде желбірей бер, туымыз!

       2. Елдің бірлігі, ынтымығы нығая  берсін!

       3. Еліміздің рәміздерін құрметтеңдер!

 

 

 

 

* Сөйлемнің қай түріне жататындығын ажыратыңдар.

      1. Тудың көгілдір түсі ненің белгісі?
      2. Біздің мемелекеттік рәміздер әлемдік каталогқа енгізілген.
      3. Туға құрмет – елге құрмет!
      4. Кең далам! Отаным!

 

 

       * Сөйлемдердің тұрлаулы мүшелерін табыңыз.

      Қазақ халқының тарихы өте бай. Оның тарихында аса ірі тарихи тұлғалар мол.

 

 

*   Дұрыс құрылған сөйлемді табыңыз.

а) Баға жетпейді топырағына туған жер.

ә) Туған жер  топырағына жетпейді баға.

б) Туған топырағына жер баға жетпейді.

в) Туған жер  топырағына баға жетпейді.

 

 

 

 

* Толықтауышты кірістіріп, бес сөйлем құрастырып жазыңыздар.

 

 

* Анықтауышы және пысықтауышы бар сөйлем ойлап жазыңыз.

 

* Төмендегі сөйлемдерге тиісті тыныс беллгілерін қойыңыз.

    1. Жаңбыр  жауды жер көгерді.

    2.  Мұғалім сабаққа кірген соң оқушылар орындарынан тұрды.

    3.  Жаз келді оқушылар демалысқа  шықты.

*Сызба  бойынша сөйле.

 

Түйе боздайды


  бұзаулайды


Жылқы мөңірейді


  НЕ ІСТЕЙДІ? боталайды


Сиыр кісінейді

құлындайды

Ешкі маңырайды

лақтайды

Қой қоздайды

 

* Сызба бойынша сипаттау.

 

 Аты


 Мінезі


Менің сүйікті кейіпкерім  Қызметі


Жасы

Рөлі

Қай шығармадан?

 

* Шығарманы  талдау.

 

Шығарманың  атауы

Басты кейіпкері

Кейіпкерге  мінездеме

Шығарманың  басты идеясы

Шығарманың  соңы

         

 

* Мына сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып 10-15 сөйлем құрастырыңыз.

Сүю, сүйіп өту, ағынды өзен, асқар тау, қасиетті, құдіретті, жәндік, қыбырлау, сыбырлау, кеуде, жарып  шығу, бозторғай, шырылдау, биік, мәңгілік.

 

*  Сөйлемдерді қалай аяқтауға болады?

1. Қазақ тілі түркі тілдерінің қыпшақ тобына жататын____________________

2. Қазақ тілінен басқа түркі тілдерінің тобына___________________________

3. Түркі тіддерінің ішінде көне қыпшақ-ноғайлы_________________________

4. Түркі тілдерінің туыстастығы олардың_______________________________

5. Сонымен қатар түркі тілдерінің өзіндік_______________________________

 

 

 

 

 

 

 

                5-сынып қазақ тілі

 

 

     Сабақтың  тақырыбы:    Тұрақты тіркестер

     Сабақтың  мақсаты:     Тұрақты сөз тіркесінің тілдік сипатын түсіндіру. 

Міндеттері:1/ Мазмұнға байланысты: Жаттығу жасай отырып, тұрақты сөз тіркестерді еркін тіркестерден айыруды үйренеді;

2/ Сын  тұрғысынан ойлауға байланысты  міндет: Тұрақты тіркестерді өзінің сөздік қорында қолдана алады;

3/  Топтық жұмыс немесе тәрбие  әрекетіне байланысты міндет: Топпен жұмыс барысында топта айтылған барлық пікірлермен санасу арқылы

 бір-бірін  сыйлауға үйренеді;

Күтілетін нәтиже: Оқушылар тұрақты  тіркестердің ерекшеліктерін біледі, сөйлем ішінде жүйелі қолдана алады.

 

Сабақтың  түрі:   Пысықтау  сабағы                                                                           Қолданылатын әдіс- тәсілдер:    Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап;                                                               Сабақтың  көрнекілігі:     Интерактивті  тақта, оқулық, кесте, карточкалар;                              Сабақтың  өткізілу барысы:                                                                                                                       І-кезең:    Қызығушыты ояту  (Екі бағандағы сөйлемдердің айырмашылығын, ерекшеліктерін анықтау  )

 

 

    Айжан  мектепке асығып келді.      

Арман аялдамаға  екі өкпесін қолына 

алып әрең жетті.                                                                                                      

         

Ол еш жұмыссыз  теледидардың алдында кешке дейін  отырды                    

 

Ол шыбық  басын сындырмастан теледидардың алдында  кешке дейін отырды                    

Автобус ауылға тез жетті

Автобус ауылға көзді ашып жұмғанша жетіп қалды

Ағасыны көргенде Нұржан ерекше қуанды

Ағасын көргенде Нұржанның төбесі көкке жетті


 

1/ Еркін  тіркес                                                          1/Тұрақты сөз тіркесі

2/сыңарларының  орын ауыстыруға болады          2/орындарын ауыстыруға 

                                                                                            болмайды

 

 

 

 ІІ- кезең:          

   Оқушыларды  2  топқа бөлу, топтарды  жеребе  арқылы анықтау   1/Екі түрлі  кәмпиттерді  оқушыларға  ұсыну    (жасыл түсті, қызыл түсті).

 Жасыл түс  кәмпит алғандар 1-топ , қызыл түс кәмпит алғандар 2-топ .

                                    Тапсырма

  1. Берілген суреттерді (слад № 4,5)  негізге алып тұрақты сөз тіркестерін жасау керек.

2. Сол  тіркестермен сөйлем  құрау .

  Дайындалуға-10минут , қорғау үшін-3-5 минут

Топ мүшелерінің ролдері:

 

Таймкипер-уақыт  беруші

Баяндамашы- жұмысты қорғайды

Сарапшы

Оқушыларды сөз өнеріне баулу