Педагогические идеи А.Кунанбаева и М.Ауезова
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
ӘОЖ 37.013(574) : 894.342
МАДИЕВА ЖАНСАЯ ҚОЙШЫБАЙҚЫЗЫ
Абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезовтің шығармаларындағы педагогикалық идеяларының сабақтастығы
6М010300
- Педагогика және психология
мамандығы бойынша
АВТОРЕФЕРАТЫ
Ғылыми жетекшісі:
п.ғ.д., профессор Б.К.Момынбаев
Қызылорда, 2012жыл
Диссертациялық жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Психология» кафедрасында орындалды.
Ғылыми жетекшісі:
Ресми
оппонент:
Қорғау өткізіледі:
Диссертация 20______жылы «______»_______________сағат__
Диссертация Қорқыт Ата атындағы Қызылорда
мемлекеттік университетінің
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі: Тәуелсіз ел болғалы ғылым, мәдениет салаларында жасалып жатқан игі шаралардың барлығы жастарға жалпыадамзаттық және жеке ұлттық игіліктер негізінде тәрбие мен білім беру ісін неғұрлым жоғары жоғары деңгейге көтеруге ықпал етуде.
Қазақстан халқына жолдауында президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың: «Еліміздің сан ғасырлық дәстүрін, тілін, мәдениеті мен тарихын сақтай отырып, әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50-елдің қатарына кіруге қадам басуы жолында дамып келе жатқанын атап көрсетті» [1] Осыған байланысты өз халқымыздың тарихи тәжірибесіне сүйену егемендікке қол жеткізген тәуелсіз елдің өміріндегі заңды құбылыс деп білеміз.
Қазіргі кезде қоғамдық өмірдің демократияландыру және ізгілендіру жағдайында ұлттық ерекшелігімізді айқындайтын рухани мәдениетімізді жетілдіру қажеттілігі туындап отыр. Сондықтан отты тарихымыздың шынайы бейнесін жасау-жалпы ұлттық бірлігіміздің, Қазақстан Республикасының мемлекеттік байланысын қалыптастырудуң егемендігін нығайтудың азаматтық пен отаншылдықты, ұлттық сананы тәрбиелеудің ең басты факторларының бірі.
Тәуелсіздік туын тіккен жас мемлекетіміздің болашағына тұтқа болар білімді де білгір, білікті азаматтар даярлау-бүгінгі күннің келелі мақсаттарының бірі. Сондықтанда мектептердегі оқу, тәлім-тәрбие жұмыстары мен педагогикалық ғылым жүйесінде бұрынна жинақталған мол тәжірибелердің тиімді жақтарын сұрыптай пайдалану - оқу орындарының басты міндеттерінің бірі.
Қазақ педагогикасындағы ірі тұлғалардың бірі Абай Құнанбаев, оның ізін жалғастырушы Мұхтар Әуезовте өзінің қара сөздері мен өлеңдері, эпостық шығармалары арқылы, жас ұрпаққа мол тәлім-тәрбие қалдырған. ХІХғасырдың аяғы мен ХХғасырдың бас кезінде өмір сүріп, қазақтың қоғамдық, әлеуметтік, рухани, мәдени, әдеби өміріне белсене араласып, гуманистік, адамгершіліктік, демократиялық, педагогикалық идеяларды уағыздаған. Екеуі де әдебиет тарихы, қазақ тарихы мен мәдениетіне көп көңіл бөлген.
Жалпы Абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезов шығармаларын философиялық, педагогикалық, психологиялық, әдебиеттанудағы маңызына байланысты Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, М.Әуезов, Ғ.Есім, Х.Досмұхаммедұлы, М.Жұмабаев, С.Қирабаев, С.Мұханов, Қ.Мұхамедханов, К.Оразалин, Т.Тәжібаев зерттеулерін т.б. еңбектерді айтуға болады. «Абайдың ақындық мектебі» туралы ғылыми тұрғыда кеңінен қарастырып тоқталған М.Әуезов болды.
Абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезов шығармаларындағы дидактикалық ой-пікірлердің ерекшеліктеріне байланысты кейбір пікірлерді А.Айтбаева, Н.Алдабек, Н.Берікұлы, А.Бейсенбаева, Ә.Балтабай, А.Н.Ильясовова, Ә.Қоңыратбаев, Ж.Б.Сәдірменов, І.Р.Халитовалардың ғылыми-зерттеулері мен мақалаларынан көруге болады.
Абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезов шығармаларындағы сабақтастығы, педагогикалық көзқарастар, педагогикадағы этномәдени тәлім-тәрбие тұрғысынан қарастырып, олардың барлық мұраларын тұтас қамтуға тырыстық. Қазақ халқының мақтанышына айналған екі алып тұлғамыздың армандары олардың педагогикалық идеяларының біріктіретін ортақ күш: ағартушылық, өз елін, халқын сауаттандыру, қазақ балаларының көзі ашық, көкірегі ояу етіп, басқа елдермен тең ету еді. Абайдың қарасөздері қазақ философиясында негізгі түрткі болса, Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман эпопеясы қазақ елін бүкіл әлемге әйгілі етті. «Абай жолы» роман эпопеясы Абайдың қазақ әдебиетін, педагогикалық идеяларын, ұлттық тәлім-тәрбиесі, шығармаларының үндестігі болашақ ұрпаққа берер, өнегесі мол екендігін дисертациямыздың басты мәселесі екендігін айқындаймыз.
Абай Құнанбаев пен Мұхтар Әуезовтің педагогикалық идеяларының сабақтастығын педагогикалық білім беру аймағында қолданылмауы, ұлы ғұламалардың мұраларының өзара байланысын, үндестігін жоғары мектептерде сабақтастық негізінде пайдалану барысында Абай Құнанбаев пен Мұхтар Әуезовтің педагогикалық идеяларын сабақтастыра оқу, тәлім-тәрбие үрдісінде қолдануға жаңаша жол ашылды.
Абай Құнанбаев пен Мұхтар Әуезов шығармалары туралы, тұлғаны тәрбиелеудегі педагогикалық ойларының басты идеясы толық адам тәрбиелеу, адамгершілік-этикалық көзқарастары ақынның дидактикалық идеялары оқу, ғылым іздеу, өнерге ұмтылу секілді тұжырымдарын мүмкіндігімізше терең зерттеп, педагогикалық пәндерді оқытуда тиімді пайдаланудың жолдарын қарастырамыз.
Зерттеудің мақсаты: Абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезовтің педагогикалық идеяларындағы ғылыми-педагогикалық, ұлттық тәлім-тәрбиелік пікірлерді жүйелеп, сабақтастыра отырып, оқу, тәлім-тәрбие үрдісіне ендіру.
Зерттеу нысаны: Жоғары оқу орындарындағы оқу, тәлім-тәрбие үрдісі.
Зерттеу пәні: Абай Құнанбаев пен Мұхтар Әуезов шығармаларындағы «қара сөздері мен өлеңдері», «Абай жолы», «Әдебиет тарихы» педагогикалық идеялардың сабақтастығын оқу, тәлім-тәрбие үрдісінде пайдалану.
Зерттеу міндеттері:
- А.Құнанбаев, М.Әуезовтің шығармаларындағы оның ішінде «қара сөздері мен өлеңдері», «Абай жолы» роман эпопеясындағы рухани-адамгершілік құндылықтары мен қоғамдық әлеуметтік көзқарастарын айқындау;
- А.Құнанбаев, М.Әуезов шығармаларындағы философиялық, педагогикалық, педагогикалық, психологиялық, ағартушылық, діни және гуманистік ой-пікірлерін талдап, болашақ жастарды рухани адамгершілікке тәрбиелеу;
- А.Құнанбаев, М.Әуезов педагогикалық шығармаларындағы «қарасөздері мен өлеңдері», «Абай жолы», «әдебиет тарихы» т.б. идеяларындағы сабақтастығын жүйелі әрі мазмұнды етіп құру.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, ғұламаларымыз А. Құнанбаев, М.Әуезовтің шығармаларындағы ұлттық тәлім-тәрбиелік идеяларының сабақтастығы ғылыми педагогикалық тұрғыдан негізделсе, жоғары оқу орындарының оқу, тәлім-тәрбие үрдісіне енгізілсе, онда бұл үдеріс қазіргі тәлім-тәрбиелік жұмыстардың тиімділігіне септігін тигізеді, себебі дүниетанымы қалыптасқан, педагогикалық білімі терең және ой-өрісі кең жеке тұлғаны қалыптастыруға, болашақ педагогтардың кәсіби дайындығында оқытуды тиімді ұйымдастыруға болады.
Зерттеудің жетекші идеясы: Абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезов шығармаларындағы педагогикалық идеялардың сабақтастығын оқыту мен тәрбиелеу үрдісінде жүйелі енгізілгенде, мұраларындағы тәлім-тәрбиелік ой-пікірлердің педагогиканың теориясындағы алатын орнын көрсету.
Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негізі: Абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезовтің философиялық, психологиялық, педагогикалық ой-пікірлері, отандық және шетел педагогтары мен әдіскер ғалымдарының зерттеу мәселесіне қатысты іргелі еңбектері, Қазақстан Республикасы Білім туралы Заңы, білім беру тұжырымдары мен бағдарламалары.
Зерттеудің әдістері: Зерттеу мәселесіне байланысты философиялық, психологиялық, педагогикалық ой-пікірлер, әдістемелік әдебиеттер тақырып бойынша теориялық талдап, А.Құнанбаев, М.Әуезов «қарасөздері мен өлеңдері», «Абай жолы» роман эпопеясы педагогикалық шығармаларындағы рухани-идеялар оқу тәлім-тәрбие процесіне енгізудің әдістемесі, тексеру жұмысын ұйымдастыру және нәтижесіне баға беру, жіктеу, топтастыру, қорыту.
Зерттеу көздері:
Мемлекеттік ресми материалдары (заңдар, қаулылар, және т.б.) Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігінің құжаттары (тұжырымдамалар, бағдарламалар т.б.);
А.Құнанбаев, М.Әуезовтің педагогикалық шығармшылық мұралары мен ғылыми еңбектері;
Зерттеліп отырған проблема бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық, мәдени-тарихи, әдеби деректер, мерзімдік басылым ақпараттары.
Зерттеу кезеңдері :
Бірінші кезеңде (2010-2011жж) зертеу мәселесі бойынша ғылыми зерттеулер мен педагогикалық, психологиялық, философиялық, әдебиеттерге талдау жасалып, тақырыптың зерттелу деңгейі қарастырылды. Абай Құнанбаев пен Мұхтар Әуезовтің педагогикасы туралы ғылыми материалдар сұрыпталды.
Екінші кезеңде (2011-2012жж) Абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезовтің педагогикалық ой-пікірлерін жоғары оқу орнының оқу, тәлім-тәрбие процесінде жүзеге асырудың теориялық бағдарламасы жасалды. Жүргізілген жұмыстың нәтижесін қорытындылау, дисертацияның әдеби даярлығы аяқталды.
Зерттеудің жаңалығы және теориялық мәнділігі:
Педагогика ғылымының әдіснамасына Абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезовтің педагогикалық идеяларындағы сабақтастық проблемаларын шешудің теориялық негіздері айқындалды.
Абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезов шығармаларындағы педагогикалық идеяларындағы және оның студенттерді тәрбиелеу мүмкіншіліктері анықталды.
Абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезовтің педагогикалық мұралары негізінде оқу сабақтарында жоғары мектептердің педагогикалық пәндерді оқыту процесіне енгізудің мазмұны мен әдістемесі жасалынды.
Зерттеудің практикалық мәнділігі:
Зерттеу жұмысының нәтижелерін Абай мен Мұхтардың ғылыми-әдеби мұрасын, студенттерді оқытуда пайдалану жолдары көрсетуге болады.
Ғұламалардың мұрасын жоғары оқу орындарында оқытушылар үшін арнайы курс бағдарламалары жасалып, оқу-тәрбие үрдісінде енгізілді.
Жоғары оқу орындарында педагогика және психология пәндерінде оқытуда педагог кадрларды даярлау, білім, білік, дағдыларын жетілдіру мақсатында пайдалануға болады.
Зерттеудің базасы: Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті.
Дисертацияның құрылымы: Диссертация кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланған деректерден тұрады.
Негізгі бөлім
Тәуелсіз ел болғалы ғылым, мәдениет салаларында жасалып жатқан игі шаралардың барлығы жастарға жалпыадамзаттық жеке ұлттық игіліктер негізінде тәрбие мен білім беру ісін неғұрлым жоғары деңгейге көтеруге ықпал етуде. Тәуелсіздікке ие болған 20-жыл ішінде Қазақстан мемлекеті жаңа деңгейге көтеріліп, өзгермелі әлеуметтік жағдайда жаңа Қазақстандық қоғам дүниеге келді.
