Психология тарихы. 2
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
I. Рационалистік психология
1) Рене Декарт
2) Бенедикт Спиноза
3) Готфрид Лейбниц
II. Эмпириялық психология
1) Френсис Бэкон
2) Томас Гоббс
3) Джон Локк
4) Джордж Беркли
5) Давид Юм
6) Иммануил Кант
7) Вильгельм Фридрих Гегель
8) Людвиг Фейербах
Қорытынды
Пайдаланылған
әдебиеттер
Кіріспе
Психология – ерте заманнан бері келе жаткан ғылым, мұның даму тарихына екі жарым мың жылдай болды. «Психология» термині гректің: “psyche” - жан, “logos”- сөз, ұғым, ой деген сөздерінен шыққан. Осы екі сөзді қоссақ: жан туралы ғылым деген мағына туады. Мұндай ұғым психология тарихында көп уақытқа дейін орын алып келген. Оны жан құбылытарын зерттейтін ғылым деп түсінген. Адам баласының, қоғамның өсіп – дамуының жоғарғы сатысында ақыл-ой ұызметінің дене еңбегінен ажырап, екеуінің арасында айырмашылықтар туа бастаған кезде ғана жан туралы әр түрлі ұғым болған. Мысалы, ерте замандағы адамадар өздерінің дене мүшелерін, оларда болатын физиологиялық құбылытарды (жүрек қызметі, қан айналысы, дем алу және т.с.с.) жан деп түсінген. Себебі олар кейбір дене мүшелерінсіз күн көріп, тіршілік ете алмайтынын білген. Мәселен, аяғы жоқ адамның тіршілік етуі қиын, баратын жеріне бара алма й, жауларын көргенде қашып құтыла алмайды. Ал егер қол болмаса, тамақ тауып жей алмай, қару алып, й жыртқыш аңдарға қарсы тура алмайтын еді. Аш адамда жағымсыз сезімдер пайда болып, көңіл күйі болмай,жөңді қызмет істей алмайды,ал тамағы тоқ адамның көңілі көтеріңкі болып,жағымды сезімдер туады,осыған орай,олар кейде құрсақты да жан өрісі деп санаған. Адам тірі кезінде жүрегі соғып, қаны жүріп, дем алып тұрса, өлген соң бұл әрекет тоқтайтындықтан,адамдар жүректің соғуын да, қанның жүрісін де жан деп білген.Сөйтіп,қорыта айтқанда, жан туралы жұрт арасындағы ең алғашқы ұғым тұрпайы материалистік сипатта болған.
Философия тарихында жан туралы мәселе талай өзгеріске түсті. Матреиализмнің ең алғашқы түрі Грекияның сол кездегі отары Ионияда, біздің заманымыздан бұрынғы VII ғасырдың аяғында – VI ғасырдың басында пайда болды. Мұндай көзқарас ұсақ өнерлі кәсіптің, сауданың, ғылымның өсіп дамуымен байланысты еді. Ғалымдар дүние, табиғат жайлы мәселелермен шұғылданып, ерекше зейін қойып, арнайы материалистік, диалектикалық көзқарасты дамытты. Дүние неден және қайдан пайда болды деген ой грек философиясының негізгі проблемасы болды. Милет қаласының ғалымдары Фалес, Анаксимен, сондай-ақ Гераклит дүниенің заттық негізі бар екенін айтты.
XVII
ғасыр ғылыми революция —
Рационалистік
психология
Рационализм қоғамдағы орын алған тарихи жағдайларды ескере отырып, христиан дінінің католиктік тармағымен, оның дүниені құдайдың жаратқандығы туралы ілімім ен де санасып отырды.
Француз ғалымы Рене Декарт (1596-1650) XVII ғасырдағы рационалистік психологияның негізін салушы (лат. “rationalis” – ақылды деген мағынаны білдіреді).
Рационалистік психология – дүниетану мен ақиқат білім алудың жалғыз ғана дұрыс жолы - ақыл-ой деп есептеді. Декарт дуалист (лат. Dualismus), яғни дүниенің қос негізі бар деп уағыздаушы ғалым. Декарттың айтуынша, дүниенің қос негізі бар: ол – материя мен ойлаушы жан. Материя кеңістіктен орын алады, оның өлшемң, белгілі салмағы болады. Ал жан – рухани нәрсе, кеңістіктен орын алмайды, өлшенбейді, салмағы болмайды. Материя мен жан бір – біріне қарама-қарсы, бірімен – бірі еш байланыспайды, екеуі қатар жүрмейді, бірі барында екіншісі болмайды, әрқайсысы үз алдына жеке үмір сүреді.
