Педагог және оның қоғамдағы рөлі
Кіріспе
- Педагогика мамандығының пайда болуы мен қалыптасуы
- Педагогиканың шығуы және дамуы
- Педагогтың жеке тұлғасы
- Мұғалімнің кәсіптік этикасы, педагогтік әдептілігі
- Педагогтың орны мен рөлі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Педагогика бұл-адамзат
ғылымының ең ежелгі және қоғам дамуының
ажырамас саласы болып табылады. Себебі:
педагогикалық білім ұғымы
Жас ұрпақ тәрбиесі қай
заманда болмасын уақыт сөресінен
түскен емес. «Бір баланы адам етіп өсіргенше
бір шаһар апат болады» дейді
Шығыс даналығы. Ал, жеке тұлғаның адамгершілігін
қалыптастыру үшін қыруар уақыт пен
тер төгетін үлкен
Мұғалімнің сыртқы келбет мәдениеті, өзін- өзі басқару шеберлігі, мұғалімнің моральдық қасиеттеріне қойылатын талаптар оқу- тәрбие жұмысының табиғатына қарай күн сайын жаңарып, жаңа сипатқа ие болуда. Мұның өзі қоғамның үздіксіз дамуынан, ғылым мен техниканың өркендеуінен туындап отыр.
Ахмет Байтұрсынов: «Ең әуелі мектепке керегі- білімді, педагогика әдістемесінен хабары мол, оқыта білетін мұғалім»,- деген болатын.
Мұғалімнің кәсіптік мәдениеті туралы Н.К. Крупская, С.Т.Шацкий, А.С.Макаренко, К.Жарыкбаев, Ш.Т.Таубаева еңбектерінде кеңінен сөз болып, мұғалімнің әдеби, сөйлеу шеберлігі, шешендік қасиеті, дауыс дикциясы, сыртқы бейнесі жөнінде келелі әңгіме қозғалады. Мұғалімге қарапайымдылық, ұқыптылық, жинақтылық тән болуы тиіс. Мұғалімнің киімі, қозғалысы, шаш үлгісі сәнді болып келгені абзал. Мұғалімнің әлеуметтік беделін көтеруде оның сабырлылығы, сергектілігі, мейірімділігі мен кішіпейілділігі де зор рөл атқарады.
Білімдар мұғалімнің сөйлеу техникасы мен адамды түсіну білуі, басқа адамды елітіп әкетуі басым болады.
Педагогикалық әдеп- мұғалімнің кәсіптік сапасы және кәсіптік ерекшелік белгісі. Кейбір мұғалім, кәсібін айтпай- ақ, өзінің әділдігімен, ілтипаттылығымен өзінің мамандығын сырт көзге айқындап тұрады. Мұғалімнің ашу үстінде ешқандай шешім қабылдамауы пайдалы. Болашақ ұстаздар өз ісінң әрбір қыр- сырын жетік игеру жолында кәсіптік сапаларды толық меңгерсе, бүгінгі қоғамымызды байытатын, дамытатын, жаңартатын адам тәрбиелеуге мол мүмкіндік ашылатыны күмәнсіз. Мектепте білім алу-бала өмірінің маңызды кезеңдерінің бірі. Қандай білім беру жүйесінен және қандай мұғалімнен білім алғаны баланың үлгеріміне және жеке тұлғалық қалыптасуына байланысты болады.Кәсіби шеберліктің құрылу процесі білімінің жүзеге асуы мен қалыптасуын ғана емес сонымен қатар оның тұлғалық қалыптасуын да қарастырады. Мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты мәселелер көптеген жауапкершілікті талап етеді. Қазақстандағы жалпы білім беретін және кәсіби білім беретін мектептердегі жүргізіліп жатқан реформалар өзінің педагогикалық жүйесінде принципті өзерістерді қажет етеді.Қазіргі кезеңде білім беру мақсаттары өзгеруде,оқу ақпаратының мазмұны жаңаруда, педагогикалық коммуникация құралдары, және педагогикалық әсер етудің объектісі- оқушылар да айтарлықтай өзгеруде. Осы факторлардың барлығы педагогикалық кәсіби шеберлігінің деңгейін жоғарлатуды талап етеді. Оқу процесінің жаңаруына қажетті шарт кез-келген педагогикалық жүйенің басты тұлғасы болып табылатын оқытушылардың педагогикалық шеберлігін арттыру болып саналады.
