Педагогикадағы инновациялық тұғыр
Ғылыми-зерттеу іс-әрекетінің
жоғарғы сатысы-шығармашылық.Ғылыми
–зерттеу іс-әрекетінің шығармашылық
деңгейін анықтау үшін ғалым
Д.Б.Богоявленская шығармашылықтың
«талдау бірлігін» енгізуді ұсынады:жеке
тұлғаның танымдық және іс-әрекеттілік
сипаттамасын шығармашылық бірлікте
қарастырған жөн.Жеке тұлғаның
шығармашылық әлеуетін көрсететін
«зерттеу бірлігіне»интеллектуалдық
белсенділікті алуды ұсынады.Интеллектуалды
белсенділік өзіне ой іс-әрекетінің
интеллектуалды факторы мен интеллектуалды
емес (жеке тұлғалық,мотивациялық)факторларын
біріктіреді [117;20].
Үшінші мыңжылдықтың
басында өндірістің әр саласында,соның
ішінде білім беру сферасында инновациялық
реформалардың жүргізілуіне байланысты
ғылыми-зерртеу жұмысын жаңа бағытқа бұруды
талап етеді.Осы бағытта көптеген іргелі
зерттеулер жүргізілуде,ғылыми шығармашылықтың
бағыт-бағдарлары айқындалуда [118;119;120].
Жүргізілген зерттеу
нәтижесі көрсеткеніндей ,мұғалімнің
инновациялық даярлығын қалыптастыруда
ғылыми-зерттеу жұмыстарының шығармашылық
бағыттарының маңызы зор.
Ғылыми-педагогикалық
әдебиеттерді зерттеу барысында
инновация ұғымы ең алғаш XIX
ғасырда мәдениеттанушылардың зерттеулерінен
пайда болғанын,яғни бір ел мәдениет элементтерін
екінші ел мәдениете енгізу және бұл ұғым
этнографияда әлі күнге дейін сақталған
дегенді білдіреді [121].
«Инновация» термині
педагогика теориясы мен практикасында
кеңінен қолданылуда.Бірақ, бұл
терминнің белгілі бір педагогикалық
категория ретінде әлі де қалыптасу үстінде
екені анық. Сондықтан да біз инновация
ұғымын толық пайымдау үшін оның тарихи
даму деректеріне шолу жасаймыз.
Педагогикалық инновация
мәселесін жан-жақты талқылаған
зерттеушілердің бірі-Югославияның
педагог-ғалымы К.Ангеловски.Зерттеуші
мұғалімнің жаңашылдығына қандай
әлеуметтік факторлар әсер етеді,жаңашылдыққа
мұғалімдердің көзқарасы қандай,оның
мұндай іс-әрекетке қатысуы немен
белгіленеді деген сұрақтарға
жауап іздейді.Зерттеушінің еңбектерінің
ішінен маңыздысы ретінде
«Учителя и инновации»деген еңбегін
айтуға болады.Мұнда автор инновация
термині экономика немесе техника
ғылымдарынан педагогика саласына
келуі мүмкін,бірақ бұл терминнің
нақты қайдан алынғанын анықтау
аса маңызды емес дей отырып,инновацияға
жақын туыстас ұғымдарға тоқталады.Ол
«кейбір педагогтар инновация терминінің
реформа,жаңаландыру,жетілдіру,оптимизация,оқыту
модернизациясы т.с.с. ұғымдарды пайдаланады»деп
көрсетеді [122].
Ғылыми-педагогикалық
әдебиеттерді саралай отырып,инновация
мәселесі әртүрлі салаларда зерттелінгенін,инновация
ұғымына берілген анықтамалар
зерттеу саласына байланысты
екеніне және педагогикадағы
білім беру мен тәрбие ісіндегі
жаңалықтар мәселесіне аз көңіл
аударылғандығына көзіміз жетті.
Инновация дегеніміз-жаңа
мазмұнды ұйыидастыру,ал жаңалық
енгізу дегеніміз-тек қана жаңалық
енгізу,ұйымдастыру яғни,инновациялық
үрдісті мазмұнды дамыту,жаңаны
ұйымдастыру,қалыптастыруды анықтайды,
ал «жаңаша»деп жаңаның мазмұны,оны
енгізудің әдіс-тәсілі мен технологиясын
қамтитын құбылысты түсінеміз.
