Популяция экологиясы-демэкология. 2
СИЛЛАБУС
Пәннің аты. Экология және тұрақты даму
Пәннің пререквизиттер
Бүл курсты оқып меңгеру үшін мектеп бағдарламасындағы келесі пәндер бойынша білімдер қажет: биология
Пәннің постреквизиттері
- философия
- экономика
- саясаттану
- мәдениеттану
Оқу тәртібінің жүргізілу уақыты мен орны дәріс, практикалық сабақ, студенттердің оқытушымен өзіндік жұмыстары сабақ кестесіне сәйкес құрылады.
Оқу пәндерінің деректемелері Экология және тұрақты даму курсын тиімді игеру үшін орта мектептегі алған биология және экология негіздері жөніндегі білімі қажет.
Оқу тәртібінің мінездемесі
Оқу тәртібінің бағыты.
Оқу пәні болашақ мамандардың
қоршаған ортаны қорғауын, табиғатты
тиімді пайдалануын, сонымен қатар
Қазақстанның экологиялық мәселелері
жөніндегі білімін қалыптастыра
Пәнді оқытудың мақсаты.
Экологияның қалыптасу кезеңдері, заңдылықтары, организм мен орта, табиғи бірлестіктер, экожүйелер, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қазіргі кездегі экологияның мәселелері мен оның дамуы қарастырылады.
Пәнді оқытудың міндеттері
- негізгі функциональді
экологиялық бірліктерді: жеке
түрлерді, популяцияларды, биогеоциноздарды,
экожүйелерді жайындағы
- табиғат ресурстары және оларды тиімді пайдалану мәселелерін меңгеру
- биосфера-ғаламдық экожүйе жөніндегі теориялық білімдерін қалыптастыру
- қазіргі кездегі экологиялық мәселелер және оның дамуы жөніндегі білімге баса назар аудару.
Оқу тәртібінің мазмұны
Аутэкология
Дэмэкология
Синэкология
Биосфера және тұрақты даму
Оқу пәндерін оқытудың жоспары.
Апта- лар |
Тақырыптар аты |
Сағаттар саны мен оқытуды ұйымдастырудың формалары |
СӨЖ үшін тапсырмалар |
1 |
Экология және оның қысқаша даму тарихы. Экологияның ғылым ретінде анықтамасы. Экологияның мақсаты, міндеттері және әдістері. Экологияның қалыптасуының қысқаша тарихы. Экологияның бөлімдері: аутэкология, демэкология, синэкология, ғаламдық экология. Экологияның басқа ғылымдармен байланысы. Экологиялық мәселелерді шешудегі экологияның ролі. 1 сағат. |
Шолу дәріс-1 сағ. практикалық сабақ 1 сағат СОӨЖ-2 сағ. СӨЖ-2 сағ. |
Экология және оның қысқаша даму тарихы. 2 сағат |
2 |
Особьтар экологиясы- |
Дәріс-1 сағ. практикалық сабақ 1 сағат СОӨЖ-2 сағ. СӨЖ-2 сағ. |
Особьтар экологиясы- |
3 |
Экологиялық факторлар және олардың классификациясы. Антропогенді фактордың әсер ету заңдылықтары. Либихтың минимум заңы. Шелфордтың толеранттылық заңы. Стенобионтты және эврибионтты организмдер. Организмдердің тіршілігіндегі негізгі абиотикалық факторлардың экологиялық мәні. Ортаның экологиялық сыйымдылығы. 1 сағат. |
Дәріс-1 сағ. практикалық сабақ 1 сағат СОӨЖ-2 сағ. СӨЖ-2 сағ. |
Экологиялық факторлар және олардың классификациясы. 2 сағат |
4 |
Популяция экологиясы-демэкология Популяц |
Дәріс-1 сағ. практикалық сабақ 1 сағат СОӨЖ-2 сағ. СӨЖ-2 сағ. |
Популяция экологиясы-демэкология 2 сағат. |
5 |
Бірлестіктер экологиясы-синэкология. Биоценоз туралы түсінік. Экожүйедегі түраралық байланыстардың негізгі формалары (нейтрализм, комменсализм, протокооперация, мутуализм, жыртқыштық, паразитизм) Түр аралық бәсекелестік бірлестіктің түрлік құрылымын сақтаудың негізгі механизмі. Г.Ф.Гаузенің бәсекелестік арқылы жою принципі. Экологиялық қуыс: потенциалды және жүзеге асырылған. 1 сағат. |
Дәріс-1 сағ. практикалық сабақ 1 сағат СОӨЖ-2 сағ. СӨЖ-2 сағ. |
Бірлестіктер экологиясы- 2 сағат. |
