ҚР мемлекеттік бағалы қағаздарының ерекшелігі, мәні және түрлері

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті

 Қаржы  кафедрасы 
 
 

РЕФЕРАТ 

Тақырыбы : ҚР мемлекеттік бағалы қағаздарының ерекшелігі, мәні және түрлері. 
 
 
 
 
 
 

  Орындаған: Джолдасбекова З.

                 фн-301 к топ                                                                                                                                                

                                                                           Тексерген: Андосова А.Р. 
 

 Алматы 2011 

Мазмұны:

  1. Кіріспе
  2. Мемлекеттік бағалы қағаздарды шығарудағы әлемдік тәжірибе
  3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарының мәні, ерекшелігі және түрлері
  4. Қорытынды
  5. Қолданылған әдебиеттер тізімі
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе

Мемлекеттік бағалы қағаздар – бағалы қағаздардың бұл түрі Қазақсатан Республикасының заң актілеріне мемлекеттік  сыртқы және ішкі қарыздарын қайтару мақсатында шығарылған. Сонымен қатар бағалы қағаздардың бұл түрі Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мемлекетімен эмитенттелінетін бағалы қағаз болып табылады. Үкімет өз атынан бағағалы қағаздардың бұл түрін шығара отырып, Республикалық бюджеттің тапшылығын қарастыру мен инфляцияны болдырмау жағын қарастырады. Осыған сәйкес Ұлттық банк мекемесі айналымдағы ақша қаражаттарының қозғалысын реттеуді көздейді.

Мемлекеттік қарыз деген мемлекеттің өтелмеген  займдары мен олар бойынша төленбеген проценттердің жалпы сомасы. Займдарды орналастыру жағынан мемлекеттік қарыз ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Мемлекеттік қарыздың түрлері: а) мемлекеттік займдар, яғни үкімет атынан эмиссияланған бағалы қағаздар; б) үкімет кепілдік берген басқа қарыз міндеттемелері. Мемлекеттік қарызды ел үкіметі басқарады және қарыз оның барлық активтерімен қамтамасыз етіледі. Мемлекеттік қарыз мемлекеттік бюджет есебінен өтеледі, яғни мемл.қарыз міндеттемелерін өтеу мерзімі келгенде займдар жойылып, олар бойынша процент төленеді.

Мемлекеттік бағалы қағаздардың басқа бағалы қағаздармен салыстырғанда екі артықшылығы бар. Біріншіден, оның жұмсаған қаражат үшін сенімділігі өте жоғары және соған сәйкес жұмсаған негізгі капиталды және түсетін табысты жоғалту тәуекелі төмен. Екіншіден, басқа бағалы қағаздарға немесе басқаға жұмсаған капиталға салынатын салықпен салыстырғанда бұл бағалы қағаздарға жеңілдетілген салық салынады. Әдетте мемлекеттік бағалы қағаздармен жүргізілетін операцияларға  және олардан түсетін табысқа салық салынбайды.

Мемлекеттік бағалы қағаздар кез келген мемлекеттің  бағалы қағаздар нарығының маңызды  құрамдас бөлігі болып есептеледі.

Осы рефераттың мақсаты – Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы, соның ішінде мемлекеттік бағалы қағаздар түсінігіне терең тоқталу. Яғни, мемлекеттік бағалы қағаздардың түрлері, басқа бағалы қағаздардан ерекшеліктері, олардың қызметі жайында көлемді мәлімет бере отырып таныстыру.  

  1. Мемлекеттік бағалы қағаздарды шығарудағы әлемдік тәжірибе

Мемлекеттік бағалы қағаздар – ол үкіметтің  қарыз міндеттемесі. Ол – қарызды  бағалы қағаз, оның эмитенті мемлекет. Өзінің экономикалық мәні жөнінен мемлекеттік  бағалы қағаздардың бір-бірінен ажырататын әрбіреуінің атауы болады. Әдетте, «облигация» деген терминнен басқа «қазынашылық вексель», «сертификат», «займ» және с.с.атаулар да қолданылады. Әрбір ел мемлекеттік бағалы қағаздар шығарғанда өзінің терминдерін пайдаланады.

