Оюлар сыр шертеді

Оюлар сыр шертеді. Ғалымжан Сейдуалиева  

 

Кіріспе 

 

І.     Қазақ ұлттық ою-өрнек өнерінің тарихи дамуы.

1.1  Ою-өрнектің даму тарихы.

1.2  Қазақ ұлттық ою-өрнектерінің класификациясы

1.3  Қазақ ұлттық ою-өрнектерінің танымдық  мәні. 

 

ІІ. Қазақ ұлттық бұйымдарындағы ою-өрнек үлгілері.

2.1 Қазақ кілеміндегі ою-өрнектер.

2.2 Қазақ киіз бұйымдарындағы  ою-өрнектерді жасау технологиясы.

2.3 Тұрмыстық бұйымдардағы ою-өрнектер.       

 Қорытынды.      

 Пайдаланған әдебиеттер. 

 

 

 

Кіріспе

Ғылыми жұмыстың жалпы сипаттамасы. Өркениетті қоғам мен құқықтық мемлекеттің гүлдене түсуі өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениеттілігін, еркін ойлау қабілеті мен шығармашылығын, кәсіби біліктілігі мен білімділігін талап етеді.

Осыған орай Қазақстан Республикасының  білім беру мен тәрбиелеу саласының  түбегейлі жаңару жағдайы бүгінгі  таңда халықтың дәстүрлі өнер түрлерін жинақтап, зерделеудің, оның айналасындағы  тәлім тәрбие, мол тәжірибе негізінде  жас өспірімдерді тәрбиелеу қажеттігін тудырды.

Сондай қажеттіліктің бірі-халықтың қолөнері, оның ішінде ою-өрнек өнерінің тәлім-тәрбиелік мүмкіндіктерін қазіргі ұрпақ тәрбиесінде тиімді пайдалана білу болып табылады. Қазақ ұлттық ою-өрнек өнері өзінің бай тарихы, терең мазмұны мен эстетикалық тұрғыда әсер етіп оның сапалық қасиеттерін дамыта түсетіні сөзсіз.

Ғылыми жұмыстың өзектілігі. Ою өрнектердің символдық мәнге ие болуы , оның ұлттық болымысымызды бейнелейтін заттарда көрініс табуы. Сондай-ақ ою-өрнектердің  түрлі танымдық нышандарының болуы қазіргі зерттеушілердің көптеп көңіл бөлуін  қажет етіп отыр.  Қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің мәнінқазақтың ұлттық дүниетанымымен байланыстыру жұмыстың өзектілігін көрсетеді.  

Ғылыми жұмыстың мақсаты. Қазақ  ұлттық ою-өрнектерінің құпиясын ашуға деген қызығушылық жыл санап өсіп келеді. Ұрпаққа мұра болып қалатын дүниенің  сырын ашыпоны келешек ұрпаққа аманат етіп қалдыруды біз өзіміздің алға қойған мақсатымыз деп білеміз. Осы мақсатқа жету барысында  мынадай міндеттерді шешуге тырыстық:

-қазақтың ұлттық ою-өрнектерін класификациялау;

-ою-өрнектердің танымдық мәнін ашу:

-кілем, киіз және т.б. ұлттық  бұйымдарға  түсірілетін ою-өрнектерді жасау технологиясын ашу. 

Жұмысытың ғылыми жаңалығы.Ұлттық ою-өрнектердің танымдық мәнін аша отырып біз төмендегіше қортындыға келдік.

1. Ежелгі ата-бабамыздың күнделікті тұрмыс тіршілігі  табиғат пен мал шаруашылығымен байланысты болғандықтан өздерінің  ою-өрнектерінде көбнесе жан-жануар, құстарға табиғат құбылыстарына байланысты элементтеріне көбірек пайдаланған.

2. Ежелгі ою-өрнектер ақпарат құралдарының ролін атқарған.

3. Ою-өрнектердің танымдық мәні жағымды эмоцияға  негізделген. Мұндай ою-өрнектердің тәрбиелік мәні өте күшті.

4. Ою-өрнектер рухани эстетикалық қызмет атқарады.

Ғылыми жұмыстың зерттеу әдістері. Зерттеу әдісі жұмыстың мақсатынан туындайды.  Бұл еңбектің басты мақсаттары ұлттық ою-өрнек өнерінің  дамуын жалпылай мәлімдеумен емес, білім беру жүйесі арқылы барынша  тиімді қол жеткізуге болатынын  дәлелдеу. Халық мұрасындағы ұлттық өнердің даму тарихын –оқыту тәрбие  жүйесінің жай ғана бөлшегі емес. Аталған идеяны  қабылдау – бұл салада  тың бағыт ұсыну, ұлттық өнеріміздің  әлемдік деңгейін  дәстүрлі  тарихи  құндылықтарымен үйлестіріп, оқыту мен тәрбиенің ұлттық жүйесін құру дегенді білдіреді.

Ғылыми жұмыстың дереккөздері. Ғылыми жұмысты жазу барысында  Ұ.М.Әбдіғапбарова,  Ж.Балкенов, А.Бекқұловалардың еңбектері,  Қазақ совет энциклопедиясы пайдаланылды. 

 

І. Қазақ ұлттық ою-өрнек  өнерінің тарихи дамуы.

1.1 Ою өрнектің даму  тарихы.

Ежелгі  өрнектік  элементтердің  дамуындағы  тарихи деректер, болашақ  мамандар үшін, олардың  шығармашылық  жұмыстарында  елеулі орын алады. Өрнектік  элементтердің  жасалуын, түрленуін, олардың  тарихи  дамуын зерттеп, тарихи көркемдік  әдебиеттермен егжей-тегжейлі  жұмыс атқарылуы арқасында  құнды  тарихи деректер жинақтауға  мүмкіндік жасайды.