Жаңа әлеуметтік тұрғыда
мұғалімнің кәсіби шеберлігінің қалыптасуы
- оның кәсіби шеберлігі мен білімінің
жоғарғы сапасын қамтамасыз етеді.
Педагогтардың жалпы және кәсіби шеберлігін
дамыту мәселелеріне Н. Кузьмина, А. Щербаков
көңіл аударған.
Қазіргі заманғы білім беру жүйесі оқытушылардың
кәсіби шеберлігі мәселесін күрделендіріп
отыр. Өйткені дәл қазіргі таңда оқушылардың
жалпы және рухани мәдениетін мұғалім
анықтайды. Педагогикалық энциклопедияда
педагогикалық шеберлікке мынадай анықтама
береді. Өзінің аты бойынша балаларды
сүйетін және өзнің тәрбиелеу және білім
беруін барлық уақытта жоғары деңгейде
жаңалап отырады. Педагог- өз ісінің шебері.Бұл
дегеніміз жоғары мәдениетті, өз пәнін
терең білетін, өзіне тиісті ылым және
мәдениет салаларымен жақсы таныс, психологиялық
мәселелерін практикалық түрде талдай
білетін , тәрбиелеу мен білім беру әдістемесін
терең меңгерген маман. Осылайша, педагогикалық
шеберліктің маңыздылығын кәсіби әрекеттерді
ұйымдастырудың жоғарғы деңгейін қамтамасыз
етуші жекелік қасиеттердің жиынтығы
деп көрсетеді. Бұл қасиеттерге оқытушы
әрекетінің гуманистік бағытталуы, кәсіби
білімі, педагогикалық ерекшеліктері
жіне педагогикалық техникасы жатады.
Ғылымда сонымен бірге
педагогтың меңгеруі қажетті нәрсе-
педагогикалық технология деген
түсінік бар. Педагогикалық түсінік
дегеніміз- тәрбиеленушілерге әсер
етуші әдістер мен тәсілдерді
меңгеру.Сонымен қатар
1.Педагогика мамандығының пайда болуы мен қалыптасуы
Әрбір ғылымның өзіне тен зерттейтін саласы және ғылыми ұғымдары бар. Мысалы, философиядағы ұғымдарға "болмыс", "материя", "қозғалыс"; саяси экономияда- "қоғамның өндіргіш күштері мен өндірістік қатынастары", ал педагогикада - "тәрбие", "білім беру", "оқыту"жатады.
Педагогикалық ұғымдар арқылы педагогикалық құбылыстарды, олардың байланысын танимыз.
Педагогикалық ұғымдардық бірі - тәрбие.
Тәрбие дегеніміз - адамдарды
қоғамдық өмірге және өнімді еңбекке
дайындау мақсатын көздеп, жаңа ұрпаққа
қоғамдық-тарихи тежірибені беру процесі.
Тәрбие ұғымы кең мағынада әлеуметтік
қоғамдағы құбылыс ретінде
Кең мағынада деген ұғымда бүкіл сыртқы әсерлердің, адамды қоршап тұрған, табиғи және әлеуметтік ортаның, тәрбиешілердің мақсатты іс-әрекеттерінің ықпалымен адамды қалыптастыру.
"Тәрбие" ұғымы тар мағынада "Тәрбиеші тәрбиелейді", кең мағынада "Өмір тәрбиелейді' деп қолданудық тәрбие жайлы ұғымды анықтауда зор мәні бар.
Тәрбие - тар мағынада жеке тәрбиелік міндетті шешуге, жеке адамның белгілі бір қасиетін қалыптастыруға, меселен, эстетикалық талғамын тәрбиелеуге бағытталған жұмыс.