Мемлекеттік бағалы қағаздар кез келген мемлекеттің  бағалы қағаздар нарығының маңызды  құрамдас бөлігі болып есептеледі.

Бағалы  қағаздардың бұл түрі мемлекеттің  экономикалық қызметінің дамуына байланысты пайда болады. Оны атқару үшін мемлекеттің  қаржы жүйесі құрылады. Қаржы жүйесі бірін-бірі толықтырып тұратын екі бөлімнен – бюджеттік және несиелік жүйелерден тұрады.

Қазіргі мемлекеттерге тапшылық бюджеті  тән, яғни шығыны кірісінен артық. Мемлекеттік  бюджеттің тапшылығын дәл осы  тарихи кезеңде осы мемлекеттің даму ерекешеліктеріне байланысты қарастырған жөн. Егер бюджет тапшылығы соғыс, экономиканы милитаризациялау және т.б.келеңсіз жағадайлардың салдарынан ұлттық өндіріс деңгейінің төмендеуінен туындаса, онда ол теріс тапшылық. Егер бюджет тапшылығы ел экономикасының өркендеуін көрсетсе, онда ол жағымды тапшылық. Мұндай тапшылықты аздаған қиындықтармен жоюға болады.

Ал кірісі мен шығыны бойынша балансталған бюджет – ұлттық экономиканың пропоционалды  тұрақты дамуының көрсеткіші. Мемлекеттік  бюджеттің тапшылығын елдің Орталық банкінен алған несиемен жоюға болады.

Егер  несие алу мүмкіндігі болмаса, я  ол жетпесе, онда ақша белгілерін эмиссиялауға болады (әрине ол қажетсіз, себебі ол инфляцияға соқтыратын жағдай) немесе мемлекеттік қарыз міндеттемесін  шығаруға болады. 

Мемлекеттік қарыз деген мемлекеттің өтелмеген  займдары мен олар бойынша төленбеген проценттердің жалпы сомасы. Займдарды орналастыру жағынан мемлекеттік қарыз ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Мемлекеттік қарыздың түрлері: а) мемлекеттік займдар, яғни үкімет атынан эмиссияланған бағалы қағаздар; б) үкімет кепілдік берген басқа қарыз міндеттемелері. Мемлекеттік қарызды ел үкіметі басқарады және қарыз оның барлық активтерімен қамтамасыз етіледі. Мемлекеттік қарыз мемлекеттік бюджет есебінен өтеледі, яғни мемл.қарыз міндеттемелерін өтеу мерзімі келгенде займдар жойылып, олар бойынша  процент төленеді.

 Мемлекеттік  бағалы қағаздарды айналысқа  шығарудың мақсаты:

  • Айналысқа қосымша ақша массасын шығармай-ақ белгілі бір күнтізбелік датаға бюджеттік шығын кассадағы бар қаражаттан көп болғанда (кассалық тапшылық); бір айда немесе тоқсанда түскен табыс, осы мерзімде бюджет шығындарын қаржыландыру үшін қажетті қаражаттан кем болғанда (маусымдық тапшылық); жыл қорытындысында бюджетке түскен табыс бюджет шығындарынан кем болып, ол тапшылық келесі жылы бюджетке түсетін түсіммен өтелмегенде (жылдық тапшылық) мемлекеттік бюджеттің тапшылығын инфляцияға соқтырмай қаржыландыру;
  • Тұрғын үй құрылысы, инфрақұрылымдар, әлеуметтік қамтамасыз ету және с.с.мемлекеттік мақсатты бағдарламаларды қаржыландыру;
  • Айналыстағы ақша массасын, инфляция мен бағаны, инвестиция бағытын, экономикалық даму, төлем балансын және т.б.экономикалық өрлеу процесстерін реттеу.

    Әлемдік тәжірибеде мемлекеттің құжат түріндегі  қарыз міндеттемесі алғашқыда Таяу Шығыс мемлекеттерінде, Грецияда, Римде пайда болған.

    Қазіргі кезде әрбір елде өзінің мемлекеттік  бағалы қағаздар нарығының тарихы қалыптасқан. Онда шығарылған мемлекеттік бағалы қағаздардың түрлері, шығарылым  мерзімі, оларды шығарушылар, ұлттық мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының масштабы, оған қатысушылар және с.сжағдайлар көрініс табады.

