«Өзбек» этноқауымдастығының пайда болуы

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі      

      Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті 

 

                      

          Факултет: тарих,археология және этнология

 

 

   Ғылыми баяндама

              Сәуір конференциясы

    Тақырыбы:   «Өзбек» этноқауымдастығының пайда болуы                                                    

 

 

 

 

                   Орындаған: Әлібеков.С.Б

                   Жоба жетекшісі: профессор Кәрібаев Берекет Бақытжанұлы 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                       Алматы 2012

 

ЖОСПАР


 

I.КІРІСПЕ

II.НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1.1)“Өзбек” атауының шығуы

1.2) Өзбектердің этникалық құрамы

1.3) Өзбектердің саяси  тарихы

III.ҚОРЫТЫНДЫ

IV.ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                           КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі.”Өзбек” этносаяси бірлестігінің қазақстан тарихындағы орны ерекше болып келеді.Себебі XIV-XV ғасырда өмір сүрген бұл бірлестіктің немесе басқаша“Әбілқайыр хандығының”құрамында қазақ халқын құрап отырған тайпалардың бәрі кездеседі.Яғни сол кезеңді зерттей келе біз өз шығу тегімізді жақсылап біле аламыз.Тақырыптың ғылыми маңыздылығы.Бұл тақырып несіменмаңызды деген кезде,мен былай жауап беремін,”Көшпелі өзбектер” қазақстан тарихы ғылымында қазіргі күні маңызды тақырыптардың бірі.Себебі біз Алтын Орда ыдырағаннан кейінгі дәірде Қазақстан аумағында кімдер өмір сүрді,Алтын Орданың ыдырауы мен Қазақ хандығының құрылуы арасындағы уақытта не болды,қандай халық өмір сүрді,олардың атауы не себепті “Өзбек”,құрамы қандай болды деген сұрақтар жауап аламыз.                                                                                                                    Тақырыптың зерттелу қажеттілігі. “Көшпелі Өзбектер” тақырыбы біздің тарихымыздағы XIV-XV ғасырлардағы Ұлы Шыңғыс хан империясынан кейінгі мықты империялардың бірі “Алтын Орданың” құлауынан пайда болған бірнеше хандықтардың бірі “Әбілқайыр хандығының” немесе “Көшпелі Өзбектер” мемлекетінің ішіндегі этносаяси процестерді білуге,Шыңғыс ханға дейінгі қыпшақ тайпаларының XIV-XVғғ.жағдайымен жақынырақ танысуға қажет.                                                                                                               Тақырыптың бүгінгі күнмен байланыстылығы.”Өзбек” этносаяси бірлестігінің қазіргі күнмен байланысының үлкен бір символы бар,ол Қазақ халқы.Бұл айтылған сөз еш жалған емес,өйткені жоғарыда айтып өткендей,Әбілқайыр хандығының халқы болған тайпалар,қазіргі “қазақ” атауымен өмір сүріп жүр.Яғни ол Қазақстан жеріндегі этникалық сабақтастықтың көрінісі.                                                                               Тақырыпты зерттеу мақсаты.”Өзбек” этносаяси қауымдастығының неге пайда болды екенін білу.                                                                                 Міндеттері.Бұл тақырыпты зерттелудегі міндет ол “Өзбектер” кімдер болды анықтау,XIV-XV ғасырдағы саяси жағдайды анықтау.                                  Тақырыптың зерттелуі.“Өзбек” мәселесін зерттеуXIX ғасырда басталды және қазіргі күнге дейін жалғасын тауып келеді.Тақырып жақсы,сапалы зерттеулер нәтижесінде азды-көпті ашылған. Оны негізінде Кеңестік тарихшылар зерттеді.Олар негізінен ортағасырлық мұсылман тарихшылар деректерінен алған мәліметтер бойынша жазылды.”Өзбек” мәселесіне байланысты жазылған еңбектер ол Б.А.Ахмедовтың “Государство кочевых узбеков”,Т.И.Сұлтановтың “Кочевые племена приаралья в  XV-XVII вв.” және тағы да басқа мерзімдік басылымдар мен монографиялар болып келеді.Ортағасырлық жазушылардан Масуд Ибн Усман Кухустани,Мұхамет Хайдар Дулати т.б.                                                                              

Тақырып деректері.Бұл тақырып зерттеп-жазу барысында мен  Б.А.Ахмедовтың “Государство кочевых узбеков”,Т.И.Сұлтановтың “Кочевые племена приаралья в  XV-XVII вв”,2010 жылы шыққан Қазақстан тарихы 5 томдығының 2-томын,Мырза Хайдардың “Тарих-и рашиди”,Кухустанидің “Тарих-и Абу-л Хайр хани” және т.б. деректер, кітаптар мен зерттеулерді  пайдалана отырып жаздым.                                                                                            

Жұмыстың құрылымы. Бұл тақырыпты зерттегенде мен оны негізгі үш бөлімге бөлдім.Олар мынадай:халық не себепті “Өзбектер” деп аталды,этникалық құрамы қандай болды және соңғысы олардың саяси тарихы қалай болды.

 

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1.1) “Өзбек” атауының  шығуы