Тәрбие жаңа ұрпақты өмірге, еңбекке дайындау арқылы коғамның алға қарай дамуын қамтамасыз ететін процесс. Тәрбие -педагогикалық кең мағынада қоғамның арнайы бөлінген адамдары - мұғалім, педагог, тәрбиешілердің басқаруымен жүргізілетін мақсатты үрдіс. Олар арнайы тәрбие жұмысын ұйымдастырып, жеке адамның қалыптасуына ықпал жасайтын жиынтық факторларды пайдалана отырып әрекше әдіс-тәсілдерді қолданады.
Тәрбие жайлы әр түрлі теориялар мен пікірлер айтылып келеді. Тәрбиені әресек адамдардық балаларға ықпал жасауы деп түсіндіруінілер де бар. Бұл жағдайда бала енжар объект түрінде қарастырылады. Ол педагогикалық процестің субъектісі бола алмайды, яғни, өздігінен ойланып, белсенді іс-әрекет жасай алмайды. Бұдан тәрбиеге бір жақты анықтама беру байқалады.
Білім беру - табиғат пен
қоғам жайында жинақталған
Білім беру ұғымын педагогикаға тұңғыш енгізген И. Песталоцци.
Білім беру - оқыту мен тәрбие жұмысын біріктіретін және жеке бастық дамуына ықпал жасайтын процесс.
Оқыту - білім берудің негізгі жолы. Оқыту екі жақты, бір текті процесс:
1. Оқытушы оқушыларға білім берін, іскерлік, дағдыға үйретеді.
2. Оқушы таным міндеттерін жете түсініп, жаңа білімді, іскерлікті, дағдыны игереді және оларды өмірде колданады.
Ал адамның білім алуы тек оқыту процесінің нетижесі емес, оның; білім алуына көпшілік ақпарат құралдары кино, радио, телехабар, т.б. ықпал жасайды.
Сонымен бірге адамның "жетілуі", "даму", "өзін-өзі тәрбие¬леу" ұғымдары да педагогиканың зерттейтін меселелері саласын толықтырады.
Жеке адамның дамуы - бұл ішкі және сыртқы, басқарылатын, басқарылмайтын және факторлардың ықпалымен жеке адамның қалыптасып жетілу процесі. Жеке адамның дамуы мен жетілуінде мақсатты түрде жүргізілетін тәрбие және оқыту шешуіні рөл атқарады.
Жеке адамның қалыптасуында
өзін-өзі тәрбиелеудің маңызы зор. өзін-өзі
тәрбиелеу - адамның саналы түрде, белгілі
бір мақсат көздеп өзінің бойына қалыптастыратын
қасиет, мінез-құлық дағдысына
Негізгі педагогикалық, ұғымдар – тәрбие, білім беру, оқыту біріне-бірі теуелді, табиғи байланысты. Бұл ұғымдар жастарды өмірге, тәжірибеге дайындаудың басты құралы.
2.Педагогиканың шығуы және дамуы
Педагогиканың шығуы және дамуы. Қандай да болмасын ғылым салаларының дамуы қоғамның өмірлік мұқтаждығынан, талабынан туады. Педагогиканың пайда болуы қоғамның жас ұрпақты тәрбиелеудің тиімді жолын табу мақсатынан және де өндірісті дамыту талабынан туған. Тәрбие ұрпақ пен ұрпақты байланыстыратын дәнекер болып саналады. Педагогика ғылымы ұзақ тарихи даму жолынан өтті.
Алғашқы педагогикалық ой-пікірлер әртедегі шығыс елдерінің (Мысыр, Вавилония, Унді, Қытай) философиялық жүйесінде дамып, кейін біртіндеп өз алдына жеке ғылым болып дами бастады.
Ежелгі дуние философиясы әртедегі шығыс елдерінің қорытып жиыстырған білім мұрасын дамытқан еді. Сократ, Платон, Аристотель, Демокрит саясат, тәрбие, мемлекет, жеке адам тәрбиесінің мақсаттары мен мазмұны және әрекшелігі сияқты педагогикалық мәселелерді қарастырады. Феодалдық қоғамда (орта ғасырда) тәрбиеге деген көзқарас мүлдем өзгәрді. Әрте дүние педагогтары ұсынған адамның рухани және дене күштерінің қатар дамуы көзқарасының орнына "о дүниелік өмірге" дайындауды ұсынған пікірлер қалыптасты.