Декарттың дүниеге, жаратылысқа, ондағы сан алуан құбылыстарға көзқарасы - материалистік көзқарас. Ол жанды рухты жаратылыстану ғылымдарымен түсіндіруге тырысты. Декарт сондай-ақ физика ғылымын материалистік жолмен танып, алға басуына да көп еңбек сіңірді. Бірақ оның материализмі шолақ, аяқталмаған материализм болды, жан, рух мәселелерін түсіндіруге келгенде ол идеализмге бой ұрды. Декарт метофизикалық психологияның шеңберінен шыға алмады. Өзі де схоластикалық қателерге ұрынды. Әйтседе ол адамның психологиялық әдеттерін, сана құбылыстарын зерттеудің керектігіне ерекше көңіл бөліп, бұл жөнінде өзінен кейінгілерге жол салып кетті. Оның психология ғылымына сіңірген еңбегі - жануар психикасының рефлекстік сипатта болатындығы, оның тәнмен байланысты жақтарын көрсеткені болдды. Бірақ адамның жан дүниесі пайда болады дейтін қате пікірді уағыздады. Ол Аристотельден «жан – өмірдің принципі» деген қағидасының орнына «жан – сананың принципң» деген ұғымды алға тартты.
Жаңа еуропалық сана мен буржуазиялық мәдениет таза атеистік сипатта болмағандығын аңғарамыз. Христиан діні мен шіркеулер Реформацияға (XVI ғасыр) дейін де, Реформациядан кейін де өз беделін жойған жоқ, қайта олардың қоғамдық, саяси және рухани өмірдегі рөлі бұрынғыдан артпаса, мүлде кеміген жоқ, қайта христиан діні өз өрісін бұрынғыдан да кеңейтіп азаматтық, мемлекеттік өмір салаларына кеңінен араласты. XVII ғасырда Еуропа — жаңа өмір жолына түскен жас Еуропа болатын. Бұл жол — өткен ғасырлардың бай тәжірибесін ой елегінен өткізіп сарапқа салу жолы болды. Бұл тарихи жолда орта ғасырлар кезеңіндегі мәдени құндылықтарды ғана емес, жалпы адамзат баласының сонау көне заманнан бергі жинақтаған рухани байлығын игерумен қатар, сол бір баға жетпес мәдени дөстүрлерді жаңа заман талабына сай қайта жаңғырту сияқты игі мақсаттар жүзеге асырылды. Көне заман мен жаңа заманның арасында қаншама уақыт өтсе де олардың өзара сабақтастығы өмірлік сипат алды.
Голландық материалист-философ Бенедикт Спинозаның (1632-1677) «Діни-саяси трактат», «Этика», «Саяси трактат» деген еңбектері бар. Мемлекет пен құқық жайлы мәселені табиғаттың құрамдас бөлігі деп қарастырады. Табиғаттың ең жоғарғы заңы – өзін-өзі сақтауға ұмтылу заңы. Адамдар – «табиғаттың бөлшегі». Адамның күші мен қуаты оның құқығын айқындайды. Сондықтан Спиноза адамның жаратылыс құқығы¬ның негізі ақылынан, ойынан деушілермен келіспейді. Құқық адамның талпынысынан, ұмтылысынан дейді. Көзқарасы жағынан монархияға қарсы, республикалық басқаруды жақтай¬ды. Құдай мен табиғатты біртұтас субстанция деп Спиноза диалектиканың өздігінен дамуы принципін пантеистік-материа¬листік тұрғыда негіздеген. Адам жөніндегі ілімінде осы қағида¬ларға сүйеніп, адамның өте күрделі психикалық өмірін ақылға, құштарлық пен ынтызарлыққа, аффектіге балады. Атеизм мен ғылыми ойдың дамуында Спинозаның ықпалы зор.
