Оқушыларды патриотшылдыққа тәрбиелеу
Жоспар:
- Кіріспе.2 бет.
- Негізгі бөлім.
а. Әдебиет сабақтары арқылы оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу. 2-4 бет
б. Тұлғаны тәрбиелеуде ұлттық құндылықтарды пайдалану жолдары. 4-8 бет
в. Жас жеткіншектердің бойында патриоттық тәрбиені қалыптастыру. 8-11 бет
- Қорытынды.
Оқушыларды патриотшылдыққа тәрбиелеу
Егеменді еліміздің жарқын
болашағы болар жас ұрпаққа терең,
мазмұнды білім беру мен ұлтын
сүйер патриот азамат етіп тәрбиелеу
– бүгінгі алға қойылған басты
міндет. Ертеңгі ел тізгінін ұстар
азаматтар – бүгінгі мектеп оқушысы.
Егеменді еліміздің жарқын болашағы
болар жас ұрпаққа терең, мазмұнды
білім беру мен ұлтын сүйер
патриот азамат етіп тәрбиелеу –
бүгінгі алға қойылған басты міндет.
Ертеңгі ел тізгінін ұстар азаматтар
– бүгінгі мектеп оқушысы.
Жас ұрпаққа патриоттық тәрбие берудің
негізгі идеялары Елбасының "Қазақстан-2030"
стратегиялық жолдауында: "Олар... күллі
әлемге әйгілі әрі сыйлы, өз елінің патриоттары
болады",-делінсе, ҚР-ның "Білім туралы
Заңында" "Білім беру жүйесінің басты
міндеттері азаматтық пен ел-жандылықты,
өз Отаны ҚР-на сүйіспеншілікке, мемлекеттік
рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрін
қастерлеуге, әлемдік және отандық мәдениеттің
жетістіктеріне баулу, қазақ халқы мен
республиканың басқа халықтарының тарихын,
әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу,
мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін
меңгеру" делінген. Осыған орай, бүгінгі
жас ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеу, жеке
тұлға талабы, қоғам қажеттілігі. Ұлы педагог
К.Ушинский « Тәрбиенің қайнар көзі тек
адамның жеке басының өнегесіне негізделген.Ешқандай
жарғы да,бағдарлама да оның орнын баса
алмайды»-деп текке айтпаған.
Ендеше еліміз тәуелсіздікке
қолы жеткен қазіргі кезде білім
беру жүйесіндегі негізгі міндет-
Ұстаз қолында адам тағдыры,болашақ ел тағдыры тұрады.Заман талабына сай тәрбие беру-мұғалімнің басты міндеті. Адам бойына патриотттық сезімнің қалыптасуы отбасы тәрбиесі мен балабақшадан бастау алатыны айқын. Сәбиді отбасында патриотизмге тәрбиелеу , ана тілін үйрету, ұлттық мінез-құлық қалыптастыру, ұлттық салт – дәстүрді сақтауға баулу, шыққан ата тегін білуді таныту – ата – ана парызы. Халқына құрмет, тарихи дәстүрлерге адалдық, сондай – ақ туған жеріне, Отанына деген сүйіспеншілік сияқты перзенттік борыш тұлға бойына сәби шағында дарыса, бұл қасиеттер өсе келе, әрі қарай дамып, қалыптасуына қолайлы жағдай туғызады.
Әдебиет сабақтары арқылы оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу
Ерте заманда елім деп
еміреніп, егеулі найза қолға алып,
еңку-еңку жер шалып, өз елін жаудан
қорғау үшін қасықтай қаны қалғанша, ақтық
демі біткенше алысқан, Махамбетше айтқанда
"Қара қазан, сары баланың қамы үшін
соғысқан" батырларымыз аз болмады.
Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай,
Шапырашты Наурызбай, Исатай, Махамбет,
тағы басқа батырларымыздың ерен ерліктерін
ерекше айтуға болады. | |
Тұлғаны тәрбиелеуде ұлттық құндылықтарды пайдалану жолдары
Қазіргі кезде еліміздің білім беру ісінде түбірлі өзгерістер болып жатқаны мәлім.Ал бүгінгі таңда мектептің ,мұғалімнің ең қасиетті міндеті-рухани бай,жан-жақты дамыған жеке, дарынды тұлғаны қалыптастыру.Рухани байлық ең алдымен әр халықтың ұлттық әдет-салты, мәдениеті, өнері және шыққан түп тамырында жататыны белгілі.Сол ұлттық құндылықтарды бүкіл адамзаттың өз ұрпағын тәрбиелеудегі білім берудегі озық ұстанымдармен байланыстыра отырып, әр баланың қабілетін, талантын ашып, өзіне-өзінің сенімін нығайтып, өзіне жол ашуына түрткі жасауымыз қажет.
Еліміздің болашағы-ұрпақ тәрбиесінде, еліміз егемендік алып,өз алдына отау тігіп өзінің ішкі-сыртқы саясатын өзі шешетін болды. Бүгінде баршаның міндеті-әдет-ғұрпымызды, салт-дәстүрімізді жандандырып, ұлттық сана-сезімі жоғары тәрбиелі ұрпақты өсіру.
Қазақ ағартушысы М.Жұмабаев «...Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан,тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті» деген.Жас ұрпаққа саналы тәрбие және сапалы білім беру деңгейі ең алдымен мұғалімнің даярлығына,оның іс-тәжірибесінің қалыптасып шыңдалуына байланысты.
Мұғалім-баланың жеке тұлғасын
қалыптастырушы,маңызды тәлім-
Келешекте біздің еліміз басқа тәуелсіз елдермен терезесі тең болып өмір сүруі үшін қазақ балаларын ешкімнен кем қылмай,мектеп қабырғасынан-ақ жан-жақты білімді, тәрбиелі етіп шығару үшін сынып жетекші ұлттық құндылықтарды басшылыққа ала отырып тәрбие жұмысын жүргізген абзал.
Қазіргі таңда мұғалім болу,тәрбиеші болу оңай жұмыс емес.Басқа ешбір мамандық адамға дәл мұғалімге қойылғандай талаптар қоймайды.Педагогтық қызметтің жетістігін бағалау да өте қиын. Оның сапасы сызғышпен өлшеп,әрбір мысқалына дейін таразыға тартатын дүние емес
Я.А.Коменский балаларға тәлім-тәрбие беріп ұстаздық көрсететін мұғалімді өте жоғары бағалады: « Мұғалім-мәңгі нұрдың қызметшісі.Ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп,нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі.Оларға тамаша қызмет тапсырылған,күн астында одан жоғары ешнәрсе болмақ емес».Балалардың санасы мен мінез- құлқының қалыптасуына тәрбиешінің жеке басының ,оның моральдық бейнесінің атқаратын ролі орасан зор.Бұл әсерді өзінің күші жағынан ешнәрсемен салыстыруға болмайды. Бұл- ерекше құдіретті күш. Орыстың ұлы педагогі Д.К.Ушинский « Тәрбие де барлығы да тәрбиешінің жеке басына негізделуге тиіс.Ешқандай жарғы және бағдарлама,ешқандай оқу орнының жасанды орталығы қаншалықты жетілдірілгенімен тәрбие ісінде жеке адамды алмастыра алмақ емес.Тәрбиешінің тәрбиеленушіге тікелей әсерінсіз мінез-құлыққа сіңерліктей шын тәрбие беру мүмкін емес.» деп жазды.Сондықтан тәрбиешінің жеке басына ерекше талаптар жүктеледі.Ерік-қайраты күшті, мінезге бай жас өспірімдерді қалыптастыру үшін мұғалімнің жеке басы сол талаптарға сай болу керек.Мұғалімнің жеке басында сөз бен істің арасында алщақтық болмау керек.[3]
Тәрбие жайындағы белгілі мәліметтер адам баласының тәрбиесіне сүйенеді. С.А.Назарбаеваның « Ұстаздан ұлағат»атты кітабында: «Тәрбие дегеніміздің өзі, ең алдымен,баланың сезімін оятып,әсершілдігін дамыту ,сезімді тәрбиелеу-баланы қоғамдық мәні бар,адамдарға жақсылық әкелетін қылық-қасиеттерден рахат,қуаныш табуға баулу деген сөз. Парасаттылық дегеніміз-адамзатқа қызмет ету»,-деп жазылған.