Өркениеттi қоғам мен тәуелсiз  мемлекеттiң  гүлдене түсуi өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениеттiлiгiн, еркiн ойлау мен шығармашылығын, кәсiби бiлiктiлiгi мен  бiлiмдiлiгiн талап етедi. Әр халықтың  ұлттық  мәдениетi дегенiмiз  - оның ең бiрiншi  қолөнерi.  Қазақ халқының сәндiк қолданбалы қолөнерiнiң өсу жолы, өзiне тән даму  тарихы бар. Б.з.б. III- II ғасырларда аң стилiндегi өнер бiртiндеп құлдырай бастайды. Аң стилi бiрте-бiрте ою-өрнекке айналады.  Оның орнын түстi тастан  көз салу, бедерлеу техникасы және басқа да әшекейлеу тәсiлдерi қолданылатын полихромдық деп аталатын стиль басады. Жануарлар дүниесiнiң бейнелерi схемаға айналып, бай полихромдық өрнекке сiңедi де, қолданбалы өнер туындылары шығады.  

Б.з.б. VI-IV ғасырлардағы екiншi  кезеңде жеке өзi, бiр орында тұрған күйiнде бейнеленген жануарлар бейнелерiнiң орнына құрылымы күрделi, динамизмге толы  сюжеттер шығады. Жүрiп келе жатқан аңдардың бедерлi бейнелерi, аңдардың шайқасып жатқан, жыртқыштардың шөп қоректi жануарларды тарпа бас салып жатқан көрiнiстерi бар композциялар  көбiрек кездеседi. Бейненiң қозғалыста екендiгiн көрсетудiң басқа да  техникалық әдiстерi: қисық, сызықтар жүйесi, жануарлардың дене мүшелерiн бұрамалар, шырмауықтар, орамалар, үш бұрыштар, жақшалар және т.б. бейнелер қолданылады. Бұл өнер дайын күйiнде сырттан бiр жақтан әкелiнген жоқ, сақ  мәдениетiнiң негiзiнде туды. Ою өрнектiк полихромияның кейбiр әдiстерi б.з.б. VII-VI ғасырларда-ақ жетiле бастады. Сақтардың қолданбалы өнерiнiң  маңызды түрi ою-өрнек болды, ол аң стилi өнерiмен қатар, онымен өзара  байланыста дамыды.  Солардан бiзге жеткен қолданбалы өнерiнiң бiрнеше түрiн: геометриялық, өсiмдiк тектес, зооморфтық, символдық түрлерiн бөлiп көрсетуге  болады. Сонымен қатар сақтардың қолданбалы өнерiнiң маңызды түрi ою-өрнек болды, ол аң стилi өнерiмен қатар, онымен өзара байланысты дамыды. Алайда көркемдiк металға қарағанда ою-өрнек салынатын органикалық негiз (терi, киiз, ағаш, жүн, маталар) тез шiридi. Сондықтан да ою-өрнек творчествосының кейбiр үлгiлерi тек ерекше қолайлы жағдайларда ғана, мәселен, оба томында сақталған, оның iшiнде бұл үлгiлер Алтайдың  Пазырық қабiрлерiнен табылған.

1.2 Қазақ ұлттық ою  өрнектерінің класификациясы. Ата-бабамыздың бай мәдени мұрасының тарихын білмей, жаңа өмiрдiң  талабына лайық жауап беретiн туынды жасау мүмкiн емес. Жаңа туындының тамыры көне дүние тарихымен неғұрлым терең астасқан сайын оның өрбiп,  жапырақтың бұтақтары да жаңа заманның рухынан нәр алып, сол ортаның идеологиялық және рухани ата-бабадан  қалған мәдени мол мұраларынан нәр алып, жаңа өмiрдiң жаңа талабына сай жаңаша жырлауы керек. Қай мамандықтың зерттеушiсi болмасын, ескi тарихи мұралардың негiзiне сүйенбесе, оның еңбегi де, туындылары iргетассыз салынған үймен тең, ондай туындының өмiрi ұзақ болуы  мүмкiн емес. Бұл жағдай мамандықтың қай саласы болмасын, барлығына бiрдей қойылатын қатаң да заңды талап. Бұл талапты мүлтiксiз орындау–мамандарымыздың баршасының қасиеттi борышы болса керек.

Қазақтың өрнекті  әшекеймен істелетін қолөнерінің  түрлері де, атаулары да жетерлік. Солардың  ішінде халық арасына  көбірек  тарағаны  - ою-өрнек. Ою-өрнек ісі  тым  ерте заманнан бастап-ақ қолөнердің барлық түріне  бірдей ортақ әсемдеп  әшекейлеудің негізі болып  келді. 

 Ою деген  сөз бен өрнек деген сөздің  мағынасы бір.   Өрнек дегеініміз  әр түрлі  ою, бедер, бейненің, күйдіріп, жалатып, бояп, батырып, қалыптап істеген  көркемдік  түрлердің, әшкейлердің ортақ  атауы іспеттес. Сондықтан  көбінесе  ою-өрнек  деп  қосарланып  айтыла  береді.  

 Ою-өрнектің  біздің  заманымыздың  мыңдаған  жылдар бұрынғы  халықтарда  да соншалық ескі  дәуірден бері келе  жатқан  халықтық өнердің  бір  түрі болып  саналады.  Қазіргі   шеберлердің іс үлгілерін  зерттеу  нәтижесінде анықталған  ою-өрнектердің 200-ден астам түрі бар. Өрнектердің  шығу тарихы, адам өмірімен, тұрмысымен  байланысты  екенін  көрсете келе  олардың  даму ерекшелігін, дәуірдің, адам  баласының  сана-сезіміне қарай  өрнектің  таңба,  элементтердің  дамуы мен өркендеу  ерекшелігін байқауға болады.  

