ҚР Конституциялық Кеңесі, оның құқықтық мәртебесі

Қазақстан Республикасының  Білім және ғылым министрлігі

Алматы гуманитарлы - техникалық университеті

 

 

СӨЖ

 

 

 

 

 

 

Пәні: ҚР Конституциялық құқығы.

 

Тақырыбы: ҚР Конституциялық Кеңесі, оның құқықтық мәртебесі.

                                                                              

 

 

 

 

                                                                     Орындаған: Серғазиева Алия

                                                           Қабылдаған: Әлдекенов Сағат

 

 

 

 

 

 

 

Алматы  қаласы 2013 ж.


МАЗМҰНЫ

 

 

    1. КІРІСПЕ.

 

    1. НЕГІЗГІ БӨЛІМ.

 

 

  1. Қазақстан Республикасының  Конституциялық Кеңесінің  жүйесі  және тарихы.
  1. Конституциялық Кеңестiң құқықтық мәртебесi.

 

  1. Конституциялық Кеңестің құрамы мен құзыреті, шешімдерінің түрлері.

 

 

    1. ҚОРЫТЫНДЫ.

 

    1. ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе.

 

        ҚР Үкіметі атқару өкіметін жүзеге асырады, атқару органдарының жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық етеді. ҚР Президентінің 1995 ж. 29 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы" Конституциялық заң күші бар Жарлығына сәйкес құрылды.

      Конституциялық Кеңес республиканың барлық аумағында ҚР Конституциясының жоғары тұруын қамтамасыз ететін мемлекеттік орган ретінде өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде дербес және мемлекеттік органдарға, ұйымдарға, лауазымды адамдар мен азаматтарға тәуелсіз, республика Конституциясына ғана бағынады әрі саяси және өзге себептерді негізге ала алмайды.

     ҚР Конституциялық Кеңесі төрағасының 2001 ж. 1 ақпандағы бұйрығымен  ҚР Конституциялық Кеңесі аппараты туралы оның мәртебесі, міндеттері мен функциялары белгіленген ереже және құрылымы бекітілді.

     ҚР Конституциялық Кеңесі аппараты ҚР Конституциялық Кеңес қызметін және оның өкілеттіктерінің іске асуын қамтамасыз ету үшін құрылды. Аппарат ұйымдық, ғылыми-құқықтық, ақпараттық-анықтамалық және басқа ҚР Конституциялық Кеңес қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қосалқы жұмыстарды орындайды. ҚР Конституциялық Кеңесі аппараты  құрылымдық бөлімшелері: ғылыми-құқықтық бөлім; ақпараттық-талдау бөлімі; жалпы бөлім, қаржы-шаруашылық бөлімі.  ҚР Конституциялық Кеңесі аппаратының құрылымы бекітілді: ұйымдастыру жұмыстары және сыртқы байланыстар бөлімі; құқықтық бөлім; ақпараттық-талдау бөлімі; жалпы бөлім; қаржы-шаруашылық бөлімі. ҚР Конституциялық Кеңесі аппаратының құрылымына өзгертулер енгізілді: ұйымдастыру жұмыстары және сыртқы байланыстар бөлімі мен жалпы бөлім ұйымдастыру және кадрлар жұмысы бөлімі болып, құқықтық және ақпараттық-талдау бөлімдері құқықтық сараптама бөлімі болып қайта ұйымдастырылды. ҚР Конституциялық Кеңесі төрағасының 2005 ж. Маусымдағы бұйрығымен қаржы-шаруашылық бөлімі қаржы бөлімі болып қайта құрылды.

 

 

 

 

 

 

 

Негізгі бөлім.

 

     Конституциялық Кеңес - Қазақстанның саяси жүйесінде айрықша орынға ие. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі өкілеттіктері алты жылға созылатын жеті мүшесінен құралған. Конституциялық Кеңестің өмір бақилық мүшелігіне Республиканың Экс-Президенттері құқылы болып табылады.  