    АҚШ-табағалы қағаздар нарығы қарқынды дамыған. Онда мемлекет ең ірі қарыздар болып саналады. АҚШ-та мемлекеттік бағалы қағаздар эмитенттеріне қарай:

    • Федеральдық үкіметтің (қазынашылық) бағалы қағаздары;
    • Үкіметтік мекемелердің, агенттіктердің және т.б.бағалы қағаздары болып екіге бөлінеді.
    • Сондай-ақ мемлекеттік бағалы қағаздар қор нарығында айналысқа түсу қабілеттілігіне қарай бастапқы  қалпына қайтымды және қайтымсыз бағалы қағаздар болып та бөлінеді.

Қайтымды  қағаздар деген олармен сауда-саттық қор нарығының кез келген бөлімінде  жүргізілетін қағаздар. Олар – қазынашылық  вексельдер (мерзімі 3 айдан 12 айға дейінгі, қазынашылық ұзақ мерзімді облигациялар мерзімі 10-30 жылға дейінгі). Қайтымды бағалы қағаздар әдетте алдын-ала белгіленген мерзімде үнемі ашық аукциондарда сатылады.

Қазынашылық вексельдер қағазсыз формада, яғни шоттарға жазу (компьютер жүйесі арқылы бір  шоттан басқасына өткізу) түрінде  жүргізіледі. Қазынашылық ұзақ мерзімді облигациялар – олар я купонсыз, ябаланстағы кері қайтарылатын облигациялар. Олар тек мерзімі аяқталған соң өтеледі.

Қайтымды  бағалы қағаздар бойынша табыс төлеу формасы әр түрлі болады: өзгермелі ставка бойынша (олардың табыстылық деңгейіне және инфляцияға қарай), бекітілген купондық процент немесе дисконттық табыс формасында (кейде соңғы екі табыс түрі үйлестіріліп төленуі мүмкін). Мемлекеттік бағалы қағаздар ұсынушы және атаулы қағаз болып шығарылады.

Қайтымсыз бағалы қағаздар деген сатып алу-сатуға болмайтын мемлекеттік бағалы қағаздар. Олар бойынша тек алғашқы сатып алушы шығынының орны толтырылады. Оларды басқаға беруге және ссуданы қамтамасыз ету үшін қолдануға болмайды. АҚШ-та бұндай бағалы қағаздар көп шығарылуда, әрі олардың саны ұдайы өсуде. Оларға ЕЕ және НН сериялы жинақ облигациялары жатады.

ЕЕ сериялы  облигациялардың бағасы 50 процентке  кемітіп сатылады да, ал көрсетілген  құнымен (номиналымен) өтеледі. Көрсетілген  құны мен сатылу бағасының арасындағы айырма бүкіл айналыс мерзіміндегі жалпы процент сомасына тең. Көрсетілген құны 50-ден 10 мың доллар болатын, ал айналыс мерзімі 8 жыл болатын облигациялар шығарылады. Алайда, оларды өтеуге мерзімінен бұрын да (шығарылғаннан кейін 6 айдан соң) ұсынуға болады. Облигациялар өтелуі ұлғаймалы шкаламен шығарылады, яғни облигациялар бойынша процент инвесторлардың қолында болу мерзіміне қарай ұлғаяды. 1982 жылдан бұл облигациялар бойынша процент өзгермелі ставкамен төленеді. Ол соңғы 5 жылда шығарылған барлық қазынашылық міндеттемелер бойынша орташа табыс көрсеткішіне тең.

НН сериялы  облигациялар 10 жыл мерзімге шығарылып, шығарылған кезде көрсетілген құнымен  сатылады. Ол 50-ден 10 мың долларға тең. Олар бойынша төленетін проценттер нарықтық конъюнктураны есептеп  шығарылып, алдын ала хабарланып, жылына 2 рет төленеді. Облигациялар көрсетілген құнынан төмен баға бойынша мерзімінен бұрын өтелуі мүмкін. Бұл сериялы облигациялар 1982 жылдың соңынан кейін емін-еркін сатылмайтын болғандықтан, оларды минимальды көрсетілген құны 500 доллар болатын ЕЕ сериялы облигацияларға айырбастау арқылы ғана алуға болады.