Л.Д.Гирева педагогикалық
инновацияларға XXғасырдың 60-80 жылдар
аралығына талдау жасаған.Біз үшін мұғалімнің
шығармашылық тәжірибесінің басты
өлшемі «жаңа идеялар мен әдіс-тәсілдерді
жүзеге асыра білуі»дейді [122,84].
Ғалымдар «инновация»деген
ұғымды білім беру ісіне тұрақты
жаңа элементтер кіргізетін жүйенің
бір жағдайдан екінші жағдайға
көшуіне апаратын жаңалық,жаңадан
кіргізілетін әрекет деп түсіндіреді.
П. Щедровицкий
«инновацияны ойлау мен әрекет етудің
ерекше бір түрі ретінде білім беру саласында
кадрларды даярлауды ұйымдастырудың ерекше
бір түрі»деп түсіндіреді[123].
И.А.Романова «ғылыми-зерттеу
жұмысында және педагогикалық
әдебиеттерде инновация мәселесіне
жалпы әдіснамалық және тарихи-педагогикалық
баға берілмеген»деген пікірді
айтып,дәлелдейді [124].
Дегенмен де,тарихи-педагогикалық
зернттеулерде,монографияларда,әдістемелік
тұрғыдағы еңбектерде педагогикалық
жаңалықтың түрлі аспектілерінің
біршама қарастырылғанын айтады.
Ал,С.А.Смирнов,А.И.Пригожин,В.В.Розин,А.М.Ворониндер
өздерінің ғылыми-зерттеу еңбектерінде
инновацияның бүтіндей теориялық
негізін,оның жан-жақты сипатын,даму
заңдылықтарын,ұйымдастыру ұстанымдарын,жіктелу
ерекшеліктерін айқындауға тырысқан[125-128].
Осы ғалымдардың зерттеу
нәтижелері,біріншіден,инновация теориясының
әдіснамалық фундаментін қалауда
маңызды рөл атқарады.Екіншіден,қазіргі
кезде инновациялық білім туралы
арнайы саланың білім беру
жүйесінде қалыптасуы жаңалықты
тәжірибеде іске асыру жолдарын
зерттейтін педагогикалық инноватиканың
қалыптасуы мәселелерін қарастырады.Бұл
аспектідегі ғалымдар (В.И.Загвязинский,А.О.Пинский,С.Д.Поляков,Ю.К.Бабанский
)зерттеулеріндегі педагогикалық
инновацияның маңызды мәселелері,жаңалықтардың
жіктелуі,педагогикалық инновацияның
даму ерекшеліктерін анықтау,білім
беру жүйесіндегі инновация теориясын
жасау,инновацияны ұйымдастыру,басқару
жүйесін қалыптастыруға арналған[129-134].
XX ғасырдың 60-70 жылдары
алдыңғы қатарлы ұстаздар тәжірибесін
оқып-үйрену көкейтесті мәселенің біріне
айнала бастады.Жаңашылдар әдістемелері,оқыту
тәсілдері,құралдарынан,белгілі міндеттерді
жаңа,дәстүрлі емес тұрғыда шешу тәсілдерінен
алдыңғы қатарлы іс-тәжірибелер пайда
бола бастады.
Я.С.Турбовской «Алдыңғы
қатарлы педагогикалық тәжірибе әр кезеңде
туындайтын оқу-тәрбие үдерісіндегі көкейтесті
мәселелерді қалыптасқан тәжірибені түбегейлі
және нормативті өзгеріссіз қанағаттандыру»деп
көрсетеді[135].
М.М.Потаншик «Алдыңғы
қатарлы педагогикалық тәжірибе
бұл өз қызметіне шығармашылықпен
қарайтын ұстаздар мен тәрбиешілердің
күнделікті тәжірибесін тудырушы,жасап
шығарушы оқу мен тәрбие жүргізуді
жетілдірудің жаңа резервтері»деген
анықтама берді[136].