Өзбектердің шығу тегі туралы әртүрлі пікірлер бар.Кейбір зерттеушілер көшпелі өзбектердің пайда болуын Алтын Ордалық хан Өзбектің атымен (1312-1340) байланыстырады.Н.А.Аристовтың ойынша,Өзбек ханға дейін өзбек  атауы кездеспейді және сол себепті  өзбек атауы дәл сол ханның атынан шыққан деген ойға келген.А.Ю.Якубовский өзбек терминініңі шығуын өзбектер (көп.«узбекийан»)-өзбектік,өзбектіктер сөздерімен байланыстырады және ол да осы атаудың Алтын Ордалық хан Өзбектің атымен байланыстырады.Тура осы пікірді П.П.Ивановта ұстанады:”«Өзбек сөзінің шығуы,Алтын Ордалық хан Өзбекпен байланысты болуы мүмкін»”-деп жазады ол.Шетелдік зерттелушілерден М.А.Чапличка және Хильда Хуукам да өзбек атауын Өзбек ханмен байланыстырады.Дәл осындай пікірді кезінде В.В.Григорьев та айтқан болатын.бірақ анық еш нәрсе жазбаған болатын.А.А.Семенов деген кісі  басқаша айтады,өзбек термині Ақ Ордада пайда болып,XIV-XVғғ. Ирандық және Орта Азиялық тарихшылармен бүкіл Ақ Ордада мекен еткен түркі-моңғол тайпаларының атауы болған,ал Өзбек хан болса Көк Орданың патшасы болды,яғни Алтын Орданың,тайпалар кейін көшпелі өзбектер атанған оның билік астында болмаған дейді.Бірақ меніңше Алтын Орданың тоғызыншы ханы Өзбек ханға байланысты пікірлер дұрыс сияқты.Өйткені біз тарихтан білетініміздей мұндай оқиғалар көп болған,мысалы:Гитлерліктер (Гитлеровцы),Ноғайлар,Сталиндікдер және т.б.Тағы бір ескере кететін жәйт,Ибн Фадлаллах ал-‘ Омари Өзбек хан туралы:«Ол өте діншіл мұсылман және бүкіл мұсылмандық  дәстүрлерді қатаң сақтайды»дейді.Яғни Өзбек хан тұсында Дешті-Қыпшақта ислам көң жайылып,бүкіл халықты оның мықты әрі өздерімен діндес патшаларының атауымен атап кеткен.Қазақ жеріне исламның алғаш келуі VIII ғасырдан басталса,оның бүкіл Дешті-Қыпшақ аумағына ресми дін мәртебесін алуы XIV  ғасырдың басына Өзбек ханның билігінің басына сай келеді.Міне,осы 600 жылдық тарихы дәуірді исламның таралуы қарай бірнеше кезеңге бөліп,қарастырсақ,XIII-XIV ғғ. Аралығы соңғы тарихи кезеңге жатты.Осы соңғы кезеңде ислам діні Жошы ұлысында,оның ішінде қазіргі Қазақстан аумағында әртүрлі тарихи жағдайларға байланысты XIIIғ. дейін  орын тепкен басұа діндер мен ағымдарды жеңіп шықты.

     Г.Вамбери,Г.Ховорс  және М.П.Пеллио ойынша,Дешті-Қыпшақтың  түркі-моңғол тайпалары өздерінің еркіндік сүйгіштіктерінен «өзбек» атауын алып,яғни “өз” және “бек” сөздерінен құралып,өз-өздеріне патша деген мағынада.”Өзбек” сөзі  Джувейни және Рашид ад-дин шығармаларынан белгілі.Ильхан Абаки (1265-1282) кезінде Иранда өмір сүрген Тадж ад-дин Ибн Баха ад-динның Пур-и Баха поэмасында да кездеседі.Пур-и Баха поэмасында өзбек сөзі қандай мағынада келтірілген белгісіз.Әйтеуір ол кезде “өзбек” әлі этникалық емес адам аты ретінде қолданылған.Рашид ад-динда “өзбек” сөзі Минкудардың (Жошының жетінші ұлы Бұқал,оның ұлы Минкудар) ұлының аты ретінде кездеседі.Осыдан келе Өзбек атауы және есім Өзбек ханға дейін кездескен.

     Белгілі жазушы  Хамдаллах Мустафи Казвинидің (1281-1350) «Тарих-и гузидэ» деген атақты  шығармасында өзбек сөзі кездеседі.Оның  еңбегінің жалғасында баласы  Зайн ад-дин Казвини жазған “«өзбекийан»(өзбектіктер),«мамлакат-и өзбек» және« улус-и өзбек»” деген сөздер бар.Бұл жерде Өзбек хан және оның қоластындағылары туралы екені анық,алайда АқОрда көшпенділері туралы емес.

     Осыдан кейін  XIVғ. 60-шы жылдарына дейін өзбек  сөзі деректерде кездеспейді.XIVғ.  өмір сүрген Араб авторлары:Насир  ад-дин Ибн әл-Фурат (1334-1404),Әл-Асади  (1377-1447),Әл-‘Айни(1361-1451) Өзбек ханды және одан кейін Алтын Ордада билік құрған хандарды,«солтүстік далалар патшалары»,«далалық мемлекеттер сұлтандары»,«Дешті патшалары» және «қыпшақтар патшалары» деп атайды.Осы жер айтарлық,басқа араб авторы Әл-Калкашанди Тоқтамысты  өзбектер елінің патшасы деп атаған.Низам ад-дин Шами өзінің шығармасының Тоқтамыс-оғланның Самарқандқа келуі бөлімінде былай деп жазған:«Ол (Темір) Тоқтамысқа Отырар мен Сауран аумағын беріп,оны сол жерлерге жібереді.Біраз уақыттан соң Үрыс ханның ұлы,Құтлұқ-Бұға әскер бастап ұзақ уақыт Тоқтамыспен соғысады».