 Ою-өрнектің  дамуы,  сонымен қатар  дәуірдің  даму  тарихына  қарай сәулет өнеріндегі  стильдік  сипатқа ие болды.  Архитектура-дағы  өрнектердің  сипаты  дәуірге байланысты сипат алса,  барлық  сол кездегі  бейнелеу  өнерінің  түрлері соған  байланысты дамып,  стильдік  бағытта орын алады. 

 Өрнектік элементтердің  түрленуі оның  тарихи дамуға  байланысты екенін, өрнектік сипатқа талдау барысында анықталды. Ою-өрнек элементтерінің  айырмашылықтары  олардың  адам өміріндегі  тарихи дамуына, кәсібіне, ортасына байланысты.

Ою-өрнектің бірінші тобы - жан-жануарлар әлемінен алынған топ. Қазақ-ежелгі көшпелі халық. Олар негізінен мал шаруашылығымен айналысқан. Сондықтан оның дүние танымында малға көп орын берілген. Өмірлік мүдде мен қоршаған орта қазақтың оюы мен кестесінен орын алған. Оюларда түйе, жылқы, бүркіт, сұңқар, бөрімен басқалары кейде тұтас тұлғасымен кездессе, кейде олардың белгілі бір бөліктері-мүйізі, табаны, өркеші, тұмсығы, ізі, құйрығы кездесетін болған.       

 “Қошқар мүйіз”-қазақ дәстүрінде ең көп ұшырасатын ою. Ежелден қой баққан халықтың қошқар мүйіз оюға деген ықыласы бөлек болған.  “Қос мүйіз”, “қыңыр мүйіз”,”бұғы мүйіз” атты оюлар тұрмыста көп пайдаланылған.        

 Көнеден келе жатқан өрнектің  келесі тобы - ғарыш сипатты (космогониялық)  оюлар. Қазақ қашан да қияли  жүйрік халық. Қазақтар ежелгі  заманда-ақ ғарыш сырын ұғуға  тырысқан. Өз қиялдарын тұрмысындағы заттарды жасауға немесе безендіруге пайдаланылған. Аспаннан жерге жеткендей әсер береді. Зооморфтық ою-өрнек аң стилiнiң көптеген сюжеттерiне негiзделдi. Мұнда хайуандардың, дала қыранының бастарын, текелердiң, бұланның, бұғының мүйiздерiн схемалық түрде бейнелеу көп тараған әдiс болды. Қайсiбiр затта бiрнеше ою-өрнек сарындарының араласып келуi де  жиi ұшырасады. 

 Ғарыштық сипаттағы өрнектер  арасындағы, алдымен Күннің жөні бөлек. Сондай-ақ түнгі аспаннан да талай ою алынған. Небір аңыздарға арқау болған. Құс жолына қарап “шимай” және ”бітпес” деген өрнектер жасалынды. ”Айшық”, “Ай гүл”  деген өрнектер түнгі аспанның басты тұлғасы негізінде дүниеге келген.  “Ай гүл”  қазақ тарихындағы алғашқы өрнектердің бірі болған, оған негіз бар. 

 «Күн» ою-өрнегі Күнді меңзейді.  Күн, Ай, аспан  бейнеленген тұмарлар қасиетті деп саналған, себебі, діни  ұғымда бұлардың магиялық  күші бар деп  сенген. «Күн», «күн-көзі», «күнсәулесі», «шыққанкүн» оюлары кілемнің, тұскиіздің дәл ортасына салынады, сол сияқты бұл өрнек кесте тоқуда немесе ағаштан, сүйектен ойылған заттарды бедерлеуде, ат-әбзелдерін әрлеуде қолданылады. 

 Қазақ ою-өрнектерінде кейде түзу, қисық, кейде доға сызықтар көптеп кездеседі. Бұл топқа жататын оюлар мен өрнектер киім безендіруде молынан кездеседі. Кейде өзен, аққан су сияқты ирек кестелер кездеседі. Оны қазақтар тоқтаусыз, қозғалыстағы үзілмес өмір белгісіндей қабылдайды. Мұндай өрнектер көрнекі жерге-киім өңірлеріне түсіріледі. Толқын тәріздес таусылмас өрнектер күрделі жануарлар немесе аспан әлемінен алынған өрнектердің екі шетін қаусырып тұру үшін таптырмайды.  Сондай-ақ “сүйір”, “ирек”, “балдақ”, “қармақ”, “тұмарша” тәрізді атаулар оюларды киім безендіруге пайдаланбаған. Олар алаша, ши, басқұр, текемет және басқа тұрмыстық заттар үшін таптырмас безендіру үлгілері.          

 Ою-өрнектің  төртінші үлкен тобы - өсімдік тектес оюлар. Қазақ ежелден     табиғатты аялаған. Табиғаттан өзіне пана тапқан.  Қазақ ою - өрнегі - ғасырлар бойы дамып келе жатқан өнер туындысы. Ою- өрнек өнері – қазақ халқының ауыз әдебиеті секілді мәдени шежіре. Халқымыздың қай қолөнер саласын алсақ та, ою-өрнектер өзіндік ерекшелігін сақтай отырып, белгілі бір тәртіппен орналасқанын көреміз. Олардың ежелден келе жатқан нұсқаларында элементтер құстың, гүлдің, жануарлардың түрін тұспалдап тұратыны белгілі. 