Соңғы жылдары АҚШ-тағы мемлекеттік бағалы қағаздардың саны әр түрлі үкіметтік  мекемелер (Атом энергиясы жөніндегі  Агенттік, Экспорт-импорт банкі және т.б.) шығарған облигациялар есебінен ұлғаюда. Бұл бағалы қағаздар сенімді болғандықтан, оларды инвесторлар зор ынтамен алуда. Себебі олар осы мекемелердің активтерімен ғана қамтамасыз етілмеген, сондай-ақ оларды ешқашан банкротқа ұшыратпайтын АҚШ үкіметі қамсыздандырады.

Германияда  мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы өте жоғары деңгейде дамыған. Мемлекеттік бағалы қағаздарға федеральдық үкіметтің займдары, федерацияның облигациялары, федеральдық теміржолдың почтаның, жердің, коммуналар мен қалалардың займдары жатады. Немістің қор нарығында мемлекеттік бағалы қағаздардың үлесі зор, атап айтқанда, олардың айналымдағы үлесі 40 процентке тең. Мемлекет ішкі қарыздың 50 процентін қарыз міндеттемелерін шығару арқылы өтейді. Германияда бюджеттің шығынын өтеу үшін мемлекеттік бағалы қағаздарды пайдалану пайдалырақ деп есептеледі. Сондықтан бұл елде федеральдық қарыз міндеттемелері де қарқынды шығарылуда. Мемлекеттік бағалы қағаздарды орналастырумен Облигациялық банктік консорциумға кіретін Бундесбанк шұғылданады. 1986 жылдан консорциумға шетел банктері де қатысуға (олардың үлесі – эмиссияның 20 процентіне дейін) рұқсат етілген. Мемлекеттік бағалы қағаздардың барлығы да нақты эмиссиялық бағаммен орналастырылады.

Германияда  мемлекеттік бағалы қағаздармен  қатар нарықтық емес қағаздар да шығарылады. Оларға А және Б сериялы қазынашылық сертификаттар (А сериялы проценттер жыл сайын төленеді, ал Б сериялы проценттер жинақталып, оны өтегенде төленеді) және федеральдық үкіметпен оның мекемелерінің қысқа мерзімді қаражат қажеттілігін өтеу үшін мерзімі 1-2 жылға шығарылатын қазынашылық қаржылық міндеттемелер жатады.

Қазынашылық қаржылық міндеттемелерді заңды  және жеке тұлғалар (банктер мен  несие институттарынан басқа) сатып  алуына болады. Бұлар қор нарығының  процентсіз құралдары болып есептеледі (олар дисконтпен сатылады).

Сондай-ақ мемлекеттік бағалы қағаздар эмиссиясын  экономикасы дамыған басқа да мемлекеттер кең қолданады. Мысалы, жапонияда тұрғын үй және жол құрылысы, инфрақұрылымды дамыту, әсіресе, энергетика корпорациялары, сондай-ақ аймақтық мемлекеттік кәсіпорындарды қаржыландыратын үкіметтік мекемелер. Ұлыбританияда Англия банкінің облигациялары жалпыға кеңінен мәлім.

Қорыта  айқанда, әрбір елдің мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы, бір жағынан, отандық нарықтың нақты жағдайларына сай болса, екінші жағынан, көптеген елдердегі тәрізді мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының жалпы экономикалық негізін және оның қазіргі жаңалықтарын қамтып көрсетеді. 

  1. Қазақстан Республикасының  мемлекеттік бағалы қағаздарының мәні, ерекшелігі және түрлері

    Қазақстанда мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының пайда болуын және қалыптасуын түсіну үшін оны тарихи тұрғыдан қарастырған жөн. Жоспарлы-әкімшілік экономика жағдайында дамыған КСРО-да барлық шаруашылық субъектілері өздеріне қажетті капиталды я оралықтанған бөлу бойынша бюджеттен, я үкімен бекіткен несиелік жоспар бойынша мемлекеттік банктен алып дамыды. Ол кезде бағалы қағаздар нарығы механизмі арқылы кәсіпорындардың бос капиталды алатын қарыз алу жүйесі, сондай-ақ мемлекеттік займдардың нарықтық өтімділігі болған жоқ. Мемлекеттік облигациялар мәжбүрлі түрде халыққа сату арқылы тартылды.