Ал,М.Н.Скаткин алдыңғы
қатарлы тәжірибенің екі түрін
көрсетеді:педагогикалық шеберлік
және инновациялық.Кең мағынада алғанда
алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибе
мұғалімнің ең жоғары сатыдағы шеберлік
деңгейі,яғни тәжірибесінің мазмұнында
ешқандай жаңалығы болмаса да,ғылымда
белгілі қағидалар мен әдістерді қолдана
отырып,жоғары педагогикалық нәтиже беруі.Ал,тар
шеңберде жаңашылдықты арнайы бағытталған
тәжірибе бөліктерін жатқызады[137].
Бұл анықтамалар
тәжірибе қажеттігіне қарай берілгендігі
байқалады.Зерттеуші ғалымдар «алдыңғы
қатарлы педагогикалық тәжірибенің»мәнін
аша отырып,оның мазмұнын бір-біріне
қарама-қайшылықсыз пікірлермен толықтыра
түседі.Біз теория мен практикада «алдыңғы
қатарлы тәжірибенің»әртүрлі анықталуына
байланысты оның төмендегідей ерекшеліктерін
айқындадық:оқу-тәрбие үрдісінің даму
қажеттіліктеріне сәйкестігі;мазмұн байлығы
мен ізденіске бағытталуы;алдыңғы қатарлы
педагогикалық тәжірибені нақты жағдайда
қолдана білуі.
XXғасырдың 80-жылдарының
аяғында педагогикалық шығармашылыққа
арналған еңбектер пайда бола бастады.Осы
кезенде инноватика педагогикалық шығармашылық
іс-әрекеттің жоғары түрі ретінде жан-жақты
қарала бастады.Ең алдымен,осыған байланысты
алдыңғы қатарлы педагогикалық іс-тәжірибелердің
мәні мен өлшемдері анықталды.
Педагогикалық озат
тәжірибені зерттеу,жинақтау және
тарату мәселелеріне Ж.Б.Қоянбаев
өз еңбегіне кеңінен тоқталған
[138].
Осындай татымды
табыстарды шығармашылықпен қолданудың
нәтижесінде,мектептерде педагогикалық
тәжірибені зерттеудің кейбір нақты жолдары
іске асырыла бастады.Олар:мұғалімнің
өз тәжірибесін өзі зерттеп жинақтау;жаңашыл
мұғалімдердің озат тәжірибесін тарату
және оны оқу-тәрбие үрдісіне енгізу;педагогикалық
ғылыми-зерттеу институттарының басшылығымен
оқу және тәрбие саласындағы күрделі мәселелерді
зерттеу және жинақтау.
Өзін-өзі іс
жүзінде көрсете білген шебер
мұғалімдердің жұмыс жүйесін
зерттеп-жинақтау озат тәжірибені
кеңінен таратудың басты формасына
жатады.Бұл жұмысты педагогикалық
кеңестің шешімі бойынша әдістемелік
пән бірлестігі басқарады.Жоспар
бойынша зерттеу жұмысы ең
алдымен танысу және бақылау
кезеңдерінен өтеді:
1)Іс-тәжірибесі зерттелетін
мұғалімнің өзімен сабақ беретін
сыныптардағы сынып жетекшілері
мен оқушылардың үлгерімі және
тәртібі,олардың қоғамдық жұмысы
мен қоғамдық пайдалы еңбекке
қатысу және белсенділігі туралы
әңгіме жасалады,зерттеуші кейбір
мәселелерді анықтайды.
2)Оқу-тәрбие жұмыстарына
байланысты соңғы екі-үш жылдардың
ішіндегі құжаттар зерттеледі.Олар:сабақ
жоспары,тақырыптық,күнтізбелік жоспар,сынып
жетекшілерінің тәрбие және үйірме жұмыстарының
жоспары,сынып журналы,оқушылардың дәптері,рефераттар,техника
және көркем шығармашылық жұмыстары,мұғалімнің
әдістемелік және педагогикалық тақырыптарға
жасаған баяндамалары,журнал беттерінде
жарияланған мақалалары мен басқа еңбектері.
3)Алдын-ала тәжірибесі
зерттелетін мұғалімнің сабақтарына
кіріп,тәрбие жұмыстарына қатысып
бақылау жүргізіледі.
