ҚР қызметтерді стандарттаудағы құқықтық нормалар
ҚР қызметтерді стандарттаудағы құқықтық нормалар
ЖОСПАР:
І.Кіріспе
1. Қызметтерді сертификаттаудағы негізгі ережелер
ІІ. Негізгі бөлім
1. Сертификаттауды жүргізу тәртібі
2. Қызметтерді сертификаттау схемасы
3. Сертификаттаудың құқықтық негіздері
Пайдаланылған әдебиеттер
Қызметтердi сертификаттау
1. Қызметтердi сертификаттау нормативтiк құжаттарда белгiленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
2. Қызметтердi сертификаттаған кезде қызметтердiң сипаттамалары (көрсеткiштерi) тексерiледi және мыналарға:
1) қызметтердi сәйкестендiрудi жүргiзуге, оның iшiнде оның жiктеу топтамасына жататындығын, техникалық құжаттарға (модель-үлгiге, техникалық сипаттауға, жолдамаға және басқаларына) сәйкестiгiн және функционалдық арналуын тексеруге;
2) сертификатталатын қызметтердiң нормативтiк құжаттарда белгiленген талаптарға сәйкестiгiн растауға мүмкiндiк беретiн сынақ әдiстерi (тексерiстерi) қолданылады.
Ескерту. 57-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2009.01.16 N 13 Қаулысымен.
3. Сертификаттау кезiнде пайдаланылатын схемаларды қызметтердi орындау ерекшелiктерiн, сынақтарды жүргiзу мүмкiндiгiн, дәлелдеудiң талап етiлетiн деңгейiн, тұтынушының мүлкiнiң сақталуын қамтамасыз еткен кездегi өтiнiм берушiнiң ықтимал шығындарын ескере отырып, өтiнiм берушi анықтайды.
4. Схемалар бiртектi қызметтердi сертификаттауды жүргiзу тәртiбiн белгiлейтiн құжатта көрсетiлуге тиiс.
Қызметтердi сертификаттау кезiнде қолданылатын сертификаттау схемалары осы Регламентке 6-қосымшада келтiрiлген.
5. Қызметтердi сертификаттау жөнiндегi жұмыстарды өтiнiм берушi төлейдi.
2. Сертификаттауды жүргiзу тәртiбi
1. Қызметтердi сертификаттау мыналарды қамтиды:
1) Органға сертификаттауға өтiнiм беру;
2) өтiнiм бойынша шешiм қабылдау;
3) сертификаттау схемасын таңдау;
4) Орган мен өтiнiм берушiнiң арасындағы сәйкестiктi растау жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге арналған шартты ресiмдеу;
5) қызметтердiң сынағын (тексерiсiн) және қызмет көрсету, орындаушының шеберлiгi, кәсiпорынды аттестаттау, сапа менеджментi жүйелерiн сертификаттау үдерiсiн бағалауды жүргiзу;
6) алынатын нәтижелердi талдау мен Сертификат берудiң мүмкiндiгi туралы шешiм қабылдау;
7) берiлген сертификаттардың тiзiлiмiне тiркеу;
8) Сертификат беру;
9) сертификатталған қызметiне инспекциялық бақылау жүргiзу (сертификаттау схемасына сәйкес).
Ескерту. 61-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2009.01.16 N 13 Қаулысымен.
2. Өтiнiм берушi сертификаттауға арналған өтiнiмдi осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша осы салада аккредиттелген Органға жiбередi.
Осы қызметтердi көрсететiн бiрнеше орган болған кезде өтiнiм берушi өтiнiмдi олардың кез келгенiне жiберуге құқылы.
3. Орган оны алғаннан кейiн он күннен кешiктiрмейтiн мерзiмде өтiнiмдi қарайды, өтiнiм берушiге шешiмдi хабарлайды және олар қол қойған, екi данадағы қызметтердi сертификаттау жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге арналған шартты бередi. Қызметтердi сертификаттауды жүргiзуге арналған өтiнiм бойынша шешiм осы Регламентке 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады және осы қызметтi сертификаттау тәртiбiне сәйкес сертификаттау схемасы көрсетiлген сертификаттаудың барлық негiзгi шарттарын қамтиды.
Ескерту. 63-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2009.01.16 N 13 Қаулысымен.