 Ою-өрнектерде,  бояу түсі мен мәнерінің тепе-теңдік принципінің берік сақталып келуі негізгі ерекшелік болып саналады. Қазақтың ою-өрнектеріндегі бояу композициясының тереңдігі, көркемдігі мен оның белгілі бір идея  әуенінен туындайтындығы - бұл өнердің эстетикалық әсерлілігін байыта түседі. Бояу түсінің құнарлығы, қайталануы, назар аударарлығы көп жағдайда қазақ ән-күйіне бір сарындас болып келеді. Сайып келгенде бояу үндестігі, бояу шешімі ою-өрнек өнерінде адамға идеялық және эмоциялық жағынан мықты әсер ететін негізгі арқау болып табылады. 

 Әр халықтың өнерінде бояу түсі әр қалай бағаланады. Қазақ ою-өрнек өнерінде ақ түс көбірек қолданылады. “Ақ” түс– шындық, қуаныш, бақыттың нышаны. Сол сияқты қазақтардың ұғымында басқа бояу түстерінің де орны айрықша. Мысалы,  “көк” - аспанның, аспанға табынудың, “қызыл”- оттың,  “сары” - айырылысудың, “қара” - жердің,  “жасыл” - көктемнің, жастықтың, символы. Бұдан, түр-түс ою-өрнек өнеріңде күрделі рол атқаратын, ондағы ойды бейнелеу арқылы болмыс пен шындықты көрсетуде өзіндік шешім табатынын байқаймыз. 

 Көне түркілердің түсінігі  бойынша, құс - көктің, балық -судың, ағаш-жердің белгісі. Сол қазақ ою-өрнегінің мақұлық аты, нәубет аты, ғарыш аты,  тіке сызықты нышандық, танымдық т.б. сарындарының мазмұнын байыта түсті. Халқымыздың ғысырлар бойы мұра болып келе жатқан мәліметтерге сүйенсек, шеберлер өздерінің қолөнер туындыларына табиғаттан алынған бейнені дәлме-дәл түсіруге ұмтылған. 

 Өнер шығармаларында түрлі  түс жағынан  болсын, бейнелеу жағынан болсын екі нәрсе қатар, яғни қарама-қарсы келгенде арасындағы  айырмашылық көзге көбірек түседі. Мысалы, биік пен аласа, көрікті мен көріксіз,  жарық пен  көлеңке т.б. қатар келгенде, араларындағы  айырмасын  анық байқаймыз. Мұндай көріністі бейнелеу   қарама-қарсылық деп те атайды.  Кейде композициямызда түстерде бір-біріне бірігіп қарама- қарсылық үйлесімін тауып тұрады. 

 Түрлі түстердің  байлығы,  сөздің  ою-өрнегі ғана емес, халықтың  бүкіл  тарих бойына, санасына ұялаған дүниетаным түйсігі, ұғым нанымы жатыр.  Түстердің терең тылсымын, оның құпия сырларын түсінуге, бағдарлауға талаптану қажет. Көркем шығармада түрлі түстерді қолдану  тәсілдері мен түстердің арақатынасын  анықтап алу керек. Көркем шығарманың  құрылымына енген кезде,  шығарманың  бейнелейтін ойдың мазмұнына сай,  көркем-образдық мазмұнына сай, көркем  өзгерістерге ұшырау заңдылықтарын  анықтау  мен көркем түстердің  өзара  үйлесімділігіне байланысты, белгілі бір стильдік  жүйеге  тән ерекшеліктерін аша  білу керек.

1.3 Қазақ ұлттық ою-өрнектерінің танымдық мәні. Ел әдетін,  этнографиясын білген  адамға мұндай өрнектердің  бұйымдық ұғымын және  олардың  неліктен  бұлай аталатындығын  пайымдау қиын емес.  Халқымыздың  шиге,  алашаға,  кілемге  салатын «омыртқа»  өрнегі  Ғ.Иляевтің кілем,  түскиіз, терме-алашаға арнап  жасаған өрнегі.  Өрнек  кілең «сынық мүйіз»  өрнегінің  элементтерінен құрылған.  Сонымен қатар, өрнекте ұлы жүз қазақтардың рулық  белгісі болған «тарақтаңба»  да көрініп тұрады. «Омыртқа»  өрнегін  малдың кепкен жалпақ омыртқасының сүресін есіне  түсіре алмаған  кісінің  түсінуі қиын. Сол сияқты  жалпы  атауы мүйіз (қойдың, арқардың, бұғының)  ұғымынан  алынған  әр түрлі  және  көп тармақты өрнектер  де неше  иіріліп, әр түрлі  тармақталып, бір сюжетті  тұспалдап  тұрады.  Мысалы,  «қошқар мүйіз» өрнегі   ерте заманда бір түрде жасалып, бара-бара әдеміленіп келіп, екінші түрге  ауысқан.  Бірақ оның  бастапқы  затқа  ұқсастығынан  гөрі  әдемілігі, әшекейлігі басымдана  түскен. Мысал ретінде көне заманның айбалталарын  алайық. Айбалтадағы екі мүйіз тек әдемілік үшін  ғана  жасалған өрнек.  Ал балта жүзінің өзі де жарты ай бейнесін меңзеп  тұр. Айта кетерлік бір жай осы сияқты мүйіздеп әшекейлеу арқылы  жасалатын  өрнектер қазақтан  басқа  елдерде де көп  кездесе  береді.  Қырғыз, өзбек, армян, әзербайжан, түрікмен, украин, молдавандарда  және  тағы басқа елдерде кездеседі.  Әрине әр елдің  салттық ұғымдарына, дәстүрлеріне байланысты олар әр алуан болып келеді.  Демек, халықтар арасында бірінен бірі  үлгі  алу, өнеге  ауысу ертеден –ақ  жақсы дәстүр  болған деген  ойымызды бұл жайлар тағы да  дәлелдей түседі.  Ал шырмауық, шытырман, гүл, жапырақ және геометриялық фигуралар тектес  өрнектер  барлық  халықтарға ортақ. Мүйіз ою-мүйіз тәрізді өрнектелгендіктен  мүйіз аталуы сөзсіз. Түскиіздің шетіне көбнесе қолтықшасына өрнектеледі. Жерге төселетін текеметке ұдайы осы ою салынып қолтық деп аталады. Мұнысы, хош келдіңіз, өз үйіңіздей көріп, жантая отырып дем алыңыз деген қонақжайлық белгісі. Омыртқа- мал шаруашылығымен тығыз байланысты туған, малдың дене мүшесіне қатысты өрнек. Бұл ою-қайраттылықтың ерліктің белгісі. Ер адамның, батырдың киімінің, кейде құрлардың шетіне салынады.