Шындығында да, жаңа заманның философы, әрі математигі Готфрид Лейбниц (1646-1716 жылдары) пен көне дәуірдің философы, әрі математигі Пифагордың (б.з.б. VI ғасырлар) дүниеге қатысты ғылыми көзқарастарының бірдей болып шығуын қалай түсіндіруге болады? Екі ғұлама да әлемді өзара тығыз байланыстағы біртұтас организм деп қарастырады. Лейбництің философиясында «айқындалған үндестік» теориясы басты орын алады. Бұл теория — діни-теологиялық, гуманистік және эстетикалық мазмұнға бай жан-жақты теория болып саналды. «Айқындалған үндестік» теориясын — замана талабы, қоғамдық сана-сезім және халықтық түсінік тұрғысынан қарастыратын болсақ; бұл-құдайтағаланың даналығына шексіз сенім болса, ал рухани тұрғыдан қарастырсақ, бұл — өнер атаулыны (мысалы, Бахтың музыкасын немесе классицизм стиліндегі өнер туындыларын және т.б.) бүкіл жан-дүниеңмен қабылдау болып табылады.
Г.
Лейбництің рационализмі өзіне дейінгі
ойшылдарға, әсіресе, Декарт пен Спинозаға
қарсы бағытталды. Ол өзінің рационалистік
көзқарасында осы ойшылдардың
Эмпириялық
психология
Капитализмнің пайда болып дами бастауы әсіресе жартылыстану ғылымдарының өрістеп, алға басуына себепші болды. Ғылым атаулы тұрмыспен байланысп, тәжірибелі ғылымдарға айнала бастады.Осындай тәжірибелі ғылымдарға негіз салған ағылшынның белгілі философы Бэкон болды. Орта ғасырдағы схоластикалық әдістерге қарсы шығып, Бэкон ғылымда индуктивтік әдісті дамытты. Бұл әдіс бойынша дүниетаным, оны зерттеу жолы жай құбылыстардан – күрделіге, оңайдан – қиынға, жақыннан–алысқа, деректіден дерексіздерге көшіп отыру керек. Бұл әдіс жаратылсытану ғылымдарын дамытуға ерекше әсер етті.
Жаңадан бас көтеріп экономикада өз орнын ала бастаған буржуазия тобы өздерінің өндіріс орнындағы жұмысшылардың психологиясын біліп, оларға ықпалын жүргізіп, билеп, басқарып отыру үшін адамдардың ақиқаттық нақты реалдық, психологиялық процестерін зерттеуді қажет етті. Буржуазияның осынау мақсаттарын орындауға эмпириялық (тәжірибелік) психологиянығ аренаға шығып, дами бастауы қолайлы болды. Бұл психология Бэконның эмпириялық философиясына негізделді.
Ағылшын ғалымы Френсис Бэкон (1561-1626) «Жаңа Органон» атты шығармасында табиғатты өзінің зерттеу нысаны етіп ала отырып, одан алынған білімнің қандай әдіспен, қалай пайда болғанына назар аударады. Сөйтіп, ол философия мен ғылымда эмпирикалық және индуктивтік әдістердің негізін қалаушы болды. Бірақ, оның әдісінің бәрі тәжірибемен тығыз байланысты болып, кең көлемді теорияның тууына жол аша алмады. Мұндай тар өрістілік Бэкон сияқты философқа танымның әлеуметтік негізін ашып, адамның табиғатын түсінуіне мүмкіндік бермеді.
Ол табиғатты байлықтың көзі деп қарай отырып, оның негізгі мәнін, адамға қатысты жақтарын аша алмады. Сондай-ақ, ұлы философтың ғылыми жаңалықтарымен бірге, негізгі кемшілігі қоғамды, ондағы қатынастарды түсінуде де айқын көрінді.
Ф.Бэкон тек жаратылыстану ғылымдарын емес, философия, психология ғылымдарын да схоластикадан арылтып, оларды тұрмысқа, өмірге үйлестіріп, ғылыми түрде дамуға негіз салды. К.Маркс Бэконның материалистік философиясына жоғары баға беріп, оны ағылшын материалистерінің атасы деп атады. Бэкон әдейлеп психлолгия ғылымымен шұғылданбаса да, эмпириялық психологияның негізін салды, бірақ оны толық дамыта алмады.