Қоғамның тарихи даму кезеңінде
өткен дәуірден бізге жеткен мәдени,
әдеби мұралардың өсіп өніп келе жатқан
болашақ ұрпақты оқыту мен
тәрбиелеуге ықпалын тигізетін
мүмкіндіктерін зерттеп, тәлім-тәрбие
ісінде пайдалану бүгінгі заман
талабы. Осыған орай, қазақ халқының
ғұламаларының тәлім-тәрбиелік
Ұлы ғұламалар да қарапайым халықтың ауыр да қараңғы өміріне немқұрайлы қарай алмады. Ертедегі грек ойшылдары Платон, Сократ, Аристотельден еңбектерінен сусындай жүріп, шығармаларымен танысып, көзқарастарының идеяларын көп оқыған. Абай Құнанбаев пен Мұхтар Әуезов ХХІ ғасырдың бас кезінде өмір сүріп, қазақтың қоғамдық әлеуметтік, рухани, мәдени, әдеби, өміріне белсене араласып, гуманистік, адамгершілік, демократиялық, педагогикалық идеяларды уағыздаған.
Абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезов шығармаларын
педагогика, философия, психология, әдебиеттану,
тарих тұрғысынан зерттеуші ғалымдар
А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, С.Қирабаев,
Х.Сүйіншәлиев, Ғ.Есімов, З.Ахметов, С.Қалиев,
т.б. тәлім-тәрбиелік ой-
М.Әуезов еңбектерінде бір байқағанымыз
оқыту, оқу мәселелеріне байланысты
«өз бетімен», «өзінше бастап», «өзінше
таныған» деген ұғымдарды жиі-жиі
қолданғаны автордың сол кездің өзінде
оқыту мен тәрбие беруде өз бетімен
оқу, білім алуы арқылы белгілі бір
нәтижеге жету, білу қабілетін арттыру,
жеке бастың өзіндік басқару
механизмін қалыптастыру сияқты бүгінгі
күннің дидактикадағы өзекті мәселелерінің
бірі-жаңа технологияларды ендіру проблемаларымен
сабақтасып жатыр десек артық
болмас еді. Себебі қазірде педагогикалық
технология мектепте оқу үрдісіне қажетті
амал, тәсіл, әдіс дидактикалық талап
секілді психологиялық-
Абай Құнанбаев пен Мұхтар Әуезовтің қазақ балаларын сауаттандыруда қосқан еңбектері, қазақ жастарының білімді жан-жакты дамыған, көкірегі ояу көзі ашық етіп жасаған, қажырлық еңбегімен ұстаздық қызметінің маңызы өте зор болды.
Абай Құнанбаев шығармаларынан
оның «іздеу» немесе «іздену» тұжырымы
да дидактиканың аса қажетті машықтарының
бірі десек артық айтқандық болмас.
Ол «іздеу» ұғымына жалпы шынайы
дүниені танып білуден, жан дүниесін,
рухани әлемін толықтыру, дамыту және
одан күнделікті өмірге қажетті іс-әрекетке
дейінгі үрдістерді қарастырады. Бұған
ақынның «біреуден біреу
М.О.Әуезов «Абайды тану жөніндегі зерттеулік мәселелер» деген еңбегінде ақынның мынадай іргелі ойларына мән беру керек екенін айқындаған болатын:
1. Абайдың ақын, ақындық міндеттер жөніндегі өзіндік ойлары.
2. Абайдың табиғат көрінісін суреттеуі мен ән-күйге арнаған ойлары.
3. Оқудағы жастарға, жалпы қауымға Абайдың тәрбиелік үлгісі.
4. Абайдың көңіл-күй
5. Абай әйел жайындағы шығармаларының өсу, үдеу жолдары.
М.Әуезов көрсеткен бұл бағыттарды жоғары мектептегі оқу процесінде пайдалану болашақ педагогтарды кәсіби жағынан дайындауда үлкен ықпалын тигізеді деп ойлаймыз.
Абай шығармаларын жоғары оқу орындары оқу-тәрбие үрдісіне пайдалану педагогикасының туындап дамуына жол ашады. Ал, профессор І.Р.Халитова «Абай Құнанбаев мұрасын оқу процесіне ендіру мәселелері» атты әдістемелік құралында мынадай басты мәселелерді негізге алған:
1.Абай мұрасын оқу процесіне пайдалануда, ол арқылы біртұтас тұлға «толық адам» қалыптастырып естен шығармай, көзде тұту;
2. Ақын шығармаларының практикалық мүмкіншіліктерін іс жүзінде пайдалануға шарт түзудің жағдайларын ойластыру;
3. Оқушылардың өзін-өзі және басқаларды, қоршаған ортаны танып білудің жолдарын, ақын шығармаларына сүйене отырып үйрету.