Бала тәрбиесі ең алдымен,аға ұрпақтың жас жеткіншекке деген сүйіспеншілігі мен қамқорлығынан,ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан адамгершілік ізгі қасиеттердің жиынтығынан туындайды.Атадан балаға ұласатын ұлттық құндылықтар үлкендердің әңгімесінен, іс-қимылынан танылып, сезім арқылы жүректен жүрекке беріліп отырған. Сондықтан егеменді ел жастарының санасына осы ұлттық ұлағатты қасиеттерді сіңіре білудің мәні зор.Адамның адам болып қалыптасуында ата-аналармен қатар,тәрбиеші мен мұғалімнің ролі зор.Яғни,мұғалім мамандығының иелеріне болашақ ұрпақты тәрбиелеуде үлкен жауапкершілік жүктелген. Ф.М.Достоевскийдің «Өзіңнен өзіңді ізде,өзіңе өзің бағын,өзіңді өзің тани біл»,-дегеніндей,әр мұғалім өзінің бала болғанын,өзінің ата-ана екенін,өзінің оқытушы болып қалыптасып келе жатқанын ой елегінен жйі-жиі өткізіп отырса,өзге алдындағы жауапкершіліктің сыры бірден айқындала бастайды. Н.А.Добролюбовтің «Мұғалім өзіне шәкірттердің қаншалықты жоғары бағалап қарайтынын есінде сақтаса,оның балаларға тигізетін ықпалы соншалықты күшті болады, соншалықты оның әрбір мақтауы балаларды шаттандырады,оның әрбір ескертуі баланың жүрегіне терең орнығады.демек барлық тәрбие жұмысы игілікті болады»,-деп айтқанындай,баламен кездескен сәттен бастап,оның үйіне қайтатын уақытына дейінгі кезеңде баламен тікелей қарым-қатынаста екенін,онымен ішкі сезімі байланыста болатынын бір сәт естен шығармағаны абзал.Сонда ғана ел білікті,парасатты,жан-жақты жетілген жеке тұлғаны тәрбиелеу ісінде едәуір табыстарға қол жеткізе алады.
Тәрбие кезеңдеріндегі оның өзіне тән заңдылықтарын сәтті пайдалану ұрпақ тәрбиесінің жемісті болуының ең үлкен кепілі болмақ.
Қазақстан Республикасының баянды да тәуелсіз мемлекет болу үшін ұлттық құндылықтар тәрбие арқылы халық педагогикасынан нәр алып,адами құндылықтардың барлық саласын бойына сіңірген,таза елжанды азамат керек.Қазақ мемлекеті үшін бар білімі мен қабілетін сарп ететін,елін,туып-өскен жерін,тілін,халқының тарихын,дінін,мәдениетін біліп,құрметтейтін жеке тұлға тәрбиелеу,жалпы жұртшылық,әкімшіліктер мен білім беру мекемелерінің басты міндеті. Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: « Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз және оны қалыптастыру басты міндетіміздің бірі» деген сөзін басшылыққа ала отырып, « Менің Отаным-Қазақстан» деп ойлайтын әрбір азамат ұлттық құндылықтарды бала бойына сіңіретін тәрбие жұмысын жүргізуі міндетті.
