Паразиттің аурулар
Мазмұны
- Кіріспе.......................
.............................. .............................. ....................2 - Қазақстанда
жиі кездесетін аурулар.......................
.............................. ..3
2.1.фасциолез.
биологиясы.патогенезі.алдын
2.2.дикроцекриоз.биологиясы.
2.3. эхинококкоз (беріш,
бершімек) морфологиясы. Потогенезі.алдын
алу...........................
3. ценуроз
3.1. ТЕНУИКОЛДЫ ЦИСТИЦЕРКОЗ (ҚұРСАҚ ЖЫЛАУЫҒЫ.)
3.2.
Кіріспе
Қазақстан республикасы өңірлерінде кең таралған паразиттік аурулар еліміздің мал шаруашылығына елеулі экономикалық зиян келтіреді. Қазіргі жағдайда шағын фермерлер мен жеке шаруашылықтар малдарын ауыл төңерегіндегі шектеулі жайылымдарға жаюға мәжбүр. Мұндай жағдайда ауыл маңындағы жайлымдар түрлі паразит элементтерімен залалданады, соның нәтижесінде паразитоздардың эпидемиологиялық шиеленісу көрсеткіштері жоғарлайды. Республикамыздың оңтүстігінде мал санын көбейтіп, олардан алынатын өнімдері арттыру үшін қолда бар мүмкіндіктерді толық пайдаланумен қатар, мал басын аман сақтаудың, оларды әсіресе аурулардан қорғаудың маңызы зор. ҚР Оңтүстігінде жиі кездесетін паразиттік (трематодоздар, цестодоздар, қанмен тері үсті паразитоздары) аурулар ауыл экономикасына едәуір шығын келтіреді. Инвазиялық аурулар мал өнімдерін төмендетіп, шығынға ұшыратады,сонымен қатар жануарлардың иммунитеті төмендеп, басқа жұқпалы аурулармен ауыруына бірден-бір себепкер болып табылады. Жануарлардың паразиттер қоздыратын ауруларына қарсы құралдар, әртүрлі емдік, алдын алу және ауруларды азайту мәселесімен көптеген ғалымдар айналысуда [Г.С.Шабдарбаева, А.М. Сазанов, В.Т.Рамазанов,Г.И.Диков, Н.Т.Қадыров және т.б.] Бұрын ҚР Оңтүстігінде мал шаруашылықтары жайылымдарында көшіп-қону әдісімен жыл мезгілдеріне сәйкес пайдаланумен ерекшеленетін,ал қазіргі нарықтық ұсақ тауарлы шаруашылықтар жағдайында, малда рбелгілі жайылым алқабында жыл бойы шамалы орын ауыстырумен шектеледі. Бұл дертке қарсы экономикалық тұрғыдан тиімді және ғылыми негізде жасалған шараларды ұйымдастыру кезінде, паразитоздардық биологиялық ерекшеліктерін, олардың аралық иелері (тасымалдаушылары) арқылы таралу механизімін, жергілікті табиғи ортадағы эпизоотиялық жағдайды және мал шаруашылығын жүргізу технологиясын ескерген жоқ. Сыртқы ортаның қолайсыз факторларын төмендету және жануарлардың паразитоздарының алдын алу және паразиттер қоздыратын ауруларды жою өзекті мәселе болып отыр.
2.Қазақстанда кездесетін аурулар.
2.1. ФАСЦИОЛЕЗ
Фасциолез – жануарларда жіті және созылмалы түрде өтетін бауырқұрт ауруы. Қоздырғышы екi түрлi қан сорғыштар: Fasciola hepatica және F.gigantica(Cobbold,1885). Бiрiншiсiн кәдiмгi, екiншiсiн алып фасциола деп атайды. Кәдiмгi фасциола жапырақ тәрiздi, ұзындығы 2-3 см, құрттың тұмсық жағы сәл шығыңқы келедi де көптеген тiкеншелерiмен жабдықталады. Алып фасциола сүлiк сияқты ұзынша келедi, тұрқы 3,5-7,5 см болды,iшкi мүшелерiнiң орналасуы кәдiмгi фасциоланыкiндей, айырмашылығы шамалы.
Биологиясы. Сорғыштар қосжыныстылар. Жұмыртқалары денесiнен бөлiнiп, ақтық иесiнiң өтiмен бiрге iшегiне енiп, одан нәжiспен сыртқы ортаға шығады. Жұмыртқа iшiнде балаңқұрттың алғашқы сатысы-мирацидий7-15 күн аралығында қалыптасады. Мирацидилер бауыраяқтылардың денесiне тесiп кiрiп, көбейе бастайды. Фасциоланың екеуi де дамуы жағынан бiрдей деуге болады,айырмашылығы тек қана аралық иелерiнде: кәдiмгi фасциоланыкi-кiшi тоспаұлу (малый прудовик), алып фасциоланыкi-құлақша тоспа ұлу. Ұлулардың денесiнде 2-3 айдың iшiнде мирацидиден, спороцист, реди және церкари депаталатын сатылары өрбидi. Құйрықты церкари ұлуларды тастап бiраз уақыт суда жүзiп жүредi, сонан кейiн шөптiң тамыр жағына немесе сабағына қонып, құйрығынан құтылып, қабықшамен қапталады, жұқпалы сатысы адолескариларға айналады. Жануарлар адолескарилермен залалданған шөп не су арқылы ауруды жұқтырады. Денеге енiсiмен адолескари iшеккке барып жетедi, сыртқықа быршағынан айырылады. Қабыршағынан босаған адолескари iшектi тесiп,құрсақ қуысына түсiп, онан әрi жылжып бауырдың сыртқы қабығын,қантамырларын жыртып iшкi ұлпасына ауысады, жыбырлап кезiп жүрiп өтжолдарына барып тұрақтайды. Ал жас құрттардың бауырға жететiн тағы бiржолы қан тамырлары. Малдың бауырына жеткен фасциолалар 2-5 айданкейiн өсiп-жетiлiп, ересек сорғышқа айналады да тағы да жұмыртқа сала бастайды. Жануар денесiнде бұл трематодалар 5-10 жылға дейiн тiршiлiк етеалады. Эпизоотологиясы. Республиканың оңтүстігінде қой және ірі қараның фасциолезі көбінесе жиі тіркеледі. Фасциолез көлшiктi, сазды, ылғалды алқаптарда және жаңбырлы жылдары көп кездеседi. Әсiресе шалшық сулары мол, саз-батпақты өрiстерде мал көптеп зақымданады. Фасциолез үй тұяқтыларының барлығына жұғады, бiрақ бұл ауруға көбiне қой мен iрi қара шалдығады да өлiм-жiтiмге осы түлiктер ұшырайды.Бауырқұртпен барлық жастағы мал жайылымға шығысымен залалданады,әсiресе қозы, бұзау жиi шалдығады да, көбiнесе өлiмге ұшырайды. ҚР Оңтҥстігінде бұл дерт жылдың барлық маусымында кездесе бередi.