    XIV ғ. 80-ші жылдарыныың  аяғында Тоқтамыс,бұрынырақ АқОрда  ханы атанған,Әмір Темірдің қолдауымен  солтүстік мәуеранахр жеріне  жиі-жиі тонаушылық жорықтар жасап  тұрған.1389/90 жылдары Темір оған  қарсы жорыққа шығады.Темір әскері  Сарыг-өзен деген елді-мекенге  келіп жеткен кезде,нояндар мен  әмірлер жиналып Темірге жеткізеді: «егер біз алдымен Инка-Тураға барып сол жаманшылдықтан құтылсақ,тек сосын өзбектер (дийар-и өзбек) жағына барсақ деп.Темір  бұл жоспармен келісіп Бури-баши арқылы Инку-Туруға жорыққа шығады ».Абд ар-Раззак Темірдің Инку-Тураға қарсы жорығын жақсы суреттейді,бір қызық жері ол жерде былай делінген: «792 ж.(хижра) Темір Моғолстанға аттанды,жолда оған тұтқынға түскендер Инка-Тураның Моғолстаннан қашып «өзбек» (дар сахра-и өзбек) даласында жасырынып кеткенін жеткізген,.Темір әскерлері қашқындарды «өзбек даласынан»  үш күн бой іздеп және төртінші күні әскерлер олардың ізі жақын екенін жеткізген.Қысқа жиналыстан кейін Темір өз әскерін үшке бөліп Инка-Тураны және оның отрядын іздестіруге кіріседі.Жалал ад-дин Хамидпен ханзада Омар-Шейхтің тобы төте жолмен кетеді,Темір болса ортада,Омар-Шейхпен оның тобы Шебартқа қарай жолмен жүріп,Қара-Құджыр деген жерді кесіп өтіп,моғолдарға негізгі қайту жолын кесіп тастайды.Қияс деген жерде Омар-Шейх Инка-Тураны жетіп оны жеңеді.Инка-Тураны қуалай,Омар-Шейх әскері Алакөл өзеніне дейін жеткен».Деректер Инка-Тураның Тоқтамыспен еш бір байланысы туралы айтпайды.Алайда,мо ғолдар күшейіп тұрған Темірге қарсы одақтас іздегені көрініп тұр,расында да моғолдық билеуші Қамар ад-динге (1362/63-1388/89 билік еткен) Тоқтамыспен одақ құруға шамасы жетіп,Омар-Шейхке Жүлек деген жерде жеңіліс таптырады.

     Жоғарыда келтірілген  фактілер мынандай жағдайды дәлелдейді,біріншіден  Дешті-Қыпшақ жері сол кезде «өзбек даласы» деп аталғаны,екіншіден көшпелі өзбектер сырдың жоғарғы аймағындағы далада үстем болып отырғаны.Меніңше бұл жерлерді  сол кездегі отырықшы аймақтағы адамдардың «өзбектер жері» деуіне Дешті-Қыпшақты мекен еткен адамдардың  еркін,ержүрек,өз-өздеріне бек,патша болғандығынан болса керек,яғни көшпелі адамның рухына байланысты.

     Тоқтамыс әскерінің   көп бөлігі көшпелі өзбектерден  тұрды.Мысалы,Хондемир,1388/89 жылдар оқиғасын  айта келе,Тоқтамыс әскерін өзбек әскері (сепах-и өзбек) деп атайды.Хондемирмен ол 1391 жылғы Қүндызшадағы шайқаста аталады.Му’ин ад-Дин Натанзи 1399ж. Тоқтамысқа қарсы шыққан Едіге мен  Темір-Құтлық жауынгерлерінде өзбектер деп атаған.Едіге және оның бауыры Иса-бек және басқа да Алтын Орданың белгілі әмірлері мен хандары,Шади-бек,Фулад-хан,Ұлық-мұхамет(басқаша Мұхамет-хан),жоғарыда келтірілген тарихшылармен Дешті-Қыпшақ және өзбек уәләйатының патшалары деп аталған (падишах-и Дашт-и Кипчак ва вилайат-и өзбек).

     «Өзбек» термині  Дешті-Қыпшақтың түркі-моңғол тектес халқының жинақтауыш атау термин ретінде XIV ғ. 60-шы жылдары пайда болса керек.Бірақ, Дешті-Қыпшақта өзбектер тек XIV аяғымен-XV басында пайда болды деген емес.Қазіргі өзбек,қазақ,қарақалпақ халықтарының ата-бабплары осы аймақты бұрыннан мекен еткен,алайда өздерін өзбек,қазақ,қарақалпақ  деп атамаған.Деректерде шығыс Дашт-и Кипчакта көне заманнан бері әр түрлі түрік тайпалары мекен еткенін көрсетеді.Осы аймақта жаулап алған моңғолдарға келетін болсақ,олар XIIIғ  Дешті-Қыпшақтағы түркі халықтарына сіңісіп,тіпті өз тілдерін ұмытып кетті.Шыңғыс хан әскерінің көп бөлігі түркі тайпалары болғанын ұмытпау керек.Мас’уд ибн Усман Кухустани қарағанда Ақ Орданы,яғни көшпелі өзбектер ұлысына мынадай тайпалар кірген:буркут,қият,кошчи,ийджан,қоңырат,үйсін,утаджи,найман,джат, шымбай,қарлұқ,кенегес,дурман,курлаут,тубай,маңғыт,нукуз,таңғұт,ұйғыр, хитай, таймас,эчки,туман-минг.Бенай шығармасында XV ғ. 80-ші жылдары Шайбани ханды қолдаған шатбақлы және шұңқарлы тайпалары айтылады.Махмұд Ибн Вали сөзінше,Әбілқайыр ханды іздестіргенде ойрат,маджар және қыпшақ тайпаларының топтары болған.

     Бұл тайпалардың  шығу тегі әр түрлі мысалы  қоңырат,нукуз және қият моңғол  тектес,ал таңғұт тибет тектес.Хитайларға  келетін болсақ,олардың тектері  қидандар,олар X-Xi ғ.солтүстік-шығыс  қытайда өмір сүріп билік құрғаны  белгілі.

     Рузбихан XVI ғ.бас  кезінде өзбектерге үш халықты  (тайифэ) жатқызады,яғни тайпалық  одақтар:Шайбани ұлысына жататын  бұкіл тайпалар (шайбанийан),қазақ  және соңғысы маңғыт.Бізге белгілідей,Дешті-Қыпшақ  жеріндегі көшпелі өзбектер кейін  шашырап,тайпалар қазақ,башқұрт,қарақалпақ  және т.б. халықтар құрамына  еңген,алайда өз атауларын жоғалтпаған.

XVI ғ.басында шоғарыда  аталған (өзбектер,узбеган-шығыс  авторларында) тайпалар Шайбани ханды қолдап Орта Азия жеріне басып кіріп Өзбекстан жеріне орнығады.Осы кезден бастап жергілікті түркі тайпалары өзбек атауын алып, «өзбек» этникалық мағынаға ие болады.Айта кетер жәйт,сол тайпалар өздерінің ру-тайпалық құрылысын XXғ. дейін сақтап келген.Бірақ бұдан өзбек халқының шығу тегі XVI ғ, жатат деген келмейді.Бұл жерде тек «өзбек» терминінің этноним ретінде шығу уақыты туралы айтылады.Бізгі белгілідей Орта Азия жерінде көнеден бері түркі тайпалары өмір сүріп келген,ал Дешті-Қыпшақтан келген «көшпелі өзбектерге» келетін болсақ,олар мәуеранахрдың түркітайпаларына сіңісіп оларға өзбек атауын қалдырып кеткен.