ХУ-ХУI ғасыр педагогикасы орта ғасыр педагогикасын сынады. Адамның жеке басының тәрбиесін оның дамуы ойшылдарды толғандырды, мәдениет пен педагогикалық бағыт "гума¬низм" деп аталды (Ф.Рабле, Т.Мор, Т.Кампанелла). Гуманистәр жаңа дәуір үшін жаңа адам қажеттігін дәлелдеді.
Феодализмнен капитализмге
өту деуірінде дін
Осы кезде педагогика да өз алдына ғылым ретінде бөлініп шықты. Сол ғасырда педагогиканың жеке ғылым ретінде мәртебесі чех халқының ұлы педагогы Ян Коменскийдің (1592-1670) "Ұлы дидактика" еңбегімен беки түсті.
Батыс Еуропада ағылшын философы
Джон Локк (1632-1704) "Тәрбие туралы ойлар"
деген еңбегінде тәрбиенің
Ресейде революқиялық-демократияшыл ойдық негізгі салушылар:
А.Н.Радищев, В.Г.Белинский, А.Н.Гәрцен;
XIX ғасырдық 60-ы жылдарында Н.Г. Чернышевский,
Н. А. Добролюбов; XIX ғасырдық екінші жартысында
демократияшыл тәрбиенің
Н.К.Крупская (1869-1939) кеңестік
педагогика ғылымын дамытуға зор
үлес қосып, еңбек және политехникалық
білім беру, идеялық-саяси тәрбие
мәселелерін ғылыми-теориялық
Көрнекті кеңес педагогы Антон Семенович Макаренко (1888-1939) жастарды қайта тәрбиелеудегі өзінің бай тәжірибесіне сүйелік, оқу-тәрбие жұмысын жүргізудің жүйелі теориясы мен әдістемесін құрды.
Макаренконың тәрбие мен
оқу жайлы еңбектері, оның жеті томдық
педагогикалық шығармаларында жинақталған.
Олар: "Ата-аналар кітабы", "Балаларды
тәрбиелеу жайлы дәрістер , "Тәрбие
жұмысын ұйымдастыру
Көрнекті педагог Василий
Александрович Сухомлинский (1918-1970)
өзінің педагогикалық жүйесіпде
әрбір оқушының басынын жан-жақты
дамуының, дара ерекшеліктерінің, бейімділігінің,
қызығуінылығының, тағы басқа кабілеттерінің
жетілуіне бағытталған оқу-
Қазақстанда ағартушылық
идеяны көтергендердің бірі -Шоқан
Шыңғысұлы Уәлиханов (1835-1865). Ағартуіны-ғалым
қазақ даласындағы оқу, мектеп ісін
ғылыми негізде құрып, оқу білімінің
табиғат сырларын ашуға бағытталуын,
туған халқының алдықғы қатарлы
мәдениетті елдерді қуып жетуін ақсады.
Діни бағыттағы медреселер мен ел
билеуіні әкімдер, тілмаштар дайындайтын
мектептердің мақсатын сынай келіп,
жалпы білім беретін
Қазақтық аса көрнекті
ағартушы-педагогы Ыбырай Алтынсариннің
(1841-1889) демократиялық-ағартушылық
Торғайда – қөленер, Қостанайда
- ауыл шаруашылығы училищелері, Ырғызда
- қазақ қыздарына арнап мектеп-
Қазақ халкының ұлы ойшыл ақыны Абай Қунанбайұлыңың (1845-1904) поэтикалық шығармалары мен "Гадлия" сөздері педагогикалық ой-пікірлерге толы. Табиғаттық санадан тыс, тәуелсіз өмір суруі, өмір ақиқатының туйсікпен қабылдануы, адамдар жаратылысының бірдегі еместігі, ғылымның ақылмен, жан құмарымен алынатындығы оның көрінісі. Ақынның педагогикалық көзкарасының қоғамдық қатынастар тұрғысындағы пікірлері, жастарды халқының әдеп-ғұрпы, салт-санасы, дәстурінен тәлім-тәрбие алуға шақыруы дүниежузілік педагогика классиктерінің ой-пікірлерімен үндеседі.