Патогенезі. Денеге тҥскен адолескарилер бiртiндеп өсе бастайды,жынысы жетiлмеген жас трематодалар тұмсығымен, денесiнiң сыртындағы тiкеншелерiмен ащы iшектi тесiп жаралайды, қанын сорғалатады. Олар жылжып отырып бауырға жетiсiмен оның сыртқы қабығын (капсуласын), үлпершегiн (паренхимасын), көптеген қантамырларын жарақаттап, өздерiнiң тұрақты мекенiне - өт жолдарына өтедi. Ересек фасциола қанмен қоректенедi. Сонымен бiрге трематода өзiнiң уытын шығарып, дененi уландырады (интоксикация), бiртiндеп қант мөлшерiн азайтады (анемия), құрамын өзгертедi. Сорғыш құрттар бауырдың iшкi ұлпаларын зақымдап, өт жолдарын (холангит), өт қалтасын (холеоцистит) қабындырады. өттiң iшекке қарай жүрмей, жетпей қалуы салдарынан асқорыту ағзаларының атқарар қызмет iтежеледi, кұрт бұзылады. Бауыр iсiнiп қабынады, өт жолдарының кiлегей қабығы қалыңдайды, зақымдалған ұлпалардың орнын дәнекер ұлпалар басып, ұлғайып (цирроз) , өзiнiң жұмысын нашар атқара бастайды.
Клиникалық белгiлерi. Фасциолез жiтi және созылмалы түрде өтедi. Жiтi түрi жас құрттардың денеге енген сәтiнен ересек сатыға жетуiне дейін, 2-2,5 айға созылады, көбiнесе күзде тiркеледi. Дертке шалдыққан жануардың дене қызуы көтерiледi, жем- шөпке зауқы шаппайды, iшi кебедi,ауыз, танау, көз кiлегей қабықтары қансызданып бозарып кетедi, жүрек соғуы жиiлейдi, тынысы тарылып, демiгедi. Созылмалы түрi: Фасциолезге шалдыққан мал емделмесе ауру созылмалы түрге айналады. Ауру көбiнесе қыста, кейде жазғытұрым байқалады. Ауырған қойдың клиникалық белгiлерi көмескi бiлiнедi, азыққа тәбетi кемидi, ас қорытуы нашарланады, iшi бiресе өтiп, бiресе қатады. Ауыз, танау, көздiң кiлегей қабықтары бозарып, артынан сарғая бастайды. Мал жүдейдi, көбiнесе жатып алады, алқымы, кейде омырауы, қарынның тұсы iседi. Патанатомиялық өзгерістер : фасциолездiң жiтi түрiнен өлген малға диагноз қою қиындау. Бауыр ұлғайған, паразит тескен ұлпасына қан құйылған. Ұлпаны саусақтармен мыжығанда қойыртпақ сықпаға iлесiп балаң құрттар шыға бастайды. Фасциолездiң созылмалы түрiнде бауыр қатайып, үлкейiп (цирроз), түсi өзгерiп бозарады, қабығының астынан өт жолдары бұлтиып, сұрғылт ақшыл жолақ болып көрiнедi. өт жолдары қалыңдаған, кескенде шықырлайды, iшiнен сұйық заттармен бiрге көптеген сорғыштар табылады. өтi қою, қара қошқыл-жасыл, арасында гельминттер кездеседi.
Диагноз қою
тәсілдері. Фасциолезге
Алдын - алу шаралары. Фасциолездан сақтандыру шараларын жан-жақты жҥргiзген жөн. Сақтық дауалардың ең негiзгiсi малды дегельминтизациядан өткiзу арқылы жер-суға, жайылымға құрттардың жұмыртқаларын таратпау. Аурудың алдын алу үшiн белгiлi жоспар бойынша,дәрiгерлiк нұсқауларға сәйкес дегельминтизацияны жылына екi рет жүргiзу қажет. Бiрiншi рет малды өрiске шығарардан 10-15 күн бұрын дәрiлейдi,екiншi рет-жайылым маусымы аяқталған кезде. Күйiс малына фасциолезды жұқтырмау үшiн оларды шалшықты, сазды, батпақты, ойпаң жерлерге, көл маңайына, ағыны баяу өзен жағаларына жаюға болмайды: қақ және шалшықты сулардан суармау керек.
ДИКРОЦЕЛИОЗ
Дикроцелилозбен үй және жабайы жануарлардың көптеген түрi, әсiресе күйiс малы және кемiргiштер ауырады. Қоздырғышы- Dicrococoelium lanceatum (Stiles et Hassal,1896) ұзынша келген (тұрқы 0,5-1,5 см) жiңiшке, өте ұсақ, қандауыр (ланцент) тәрiздi жалпақ құрттар. Биологиясы- Дикроцелиоз қоздырғышы аралық және қосымша иелерi көмегiмен дамиды. Олар жер бетiндегi аралық иелерi-құрлық ұлулары (Bradibenidae тұқымдастары) және қосымша иелерi құмырсқалар (Formicaтуысынан) болып табылады. Құрт жұмыртқалары iшiнде қалыптасқан ұрығы – мирациди бар. Олар мал нәжiсiмен бiрге сыртқа шығады. Одан кейiн олар жайылымдардағы ұлулар денесiне дариды. ұлу iшегiнде мирациди жұмыртқа қақпақшасынан шығып, бауырына өтедi. Мұнда ол өзiнiң сыртқы түгiнен айырылып, аналық спороцистаға айналады. Ал аналық спороциста бойында кезектi ұрпағы жеткiн спороцистасы қалыптасады, ал одан келесi сатысы-церкари пайда болады. Церкарилермен құмырысқалар қоректенгенде, олардың құрсақ қуысында 1-2 ай аралығында ең қауiптi метацеркария сатысы пайда болады. Мал өрiсте зақымдалған құмырсқаларды шөппен бiрге жұтып, дикроцелиозауруын жұқтырады. Ақтық иесiнiң “асқазан-iшегiне” жетiсiмен
метацеркаридiң сыртқы қабығы ерiп кетедi, сонан соң олар iшектен өт арнасы арқылы бауырдағы өт жолдарына жетiп, 2,5-3 ай аралығында жынысы жетiлген ересек трематодаға айналады. Мал бауырында олар 6жылдан артық күнелтедi. Эпизоотологиясы- Оңтстік өңірінде кең тараған гельминтоз. Дикроцелиоз малға тек қана өрiсте жұғады. Тау бөктерiнде дикроцелидiң аралық иесi ұлулар, сондай-ақ трематодалардың қосымша иелерi-құмырысқалар жиi кездеседi. Дикроцели жұмыртқалары ыстық, суыққа өте төзiмдi келедi. ұлулар мен құмырысқада құрт ұрпақтары (церкари және метацеркари) 3 жылдай сақталады. Дикроцелиозбен төрт түлiкпен қатар шошқа және кемiргiштер ауырады.