4)Зерттеу жүргізілген
сыныптардағы басқа мұғалімдердің
сабақтарына немесе тәрбие жұмысына
қатысып,олардың іс-нәтижелері тәжірибесі
зерттелетін мұғалімнің жұмысымен
салыстырылады.
5)Басқа сыныптарда немесе
басқа мектептерде осы бойынша
ұқсас тақырыптарға өткізілетін
тәжірибелік сабақтарына кіріп,олардың
жұмыс нәтижесі,тәжірибесі зерттелетін
мұғалімнің ісімен салыстырылады.
Бірнеше мұғалімдердің
іс-тәжірибелерін зерттеудің нәтижесінде
мектептегі бір-бірімен тікелей
байланысты ғылыми-әдістемелік жұмыстарды
жоспарлы түрде мақсатқа бағытталып жүргізілетіндігі
сөзсіз.Соңғы жылдары біздің елімізде
жаңашыл мұғалімдердің шығармашылық тәжірибесі
,педагогика шеберлерінің және белгілі
ғалымдардың еңбектері жарық көре бастады.Көптеген
құнды педагогикалық еңбектер жазылды.Олардың
авторлары профессорлар Ш.А.Амонашвили
және И.П.Иванов,мұғалімдер В.Ф.Шаталов
,К.Н.Волков,Е.Н.Ильин т.б.Осы авторлардың
әрқайсысы оқу-тәрбие үрдісінің тиімділігі
мен сапасын арттыруда өздерінің ерекше
әдістерін жасады.Ш.А.Амонашвили бастауыш
сынып оқушыларының жан-жақты дамуына
мүмкіндік жасайтын мектеп практикасында
алты жастағы балалармен жұмысты ұйымдастыру
жағдайын ғылыми тұрғыда дәлелдеді.И.П.Иванов
қазіргі жағдайда А.С.Макаренконың идеясын
дамыта келіп,ұжымдарды қалыптастыру
мен тәрбиелеудің,қоғамдық балалар ұйымдарында
әлеуметтік өмірді жетілдірудің жолдарын
ашты.К.Н.Волков бірінші сыныптан бастап
өз бетімен және бейімділігін аныөтауға
байланысты сыныптан тыс жұмыстың белгілі
жүйесін жасады.Ол бастауыш сынып оқушыларымен
шығармашылық сабақ өткізіп,олардың нышанын
және қабілетін анықтауға мүмкіндік туғызады.Білім
беру саласында қажырлы еңбек етіп,үлес
қосқан Республикамыздағы жаңашыл
мұғалімдерді де атап кеткен жөн.Олар:Қ.Н.Нұрғалиев,Р.Б.Нұртазина,А.М.Ысқақов,Қ.О.Бітібаева
т.б.[139-146].
Жаңашыл мұғалімдердің
тәжірибесі орта,жоғары мектеп
мұғалімдері мен оқушыларының
игілігіне айналады.Сондықтан,олардың
тәжірибесін зерттеуге зор көңіл
аударушылық байқалып келеді.Өйткені,әрбір
жаңа педагогикалық құбылыс талқылауды,зерттеуді
және талдауды қажет етеді.
Жоғарыда айтылған
пікірлерді талдай отырып,біз А.И.Кочетовтың,Н.И.Лапин,В.П.Квашаның
,Н.Р.Юсуфбекованың педагогикалық жаңалық
бір мезгілде ғылыми идеялармен жаңа практикалық
дәлелдемелермен сусындағанда ғана тиімді
бола алады деген пікірлеріне қосыламыз[147-150].
В.П.Кваша «Педагогикалық
инновация-оқыту мен тәрбиелеудің
ғылымдағы пайда болған жаңа
идеяларды жан-жақты ғылыми идеяларды
талдай отырып,жалпы тәжірибеге
ену деңгейіне дейін көтерілген
авторлық тұжырымдар»деп көрсетеді»[149].
Ғылыми шығармашылық
ізденістің тек басында не
аяғында емес ол тұтас педагогикалық
үрдіске толығымен енеді.Сондықтан
,педагогикалық инновация үздіксіз
ғылыми-зерттеу қызметін талап
етеді.