Ағартушы-педагог Ахмет Байтұрсынов (1873-1937) мол педагогикалық мұра калдырды. А. Байтұрсынов бүкіл саналы өмірін қазақ, қоғамында білім-ғылымының дамуына, мектеп ағартушылық ісінің жанданып, кемелденуіне бағыштайды. Ол ауыл мектебінде, семинарияларда бала оқытты, оқу-тәрбие жұмыстарын жетілдіру саласында көп ізденді.
А. Байтұрсынов "Қазақ" газетіндегі (1914 ж) "Мектеп керектері' деген мақаласында: "Ең әуелі мектепке керек - білімді, педагогика, методикадан хабарлар оқыта білетін мұғалім. Екінші - оқыту ісіне керек құралдардық қолайлы әм сайлы болуы. Үшінші - мектепке керегі белгіленген бағдарлама. Әр іс көңілдегідегі болып шығуы үшін оның үлгісі, я мезгілді өлшеуіші болуы керек. Үлгісіз я өлшеусіз істелген іс - ол я артық, я кем шықпақшы", - деп оқытудық дидактикалық принциптерін| ғылыми тұрғыда белгілеп берді.
А.Байтұрсынов ұсынған
жаңа әліпби 1913 жылдардан бастап мусылман
медреселері мен орыс-қазақ
Міржакып Дұлатов (1885-1935) Ы. Алтынсариннің ұстаздық идеяларын әрі қарай дамытып, А.Байтұрсынов сияқты оқу-тәрбие мәселелерін ғылыми түрғыдан қараған, шәкірттәрдің жаңа бағдарламалар арқылы білім алуына, мұғалімдердің ғылыми дидактикалық қағидаларға сәйкес сабақ жүргізуне әрекше мән берген педагогтардың бірі.
Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931)
педагогика, психология саласында құнды
ғылыми-зерттеу еңбектерімен қатар,
бірнеше оқулықтар, оқу құралдарының
авторы болған ірі тұлғалардың бірі.
"Тәрбиеге жетекші" атты еңбегінде
(1924 ж.) педагогиканың дидактика
Қазан төңкерісінен кейін тәлім-тәрбие ғылымына тәрең үңілгендердің бірі - Мағжан Жумабаев (1893-1938). Оның "Педа¬гогика" атты еңбегі соң кезеңдегі ана тілімізде жазылып, ғылыми әлемді елең еткізген туынды болды.
Қазақ педагогика ғылымының тұңғыш профессоры Шәрапи Әлжановтың (1901-1938) тәлім-тәрбие саласында әр түрлі тақырыптың төңірегінде жазған жиырмадан астам еңбегі жарық, көрді. Ол "Ес және есте сақтау меселелері', "Ой мәселелері", "Дағдылану мәселелері' атты еңбегінде (1936 ж.) шәкірт психологиясының жас және дара ерекшеліктері жайлы соз қозғайды, сол салада жүргізгілген сараптамалық зерттеулердің нетижесін оқырман назарына ұсынады.
Қазақтық белгілі педагогы
Әбдіхамит Сембаевтың (1905-1989) қаламынан
сексеннен астам қомақты
Сұлтанбек Қожахметов (1910-1945)
дидактика меселелерімен жан-
Қартбай Бержанов (1924-1976) - педагогика ғылымдарының докторы, профессор. Педагогика ғылымының дамуына елеулі үлес қосқан ғалым-ұстаз.
Педагогика – ақиқат ғылыми
көзқарас болып есептелетін және
объективтік дүниені танудық, білудің
және ғылыми білімнің дамуының бірден-бір
әдісі болып саналатын
Педагогиканың методологиялық негізі диалектикалық және тарихи материализм болғандықтан, диалектикалық әдіс педагогикалық құбылыстарды кеңістік пен уақыттың нақты жағдайларында, қоғамдық өмірдің басқа құбылыстарымен байланыста және өзара әрекеттестікте алып қарастыруды талап етеді.