     Конституциялық Кеңестің  Төрағасын  Республика  Президенті тағайындайды және дауыс теңдей бөлінген жағдайда оның дауысы шешуші болып табылады.  Конституциялық Кеңестің екі мүшесі Республика  Президентімен, екеуі  Сенат төрағасымен, екеуі  Мәжіліс  төрағасымен тағайындалады. Конституциялық Кеңестің қалған мүшелері әр үш жыл сайын жаңартылып тұрады.  Конституциялық Кеңестің ұйымдастырылуы мен қызметі конституциялық заңмен реттеледі.

 

Конституциялық Кеңес:

  • Республика Президентінің сайлауы;
  • Парламент депуттарының сайлауы;
  • Республикалық референдум өткізудің дұрыстығы туралы мәселеге қатысты туған таласты шешеді.

 

Конституциялық Кеңес:

  • Парламентпен қабылдаған және Президент қол қойған заңдардың Конституциямен сәйкестігін;
  • Халықаралық келісімдердің Конституцияға сәйкес бекітілуін қарайды.

 

 Конституциялық Кеңес:

Конституция нормаларына ресми түсінік береді;

  • Республика Президентін қызметінен мерзімінен бұрын босату туралы Парламентпен тиісті шешім қабылданғанша, Республика Президентін қызметінен босату туралы соңғы шешімге келгенге дейін белгіленген конституциялық рәсімдерді сақтау туралы ұйғарым жасайды.

      Конституциялық Кеңестің қорытынды шешімі қабылдаған күннен бастап күшіне енеді және шешім шағымдануға жатпайды, республиканың барлық аумағында жалпыға бірдей міндетті болып табылады. Басқа да шешімдердің өз күшіне ену тәртібі Конституциялық Кеңеспен айқындалады.

     Республика Президентінің қарсы пікірін еңсермеген жағдайда Конституциялық Кеңестің шешімі қабылданбаған болып саналады және конституциялық өндірісі тоқтатылады.

      Конституциялық  Кеңестiң мәртебесi -  Конституциялық Кеңес мемлекеттiк орган ретiнде Республиканың бүкiл аумағында Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғары тұруын қамтамасыз етедi:

  1. Өз өкiлеттiгiн жүзеге асыру кезiнде дербес және мемлекеттiк органдарға, ұйымдарға, лауазымды адамдар мен азаматтарға тәуелсiз, Республика Конституциясына ғана бағынады әрi саяси және өзге себептердi негiзге ала алмайды;
  2. Республика Конституциясы мен осы Конституциялық заңды басшылыққа ала отырып, соттардың немесе басқа мемлекеттiк органдардың құзыретiне жататын барлық жағдайларда өзге мәселелердi анықтау мен зерттеуге бармай-ақ өз өкiлеттiгiн жүзеге асырады.

         Конституциялық  Кеңестің құқықтық мәртебесін  айқындайтын негізгі ережелер  Негізгі Заңның «Конституциялық  Кеңес» деп аталатын VI бөлімінде  бекітіліп, Кеңестің құзыреті, бұл  органға өтініш беру субъектілері  және оның салдары, Кеңестің  құрамын қалыптастыру тәртібі,  шешімдерінің заңдық күші мен  сипаты анықталған. Конституциялық  Кеңестің құрылуы мен қызметі  мәселелері «Қазақстан Республикасының  Конституциялық Кеңесі туралы»  Конституциялық заңмен нақтырақ  реттеледі. Конституциялық іс  жүргізудің бірқатар мәселелері  сондай-ақ Республиканың процессуалдық  және өзге де заңдарында қарастырылады.  Конституциялық іс жүргізуді  қозғау және материалдарды қарауға  дайындау тәртібі, өтініштерді  отырыстарда қарау, шешімдер қабылдау  тәртібі және өзге де мәселелер  Конституциялық Кеңестің қаулысымен  бекітілген Регламентпен реттеледі.

      Конституциялық Кеңестің  Төрағасы мен мүшелері ерекше  мәртебеге ие, оларға ешкімнің  тиіспейтініне Конституциямен кепілдік  беріледі.