Тау оюы- қолөнер бұйымдарының жиектеріне салынады, мәңгіліктің, күш құдіреттің символы. Қариялардың деп бата беруіде тектен тек емес.

Гүл оюларының өзінде де халықтың дана ойы жататынын мынадын байқаймыз: гүл мен гүл түйнегінің айқаса бірігіп салынуы-бірлікті, елдің ынтымақты болуын мегзейді.

“Тасбақа оюы”-мәңгіліктің символы. Бейіт басындағы сынтастар көбнесе тасбақа бейнесіндегі тасқа қашап орнатылады. Бұл оюбатырдың, ханның киіміне, жауырынына, қалқанына салынатын болған.

Халықтың рухани өмірі: ұлттық салт-дәстүрлер, наным-сенімдерге байланысты  оюлар-Мысалы, қазақ халқының ерте кезден бергіәдет-ғұрпы, салты бойынша, бөтен жерге, алыс ауылға күйеуге ұзатылатын қыз баланың белгілі бір уақыттан кейін төркін жағына сәлемдеме жіберу дәстүрі болған. Сәлемдемеге жас келіншек өзінің күйеугешыққаннанкейінгі тұрмыс жағдайын ою-өрнекпен бейнелеп жіберуі шарт. Осы салт бойынша тұрмысқа шыққан қыздың үйіне жіберген сәлемдемесінде алақандай жарғақ, оның бетіне бойы сорайған ұзын және өте жіңішке, әрі арық адам бейнесі кестеленіп салынған және оның  жанында тұрған дөп-дөңгелек адам тұрпаты бейнеленген. Бұл сәлемдемеде қыздың ата-анасы жат-жұртқа ұзатылған баласының “отырса опақ, тұрса сопақ” болған мүшкіл халін түсінген.Ал басқа ретте күйеуге ұзатылған қыздан “құсмұрын” бейнесі салынған сәлемдеме келсе, ата-анасы одан баласының барған жерінде құстай ерікті, басы  бостандықта, жағдайы жақсы екенін ұғатын болған.

Итқұйрық- иттің құйрығы тәрізді ою. Бұл өрнек ауыларалық белгісі (символы). Кебеже, қоржын бетіне, тақыр кілемге салынады.

Түйетабан оюы- алыс сапар нышаны(символы). Көштегі түие жабуына, жібек жол сауда заманында саудагерлердің шапанына салынған.

Қазақ халқының  қолөнер шебері ою-өрнек өнерінде  нағыз сынға түседі, яғни қолөнер шеберінің таразысы-ою-өрнек өнері.

Қазіргі  заман  талабына сай сәндік қолданбалы өнер  саласында  ою-өрнектің  алатын орны  мен маңызы  ерекше. Көркемдік  өнер заттары мен бұйымдарының барлығы  ою-өрнекпен әшекейленіп, өзінің сәндік, көркемдік  мағынасына, түріне, сипатына  ие бола алады.

Өсiмдiк тектес ою-өрнектерінде көне жергiлiктi дәстүрлерi жоқ. Оның басты-басты әуендерi қатарында лотостың түйiндерi мен гүлдерi шырмауық өсiмдiктерiнiң өрмесi, гүл тiзбегi үш салалы жапырақтар түрiнде болды. Кейбiр ою-өрнек әуендерi, мәселен лотос Ежелгi Шығыс өнерiнiң ықпалынан туған.

Символдық ою-өрнектiң негiзгi табиғат күштерi мен аспан шырақтарына  сыйынушылықтан туды. Шеңбер, бұрама, айқыш-ұйқыш сызық үлгiсiндегi фигуралар  күннiң эмблемасы болды; бұйра толқындар  сарыны бұрама ирек түрiндегi  қисық  сызық  белгiлерiмен, S-тәрiздес фигуралармен берiлдi.

Қазақтың ою-өрнек өнерiнде кездесетiн әртүрлi саздағы (мотивтегi) элементтер көп ғасырлар бойы сұрыпталудан өтiп, әр шебердiң өзiнше өзгерiс ендiрудiң арқасында бiр түрден екiншi  түрге ауысып отырған. Ою жасаушылардың шығармашылық еңбегiнiң арқасында зооморфты саз өсiмдiктер тектес сазға, геометриялық саздағы элементтер – зооморфты, немесе өсiмдiктер тектес сазға т.с.с. ауысып отырған. Бұл жағдай қазақ ою-өрнек өнерiнде бiрнеше элементтермен-ақ шахматтағыдай мыңдаған түрлi композициялық  варианттарды жасауға болатындығының дәлелi.