6 |
Экожүйенің құрылу заңдылықтары. Экожүйе жайлы түсінік. Экожүйедегі энергия ағыны және химиялық элементтердің айналымы. Термодинамиканың бірінші және екінші заңы. 1% ережесі және линдеманның 10 % ережесі. Бірлестіктің трофикалық құрылымы (продуценттер, консументтер, редуценттер). Қоректік тізбектер, қоректік деңгейлер, қоректік торлар. Экологиялық пирамидалар (сандар, биомасса, энергия). Экожүйенің өнімділігі (бірінші реттік және екінші реттік). Экожүйелердің тұрақтылығы мен тұтастығы, экожүе тұрақтылығының механизмі. 1 сағат. |
Дәріс-1 сағ. практикалық сабақ 1 сағат СОӨЖ-2 сағ. СӨЖ-2 сағ. |
Экожүйенің құрылу заңдылықтары. 2 сағат. |
7 |
Биосфера және оның тұрақтылығы Биосфера концепциясының қалыптасуы. Биосфера эволюциясы. В.И.Вернадскидің биосфера және ноосфера концепциясы. Тірі зат концепциясы. Тірі заттың ғаламдық ролі. Антропогенді әсер өте күшті геологиялық және геохимиялық фактор концепциясы. Биосферадағы заттар айналымы. Ғаламдық биогеохимиялық циклдер. В.И.Вернадскийдің негізгі биогеохимиялықзаңдары. Заманауи биосфера. Қоршаған ортаға өндірістік жүктеменің артуы. 1 сағат. |
Дәріс-1 сағ. практикалық сабақ 1 сағат СОӨЖ-2 сағ. СӨЖ-2 сағ. |
Биосфера және оның тұрақтылығы 2 сағат. |
8 |
Тұрақты даму концепциясы. «Тұрақты даму» түсінігінің туындау тарихы. Рим клубы, Медоуздың және Форрестердің еңбектері. (Өсу шектері, 1972). БҰҰ қоршаған ортаға қатысты бірінші конференциясының декларациясы. (Стокгольм 1972). Рио-де-Жанейро 1992 және Иоханнесбург 2002 бүкіләлемдік саммиті. Еуропа қалаларының тұрақты даму хартиясы (Ольборг, Дания 1994). Тұрақты даму факторлары: Экологиялық (өркениет дамуының шекаралық ауқымы), экономикалық (нарықтық жүйенің қалыптасуы), әлеуметтік (ауыл-шаруашылығы, адам құқығы, демография) 1 сағат. |
Дәріс-1 сағ. практикалық сабақ 1 сағат СОӨЖ-2 сағ. СӨЖ-2 сағ. |
Тұрақты даму концепциясы. 2 сағат. |
9 |
Тұрақты дамудың стратегиясы мен принциптері. Халықаралық экологиялық ынтымақтастық. Тұрақты дамудың деңгейлері –локальды, аймақтық, ұлттық, мемлекетаралық, ғаламдық. Тұрақты дамудың әр деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін факторлар. Тұрақты дамуды қамтамасыз ететін халықаралық ұйымдар. Халықаралық ұйымдардың іс-әрекетінің тұрақты дамуға қатысты ғылыми теориялық негіздері. 1 сағат. |
Дәріс-1 сағ. практикалық сабақ 1 сағат СОӨЖ-2 сағ. СӨЖ-2 сағ. |
Тұрақты даму теориясының ғылыми талдауын жасаудағы халықаралық ұйымдар әрекеті 2 сағат. |
10 |
Табиғи ресурстар
оларды тиімді пайдалану тұрақты
дамудың негізгі аспектісі реті 1 сағат |
Дәріс-1 сағ. практикалық сабақ 1 сағат СОӨЖ-2 сағ. СӨЖ-2 сағ. |
Табиғи ресурстар оларды тиімді пайдалану тұрақты дамудың негізгі аспектісі ретінде. 2 сағат. |
11 |
Биосфера тұрақсыздығының
шығыуындағы антропогендік |
Дәріс-1 сағ. практикалық сабақ 1 сағат СОӨЖ-2 сағ. СӨЖ-2 сағ. |
Биосфера тұрақсыздығының
шығыуындағы антропогендік 2 сағат. |
12 |
Қазіргі таңдағы ғаламдық экологиялық мәселелер. (климаттың өзгеруі, озон қабатының жұқаруы, ш-лейттену, биологиялық алуантүрліліктің азаюы, Әлемдік мұхиттың ластануы т.б.), оның туындау себептері мен салдары Өндіріс пен ауылшаруашылығының интенсивтілігіне байланысты экологиялық факторлар. Қоршаған ортаның физикалық, химиялық және биологиялық ластануы және экологиялық генетикалық салдары. 1 сағат. |
Дәріс-1 сағ. практикалық сабақ 1 сағат СОӨЖ-2 сағ. СӨЖ-2 сағ. |
