ҚР-ның инновациялық дамуы тұрғысында жоғары мектеп жағдайында интеллектуалды ұлт қалыптастырудың басты ғылыми негіздемесі
ҚР-ның инновациялық дамуы тұрғысында жоғары мектеп жағдайында интеллектуалды ұлт қалыптастырудың басты ғылыми негіздемесі
Білімді реформалаудың басты міндеті – мемлекеттік білім беру жүйесін әлемдік үздік үлгіге сәйкес деңгейге көтеру. Жеке тұлғаның білім алу және рухани қажеттіліктерін, оның мүмкіндіктерін ескере отырып қанағаттандыру, қалыптастыру, адам білім үшін емес, білім адам үшін оқу-тәрбие процесін ізгілендіру, ізгілік принциптерін қайта түрлеуі арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Сонда ғана білімнің беделін арттыруға, білім беру саласының мемлекет пен қоғам өміріндегі басым мәртебесін нақты орнықтыруға болады. Қазіргі таңдағы әлемдік ғылым мен білім беру саласындағы жетістіктерге негізделген жаңа жүйе еліміздің білім беру саласына терең енгізіліп отыр. Бұл өзгерістер өз кезегінде болашақ интеллектуалды ұлтты қалыптастырудың кепілі болмақ.
Қазақстан Республикасында біз ұстанған бағыттағы зерттеулер ізденіс сатысында тұр. Мұндай зерттеулер шетелдік мемлекеттердің ішінде АҚШ-та, Жапонияда, Ресейде, Балтық елдерінде және т.б. Елдерде жүргізілуде.
Алайда, біз олардың зерттеулерін негізге ала алмаймыз, себебі, сәйкес әдебиеттерге жасалған алғашқы талдау интеллектуалды ұлтты қалыптастыру біржақты ғана қарастырылатынын көрсетті. Жалпы интеллектуалды ұлтты қалыптастыру жөнінде айтқанда «білім беру», «ғылым», «инновация», «экономикалық өсім және түрлендіру» ұғымдарына екпін түсіріледі, егер біз тек интеллектуалды элита қалыптастыруда басты назарды аударатын болсақ, онда бұл бағыт жеткілікті болатында еді. Алдыңғы қатарлы идеялардың өкілдері интеллектуалды ұлт қалыптастыру үдерісіне айтарлықтай ықпал еткендерімен, Елбасы қойып отырған мәселенің шешімі кең болып көрінеді. Барынша өзекті проблемаларды анықтау, Қазақстан Республикасы азаматтарының экономикалық-әлеуметтік жағдайларын жақсартуға бағытталған іс-қимылдар мен бағдарламаларды сәйкестендіру және үйлестіру әрбір жеке тұлға мен таланттың жеке әлеуеттерін ашуға мүмкіндік береді.
Білім беру саласында білім алушының интеллектуалды тұлғасын дамыту, тұлғааралық қарым-қатынасын қалыптастыру маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Қазіргі қоғамның даму қарқыны әлеуметтік, экономикалық, тәрбиелік құндылықтарды, оның ішінде қарым-қатынас және адам мәдениетінің деңгейін түбегейлі жетілдіруді керек етіп отыр.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін, бәсекеге қабілетті ұлт үшін» деген Жолдауында «ұлттық бәсекелестің қабілеті бірінші кезеңде білімділік деңгейімен айқындалады» деп атауы білім беру саласында жаңаша көзқарас, кәсіби қарым-қатынас қалыптастыруды міндеттейді. Елбасымыз ұлттық дамудың түпкі мақсаты интеллектуалды ұлт қалыптастырудың негізінде екендігін қазұу – де оқыған «Қазақстан дағдарыстан кейінгі дүниеде: болашаққа интелектуалдық секіріс» атты лекциясында айтып өткен болатын.