Қазақ оюларының өрiсi кең, болашағы мол. Ою-өрнектердi шеберлердiң шығармашылық жұмыстарынан, тоқыма бұйымдардан, киiм жиынтықтарынан  және т.б. кездестiруге болады. Қазақтың ою-өрнек өнерiн ғылыми негiзде зерттеу  iсiмен мамандар көптен берi  шұғылданып келедi. Елiмiздiң этнограф-тарихшылары мен өнер зерттеушiлерi  дайындаған еңбектерiнде ою-өрнектiң түрлерi, атаулары, шығу тарихы туралы көптеген құнды деректер жинады.  Тарихи мұраларды қарастыру  нәтижесiнде қазақ оюларының негiзiн құрайтын 200-ден астам ою-элементтерiнiң атаулары анықталған. Көп жағдайда ою элементтерiнiң аты материалдық дүниедегi жан-жануарлардың дене мүсiндерiне қарай, өсiмдiктердiң сабақтары мен жапырақтарының сыртқы бейнелерiне қарай немесе геометриялық фигуралардың жаратылу ерекшелiктерiне қарай аталып келген. Тiптi, олардың арасында аңыз ертегiлерде айтылып жүрген аждаћалардың бейнесiнен бастап бүгiнгi күнгi космосты игеру тақырыбына дейiнгi атаулар мен элементтер де кездеседi.

Сонымен қатар қазақтың ою-өрнек элементтерiнiң керемет икемдiлiк ерекшелiгi де бар. Бiр композицияның iшiнде әртүрлi саздағы бiрнеше элементтер бiр-бiрiмен тұтаса бiрiгiп, бiр бүтiн аяқталған ою композициясын құрайды. Мұндай жағдайда ою сүйегi  бiр түстi бояумен боялады да, оюдың элементтерiн бiр-бiрiнен жақсы анықтау  үшiн фонды түрлi-түстi бояумен бояйды.

ІІ. Қазақ ұлттық бұйымдарындағы  ою – өрнек үлгілері.  Халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан эстетикалық талғамының куәсі болуымен бірге, әлеуметтік тарихи және кәсіби дамуынан мағлұматтар берді. Қазақ халқы өзінің ұзақ даму тарихында бірсыпыра елдермен араласып, әр кезенде түрлі карым-қатынаста болғандығы мәлім, ғасырлар бойы өзбек, ұйғыр, қырғыз, ноғай, қалмақ халықтарымен, араб, парсы елдерімен, сондай-ақ бүгінге дейін орыс халқымен ұдайы мәдени байланыста. Соңдықтан қазақ халқының негізін құрайтын ою-өрнектерді көршілес елдердің қолөнерінен де кездестіруге болады. Жалпы қазақ пен қырғыз халықтарының оюларының ұқсастықпен қатар айырмашылықтары да бар. Қазақ ою-өрнегін зерттеген Еуропа, орыс ғалымдары қате пікірлер айтып, осы өнердің дамуына, мәліметтердің қағазға түсіруіне кедергі туғызды. Қазақ қолөнерін зерттей келе ою-өрнек өнерін жоғары деңгейде дамып қана қоймай көршілес елдердің қолөнерінде үлкен әсер еткізгеніне көз жеткіздік. Қазақ ғалымдары ою-өрнекті орыс, еуропа ғалымдары сияқты терең зерттеген жоқ, яғни бұл тақырып бүгінге дейін арнайы зерттеу объектісі болмай отыр. Ғасырлар бойы қазақ қолөнерінде ою-өрнек тек қосалқы рөл атқарып қана қоймай, олардың ежелден төтемдік және символдық мәні болғанын қазақ ою-өрнегін алғаш зерттеген қазақ ғалымы Т. Бәсенов қазақ мәдениетінің мәдени шежіресі болып табылатын ою-өрнекті түбегейлі зерттеп көптеген құнды пікірлер қалдырды. Қазақ оюларының араб, иран, византия оюларынан басты айырмашылығы - ою-өрнектің әрбір элементі жеке дара күйінде бейнеленіп, оның әрбір элементі дара тұрады. Кеңес дәуіріне дейін қазақ қолөнер туындыларын қырғыз ою-өрнектері деп атап келген. Қазақ ғалымдары тәуелсіздік алғанға дейін бұл мәселенің шыңдық негізін айта алмады. Төлеубай Бейсенов негізінен ел арасынан жиналған қолөнер туындыларын альбом етіп шығарып, әсімдік тектес ою-өрнектердің даму тарихын және оншақгы ою нұсқасын қалдырды. Қазіргі кезде ел арасында қол өнерінің ең негізі болып табылатын ою атаулары мен үлгісі ұмыт бола бастаған. Бүгінгі әшекейлеудің басты құралы ретіңде, біз қолданып жүрген ою-өрнектер руға біріккен адамдар тобының белгісі, рәміздері ретінде саяси-әлеуметтік қызмет атқарғаны белгілі. Туымыздан орын алған ою-өрнек те осының айғағы. Рухани қайнарымыздың бірі болған осынау құндылық бүгінде азаттығымыздың нышаны — көк байрағымызды да көріктендіріп тұрған ою. Көп жағдайда халықгың тілін, мәдениетін білмесек те қолөнерде бейнеленген оюларға қарап, қай халықтың қазынасы екенін танып білеміз, өйткені ою-өрнек әр халықтың таңбасы, сол елдің қолөнерінің көнеден келе жатқан мәдениеті. Кеңес үкіметі кезінде ертеден жеткен қолөнер туыңдылары мұражайларда ғана сақталды. Көбнесе бұл өнер туындыларына ескінің сарқыншағы ретінде қарады. Қазір егемен елдің қолөнер туындылары басқа қырынан жаңаша көрініс тапты, ол жаңа түрге, жаңа мазмұнға ие болды.