Қазіргі таңдағы ғаламдық экологиялық мәселелер. (климаттың өзгеруі, озон қабатының жұқаруы, ш-лейттену, биологиялық алуантүрліліктің азаюы, Әлемдік мұхиттың ластануы т.б.), оның туындау себептері мен салдары 2 сағат. |
13 |
Тұрақты дамудың әлеуметтік-экологиялық мәселелері. Әлеуметтік экологиялық дағдарыс және тұрақты даму. Халық санының өсуі және оның сапалық өзгеруі. Туылымға әсер ететін факторлар және отбасын жоспарлау. Урбанизация мәселелері. Кедейшілік және кірістің теңсіз бөлінуі. Энергетикалық кризис мәселесі., шешу жолдары. Әлемдік өнім өндіру мәселесі. Ресурстық кризис. Генофондтың өзгеруі,ортаның жалпы агрессивтілігінің өсуі, тірі организмдерге әсері. Соғыс және терроризм, экологиялық салдары. Әскери-өндірістік кешен. 1 сағат. |
Дәріс-1 сағ. практикалық сабақ 1 сағат СОӨЖ-2 сағ. СӨЖ-2 сағ. |
Тұрақты дамудың әлеуметтік- |
14 |
Табиғатты қорғау және тұрақты даму. Қоршаған ортаны қорғаудың принциптері мен әдістері. Қорық территориялары қоршаған ортаны қорғаудың формасы. Биосфералықрезерваттар. Қызыл кітап және оның биологиялық алуантүрлілікті қорғаудағы ролі. Адамзаттың тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі экологиялық білім мен ағартудың ролі. 1 сағат. |
Дәріс-1 сағ. практикалық сабақ 1 сағат СОӨЖ-2 сағ. СӨЖ-2 сағ. |
Табиғатты қорғау және тұрақты даму. 2 сағат |
15 |
Қазақстан Республикасының тұрақты дамуға қатысты өзекті экологиялық мәселелері. ҚР табиғи ортасының дестабилизация процесі., себептері мен салдары. Аралдың әлеуметтік экологиялық проблемалары. Ядролық қару жарақты сынаудың адамзатқа әсері мен салдары. ҚР территориясындағы әскери-сынақ полигондары. Невада-Семей антияджролық қозғалысы. Қоршаған ортаның жағдайын бағалау әдістері мен критериилері. Экологиялық мониторинг, оның ұйымдасу принциптері. Химиялық, физикалық, биологиялық мониторинг. ҚР қоршаған ортаға қатысты заңдары. ҚР тұрғындарына экологиялық білім мен тәрбие беру. ҚР тұрақты дамуды қамтамасыз ету. ҚР тұрақты даму концепциясы, стратегиясы және механизмі. 1 сағат. |
Дәріс-1 сағ. практикалық сабақ 1 сағат СОӨЖ-2 сағ. СӨЖ-2 сағ. |
Қазақстан Республикасының тұрақты дамуға қатысты өзекті экологиялық мәселелері. 2 сағат. |
Негізгі әдебиеттер:
1. Ю. Одум Экология. 1,2 том, Мир, М., 1986
2. Р.Ф. Реймерс Экология М., 1994
3. И.А. Шилов Экология. М., 1997
4. В.А. Вронский Прикладная экология. Ростов-на-Дону, 1996
5. Сабырбаева Х.С. А.В. Чигаркин. Қолданбалы және медициналық экологияға кіріспе. Алматы, 2004.
6. Ә.С. Бисенова, Ж.Ш. Шілдебаев, Г.З. Сауытпаева. Экология. Алматы: Ғылым, 2001
7. Г.С. Оспанова, Г.Т. Босшатаева. Экология. Алматы: Экономика, 2002
8. А.Ж. Ақбасова, Г.Ә. Саинова. Экология. Алматы: Бастау, 2003
Қосымша әдебиеттер:
1. В.И. Вернадский Биосфера М., 1967
2. М. Бигон, Дж Харнер Экология особи, популяции и сообществ. 1,2 т. Мир, М., 1989
3. Т.А. Работнов Фитоценология, М., 1983
4. А.М. Гиляров Популяционная экология М., 1990
5. А.Д. Потапов Экология М., 2000
6. М.А. Аскарова Общая экология, Алматы: Қазақ Университеті, 2004.
Оқу пәні бойынша глоссарий
Абиотикалық факторлар - тірі организмдерге тікелей немесе жанама әсер ететін өлі табиғат элементтері (космостық, геофизикалық, климаттық, кеңістік, уақытша, т.б.)
Автотрофтар - көмір қышқыл газы, су және минералдық тұздардан органикалык заттарды синтездейтін организмдер.
Агробиоценоз - ауылшаруашылығында өсірілетін өсімдіктер қауымдастығы.