Патогенезі. Бауырды жайлаған сорғыштар жалжып орындарына уыстырып отырады, сөйтiп өт арнасын бiтеп тастайды. Созылмалы түрi мен ауырған малда паренхиматоздық және интерстициалды гепатиттiң белгiлерi айқын көрiнедi. Бұл уақытта бауыр бiртiндеп iсiне бастайды, өт жолдары қабынып, жараланады (цирроз). Мұның салдарынан ащы iшекке өт құйылмайды, асқорыту жүйесi қызметi бұзылады: малдың iшi өтедi, денесi уланады. Клиникалық белгілері. Мал бауырындағы гельминт саны аз болса ауру белгiлерi бiлiнбейдi. Егер бауырда жҥздеген, мыңдаған құрт болса, мал қатты ауырады және дерт белгiлерi айқындала түседi. Жануардың жем-шөпке зауқы нашарлайды, оның қоңы кеми бередi, тамағында, кеудесiнде жалқаяқ iсiк пайда болады, бауыр көлемi ұлғаяды, кейде iшi өтедi, көзге iлiнетiн мүшелердiң кiлегей қабықтары ақсарғыш тартады. Патанатомиялық өзгерiстер. Бауырдың көлемi үлкейедi, капсуласының кейбiр тұстары қалыңдап, сырттан қарағанда олар қаптаған ақдаққа ұқсайды. өт қалтасы бұлтиған, iшi қою қоңыр жасыл өтке толып,арасында құжынаған трематодалар жүредi. Диагноз қою тәсілдері. Дикроцелиозға диагноз қою үшiн эпизоотологиялық деректердi сараптайды. Аурудың сыртқы белгiлерi арқылы диагноз қою мүмкiн емес.Сондықтан тiрi малдың трематодозын дәлелдеу үшiн оның нәжiсi әртүрлi гельминтовоскопия тәсiлдерiмен зерттеледi. Дикроцелиоздан өлген не лажсыз сойылған малға диагноз қою қиын емес. Ол үшiн өт қалтасы тұсынан бауырдың iшкi бетiн тереңдетiп көлденең кеседi, кесiктiң ернеулерiн саусақпен сәл қысып сығады, осы сәттте өтжолдарынан бар болса, жай көзге көрiнетiн сорғыштар шыға бастайды. Емдеу жолдары. Күйiс малының дикроцелиозына қарсы белгiленген ұсыныстар бойынша бiрнеше антгельминттиктер қолданылады. Құрамы 5%-ды клозантелден тұратын препараттар (роленол,клозантекс т.б). 1мл 10кг тірі салмаққа бұлшық етке егіледі. Алдын – алу шаралары. Сақтық шаралардың ең негiзгiсi дикроцелиоз кездесетiн шаруашылықта малды мiндеттi түрде дегельминтизациялап отыру. ұсыныстар бойынша Жамбыл облысының аймақтарында күйiс қайыратындарға дегельминтизацияның бiрiншiсiн желтоқсанда, екiншiсiн наурызда, үшiншiсiн шiлдеде жүргізген жөн. Аурудың алдын алудың тағы бiр жолы сорғыштың аралық және қосымша иелерiнiң тұрақты мекен қоныстарын түбегейлi өзгерту. Бұл үшiн өткен жылғы ескi шөппен қоса тал-томар шоғырларын өртеп жiбередi, жердi жыртып, мәдени өсiмдiктердi егу шарт.
ЭХИНОКОККОЗ (БЕРIШ, БЕРШIМЕК) Эхинококкоз ауруы мал шаруашылығына көп зиын келтiретiн адамзатқа қауiптi ауру. Эхинококктың таспасы ит, қасқыр, қарсақ, тҥлкi ащы iшегiн мекендейдi, ал көпiршiктерi (берiш-бершiмектерi) адам, үй және жабайы тұяқтылардың өкпесiнде, бауырында, кейде басқа да мүшелерiнде тiршiлiк етедi. Қоздырғышы. Ересек жетiлген түрi- Echinococcus granulosus өте уақ гельминт, ұзындығы 2-6 мм (0,5 см) сколекстен, 3-4 бунақтардан тұрады. Мойыннан кейiнгi буылтықтар қос жынысты, соңғы төртiншiсi пiсiп-жетiлгенi, ал оның қапшық секiлдi жатыры жүздеген жұмыртқаға толы. Биологиясы. Ит және т.б. ет қоректiлер нәжiсi арқылы эхинококктың жұмыртқалары жайылымға, шалшық суларға тарайды. Мал олармен жем-шөп, су арқылы зақымданады. Эхинококкоз адамға иттен, құртжұмыртқалары жабысқан киiм-кешек, ыдыс-аяқ, жемiс-жидек, көкенiс және судан жұғады. Денеге түсiсiмен гельминт ұрығы жұмыртқаны жарып шығып, iшектiң iшкi қабатына енiп, одан әрi қан тамырлары арқылы денеге тарайды. Олар өкпе мен бауырға және басқа органдарға жетiп, онда бiрте-бiрте эхинококк көпiршiк-берiштер пайда болады. Берiштер өте баяу, айлап жылдап өсiп жетiледi. Кейбiр ларвоцисталардың есеюi көп жылдарға (адамда10-30 жыл) созылады. Ал, бұралқы иттер т.б. жыртқыштар эхинококкоздан өлген малдың iшкi мүшелерiн жеп ауруға шалдығады. Эхинококктың жыныстық жетiлуiне 1-3 айға жуық мерзiм керек. Ит iшегiнде бұл цестодалар5-6,5 айдай өмiр сүре алады. Эпизоотологиясы. Оңтүстік облыстарының аудандарында 4 жастан асқан қойдың 20-80% бершiмекпен ауыратыны белгiлi. Мал өлiмi қыста,ерте көктемде, яғни күтiмi нашарлаған жағдайда байқалады. Қой шаруашылығы өркендеген жерде адам мен мал эхинококкозының көбiрек тарайтыны кездейсоқ жай емес. өйткенi басқа түлiкке қарағанда қой мал дәрiгерлiк тексеруден өткiзiлмей-ақ сойыла бередi. Құрттың ақтық иелерiнен гельминтозды таратушылардың негiзгiсi ит. Бұлар сыртқы ортаға күн сайын таспа құрттың мыңдаған жұмыртқаларын шашады. Олар сыртқы орта жағдайына өте төзiмдi. Патогенезі. Бауыр мен өкпеде орналасқан эхинокок көпiршiктерi өсе келе ағзалардың бiр қалыпты қызметiн бұзады. Ларвоцисталар өте көп болған жағдайда олардың толық iстен шығуына әкелiп соқтырады. өкпе мен бауырдағы берiштер органдарды қысып, оларды семуге (атрофияға) ұшыратады. Көпiршiк жатқан орын үңгiр қуысқа айналады, ұлпалар желiнiп кетедi. Денеге эхинокок сұйық затының уыты да ықпал етедi. Микробтар қосылып дерттi онан сайын ушықтырып жiбередi. Жануар әбден арықтап барып өледi. Клиникалық белгiлерi. Бершiмiктер өкпеде дамыса, оның ауа тамырларын қысуынан жануардың күйi төмендейдi, тынысы тарылып,жөтелi жиiлейдi. Мал бiрте-бiрте арықтап, әдетте қыс айларында шығынға ұшырайды. Эхинококктер бауырға орналасқанда малдың күйiс қайыруы нашарлайды, ас қорытуы бұзылады, кейде iшi кебедi. Ағза көлемi ұлғайғанда жануардың оң жақ қарыны шығыңқырап тұрады, бауыр тұсын қолмен басса ауырсынады. Кейде цисталар құрсақ қуысында, шажырқайда болса, буаз сиырлар iш тастауы ықтимал. Патанатомиялық өзгерiстер. өлген не амалсыз сойылған малдың өкпе-бауырын тексергенде олардың сырты көптеген эхинокок көпiршiктерiнiң орналасуынан кедiр-бұдыр болады, кейде ларвоцисталар органдардың сыртына шықпай iшiнде қалады. Ондай да мүшелердi кескенде iшiнен бершiмектер шығады. Олардың көлемi әрқилы, бұршақтың үлкендiгiндей, жұмыртқадай, тiптi нәресте басындай болады. Ал эхинококкпен бүлiнген өкпе-бауырдың түрi өзгерiп, ұлғайып, салмағы ауыркеледi. Диагноз қою тәсілдері. Малдың тiрiсiнде эхинококкозға клиникалықбелгiлерi арқылы диагноз қою қиын. Кейiнгi жылдары иммунобиологиялық,анықтап айтқанда, аллергиялық және серологиялық әдiстердi пайдаланады. Егер бiрiншi әдiс шаруашылықта қолдау тапса, ал екiншiсi ғылыми-зерттеу мекемелерiнде ғана жүргiзiледi. өлгеннен кейін балау мал өлекселерін қарау арқылы анықталады, бірақ көпіршіктердің бірен-сараны табылған жағдайда, оларды мал өлуінің себебі деп санауға болмайды. Малдың эхинококкоздан өлуі ларвоцисталарменқатты инвазияланғанда ғана болуы мүмкін.