4. Сертификаттау сынақтары Органмен келiсiлген мерзiмде жүргiзiледi.
5. Сынақтарды (тексерiстердi) жүргiзген кезде мыналар жүзеге асырылады:
1) көрсетiлген қызметтердiң нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкестiгiн iрiктеп тексеру;
2) сынақтардың (тексерiстердiң) хаттамалары бойынша қорытындыларды ресiмдеу.
Қызметтердiң тексерiлетiн нәтижелерiнiң саны мен оларды iрiктеу тәртiбiн осы қызметке арналған нормативтiк құжаттарға сәйкес Орган анықтайды.
6. Сынақ зертханасы Органға сынақтардың хаттамасын, Орган анықтайтын даналардың санын жiбередi.
7. Орган сертификаттау схемасында көзделген сынақтар (тексерiстер) мен берiлген құжаттардың сараптамасының оң нәтижелерi кезiнде Сертификатты ресiмдейдi және оны берiлген сертификаттар тiзiлiмiнде тiркейдi және өтiнiм берушiге бередi.
8. Қажет болған жағдайда қызметтердi орындаушы белгiленген нысандағы бланкiде орындалған Сертификаттың көшiрмесiн пайдалана алады.
9. Сертификаттың қолданылу мерзiмiн қызметтерге арналған сертификаттау схемасын, сондай-ақ үш жылдан аспайтын мерзiмге менеджмент жүйесiне берiлген Сертификат мерзiмiн ескере отырып, Орган белгiлейдi.
10. Қызмет көрсету шарттарына және олардың нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкестiгiне ықпал етуi мүмкiн қызметтердi орындау технологиясына өзгерiстер енгiзiлген кезде өтiнiм берушi бұл туралы жаңа сынақтарды немесе тексерiстердi жүргiзу қажеттiлiгi туралы шешiм қабылдайтын Сертификат берген Органға хабарлауға тиiс.
11. Сертификатталған сынақтардың (тексерiстердiң) терiс нәтижелерi, сертификатталатын қызметке қойылатын талаптарды сақтамау немесе өтiнiм берушi сертификаттау жөнiндегi жұмыстарды төлеуден бас тартқан кезде Орган өтiнiм берушiге Сертификат беруден бас тарту себептерiн көрсетiп қорытынды бередi.
12. Сертификатталған қызметке инспекциялық бақылауды Сертификат берген Орган жүзеге асырады.
13. Сертификатталған қызметке инспекциялық бақылау мыналарды көздейдi:
1) сертификатталған қызмет туралы ақпаратты талдау;
2) инспекциялық бақылауды жүргiзу үшiн комиссиялар ұйымдастыру;
3) тексерiстер жүргiзу;
4) тексерiстердiң нәтижелерiн ресiмдеу мен шешiмдер қабылдау.
14. Қызметтердiң сертификаттау кезiнде белгiленген талаптарға сәйкестiгiн инспекциялық бақылаудың кезеңдiлiгi мен көлемiн сертификатталған қызметтердiң жай-күйi мен тұрақтылығына қарай, бiрақ кемiнде жылына бiр рет Орган анықтайды.
15. Жоспардан тыс инспекциялық бақылау қызметтердiң сапасына жеке және заңды тұлғалардан наразылықтар туралы ақпарат, мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардан шағымдар бiрнеше рет түскен жағдайда жүргiзiлуi мүмкiн.
16. Инспекциялық бақылау нәтижелерi бойынша Орган инспекциялық бақылауға қатысушылар мен Сертификатты ұстаушының өкiлi қол қоятын 2 данадағы актiнi жасайды.
Актiнiң бiр данасы Сертификатты ұстаушыға, екiншiсi Органға жiберiледi.
17. Инспекциялық бақылаудың нәтижелерi бойынша Орган көрсетiлетiн қызмет нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, сондай-ақ:
1) қызмет көрсетуге арналған нормативтiк құжат өзгерген;
2) қызмет көрсетудiң технологиялық процесi өзгерген;
3) бақылау, сынақтар (тексерiс) әдiстерi, егер көрсетiлген өзгерiстер қызметтердiң сәйкессiздiгiн тудыруы мүмкiн болғанда, сапаны қамтамасыз ету жүйесi және сертификаттау кезiнде тексерiлетiн талаптарға қызмет көрсету шарттары өзгерген;
4) егер кәсiпорын қызметтер көрсету бойынша өз қызметiн тоқтатқан жағдайда Сертификаттың қолданылуын тоқтата тұруы немесе жоюы мүмкiн.