    Егеменді  Қазақстанның нарықтық экономикаға  өтуі кезінде мүлікті жекеменшіктендіру  нәтижесінде мүлікке мемлекеттік  меншіктің қысқаруы, халық шаруашылығының құрылымдық өзгеруі, инфляция деңгейінің шарықтауы және басқа да тың өзгерістер мемлекетті қарызды бағалы қағаздарды шығаруға шарасыз әкеліп соқтырды.

    Мемлекеттік бағалы қағаз – ол мемлекеттің  ішкі қарызын білдіретін құжат формасы. Қазақстанда алғашқыда 1995 жылғы 21 сәуірдегі  «Бағалы қағаздаржәне қор биржасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығының 3 бабында «Мемлекеттік бағалы қағаздар Қазақстан Республикасы заңнамалық актілеріне сәйкес ішкі мемлекеттік  займ облигациялары, сондай-ақ басқа бағалы қағаздар» деген сипаттама берілген. 2003 жылғы 2 шілдедегі «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Заңның 1 бабында «мемлекеттік бағалы қағаздар – қарыз алушы Қазақстан Республикасының Үкіметі, жергілікті атқарушы орган немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болатын қарыз алуға қатысы жөнінен ұстаушының құқықтарын куәландыратын эмиссиялық бағалы қағаздар» делінген. Заң негізінде ұлттық мемлекеттік бағалы қағаздар нарығын қалыптастырудың мақсаты – халықтың, коммерциялық банктердің, қаржы ұйымдарының уақытша бос ақша қаражатын республикалық бюджеттің кемшілігін қаржыландыруға жұмылдыру және Ұлттық Банктің Қаржы министрлігін тікелей несиелеу көлемін азайту.

     Мемлекеттік  бағалы қағаздардың мәні олар  мемлекеттің қарды-несиелік қатынастарының  жиынтығы болып саналады. Бұл  қатынастарда мемлекет қарыз алушы ретінде негізінен халықтың уақытша бос ақша қаражатын қарызға алып, оны бағалы қағаздар болғанымен, іс-тәжірибеде олардың әрқайсысының өз алдына атауы болады.

    Мемлекеттік бағалы қағаздар, әдетте, бюджеттің  ағымдағы кемшілігін қаржыландыру; мемлекеттік қарыздың жою, атап айтқанда, бұрынғы займды өтеу; мемлекеттік бюджеттің кассалық орындалуын қамтамасыз ету; коммерциялық банктерді өтімді резервтік активтермен  қамтамасыз ету; жергілікті әкімшілік органдарының атқаратын мақсатты бағдарламасын қаржыландыру және әлеуметтік мекемелер мен ұйымдарды қаражатпен қамтамасыз ету мақсатында шығарылады.

    Мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару – Ұлттық банктен қарыз алу және ақша белгілерін эмиссиялаумен салыстырғанда –  бюджет кемшілігін қаржыландырудың экономикалыө тиімділі әдісі. Себебі нарықтық экономика жағдайында Ұлттық банктің несиелік қорын пайдалану оның капиталын нарығын реттеу мүмкіндігін шектейді. Ал бюджет кемшілігін ақша эмиссиялаумен жою айналымға нақты тауарлармен қамтамасыз етілмеген төлем құралдарын шығарумен бара-бар. Ол әрине инфляцияны туындатады.

    Мемлекеттік қарызды бағалы қағаздарды шығарумен  өтеу оны банктік несиемен өтеуден  анағұрлым арзан. Себебі мемлекеттік  қарыз міндеттемелері жоғары өтімді болғандықтан инвесторлар оларды екінші нарықта оңай орналастыруға мүмкіндігі бар. Сондықтан мемлекеттік бағалы қағаздар – ішкі қарызды қаржыландырудың негізгі қаражат көздерінің бірі.