Адаптация - тірі организмдердің тіршілік жағдайларына бейімделі процесі, түр бойынша (генотиптік) бейімделушілік бірнеше ұрпақ бойынша жүріп, түр түзілу процесімен байланысты болатын және жеке (фенотиптік) адаптация акклимация организмдердің жеке даму процесін қамтып, оның генотипіне әсер ететін бейімделушілік болып екіге бөлінеді.
Акклимация - жеке (физиологиялық) бейімделушілік.
Аменсализм - белгілі бір ортадағы организмдердің бір түрінің екінші түр тіршілігіне басымдылық көрсететін түр аралық қатынастар типі.
Атмосфера - Жердің немесе кез келген космостық дененің газды қабықшасы.
Антибиоз - организмдер арасындағы бір-біріне кері әсер ететін қарым - қатынастың түрі.
Анабиоз - қолайсыз жағдайлар әсерінен немесе организмнің жеке даму процесінде ерекше кезеңнің қалыптасуына байланысты олардың тіршілік әрекеттерінің уақытша тоқтауы.
Анаэробты организмдер - оттегіні қажет етпейтін, оттегі қатысынсыз ортада тіршілік ететін организмдер.
Антропогендік факторлар - адамның тіршілік әрекетінің әсері.
Апвеллинг - мүхит суларының жоғарғы қабатқа қарай көтерілуі.
Ареал - органимздердің систематикалық топтарының -популяциялар, түр, т.б. таралу аймағы.
Аутэкология - белгілі түрге жататын жеке особьтарды зерттейтін экологияның бөлімі немесе түр экологиясы.
Альбедо - белгілі бір дененің түскен сәулені шағылдыру қасиеті.
Альтернативті энергия көздері - Күн, жел, теңіздер мен геотермальды энергия түрлері
Аэробты организмдер - бос оттегі қатысында тіршілік ететін организмдер.
Азотфиксация - топырақ бактерияларының атмосферадағы молекулалық азотты сіңіруі.
Базалық мониторинг - антропогенді әсер болмайтын табиғи экожүйелердің жағдайын бақылау.
Бентос - мүхит пен континетальды сулардың түбінде, грунтта тіршілік ететін организмдер (зообентос, фитобентос).
Биогаз - қатты және сүйық қалдықтардан, оның ішінде мал шаруашылығы комплекстерінің қалдықтарынан, қаланың коммунальдық - түрмыстық суларынан, сол сияқты арнайы өсірілген балдырлар мен басқа да организмдерден алынатын жанғыш газ. Қүрамында негізінен метан көп болады.
Биогенді заттар - тірі организмдердің тіршілік процестері нәтижесінде түзілетін заттар (атмосферадағы газдар, таскөмір, мүнай, торф, ізбестастар, т.б.), қоректік заттар, биогендер, био-гендік элементтер - тірі организмдер құрамына кіретін элементтер - көміртегі, оттегі, азот, сутегі, күкірт, т.б.
Биогеохимиялық цикл - минералды қосылыстар құрамындағы химиялық элементтердің өсімдіктер мен жануарлар организмдері арқылы табиғаттағы айналымы.
Биогеоценоз - тірі организмдер қауымдастығының (биоценоз) абиотикалық жағдайлардың кеңістіктік жиынтығын (биотоп), зат, энергия мен информация алмасулары негізінде біріктіретін құрлықтық экожүйе.
Биосфера - құрамы, құрылысы мен энергетикасы тірі организмдер тіршілігімен анықталатын Жердің белсенді ерекше қабықшасы.
Биоиндикация - тірі организмдер мен олардың қауым-дастықтарына тигізген әсеріне қарай антропогендік факторларды анықтау.
Биологиялық ресурстар - адамзат қоғамына пайдалы, багалы болып саналатын генетикалық ресурстар, организмдер немесе олардың бөліктері, популяциялар мен басқа да кез келген экожүйелердің биотикалық компоненттері.
Биологиялық тазарту - судың қүрамындағы ластаушы заттарды микроорганизмдер көмегімен тазарту.
Биота - кеңістіктегі барлық тірі организмдер жиынтықтарының кез келген түрі, (мысалы, экожүйе биотасы, құрлық биотасы, теңіз биотасы, биосфера биотасы, т.с.с).
Биотикалық факторлар - тірі организмдердің бір-біріне әсеріңің барлық түрдері.
Биотикалық айналым – биосферадағы биотикалық және абиотикалық компоненттердің арасындағы экожүйелердегі биогенді элементтердің айналымы.
Биотоп – белгілі биоценоз алып жатқан абиотикалық факторлары салыстырмалы біртекті кеңістік.
Биокосты заттар - тірі организмдердің тіршіліқ процестері мең биологиялық емес (табиғи) процестердің біріккен әсері нәтижесінде түзілетін заттар.
Биом - Жердің негізгі климаттық аймақтарына сәйкесірі кұрлықтық экожүйелер (шөлдер, шөлейттер, ормандар).