18. Сертификаттың қолданылуын тоқтата тұру туралы шешiм сәйкессiздiктiң анықталған себептерi оны берген Органмен келiсiлген түзеу әрекеттерiнiң жолымен жойылған және қызметтердiң нормативтiк құжаттарға сәйкестiгiн тексеру мақсатында қайтадан сертификаттау сынақтарын жүргiзбестен растаған жағдайда қабылданады.
Сертификаттың қолданылуын тоқтата тұру немесе күшiн жою туралы ақпаратты қызметтердi орындаушыға, техникалық реттеу саласындағы уәкiлеттi органға, тұтынушыларға және басқа да мүдделi адамдарға Сертификат берген Орган хабарлайды. Сертификатты жою оны мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiнiң тiзiлiмiнен шығарған сәттен бастап күшiне енедi.
19. Қызметтердiң немесе қызмет көрсету талаптарының сәйкестiгi белгiленген талаптардан бұзылған кезде түзеу әрекеттерi жүзеге асырылады.
20. Түзеу әрекеттерiн жүргiзген кезде Орган:
1) Сертификаттың қолданылуын тоқтата тұрады;
2) қызметтердi орындаушыға, техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкiлеттi органға, тұтынушыларға және басқа да мүдделi адамдарға ақпарат бередi;
3) түзеу әрекеттерiн орындау мерзiмiн белгiлейдi;
4) түзеу әрекеттерiн орындауды тексередi;
5) тұтынушыларға, жұртшылыққа, мүдделi ұйымдарға қызметтердi пайдаланудың қауiптiлiгi (немесе қажет еместiгi) және анықталған бұзушылықтарды жою тәртiбi туралы хабарлайды.
Ескерту. 80-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2009.01.16 N 13 Қаулысымен.
21. Түзеу әрекеттерi орындалғаннан кейiн Орган қызметтердi орындаушыға, техникалық реттеу саласындағы уәкiлеттi органға Сертификаттың қолданылуын тоқтата тұрудан алынғандығы туралы хабарлама жiбередi.
Қызметтердi орындаушы түзеу әрекеттерiн орындамағанда немесе олар тиiмсiз болған кезде Орган Сертификатты жояды.
Схе- |
Орын- |
Қызмет- |
Кәсiп- |
Менед- |
Қызмет- |
Инспекциялық бақылау |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
+ |
|
|
|
+ | Қызметтердiң |
2 |
|
+ |
|
+ |
| Қызметтер |
3 |
|
|
|
|
+ | Қызметтердiң |
4 |
|
|
+ |
|
+ | Қызметтердiң |
5 |
|
|
|
+ |
| Қызметтер |
Ескертпе.
* - Материалдық емес қызметтердi сертификаттау социологиялық бағалау әдiсiмен жүзеге асырылады
Қызметтердi сертификаттау схемаларын қолдану
1. 1-схема қызметтердi орындаушының шеберлiгiн бағалауды көздейдi, жұмыс жағдайын, технологиялық, нормативтiк құжаттаманы бiлуiн, жұмыс тәжiрибесiн, бiлiктiлiгiн арттыру туралы мәлiметтердi тексерудi және қызметтер көрсету нәтижесiн (жөнделген, тазартылған және басқа бұйымдар) iрiктеп тексерудi, сондай-ақ кезектi инспекциялық бақылауды қамтиды.
Жеке кәсiпкерлер мен шағын кәсiпорындар көрсететiн қызметтердi сертификаттау үшiн қолдану ұсынылады.
2. 2-схема мынадай екi тәсiлмен:
технологиялық процестi, орындаушы шеберлiгiн, қызмет көрсету жағдайларын тексерумен;
менеджмент жүйесiн бағалаумен жүзеге асырылуы мүмкiн қызметтер көрсету процесiн бағалауды көздейдi.
Инспекциялық бақылау қызмет көрсету процесiнiң тұрақтылығын бақылау жолымен жүзеге асырылады.