Емдеу тәсілдері.
Малдың эхинококкозын дәрi-
Дегельминтизацияны топтастырып жҥргiзу (15-20 иттi) әдiсiмен орындағанда жақсы нәтижелерге қол жетедi. Мұндайда тек жұмыс iстелген жер ғана зарарланады, уақыт үнемделедi. Ареколиннің - бромды сутегi қолданылады. Бұл дәрiнi итке 12-14 сағата шықтырып, әр кг салмағына 0,004-0,005 г есебiнде бередi. Ит денесiнен гельминттердiң шығуы 30-40 минуттан кейiн басталады. Құрамы празиквантелден тұратын антгельминтті препараттар: дронцит, дронтал плюс, азинокс, празикол, празив-К, т.б. Дозасы 1 таблетканы 10кг тірі салмаққа тамағына қосып береді немесе күштеп жұтқызады. Дәрiленген иттер үш мәрте нәжiс шығарғанша байлаулы тұрады. Иттерден шыққан құрттарды нәжiсiмен қоса бiр орынға жинап өртеп, көмiп тастайды. Жердiң беткi қабаты да қырып алынып, шұңқырға көмiледi. Қазықшынжыр, қарғыбауларды лаулап тұрған отқа қарып алады. Иттер емделген алаңды каустикалық соданың (NaOH) 3%-ды ыстық ерiтiндiсiмен зарарсыздандырады (дезинвазияланады). Дегельминтизацияның сапалы не сапасыз өткенiн анықтау үшiн 2-3 жұмадан кейiн iшiнара тексерумақсатымен кейбiр иттердi қайта дәрiлейдi. Иттердi цестодоздардан сақтандыру жолдары. Ең алдыменшаруашылықтағы қой мен iрi қараны, т.б. ларвалды цестоздарға (айналмаға,бершiмекке, жылауыққа т.б.) шалдыққандарын сау малдан бөлiп алу қажет. Малдың зақымданғанын анықтау үшiн аллергиялық реакциялар қолданады. Ценурозды болдырмау үшiн, мал отарын тексеруден өткiзiп, миқұртының клиникалық белгiлерi байқалған малдар сойылады. Сойылған не өлген малдың басын итке жегiзбеу қажет. Эхинококк берiштерiмен зақымданған өкпе-бауыр, жылауығы бар шарбы-шажырқай, миқұрты бар бас, көпiршiктерге толы басқа мүшелер итке мүлдем берiлмейдi, оларды өртеп жiбередi.
ЦЕНУРОЗ Қой ценурозы (айналма, тентек) - бас миының, кейде жұлынның зақымдалуымен және олардың қызметінің бұзылуы. Айналманы тудыратын құрттың жыныстық жетiлген сатысы етқоректілердің ащы iшегiн, ал көпiршiк ларвоциста кезi қойдың, сирегiрекешкiнiң, бұзаудың, кейбiр тағы тұяқтылардың орталық жүйке жүйес iұлпаларын мекендейдi. Аралалық иелері қой, қозы, ірі қара мал, сирегірек түйе, шошқа, жылқы,сайғақ, жайран, арқар, сондай-ақ адамдар ауырады. Ақтық иелері- ит, өте сирек түлкі, қорқау және қасқыр болып табылады. Аш ішек бөлімінде ми цепенінің жынысы жетілген сатысы паразиттік тіршілік етеді. Қоздырғышы- Имаго- Multiceps multiceps ұзындығы 40-60 см-ден 1-1,5 м-ге дейiн барады, денесi 200-250 бунақтардан құралған. Көпiршiгi -Coenurus cerebralis - iшi түссiз сұйыққа толы, iшкi жағынан бүртiк секiлдi нүктедей жүзден артық сколекстерi байқалады. Мида 2-3 ценур кездеседi,олардың үлкендiгi кейде тауық жұмыртқасындай. Биологиясы. Күн сайын ондаған бунақтар құрт денесiнен үзiлiп,нәжiспен бiрге сыртқы ортаға шығып жатады. Бунақтар жауын-шашын, жел-су ықпалымен ыдырайды да, ал олардан ажыраған жұмыртқалар өсiмдiкке,суға түсiп, мал өрiсiне тарайды. Малға айналма дертi гельминт жұмыртқасымен былғанған, шөппен, сумен жұғады. Құрт жұмыртқасы мал асқазанына түсiсiмен сыртқы қабықтарынан айырылады, одан босап шыққан онкосфера iшектi тесiп өтiп, қан тамырларына енедi, қан арқылы миға не жұлынға орналасып, 3 ай iшiнде ценурға, яғни тентек көпiршiгiне айналады. Ит өлген немесе сойылған ценуроз қойдың басын кемiрiп жеу арқылы зақымданады. Ит iшегiне түскен балаңқұрт орта есеппен 1,5-2 айда жыныстық сатысына жетiлiп, 6-8 ай, тiптi 1,5-2 жыл сонда тiршiлiк етедi. Эпизоотологиясы. Ценуроз Жамбыл және Оңтҥстік Қазақстан облыстарының қой өсiретiн барлық шаруашылықтарында кездеседi.