      Конституциялық Кеңестiң  Төрағасы мен мүшелерi мемлекеттiң  лауазымды адамдары болып табылады, олардың мәртебесi Конституциямен және осы Конституциялық заңмен, сондай-ақ Конституция мен осы Конституциялық заңда реттелмеген бөлiгiнде мемлекеттiк қызмет туралы нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi. Конституциялық Кеңестiң Төрағасы мен мүшесiнiң қызметi депутаттық мандатпен, оқытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметтердi қоспағанда, өзге де ақы төленетiн жұмысты атқарумен, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырумен, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесiнiң құрамына кiрумен сыйыспайды.

     Конституциялық Кеңестiң Төрағасы мен мүшелерi өз мiндеттерiн орындау кезiнде тәуелсiз болады және тек Конституция мен осы Конституциялық заңға ғана бағынады. Басқа ешқандай да актiнiң олар үшiн сөзсiз мiндеттi күшi болмайды. Олардың қызметiне қандай болса да араласуға, сондай-ақ оларға қандай түрде болса да қысым жасауға немесе басқадай ықпал етуге жол берiлмейдi және бұл заң бойынша жауапкершiлiкке әкелiп соғады. Конституциялық Кеңес Төрағасы мен мүшелерiнiң конституциялық iс жүргiзу мәселелерi жөнiндегi қызметi есеп беруге жатпайды. Өз өкiлеттiгiн жүзеге асыру мәселелерi бойынша олардан есеп талап етуге ешкiмнiң хақы жоқ. Қорытынды шешiм шығарылғанға дейiн Конституциялық Кеңестiң қарауына арқау болып отырған мәселелер бойынша ешкiмнiң де пiкiр немесе кеңес сұрауға, ал Конституциялық Кеңес Төрағасы мен мүшелерiнiң, Конституциялық Кеңестiң отырысынан басқа кезде, пiкiр айтуға немесе кеңес беруге хақы жоқ. Конституциялық Кеңестiң мүшелерi өкiлеттiк мерзiмi iшiнде ауыстырылмайды. Олардың өкiлеттiгiн, осы Конституциялық заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, тоқтатуға немесе тоқтата тұруға болмайды. Егер Конституциялық Кеңестiң қарауындағы мәселеге тiкелей жеке немесе жанама мүдделiгiне байланысты өзiнiң әдiлдiгiне күмән тууы мүмкiн болса, Конституциялық Кеңестiң Төрағасы немесе мүшесi бұл мәселенi қараудан бас тартуға мiндеттi, мұны Конституциялық Кеңес қанағаттандыруға тиiс. Конституциялық Кеңес мүшесiнiң сотта немесе өзге құқық қолдану органдарында, заңды өкiлдiктен басқа, қорғауды немесе өкiлдiктi жүзеге асыруға, құқықтарды жүзеге асыру мен мiндеттерден босату iсiнде қандай адамдарға болса да қамқоршылық жасауға хақы жоқ.

 

    Конституциялық Кеңестің құрамы -  Конституциялық Кеңес, Төрағаны қосқанда, жеті мүшеден тұрады, олардың өкілеттігі алты жылға созылады. Кеңестің Төрағасын және екі мүшесін Республика Президенті, екі мүшесін – Парламент Сенаты және екі мүшесін – Парламент Мәжілісі тағайындайды. Республиканың экс-Президенттері құқығы бойынша ғұмыр бойы Конституциялық Кеңестің мүшелері болып табылады. Конституциялық Кеңестiң құрамына отыз жасқа толған, Республика аумағында тұратын, жоғары заң бiлiмi, заң мамандығы бойынша кемiнде бес жыл жұмыс стажы бар Республика азаматы тағайындала алады. Бұл талаптар Республиканың экс-Президенттерiне қолданылмайды. Құрылған сәтен бастап Конституциялық Кеңестің құрамына 22 жоғары білікті заңгерлер тағайындалды, олардың қатарында Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі (1), заң ғылымының докторлары (7) және кандидаттары (8), сондай-ақ Президент Әкімшілігінде, сот жүйесінде, прокуратура және әділет органдарында көп жыл жұмыс істеген тәжірибелі заңгерлер бар.