А.Құнанбаев, М.Әуезов шығармаларындағы өзара сабақтастықты оқу-тәрбие үрдісіне ендірілмеуі, тек жекелей пәндерде ұлы ғұламалардың шығармалары арқылы яғни, қара сөз, әңгіме, өлең, роман, дастан аудармаларында жеткізген. Олардың оқыту мен тәрбие мақсаты: шәкірттердің ойлануына, толғануына, пікір таластыруына ықпал ету, дүниеге деген көзқарасын қалыптастыру, эстетикалық талғамын тәрбиелеу, адамгершілік әлеміне жетелеу, сабақты қызу еңбекке құру, оларды құр тыңдаушыдан еңбек етуші, білімді өз еңбегімен алушы, ізденуші дәрежесіне жеткізу деп түсінген. Сонымен қоса жастарға Отанын, елін, халқын құрметтеу, тарихын сыйлау, мәдениетін дәріптеу, адамгершілік, ар-намыс, ой-сезімі таза, шынайы қалыпта тәрбиелеуде ұлылар туралы жазылған жақсы шығармалар да күшті жәрдемшілердің бірі екенін әбден ұғынған.
Кесте 1 - А.Құнанбаев, М.Әуезов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік ойларды оқу – тәлім-тәрбие үрдісіне ендіру атты арнайы курстың жоспары
№ |
Тақырыптар |
Мазмұны |
лек |
пр |
1 |
Абай Құнанбаев, М.Әуезов шығармаларындағы педагогикалық идеялардың маңызы |
Абай Құнанбаев, М.Әуезовтың өмірі, сол кездегі саяси – әлеуметтік ахуалдың шығармасына ықпалы; ақынның педагогикалық ойларын оқу-тәрбие тұрғысынан зерттелуі |
2 |
2 |
2 |
А.Құнанбаев, М.Әуезов шығармаларындағы өлеңдері мен қарасөздері, эпостық жырларындағы адамгершілік, еңбек, діни тәлім-тәрбие мәселелері |
Оқу – тәлім-тәрбие туралы ұғым. Ақын шығармаларындағы тәрбиелік ойлар: «Ақыл азбайды, білім тозбайды», «Тіршіліктің тұтқасы ақыл-білімде», «Еңбек етсең ерінбей тояды қарның тіленбей», «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек», «Әкенің баласы - адамның дұшпаны, адамның баласы - бауырың», «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» |
2 |
2 |
3 |
А.Құнанбаев, М.Әуезов шығармаларындағы дидактикалық ойлар |
«Ақыл, қайрат, жүрек» идеясының мәні оқыған халықтың қамын жейтін болуы керек, ең барып тұрған арсыздық жұмыссыздық «Тамағы тоқтық жұмысы жоқтық аздырар адам баласын», «Ғылым тілі», «Оқу ісі» атты шығармалары жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беру, білім ғылымға итермелеу, ақыл-ой тәрбиесі |
2 |
2 |
4 |
А.Құнанбаев, М.Әуезов шығармаларындағы оқу-тәрбиелік ойлардың педагогикалық сабақтастығы |
А.Құнанбаев, М.Әуезов шығармаларындағы педагогикалық ойлардың сабақтасуы, Абай Құнанбаевтың «кітаптан ерінбей оқу арқылы, ғылым іздеу» деген пікірмен сай келеді |
2 |
2 |
5 |
Абай, Мұхтар идеяларындағы стетикалық тәлім-тәрбие |
Абай, Мұхтар шығармаларындағы «Көзімнің қарасы», «Абай опералары», «Айман-Шолпан» тәлім-тәрбиелік мәселелерді қарастыру |
2 |
2 |
6 |
Абай, Мұхтар идеяларындағы отбасы мәселелері |
Педагогикалық идеяларындағы «Адамның кейбір кездері», «Ата-анаға көз қуаныш», «Жетім», «Бәйбіше тоқал» т.б. шығармалардың байланысы |
2 |
2 |
7 |
Абай, Мұхтар идеяларындағы экологиялық тәлім-тәрбие |
«Желсіз түнде жарық ай», «Шегіртке мен құмырсқа», «Бүркітші», «Көксерек» шығармаларындағы экологиялық ой-пірлердің қалыптасуы |
2 |
2 |
8 |
Абай, Мұхтар педагогикалық идеяларындағы этнопедагогикаға байланысты ой-пікірлер |
Халық педагогикасындағы идеялармен ұштасуы және ой-пірлердің қалыптасуы |
2 |
2 |
Барлығы |