Озат тәжірибені
зерттеу және оны тұтас педагогикалық
үрдіске енгізу қажырлы еңбекті,терең
сауаттылықты,өз пәніне еркін
иелік етуді,теория мен практиканың
дамуында үнемі жаңалықты біліп
отыруды талап етеді.Осындай дербес
және мұғалімдердің білімін жетілдіру
институты қызметкерлерінің тікелей
қатысуы,олардың шығармашылық белсенділігін
арттыруға үнемі ғылыми-педагогикалық
әдебиеттермен және педагогикалық-психологиялық
ғылымның жетістіктерімен танысып
отыруға мүмкіншілік жасайды.Мұғалім
озат педагогикалық идеяларды және жаңашыл
мұғалімдердің тәжірибесін игеру үшін
оларды өзінің педагогикалық жүйесінің
құрамдас бөлігі етіп,жетілдіріп дамытады.
И.Ф.Харламов педагогикалық
шығармашылық пен жаңашылдық
түсініктерінің ерекшеліктерін
саралап көрсетеді.Инновацияның
педагогика ғылымында дамуы,ғалымдардың
айтуы бойынша,диалектикалық үрдіс.Оның
дамуы басқа ғылымдармен тығыз
байланыса отырып,төмендегідей өзгерістерге
ұшырайды:
-кез-келген жаңалық,қоғамдық
сұранысты өтегеннен кейін үйреншікті
нәрсеге айналады;
-инновация кезеңдеріне
сәйкес іс-әрекет;
-шығармашылық қабілет
негізінде қаралатын репродуктивті,продуктивті
қызметтердің диалектикалық бірлігі
болып табылады;
-инновацияның дамуы бірқатар
негізгі және қосалқы қарама-қайшылықтарды
шешуге бағытталады[151].
Бұлардың біреуі
әрі қарай тереңдетілуі,біреуі
алынып тасталуы мүмкін жаңалықтарды
іске асыруда инновация мәселесінің
жаңа қырлары ашылады да,инновация
әлеуеті жаңалықтарды енгізуде әртүрлі
бағыттағы қажеттіліктерді толық қанағаттандырады.
Ғылыми-педагогикалық
әдебиеттегі зерттеу барысында
біз «инновация», «инновациялық
іс-әрекет», «инновациялық әдіс-тәсілдер»,
«инновациялық үрдіс», «инновациялық
даярлық»деген түсініктерге зерттеушілердің
берген анықтамаларын талдауды
жөн көрдік.
Егер Э.М.Роджерс,инновацияны
жаңа болып табылатын идея
ретінде қарастырса,неміс ғалымдары
инновацияны жаңа құралдарды
ендіру мен пайдалану мақсатындағы
өзгерістер деп түсінеді де
оны үрдіс ретінде қарастырады[152].
Ол 1970 жылдың аяғында
Рим клубының «Нет пределов
обучению»еңбегінің авторлары оқыту
принциптерін таңдау идеяларын
жан-жақты қарастыра отырып,өз
зерттеулерінде (А.Кинг,Б.Штайнер) «демеуші
білім» және «инновациялық білім»деген
түсініктерді кең тұрғыда қолданады.Автордың
пікірі бойынша:
- «Демеуші білім»-сол кезеңдегі сол кезеңдегі өмір сүруші әлеуметтік орта,әлеуметтік тәжірибе,әлеуметтік жүйені қолданушы.Бұл оқыту үрдісінің дәстүрлі түрі.Оқытудың бұл түрі адамға тәжірибесін молайтып,жеке бас ретінде қалыптасу мүмкіндіктерін тудырады.
- «Инновациялық білім»өмір сүруші мәдениет пен әлеуметтік орта инновациялық өзгерістерді тудырады. «Инновациялық білімді»талдай келе,еңбек авторлары «инновациялық білім»-жеке бас және қоғам алдындағы күрделі мәселелерді шешуде белсенді қызмет атқарады деген қорытындыға келген.Сонымен қатар, "демеуші білім"білім ретрансляциясымен байланысты болса, "инновациялық білім"-шығармашылық ізденіс негізінде бар тәжірибені байытуды көздейді.Бұл клубтың зерттеушілері «инновациялық білімді»жаңа педагогика,жаңа білім беру үрдісі,жаңа технологиялар ретінде қарастырады [153].