Технологиялық процестi тексергенде:
1) технологиялық құжаттаманың толықтығы;
2) жабдықтардың орындалатын техпроцесс талаптарына сәйкестiгi;
3) орындаушылар бiлiктiлiгiнiң орындалатын технологиялық процесс талаптарына сәйкестiгi;
4) технологиялық тәртiптiң сақталуы;
5) керек-жарақтың, бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдардың орындалатын технологиялық процесс талаптарына сәйкестiгi бақыланады.
Менеджмент жүйесiн бағалау кезiнде:
1) сапа саласындағы саясат;
2) сапа жөнiндегi нұсқау;
3) менеджмент жүйесi элементтерiнiң белгiленген талаптарға сәйкестiгi;
4) сапа салаларында белгiленген мақсаттарға жету көзқарасы тұрғысынан менеджмент жүйесiнiң тиiмдiлiгi тексерiледi.
Өтiнiм берушiде менеджмент жүйесiне сертификат болған кезде менеджмент жүйесiн бағалау жүргiзiлмейдi.
3. 3-схема қызметтер нәтижесiн жаппай тексерудi көздейдi. Схема материалдық қызметтердi (жеке тапсырыстар бойынша бұйымдарды жөндеу және дайындау) сертификаттау үшiн қолданылуы мүмкiн.
Инспекциялық бақылау қызметтер нәтижесiн iрiктеп тексеру жолымен жүзеге асырылады.
4. 4-схема кәсiпорынды аттестаттауды көздейдi, ол:
оның материалдық-техникалық базасының жай-күйiн;
тұтынушыларға қызмет көрсетудiң санитарлық-гигиеналық жағдайларын;
нысаналы қызметтермен қатар қосымша қызметтердi де қоса алғанда, қызметтердiң түр-түрi мен сапасын;
қызмет көрсетудiң анықтығы мен уақтылығын;
қызмет көрсету сапасын (қатынас әдебi, жайлылық, келiсiмдiлiк, тұтынушы сұранымының есебi және т.с.с);
қызмет көрсетушi персоналдың кәсiби шеберлiгiн тексерудi қамтиды.
Қонақ үйлердi, мейрамханаларды, шаштараздарды, кинотеатрларды және басқаларды сертификаттаған кезде қолдану ұсынылады.
Кәсiпорынды бағалаудың нәтижесiнде тұтастай алғанда дәреже (санат, сынып, жұлдызша) берiлуi мүмкiн.
Инспекциялық бақылау социологиялық әдiстердi пайдаланып жүзеге асырылуы мүмкiн.
4. 5-схема менеджмент жүйесiн және оның жұмыс iстеуiнiң тұрақтылығын кейiннен инспекциялық бақылауды сертификаттауды көздейдi.
Менеджмент жүйесiн сертификаттауды Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiнiң нормативтiк құжаттарына сәйкес менеджмент жүйелерi бойынша сарапшы-аудиторларды тарту арқылы қызметтердiң сәйкестiгiн растау жөнiндегi орган жүзеге асырады. Сертификаттау кезiнде барлық қызмет түрлерi қолданылуы мүмкiн.
Ескертпе - Материалдық емес қызметтердi сертификаттау сараптау немесе социологиялық бағалау жолымен жүзеге асырылады.
Қызметтердi сертификаттауды жүргiзуге арналған
өтiнiм бойынша
200__жылғы "__"_________N__________
ШЕШIМ
______________________________
(сәйкестiктi растау жөнiндегi органның атауы)
қоса берiлген құжаттармен бiрге_________________________
______________________________
(өтiнiм берушiнiң атауы, мекен-жайы, телефоны)
______________________________
(қызметтердiң атауы, СЭҚ ӨЖ коды)
200_жылғы "__"_________ өтiнiмiн қарап, сәйкестiктi растау жөнiндегi
орган ШЕШТI:
1. Сертификаттау_________________
(сертификаттау схемасының нөмiрi)
______________________________
2. Сертификаттау үшiн сынаулар______________________
______________________________
(аккредиттелген сынақ зертханасының атауы)
3. Сертификаттау_________________
______________________________
(нормативтiк құжаттың атауы, нөмiрi және күнi (қажет болған кезде,
тармақтардың нөмiрiн көрсету)
______________________________
4. Инспекциялық бақылау_______________________
______________________________
(тексеру кезеңдiлiгiн көрсету)
5. Жұмыстар______________________
______________________________
(шарттың нөмiрi мен күнiн көрсету)
____________________________ М.О.__________________________
(уәкiлеттi адамның қолы) (аты-жөнi, тегi)
Конец формы
СЕРТИФИКАТТАУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қазақстан Республикасының «Сертификаттау туралы» заңы
Сертификаттау туралы ҚР-дағы өнімдерді, сапа жүйелері мен өндірістерді /бұдан әрі процестерді/, сертификаттаудың құқықтық негіздерін белгілейді, сертификаттау саласындағы қатынастарды реттейді, сертификаттауға қатысушылардың құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін анықтайды.