Жаратылыстану саласындағы ғылыми жаңалықтар мен қоғам өміріндегі ұлы өзгерістердің орталығына айналып, жаңа қоғамның барынша дамып, өркендеуіне жол ашқан Англия елінің Томас Гоббс (1588-1679) сияқты ойшылы дүниеге келді. Оның философиясы өзіне дейінгі өмір сүрген атақты ойшыл Т. Гоббстың саяси-әлеуметтік, қоғамдық көзқарасын айқын бейнелейтін шығарма – «Левиафан». Бұл шығарма қоғамның пайда болуын, оның даму жолдарын жан-жақты талдауға әрекет жасайды. Ұлы ойшыл қоғамды екі дәуірге бөледі. Алғашқы дәуір табиғи деп аталады. Мұндағы адамдардың барлығы тең қүқылы, олар барлығына, яғни заттарға толық иелік етеді. Бірақ, бұл тең құқылық адамдардың арасындағы өзара қақтығысқа, соғысқа, бірін-бірі қырып-жоюға, сөйтіп адамзаттың жер бетінен кұрып кетуіне әкеліп соғатын еді. Осыған байланысты «адам адамға қасқыр» принципі шықты. Сондықтан адамдар өзара келісе отырып, «мынау менікі, мынау сенікі» деген құқықтық қатынастарды тудырады. Мұның өзі әркімнің жеке меншігінің пайда болуына әкелді. Ал жеке меншікті қорғау керек. Ол үшін белгілі бір күш, әкімшілік орын, яғни мемлекет қажет. Ендігі жерде адам баласы екінші дәуірге аяқ басты, яғни бұлардың шығуы қоғамның тууына әкеліп соқты. Сөйтіп, Гоббстың ойынша, қоғамның шығуы заңды түрде жеке меншік пен мемлекеттің тууына әкеліп соғады. Олай болса, жеке меншік, мемлекет әрі заңды, әрі қажетті, әрі объективті, әрі қасиетті. Ендеше, заңды түрде пайда болған бұл процеске қарсы шығуға болмайды. Осыған орай, «қоғамдық келісім» теориясы орнайды.
Эмпириялық философияның принциптерін, психология ғылымын ағылшынның тағы бір ғалымы – Джон Локк (1632-1704) таратып, әрі қарай дамыта бастайды. Психолдогияда метафизикалық, схоластикалық құрғақ әдістерге шабуыл жасалып, нақты білімдерге көшу мәселесі қолға алынды. Жанның мазмұндарының орнына санаың ақиқаттық сипаттары зерттеле бастады. Бұрынғы жан туралы ғылыми есебінде көрінген психологияның орнына сана өқбылыстарын зерттейтін психология бой көтерді. Сөйтіп, XVIII ғасырдан бастап сананы зерттейтін «жансыз психология» ғылымы сахнаға шықты.
Джон
Локк эмпириялық психологияның, философияның
теориялық негіздерін белгілерін
белгіледі. Ол өзінің философия
– психологиялық
Локк «негізгі принципке білімдердің және идеялардың сезімді дүниеден пайда болуына» (Маркс пен Энгельс шығармалары.3–том, 158 бет) толық түсінік берді. Бірақ сыртқы және ішкі тәжірибелерді ажыратуда Локк дуалистік философияның жолына түсті. Ол өзінің «сыртқы тәжірибесін» дәлелдеуге – материалист, «ішкі тәжірибесін» дәлелдеуде идеалист болып көрінеді. Оның ұғымынша, біз сыртқы тәжірибе арқылы ғана дүниедегі заттарды сезім мүшелерімізбен түйсіну, қабылдау арқылы ғана танимыз, онсыз сыртқы дүниеден еш бір мағлұмат ала алмаймыз.
Локктың айтуынша, біздің біліміміз заттар туралы білім емес, тек қана заттардың елестеулері туралы білім. Ақиқаттың, сыртқы дүниенің біздің санамызға сәуле түсіруі емес, елестеулер мен ұғымдардың бір–бірімен келісімі. Бұл айтылғандардан Локктың сенсуализмі дуалистік философияға негізделгенін, оның «сыртқы тәжірибесі» – материализмге, «ішкі тәжірибесі» идеализмге негізделгенін көруге болады.