Профессор
Л.В.Левчук «Инновациялық білім
беру жалпы қоғамдағы жеке адамның
қызметінің жаңа түрін жобалайтын,оны
жүзеге асыруға жағдай жасайтын білім
беру қызметінің үрдісі мен нәтижесі»деп
түсіндіреді[154].
Л.Н.Шилова өз
зерттеулерінде «Инновация-белгілі әлеуметтік
ортаға,ұйымға,қоғамға,топқа жаңа,тұрақты
өзгерістер енгізу»дейді[155].Біз бұл автор
пікірінен негізгі мағынасы бойынша, «инновация»жаңалық
жасаушы ғана емес,осы жаңалықпен байланысты
қызмет бейнесіне,ойлау стиліне,өзгеріс
жасаушы ретінде де анықталатынын байқадық.
Көптеген ғылыми-педагогикалық
еңбектерде «инновация»ұғымын білім
беру жүйесінде жаңалықтарды
жасап шығару,игеру,қолдану және
тарату іс-әрекеті деп санайды.Бұл
тұрғыда бізді қызықтыратын Н.Р.Юсуфбекованың
зерттеулері.Автор білім беру
жүйесіндегі жаңартуды инновациялық
үрдіс деп көрсетеді.Сонымен қатар,ол
инновациялық процесс дегеніміз
жаңалықтарды жасау,оны педагог
қауымның оқыту мен тәрбие
тәжірибесінде қолдану деп түсіндіреді.Автордың
пікірі бойынша,педагогикалық инновацияға
үш блок түсініктер мен идеялар енгізуге
болады:
Біріншіден,жаңалықты
жасау,оның топтамасы,жаңалық өлшемдері;
Екіншіден,олардың
қабылдау бағдарламасын зерттеу,педагогтардың
берген бағасы;
Үшіншіден,жаңаны
білім беру жүйесінде қолдану[156].
Кез-келген инновациялық үрдіс-жаңалықтардың
пайда болу,жасалып шығу,іске асуы,таратылуы
сияқты кезеңдермен сипатталуы даусыз.
Педагогикада жаңалықтардың
шығу көзін,топтамаларын жаңалық
болып есептелу үшін қойылатын
талаптарын,оларды ұстаздар қауымының
қабылдауын,бағалауын,осы жаңалықтарды
білім беру шеңберінде қолдану
туралы мәліметтер инноватика
саласында қаралады.
Инноватика мазмұнына
талдау жасау нәтижесінде Ш.Т.Таубаева
төмендегі негізгі аспектілерді
көрсетеді:
1)Инноватика-жаңа
білімді ойлап табу,меңгеру,енгізу
заңдылықтарын зерттейтін гуманитарлық
ғылым;
2)Инноватика-жаңа
білімді жасап шығару,меңгеру,енгізу
үрдістерін зерттейтін ғылыми
білім саласы;
3)Инноватика-қоғамдық
тәжірибеде және ғылым мен
техниканың түрлі салаларындағы
инновациялық үрдістің теориясы
мен практикасы [157,12].
Тағы бір қатар
авторлар инновацияны қоғамдық
қажеттіліктерді жүзеге асыру
және орындау үшін,әлеуметтік
орта жасаған жаңалықтарды заман
талабына сай қолдану,тарату үрдісі
ретінде түсінеді.
Инновациялық үрдіс
осы жаңалықтардың ашылу жолдарын
қарастырып қана қоймайды,сонымен
бірге пайдалануын,оның практика
жүзінде таралуын қамтамасыз
етеді.Педагогика үшін жаңалықтың
сапалық,өлшемді сипаттамаларының
маңызы зор.Бұл жаңаклықты енгізу
мәселелерімен тығыз байланысты.Кейде
жаңалықты енгізу барысында мұғалімнің
шығармашылық қабілетіне сәйкес жаңалықтар
көпнұсқалығымен,кенеттен пайда болуымен
сипатталады.Осындай ерекшеліктерімен
сипаттала отырып,педагогикалық жаңалық
ғылыми немесе практикалық шығармашылықтың
қорытындысы деуге болады.