       Конституциялық  Кеңестiң мүшелерi өкiлеттiк мерзiмi iшiнде ауыстырылмайды. Олардың өкiлеттiгiн  «Қазақстан Республикасының Конституциялық  Кеңесі туралы» Конституциялық  заңда көзделген жағдайларда  ғана тоқтатуға немесе тоқтата  тұруға болады.Конституциялық Кеңес  Төрағасы мен мүшелерiнiң конституциялық iс жүргiзу мәселелерi  жөнiндегi қызметi есеп беруге жатпайды. Олардың  қызметiне қандай болса да араласуға  жол берiлмейдi. Өз өкiлеттiгiн жүзеге  асыру мәселелерi бойынша олардан  есеп талап етуге ешкiмнiң хақы  жоқ.

 

    Конституциялық  Кеңестің құзыреті-  Конституциямен және «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» Конституциялық заңмен Конституциялық Кеңеске өтініш беру құқығына ие субъекттер қатары және Конституциялық Кеңес юрисдикциясының шеңбері белгіленген.  Конституциялық Кеңеске өтініш беру құқығына: Қазақстан Республикасының Президенті, Сенат Төрағасы, Мәжіліс Төрағасы, Парламент депутаттары жалпы санының кемiнде бестен бiр бөлiгi, Премьер-Министр, Республика соттары ие.

Конституциялық Кеңестің Қазақстан  Республикасы Конституциясының 72-74-баптарында белгіленген құзыреті мынадай мәселелерді  қамтиды:

  • Дау туған жағдайда Республика Президентiнiң, Парламент депутаттарының сайлауын өткiзудiң дұрыстығы және республикалық референдум өткiзу туралы мәселенi шешедi;
  • Парламент қабылдаған заңдардың Республика Конституциясына сәйкестiгiн Президент қол қойғанға дейiн қарайды;
  • Парламент және оның палаталары қабылдаған қаулылардың Республика Конституциясына сәйкестігін қарайды;
  • Республиканың халықаралық шарттарын бекiткенге дейiн олардың Конституцияға сәйкестiгiн қарайды;
  • Конституцияның нормаларына ресми түсiндiрме бередi;
  • Конституцияның 47-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген реттерде қорытындылар бередi.

     Конституцияның 78-бабында  белгіленген жағдайларда соттардың  өтініштері бойынша қолданыстағы  заңдар мен өзге де нормативтік  құқықтық актілер нормаларының  конституциялығын тексереді. Конституциялық  Кеңес конституциялық iс жүргiзу  практикасын қорыту нәтижелерi  бойынша жыл сайын Парламентке  Республикадағы конституциялық  заңдылықтың жайы туралы жолдау  жiбередi. Одан тыс, Мемлекет басшысының  талап етуі бойынша Конституциялық Кеңестің Төрағасы оған Республикадағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы ақпарат ұсынады. Конституциялық іс жүргізу тиісті субъектілердің өтініші болған жағдайда ғана қозғалады. Конституциялық Кеңес қабылдаған қаулыны Кеңестің өзі конституциялық іс жүргізуге қатысушылардың не оның қорытынды шешімін орындауға міндетті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың   өтініштері бойынша түсіндіруі мүмкін. Егер Конституциялық Кеңестің шешімінде жіберілген редакциялық сипаттағы дәлсіздіктер мен қателерді түзету қажет болса, Конституциялық Кеңес өз бастамасы бойынша қосымша шешімдер қабылдайды. Қосымша шешiм Конституциялық Кеңес шешiмiнiң шынайы мазмұнына, мағынасы мен мақсатына қайшы келмеуге тиiс.