Айналмамен көбiнесе бiр жасқа дейiнгi қозылар ауырады. Ал екi жастанасқан қой бұл дертке сирек шалдығады. Мал шығыны жылдың барлық айларында тiркеледi. Жас төлдердiң тентекке ұшырауы сәуiр-мамырайларында басталады, ал шiлде-тамызда көбейе түседi. Ценуроздың клиникалық белгiлерi қойға оның қоздырғышы жұқанан кейiн 3-6 ай өткен соң ғана бiлiне бастайды. Бұл аурудың ең асқынатын кезi- ерте көктем. Ценуроздың эпизоотологиясында иттер маңызды мiндет атқарады,өйткенi олар сыртқы ортаға таспа құрттың жүзмыңдаған, миллиондаған жұмыртқаларын шашады. Цестодалардың жұмыртқасы күн сәулесi тiкелей түсетiн жерлерде тез жойылады, ол керiсiнше көлеңкелi, ылғалды жерлерде тiрлiгiн ұзақ уақыт (бiр жылға дейiн) сақтай алады. Патогенезі. Ценуроз қоздырғышының мал денесiне тигiзер ықпалы балаңқұрт ащы iшек қабаттарын тесiп өткенiнен-ақ байқалады. Патоморфологиялық өзгерiстер ащы iшек пен тоқ iшекте, бүйенде айқындала түседi, бұлардың кiлегей қабатынан көптеген нүкте тәрiздес қанталауларды көруге болады. Одан кейiн онкосфера қан, сөл (лимфа) жолдары арқылы барлық дене мүшелерiне таралады. Бас миында алғашқы өзгерiс ауру жұқтырғаннан кейiн 2 тәулiк өтiсiмен анықталған. Ценур орналасқан жер зақымдалып қабынады. Бiртiндеп өсiп жетiлген көпiршiк түзiлiп, ол орталық жүйке жүйесiнiң қызметiн бұза бастайды. Бұл гельминтоз өте зардапты дерт, одан мал өлмей тiрi қалуы екі талай. Клиникалық белгiлерi. Ауру сырт белгiлерiне қарай төрт сатыға бөлiнедi. Бiрiншi сатысы немесе алғашқы жасырын кезеңi. Ценуроз жұққан қойда ешқандай клиникалық белгi байқалмайды, бiрақ қоздырғышты организмде бар екенiн иммунологиялық реакцияны пайдалану арқылы табуға болады. Екiншi сатысы немесе сырт белгiлерi бiлiнген кезеңi шамамен алғанда жануар залалданғаннан кейiн 17-29 күн өткен соң басталады. Мал азжусап, денесi дiрiлдейдi, тiсiн қайрайды, елеңдеп, жоқтан өзгеден үркiп,кейде жатқан орнынан атып тұрып, құлақтарын қайшылап, шошынған қалып танытады. Бұл кезең 2-7 күнге созылады. үшiншi сатысы немесе екiншiжасырын кезеңiнде малдың күйi кәдiмгiдей жақсарады, аталған клиникалық белгiлер өзiнен-өзi жойылып, бiлiнбей кетедi. Миқұрттың бұл сатысы 2-8айға созылады. Төртiншi сатысы 8-9 айды қамтиды немесе соңғы кезеңiндеценуроздың ерекше айқын белгiлерi анықтала тҥседi. Ауру асқынған кездежҥрiп келе жатып мелшие қалу, бағытсыз жүрiп кету, қоралы малдан бөлiне қашу, кiлт тоқтап артқа шегiну, оқтын-оқтын басын бiр жағына қисайтып алып, бағдарсыз жҥрiп барып сүрiну, жығылу, басын кекжитiп алып тұра жөнелу, көбiне бағытын жоғалтып, бiр орнында айнала беру сияқты белгiлер байқалады. Мiне осындай белгiлерiне қарай халық бұл дерттi айналма, тентек деп атайды. Егер ценур жұлында өссе, түлiктiң жүрiсi өзгерiп тәлтiректейдi,ақырында артқы екi аяғын баса алмай, шойырылып жатып қалады. Негiзiнде ценурозға шалдыққан малдың бәрi де өлiмге ұшырайды немесе қолдан амалсыз сойылады. Патанатомиялық өзгерiстер. Аурудың алғашқы кезеңiнде өлген қозының бас сүйегiн жарып тексергенде, ми қабығы қызарыңқырап тұрады. Мидың әр тұсынан айналма балаң құрттарының iздерiн көруге болады. Дерттiң созылмалы түрiнде мида 1 немесе 2-3, көлемi көгершiн не тауық жұмыртқасындай көпiршiктер табылады. Бас сүйек жұқарып, саусақпен басқанда былқылдап тұрады. Диагноз қою тәсілдері. Диагноз эпизоотологиялық мәліметтер,клиникалық белгілері және патологанатомиялық сойып тексеру нәтижесінде бас миында немесе жұлында ценур көпіршігін табу негізінде қойылады. Малдың тiрi кезiнде ценурозды клиникалық белгiлерiне қарап, офтальмоскопия және аллергиялық тәсiлдер арқылы анықтауға болады. Ценурозды өлген қойдың бас сүйегiн жарып, миын тексерiп дәл ажыратуға болады. Ми iшiнен құрт көпiршiгi табылады. Емдеу жолдары. Айналманы оташылдық (хирургиялық) тәсiлмен, емдейдi. Бұл әдiс аурудың сырт белгiлерiнiң төртiншi сатысы кезiнде, яғни миқұртының мейлiнше үлкейген шағында қолданылады. Алдын алу шаралары. Жануарлардың ценурозбен ауруының алдын алу мақсатында заңды және жеке тұлғалар, малдардың иелері ценуроздың және басқа аурулардыңалдын алуға бағытталған қоздырғыштың биологиясы мен малды күтіп-бағудың технологиясын ескере отырып шараларды жүзеге асырады. Жануарлардың өлекселерін және қасапханалық қалдықтарды (бас, ішкімүшелері) өртеу, биотермиялық орға көму арқылы зарарсыздандырады. Малдарды сою ветеринариялық маманның рұқсатымен жүзеге асырылады. Иттерді азықтандыру үшін қасапханалық қалдықтар толық қайнатылғаннан кейін пайдаланылады. Қой ценурозына қарсы вакцина шығарылған (Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институты). Оны қозыларға ерте көктемде бір рет егеді.