Ю.К.Бабанский соңғы
оң жылдықта педагогика ғылымында
жаңа маңызды бағыт-инновациялық
үрдіс пен жаңалық теориясы
мәселесіне тоқталған[158].Бұл бағыт
мұғалім еңбегіне тікелей қатысты екенін
көрсетіп,жағдаяттар зерттеліп,ғылыми
және теориялық жаңалықтар байланысы,олардың
адамзат өмірі мен қызметіндегі меңгерілуі
мен қарама-қайшылықтары қарастырылған.
Қазіргі кезде педагогикалық
инновацияның білім беру жүйесіндегі
маңызды мәселелерінің бірі-жаңалықтарды
топтастыру.Мұғалім үшін ашылған
жаңа әдісті жан-жақты түсіне
білу үшін,бұл жаңалықтың басқа
жаңалықтардан ерекшелігін ,айыпмашылығын,артықшылығын
көре білу қажет.
К.Ангеловски [159],М.М.Поташник
[160] ,В.Я.Ляудис [161] т.б.авторлардың көпшілігі
педагогикалық инновацияның негізгі міндеті
енгізіліп отырған жаңалықтарды топтау,жіктеу
деп санайды.Ол үшін ең бастысы-мектеп
жұмысын дамытудың аймағын қарастыру
керек.Енгізіліп отырған жаңа әдәстеменің
ерекше жағын көре білу,түсіне білу және
оның басқа әдістемелерден қандай байланыста
екенін білу керек.
М.В.Кларин тапсыру
метаформасы мен әлеуметтік мәдени
тәжірибе,білім т.б. игерудің негізінде
білім берудің инновациялық тәсілдерін
негізгі екі түрге бөледі:
- Оқу үрдісін жаңартатын,оның дәстүрлі көшірменің бағдары негізінде кепілді нәтижелерге жетуді көздейтін инновация.Олардың негізінде жатқан білім берудің технологиялық тәсілі,ең алдымен,оқушыларға білім беру немесе хабарлау,үлгісі бойынша әрекет ету амалдарын қалыптастыру,жоғары білім беруге бағытталған тиімді көшірме жасау;
- Дәстүрлі оқу үрдісін өзгертетін,оның зерттеушілік сипатын қамтамасыз ететін,зерттеушілік оқу-танымдық әрекеттерге бағытталған инновация.Оқытуға деген ізденіс тәсілі ең алдымен оқушылардың жаңа білімді өзіндік меңгеру тәжірибесін қалыптастыруға,оларды жаңа жағдайларда ,шығармашылық қызмет тәжірибесіне бара-бар құндылықтарды өндірумен ұштастырып,байытуға бағытталған тәсіл[162].
Бұрынғы Кеңестер Одағында
барлық ғылымдардың әдіснамалық
негізі маркстік-лениндік ілім
болса,ал сол кезеңдегі педагогиканың
әдіснамалық негізі осы ілімге
негізделген атақты философ,дидак,педагог
ғалымдардың тұжырымдық көзқарастар
жиынтығы құрады.Оларға С.И.Гессен,В.И.Гинецинский,Б.С.Гершунский,В.М.грищенко,Н.Д.Хмель,Л.А.Ивахнова,Б.Г.Ананьев,Г.Г.Ворбьев,Б.Т.Лихачев
және т.б. ғалымдардың еңбектерін жатқызуға
болады[163-171] .
Мектептік білім
беруді дамытудың теориялық,жалпы
педагогикалық негіздері С.И.Архангельский,П.И.Пидкасистый,В.И.Загвязинский,И.К.Журавлев,М.Н.Скаткин
және т.б.ғалымдардың зерттеулерінде
қарастырылады[172-176].
Жалпы білім
беретін мектептердегі педагогикалық
үрдісті тиімді ұйымдастыру мәселелері
Ю.К.Бабанский,В.П.Беспалько,М.И.Махмутов,А.М.Матюшкин,Т.И.шамова,С.И.Архангельский
және т.б.ғалымдардың қолданбалы
зерттеулерінде қарастырылады[177-182].