Биоценоз - кұрлық не судың белгелі бір бөлігінде бірге, тіршілік ететін әртүрлі систематикалық топқа жататын организмдердің қауымдастығы.
Биоценоэкология - тірі организмдердің қауымдастықтары мен оларды қоршаған орта арасындағы қарым-қатынастарды зерттейтін экология саласы.
Биофильтр - ағызынды суларды биологиялық әдіс арқылы тазарту қондырғысы.
Валенттілік (экологиялык) - толеранттылық шектері немесе түр, не популяциялардың әртүрлі орта жағдайларында тіршілік ету қабілетінің сипаттамасы.
Газдар (парниктік) - атмосфераға түсіп, парниктік эффект туғызатын, көмірқышқыл газы, метан, көмірсутектер, т.б. газ тәрізді заттардың қоспасымен атмосфераның ластануы.
Гомеостаз - организмдер немесе организмдер тобының қоршаған ортаның түрлі өзгерістерінде динамикалық тұрақты тепе-теңдігін сақтай алу қабілеті.
Геотермальды сулар - жер қойнауындағы ыстық, өздеріне тән химиялық құрамы бар сулар.
Гербицидтер - арам шөптерді жоюға қолданылатын улы химикаттар.
Гидробиология - барлық су ресурстарыда тіршілік ететін тір организмдерді зерттейтін ғылым саласы.
Гидробиосфера - Жер бетілік суларда мекендейтін тірі организмдердің тіршілік ету ортасы, биосфераның бір бөлігі.
Гидробионттар - суда тіршілік ететін организмдер.
Гидросфера - тірі организмдер мекендейтін Жердің сулы кабықшасы, барлық мұхиттар, өзендер мен көлдер теңіздер, батпақтар, су қоймалары мен бұлақтар.
Гидрохимиялық режим - судың химиялық құрамының уақыт мезгіліне байланысты өзгерістері.
Гигрофиттер - батпақты ортада тіршілік ететін организмдер.
Глобальды мониторинг - жалпы әлемдік масштабтағы биосферадагы процестер мен өзгерістерді бақылау.
"Гринпис" - ең атақты халықаралық қоғамдық экологиялық ұйым.
Демэкология - популяциялар мен оларды қоршаған орта арасындағы қарым-қатынастарын зерттейтін экологияның бөлімі.
Деградация - қоршаған табиғи орта компоненттерінің табиғи және антропогендік факторлар әсерінен бұзылуы, жағдайының нашарлауы.
Дендрарий - ағаш тектес өсімдіктер арнайы топырақта өсірілетін территория.
Детрит - организмдердің ыдырау және бөліну өнімдері, өлі органикалық заттар.
Деструкторлар - органикалық заттармен қоректену арқылы оларды ыдырататын организмдер (редуценттер).
Десиканттар - өсімдік тамырларын жоюға қолданылатын улы химикаттар.
Дефолянттар - өсімдіктердің жапырақтарын жою үшін қолданылатын улы химикаттар.
Зоопланктон- суда тіршілік ететін консументтер.
Зооценоз - белгілі бір биоценоздағы жануарлардың қауымдастығы.
Зоофагтар - жануарлармен қоректенетін организмдер (каннибализм).
Интродукция - өсімдіктер мен жануарлардың белгілі бір түріне жататын особьтардың тіршілік ету ареалынан баска жаңа табиғи климаттық жағдайларғаауысуы.
Ил - сулардағы минералдық және органикалық косы-лыстардан күралған түнба.
Импактілі мониторинг - ластаушы заттар таратушы көздерге жақын орналасқан аса қауіпті аймақтар мен орын-дарды бақылау.
Ирригация - егістікті жасанды суару - мелиорацияның бір түрі; медицинада дәрілік сұйықпен емдеу.
Ихтиология - балықтар туралы зерттейтін зоологияның саласы.
Кадастр - объектілер мен қүбылыстардың сандық және сапалық көрсеткіштері жөніндегі жүйелі түрдегі мәліметтер жинағы.
Коменсализм - белгілі ортада тіршілік ететін бір түрге жататын организмдер екінші түрге жататын организмдерді пайдалана отырып, бірге тіршілік ететін түр аралық қарым-қатынастар типі.
Консументтер - гетеротрофты организмдер (негізінен, жануарлар) басқа организмдердің өсімдіктер (өсімдік қоректі фитофагтар) мен жануарлардың (жануар қоректі зоофагтар) органикалық заттарымен қоректенетіндер.
Ксеробионттар - құрғақ ортада тіршілік ететін организмдер.
Климатотоп - қоршаған ортадағы климаттық жағдайлар.