Ал ұлттық тәрбиеге тікелей ықпал жасайтын білім ордасы,мектептер мен жоғары оқу орындары.Олар жас мамандар мен ұстаздарға мемлекет пен халықтың мүддесін ойлайтын, «елім, туып-өскен жерім, мен Қазақстан Республикасының азаматымын» деп жүрегі соғатын ұрпақ тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін үйретуге міндетті. Ал тәрбиеге байланысты мұғалімдердің білімін жетілдіріп,қайта даярлау мемлекеттің ұсынған қаулы-қарарлары мен заңдарына сай келуі керек.
Ұлтжанды,адами құндылықтарды бойына жиған,қиыншылықтан жол табатын,экономикалық бәсекелестікке қабілетті,ары таза.иман жүзді,біреудің қолдауынсыз өз еңбегімен білім алған,елі мен жерін сүйетінін атқарған ісімен дәлелдеген жастарды көргіміз келеді.Ұлттық тәрбие дегеніміз сана-сезім мен сенім қалыптастыру.Ол үшін жастарға ұлттық тәрбиені ел-жұрт, қоғамдық орын, ата-ана болып,жан-жақты ойлана отырып берсек,біздің де,мемлекеттің де көркейетіні даусыз.
Бүгінгі жас ұрпақты сонау
замандардан жинақталған ата-
Адамды адам ететін қоршаған орта және тәлім-тәрбие десек,мектеп жасы балаларының тұлғалық ерекшеліктерінің қалыптасуына отбасы мен бірге сынып жетекшінің де ролі ерекше .
Ұлттық құндылықтар арқылы
тәрбиелеу дегеніміз-халықтың ғасырлар
бойы жинақтап, іріктеп алған тәжірибесі
мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына
сіңіру баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын,дүниетанымын,
Бүгінгі жаһандану үрдісі жүріп жатқан жағдайда ұлттық мүдде,ұлттық тәрбие,ұлттық рухты сақтап қалу-үлкен міндет.
Жас ұрпақты ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеуде халқымыздың сан ғасырлық тәжірибесі бар екені даусыз.Сондықтан сол мол тәжірибені пайдалануға тырысып,ең бірінші жаны таза,рухани биік,адамгершілігі мол,халқына пайдасын тигізетін адам тәрбиелеу-сынып жетекшінің міндеті.
Ғұлама Абай баланың бойына алты қасиет пен үш асыл мінез-құлық сіңіру парыз деген.
Міне ,осы алты қасиетпен бірге үш асыл мінез-құлық.
1.Елімен туған-туыс,жұрағат,
2.Өте әділетті болу
3.Шындықты тура бетке айту сияқты асыл мінезді атап көрсеткен.
Сынып жетекші тәрбие жұмысын
ұйымдастырғанда мынадай ұлттық
құндылықтар тақырыбында
Қазақ халқының салт-дәстүрі
Тәрбие түрлері |
Туған жер,Отан , Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті
Тарихи тұлғалар, Әдеби мұралар,Ел тарихы
Осылардың ішінен қазақ халқының салт-дәстүрін алатын болсақ,әрі қарай бірнеше тақырыптарға жіктеледі.ОЛАР:
Отау көтеру дәстүрлері:қыз
айттыру,қыз көру,шеге шапан, құда түсу,бата
аяқ,құда тартар,қалың мал,балдыз қалың,киім
тігу,киіт,құйрық бауыр,өлі-тірі,қынаменде(ұрын
келу),қыз қашар,сәукеле
Тәрбие дәстүрлері:шілдехана,