 

1.2) Өзбектердің  этникалық құрамы

Өзбек және өзбек-қазақтық тайпаларды зерттеуге арналған жаңа тарихи-этнографиялық  материалдарда 92 «өзбектік немесе илатийа (көшпелі тайпалар)» рулар тізімі бар.Ол тізімдер бойынша көшпелі өзбектердің қандай тайпалардан тұрғандығы және олар қазіргі қазақтар құрамында бар ма,жоқ па білуге мүмкіндік береді.Көшпелі өзбектер тайпалар тізімі Сайф ад-дин Ахсикентидің XVI ғ. Ферғанада жазылған «Маджму ат-таварих» деген шығармасында келтірілген,автор ол шығармада 92 «өзбек немесе илатийа» тайпалар тізімін көрсетеді.Егер біз Ахсикенти бізге жетпеген деректерді пайдаланғанын ескерсек,дәстүрлі 92 тайпаға бөліну XVI ғ. бас кезіне тіпті оданда ерте кезге жатуы мүмкін.

     Төменде 92 «өзбектік  немесе илатийа» тайпалар тізімі  «Маджму ат-таварихтің» үш тізімі  бойынша,деректе келтірілген кезекті  сақтай,тайпалар тізімі келтірілген.Негізге алынған тізім ИВ АН СССР (кесте 1.)

«Маджму ат-таварих»-тағы «92 баулы өзбек (илатийа тайпалары)»  тізімі

ИВ АН (б. 17а-18а)

ЛГУ тізімі(б.16-17)

Фрунзелік тізім(б.16-17)

Бізбен алынған оқылу

    I

             II

             III

             IV    

1.минг

минг

минг

минг

2.йуз

йуз

йуз

Йуз(жүз)

3.кырк

кырк

кырк

Кырк(қырық)

4.джалаир

джалаир

джалаир

жалайыр

5.сарай

сарай

сарай

сарай

6.кунгурат

кунгурат

кунгурат

қоңырат

7.алчын

алчын

алчын

алшын (кіші жүз)

8.аргун

аргун

аргун

арғын

9.найман

найман

найман

найман

10.кыбчак

кыбчак

кыбчак

қыпшақ

11.калмак

калмак

калмак

қалмақ

12.чакмак

чакмак

чакмак

чакмак

13.кыргыз

кыргыз

кыргыз

қырғыз

14.кырлык

кырлык

кырлык

қырлық

15.турк

турк

турк

түрік

16.туркман

туркман

туркман

түрікмен

17.байаут

байаут

байаут

байаут

18.бурлан

бурлан

бурлан

бурлан

19.шымырджык

шымырджык

сымырчык

сымыршық

20.кабаше

каба

каба

каба

21.нуджин

нуджин

нуджин

нуджин

22.киледжи

килечи

килечи

килечи

23.килекес

килекес

килекес

килекес

24.бурат

бурат

бурат

Бурат (бурят?)

25.убрат

убрат

убрат

Убрат (убрят?)

26.кыйат

кыйат

кыйат

қият

27.хытай

хытай

хытай

хытай

28.канглы

канглы

канглы

қаңлы

29.урйуз

урйуз

урйуз

урйуз

30.джуналахи

джуналахи

джулахи

джуналахи

31.куджи

куджи

кухи

куджи (кушчи?)

32.утарджи

утарджи

утарчи

утаршы

33.куладжи

куладжи

кулахи

кулачи

34.джыйыт

джыйыт

джыйыт

джыйыт

35.джуйут

джуйут

джуйут

джуйут

36.джалджиут

джалджиут

чалчиут

джалджиут

37.турмаут

турмаут

турмаут

турмаут

38.уймаут

уймаут

уймаут

оймаут

39.арлат

арлат

арлат

арлат

40.кераит

кераит

кераит

керейт

41.онгут

онгут

онгут

оңғұт

42.тангут

тангут

         -----

таңғұт

43.мангут

мангут

мангут

маңғыт

44.джалаут

джалаут

джалаут

джалаут

45.мамасит

мамасит

мамасит

мамасит

46.меркит

меркит

меркит

меркіт

47.буркут

-------

курлаш

буркут

48.кеит

-------

öгилен

кеит

49.куралаш

куралаш

кари

куралаш

50.öглен

öгилен

араб

öглен

51.кари

кари

иладжи

кари

52.араб

араб

джубурган

араб

53.иладжи

иладжи

кышлык

илачи

54.джубурган

джубурган

кирай

джубурган

55.кышлык

кышлык

дурман

кышлык

56.кирай

кирай

табын

керей

57.дурман

дурман

таме

дурман

58.табын

набын

рамадан

табын

59.таме

таме

уйшун

тама

60.рамадан

рамадан

бадан

рамадан

61.уйшун

уйшун

хафиз

үйсін

62.бадай

бадан

уйрачи

Бадан

63.хафиз

хафиз

джурат

хафиз

64.уйраджи

авирджи

татар

аварджи

65.джурат

джурат

бурга

джурат

66.татар

татар

йамаш

татар

67.йурга

Йурга          

каучин

йурга

68.баташ

баташ

туйалы

батас

69.каучин

каучин

тилау

каучин

70.тубалы

тубалы

кердари

тубалы

71.тилау

тилау

сахтиан

телеу

72.кердари

кердари

кыргын

кердери

73.сахтиан

сахтиан

ширин

сахтиан

74.кыргын

кыргын

оглак

кыргын

75.ширин

ширин

чимбай

ширин

76.оглан

оглан

черкес

оглан

77.джимбай

чимбай

уйгур

шымбай

78.джехл-кес

хркес

агарма

черкес

79.уйгур

уйгур

таргыл

уйгур

80.атмар

агар

турган

агар

81.йабу

йабу

таин

ябу

82.таргыл

таргыл

кохат

таргыл

83.тургак

турган

фахыр

тургак

84.таин

таин

куджалык

таин (тейин?)