Жалпы ережелер
1-бап. Заңда пайдаланатын негізгі ұғымдар
Осы заңда мынадай ұғымдар пайдаланады.
1. тіркеу – уәкілетті мемлекеттік органның сертификаттау жөніндегі орган немесе сынақ зертханасы /орталығы/ ретіндегі белгілі бір салада жұмысты жүзеге асыруға ұйымның құқылы екендігінің ресми тануы;
2. тіркеу аттестаты – белгіленген қызмет саласында сертификаттау жөніндегі органның немесе сынақ зертханасының нақты жұмыстарды орындауға деген құқығын куәландыратын, мемлекеттік сертификаттау жүйесі ережелеріне сәйкес берілетін құжат;
3. аудит /сертификаттаудағы/ – сертификаттау жөніндегі тіркелген органдардың /немесе/ сынақ зертханаларының, орталықтарының қызметіне тәуелсіз талдау жасау, сондай-ақ өтініш берушінің бастамасы бойынша жүргізілетін сертификатталған өнімдердің, процестердің, жұмысы мен қызметінің белгіленген талаптарға сәйкестігін бақылау;
4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесі /мемлекеттік сертификаттау жүйесі/ -- өз құзырет шегінде сертификаттау саласындағы жұмыстарды жүзеге асыратын мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың және ҚР-дағы сертификаттау және тіркеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу тәртібін белгілейтін нормативтік құжаттардың жиынтығы;
5. сертификаттау жөніндегі органдардың және сынақ лабораторияларының қызметін мемлекеттік бақылау – стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органының және оның мемлекеттік қадағалау жөніндегі аумақтық бөлімшелерінің сертификаттау жөніндегі тіркелген органдар мен сынақ лабораторияларының нормативтік құжаттарды бұзу фактілерін анықтауға, жолын кесуге, жоюға бағытталған қызметі;
6. сәйкестік туралы декларация – жеткізіп берушінің, дайындаушының, сатушының өнімнің белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын, мемлекеттік сертификаттау жүйесі белгілеген нысандағы құжаты;
7. өтініш беруші – өнімді, процесті, жұмысты, қызмет көрсетуді, сертификаттауға ұсынған және оның сапасы мен қауіпсіздігіне жауап беретін жеке немесе заңды тұлға /дайындаушы, сатушы, атқарушы/;
8. сәйкестік белгісі – мемлекеттік сертификаттау жүйесінің ережелеріне сәйкес қолданылатын, осы өнімнің, процестің, жұмыстың, қызмет көрсетудің нақты стандартқа немесе басқа нормативтік құжатқа сәйкес екендігін, қажет сенімнің қамтамасыз етілетінін көрсететін белгіленген тәртіппен қойылған белгі;
9. инспекциялық бақылау – сертификаттау жөніндегі тіркелген органдардың тарапынан сертификаттклған өнімнің, процестің, жұмыстың, қызмет көрсетудің белгіленген талаптарға сәйкестігіне бақылау жасау;
10. өнімнің бірдейлігі – белгілі бір өнімді өндіру, оның айналасы, пайдаланылуы саласында айырым белгілері бойынша біркелкі танылуын қамтамасыз ететін рәсім;
11. сынақ зертханасы – өнімнің құжат талаптарына сәйкестілігін жүргізетін орталық;
12. сертификаттау жөніндегі нормативтік құжат – сертификаттау жөніндегі қызметтің алуан түрлеріне немесе оның нәтижелерін қатысты нормаларды, ережелерді, сипаттамаларды белгілейтін стандарттау туралы құжат;
13. өнімді, үрдістерді, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сертификаттау жөніндегі орган – мемлекеттік сертификаттау жүйесі белгіленген тәртіппен, белгілі бір қызмет саласында сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге тіркелген заңды тұлға;