 

   Конституциялық Кеңес шешімдерінің түрлері - Конституциялық Кеңестiң шешiмдерi Конституциялық Кеңестiң конституциялық өкiлеттiгiн жүзеге асыратын қорытынды шешiмдер және Конституциялық Кеңестiң өзге де өкiлеттiгiн жүзеге асыратын басқа да шешiмдер болып бөлiнедi. Шешімдер қаулылар, солардың ішінде нормативтік қаулылар, қорытындылар және жолдаулар нысанында қабылданады. Конституциялық Кеңестің нормативтік қаулылары қолданыстағы құқықтың құрамдас бөлігі болып табылады.

      Конституциялық Кеңес шешiмдердi алқалы түрде, өз мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк даусымен ашық дауыс беру арқылы, ал Конституциялық Кеңестiң тiптi бiр мүшесi талап етсе де - жасырын дауыс беру арқылы қабылдайды. Егер шешiм қабылдау кезiнде Конституциялық Кеңес мүшелерiнiң дауыстары тепе-тең бөлiнген болса, Конституциялық Кеңес Төрағасының даусы шешушi дауыс болып табылады, ол барлық жағдайларда өз даусын ең соңында бередi. Конституциялық Кеңестiң мәжiлiсi кезiнде оның отырысқа қатысқан мүшелерiнiң ешқайсысының да қалыс қалуға немесе дауыс беруге қатыспауға хақы жоқ. Конституциялық Кеңестiң қорытынды шешiмiмен келiспеген оның мүшесi өз пiкiрiн жазбаша түрде бiлдiруге хақылы.

       Конституциялық  Кеңестің шешімін ол Қазақстан  Республикасы Президентінің бастамасы  бойынша немесе өз бастамасы  бойынша, егер қабылданған шешімге  негіз болған Конституция нормасы  өзгерсе не болмаса өтініштің  мәні үшін жаңа елеулі мән-жайлар  ашылса, қайта қарауы мүмкін. Адамның  және азаматтың құқықтары мен  бостандықтарын қорғау, ұлттық қауіпсіздікті,  мемлекеттің егемендігі мен тұтастығын  қамтамасыз ету мүддесінде Конституциялық  Кеңестің шешімін ол Қазақстан  Республикасы Президентінің бастамасы  бойынша қайта қарауы мүмкін. Шешімді қайта қарау туралы Конституциялық Кеңес қаулы шығарып, ол арқылы осы шешімнің толығымен немесе бір бөлігінде күшін жояды.