Қазіргі кезеңде жоғары оқу орындарының білім бағдарламаларында білім беру мен тәрбие үдерісінің көп қырлы мақсаттары көзделе отырып, білім беру аясында аясында педагогтарды жан-жақты етіп әзірлеуді міндеттейді. Осы орайда, білім алушыларды интеллектуалды тұлға ретінде қалыптастыру оқыту үдерісіндегі білім беру бағдарламаларын әлеуметтік-экономикалық және мәдени дағдарыс жағдайында бірегей дамыту бағдарын қамту қажет. Кез келген мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік гүлденуі мен қауіпсіздігі халықтың білімі мен интеллектілік ресурстарымен тікелей байланысты. Интеллектуалды ұлт болу тар шеңбердегі ұғым емес, оның түпкі мақсатында ұлттық негіз, ұлттық рух, ұлттық болмыс жатыр. Ұлттың сапалық құрамын арттыру тек қан тазалығын жақсартумен ғана шектелмейді, бұл жерде рух тазалығын тәрбиелеудің де маңызы зор. Ал оның түп негізінде инновациялық терең білім алу қажеттілігі мен технологиялар әлемінде қабілеттілік таныту сұранысы тұр.
Интеллектуалды тұлға қалыптастыру – білім мен тәрбиенің нәтижесі болып қана қоймай, бүгінгі күннің өте маңызды әрі күрделі де ұзақ мерзімді қажет ететін көкейкесті мәселелерінің бірі. Интеллектуалды тұлға дамыту білім мен тәрбиесіз, білім мәдениетінсіз, оның адами қасиеттерінсіз дамып-жетілуі мүмкін емес. Тұлға интелектісінің кез келген мәселесі адамдардың жан дүниесімен, қоғам мен әлеуметтік өмірдің сан алуан сырларымен тығыз байланысты.
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңында білім беру жүйесінің басты міндеті – «ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» екендігі атап көрсетіліп, онда білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді. Осындай міндеттерді жүзеге асыру үшін Елбасы Н.Назарбаев «Интеллектуалды ұлт – 2020» ұлттық жобасын ұсынды. Бұл жобада еліміздегі білім берудің барлық жүйесі жаңғыртылып қана қоймай, экономиканы дамыту, азаматтардың әл-ауқатын жақсарту, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды толық қамту, 12 жылдыққа көшу «Назарбаев интеллектуалды мектебі» және «Бейімдік мектеп» желілерін дамыту, жоғары білім беру саласында бәсекелестікті өрістетіп, білім мен ғылымды кіріктіру, «Ұлттық университеттерге» мәртебесіне сай бұрынғыдан да кең құқықтар беріп, ондағы берілетін білім сапасын көтеру, бір сөзбен айтқанда, өзіміз қосылған Болон процесі шеңберінде атқарылатын жұмыс өлшемдерін орындау. Интеллектуалды ұлт болу үшін тұлғаның ғылыми, кәсіби, мәдени ақпаратына, білімі және біліктілігіне, психологиялық, моралдық ерекшеліктері мен әлеуметтік ұжымда өзін-өзі ұйымдастыра, басқара алуына баса назар аудару қажеттігі туындап отыр.
«Интеллектуалды
ұлт-2020» ұлттық жобасын
«Интеллектуалды ұлт» жобасының екінші аспектісі – ғылым саласын дамыту мен еліміздің ғылыми потенциалын арттыру.
Жобаның үшінші
бағыты – инновациялар жүйесін дамыту.