Қызыл кітап - сирек кездесетін және жоғалып кету қаупі бар жануарлар, өсімдіктер мен саңырауқүлақтардың түрлері туралы үнемі толықтырылып отыратын мәліметтер жинақталған ресми қүжат.
Қышқыл жаңбырлар - атмосфералық қалдықтардың реакция ортасының жауын, қар, түманның қүрамындағы техноғенді калдыктар әсерінен қышқылдығының қалыпты мөлшерден артуы.
Қоректік (трофикалык) тізбектер - биоценоздың әртүрлі трофикалық деңгейлердегі мүшелерінің алдыңғыларының соңғыларымен қоректенуі арқылы заттар мен энергияның тасымалдануы.
Макроэкология - классикалық экологияның ең негізгі түжырымдары, адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынастардың проблемалары туралы ілім, адам экологиясымен біріктірілген ғылыми пән.
Мелиорация - ауыл шаруашылығында пайдаланылатын жерлердің жағдайын жақсарту.
Метаболизм - организмдердегі, биологиялық жүйелердегі зат пен энергияның алмасуы.
Мониторинг - белгілі бір объектілер мен кұбылыстарды, олардың жәй-күйін үздіксіз бақылау.
Мониторинг (экологиялык) - қоршаған орта компоненттерінің сапасын, жәй-күйін бақылау.
Мутуализм - бірге тіршілік ететін организмдердің бір-біріне пайдалы әсері жағдайындағы түр аралық қарым-қатынастар типі.
Нектон - сулы ортада еркін қозғалып жүзіп тіршілік ететін организмдер.
Нейстон - судың бетінде тіршілік ететін организмдер, мысалы, масалардың личинкасы.
Ноосфера - ойлаушы қабат, ақыл-ой сферасы, В.И. Вернадскийдің сөзімен айтқанда, биосфераның адам ақыл-ойы мен әрекеті нәтижесінде сапалық жағынан жаңа, жоғары сатыдағы даму кезеңі.
Озон қабаты - тірі организмдер үшін аса қауіпті Күннің қысқа толқынды ультракүлгін сәулелерін сіңіретін озон молекулаларының жоғары концентрациясы жинақталған атмосфера қабаты.
Озондық ойық - атмосфераның озон кабатындағы озон молекулалары жоқ аймақ.
Ойық не қуыс (экологиялык) - түрдің тіршілік етуі үшін, қауымдастықтағы басқа түрлермен байланыстарын қоса алғанда, оның тіршілік етуіне қажетті факторлар комплексі немесе белгілі бір түрдің қауымдастықтағы алатын орны.
Парниктік эффект - Күннің жылу сәулелерін сіңіретін газдар мөлшерінің көбеюі нәтижесінде атмосфера температура-сының жоғарылауы.
Пестицидтер - өсімдіктер, жануарлар, ауыл шаруашылық дақылдарын басқа организмдердің- арам шөптердің (гербицидтер), насекомдардың (инсектицидтер), саңырауқүлақтардың (фунгицидтер), т.б зиянды әсерінен қорғау үшін қолданылатын химиялық улы химикаттар.
Пирамида (экологиялык) - биоценоздардың қоректік деңгейлері - продуценттер, консументтер және редуценттердің арасындағы сапалық қатынастардың, олардың саны (сандық пирамда), биомассасы (биомасса пирамидасы) немесе энергиясы (энергия пирамидасы) бойынша графиктік бейнеленуі.
Поллютанттар - ортаның техногенді ластаушылары: ауада - аэропланктондар, суда- гидропланктондар, топырақта -террополлютанттар.
Популяция - генофондысы ортақ, салыстырмалы бірдей экологиялық жагдайлардағы ортаны мекендеп, бір-бірімен еркін будандасып, ұрпақ бере алатын, бір түрге жататын особьтардың жиынтығы.
Продуценттер - органикалық емес заттардан алғашқы өнім түзетін автотрофты организмдер.
Редуценттер - органикалық заттарды жай минералдық заттар: су, көмірқышқыл газы, күкіртсутек және түрлі түздарға дейін ыдырататын гетротрофты организмдер (бактериялар мен саңырауқүлақтар).
Рекультивация - бұзылған табиғи ландшафтарды қалпына келтіруге бағытталған іс-шаралар комплексі.
Сапрофагтар - өлі органикалық заттармен қоректенетін жануарлар (детритофагтар).
Синэкология - көп түрлі қауымдастықтар мен экожүйелер экологиясы.
Сукцессия - белгілі тіршіілік ортасындағы организмдердің түр қүрамы өзгерістерінің үздіксіз және бағытталған жүйесі.
Терратогендер - организмдерге әсер ету арқылы олардың үрпақтарында аномалиялар туғызатын заттар, не физикалық агенттер.
Техногенез - адамды қоршаған және табиғи ортада өзгерістер туғызатын техника мен материалдық мәдениеттің даму процесі.