Отбасы ,тұрмыс дәстүрлері:ақ үй аманат,аманат,ант,ақ алып шығу,ақ құйып шығару,ақ жол,ат мінгізіп, шапан жабу, ат тергеу,айтыс,айып,айрылысар көже,ауызбастырық,ауыз тию, ат құйрығын кесу, ат майы, артынан топырақ шашу, ақтық, абысын асы, араша,аяғына жығылу, әмеңгерлік, әдеп, әдет, бата, теріс бата, байлау, баутағар, барымта, бармағын жалау, бал басы, белкөтерер,бес жақсы,бетке түкіру,бәс,бүйрек,бет айғақ, бұйымтай, бәйге, дау, дауыс, дәстүр, деңгене, дүре, дерт көшіру, емге сұрау, ен, емшегін көкке сауу,есекке теріс мінгізу, ерулік, жаза, жекпежек, жиенқұйрық, жолаяқ, жолдасу, жылу, жұртшылық, жыртыс, кәде, кек алу, көрімдік, көрісу, көз тию, көрші хақы, көкпар, көңіл сұрау, күн санау, ай санау, жыл санау, жыл қайыру, қалау, қазан шегелеу, қарғыс, қарғану, қарашаңырақ, қап қағар, қонақасы, қонақ кәде, қорықтық құю, құмалақ салу, құн, жарқын құн, қарыз, пайғамбар қарызы, құтты болсын айту, құрдастық қалжың, салт, сал-серілік, сауға, саумалық, сауын алу, сауын айту, сарқыт, сайыс, соғым басы, сүйек жаңғырту, сәлем беру, сәлем ету, сәлемдеме, сүйінші, сыбаға, өлі сыбаға, табақ тарту, таңба, туған күн, мүшел, мүшелтой, алтын той, күміс той, той, тойхана, тойбастар, тойтарқатар, тоғыз, туған жерге аунату, туырлығын тілу, тәбәрік, тіл кестіру, тізе бүгу, тоқымқағар, төркіндеу, түс жору, от басын сабау, отпен аластау, отқа май құю, уәде, үй сынығы, ұран, шашу, шарғы салу, шүлен тарату, хан сырқаты, хан талау, ым, ишара, ырым, іргеден шығару.
Еңбек дәстүрлері:асар,биебау,жылқы
күзеу,күзем шай,кеусен,келі түбі,көген
той,қол ұшын беру,қол үздік,қолкесер,қазық
майлау,қой басты,тулақ шашу,таңсерік,нәзір,үме,сірге
мөлдіретер, сабан той,сал бурын,сыралғы,лау,аңшылық,
Наурыз дәстүрлері:наурызнама,
Ислам тағылымдары:айт,айттық,құрбан
шалу,ақсарбас,аластау,ақтық байлау,айналмақ,жан
беру,жарапазан,жарапазанның батасы,жұмалық,зекет,зікір,
Қаза ғұрыптары:арыздасу,өсиет,
Әрбір адам ең алдымен өз халқының перзенті,өз Отанының азаматы болу керегі екенін, ұлттың болашағы тек өзіне байланысты болатынын есте ұстауға тиіс.Оның осындай тұжырымға тоқталуына ұлттық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер көптеп көмектеседі,Солар арқылы ол жалпы азаматтық әлемге аяқ басып,өз халқының игілігін басқа халықтарға жақын да,түсінікті ете алады.Сондықтан әрбір ұстаз өз кезі мен өткеннің талаптары,объективті факторлар негізінде жеткіншек ұрпақты өмірге даярлап,оны жинақталған тәжірибе арқылы тәрбиелеп отырып,өзінің ата-бабаларының рухани мұрасын игерте түсуі керек.
Жас жеткіншектердің бойында патриоттық тәрбиені қалыптастыру
Халық педагогикасының негізгі қағидалары және оның ғылыми педагогика мен байданысына тоқтала келе, «сегіз қырлы, бір сырлы» толық адам тәрбиелеу қағидаларын төмендегі кесте түрінде жүйелейді.
- Ақылды, арлы, намысшыл азамат болуын қарастыру.
- Еңбексүйгіш, елгезек етіп тәрбиелеу
- Тән сұлулығын қарастыру, әсемділікке баулу.