     Конституциялық Кеңес шешімдерінің заңдық күші -   Конституцияда Конституциялық Кеңес шешімдерінің жалпыға бірдей міндетті заңдық күші бекітіліп, кешіктірмей қолданысқа енгізілу тәртібі белгіленген. Конституциялық Кеңес шешімінің түпкіліктігі оның заңдық күшінің ажырамас сипаты болып табылып, қорытынды қаулы қабылдау арқылы конституциялық іс жүргізудің қисынды түрде аяқталғанын айғақтайды. Конституциялық Кеңес шешімінің түпкіліктігі сондай-ақ оның өтініш субъектісі үшін сол бір себеп бойынша кері қайтпайтынын білдіреді, өйткені, Конституцияның 74-бабының 3-тармағына сай, Конституциялық Кеңестің шешімдері «шағымдануға жатпайды». Бұл Кеңестің шешімдеріне шағымдану құқығының да, мұндай шағымдарды қарайтын тиісті инстанциялардың да жоқ екенін білдіреді. Сонымен бірге, ерекше жағдайларда Конституциялық Кеңестің өзі қолданыстағы қаулыны қайта қарауы немесе оны түсіндіру жөнінде қосымша қаулы қабылдауы мүмкін екені конституциялық құқық нормаларында жоққа шығарылмайды. Конституциялық Кеңестің қаулылары тек Конституцияға ғана негізделеді және өзге нормативтік құқықтық актілердің бәрі оларға қайшы келмеуге тиіс. Конституциялық Кеңестің қаулыларында баяндалған құқықтық позициялардың күші Кеңес конституциялық емес деп тапқан нормаларды қайта қабылдау арқылы еңсеріле алмайды. Конституцияның 73-бабының 4-тармағына сай Конституциялық Кеңестiң шешiмiне толығымен немесе бiр бөлiгiне Республика Президентi қарсылық бiлдiруi мүмкiн, бұл қарсылық Конституциялық Кеңес мүшелерi жалпы санының үштен екiсiнiң даусымен еңсерiледi. Президент қарсылығы еңсерiлмеген жағдайда, Конституциялық Кеңестiң шешiмi қабылданбады деп есептеледi. Қарсылық Республика Президенті шешімнің мәтінін алған күннен бастап бір ай мерзімнен кешіктірмей енгізіледі. Конституциялық Кеңес өзі қабылдаған шешімдерді орындау тәртібі мен мерзімін белгілей алады. Егер Конституциялық Кеңестің шешімі мемлекеттің шығысты ұлғайтуды немесе мемлекеттік кірісті қысқартуды көздейтін болса, онда Конституциялық Кеңес өзі қабылдаған шешімдерді орындау мерзімін Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісе отырып белгілейді. Конституциялық Кеңестің шешімін орындау мақсатында қабылданған шаралар туралы оған тиісті мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар Конституциялық Кеңес белгілеген мерзімде хабарлайды.  Конституцияның сол бір нормасы бойынша Конституциялық Кеңестің жаңа шешім қабылдауы өтініш субъектінде басқа бір жағдайда түсінбеушілік туындаған өзге бір мәселеге, осы бір конституциялық норманың нақты талабын не талаптарын қолдануға немесе орындауға байланысты болуы мүмкін. Конституциялық Кеңестің Конституцияның сол бір нормасы бойынша жаңа қаулысы осы конституциялық нормаға қатысты бұдан бұрынғы қаулысына қайшы келмеуге тиіс. Мұндай қаулы Конституциялық Кеңестің Конституцияның осы нормасын ресми түсіндіру жөніндегі бұдан бұрынғы қаулысының құқықтық позицияларын толықтырып, дамыта түсуі мүмкін.

       Қазақстан Республикасы  Конституциялық Кеңесінің шешімдері  елеулі құқықтық салдарға әкеп  соқтырады. Конституциялық емес  деп танылған заңға және Республиканың  шарттарына қол қойылмайды не  олар бекітілмейді және қолданысқа  енгізілмейді. Конституциялық емес  деп танылған, соның ішінде адамның  және азаматтың Конституцияда  баянды етілген құқықтары мен  бостандықтарына нұқсан келтіреді  деп танылған заңдар мен өзге  де нормативтік құқықтық актілер  заңдық күшінен айрылады, қолданылмайды  және жойылады. Соттар мен өзге  де құқық қолданушы органдардың  осындай заңға немесе өзге  бір нормативтік құқықтық актіге  негізделген шешімдері орындалмайды. Конституциялық Кеңес Конституцияға сәйкес емес деп таныған Президент және Парламент депутаттарының сайлауы жарамсыз деп жарияланады.

     Конституциялық Кеңес қызметінің кейбір көрсеткіштері -  өзі қызмет істеп келе жатқан кезең ішінде Конституциялық Кеңес 140-тан астам нормативтік қаулы қабылдады. 25 заң және халықаралық шарт толығымен немесе бір бөлігінде конституциялық емес деп танылды. Конституциялық бақылау практикасын қорыту нәтижесі бойынша Парламентке елдегі конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жыл сайынғы 14 жолдау жіберілді. Осы жолдаулардағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жөніндегі ұсыныстардың көпшілігі заң шығармашылығы мен құқық қолдануда ескерілді, соның нәтижесінде 65 заңға Конституциялық Кеңестің құқықтық позицияларына сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Елдегі конституциялық заңдылықтың нығаюына, сондай-ақ Конституциялық Кеңестің беделі артуына көп ретте Мемлекет басшысының Республика Конституциясына және Конституциялық Кеңеске деген ерекше ықыласы септігін тигізуде. 2008 жылы Республика Президентінің заң шығарушылық бастамасы тәртібімен «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» Конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, солар арқылы Конституциялық Кеңестің шешімдеріне жоғарырақ дәрежедегі салмақ берілді. Мұндағы енгізілген жаңалық сол, Конституциялық Кеңестің шешімдеріндегі заңнаманы жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды уәкілетті мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар міндетті түрде қарап, қабылданған шешім туралы Конституциялық Кеңесті міндетті түрде хабарландыруға тиіс. Бұл мәселелер Президент Әкімшілігінің бақылауында тұр.