85.кохат

кохат

шуран

кохат

86.фахыр

фахыр

дереджат

фахыр

87.куджалык

куджалык

кимат

куджалык

88.суран

шуран

шуджаат

шоран (шорон?)

89.дераджат

дераджат

авган

дераджат

90.кимат

кимат

казак

кимат

91.шуджаат

шутджаат

мангыт

шуджаат

92.авган

авган

каракалфак

авган


 

  1. Минг,йуз,кырк-Бұл бір-бірімен туыстас рулар XIXғ. Зеравшанның оңтүстік-шығысында,Гиссар мен Балха маңындағы Әмудәрия бассейнінде,Хиуа мен Қоқанда тараған.Бұл тайпалардың біріккен атауы Марка деген атпен белгілі.Минг,йуз,кырк ақсақалдары Бұхара сарайында тақтың сол жағында отырған.XXғ. 20-шы жылдарында Өзбекстан жерінде марка одағына 82786 адам 112 тайпа бірлестігі кірген. Башқұрттардың оңтүстік-шығыс дем тобына құрамы 13 тайпадан тұратын минг руы кіреді.Йуз этнонимі алтайлықтардың ру-тайпалық құрылымдарында да кездеседі,ал кырк болса ноғай,түрікмен,казақ,қарақалпақ және анадолылық күрттерде кездеседі.
  2. Жалайыр-бұл этноним қазақ,қырғыз және буряттарда кездеседі.Бұл тайпаның бұтақтық-бөлімшелері қарақалпақтарда да кездеседі (балғалы руы).Қазақтардың генеологиялық дәстүрлері бойынша жалайыр үйсін руының басты бұтағы.Қазақтардағы жалайырлар құрамына 13 ру бірлестігі кіреді және олардың әрқайсысының ішіне тағы бұтақтар бар.Өзбектердің көне рулары жалайырлар Бұхара сарайында тақтың сол жағында орналасты.
  3. Қоңырат-Бұл тайпа қырғыздардың ішінде оң қанат құрамында және қарақалпақтар құрамында кездеседі.Қоңырат руы қазақтың орта жүзінің негізгі руы және оңтүстік қазақстанның Шәуілдер,Түркістан,Арыс,Созақ аудандарында қоныстанған.А.Левшин дерегі бойынша қоңыраттың көп бөлігі Ұлы жүзден бөлініп кетіп Орта жүзге қосылған.
  4. Алшын-Қазақтың генеологиялық дәстүрі бойынша «алшын» атауы бүтін Кіші жүз тайпаларының ортақтауыш аты.А.Левшинан оқимыз-«Кіші орда мықты алшындан және жеті кіші рудан тұрады,жеті кіші рулар кейіннен қосылған.Алшындықтар Әлімұлы және Байұлылардан құралды».Байұлы 13 тайпадан тұрды.Бұл рудың ақсақалдары Бұхара сарайында тақтың сол жағында орналасты.
  5. Арғын-Қазақ генеологиялық дәстүр бойынша «арғын» деген орта жүздің синонимі болып келеді.Бұл тайпаның қазақтары Балқаштан Көкшетауға,Ертістен Торғай даласына дейін найман,керей,қоңырат,қыпшақ тайпаларымен аралас қоныстанған.Өзбектердің арғын руының әмірлері Бұхара сарайында ханның сол жағында орналасты.
  6. Найман-Бұл этноним қазақ,қырғыз,ноғай,алтайларда анықталған.Қазақтардағы наймандар Орта жүздің ірі тайпасы және жоғарғы Ертісте,батыс Алтайдан Тарбағатайға дейін қоныстанған.
  7. Қыпшақ-Көне тайпалардың бірі,кейіннен қазақ,өзбек,қырғыз,қарқалпақ,башқұрт,алтай,түрікмендердің құрамына кірген.Қыпшақ-қазақтардың негізгі мекені Торғай,Қостанай даласы,Сырдәрия,Қарағанды,Ақмола,Павлодар облыстары.
  8. Қаңлы-Бұл этноним қарақалпақ,башқұрт,қазақ және т.б. халықтарда кездеседі.Қазақ генеологиялық дәстұрінде «қаңлы» руы Ұлы жүздің көне руының бірі.Қаңлы-қазақтардың негізгі қоныстаған жері Целинаград,Көкшетау және жақын аудандар.
  9. Оймаут-бұл этноним қазақтың Ұлы жүзінің дулат руының жаныс бұтағына кіреді.Бұл этноним тағы қарқалпақтың кенегес руының 8 бұтағының бірінде кездеседі.
  10. Маңғыт-Бұл атау моңғол тектес кезінде шығыс азияда мекен еткен бір тайпаның атауы.Бұл этноним моңғол жаулаушылығының әсерінен болса керек Алтайдан Қырымға дейінгі түрік халықтарында кездеседі.Маңғыт (манги) этнонимі Забайкалье-Приморьедегі тунгус-манчжурлардың  ру-тайпалық құрылымында  кездеседі. Махмұд Валидің «Бахр ал-асрар»-ында маңғыт және қоңырат өзбектердің ең көп тайпалары екені айтылады.
  11. Табын,Тама,Рамадан-Бұл үш этноним М.Тевкелевтің тізімінде Кіші жүздегі «жетіру»-ға кіретіні жазылған.Башқұрт генеологиялық  дәстүрі бойынша тама башқұрттар негізделген 12 рудың бірі.Тама этнонимі қазақтың «Шура-Батыр»деген аңызында Қазанның тұрғындарының аты ретінде келтіріледі.Табын этнонимі солтүстік-шығыс башқұртлардағы тайпалық бірлестік ретінде белгілі.
  12. Ұйсін-Бұл этноним қырғыздардың  (усон) құрамында кездеседі.Қазақтардың ру-тайпалық құрамын М.Тевкелев былай суреттеген: «Үлкен Ордада он ру бар,олар жалпы Оуйсюн (үйсін) деп аталады.Одан ертерек деректерде қазақтарда тек сары-үйсін деген Ұлы жүздің құрамындағы жеке руы ретінде кездеседі.
  13. Телеу-Жетіру құрамындағы Кіші жүздің бір тайпасы.4 бұтаққа бөлінеді:ажиахмет,ногай,самай,керейлі.Телеу руы тағы ноғайлар мен башқұрттар құрамында бар.Тели мен самат этнонимдерінің аты қарақалпақтардың мүйтен руының бұтақтарының атаулары кездеседі.
  14. Кердери-Кіші құрамындағы ірі тайпалардың бірі.Негізгі мекен жері Орал,Ақтөбе облыстары.Фольклорлық материалдарға сәйкес,кердерлі руы қарақалпақтың мүйтен руына кірген.
  15. Шеркеш-Кіші жүз құрамындағы рулардың бірі,есентемір мен ысық руларымен байұлыға кіреді.Негізгі мекен жері Шымкент облысы,Орал облысының оңтүстік-шығысы. 