    Мемлекеттік бағалы қағаздардың басқа бағалы қағаздармен салыстырғанда екі  артықшылығы бар. Біріншіден, оның жұмсаған қаражат үшін сенімділігі өте жоғары және соған сәйкес жұмсаған негізгі капиталды және түсетін табысты жоғалту тәуекелі төмен. Екіншіден, басқа бағалы қағаздарға немесе басқа жұмсаған капиталға салынатын салықпен салыстырғанда бұл бағалы қағаздарға жеңілдетілген салық салынады.

    Мемлекеттік бағалы қағаздар:

    • Шығару формасы бойынша: құжатты бағалы қағаздар және құжатсыз бағалы қағаз болып бөлінеді. Құжатты бағалы қағаз – ол құжатты нысанда шығарылған бағалы қағаздар. Құжатсыз бағалы қағаз – ол құжатсыз нысанда (электрондық жазбалардың жиынтығы түрінде) шығарылған бағалы қағаздар;
    • өтеу мерзімі бойынша: қысқа мерзімді – айналыс мерзімі 1 жылға дейінгі, орта мерзімді – айналыс мерзімі 1 жылдан  5 жылға дейінгі және ұзақ мерзімді – айналыс мерзімі 5 жылдан артық бағалы қағаздар болып бөлінеді;
    • процент түріндегі табысты есептеу және төлеу бойынша проценттік ставкасы белгіленген, сатылы және ауыспалы бағалы қағаздары болып үшке бөлінеді;
    • айналыс сипаты бойынша нарықтық және нарықтан тыс  бағалы қағаздар болып бөлінеді. Нарықтық бағалы қағаздар  биржада да, биржадан тыс нарықта да еркін сатылады және қайта сатылады. Нарықтан тыс бағалы қағаздар тек алғашқы нарықта ғана сатылады, екінші нарықта қайта сатылмайды. Олар негізінен халыққа сату үшін шығарылады. Олар мемлекеттік әлеуметтік, сақтандыру және зейнетақымен  қамтамасыз ету қорларының бағалы қағаздары;
    • эмитентінің түрі бойынша, бағалы қағаздар қазынашылық, муниципалдық болып бөлініп, оларды сәйкесінше үкімет және жергілікті атқарушы органдар шығарады.

    Экономиканың  нарықтық қатынастарға өту кезеңінде, яғни 1994 жылдың сәуірінде  Қаржы  министрлігі  айналыс мерзімі  3 айлық қысқа мерзімді вексельдерді шығарды. 1996 жылдың сәуірінде ол  мемлекеттік қазынашылық міндеттеме деп, ал  1997 жылдың  22 сәуіріндегі  № 621 Үкімет қаулысымен МЕККАМ–дар – Мемлекеттік қысқа мерзімді  қазынашылық міндеттемелер деп атауы өзгертілді. Кейіннен Үкімет МЕККАМ–дардың айналыс мерзімі ұзақтау жаңа түрлерін: мерзімі  6 ай, мерзімі 12 ай, мерзімі  2-3 жыл болатын   МЕОКАМ деп аталатын мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді шығарды. Айналыс мерзімі 364 күн  болатын  – ішкі мемлекеттік займның ұлттық жинақ облигациясы (ҰЖО) шығарылды.

    Проценттік  бағалы қағаздарға  МЕОКАМ, сондай –  ақ МЕАКАМ (мемлекеттік арнаулы қазынашылық міндеттемелер) жатады.

  • МЕКАВМ – ол индекстелетін мемлекеттік қысқа мерзімді арнаулы валюталық міндеттеме. 1999 жылы айналыс мерзімі 3,6,9  және 12 ай болатын Қазақстан қор нарығының валюталық құралы.
  • МЕИКАМ – ол айналыс мерзімі  3, 6, 12 ай болатын номиналдық құны  1000 теңгеге тең мемл.индекстелген  қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемесі және т.б. мемлекеттік бағалы қағаздар түрлері бар.
  • АВМЕИКАМ – ол көрсетілген құны 100 АҚШ доллары болатын және өтелу мерзімі 2004 жылдың 8 сәуірі деп белгіленген арнаулы валюталық мемлекеттік облигация.