- Адамгершілік қасиеттерге (ізгілікке, имандылыққа) баулу
- Отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа, бүкіл адам баласын сүюге тәрбиелеу
- «Жігітке жетпіс өнер де аз», «Өнер - өрге сүйрелейді» деп қарап, өнер мен білімді насихаттау.
- Табиғат пен қоршаған ортаны аялауға тәрбиелеу.
- Дене шынықтыруға тәрбиелеу.
Жеке тұлғаны қалыптастыруға оқушыны жан – жақты рухани дамыту негізгі орын алады.
Оқыту, білім беру, тәрбиелеу - баланың ішкі жан – дүниесінің біртіндеп дамуына
әсер ететін, түрткі болатын, жағдай жасайтын, оларды іске асыратын сыртқы факторлар екені анық.
Даму – күрделі үрдіс болғандықтан оқу – тәрбие арқылы беріліп, ұрпақ тәрбиесінің сабақтастығы үнемі сақталып отырады.
Халқымыз қашанда бала тәрбиесіне ерекше мән берген. Адам тәрбиелеу – ұлы міндет. Ұлы міндет қашаннан ұлы күреспен ғана жүзеге асырылады.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2030 – стратегиялық бағдарламасының «Қазақстан мұраты» деп аталатын бөлімінде көрсетілген еліміздің тұтастығын, оның тыныштығын мемлекетімізге қауіп төндіретін қандай да болмасын ішкі және сыртқы күштерден сақтау міндетінің өзі жастарымызды отаншылдық, елжандылық, патриоттық қасиеттер болып табылады. Отанды сүюге, ол үшін аянбай еңбек етуге елжандылыққа тәрбиелеу - әр педагогтың басты міндеті болып саналады.
Сонымен қатар қазіргі таңда патриотизм ұғымына енетіндер:
- адамның туған жерін сүйіп, өз халқының тілін құрметтеуі
- Отанның мүддесін қорғау, азаматтық көрсету және Отанға адалдықты сақтау болып табылады.
- Елінің әлеуметтік және мәдени салаларда жеткен жетістіктеріне мақтану, оның ар-намысын, еркіндігі мен тәуелсіздігін қорғау.
- Өткен тарихын, халқының әдет – ғұрыптарын салт – дәстүрлерін құрметтеу, Отан иглігі үшін еңбек ету.
Жаңа заманғы патриотизм сөзі қазіргі кезде патриотизм сөзі жан себебі бұл құбылыстың күрделілігінде, көп мағыналылығында, көп жаратылысынан күрделілігінде көрінеді.
Әрбір ғылыми – зерттеу шығармашылықта патриотизм ұғымын түйсіну мен түсіндіру әр түрлі жолдармен жүргізіледі. Оларды шартты түрде әр түрлі бағыттарға жіктеуге болады.
Оның біріншісіне патриотизмді, адамның жан дүниесіндегі ең жоғарғы сезім ретінде қарасытырылатындар, оның пайда болуы мен бала сүтімен, бала кезеңнен, ана сүтімен басталып, кейін келе өмірдің әлеуметтік, рухани адамгершілік, жақтарымен толықтырылып отырады.
Екіншісі , патриотизм адамдардың жан дүниесіндегі ең жоғарғы көзқарас ретінде
қарастырылады.
Үшіншісі, патриотизм өте күрделі әрі терең әлеуметтік құбылыс ретінде көрсетіледі.
Төртіншісі, патриотизмнің негізгі субьектісі болып, әр уақытта жеке тұлға есептеледі, сондықтан да әрбір тұлғаның өмірінің мәні мен сәні, өмірдің гүлденгенетінін тарихи тұрғыдан да, мәдени, ұлттық тұрғыдан да санасына сіңіру, басты міндет етіп отыр.