Ол қазақстандықтардың жаңа генерациясын
қалыптастыруға бағытталған.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев жолдауында: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім», - деп нақтылаған болатын. Мектепке дейінгі білім беру мекемелерін толықтай қамтуға бағытталған «Балапан» бағдарламасы, дарынды балалар үшін жаратылыстану-математикалық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын 20 интеллектуалдық мектепті ашуға бағытталған бағдарламалары интеллектуалды ұлт даярлауды ұйымдастырудың жаңа негізін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Аталған бағдарламалар еліміздегі инновациялық дамудың негізгі бастауы болып табылады. Осы бағытта қазіргі таңдағы әлемдік ғылым мен білім беру саласындағы жетістіктерге негізделген іс-шаралар білім беру саласынан бастау алады. Білім беру қызметінде еліміздегі және әлемдік білім беру жүйесіндегі классикалық дәстүрлі және жаңа үрдістерінің үйлесімділігін қамтитын оқу бағдарламаларымен білім сапасын арттыру қажеттігі туындауына байланысты жоғарыда айтылған бағдарламалардың дамуы өте маңызды. Отандық білім беруге қойылатын аталмыш талаптар Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуын жедел қамтамасыз ете отырып, инновациялық даму нарығы мен көп салалы ғылымның жоғары технологиялы өндіріс жағдайында басқаруға құзіретті және бейімді-шығармашылығы бар тұлға дайындау қажеттілігінен туындайды. Осы бағыттағы жасалынып жатқан игі істердің бастауы ретінде біртұтас білім жүйесін құрайтын оқыту және тәрбиелеу процессінің бірыңғайлылығын қамтамасыз етуге бағытталған интеллектуалды мектептердің ролі айқын. Аталмыш оқу орындарының ерекшелігі де сонда, білім процессін ұйымдастыруда пән және деңгей аралық кіріктілікті, бірізділікті, дифференциацияны қамтамасыз етуді негізге алады.
Әлемдік сапа және білімнің өтімділігін
негізге алуға бағдарланған интеллектуалды
тұлға қалыптастыратын мектепте
Елбасының бастамасы бойынша Астанада «еліміздің болашақ зияткерлік элитасын қалыптастыру мақсатында» құрылған ұлттық бiлiм беру жүйесiнiң барлық артықшылықтары мен үздiк әлемдiк ғылыми бiлiм беру тәжiрибесiн үйлесiмдi қамтитын, Қазақстанның ұлттық брэндiне айналатын ерекше үлгiдегi Назарбаев университеті де интеллектуалды тұлға қалыптастыра отырып, бәсекеге қабілетті маман дайындауға арналған жұмыстардың бірегейі деп есептейміз.
Интеллектуалды ұрпақ
Интеллектуалды ұлт
Қоғам интелектісін көтеруде ұстаздар қауымының ролі ерекше. Ұстаздық ету – ұлылық болса да, өкінішке орай, бұл мамандықты өз дегенімен қалап, сүйіп таңдап келетін талапкерлер тым аз. «Білім туралы» Заңның «Педагог қызметкерлердің мәртебесі» туралы тарауында «… келешекте мұғалім мамандығы ең беделді әрі жоғары ақы төленетін мамандықтардың бірі болуы керек» деп көрсетілген болатын. Ал, Ахмет Байтұрсынов: «Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім», - деген. Бұл даналық пікірдің маңызы уақыт жылжыған сайын арта түсуде. Міне, осы талапқа сай ұстаздардың беделін көтеру, соған орай еңбекақысын жоғарлату, өзінің ісіне жауапкершілікпен қарау мәселесі жиі қозғалып келеді. Мұғалімдердің педагогикалық мәдениетінің мәнін, мазмұны мен ерекшеліктерін теориялық тұрғыда дәлелдеу оның студенттердің қазіргі білім беру мен тәрбиелеу үдерісін жетілдірудегі потенциалды мүмкіндіктері туралы айтуға негіз болады. Шынында, ағарту орындарының алтын діңгегі – мұғалім. Жас ұрпақ мұғалімге қарап бой түзейді. Нағыз ұстаз қай ғасырда да ұстаз болып қала бермек. Ұстазға қойылатын талап пен тілек қашан да ортақ. Ол – білімділік, имандылық, парасаттылық барлық ғылым атауылының алғашқы әліппесі өркениет ұстазының тәлім сабағында күн сайын үйретіліп, үлкен «білім мұхитына» айналып, рухы мықты, интеллектуалды ұрпақ тәрбилеп шығару. Енді, осындай игі ниеттен туындаған өзіміз тарапынан ұстазға қойылар талаптарды жүйелеп ұсынайық.
Ұстазға қойылатын талаптар:
Біріншіден – мәдениеті жоғары дамыған маман болуы керектігі:
- Қазақ халқының және дүниежүзілік тарихтан жүйелі хабардар болуы.