16 |
16 |
Абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезов мұраларындағы тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерді педагогикалық пәндерді оқытуда пайдалану барысында, жоғары оқу орындарында өткізілетін лекция сабағын ұсынамыз:
Пәні: Жалпы педагогика
Тақырыбы: А.Құнанбаев пен М.Әуезовтің шығармаларындағы адамгершілік, еңбек, отбасы тәрбиесі мәселелері
Жоспары:
1. А.Құнанбаев пен М.Әуезовтің адамгершілік тәрбиесі
2. Еңбек тәрбиесі
3. отбасы тәрбиесі
Пайдаланылған әдебиет:
1. К.Бержанов, С.Мусин «Педагогика тарихы» Алматы, Мектеп, 2003 ж
2. Ж.І.Асанов «Қазақстан педагогика ғылымы» Алматы, 2010 ж
3. «Педагогика» көрнекі дәрістер жинағы Алматы, 2009 ж
Арнайы курстың
мақсаты - Абай Құнанбаев, Мұхтар
Әуезовтің шығармаларындағы
Абай шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік
ойлардың бар екендігін және оның
педагогиканың теориясын
Болашақ педагог мамандардың
білімін оқу тәбиеге қатысты
ұлттық ой-пікірлерімен
Абай Құнанбаев Мұхтар Әуезовтің
шығармаларының тәрбиелік мүмкіндіктерін
зерттеген ғалым-педагогтар К.Құнантаева,
К.Шаймерденова, І.Халитова, А.Елемесовалар
ақын мұраларын оқу-тәрбие процесіне
енгізудің ғылыми теориялық негізі
қаланбағанын көрсетеді. Сол себепті
педагогикадан оқу құралдарында
Абай шығармаларындағы тұнып тұрған
тәлім-тәрбиелік идеялар өте
Болашақ мұғалімдердің Абайдың
тәлім-тәрбиелік ойларын
1. Абай мен Мұхтардың қай шығармаларында ғылым, білім, оқу туралы ойлар бар және олардың ата?
2. Абай қара сөздеріндегі тәрбие туралы ойлары қандай?
3. Абай мен Мұхтардың адам мінезі туралы не деген?
4. Ұлы ақын, ғұламаларымыз махаббат,
табиғат, білімнің пайдасы
5. Абай мен Мұхтар айтқан
«Толық адам» қандай болу
Сауалнама арнаулы курс
Кесте 2 - Болашақ мұғалімнің арнайы курстар мен семинарлар, тәрбиелік іс-шаралар бойынша оқу-тәрбие жұмысына даярлықтарының көрсеткіштері
(Кестенің сұлбасы ғалым К.
Педагогика және психология |
Қазақ тілі және әдебиеті | |||
Сұрақтар |
Оқытылғанға дейін % |
Оқытылған соң % |
Оқытылғанға дейін % |
Оқытылған соң % |
1 |
12 |
83 |
18 |
92 |
2 |
5 |
79 |
12 |
95 |
3 |
7 |
68 |
16 |
81 |
4 |
3 |
80 |
12 |
88 |
5 |
6 |
71 |
11 |
86 |
Ескерту: сауалнамаға 42ден 47студент қатысты.
Абай Құнанбаев пен Мұхтар Әуезовтің педагогикалық ойларына байланысты рефераттардың тақырыптары:
1. Абай «иман» және «имандылық» туралы.
2. Абайдың қара сөздеріндегі дидактикалық ойлар.
3. Еңбек тәрбиесі туралы.
4. Абай мен Мұхтар шығармаларындағы
«Толық адам», «Толық мұсылман»
5. Абай мен Мұхтар мұрасындағы
имандылық идеялар құран және
хадистердегі насихаттармен,
6. Абай және қыздар тәрбиесі.

- Педагогические идеи американского просвещения
- Педагогические идеи А.С.Макаренко
- Педагогические идеи А.С. Симонович
- Педагогические идеи Джона Локка
- Педагогические идеи Джона Локка
- Педагогические идеи Джона Локка
- Педагогические идеи и взгляды В.А. Сухомлинского
- Педагогические взгляды французских материалистов XVIII века (Гельвеций, Дидро)
- Педагогические взгляды Шацкого
- Педагогические знания в организации общения детей с искусством
- Педагогические знания и умения
- Педагогические Идеалы Конфуция
- Педагогические идеалы средневековой Европы
- Педагогические идеи