14. мемлекеттік сертификаттау жүйесінің тізімі – сәйкестік сертификаттарын, сертификаттау жөніндегі органдар мен сынақ зертханаларын, сертификаттау жөніндегі сарапшы аудиторларды, сертификаттау саласындағы нормативтік құжаттарды тіркеу есебінің құжаты;
15. сертификаттау -- дайындаушы мен тұтынушыға, сатып алушыға тәуелсіз мекеменің өніміне, жұмысына қызмет көрсетудің нормативтік құжаттарының белгіленген талаптарға сәйкес жазбаша растауы;
16. сәйкестік сертификаты – мемлекеттік сертификаттау жүйесінің ережелері бойынша берілген өнімнің, жұмыстың, техникалық регламенттің, стандарттың немесе өзге де нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін көрсететін құжат;
17. тауардың шығу тегінің сертификаты – өнімнің шығарылған және куәландырылған құжаты;
18. сертификаттау жөніндегі сарапшы-аудитор – белгілі бір қызмет саласында сертификаттау немесе тіркеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін белгіленген тәртіппен аттестатталған маман.
2-бап. Сертификаттау туралы заңдар
1. Сертификаттау туралы заңдар осы Заңнан және ҚР-ның өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер ҚР-сы бекіткен халықаралық шарттарда осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленген болса, онда халықаралық шарттардың ережелері қолданылады.
3-бап. Сертификаттаудың мақсаттары
Сертификаттаудың негізгі мақсаттары мыналар болып табылады: адамдардың өмірі мен денсаулығы, азаматтардың мүліктері мен қоршаған ортаны қорғау, өнімдердің, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
Өнімдер мен қызмет көрсетулердің сапасы мәселелерінде тұтынушылардың мүдделерін қорғау;
Саудадағы техникалық кедергілерді жою, өнімнің ішкі және сыртқы нарықтық бәсекелестік қабілетін қамтамасыз ету;
Заңды және жеке тұлғалардың Қазақстанның бірыңғай тауар нарықтық қызметі үшін, сондай-ақ халықаралық экономикалық, ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа және халықаралық саудаға қатысуы үшін қажетті жағдайлар жасау.
СЕРТИФИКАТТАУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ МЕН БАСҚАРУ
4-бап. Сертификаттау жөніндегі жұмыстарды басқару
1. Сертификаттау жөніндегі жұмыстарды басқаруды ҚР-ның Үкіметі белгілеген стандартау, метрология және сертификатау жөніндегі өкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады.
2. Жеке және заңды тұлғалар сертификаттау жөніндегі өз қызметін осы Заңның және ҚР-ның өзге де нормативтік құқықтық актілерінің ережелеріне, сондай-ақ мемлекеттік сертификаттау жүйесінде қолданылып жүрген нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес ұйымдастырады және жүзеге асырады.
5-бап. Мемлекеттік сертификаттау жүйесін ұйымдастыру
1. Мемлекеттік сертификаттау жүйесінің ұйымдық құрылымын мыналар құрайды:
Стандартау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекеттік орган;
Өнімді үрдістерді, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сертификаттау жөніндегі тіркелген органдар;
2. Мемлекеттік сертификаттау жүйесі сертификаттау саласында бірыңғай саясатты жүргізуді қамтамасыз етеді және сертификаттаудың негізгі ережелері мен рәсімдерін сертификаттау жөніндегі органдарға, сынақ зертхана орталықтарына қойылатын талаптарды және оларды тіркеудің рәсімдерін, сертификаттау жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау мен аттестаттаудың рәсімдерін, мемлекеттік сертификаттау жүйесінің тізілімін, аудит пен инспекциялық бақылау жүргізудің тәртібін сертификаттаудың мақсатын жүзеге асыру үшін қажет өзге де талаптарды белгілейді.