ТЕНУИКОЛДЫ ЦИСТИЦЕРКОЗ (ҚұРСАҚ ЖЫЛАУЫҒЫ.) Бұл гельминтозға қой, ешкi, шошқа, жабайы күйiс қайыратындар өте сирек болса да iрi қара мен түйе шалдығады. Цистицеркоз малға, әсiресе төлге (қозыға, лаққа, торайға) үлкен әсер етiп, шығын болуына да әкеп соғады. Цестодалар ересек сатысында иттiң, кейде қасқырдың, шие бөрiнiң,түлкiнiң ащы iшегiнде, ал ларвоцисталары (жылауық) тұяқтылардың құрсақ қабықтарында, шарбы-шажырқайда, iш майында және бауырдың сыртқы қабығында тiршiлiк етедi. Қоздырғышы. Құрттың имагосын, яғни жынысы жетiлгенiн Taeniahydatigena ( Pallas,1766) деп атайды. Оның тұрқы 5 м-ге жуық, бунақ-денесi жүздеген буылтықтардан құралған. Көпiршiктiң ғылыми атауы - Cysticercustenuicollis, қазақшасы жылауық. Цистицерк- жылауықтың көлемi әртүрлi- бұршақ дәнiндей, көгершiн, тауық жұмыртқасындай, саны бiрнешеден жүзге шейiн жетедi, сыртқы бiтiмi домалақ, сопақтау, кейбiреуi алмұрт сияқты болып көрiнедi. Биологиясы. Аралық иелерiнiң, яғни тұяқтылардың бұл гельминтозға шалдығуы құрт жұмыртқаларымен ластанған жем-шөптi пайдаланудан болады. Малдың асқорыту жүйесiнде жұмыртқадан бөлiнген онкосфера iшектi тесiп, қанға өтiп, қан ағынымен бауырға жетедi. Сонан кейiн цистицерк өзiнiң толық даму сатысына жету ҥшiн бауыр үлпершегi арқылы,оның сыртқы қабығына шығып жайласуы немесе құрсақ қуысына өтуi қажет.өздерiнiң тұрақты мекенiне жеткен цистицерктер 1-2 ай өткен соң ауру жұқтыра алатын ларвоцистаға - жылауыққа айналады. Құрттың ақтық иелерi- ит. Олар аралық иелерiнiң зарарланған iшкi ағзаларын жеп, iшқұрт ауруын жұқтырады. Ит iшегiнде гельминт 2 ай шамасында өсiп жетiлiп, онда 4-11 ай өмiр сүредi. Эпизоотологиясы. Гельминтоздың кең таралуына бiрден-бiр себепкер болып отырған жағдай, сойылған, өлген малдың iшкi ағзаларын итке беру. Қыл мойынды финноз малға әдетте фермадағы және қойшы меншiгiндегi дегельминтизациядан өтпеген иттер арқылы тарайды. Қойға бұл дерт көбiнесе қора маңында жайылып жҥрген шақта жұғады. Патогенезі. Гельминтоздың жiтi түрi төлдер арасында кездеседi. Мал денесiне енген құрт ұрпақтары қан айналу жҥйесiне өтiп, мүшелердi зарарлайды, бауырға енiп, оның ұлпаларын зақымдайды, кейде өлiмге де ұшыратуы мүмкiн. Құрсақ жылауығы көбiнесе жасырын, созылмалы түрде өтедi, тұяқтылардың қан құрамы өзгередi. Клиникалық белгiлерi. Аурудың жiтi түрiнде, төл тынышсызданады,жем-шөпке қарамайды, ауызы сiлекейленедi, iшi өтедi, кейде дене қызуы көтерiледi. Бiрақ көптеген iшқұрт аурулары секiлдi жылауық та астыртын өтедi, клиникалық белгiлерi байқаусыз онша көңiл аударарлықтай емес. Патанатомиялық өзгерiстер. Аурудың жiтi түрi: бауыр көлемi ұлғайған оның сыртқы бетiндегi бҥлiнген тұсы қоңыр - қызыл не сұрғылт қызыл түстi, ал көлемi тары мен бұршақ дәнiндей. Созылмалы түрi: құрсақ қуысындағы сiрi қабықтың үстiне жайғасқан, шарбы, шажырқай және бауырға да жабысқан жылауықтарды табуға болады.
Диагноз қою тәсілдері. Жануардың тiрi кезiнде оның жылауыққа шалдыққанын бiлу үшiн иммунобиологиялық зерттеулердi өткiзген жөн,өкiнiшке орай, бұл әдiстер шаруашылықтарда қолданылмайды. өлi малдың бауырын тiлiп жiбергенде қоңырқай сұрғылт сұйық ағады, арасынан ұзындығы 3-6 мм-дей паразиттер шығады. Оны үлкейткiш әйнек –лупамен тексерiп анықтайды. Құрсақ қуысындағы iшкi ағзалардан жылауық iздестiрiледi. Емдеу жолдары. Тенуикольдi цистицеркозды емдеу жолдары әзiрге табылған жоқ.
МОНИЕЗИОЗ. Мониезиоздар - таспа құрттар аурулары, тудыратын қоздырғыштары Оңтҥстіктің қой шаруашылықтарында қозының 30-60 %-ы монезиозға шалдығып, 20-40 %-ы шығынға ұшырауы ықтимал. Қоздырғышы. M.еxpansа- ұзындығы 6-10 м, тҥсi ақшыл, бунақ (проглоттида) аралықтарындағы бездерi дөңгелене келiп, буылтықтың алдыңғы жақ шеттерiне орналасқан. M.benedeni – тұрқы 2,5-4 м, түсi күңгiрттеу, бунақаралық бездерi көлденең сызықшаға ұқсайды. Биологиясы. Мал таспа құрттың пiсiп-жетiлген соңғы буылтықтарын өз нәжiсiмен берге сыртқы ортаға шығарады. Әр бунақтарда мыңдаған жұмыртқалар болады. Қоршаған ортада таспа проглотидалары үзiлiп,iшiндегi жұмыртқалары шашылады. Кенелер өiмдiктердiң түбiнде органикалық қалдықтармен, мал тезегiмен қоректенiп, құрт жұмыртқасын қоса жұтады. Кене денесiне түскеннен кейiн гельминт жұмыртқасынан онкосфера бөлiнiп iш қуысына енедi, одан әрi балаңқұрттың келесi сатысы цистицеркоидқа айналады. 3-5 ай аралығында цистицеркоид өсiп жетiлiп,инвазиялық сатыға жетедi. Мал жайылымда шөппен бiрге мониезиоз құртымен залалданған орибатид кенелерiн жұтып ауру жұқтырады. Қозы менбұзаудың iшегiне түскен мониезия құрты тез өсiп, 35-48 күн аралығында жетiлiп, ересек таспаға айналады. Бұл паразит ақтық иесiнiң iшiнде 2 айдан 6айға дейiн тiршiлiк етедi. Эпизоотологиясы. Мал бұл дерттi қора төңiрегiндегi қи, тезек шашылған жерлерден жұқтырады, өйткенi өте ұсақ, жай көзге көрiнбейтiн сауытты кенелер-орибатидтер шiрiген органикалық заттары мол топырақ қабатында өмiр сүредi. Мониезиоз құрты малға өрiске шығысымен жұға бастайды, ал төл арасында аурудың алғашқы клиникалық белгiлерi 15-20 күн өткеннен кейiн байқалады. Оңтүстік өңірінде бұл гельминтоз 2-3 айлық қозыларды едәуiр дәрежеде шығынға ұшырататын iндет болып саналады. Сонымен қатар ол тоқтыларда және сақа қойларда да кездеседi. Iшқұрт ауруы қоздырғыштарының өздерiне тән айырмашылығы бар. Мысалы, жаз ортасына дейiн негiзiнен алғанда M. еxpansa, ал күзге қарай M.benedeni кездеседi. Құрттың бiрiншi түрi көбiнесе жас қозыларды зақымдаса, ал екiншiсi – сақа малды зарарлайды. Патогенезі. Зақымданған мал iшегiнде таспа құрттың жалпы саны жүзге дейiн баруы ықтимал. құрт орналасқан төрт сорғышымен iшекке жабысып, кiлегейлi қабығын жаралайды. Кейде паразиттер iшек iшiне толып, азық жүргiзбей қояды. Осының нәтижесiнде iшек созылып, iшкi қабаты қабынады,бара-бара iшектiң түйiлуiне немесе ыдырап, үзiлiп кетуiне ұшыратады. Гельминттерден бөлiнiп шыққан уыты қан арқылы дене мүшелерiне жайылады, жүйке жүйесiнiң қызметiн бұзады, бүкiл мал денесiн уландырады . Соның салдарынан төлдiң, кейде ересек малдың iшi кеуiп ӛтедi, нәжiс, зәршығару кезiнде мал қиналады, бұлшық етi дiрiлдейдi, қан азаюы байқалады. Сонымен бiрге басқа инфекциялық iндеттерге қарсы малдың төзiмдiлiгi төмендейдi. Ауру малдың тәбетi нашарлап, тез жүдейдi, көбiнесе жата бередi, ақырында өлiм-жiтiмге ұшырайды. Клиникалық белгiлерi. Клиникалық белгiлердiң пайда болуы мал организмiнiң шыдамдылығына және жұққан құрт санына байланысты. Қозы iшегiндегi ондаған немесе