Келтірілген ру-тайпалардан басқа  қазақтарда Ахсикенти бойынша керей (Орта жүз),Меркіт-абақ бірлестігіне кіреді (Орта жүз),кереит-жетіруға кіретін  тайпалар бар.Осылайша  қазақтар құрамында тізімдегі «92 баулы өзбектердің » ішінен 20 шақты ортақ атау кездеседі.Ахсикенти тізімінен өзбектерге,қазақтарға,қырғыздарға,ноғайларға,башқұрттарға,алтайларға жалпы атаулар кездестіріп,92 «илатийа тайпалары» қазіргі Орта Азиямен Қазақстан жерін мекен еткен деген.Жекелеген жағдайларда белгілі бір рудың өзбектік па,қазақтық әлде қырғыз ба ,бар тарихи-этнографиялық материалдар негізінде анық жауап алу қиын.

     Ахсикенти шығармасындағы  тізімге тоқталатын болсақ,көріп  тұрғанымыздай тізімде 92 тайпа  толық ИВ АН СССР-де келтірілген.ЛГУ тізімінде екі тайпа жоқ-буркут және кеит,қалғандары ИВ АН СССР-дегі тізіммен сәйкес,тек кейбірі болмаса.Фрунзелік тізімде 91 тайпа және маңғыт атауы екі рет кездеседі.Жоқ төрт тайпаның-таңғұт,буркут,кеит,ябу орнына ИВ АН СССР және ЛГУ кездеспейтін жаңа -йамаш,казак,каракалфак енгізілген. «Маджму ат-таварихтің» алынған үш тізімде жалпы 95 тайпа аты келтірілген.Бұған қарап 92 саны атау ретінде ал тайпалар еркін түрде енгенін байқатады.

1.3) Өзбектердің  саяси тарихы

XV ғ. 20-шы жылдарының аяғында  Ақ Орданың далалық аумағының  үлкен бөлігінде XIV ғасырдың өзінде-ақ  біріккен,Орда-Ежен мен Шайбани ұрпақтары билігіндегі халық (ұлыстар) пен жерде (жұрт) билеуші әулет алмасады:Шыңғыс ұрпақтары мен көшпелі шонжарлардың қиян-кескі күресінің нәтижесінде билік біріншісінің мұрагерлерінен екіншісінің мұрагерлеріне ауысады.Бұл күррестің пайда болуы мен етек алуына саяси және әлеуметтік-экономикалық сипаттағы көптеген себептерге байланысты Ақ Орданың әлсіреуі мен құлдырауы себепші болды.Алғашқыларының арасындағы ең бастылары XIV ғасырдың екінші жартысынан бастап жалғасып келе жатқан  Алтын Орданың ыдырауы мен Әмір Темірдің және Темір ұрпақтарының агрессиялық саясаты болатын.Екіншілерінің арасында  Сырдариядағы қалалардың қолдан шығарылуы аса маңызды орын алды.Ортағасырлық авторлардың  бірі Махмұт ибн Уәли Ақ Ордада Шайбани ұрпақтарының билік басына келу фактісін жалпы Алтын Орданың күйреуімен орынды байланыстырады: «Жәнібек хан (өмірінің)аяқталу мезгілінің ең шегі болған хижра бойынша 758 жылдың (б.з. 1356-1357 ж.) басынан Шайбани ұрпақтары шығуының басы болған хижра бойынша 835 жылдың (б.з. 1431-1432 ж.) ортасына дейін Дешті-Қыпшақ мемлекетінің тағы ақылды падишах пен жігерлі билеушісіз қалды,осы себепті дін мен мемлекет істерінің құрылысында жүгенсіздік пайда болды,сол аумақтағы қоғамды (байланыстырушы) арқау үзілді,сөйтіп бірлік жойылды».Шайбани ұрпақтарының өздері Алтын Орда тағында билік еткен жоқ,ол жөнінде Махмұж Ибн Уәли де былай дейді: «Сол күннен бастап ( яғни Батый хан өзінің бауыры Шайбани ханға төрт омақ пен көшіп жүретін жер бөліп берген кезден бастап) Шайбани ханнан тараған барлық адамдар Батый хан ұрпақтарына бағынуға бекем бел буып,бағыну ғұрпын бұзу жөніндегі қылмысты тілек пен ниетті ойға да алмады».