Педагогиканың методологиясы дегеніміз - кез келген педагогикалық мәселені зерттеу негізіне жататын жалпыға ортақ ережелер, философия заңдары. Кез келген ғылым зерттелгелі отырған құбылыс туралы жалпы ережелерді қолданып, өзіне тән әдістерін қолданады. "Даму" сөзі - философиянікі.
Ғылым өз пәнін үнемі зерттеп отырмайынша дами алмайды. Педагогика ғылымы да өзінің күш-жігерін, тәрбие, білім беру, оқыту мәселелерін зерттеуге бағыттайды. Педагогикалық зерттеу әдістері - педагогикалық болмыс туралы зерттеуші жинаған фактілерді және білімдерді талдаудық негізгі тәсілдері. Педагогикалық зерттеулер теориялық және эмпирикалық деп бөлінеді. Теориялық әдістер: ғылыми педагогикалық әдебиеттерді талдау; индукция; дедукция; жіктеу; аналогия; салыстыру. Эмпирикалық әдістер: мәліметтерді жинау (бақылау, әңгімелесу, сауалнама, тест); тексеру және өлшеу (шкалалау); мәліметтерді өңдеу; математикалық, статистикалық, графикалық, кесте; баға беру әдістері (өзін-өзі бағалау, рейтингі, педагогикалық консилиум); зерттеу нәтижелерін тәжірибеге енгізу (эксперимент). Зерттеулерде мына әдістер пайдаланады.
Қорыта айтқанда, Қазақстанда педагогика ғылымы XX ғасырдық екінші жартысынан бері тез қарқынмен дамыды
3. Педагогтың жеке тұлғасы
Мұғалім еңбегі өте жауапты, әрі күрделі. Сондықтан мұғалімнің жеке басына, мамандық деңгейіне арнайы талаптар қойылады. Оның әрекетінің сипаты алдымен бағытына яғни қоғамға, өз мамандығының бағалы жақтарына сенімді болуына байланысты. Мұғалімнің басты бағыты дүниенің шындығын тану, идеялық тұрақтылық, қоғамдық- саяси белсенділік, азаматтық жауапкершілік, халық ісіне берілуі, оған әділдік.
Мұғалімнің іс- әрекеті жүйесінде кәсіптік бағыттылық жетекші орын алады. Оған баланы сұю, педагогтік жұмысқа психологиялық- педагогикалық көрегендік және байқағыштық, педагогтік әдептілік, педагогтік қиял, ұйымдастырушылық, қабілет, әділдік, қарым- қатынас жасай алу, талап қоя білу, мамандыққа лайықты жұмысқа қабілеттілік, белсенділік, өз білімін көтеруге дайын болу және жаңашылдық сияқты қасиеттер жатады.
Мұғалім әрекетінің нәтижелі болуы педагогтік қабілетке де байланысты. Оның алғы шарты- кейбір адамдарда болатын нышар- тума іске жарамдылық белгі, оны тәрбиелеу, дамыту қабілеттті айқындай түседі. Нышан болмаған жағдайда да педагогтік қабілетті қалыптастыруға болады. Мұның негізі- мұғалім ізденесі. Белгілі психолог В.А.Крутецкий педагогттық қабілеттің психологиялық мәнін зерттей келіп, оны: даралық, дидактикалық, ұйымдастырушылық деп үш топқа бөлді. Даралық қабілет- мұғалімнің балаға деген ынта- ықылатынан, сенімінен, қиын жағдайда өзінің сезімін, мінез- құлқын басқара алуынан, оқушыға оқу материалын дайындап қызықты өткізуінен көрінеді. Дидактикалық қабілет- мұғалімнің өз ойын өзгелерге түсінікті, дәл жеткізуі, өтілетін тақырып материалын тиімді жоспарлауы, оқушының оқу материалын қаншалықты меңгергендігін қадағалау, өзінің даусын, қимыл- қозғалысын, бет- пішінін реттей алуы. Ұйымдастырушылық қабілет- мұғалімнің балалар ұжымын құрып, олардың мақсаты мен міндетін дұрыс белгілеп, балаларды өздігінен жұмыс жүргізуге, әр баланың дамуы мен ерекшелігін есепке алуы, психологиясын сезе білуі, оған әсер етудің тиімді тәсілдерін іріктеуі арқылы байқалады.