Урбанизация - қалалардың өсуі мен дамуы, ауылдың қалаға айналуы, ауыл түрғындарының қалаларға көшуі, қоғам өмірінде қалалар ролінің артуы.
Фенотип - организмдердің сыртқы белгілері мен қасиеттерінің жиынтығы.
Фитопланктон - суда тіршілік ететін өсімдіктер мен басқа да тірі организмдер.
Фитофагтар - өсімдік қоректі организмдер.
Фитоценоз - көптүрлі өсімдіктер қауымдастықтары.
Фильтраторлар - суды майда планктон организмдер мен детриттерден тазартатын суда тіршілік ететін организмдер-гидробионттар.
Фотосинтез - Күннің жарығы әсерінен жасыл өсімдіктердің хлорофилл дәндерінде атмосферадағы көмірқышқыл газы мен судан органикалық заттардың түзілуі.
Цунами - жер сілкіну, вулкандар атқылауы немесе т.б. табиғи қүбылыстар кезінде мүхит түбі бөліктерінің ауысуына байланысты туатын теңіз толқындары.
Цитология - тірі организмдердің клеткалық құрылымын зерттейтін биологияның саласы.
Хемосинтез - кейбір минералдық заттардың тотығуы кезінде бөлінетін энергияны пайдалану арқылы хемо-автотрофты бактериялардың органикалық зат синтездеу процесі.
Экологиялың жүйе - бір-бірімен тығыз байланысты, әртүрлі орта жағдайларында тіршілік ететін бірнеше түрге жататын организмдер жиынтығы.
Эрозия - топырақтың қүнарлы қабатының жаңбыр, қар суларымен шайылып, не желмен үшып бүзылуы.
Экологиялық сараптама - адамның шаруашылық және басқа қызмет түрлерінің экологиялық талаптарға сәйкестігін анықтайтын сараптама.
Экоцид - өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің жаппай жойылуы, атмосфера, су ресурстарының немесе басқа да табиғи ортаның зиянды заттармен улануына әкеп соғатын экологиялық апаттар.
Эпизоотия - жануарлар арасында аурудың таралуы.
Этология - жануарлардың мінез - қылықтарының биологиялық непзі жөншдеп ғылым.
Эвтрофикация - табиғи суларға минералдық тыңайтқыштар, жуғыш заттар, мал шаруашылығы комплекстерінің қалдықтары түрінде азот, фосфор, күкірт, т.б. биогенді элементтердің көп түсуі нәтижесінде фитопланктон (әсіресе, көкжасыл балдырлар) биомассасының күрт өсіп, олардың оттегін белсенді сіңіріп, улы заттарды бөлуіне байланысты басқа гидробионттардың тіршілік жағдайлары нашарлап, қырылып қалуы.
Ядролық катастрофа - жаппай қырып-жоятын ядролық қаруды қолдану нәтижесінде қалыптасатын глобалды экологиялық апат.
ДӘРІС №1
Тақырып: Экология және оның қысқаша даму тарихы.
Мақсаты: Студенттерге экология және оның қысқаша даму тарихы, экологияның ғылым ретінде анықтамасы, мақсаты, міндеттері және әдістері, ғылымның қысқаша тарихы. бөлімдері: аутэкология, демэкология, синэкология, ғаламдық экология туралы түсінік бере отырып, экологияның басқа ғылымдармен байланысын, экологиялық мәселелерді шешудегі экологияның ролін түсіндіру.
Жоспары:
1. Экология туралы түсінік.
2. Экология қалыптасуының және дамуының қысқаша тарихы.
3. Экологияның ғылым ретінде анықтамасы
4. Экологиялық көзқарастардың туылуы.
5. Экология бөлімдері.
6. Экологиялық зерттеу әдістері.
Негізгі түсініктер: экология, аутэкология, синэкология, биоиндикация, лихеноиндикация, қоршаған орта.
- Экология туралы ұғым. Организмдердің бір түрлі тобы және әр түрлі тобы белгілі бір жерде қоныстанып, өмір сүреді, сол ортада табиғатпен және өзара байланыстар жасайды. Қоршаған табиғи ортаға адамдар , жануарлар , өсімдіктер басқа да тірі организмдер өмір сүретін мекен-жай, жылы мен суық , ас пен қорек , олардың достары мен жаулары кіреді.
Қоршаған орта тірі және өлі табиғаттан құралған , өзара тығыз байланыстары бар біртұтас жүйе. Табиғатта болатын барлық құбылыстар мен өзгерістер осында өтеді.