Өткен тарихты қазіргі күн талабына сай баға беріп, сараптай алуы. Тарихи оқиғалардың болу себебін,сол тұстағы халық рухы мен күш-қуатының қайнар көзі неде екендігін дөп басып, оқушыларға жеткізе алуы. Тәуелсіздікке жету жолындағы ата-бабамыздың арман мүдделері мен оған жету жолындағы күрес нәтижелері;
- Қазақ философиясын терең түсініп, одан нақты мысалдар келтіре алатындай болуы. Мысалы: қазақ халқының өзіне тән ойлау танымын саралау. Адамзат жаратылысының ғарыш кеңістігідегі он сегіз мың ғаламмен байланыс құпияларының сырын және халықтық наным-сенімдерінің тылсым дүниемен байланысын ашу;
- Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің даму жолдарын дұрыс саралап, жаңа заман талабына сай баға бере алатын, дүниежүзілік әдебиеттен өзгешеліктерін түсініп, саралай алатындай болуы. Өзге ұлт өкілдерінің алдында мақтана алатындай тіліміз бен әдебиетіміздегі озық жетістіктерімізді бөліп көрсете алуы.
- Қазақ қандай мәдениет түрлерімен мақтана алатындығы. Бізде дамыған мәдениеттің түрлері мен одан қандай тәлім-тәрбие алуға болатындығы туралы мағлұматтардан хабары болуы. Қандай тамыры терең тарихи жәдігерлеріміз бен әлемдік өркениетке ұмтылған мәдени мұраларамыз бар деген сұраққа жауап бере алатындай болуы керек.
Екіншіден – Қазақстан экономикасы мен оның даму жолдарының ерекшеліктеріне талдау жасай алуы. Қазақстанның дүниежүзілік қоршаған ортадан қандай жетістіктерімен (брендпен) орын алады деген сауалға жауап таба алуы. Дүниежүзілік экономикалық аренадағы еліміздің экономикалық жағдайына баға беріп, бүгінгі күн талабы тұрғысынан саралау.
Үшіншіден – ұстаздың адами қасиетіне қойылатын талаптар. Адамгершілігі жетік, рухани бай болуы. Керек кезінде оқушыға оның мұғалім ғана емес, сырласына айналуы қажет. Ол үшін оқушының жан дүниесін түсіне алып, оған адамгершілік тұрғысынан көмек көрсете алуы керек.
Төртіншіден – білім, біліктілігіне қойылатын талаптар. Алған базалық білімін күнделікті ғылыми жаңалықтармен толықтырып отыру. Жаңа технологияларды өз сабағында жаппай қолдана алуы.
Бесіншіден – жан-жақты дамыған «толық адам» екеніндігі, оқушылардың қызыға қарайтын қасиеттерінің болуы. Әр сабағында оқушыларға тірі тарих сөйлеп тұрғандай әсер қалдыруы. Ол үшін білімі жетік, жаңа ҒТТ-ге сай жан-жақты жетілген рухани бай болуы керек.
Алтыншыдан – ұстазға тән лидерлік қасиеттер ие болуы. Қашан да, кез келген уақытта не жағдай болса да тосылып қалмайтындай сөзге шешен, білімі жетік, жан-жақты интеллектуалды қаруланған тұлға иесі болуы.
Жетіншіден – ұстаздықты таңдап алған оқушылардың дайындығы:
7.1 оқу орындарына қойылатын талаптар;
- Оқытушыларды сараптап алу;
7.3 саяси әлеуметтік жағдай жасау (жалақы, үй, шәкіртақы, т.б.). Мысалға ұстаздың үйі (әсіресе, ауылдық жерде) ауылдың көркі болуы керек. Шәкірттердің ұстаз үйіне қызығушылықпен қарап, сондай үйде тұруға деген ынтасы мен сол арманына жету жолындағы талап-жігері;
- Ұстаздың жалақысы екі тұрғыдан қарастырылуы керек: базалық төлемақы және қосымша төлемдер;
- Ер азаматтардың мұғалім болуы үшін не істеу керек деген мәселе. Қазіргі күндері мұғалімдік салаға көбінесе әйел адамдар барып жатады. Ал ұрпаққа берілер тәрбие қай кезде де, қай жерде де, қандай ортада да ер азаматтардың қалыс қалуы себебінен ақсап жатады;
- Мектепті нағыз білім ордасына және мәдениет ордасына айналдырудың мәселелерін жан-жақты қарастырылу қажеттігі.