       Конституциялық Кеңестің қызметінде адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау жөніндегі өтініштер басым орын алады. Бірқатар жағдайларда заңдардың, халықаралық шарттардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің даулы нормалары Конституцияға сәйкес емес деп танылады. Конституциялық Кеңестің қаулыларымен сондай-ақ азаматтардың жеке құқықтары, саяси, экономикалық және әлеуметтік құқықтары қамтамасыз етілді. Бірқатар қаулылар құқықтар мен бостандықтардың сот арқылы қорғалуы мәселелері бойынша қабылданып, олар заңда көзделген соттылыққа құқығы, әкімшілік істердің сотта қайта қаралуына, қылмыстық істі алқабилер қатысуымен қарау туралы өтінішті сотқа дейінгі сатыда ғана емес, сот ісін жүргізудің бастапқы сатысында да мәлімдеуге құқығы, қылмыстық қудалау органдарының қылмыстық іс қозғау туралы қаулыларына сотқа шағымдану құқығы және т.б. секілді құқықтарды бекітуге бағытталды. Конституциялық Кеңестің практикасында Парламент қабылдаған заңдардың Республика Конституциясына сәйкестiгiн Президент қол қойғанға дейін қарау маңызды орын алады. Конституциялық Кеңестің бұл функциясы ұлттық заңнаманы жетілдіруге септігін тигізеді. Өзі қызмет атқарып келе жатқан жылдар ішінде Кеңес Парламент қабылдаған заңдардың Негізгі Заңға сәйкестігін тексеру туралы 23 өтініш қарады. Қолданыстағы заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің конституциялығын тексеру Республика соттарының ұсынымдары бойынша іске асырылып, негізінен ол адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған. Өткен жылдар ішінде Конституциялық Кеңес соттардың 64 өтінішін қарады. Соттар өздерінің іс жүргізуінде жатқан іс бойынша қолданылуға тиіс заңдар және өзге де нормативтік құқықтық актілер (конституциялық заңдар және заңдар (кодекстер), Республиканың халықаралық шарттары, Жоғарғы Соттың нормативтік қаулылары, Үкіметтің, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері және т.б. нормаларының конституциялығын тексеру туралы ұсыныммен Конституциялық Кеңеске жүгіне алады. Негізгі Заң Конституциялық Кеңеске Конституция нормаларын ресми түсіндіру құқығын береді, ол конституциялық нормалардың мазмұны мен мағынасын анықтаудан және түсіндіруден тұрады. Конституцияның нормаларын ресми түсіндіру – бұл Конституция нормаларының мәнін анықтаудың түрлі тәсілдері арқылы олардың сөзбен білдірілу мағынасына сәйкес Конституциялық Кеңес беретін нормативтік түсіндіру. Түсіндірудің көлемін күні бұрын анықтап болмайды, өйткені Конституциялық Кеңес Конституция нормаларын түсіндірудің әдістерін таңдауда Конституцияны ғана негізге алады. Бұл жерде Конституция нормаларының оның жалпы ережелерімен және принциптерімен қисынды түрдегі өзара байланысы мен қабаттастығы назарға алынады. Конституциялық Кеңестің нормативтік қаулылары, Конституция нормаларын тек өтініш субъектілерінің мәселелері бойынша ғана талдау прецеденттерін жасай отырып, тікелей конституциялық реттеу үшін бұл нормалардың мағыналық түсінігін толықтыра түседі. Конституцияның мағынасынан, ондағы жазылған нормалардан, жалпы ережелер мен принциптерден тікелей келіп шықпайтын ұйғарымдарды Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі жасамайды. Конституция нормаларын түсіндіре отырып, Кеңес конституциялық реттеу нысанының шегінен шықпайды.