жүздеген таспа құрт ауруды тым үдетiп жiбередi. Малдың жем-шөпке зауқы бәсеңдейдi, шөлiркеп iшi өтедi, сұйық нәжiсiне шырыш және қан араласады. Төлдiң арты үнемi былғанып жүредi, ал кейде көтен iшектен таспа құрттар үзiндiлерi салбырап тұрады. Патанатомиялық өзгерiстер. Мониезиоздан өлген немесе онымен ауырған қозылар мен қойды сойып қарағанда олардың етiнiң қашқаны көрiнедi. Кiлегей қабықтары бозарыңқы, терi астынан жалқаяқтар байқалады.Iшiн жарып қарағанда құрсақ қуысынан сарқылма сарысу көрiнедi. Ащы iшектiң кiлiгей қабығы жарақаттанған нүкте тәрiздi қанталаған. Диагноз қою тәсілдері. Мониезиозды жануарлардың тірі кезінде анықтау үшін копроскопия (гельминтоскопия және гельминтоовоскопия) әдістерін қолданады. Бұл әдістермен мал ішегінде жыныстық мҥшелеріжетілген таспа құрттардың болуын ғана анықтайды. Сонымен қатардиагностикалық дегельминтизация әдісімен малдың залалданғанын цестодолар жетілгенге дейін де анықтауға болады. Гельминтоскопия әдісі арқылы отардағы қозылардың құмалақтарында таспа құрттардың буындары бар, не жоқ екенін тексереді. Егер төлдер ересек құрттармен зақымдалған болса олардың құмалағымен бірге мониезия бөлшектері сыртқа түседі. Гельминтовоскопия әдісімен мал нәжісін тексеріп мониезиозды дәлірек анықтауға болады. Осы мақсатта флотациялық әдістердің (Фюллеборн, Дарлинг, Котельников пен Хренов және тағы басқа) бірін қолданған жөн. өлген малдың аш ішегін гельминтологиялық жарып тексеру әдісімен зерттегенде ақ таспа тәрізді жалпақ, шұбатылған құртты табу аса қиынға соқпайды. Бір малда бірнеше құрт кездесуі мүмкін. Емдеу жолдары. Республиканың оңтүстік облыстарында аталған препараттардын төмендегі дәрілік түрлері пайдаланылады. Альбендазол – таспа құрттарды жоюға әсері жоғары антгельминттік препарат. Альбендазолды мониезиозға қарсы қойларға ауыз арқылы 1кгсалмаққа 7,5мг әсер етуші зат есебімен беріледі. Бұл препараттың мынадай белгілі дәрілік түрлері бар: альбен, албекс, вальбазен, зальбен, 10%-ды альбендазол суспензиясы, альбендазен, т.б. Алдын - алу жолдары. Дегельминтизация қойды таспа құрттардан арылтудың және бұл ауруды сыртқа таратпаудың негізгі профилактикалық шарасы болып табылады. Әсіресе құрт буындары мен жұмыртқаларын нәжістен тапқан кезде, паразиттердің өсіп жетілген шағында осы шараның әсері күшті келеді. Профилактика мерзімі өтіп кетсе, емдеу дегельминтизациясы жүргізіледі. Бұл үшін алдыңғы жылдардан тәжірибесін, таспа құрт дертінің қозу динамикасын жиі тексеріп, нәжісте құрт буындары кездескенге дейін 1-2апта бұрын емдеу шараларын жүргізу керек. Қойлар жоспарлы түрде жылына 3-4 рет дегельминтизациядан өтіп тұрады. Дегельминтизация арнаулы орындарда жүргізіледі. Бұл шараға құрғақ, өсімдіксіз, суаттан қашық жер қолайлы. Көрсетілген мерзімде қойлар сол жердегі бақылауға алынған орындарға жеткізіледі. Профилактикадан өткен жануарлар 1-2 күн қолда бағылады. Малды жыртылатын отамалы дақылдар аңызында немесе 1,5-2 жылға жайылымдықтан шығарылған, шөбі сирек алқаптарда жайып ұстаған жөн.
ГЕМОНХОЗ Қоздырғышы- Haemonchus contortus - қой-ешкi, iрi қара, түйе т.б. кейбiр жабайы күйiстiлер ұлтабарында мекендейдi. Бұл құрт жiңiшке қыл тәрiздi қызғылт түстi нематода, тұрқы 2,5 см (еркегi), 3,5 см (ұрғашысы) дейiн жетедi. Эпизоотологиясы. Гельминтозбен ҚР оңтүстігінде әсiресе екi жасқа дейiнгi қой жиi ауырады. Малдың көп ауырып, өлiм-жiтiмге ұшырауы қыстың аяғында, көктемде, кейде күзде байқалады. Паразит малға өрiсте жұғады. Жауын-шашыны көп жылдары, ылғалы мол жерлерде дерттiң жаппай жұғуына қолайлы жағдай туады. Биологиясы. Гемонхтар-гематофаг, қансорғыш құрттарға жатады,олар ұлтабардың iшкi кiлегей қабығын тiсiмен жаралайды, қабындырады, қан ағызады, улы заттар бөлiп шығарып, бүкiл дененi уландырады. Соның салдарынан малдың ас қорытуы бұзылып, арықтайды. Клиникалық белгiлерi. Дертке шалдыққан қозы мен тоқтының жем-шөпке қатады, кейде түлiк жатқан орнынан тұра алмай көтерем болады, әлсiрейдi, кӛпке ұзамай өледi. Патанатомиялық өзгерiстер. өлекседен қаны аздық және көтеремдiгi бiлiнедi. Құрсақ қуысында сарғыш сұйық жиналған. ұлтабардың кiлегейлi қабығында көптеген қанталау ошақтары бар. Қатпары қалыңданған, ал iшi қызғылт түстi сұйыққа және жүздеген не мыңдаған құрттарға толған. Ащы iшек пен тоқ iшектердiң кiлегей қабықтары қабынған. НЕМАТОДИРОЗ Қоздырғышы - үй және кейбiр жабайы күйiс қайыратындардың ащы iшегiн мекендейтiн жiп тәрiздi жұмыр құрт - Nematodirus туысының әралуан түрлерi. Эпизоотологиясы. Нематодироз ҚР оңтүстігінде жаппай таралған ауру. Қой нематодирозының жыл маусымына қарай таралуы бiрнеше шартқа байланысты. Ауру төлдердiң саны бiрте-бiрте көбейе түседi де, күз айларында молаяды. Қарашадан бастап, малдың ауруға шалдығуы азая бастайды. Дерт белгiлерi болмаса да 1,5-2 айлық қозылардан бiрлi-жарым аталған гельминттер тiркелген. Биологиясы. Нематодирлер қозы денесiн уландырады (интоксикация) және оның қанымен қоректене бастайды (гематофагия). Құрттар iшектiң кiлегейлi қабығының жүйке ұштарын тiтiркендiредi. Осының салдарынан iшек қабығы қалыңдап, iсiнiп қанға толады. Ас қорыту процесi ауытқып отырады, iшек-қарынның жалпы қызметi нашарлайды. Соның салдарынан жануарлардың iшi өтiп, нәжiсi сұйылады. Организм көп судан айырылады, осыған байланысты су-тұз алмасу процесi бұзылады. Дененiң улануы әсерiнен ауру мал қанының сарысуындағы қышқылдық-сiлтiлiк теңдiк бұзылып, қышқылдық (ацидоз) басталады. Клиникалық белгiлерi. Жiтi түрi 2-6 айлық төлде, көбiнесе кеш туғандарында және жетiм қозыларда 4-10 кҥннен 3-4 аптаға өрбидi. Ауру шiлде-қыркүйек айларында байқалады. Мал тез арықтайды, тәбетi нашарлайды, көздiң, танаудың, ауыздың кiлегей қабықтары қан аздығынан бозарады, iшi қабысып, бүйiрлерi тартылады, iшектiң жиырылуы күшейедi, iшi өте бастайды. Созылмалы түрiне тоқты және сақа қой шалдығады. Мал арықтап, кiлегей қабықтары сұрғылттанып (анемия) iсiнедi, терiсiнiң кей жерлерiнде жүнi түсiп қалады. Ауру бiрнеше айға созылады. Жасырын түрi ересек қойға тән, оның клиникалық белгiлерi анық бiлiнбейдi. Мұндай мал нематодироз таратушы болып табылады. Патанатомиялық өзгерiстер. Қозы өте арықтаған, аузының және мұрнының кiлегей қабығы бозарған. Оны сойып қарағанда ащы iшек қалыңдап, оның кiлегей қабығы қанталап iсiнген және қатпарланған. Iшiненкiлегей арасынан 500 - ден 2000 - ға дейiн нематодирлер табылады. Жас өлексе ішегінің қан тамырлары айқын, ішіндегі нематодирлер қызыл тҥсті.