Сонымен, өркениеттің ғарыштап дамуындағы ғажап идеялар, дархан істер, ғаламат жоспарлар – жаңа ғасырдың қолынан ғана келеді. Жаңа ғасырдың тізгіні – ұрпақтарының қолында ғана, ендеше ұрпақтың бар бақыты озық ойлы ұстаздың еншісіне ғана берілмек.
Жан сарайыңды жібітетін тәрбиенің үлгісі де, ащы ақиқаттың күмбір күйі де өркениет ұстазының әр сабағында шежіре боп сөйлеп жатады. Бұл жалғандық болмай, педагогиканың барлық жүйесінде мазмұнды жүрсе, адамзаттың ой-өрісі дамып, сәулелене түспек.
Интеллектуалдық әлеует деп қоғамдағы сұраныс үдесінен шығуға даяр әлеуметтік субъектінің уақыт пен орта алға тартқан міндеттерден, қиыншылықтардан, ұсыныс пен қажеттіліктен, бұрын беймәлім талаптан тұтастай болмаса да негізінен биік тұрып, ілгерілеу динамикасы мен заңдылығына кіріге, бейімделе алу, соны ел мүддесіне, өз мүддесіне жегу арқылы бойындағы қабілеті мен мүмкіндігін ашу өресін айтамыз. Ендеше интеллектуалдық әлеуеттің өміршеңдігі, жасампаз күші бар салада - экономикада, білімде, мәдениетте, ұлтаралық қатынаста, саясатта, т.б. – сыналады, шыңдалады. «Мәселе мынада, - деп көрсетеді Н. Назарбаев, - ұлттар тауарлармен және қызметтермен ғана бәсекелеспейді – олар қоғамдық құндылықтар жүйесі мен білім беру жүйелерімен де бәсекелеседі... Осы заманғы экономикада салмақ материалдық тауарлар мен қызметтерге қарағанда, интеллектуалдық әлеуетке көбірек түсіріледі. Ұлттың осы заманғы және тиімді білім беру жүйесін ұстануға, жұмысшы күшінің оқыту жолымен интеллектуалдық қорын арттыруға қабілеттілігі бәсекеге қабілеттілігі үшін ерен маңызды болуда».
Қазіргі таңдағы егеменді еліміздің болашағы дарынды, білімді, іздемпаз, дені сау жастарға байланысты. Осыған орай, интеллектуалды ұлт қалыптастыруда қоғам алдында тұрған басты міндет – өзіндік айтар ой – пікірі бар, жоғары саналы, белсенді, бәсекеге қабілетті, дені сау азамат тәрбиелеп шығару. Үдемелі-инновациялық жаңа экономика құрып жатқан осы кезеңде елімізге білімді, дер кезінде шешім қабылдай білетін ұлт, соның ішінде жастар өте қажет. Ол үшін ақпаратқа қолжетімділікті бүгінгі күн талабына сай дамыту қажет, бұл – ұлттың денсаулығының дұрыстығы, сапалы өмір сүруі, жақсы білім алу және ғылымды дамыту. Қоғамдағы түбегейлі өзгерістер жаһандану үрдісінде өзіндік келбеті қалыптасқан жаңа адамды дамыту мақсаттарын қойып отыр.
Жас ұрпақтың жаңаны қабылдай отырып, ұлттық болмысты сақтауға ұмтылуы Ұлылықты сақтау үшiн жаңғырған Қазақстанға ұлттық сананы сақтап қалу – аса зәру мәселе. Ұлттық сана – халықтың жаратылыс-болмысын, салт-санасын дамыту арқылы ұрпақтан-ұрпаққа берiлетiн өмiр сүру қағидасы.