Мұғалімнің мамандық- көп еңбек етуді қажет ететін, қиындығы мол қызмет. Сондықтан мұғалім күшіне, байсалдығына, жүйке әрекетінің жұмысына арнайы талаптар қойылады. Айталық, күшті тітіркендіргіш әсеріне төзу зейінін шоғырландыра алу, әр кезде белсенді, сергек болу, жұмыс соңына дейін көңілді бұзбау, өз күшін қалпына келтіру, әр түрлі жағдайда ұстамдылық, шыдамдылық таныту, ойды жеткізудегі нақтылық, сезімталдық, істі шалт орындау, қойылған міндетті толқымай шешу, бір істен екіншіге тез көшу, қажеттілікке байланысты жұмыстарды дайындықсыз- ақ өткізуге қабілетті болу, жаңа жағдайға тез көндігу, үйлестіру және өзіндегі кемшілікті байқап, оның өзгеден орын алмауын аңғару т.б.
Мұғалім оқыту, тәрбиелеу
және оқушылардың дамуы мен
Мұғалім қызметінің әсерлі, тиімді және нәтижелі болуы олардың ісінде тапқырлықты, ептілікті талап етеді. Айталық, орын алған әлеуметтік- педагогикалық құбылыстың сипатына, болу себебіне талдау жасау және бағалау; оқушылардың оқу, тәрбиелік деңгейін айқындау; жеке оқушы мен ұжымның дамуын жобалау; оқу, тәрбие нәтижесін, оқушыларда боалтын қиындықтар мен қателерді болжау; нақты педагогикалық міндеттерді белгілеп, оның шешу жолдарын анықтау; оқу- тәрбие жұмыстарының дәлелденген әдістерін, құралдарын, ұйымдастыру формаларын таңдау; оқушылар әрекетін, оған педагогикалық басшылықты жоспарлау; оқушылардың тәртібін, мінез- құлқын, белсенділігін және дара психологиялық ерекшеліктерін басқару.
4.Мұғалімнің кәсіптік этикасы, педагогтік әдептілігі
Мұғалімнің кәсіптік этикасы әрбір оқушының ар- намысын қорғау, оны құрметтеу, ерекшеліктерін тану арқылы көрінеді. Мұғалім оқушының артықшылық белгісін, кемшілігін, олардың мүмкіндіктері мен қызығуын білуі керек. Бұл мұғалімнің кәсіптік этикасын ғана емес педагогтік қабілетін, методистік шеберлігін де көрсетеді.
Зерттеу нәтижелеріне қарағанда оқушылар мұғалімнің әділеттілігі мен шыншылдығына, білім мен ұйымдастырушылығана, ұстамдылығы мен сыпайылғына және қарым- қатынас жасауына айрықша мән беретінің көрсетеді. Егер мұғалім әділетсіздік жасаса, онда оқушылар оның сөзіне, әрекетіне, тіпті сенбестікпен қарайтын болады. Оқушыны ретсіз кінәлау, кемшіліктері мен сәтсіздіктерін орынсыз еске алу да мұғалімнің қасиетін дәріптемейді. Сондықтан кәсіптік этика әр уақытта мұғалім өз әрекетінің барлық жақтарына мән беріп, оқушының көңіліне, ақау салмайтындай, оларға сенетіндей болуын талап етеді.

- Педагогига как наука
- Педагогика
- Педагогика
- Педагогика
- Педагогика XVIII века
- Педагогика Августина Блаженного
- Педагогика адам туралы ғылымдар жүйесінде
- П. Бурдье об общественном мнении
- П. Бурдье. Общество как социальное пространство
- ПВХ: строение, свойства, полечение и модификация
- П. Дорошенко та його боротьба за об'єднання українських земель
- Пегельман, Ханс Густавович
- Педагог в современном дошкольном учреждении
- Педагог: вчера, сегодня, завтра