     Ақ Орда  хандарынан айырмашылығы-Шайбани  ұрпақтары Орда тағы үшін жан  аямай,өздерінің материалдық және  адам ресурстарын ысырап еткен  жоқ,олардың Темір мен оның  мұрагерлерінің басқыншылық дәмелеріне  тойтарыс беруіне де тура келмеді,өйткені  Темір ұрпақтарын бұл ауданда көшіп жүретін даладан гөрі бірінші кезекте Сырдария аңғарындағы бекініс-қалалар  қызықтырған еді.Осының бәрі Шайбани ұрпақтарына Орда-Ежен мен Тоқа-Темір әулетінен өрбіген хандарға қарама-қарсы Ақ Орда аумағында билік ету хұқығын білдіру және Шығыс Дешті-Қыпшақ пен кейініректе Түркістанның саяси картасын өзгерту мүмкіндігін қамтамасыз етті.Ақ Орда аумағынын далалық бөлігінде бастапқыда екі саяси бірлестік нығаяды.Олардың біріншісі-ертеректе Жайықта және оның батысына қарай Еділге дейін дерлік,ал солтүстік-шығыс жағында Түмен бағытында оқшауланып шыққан Ноғай (Маңғыт) Ордасы.Ал Жайықтың шығыс жағында,Ырғыз,Елек,Торғай,Сарысу бойында Тобыл мен Есілдің жоғарғы ағыстарында,әуелі 20-жылдарда көптеген Шайбани ұрпақтары:Сарысу,Жем аралығында,солтүстік Арал өңірі  далаларында-Жұмадық хан;Тобыл мен Есілдің оң жақ саласы Атбасар аралығында-Махмұт Қожа хан;Атбасардың сол жақ жағасы мен Есілде-Мұстафа хан;Тара қаласы ауданында бүркіт тайпасының көсемдері және басқалар күшейеді.Сонан соң,оларға қарсы жиырма жылдай уақыт алған ұзақ күрестен кейін Шайбани ұрпағы Әбілқайыр хан күш алды.Шайбани ұрпақтары Ақ Орданың өрлеуі кезеңінде өз иелігін сақтап қалып,онда Шайбани ұлысы шегінде жеке үлес болды.Жоғарыда оның аумағының ол Батыс және Орталық Қазақстанның бір бөлігі аумағын алып жатқаны және Сырдарияның төменгі ағысы мен солтүстік Арал өңіріне шыға алатыны айтылды.Махмұт Ибн Уәли өз ұлысында билік еткен Шайбани ұрпақтарын атап келтіреді (Баһадүр,Жошы-Бұқа,Бадағұл оғлан,Минг-Темір,Пулат,Ибраһим,Дәулет-Шайх) және олардың бәрі «сол заманның хандарына»,әуелі-Алтын Орданың билеушілеріне,содан соң оның құлдыраған кезеңінде Ақ Орда хандарына бағынды дейді.Ал XV ғасырдың бірінші ширегінде Ақ Орданы да бүліктер мен талам-тартыстар қамтып алған кезде Шайбани ұрпақтары Ақ Орданың билігінен шығып,тәуелсіз билік ете бастады.Дәулет-Шайх өлгеннен кейін билікті Суфи хан,содан соң оның ұлы Жұмадық хан (1425-28жж.)қолына алды.Ақ Орда ханы Барақ нақ сол кезде Сырдарияда мұраға қалған иеліктерін қайтарып алуға әрекет жасап жатқан еді,сондықтан далада Шайбани ұрпақтарына қарсы қимыл жасау мүмкіндігі болмады.                                                                   

     Шайбани ұрпақтарының  ұлысы мен Ақ Орда бүлік  шығып,тартыс жүрген кезде Ноғай  ордасының билеушілері өз иеліктерін  орталық Қазақстан мен Арал  өңіірі жағына қарай кеңейтуге,жергіліктікөшпелі  халықтың бір бөлігін өз билігіне  бағындыруға тырысты.Маңғыттардың  көсемдері Әбілқайыр хандығындағы,соның  ішінде Сырдариядағы оқиғаларға  үнемі қосылып жүрді.

XV ғасырдың бірінші ширегінде  Шығыс Дешті-Қыпшақ аумағында тұтанған соғыстар мен талам-тартыстар Шайбани ұрпағы,Дәулет-Шайхтың баласы Әбілқайырды жоғары көтерді,Шайбани ұрпағы Жұмадық хан 1428 жылы маңғыт әмірлерімен және Жошы ұрпағы Қажы-Мұхаметпен Жайтар-Жалқын сайында болған шайқаста қаз тапқаннан кейін Әбілқайыр хижра бойынша 833 жылы (1428-29жж.)Тура өңірінде (Батыс Сібір) хан деп жарияланды.Махмұт Ибн Уәли мәліметтері бойынша,Әбілқайырды (17 жаста болатын) рулар мен тайпалардың 200-ге жуық ірі өкілдері қолдаған.Әбілқайыр хан Шайбани ұлысында билік басына тайпалардың едәуір бөлігінің-қыпшақ,қият,шымбай,йиджан,кабайлы,табғұт,дурман,көшчи,отарчи,өкіреш-найман,тубай,таймас,шат,қытай,барақ,ұйғыр,үйсін,ички,минг,түман-минг,түман,найман,маңғыт,қарлұқ,қоңырат,қаңлы,ұйылын,күрлеуіт,кенегес және басқа да тайпалардың билік етуші үстем таптарының қолдауымен келсе де,ол билеп төстеген бүкіл қырық жыл ішінде (1428-68жж.) оның мемлекетінде талас-тартыс толастаған жоқ.Шығыс Дешті-Қыпшақтың аумағы саяси жағынан бытыраңқы болып қала берді.Шайбани тағына басқа бір үміткер Махмұт Қожа ханды (1430 жылғы Тоббылдағы шайқаста),содан соң әмір Едігенің немересі,маңғыт әмірі Уақас биді және басқа да қарсыластарын талқандап,Әбілқайыр хан Орда-Еженнің Ертіс пен солтүстік-батыс Балқаш өңіріне дейінгі бұрынғы ұлысының далалық аумақтарын өз иеліктеріне XV ғасырдағы 40-шы жылдардың ортасына қарай ғана қосып алды.Ақ Орда хандары ұрпақтарының билігі сақталып қалған Ақ Орда жерінің оңтүстік аудандарын-Сыр өңірін,Қаратау аудандарын бағындыру Әбілқайырдан мейлінше көп күш-жігер мен уақытты талап етті,ал Сырдарияның төменгі ағысында ,солтүстік Арал өңірі даласында,Жем және Жайық өзендері аралығында,Қажы-Тархан ауданында дербес иеліктер-жоғарыда аталған Кіші Мұхамет ханның ұлдары Тоқа-Темір Ахмет хан мен Махмұт хан ұрпақтарының ұлыстары сақталып қалды.Генеологиялық тармағы бойынша олар Ұрыс хан мен Барақ ханның ұрпақтарымен байланысты болатын.