Европа философиясының эмпирикалық-сенсуалистік бағытын XVIII ғасырда ағылшын философы Джордж Беркли (1685-1753) жалғастырды, бірақ бұл Ф.Бэкон, Гоббс пен Локктың ілімдеріндегіден бөлек түбегейлі түрде ерекше ыңғайларға негізделген жалғасу болды. Локктың бастапқы және кейінгі қасиеттерге бөлуіне қарсылық білдіре келе, Беркли олардың екеуі де бізге тең дәрежеде сезіну ретінде берілген деп санады. Сонымен бірге, сезініп қабылдаулардың комбинациялары, Берклидің айтуынша, бізді қоршаушы заттар болып табылады. Ойшыл «Тіршілік ету, бар болу - сезіну, қабылдану» деген принципті ұсынды. Ол: «Біз өзіміздің идеяларымыз бен сезінулерімізді қабылдамасақ, онда нені сезінеміз? Белгілі бір идеялар немесе сезінулер не олардың комбинациялары қабылданбастан бар бола алады деген тұжырым мағынасыз емес пе»,- деп жазды. Қысқасы, Беркли Локктың біздің сезінулеріміздің көзі ретінде санадан тыс өмір сүретін сыртқы әлемді мойындауын жоққа шығарды. Ол сезінулерді адаммен қабылданатын жалғыз шындық деп есептеді.
Эмпириялық
психологияның белгілі ірі
Юм
адамның өте күрделі
«Объективті дүние бар ма, жоқ па деген мәселені шешіп болмайды, дүниедегі заттардың қандай екенін білу түгіл олардың барын да, жоғын да білмейміз» деген пікірді айтып, Юм дүниені танып болмайды деген агностицизм жолына түседі. Юмның айтуынша, дүниедегі себептік байланыстар жаратылыстын заңы емес, оған жаратылыста да, адамның елестетулерінде де негіз жоқ, дүниедегі құбылыстардың бірінен кейін бірі болуын байқаудан туатын субъективтік әдет. Адамның санасында тек қана психикалық әрекеттердің ағымы бар, ғылымнығ мақсаты жаратылыстың заңдарын ашу емес, тек қана жаратылыстың құбылыстарын және сананың психикалық әрекеттерін сипаттау. Адамның тұрмысы, тәжірибесі Юмның агностицизмінің және субъективтік көзқарастарының қате екенін көрсетеді. Адам баласы жаратылысқа әсер етіп және оны өздігінше өзгертіп, дүниенің адамға тәуелсіз, дербес, объективтік түрде өзгеретіндігін және оны адамның тани алатындығын байқатты.
Юмның замандастары және отандастары Гартли мен Пристли сияқты оқымыстылар эмпириялық ассоциативтік психологияның материалистік ағымын дамытты. Бұлардың пікірінше, ассоциациялық байланыстар, Юм айтқандай, елестетуде емес, мидың өзінде болады; әсер етуші қоздырғыштар мидың түрлі салаларың қоздырып, бір–бірімен байланысып отырады, кейіннен мидың бір саласы қозса еріксізден – еріксіз ассоциация арқылы мидың басқа салалары да қозады.
Өткен ғасырдың орта шенінде көп табыстарға жетіп, жедел алға басқан табиғат ғылымдары психология ғылымына зор әсер етті. Табиғат ғылымдарында қолданылатын тәжірибе жасау әдістері психология ғылымын да жене бастады. Психология бара– бара өзінің зерттеулерінде дәл аппараттарды пайдаланатын тәжірибелік әдістерді қолдана бастады. XIX ғасырдың аяғында тәжірибелік психологияны дамытуда көп еңбек сіңірген белгілі психологтар: Германияда – Вундт, Эббингауз, Францияда– Рибо, Англияда– Спенсер, Бен, Америкада– Джемс, Титченер, Ресейде– Челпанов, Ланге және т.б. болды.