Бесіншісі – шын мәнісінде патриотизм - жоғарғы руханияттылықта. Олай болса, патриотизм жоғарғы сезім, ауыстырылмайтын құндылық, таусылмайтын бұлақ ретінде, әлеуметтік мәнді, пайдалы іс - әрекеттің жетекшісі ретінде, әлеуметтік топтардың рухани – моральдық – мәдени өсудің ең жоғарғы шегіне жеткенде іске асады деушілер.
Сонымен патриотизм - мемлекет пен қоғам өмірінің барлық жағына қатысты мәнді әрі өтпелі емес құндылықтар, жеке тұлғаның бойындағы рухани байлығының бір бөлігі болып табылады. Отан, ел үшін, тер төгіп, жанын аямай, еңбектенуге дайындайтын жоғарғы руханияттылық.
Жастардың бойында патриоттық сезімді қалыптастырушы, тәрбиеленуші механизм ретінде механизм субьектісі болып табылады.
Бұл құралдардың механизмінің қорын негізінен үш түрлі болып бөлуге болады.Олар:
- Материалдық - техникалыққа жататын ұйымдастырушылық қорлар: қоғамдық пәндерді оқытып – үйрететін аудиторияларды, кластарды, залдарды жасақтау тарихи ескерткіштер, мемориалдар, жайлар, жазбалар, ақпарат құралдарынан алынғандар т.б.
- Рухани қорға: ұсыныстар, қажетті көзқарастарды, сұраныстар мен қажеттілікті, сенімді қалыптастыру, Отан, жер, ел үшін бел шешіп шығуға дайындық т.б.
- Ұйымдастырушылықтың қоры ретінде: мемлекеттік - патриоттық идеологияны іске асыруға қажетті көп жақты шараларды айтамыз. Оған, патриот – құралдардың жиынтығы жатады. Бұл тәрбиеге қажетті құралдардың жиынтығы үш тобы - өзара тығыз байланысты, бір – біріне толтыра отырып, түпкі мақсатқа жетуге көмектеседі. Отансүйгіштікті қалыптастыруда барлық механизмдерді қолдану қажет – ақ.
Әрбір халықтың, өзіндік тарихи, табиғи, жағдайда өмір сүруіне, дамуына байланысты тілі, мәдениеті, ұстанған дінімен қатар ойлау салты, сақталады, яғни ұлттық менталитеті қалыптасады, сонысы мен өзгешеленді. Ол сол халықтың зердесімен жалында ең үлкен құндылық ретінде бағаланады, құрметтеледі, ұрпақтан ұрпаққа сабақтастық ретінде беріледі.
Ел Президенті Н.Ә.Назарбаев 1992 жылы қыркүйекте, Алматы қаласында өткен дүниежүзілік І – құрылтайында «Қазақ халқы тамырын тереңге жіберген бәйтерек» деді. Ол қиыншылықтың барлығын да жеңіп, қазіргі егемендікке қол жеткізген батыр да, бай,ұлы халық. Олай болса, қазақ халқының тарихы, Отансүйгіштік үлгісі қазіргі ұрпақты тәрбиелеуде маңызы зор рухани құрал болып табылады.
Қазақстандық мектеп оқушыларын патриотизмге тәрбиелеудің өткені мен дәл бүгінгі таңдағы жай – күйін зерттеу барысында оның әдісі, жағдайына бейімдеп қолданудың мүмкіндігі мол екенін көзіміз жетті. Бірақ оның мазмұны кеңес дәуірінде (1970 – 1990жж.) сол кездегі идеологияға қызмет етілетіндіктен, сынар жақты болғаны да айқындала түседі, өйткені онда патриотизм ескерілмей қылған. Сол себепті «ұлттық патриотизм», «ұлттық сана» деген секілді аса маңызды көп зерделенбеген.