Оқу-тәрбие үрдісін
жетілдіру мәселелерімен жаңашыл-педагогтар
В.Ф.Шаталов,Ш.А.Амонашвили,Е.Н.Ильин,С.Н.Лысенкова,А.Ысқақов
және т.б. айналысты[183-190] .
Үздіксіз білім
беру мазмұнының логикалық-әдіснамалық
аспектілерін В.С.Леднев,И.Я.Лернер,В.В.Краевский,М.Н.Скаткин
және т.б.ғалымдар өз зерттеулерінде
қарастырады[191-194].
Педагогикалық іс-әрекеттің
психологиялық негіздері көрнекі
психологтар Л.С.Выготский,П.Я.Гальперин,В.В.Давыдов,А.Н.Леонтьев,В.А.Крутецкий,Е.И.Машбиц,С.Л.Рубинштейн,Н.Д.Талызина,Д.Б.Эльконин
өз зерттеулерінде ашып көрсет
еді [195-203].
Психологиялық-педагогикалық
тұрғыдан білім беру технологияларын
жетілдірудің негізгі тенденциялары
төмендегідей белгілермен сипатталады:есте
сақтап оқудан меңгергенін өмірде
қолдануға үйрететін ақыл-ойды
дамыту үрдісіне көшу;орта деңгейдегі
оқукдан жекеленген,сараланған оқытуға
көшу;оқытудың сыртқы мотивациясынан
ішкі адамгершілік,күш-жігерлік
ынтаға ауысу.
Педагогика адам іс-әрекетінің
басты саласы ретінде өз құрылымына
үрдістің объектісісі мен субъектісін
ендіреді.Дәстүрлі субъект-объектілік
педагогикада оқушыны объект рөлінде
қарастырады,ол алдыңғы аға ұрпақтың іс-тәжірибесін
үйренеді.Бұл жүйенің түпкі мақсаты-баланы
өмірге даярлау.
Ал қазіргі
педагогика баланы оқу іс-әрекетінің
субъектісі ретінде қарастырады.Тұлғаның
қоршаған ортамен барлық іс-әрекеті
айқын көрініс табады.Адам өзін
қоршаған ортада өзінің «Мен»деген
санасымен,көзқарасымен субъективті
бағыт ұстанады.Талап ететін педагогикадан
қарым-қатынас педагогикасына өту
балаға ізгілік-тұлғалық бағыт ұстануды
көздейді.Ол мектепке,баланың тұлғасына,ішкі
жан дүниесіне бағытталады,оны ұғынуға
тырысады,баланың ашылмаған,құпия қабілеттері
мен мүмкіндіктерін ашуға тырысады.Мектептің
мақсаты-жеке тұлғаның еркін дамуына толық
мүмкіндіктер жасау,оның өмірге деген
құлшынысын ішкі сезімін ояту.
- Тұлғаға деген осындай жаңа көзқарас мектепте бала өзін толық адами тұлға деп сезінуге жол ашады,ол педагогикалық үрдістің объектісі емес субъектісіне айналады.
Қазіргі кезеңде
мектепті реформалауда ізгілендіру
ұғымы білім беру жүйесіндегі
«мұғалім-оқушы»ара қатынасының
жаңа бағытта жүргізілуін талап
етеді:оқушының өзін-өзі бағалауы,оның
шығармашылығының дамуына жан-жақты
қолайлы жағдай жасау.
Білім беруді ізгілендірудің
төмендегідей шарттары бар:
- Оқыту үрдісі ішкі мотивацияға негізделеді,сыртқы мотивацияны ұйымдастырумен тиімді үйлеседі,тұлғаның ішкі сұранысын қанағаттандырады.
- Тұлғаны дамыту біртұтастыққа жүреді:баланың интеллектуалды,физикалық,эстетикалық дамуы бірлікте қарастырылады;
- Оқыту оқушының өз бетінше іс-әрекетіне негізделеді,себебі әрбір оқушының қабылдау,меңгеру,есте сақтау қабілеттері мен мүмкіндіктері әр түрлі;
- Оқыту ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға арқау сүйейді,оқушының психологиялық-физиологиялық ерекшеліктері толық ескеріледі.