Білім алушыны тұлғалық қасиетін қалыптастырып, әлеуметтендіру бағдарына басты қажеттіліктер ретінде:
- Отанын сүю, отанының белсенді азаматы болу(қоғамға қажетті тұлға).
- Ұлтжандылық (Халқының ұлттық құндылықтарын білуі, сақтай алуы).
- Дүние жүзінде болып жатқан жаңалықтарды сараптай алуы, одан керекті мәслелерді өз өмірінде іске асыра алуы.
- Денсаулық қажеттілігі (денсаулыққа қажетті жан-жақты мағлұматты тұлға)
- Өзін қорғай алу және қауіпсіздік қажеттілігі (заңды құрметтей білетін, заңға мойынұсына білетін тұлға)
- Ұжымда өзгелердің құрметіне ие болу және әлеуметтік ортада болу қажеттілігі
- Өмірдің мәнін түсіну қажеттілігі
- Өз мүмкіндігін іске асыра білу және өзіндік келбеті болу қажеттілігі
- Даму үшін шығармашылық қажеттілігі
- Атқаратын ісінен қанағат сезімін алу, ішкі талпынысын іске асыру, көңіл – күйін көтеріңкі ұстау қажеттілігі.
Бүгінгі жоғары білім берудің көп деңгейлі құрылымы, жоғары оқу орнының халықаралық білім беру жүйесіне жоспарлы интеграциялануы және оларды қоғамның талаптарына сай басқару мәселелері білім беру саласына жаңа тәсілдерді енгізуді талап етуде. Білім саласына ендірілетін жаңалықтың қайсыбірі болмасын арнайы даярлықты талап етеді. Сондықтан, жоғары оқу орындарында болашақ мамандардың кәсіби даярлығына, педагогикалық мәдениетінің дамуына және олардың жаңа педагогикалық технологияларға терең түсіністікпен бейімделуіне жағдай жасау қажет. Білім берудің мазмұнын модернизациялау, педагог мамандарды даярлаудың мазмұны мен құрылымын саралап қайта ой-елегінен өткізу оқытудың ғылымилық дәрежесін жоғарылатуды, болашақ мамандардың жан-жақты дамуына жағдай жасауды көздейді.
Адам баласы өмірге дайын қабілет, мінез және қызығуларымен келмейді, бұлардың бәрі белгілі табиғи негізде адамның өмір барысында қалыптасады. Даму дәрежесі мардымсыз тұлғаның адам аралық қатынастары да өте жай, күнделікті тіршілік күйбеңінен аспайды. Ал, даму деңгейі жоғары болған адам өзінің рухани мәртебелілігімен, қоғамдық мәнді құндылықтарымен ерекшеленеді. Тұлға қалыптастырудағы білім бағдары жеке адамды танып, білу үшін сол адамның алдында тұрған өмірлік міндеттерін, оларды іске асыру жолдары мен өмір барысында ұстанған принциптерін жете білуі үшін қажет. Жеке адам дамуы - өз мүмкіндіктерін үздіксіз кеңітіп, қажеттіліктерін арттырып – барумен байланысты. Осы даму деңгейі нақты адамға тән болған қарым-қатынастар аймағымен өлшенеді.