Қоғамның дамуы адамдардың ой-санасының, мінез-құлқынын өзгеруімен қоса сыртқы сымбат, келбетінің де жаңаруына ыкпал етуде. Қазір киім, бұйымдарда ою-өрнектерді шығармашылықпен қолдану заман талаптарынан туындап отырған мәселелердің бірі деуге болады.

Ежелден келе жатқан кәсіп қол өнер халықтың өмірімен, тұрмысымен бірге дамып, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады. Қолөнер шеберлері оюмен танылады. Орнамент-әсемдеу, сәндеу деген ұғымды білдіретін латын сөзі казақ тіліңде ою-өрнек болып алынып жүр. Бұл сөздің ұғымы бір нәрсені ойып, кесіп алып жасау немесе екі затты оя кесіп қиюластырып жасау, бір нәрсенің бетіне ойып бедер түсіру деген мағынаны білдіреді. Ою-өрнек, әшекей жасау шеберлігі бейнелеу өнерінің бір түрі. Ою-өрнектің бір түрі — ою, белгілі бір затты ою ( тас, темір, ағаш) кесу (ағаш, сүйек) тілу (былғары, тері) қию (қағаз, мата) тәсілдері арқылы жүзеге асады. Ою-өрнек түрлері бүгінгі күнге дейін түбегейлі жүйеленген жоқ. Қол-өнер шеберлері ертеден ою-өрнек атауларын екі топқа бөліп қарастырады, бірінші топ ою-өрнектердің тікелей өзіне, түріне катысты негізгі атаулар, екінші топқа жалпы ою-өрнекті теориялық жағынан негіздеу. Ою-өрнек тарихы, халық тарихымен бірге жасасып келе жатқаны белгілі.

2.1 Қазақ кілеміндегі  ою-өрнектер. Шеберлер кілемдердегі ою-өрнектерді естерінде қалғандары бойынша немесе үлгілері бойынша орындаған, сирек жағдайларда өздеріне ұнаған элементтерді көшіріп алған кез-келген кілемде еркін ойлап шығару үлесі бар.

Кілемдердің ою-өрнектік элементтері-бұл өрнектердің бөлінбейтін бөлігі, мотив ірі және аяқталған композиция. Гүлдер деп аяқталған және бекітілген мотивтер аталады. Әдетте, элементтер мен мотивтер өрнектің өзі сияқты мынадай түрлерге бөлінеді:

-өсімдік тектес: гүл,ағаш,жапырақ және т.б;

-жануарлар тектес: құстардың ізі,ботакөз,мүйіз және т.б;

-заттық:тұмарша,балдақ,сырға,тарақ және т.б;

-космогониялық: ирек, кереге бас;

-декоративтік немесе көмекші:  геометриялық денелер, мысалы, төрт  бөлікке бөлінген шаршы.

Өсімдік ою-өрнектері табиғаттан алатын жапырақ, гүл, бұта ағаш, орман, жер-суды және т.б. мазмұнын біріктіреді. Гүл шешегі және жапырақ ою-өрнектері көптеген бұйымдардың бетін  айшықтауға пайдалынады.

Қазақ  халқы нанымдарда тәңірлік хайуанаттар- ат, бұғы қасқыр, қошқар, аққуды құт деп есептейді.  Ата-бабаларымыз малдың ерекше қасиеттерін бағалап ән-жырға, күйге қосты.  Олардың біраздары шығармаларға бейнелі қол өнерде ою-өрнекке айналды. Сондықтан хайуанаттар оюларының тамыры тереңде жатыр. Бұл оюдың негізін (қошқар мүйіз) –  өрнегі қалайды. Мүйіз – нақыштарымен  безендендірілмеген заттар жоқ деп айтсақ болмайды.

Бұдан басқа хайуанаттар әлемін білдіретін ою-өрнек түрлері көп, бірақ формаларының көпшілігі геометриялық денелерден тұрады. Мысалы, ботакөз, құс тұмсық, қазмойын, сыңар мүйіз, айшық, жұлдыз және т.б.

Космогониялық ою-өрнек біздің көркем өнер мәдениетімізге өте ерте замандардан  сіңіп қалыптасты. Бұл ою-өрнектің негізін әлем, аспан, күн, ай, жұлдыз және бүкіл кеңістіктің бейнелерінен құралады.

Ата-бабаларымыздың аспандағы бір тәңірге сеніп, жалбарынып табынуы, жақсылық бата тілеуі жайдан жай тумаған болар. Қалай болсын күннің шапағаты мен айдың шығып тууы, теңелуі, тұтылулары, жұлдыздардың ағуы бәрі ерекше әсер қалдыратын құбылыстар кілем тоқымаларында мағына –ұғымын сақтап ою өрнек нақышымен безедендіріп келеді. Бүгінгі қалы кілемдерде  жазу дәстүрі әлі де қолданылады. Бұл жазуларда анасы мен әкесінің тілегі, сәлемдері, тарихи мәліметтер ерекше жазылады.  Демек, бұдан қазақ халқы ерте замандардан ою-өрнек өнерін өмір мүддесіне, тұрмыс қажетіне пайдаланып, іске жаратып келе  жатқанын көреміз. Осы орайда қазақ халқының көне дәуірлерден бері жалғасып келе жатқан мұрасы болып анадан қызға беріліп, өзіндік дәстүрге ұласып дүние жүзіне тараған қол өнердің бірі болып табылады.Түкті кілем. Қазақ халқының түкті кілемдері композицияларында орталық алаң-қазық және шеттік жиектер-қорған немесе қоршау дәстүрлі бөлінуі сақталынады.