    Қорыта  айтқанда, 1994 жылы алғашқы мемл.қысқа  мерзімді міндеттемелер шығарылса, 1996 – 1997 жылдары Қазақстан Республикасында  мемл.бағалы қағаздар нарығы қалыптасты. Ол қазіргі кезде Қазақстан бағалы қағаздар нарығының  ең қарқынды дамыған сегменті.  Әйтседе мемлекеттік бағалы қағаздар нарығында негізінен қаржы құралдарының құрылымына және сауда-саттықтың нәтижесі бойынша бағаслы қағаздардың табыстылығына байланысты маңызды өзгерістер байқалуда. Бұл, Қаржы Министрлігінің шеттен алған қарыз көлемінің төмендеуінің және екіншіден, Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы активтерінің  корпоративтік облигациялар секторына құйылуының айғағы.  
     
     
     
     
     

    Қорытынды

Қорыта  айқанда, әрбір елдің мемлекеттік  бағалы қағаздар нарығы, бір жағынан, отандық нарықтың нақты жағдайларына сай болса, екінші жағынан, көптеген елдердегі тәрізді мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының жалпы экономикалық негізін және оның қазіргі жаңалықтарын қамтып көрсетеді.

Мемлекеттік бағалы қағаздар кез келген мемлекеттің бағалы қағаздар нарығының маңызды құрамдас бөлігі болып есептеледі.

Бағалы  қағаздардың бұл түрі мемлекеттің  экономикалық қызметінің дамуына байланысты пайда болады. Оны атқару үшін мемлекеттің  қаржы жүйесі құрылады. Қаржы жүйесі бірін-бірі толықтырып тұратын екі бөлімнен – бюджеттік және несиелік жүйелерден тұрады.

Мемлекеттік бағалы қағаздардың басқа бағалы қағаздармен салыстырғанда екі артықшылығы бар. Біріншіден, оның жұмсаған қаражат үшін сенімділігі өте жоғары және соған сәйкес жұмсаған негізгі капиталды және түсетін табысты жоғалту тәуекелі төмен. Екіншіден, басқа бағалы қағаздарға немесе басқаға жұмсаған капиталға салынатын салықпен салыстырғанда бұл бағалы қағаздарға жеңілдетілген салық салынады. Әдетте мемлекеттік бағалы қағаздармен жүргізілетін операцияларға  және олардан түсетін табысқа салық салынбайды. Мемлекеттік қарызды бағалы қағаздарды шығарумен өтеу оны банктік несиемен өтеуден анағұрлым арзан. Себебі мемлекеттік қарыз міндеттемелері жоғары өтімді болғандықтан инвесторлар оларды екінші нарықта оңай орналастыруға мүмкіндігі бар. Сондықтан мемлекеттік бағалы қағаздар – ішкі қарызды қаржыландырудың негізгі қаражат көздерінің бірі.

Мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару – Ұлттық банктен қарыз алу және ақша белгілерін эмиссиялаумен салыстырғанда – бюджет кемшілігін қаржыландырудың экономикалыө тиімділі әдісі. Себебі нарықтық экономика жағдайында Ұлттық банктің несиелік қорын пайдалану оның капиталын нарығын реттеу мүмкіндігін шектейді. Ал бюджет кемшілігін ақша эмиссиялаумен жою айналымға нақты тауарлармен қамтамасыз етілмеген төлем құралдарын шығарумен бара-бар. Ол әрине инфляцияны туындатады.  

 

      
     

    Қолданылған әдебиеттер тізімі

    1. Көшенова Б.А. Бағалы қағаздар нарығы және биржа ісі: Оқу құралы. – Алматы:2007.
    2. Адамбекова А.А. Рынок ценных бумаг в Казахстане (учебно-методическое пособие) – Алматы: Институт математики Министерства Образования и Науки РК. 2003.
    3. Абдрахманова Г.Т., Жумабаева З.С. РЦБ: особенности и функционирования в Казахстане. – Алматы: LEM,2002.
    4. Көшенова Б.А. Бағалы қағаздар нарығы: Оқу құралы. –Алматы: Экономика.- 1999.
ҚР мемлекеттік бағалы қағаздарының ерекшелігі, мәні және түрлері