Болашақ интеллектуалды ұлтты қалыптастыруда әлемдік дәрежедегі ғылым мен білім саласындағы жетістіктерді қамти отырып, ұлттық әлеуетті дамыту бағдарын негізге алынады. Елбасы «Интеллектуалды ұлт-2020» ұлттық жобасы идеясына «оның басты мақсаты – жаңа қалыпта қазақстандықтарды тәрбиелеу, сондай-ақ, Қазақстанды бәсекеге қабілетті адамдық капиталы бар мемлекетке айналдыру» деп, нақтылаған болатын. Осы тұрғыда республикамызда ұлттық интеллектің негізін қалауға бағытталған ғылым мен білім жетістіктерін дамыту тұрғысына назар аударылғаны жөн. Өйткені, елімізге халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті білімді адамдар қай кезде де өте қажет. Интеллектуалдық ұлт қалыптастыру жөнінде айтқанда, біз ең алдымен қоғамның рухани-адамгершілік мәселесіне тереңірек көңіл бөлуіміз керек. Қоғамды ұлттық тұрғыда дамытуға, жастардың патриоттық сезімін тәрбиелеуге, ұлттық намысты шыңдауға, әрбір азаматтың азаматтық жауапкершілігін арттыруға барлық жағынан мүмкіндік жасалуы қажет. Осы тұрғыда интеллектуалдық ұлт қалыптастыруда ұлттық тәрбие маңызын айқын аңғаруға болады. Ел боламын деген мемлекет ұрпақ тәрбиесін бірінші кезекке қояды. Біз – бала тәрбиесіне аса көңіл бөлген халықпыз. Тілдің дамуы да, ұлттық рухани құндылықтардың баланың бойына сіңірілуі де тәрбиемен келеді. Ал тәрбиенің өзегі – ананың құрсағынан басталады. А.Байтұрсынов: «Балам деген жұртым болмаса, жұртым дейтін бала қайдан шығады», - дейді. «Интеллектуалды ұлт - 2020» жобасының басты мақсаты ретінде жастарға рухани тәлім-тәрбие беру аталғаны белгілі. Яғни, әлемді жаулаған жаһандану үрдісіне біз мықты ұлттық, мәдени құндылықтарымызды, ұрпағымыздың имандылығын қарсы қоюға тиіспіз. Демек, терең білім, кәсіби алғырлық, жоғары біліктілік ұлттық мүддеге қызмет етпесе, ел алдындағы парыз ұғымына сүйенбесе, рухани құндылықтарға негізделмесе, жасампаз күшке айнала алмайды екен. Бүгінгі білім беру саласында тәрбие мен білімді әр қырынан дамыта отырып оқыту және білім алушыны интеллекталды түрде дамыту жолдары негізге алынады. Интеллектуалды ұлт қалыптастыруда ұлт денсаулығы маңызды мәселелердің бірі. Денсаулық адам дамуының маңызды құраушысы және салдары. Ол жас кезде білім алудың, ал кейіннен оны үнемі жетілдіріп отырудың маңызды шарты болып табылады. Сондай-ақ, денсаулық жоғары өнімді еңбектің негізі бола отырып, адамдардың жеке және қоғамдық жағдайларын көтеруге мүмкіндік береді. Ендеше, ұлттың интеллектуалды даму бағдарында салауатты өмір салтының маңызы айқын. Осы мақсатты жүзеге асырудың аспектілері отбасы тәрбиесімен және білім беру мазмұнымен тығыз байланысып, білім мазмұнында жан-жақты ашылуы тиіс.
Интеллектуалды тұлға
қалыптастырудың кезеңдері
Білім беру жүйесін модернизациялау арқылы қойылатын мүдде – жоғары профессиональды және интеллектуальды деңгейдегі тұлға дайындау. Қазіргі таңда білім беру үдерісінде жаңа заман талаптарына сай білім жүйесі жасалынып жатыр. Оның негізінде отандық ең басты дәстүр – рухани және интеллектуалды күш-қуаты, азаматтық жауапкершілігі, қоғам игілігіне еңбек етуге деген талпынысы бар зиялы қауым, еліміздің белді азаматтарын дайындау міндеті жатыр.

- ҚР-ның конституциялық құқығының қайнар көздері
- ҚР-ның салық жүйесі
- ҚР-ның салық құқығы
- ҚР-ның салықтар ұғымы және оның әлеуметтік – экономикалық мәні
- ҚР-ның сыртқы және ішкі қарыздары
- ҚР-ның экологиялық кодексі,негізгі түсініктер
- ҚР президенті жайлы деректер
- ҚР қылмыстық атқару құқығының түсінігі, пәні және курс жүйесі
- ҚР қылмыстық іс жүргізу принциптері
- ҚР мемлекеттік бағалы қағаздарының ерекшелігі, мәні және түрлері
- ҚР Мемлекеттік бюджеті
- ҚР мемлекеттік экономикалық саясаты
- ҚР нарықтық экономиканың дамуы
- ҚР-ндағы сот билігінің ұғымы мен маңызы