ХАБЕРТИОЗ Қоздырғышы - Chabertia ovinae – iрi және кейбiр жабайы (қодас, бұғыт.б.) күйiстiлердiң бүйенi мен тоқ iшегiн жайлайтын iрi құрттар. Олардың тұрқы 1,3-2,6 см, ақсары түстi, денесiнiң жуан-дығы оның басынан құйрығына дейiн бiркелкi десе де болады. Эпизоотологиясы. Хабертиоз ауруының белгiлерi көбiнесе қысайларында байқалады, ал оның таралуы көктем шығысымен күшейiп кетедi.Осы кезде төл шығыны көп болуы ықтимал. Паразиттiң өздiгiнен азаюы нәтижесiнде, әдетте мамырдан бастап, дерттiң жұғу деңгейi төмендей бередi. Малға ауру өрiсте жұғады. Суаттардың да залалданғыш екенiн естен шығармау керек. Жаңбырлы жылдары ойпатты жайылымдар және сазды жерлер өте қауiптi. Балаңқұрттар суыққа өте төзiмдi, олар сыртқы ортада бiржылдай тiрi қалуы мүмкiн. Биологиясы. Ересек құрттар өзiнiң ауыз қуысымен бҥйен мен тоқ iшектiң кiлегей қабығын, қылтамырларын жарақаттайды. Жаралы жерден аққан қанмен паразит қоректенедi. Ағзаның зақымданған бөлiктерiне зиянды бактериялар жиналып, көбейе бастайды. Микроб және нематодалардың тiршiлiгiнен пайда болған улы заттар iшекке сiңiп, қан тамырларына енiп,бүкiл денеге жайылып жануарды уландырып, оны өлiмге әкеп соғуы да мүмкiн. Клиникалық белгiлерi. Аурудың жiтi түрiнде, жануардың дене қызуы көтерiлiп, тамыр соғуы мен демалуы жиiлейдi, ол кҥйсiзденедi,кiлегейлi қабықтары бозарады, алқым тұсынан жалқаяқ байқалады, малдың iшi өтедi, құйрығы мен артқы аяқтары сұйық нәжiспен былғанады, дертөршiген сайын түлiк етiнен айырылып, көтерем халге жетiп, өлiп те кетедi.Созылмалы түрiнде ауырған малдың азыққа зауқы болмайды, жүнi ұйысып түскiш келедi, жағының асты iсiнiп кетедi, жануар тышқақтайды, күтiмге қарамастан азып-тозып өлiмге ұшырайды. Патанатомиялық өзгерiстер. өлексе өте арық, көтерем. Оның кеудежәне құрсақ қуыстарында 2-3 л сары сұйық жиналған. Тоқ iшек пен тiк iшектiң қатпарлар сiлiкпе iркiлумен (студенистый инфирьтрат) толғандықтан олар жуандаған, iшiндегiсi қоңыр түске боялған, арасынан хабертиялар табылады. Тоқ ішектiң кiлегей қабығы iсiнген, қызарған, қалыңдаған. Кейбiр тұстарында бүрлерiнен айырылған, көптеген жерлерiн қаптаған ноқатқанталаулар, көлемi тары дәнiндей жарақаттар басқан. Диагноз қою жолдары. Нематодаларға диагноз қою үшін аурудың клиникалық көріністерін, эпизоотологиялық деректерді еске алады, ал оны
нақтылы дәлелдеу үшін гельминтолярвоскопиялық Вайда немесе Берман-Орлов әдісін іске қосады. Емдеу тәсілдері. Левомизол – жұмыр және қыл тәріздес ағза құрттарына қарсы қолданылатын, иньекциялық препарат. Малдарға 1мл/10кгтірі салмағына тері астына егеді. Панакур түйіршіктері (құрамы 22,2% фекбендазол) 22мг/кг тірі салмағына, ірі сиырмен жылқыға 34мг/кг беріледі. Құрамы 1% ивермектиннен тұратын ивермек, ивермектин, ивамек, авимек т.б. препараттарды 1мл/50кг тірі салмағына есептеп тері астына бір рет егеді. Рамектин - 1мл/50кг тірі салмаққа тері астына бір рет егеді.Тетрамизол 0,005г/кг тірі салмаққа күніне бір рет 3 күн қатарынан береді. Алдын – алу жолдары. Нематода дертінен сақтау ҥшін қозыларды жаздың аяғында, күздің басында дегельминтизациялау керек, ал сақа малға бұл дуаны қыстың соңында, көктемнің кірісінде жүргізген жөн. Дәріленген түлікті 3-5 тәулік бойы аңызға жая тұрады. Пайдаланған дәрмектің әсері жақсы тиіп жатқанын білу үшін дегельминтизация өткеннен кейін 8-10 тәулік өтісімен 50 шақты қойды лабораториялық тексеруден өткізеді. Гельминтоз жылда тіркелетін шаруашылықта жас ткған төлді бұл кеселге қарсы күзде дәрілеу қажет.

- Паразиты
- Паразиты человека
- Паразиты человека
- ПАРАҚОРЛЫҚ ҮШІН ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚ
- Паралимпийские виды спорта
- Паралимпийские виды спорта и чемпионы Паралимпийских игр РТ
- Паралимпийские игры
- Паразитология
- Паразитология
- Паразитология
- Паразитология
- Паразитология и инвазионные болезни сельскохозяйственных животных
- Паразитология: фасциолёз
- Паразитти кенелер