Эмпириалық
психологияның өзінде–ақ кейбір
психологтар, әсіресе Вундт пен
Джемс ассоциативтік
Эмпириялық психологияның мынадай қателері болды:
1) психология ғылымын «жан құбылыстары», «сана құбылыстары» ғылымы есебінде түсініп, психиканы сыртқы дүниенің санадағы сәулесі есебінде қарамай, жалғыз іштен шығатын әрекет дей білуі. Эмпириялық психология идеалистік психология болды;
2) «психика сыртқы дүниенің әсерінсіз өзінен–өзі іштен пайда болып, өз бетімен дамиды» деген ұғымға сүйеніп, әрбір адамның өзін–өзі байұау әдісін психологияның негізгі әдісі деп білу. Әр адам өзінің ғана психикалық әрекеттерін зерттеп білуіне болмайды. Объективтік байқау әдісінің орны психологияда емес, философияда, физиологияда деген ұғымды жақтау. Психолгияның бұл ағымы «эмпириялық психология» деп аталғанмен, эмпирияны (тәжірибені) объективті түрде қарамай, әр адамның жеке өзін–өзі байқайтын субъективтік тәжірибесі деп түсінді;
3) психикалық әрекеттерге механистік көзбен қарау. Адам жеке тұлға есебінде емес, тек бір–бірімен механистік түрде қосылған бөлшектер есебінде; сезімдердің жинағы, сезімдердің бір түрі ретінде қаралған;
4) адамның психикалық әрекеттерінің тарихта өзгеріп отыруын, адам баласының пайда болып, өсіп–дамып отыруын зерттемеді. Нақты тарихи жағдайларда тіршілік ететін адамдарды зерттемей, ешбір қоғамға тән емес, тарихта болмаған абстрактілі, дерексіз адамның психикалық әрекеттерімен шұғылданады;
5) психологиялық теорияға негізделуі. Рухани әрекеттер мен физикалық (физиологиялық) әрекеттердің әрқайсысы өз алдына болғанымен, араларында байланыс бар, бір–біріне әсер етеді деген теорияны жақтайды.
Эмпириялық
психологияның қателерімен
Эмпириялық психология капитализмнің дамуымен бірге пайда болып, оның негіздерінің шіріп, өмір сүруінің ақырына таялуымен бірге бәсеңдеп, төмен түсе бастады.
Жаңа заман философиясындағы, әсіресе, оның таным теориясындағы пайым мен зерденің бір-бірінен алшақ кеткенін, ендігі жерде олардың ымыраға келмейтінін айқын көріп, соларға ерекше назар аударған классикалық неміс философиясының негізін қалаушы, әрі оның атасы –
Иммануил Кант (1724-1804) болды. Ол өзінің философиясын ең алдымен, бұған дейінгі дәуірде бір-бірінен алшақ кеткен логика, таным теориясы және диалектика туралы проблемаларды жан-жақты талдаудан бастады. Ол «Таза зердеге сын» (1781) деген атақты шығармасында сөзді бұрын ерекше бағаланып, бас иіп келген зерденің қазіргі кезеңдегі қайшылыққа ұшырап отырған тағдырынан бастайды. Зерде тап болған қайшылықтардың бетін аша отырып, логикаға, таным теориясына және диалектикаға тән мәселелердің де шет жағасын шығарды.
И. Кант өзіне дейінгі ойшылдардың эмпиризм мен рационализм саласындағы сыңаржақ кеткен кемшіліктерін көрсете отырып, философияда бұрын-соңды болмаған үлкен жаңалық ашты. Ол бұл жаңалықты философиядағы коперниктік төңкеріс деп атады. Бұл төңкерістің мәні мынада еді: егер Кантқа дейінгі ойшылдар табиғатты зерттей отырып, болмысты, материяны философияның негізгі нысанына айналдырса, немістің ұлы ойшылы, керісінше, біздің философиялық талдауымыз ойлауға, идеяға, ақыл-зердеге, субъектіге бағытталуға тиіс деді. Ал болмыс, материя, объекті осы ойлауға, идеяға, ақыл-зердеге, субъектіге бағынады және солардан келіп шығады деп білді. Мұның өзі Канттың сол уақытқа дейін кеңінен орын алып келген таным теориясындағы және философиядағы көзқарасты толығынан қайта қарап, жаңа ілімнің, ағымның іргетасын қалағанын көрсетеді. Канттың философиясындағы, таным теориясындағы коперниктік төңкерістің мәні таным процесіндегі субъектінің белсенді рөлін айқындап, негіздеп беру еді.
