Оқушылардың білімін жетілдірудегі арқылы тексерулердің маңызы
Оқушылардың білімін жетілдірудегі арқылы тексерулердің маңызы
БҚО Зеленов ауданы
Щапов орта жалпы білім беретін мектебінің
математика-информатика пәнінің мұғалімі
Сексенбаева Алтынай Кировқызы
Білім берудің маңызды шарты – оқушылардың пәнге қызығушылығы мен белсенділігін арттыру, білімін жүйелі түрде негіздеп, ізденімпаздық жіне шығармашылық қабілетін дамыту. Осы мақсатта сабақта білім тексеру әдістерінің де алатын орны ерекше.
Аралық білім берудің түрлері:
- Сынақ сабақ
- Фронталды сабақ
- Математикалық диктант
- Практикалық – лабараториялық жұмыс
- Диагноздық тексеру
- Ауызша тексеру
- Сынақ сабақта оқушы білім мен іскерлігі әр түрлі әдіс – тәсілдермен жан – жақты тексеруге болады. Үлестірме материалдар мен топтық тапсырмалар ұйымдастыру арқылы. Аз уақыт ішінде білім мен іскерлігін тексеру мақсатында жүргізілетін бақылау жұмысы.
- Фронталы сұрақтар беру арқылы тексеру – оқушы білімін тексеріп қана қоймай, оны тереңдетіп, өткен материалды қайталау, есептеу іскерлігі мен дағдысын бекіту. Математикалық тіл дамыту, сөздік қорын молайту және есте сақтау қабілетін дамытуға ықпал етеді. Жылдам ойлау, ойын жеткізе білу дағдыларын қалыптастырады. Фронталды тексерудің бірнеше түрін қолдануға болады.
а) мұғалім сұрақты ауызша айтадыда, оқушы жауап береді.
б) егер тарау бойынша теориялық білім тексеру керек болса, сұрақтарды алдын ала жазып беруге де болады. Мұғалім сұрақтар тізбегін бірнеше рет айналдырып сұрауға да болады. Бірақ әр айналымда қай оқушы неше сұраққа жауап бере алмағанын ескере отырып теориялық білімін бағалау керек.
3. Математикалық диктант алудың әр түрлі тәсілдері бар.
а) жалпы сыныптан алу; тапсырма ауызша оқылады да, оқушы жауабын
жазады.
б) жазбаша түрде үлестірме материалдар тарату арқылы болады. Бұл
әдістің артықшылығы оқушы көреді, бірнеше рет қайталап оқып, ойланады
және есте сақтайды. Диктант уақыты 3-5 минут, ал сұрақтар саны 5-10
тапсырма болған жөн.
4.Практикалық-лабораториялық жұмыс арқылы оқушы білімін тексеру үшін
алдын-ала сабақтың тақырыбы мен орындалу тәртібі жазылады. Бұл
сабақта оқушылар
өздері жаңа математикалық
графиктер мен суретер бойынша жұмыс істеуі мүмкін.
а) модельдер бойынша жұмыс істеу;
б) функциялар беріп
олардың графиктерін салу
бір заңдылықтарды пайдаланып функцияның түрін анықтау;
5. Дианоздық тексеру.
Ол аз уақыт ішінде оқушылардың білімдері мен іскерліктерінің деңгейі туралы дұрыс мәлімет алу үшін қолданылады. Бұл жұмыс жаңа сабақты, өткен материалды қалай меңгергендігін анықтаға мүмкіндік береді. Мысалы, сыныптан сыныпқа көшкенде білім дәрежесін анықтауда қолдануға болады.

- Оқушылардың білім, іскерлік, дағдыларын бақылау және бағалау
- Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру
- Оқушылардың логикалық ойлауын шығармашылық жаттығулар арқылы дамыту
- Оқушылардың математикаға танымдық қызығушылығын қалыптастыру
- Оқушылардың танымдық қызығушылығының теориясы
- Оқушылардың физикадан шығармашылық қабілетін дамыту жолдары
- Оқушыларды патриотшылдыққа тәрбиелеу
- Оқудың педагогикалық технологиялары
- Оқу заңдары, заңдылықтары жəне принциптері
- Оқу кезінде бұл мақалада қолданылған сөз қорына қатысты түсінбеушілік туындауы мүмкін. Мақала талқылауын қарап өтіңіз
- Оқу орнының материалдық техникалық базасымен танысу
- Оқу сапасын арттырудағы көрнекіліктің бастауыш сыныптарда қолданылатын әдістері
- Оқу-таныстыру тәжірибесін өту нәтижелері туралы есеп
- Оқушылардардың шығармашылық қабілеттерін мәдени іс –әрекет тапсырмалар арқылы қалыптастыру