     Ұрыс хан  мен Барақ ханның ұрпақтары  Жәнібек және Керей сұлтандар  20-жылдарда Ақ Орданың Барақ  ханның билігі мейлінше берік  болған және одан кейінгі жиырма жыл ішінде Әбілқайыр хан ілгерлеп бара алмаған нақ сол оңтүстік бөлігін мекендейтін.Олар осы аумақта Барақтың билігін мұраға алған еді және Ахмет хан мен Махмұт ханға олардың жерлерінен Әбілқайырдың дәмеленуіне қарсы күресіне одақтастар болатын.

     Тоқа-Темір  әулетіне қарсы жорыққа Әбілқайыр  көп әскер жиды.Оның бұл жорыққа  алып шыққан әскербасылардың  тізімінде маңғыттардан,бүркіттерден,қияттардан,қоңыраттардан,қытайлардан,таңғұттардан0күшілерден,ұйғұрлардан,дұрманлардан,шымбайлардан,үйсіндерден,өкіреш-наймандардан,кенегестерден  шыққан әмірлер кездеседі.Әбілқайырдың  төменгі Сырдария аймағына  жорыққа  шығуының басты себебі әулеттік  күрес қана емес,сонымен қатар  Сырдариямен Арал жағалауы төңірегінен қысқы жайылымдылық алу қажеттілігі еді.Сырдарияның төменгі сағасына иелік көшпелі мемлекеттің қуатын арттыру үшін аса қажетті Түркістан қалаларына жол ашатын.

     Шайқас 1431ж.  Екіретүп деген жерде болды.Мас’уд  бен Усман Кухустанидің айтуы  бойынша Тоқа-Темір әулеті тас-талқаны  шығып жеңілген, «Махмұт хан мен  Ахмет хан...Жоғарғы өкімет пен  мемлекетке деген [барлық] пиғылдарын  біржолата ұмытып,[одан әрі] соғысудан  бас тартты,[Әбілқайыр] әскерлерінен  тырағайлап қашты».Көптеген тұтқындар  мен олжа қолға түсті («қисапсыз  байлық пен толып жатқан мүліктің»  арасынан автор «Жүйрік аттарды,тізілген  түйелерді,көлік тартқан шағаладай шатырларды,қару-жарақты») санап шығады.Әбілқайыр Орда-Базарды басып алды (хандар сарайы осылай аталған).Бұл жерде «Сайын хан тағы» (яғни Бату ханның) болғаны айтылады.Осында Әбілқайырдың есіміне құпта оқылып (мешіттер біреудің хандығын мойындау үшін оқылатын дұға),оның есімімен ақша соғылды.Мас’уд Кухустанида сөз Сарай («Сайын хан тағы» болған) туралы емес,Ахмет хан ұлысы болған,Арал теңізінен солтүстік-батыс бағыттағы қазақ даласының аумағындағы жер жайында.

     Өзінің тарихщысы  тәптіштеп жазған Әбілқайырдың  келесі жеңісі 15 жыл өткен соң,1446 ж.Атбасар маңында болған.Ол бұл  жолы Мұстафа ханды тасталқан  еткен.

     Әбілқайырдың  Екіретүптегі жеңісі түпкілікті  болмай,осы уақыт ішінде Тоқа-Темір  әулеті мен Барақ ханның мұрагерлері,сондай-ақ  бірқатар Шайбани әулеті сұлтандары (мысалы,Ибақ хан,Береке сұлтан) оған  бағынғылары келмеді.Махмұт бен  Уәли 1431 жылғы жеңілістен кейін  көп ұзамай-ақ Ахмет хан мет  Махмұт ханның «мұра еткен  таққа қайта отырғанын»жазды,яғни  Үлкен Ордаға қарасты жерлерге-Астрахан  хандығына,Жайық,Жем сағаларына,Солтүстік Арал жағалауларына билік құрған.

     Бірақ батысқа,күйреуге  ұшыраған Алтын Ордаға апаратын  жолдар Әбілқайыр ханды онша  қызықтыра қойған жоқ.Шығыс Дешті-Қыпшақ  тұрғындарының өзінің бұрынғы  орталықтарымен байланысы барған  сайын әлсірей түсті.Әбілқайырдың  көңілі оңтүстік пен оңтүстік-шығысқа  (Жетісуға) ауды,оны әсіресе мәуеранахр  қызықтыра түсті.

     Далалық аудандарда  билігін нығайтып алған Әбілқайыр  өзін қолдаған көшпелі феодал ақсүйектердің көңілдерінен шығу үшін,жаңа жерлер басып алып,бағындыру мақсатымен оңтүстік аймақтар мен елдерге әскери жорықтарға шыға бастады.Ол 1430ж. қысқа мерзімге Хорезмді басып алды.Үргенішті тонады.1446ж. Ұлықбектің өзінде бұрын болмаған әдет танытып,тақ мұрасы істеріне байланысты Мәуеранахрдың оңтүстігі мен Хорасанға кеткенін білген Әбілқайыр жазғы көші-қонысын (яйлақ) қоя тұрып,Самарқант пен Бұхараға тап берді,олардың төңірегіндегі жерлерді тонап,бұған қоса ортаңғы Сырдарияның бірқатар қалаларын басып алды.Сығанақ өз еркімен берілді: «Сығанақ [қаласының] әкімі [Әбілқайыр] ханның қаптаған қалың әскерлерін көрді,оған бас иіп,иойындап,хақанның әмірлері мен сұлтандарына қаланы тапсырды,бейне бір Сатурн сияқты Аққорған да,Аркөк те,Созақ та,Үзгент те жаулап алушылардың алдында бас иді».

«Өзбек» этноқауымдастығының пайда болуы