Адамның жекен психологиясының әскери қызметтегі сүйіспеншілік, жеке адамның аман – саулығы, қоғамдық мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, өзінің мемлекетке тәуелділігін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм дегеніміз – мемелекет деген ұғымды, оны жеке адамның барлық жағынан өткені мен бүгінгі күнімен және болашағымен қарым – қатынасын біріктіреді» деп терең, жан – жақты анықтама берген. Қаһарман жазушы біз іздеп отырған «ұлттық патриотизм – бұл ұлттық ішіндегі жеке адамның асыл белгісі мен қасиеті, өз халқына деген сүйіспеншілігі, өз халқымен қан жағынан да шыққан тегі, территориясы, тілі, тұрмыс – тіршілігі, территориясы, тілі, мінез –құлқы, психологиялық және этнографиялық ерекшеліктері қалыптасқан тарихи дәстүрлер жағынан да әбден айқын әрі дербес басқа қасиеттері және ерекшеліктерімен сипатталынады».
Сонымен қатар жаңа тарихи әлеуметтік жағдайда патриотизм жаңа сипатқа ие болды, өйткені, енді Қазақстанда өмір сүріп отырған «Қазақстан» деген мемлекетке бірікті. Демек, олардың мүддесі, мақсаты, күн көріс жағдайлары да бір бағыт ұстануы керек. Міне, осының өзі бұдан былайғы кезде «қазақстандық патриотизм» ұғымын қалыптастыру мақсатын қойып отыр. Ендігі кезеңде қазақстандықтардың күш – қуаты «қазақстандық күш - қуатын» айқындайды.
Патриоттық сезім тәрбиелеу арқылы қалыптасып, жетіліп сана түріне айналады. Сонда ғана жеке адам өз ұлтына тән ерекшеліктерді түсініп, сезініп өз ұлтының бабаларының қасиеттерін бойына сіңіреді. Қазақ елінің ғасырлар бойы қалыптасқан отансүйгіштік, тәлім – тәрбие дәстүрлерін, әдістері мен құралдарын жинақтап, оны бүгінгі оқушы тұлғасын тәрбиелеуде оқу тәрбие үрдісінде ұтымды қолдану – уақыт талабы.
Қазіргі таңда жас ұрпақ бойында патриоттық сананы қалыптастыру, ол үшін іс - әрекет ұйымдастыру, тәрбие беру қажеттілігі туындап отыр. Олай болса, жастарға патриоттық тәрбие – беруде - өткені мен бүгінгі күнді және болашағын байланыстыру қажет.
Демек, «қазақ патриотизмі – рухы биік жеке тұлғаны қалыптастыруындағы ата – бабаларымыздың қаһармандық, батырлық, ерлік, отансүйгіштік тәлім – тәрбие беру идеалдарының жиынтығы» - деп айтуымызға болады.
Ал ұлттық тәрбие жүйесінің негізі ретінде М.Шахановтың мына бір өлең жолдары дәлел:
Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала,
Әр адамның өз анасынан басқа,
Жебеп тұрар, демеп тұрар арқада
Болу керек, құдіретті төрт ана:
Туған жері - түп қазығы айбыны,

- Оқушыларды сауатты жазуға төселдіру
- Оқушыларды сөз өнеріне баулу
- Оқушылар тіліндегі жаргон сөздердің қолданысы
- Оқырмандарға қызмет көрсету
- Оқыту әдісі
- Оқытуда инновациялық технологияларды пайдалану туралы ақпарат
- Оқытуда қолданылатын көрнекілік әдістер
- Оқушылардың білімін жетілдірудегі арқылы тексерулердің маңызы
- Оқушылардың білім, іскерлік, дағдыларын бақылау және бағалау
- Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру
- Оқушылардың логикалық ойлауын шығармашылық жаттығулар арқылы дамыту
- Оқушылардың математикаға танымдық қызығушылығын қалыптастыру
- Оқушылардың танымдық қызығушылығының теориясы
- Оқушылардың физикадан шығармашылық қабілетін дамыту жолдары