Кант жоғарыдағы еңбегінде таным процесіндегі қайшылықтарды кеңінен ашып, олардан шығудың жолын көрсетті. Ұлы ойшыл адам баласының таным қабілетін: сезімдік, пайым және зерде деп үшке бөледі. Оның мақсаты жаңа дәуірдегі эмпиризм мен рационализмнің тар өрістілігінен шығып, оларды өзара ымыраластыру еді. Сондықтан ол априорлы (априорлы - латын тіліндегі тәжірибеден тыс пайда болған ұғым, ой, идея) синтетикалық пікірдің жаратылыстану саласында қандай орын алғандығын көрсету үшін білімдердің әртүрлі салаларын алды. Кант ең алдымен математиканы, жаратылыстануды және метафизиканы (философияны) априорлы синтетикалық тұжырым арқылы талдай келіп, таным процесінің қалыптасуы мен белгілі бір сатылардан өту жағдайын көрсетті. Осыдан математика - сезімділікке, жаратылыстану - пайымға, метафизика, яғни философия - зердеге қатысты екені анықталды.
Кант осылайша белгілеген адамның таным қабілетінің үш түрі философия тарихында ерекше рөл атқарады. Өйткені, бұл бір жағынан танымды біртұтас, бірақ ішкі қайшылыққа толы процесс деп қарау болса, екінші жағынан, философияны жаратылыстану саласымен тығыз байланыстыруға жасалған әрекет еді. Сондықтан Кант белгілеп берген адамның бұл таным қабілетінің үш түрі бүгінгі күнде де өз маңызын жоғалтқан жоқ.
Философия тарихында пайым мен зерденің әлеуметтік мәнін ашуға ұмтылып, оны ғылыми әрі диалектикалық негізде дамытқан классикалық неміс философиясының ірі өкілі Г.Ф. Гегель (1770-1831) болатын. Оның шығармашылығының даму кезеңі Германияның саяси-әлеуметтік жағ-дайының біршама үлкен өзгеріске түсіп, елдегі ішкі қайшылықтар белең алған тұста басталды. Сондықтан ол өзіне дейінгі барлық ойшылдардың, әсіресе, ХVII-ХҮIII ғасырлардағы ағылшын және француз ағартушыларының, сондай-ақ, неміс жерінде кеңінен өрістеген ғылым мен мәдениеттің, өнер мен әдебиеттің жетістіктерін толық зерттей отырып, оларды өз жүйесін жасауға кеңінен пайдаланды.
Гегель
негізінен өзіне дейінгі
Расында да Гегельге дейінгі дәуірде сезімділік, пайым - нақтылықтың бейнесі, ал абстрактылық - ойдың жоғарғы даму процесімен тығыз байланысты деген көзқарас айрықша орын алып келді. Міне, осындай ағат пікірге Гегель ашықтан-ашық қарсы шықты. Оның ойынша, абстрактылы ойлау сауатсыз, білімсіз, топас адамның әрекеті. Өйткені, абстрактылы ойлау қандай ғана болмасын мәселенің басын ашып бере алмайды. Ол тек сыртқы көрініске, одан соң сезімге ғана мойын ұсынады. Абстрактылы ойлау таным процесіндегі сыңаржақтылықтың нақты бір белгісі. Абстрактылы ойлаған адам өз ойына өзі мән бермей, каралып отырған мәселеге терең үңілмей, оның мәнін, тарихын ашып беруге дәрменсіз. Сондықтан Гегель абстрактылы ойлаған кейбір адамдарды мысалға ала отырып, олардың сауатсыздығын, надандығын, білімсіздігін көрсетті. Олай болса, таным процесі негізінен нақтылыққа ұмтылады. Нақтылық дегеніміз-көптеген анықтамалардың синтезі, көпжақтылықтың бірлігі. Яғни нақтылық қандай да мәселеге болмасын, объективті, тарихи, ішкі байланыстарды анықтау арқылы қарауды талап етеді. Ендеше, таным процесі әуелі абстрактылықтан басталып, нактылыққа қарай өрлейді. Бұл - таным процесіндегі негізгі принцип. Бұл принципті К.Маркс өзінің «Капиталын» жазу процесінде шебер пайдалана білді.

- Психология тарихы
- Психология тарихы
- Психология тарихы
- Психология тарихының даму кезеңдері
- Психология тарихының кезеңдері.
- Психология творческого мышления
- Психология творческого мышления
- Психология судебного процесса
- Психология судебной деятельности
- Психология судебной речи
- Психология супружеских измен
- Психология супружеских измен
- Психология супружеской измены
- Психология счастья