Қоршаған
ортаның күрделі проблемаларын
зерттейтін, ғылыми тұрғыдан ұсыныстар
жасайтын ғылым саласын экологи
Ол гректің “oicos”-“үй, мекен, жай” деген мағынаны білдіреді. Экология бір ортада өмір сүретін организмдерді зерттейді, олардың басқа организмдермен және қоршаған ортамен ара қатынастарын анықтап, жиынтық қорытынды жасайтын ғылым. Сондықтан «экология» қоршаған ортаны сақтаудың ғылыми негізі болып саналады . Ең алғаш «экология» деген сөзді 1858 жылы пайдаланған Генрих Девид Торо.
Экология терминін ғылымға бірінші болып енгізген 1866 ж. белгілі табиғат зерттеушісі, дәрігер, аса дарынды неміс ғалымы Эрнест Геккель. Э.Геккель экологияға мынандай анықтама берді . Экология табиғаттың экономикасын білу, сонымен қатар тірі организмдердің осы ортаға басқа органикалық және органикалық емес заттардың ара қатынасын, өсімдіктер мен жануарлардың , олардың достары мен жауларының бір-бірімен байланыстарын зерттеу.
Экологияның даму ағымы өте
ерте кезеңді қамтиды.
Экология ғылымының дамуына А.
Гумбольдтің, Ч. Дарвиннің, К.
А.Гумбольдтың (1769-1859) еңбектері
өз уақыты үшін өте елеулі
болды. Ол өз бетімен жеке
Солтүстік және Оңтүстік
XIX ғ. ортасында Ресейде К.Ф.
XIXғ. соңында Дарвиннің
ілімі арқасында экология
XXғ. 60-жылдарынан бастап, экология дамуында жаңа кезең басталды, экология дамуында жаңа кезең басталды, ол барлық елдерде экологиялық зерттеулердің күрт өсуімен сипатталады. Үнемі әртүрлі экологиялық проблемалар бойынша ақпараттар саны өседі. Мысалы, қоршаған ортаның өзгеруі туралы , өсімдіктерді қорғау туралы және т.б. фактілер саны көбейе түсті.
Қазіргі кездегі экология адамз
Сонымен экология пәнінің арнайы мақсаты мен міндеттері бар.
Экология ғылымының ең басты
мақсаты – биосфера шегіндегі
ғаламдық мәселелерді бақылай
отырып, ондағы тіршіліктің
Экология ғылымының негізгі міндеттері:
- организмдердің бір-бірімен қарым-қатынастары мен қоршаған табиғи ортасын зерттеу;
- табиғи ресурстарды, оларды тиімді пайдалану және қорғаудың ғылыми-теориялық негіздерін жасау;
- адам, қоғам, табиғат арасындағы гормониялық байланыстарды реттеу;
- биосфера шегіндегі географиялық заңдылықтардың тұрақтылығын сақтауды қамтамасыздандыру;
- биосферадағы тіршілікті қалыпты сақтауды ғаламдық ноосфералық деңгейге көтеру;
- көпшілікке үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру және экологиялық санасын, мәдениетін қалыптастыру;
- экологиялық қауіпсіздікті сақтау.
2. Экологияның ғылым ретінде анықтамасы, оның қалыптасуының қысқаша тарихы.
Экология қоршаған ортаны
Жеке ғылым ретінде экология шамамен 1900ж. қалыптасты. Алғаш
« экология» сөзін 1қаңтарда 1858ж. Генрих Дэвид Торо қолданған.
«Экология» терминін 1868ж. неміс ғалымы, медик, ботаник, зоолог , морфолог Эрнест Геккель бірінші болып ұсынған.
Э. Геккель экологияға келесідей анықтама берді: « Бұл табиғаттың экономикасын танып білу, ортаның органикалық және бейорганикалық компоненттері мен тірілер арасындағы барлық өзара қатынастарды бір уақытта зерттеу».
Ч. Дарвин бойынша: «Экология-табиғаттағы барлық күрделі өзара байланыстар мен өзара қатынастар, тіршілік үшін күрес ретінде қарастырылатын ғылым».
Ф. Клементс (АҚШ) 1920 ж. Экологияны қауымдастық туралы ғылым деп атады.
Ч. Элтон (Ұлыбритания) 1937 ж. Экологияны жануарлардың социологиясы мен экономикасына қатысты, табиғи тарих ретіндегі ғылым деп анықтады.
Х. Б. Одум (АҚШ) 1959ж. Экологияны табиғаттың құрылымы мен қызметін зерттейді деп атады.

- Популяції та їх структура
- Попутное научение и целенаправленное учение
- Попутчик жаргон
- Попытка завоевания Руси
- Попытка «обновления» социализма в СССР
- Попытка свержения власти Хрущева в 1957 году
- Попытка создания системы коллективной безопасности в Европе накануне второй Мировой Войны
- Популяция туралы түсінік
- Популяция туралы түсінік
- Популяция туралы түсінік
- Популяция түсініктері, ролі
- Популяция тығыздығы
- Популяция-форма существования вида в природе
- Популяция экологиясы-демэкология