Кілемдердің жабық композициялық  құрылымдарының ерекшелігі  орталық симметриялық алаңдарда әр түрлі геометриялық формалар жұқа желілі контурмен жиектеледі,ал кейбір жағдайларда онша көп емес жолақ,ала жіп жүргізіледі,ол тыныштықты білдіреді. Орналастырылған ою-өрнектің түріне қарай кілемнің орталық алаңы негізгі түкті мынадай болып ерекшеленеді:

-көпбұрыштардан,алтыбұрыштардан, сегізбұрыштардан және т.б.тұратын ою-өрнектер кілемнің орталық осіне екі немесе үш қатарда тік немесе рапорттың ромбылық торына байланысты орналастырылады(кілемнің бұл типі кілем тоқудың барлық өңірлері үшін сипатты);

-кілемнің орталық осіне үш-төрт  түрлі денелер немесе баспалдақты  шаршылар, қошқар мүйіз өрнегімен  біріктіріледі;

-өсімдік тектес ою-өрнектер құс немесе жануарлардың бейнелерімен үйлестіріледі (xx ғасырдың екінші жартысына, Қызылорда облысының шығыс аудандарына сипатты);

-жұлдыз (шатыргүл) өрнегі үш немесе  төрт бейнемен кілемнің орталық  осіне, ал кейде раппорт торынан  тікелей екі қатарда орналастырылады  (Оңтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл облысының батыс аудандары);

-сирек қазақтың медальондық  кілемдеріне «классикалық» кілем  сызбасы орталық алаңмен және  ортадағы медальонмен, бұрыш секторларымен  және бірнеше жолақтың шетімен  біріктіріледі;

-қазіргі кілемдік компазицияларда  бұғылардың, әтештердің, аққулардың, гүл  салынған құтылардың бейнелері  кедеседі; бұл құбылыстар уақыттың  белгісі, бір жағынан халықтық кілем тоқушылардың тілегін білдірсе, екінші жағынан кілем тоқу өнерінің әртүрлі елдермен таныстығын білдіреді.

Кілемдердің фондық кеңістігі салынған өрнектер мен орталық медальон арасын жеңіл өрнекпен шағын гүлдермен немесе желілі ою--өрнектемен толтырады.

Түкті кілем оюында кейде ескі нышандар, мысалы, тісті крестер күннің бейнесін нышандайды; шаршы адамзаттың «жабық» бейнелеріне жатады дейді зерттеушілер; сегізбұрышты жұлдыз құдайшылықты, аспанды білдіреді. Ала жіп – «өмір жібінің» ою-өрнектік баламасы, аспан мен жердің байланысының нышаны. Ағаш көбінесе крест бейнелі гүлдердің контуры болып келеді.

Кілемдерде гүлдердің өрнегі үшеу немесе төртеу болады. Олар шамасы сандарды бейнелеу нышандарымен байланысты болса  керек. Төрт саны алғашқы элементтерде  (жер, ауа, су, от) жыл мезгіліне, жарық тарабына, өмірдің кезеңдеріне сәйкес келеді. Үш саны бұл жетілдіру бейнесі (құбылыстың немесе үдерістің үш кезеңі, құдайдың үш жақтылығы және тағы басқа) ислам  нышанында ол жан, рух пен дененің өзара байланысын бейнелейді.

ХХ ғасырдың басында кілемдердің  аралығы мен шеттеріне жартылай пластикалы, қисық сызықты халық  кестесіндегі және киіздерге салынатын  ою-өрнекті элементтер пайда  бола бастады.

Кілемдердің жиектері немесе шеттері  – шет ою, әдетте бірнеше ою-өрнектік жолақтан тұрады, алайда бәрінен жалпақ орта және жіңішке, ішкі және сртқы өрнектерден құралады. Жиектердің алаңдары онша күрделі емес, бірін –бірі қайталайтын немесе тізбекті өсімдік тәрізді өрнектермен – гүл; жапырақ; геометриялық-кереге көз ,тұмарша, жануар бейнелі- қошқар мүйіз, ботагөз, комогониялық-айшық, жұлдыз және басқа да ою-өрнектік элементтер мен мотивтерден тұрады. Жиектерді жұқа түрлі – түсті  жолақтар-су бөліп тұрады. Жиектердің шеттері ХІХ ғасырдың  ортасына дейін жіңішке болып келген.

Біздің заманымыздағы ашық және әр-түрлі түсті кілемдерден олардың  айырмашылығы- ХІХ ғасырдың аяғындағы кілемдер қанықтырылған  қызыл түсті, негізгі ою-өрнегі көк түсті, ақ, жасыл, сары және басқа да түстердің аздаған қосындысынан тоқылған.

Бір және басқа да түстердің қосындысы (төрттен тоғызға дейін) көптеген кілемдерде  қолданылатын түстердің маңыздылығын көрсетеді, шамасы ол сәттілікті тілеудің нышандық мәні мен  өмірді мәңгіліктендірумен, құнарлықпен байланысты болса керек. Қызыл түстің басымды болуы күнді, өмірді, қуанышты бейнелейді; көк-күннің,судың түсі тұрақтылық пен сенімділікті білдіреді; сары—алтынмен біріктірілген; қызыл қоңыр түс-күннің шығуын көрсетеді; жасыл- құнарлықпен байланыстырылады; ақ- қасиетті деп есептеледі.

Оюлар сыр шертеді