6-бап. Стандарттау, меетрология және сертификаттау жөніндегі мемлекеттік органның сертификаттау саласындағы құқықтары мен міндеттері
стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекеттік органның міндеттері:
мемлекеттік сертификаттау жүйесін құру және оның жұмысын ұйымдастыру;
сертификаттау саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыруға қатысу, сертификаттауды дамытудың алдағы жоспарларын әзірлеу;
міндетті сертификаттауға жататын өнімдердің тізбесін дайындау;
мемлекеттік сертификаттау жүйесінде ұйымдарды сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына және сертификаттау сынақтарына белгіленген жүйемен мемлекеттік сертификаттау тәртібі бойынша тіркеу;
сарапшы-аудиторларды аттестаттау;
сынақ зертхана орталықтарымен өнімді, процестерді, жұмыстарды сертификаттау жөніндегі органдардың қызметіне мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру;
мемлекеттік сертификаттау жүйесінің тізімін жүргізу;
мемлекеттік сертификаттау жүйесінің сәйкестік сертификаттарымен белгілерінің нысандарын, оларды беру және қолданудың тәртібін белгілеу;
құзіретті ұйымдарға сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге бірақ рұқсат беру;
сертификаттау ережелері мен рәсімдерінің бұзылуына кінәлі адамдарға заңдарда белгіленген құқықтық ықпал ету шараларын қолдану.
Сертификаттау жөніндегі нормативтік құжаттарға қойылатын талаптар
1. Сертификаттау жөніндегі нормативтік құжаттар белгілейтін талаптар ғылымның, техника мен технологияның қазіргі заманға сай жетістіктеріне негізделуі, халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес келуі, өнімді пайдаланудың, үрдістері, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді орындаудың шарттарын ескеруі тиіс.
Сертификаттау жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптары, халықаралық саудада қосымша кедергі келтірмеуге тиіс.
Нормативтік құжаттарда регламенттелетін сертификаттау ережелері мен рәсімдері отандық өнім үшін де, оның шығу тегіне қарамастан, бірдей болуға тиіс.
Сертификаттау саласындағы құжаттарды әзірлеу барысында олардың жобаларының мәтіндері, заңмен қорғалатын құпия болып табылатын ақпаратты қоспағанда, талқылау және мүдделі мемлекеттік басқару органдарының, жеке заңды тұлғалардың ескертпелер мен ұсыныстар дайындауы үшін бұқаралық ақпарат құралдарына немес стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі өкілетті мемлекеттік органның арнаулы басылымдарында жарияланады.
Сертификаттау жөніндегі құжаттар жобаларына ескертпелер мен ұсыныстар дайындауды қарау тәртібі мен мерзімін стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі өкілетті мемлекеттік орган белгілейді.
2. Сертификаттау жөніндегі нормативтік құжаттарды әзірлеу үшін негіз ретінде халықаралық техникалық регламенттер мен стандарттар қолданылуы тиіс, бұған олардың адамдардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жеткіліксіз деңгейіне, елеулі технологиялық мәселелерге байланысты тиімсіз немесе жарамсыз болу жағдайлары кірмейді.
3. Міндетті сертификаттауға жататын өнімге арналған нормативтік құжаттарда олар бойынша міндетті сертификаттауда жүзеге асырылатын талаптар, осы талаптарға сәйкестік бақылаудың әдістері, өнімді таңбалаудың ережелері, ілеспе құжаттамаға енгізілетін сертификаттау туралы ақпаратқа қойылатын талаптар болуы тиіс.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. http://mercurschool.kz/load/y_
2. www.tst.kz/kz
3. http://import.e-vesti.kz/?q=

- ҚР қылмыстық атқару құқығының түсінігі, пәні және курс жүйесі
- ҚР қылмыстық іс жүргізу принциптері
- ҚР мемлекеттік бағалы қағаздарының ерекшелігі, мәні және түрлері
- ҚР Мемлекеттік бюджеті
- ҚР мемлекеттік экономикалық саясаты
- ҚР нарықтық экономиканың дамуы
- ҚР-ндағы сот билігінің ұғымы мен маңызы
- ҚР Конституциялық Кеңесі, оның құқықтық мәртебесі
- ҚР Конституциялық құқығы - ұлттық құқықтық жетекшi саласы
- ҚР конституциясы
- ҚР конституциясы
- ҚР Коституциялық кеңесі
- ҚР қаржы жүйесі және әлемдік тәжірибе
- ҚР қаржы жүйесі және әлемдік тәжірибе