      Конституциялық Кеңес құрылған күннен бері оған келіп түскен өтініштердің 40%-дан астамын Конституцияның нормаларын ресми түсіндіру туралы өтініштер құрайды. Конституцияның нормаларын ресми түсіндіру туралы қаулыларда Конституциялық Кеңес адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының жүзеге асырылуы және қорғалуы, Қазақстан Республикасының азаматтығы, Республика Президентінің мәртебесі мен өкілеттігі, Парламенттің құзыреті мен оның қызметін ұйымдастыру, Парламент депутаттарының мәртебесі, заң шығару процесі, биліктің заң шығарушы және атқарушы тармақтарының өзара қарым-қатынасы, сайлау жүйесі, Үкіметтің, соттардың және өзге де мемлекеттік органдардың құзыреті мен қызметі мәселелерін және т.б. қарады. Конституциялық Кеңес шетелдердің конституциялық юстиция органдарымен, Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық комиссия (Венециялық комиссия), Жас демократиялы елдердің конституциялық бақылау органдары конференциясы секілді мәртебелі халықаралық ұйымдармен байланыс орнатқан. Конституциялық Кеңестің Төрағасы мен мүшелері шетелдердің конституциялық соттарына, өзге де органдарына іссапарлармен барып, конференцияларға және өзге іс-шараларға қатысу арқылы конституциялық бақылауды жүзеге асыру мәселелері бойынша тәжірибе алмасады.

 

        Конституциялық Кеңес Төрағасы мен мүшелерiнiң анты -   Конституциялық Кеңестiң Төрағасы мен мүшелерiнен олар тағайындалғаннан кейiн Парламент Палаталарының бiрлескен отырысында салтанатты жағдайда Республика Президентi мынадай мазмұнда ант қабылдайды: Өзiме жүктелген Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң төрағасы (мүшесi) мiндетiн адал атқаруға, әдiл болуға және басқа ешкiмге, еш нәрсеге емес, тек Қазақстан Республикасының Конституциясына ғана бағынуға салтанатты түрде ант етемiн.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды.

 

      Қорыта айтқанда, Конституциялық Кеңес республиканың барлық

аумағында ҚР Конституциясының жоғары тұруын қамтамасыз ететін мемлекеттік  орган. Конституциялық Кеңес өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде дербес және мемлекеттік органдарға, ұйымдарға, лауазымды адамдар мен азаматтарға тәуелсіз, республика Конституциясына ғана бағынады әрі саяси және өзге себептерді негізге ала алмайды.

      Конституциялық Кеңес  - Қазақстанның саяси жүйесінде  айрықша орынға ие. Қазақстан  Республикасы Конституциялық Кеңесі  өкілеттіктері алты жылға созылатын  жеті мүшесінен құралған. Конституциялық  Кеңестің өмір бақилық мүшелігіне  Республиканың Экс-Президенттері  құқылы болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: 

  1. ҚР Конституциясы. 1995 ж 30 тамыз.
  2. 1995-2000 жж. кезеңдегі мемлекеттік органдар туралы мәліметтер: Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары(1991 ж. 16 желтоқсан - 2001 ж. 1 қаңтар).
  3. "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы" конституциялық заң күші бар ҚР Президентінің 1995 ж. 29 желтоқсандағы № 2737 Жарлығы(ҚР Парламентінің Жаршысы, 1995, №24, 173-бап).
  4. 1995-2000 жж. кезеңдегі мемлекеттік органдар туралы мәліметтер: Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (1991 ж. 16 желтоқсан - 2001 ж. 1 қаңтар).  
  5. Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-2005 жж.) Анықтамаламық: Екінші шығарылым. Жауапты редактор: В.Н. Шепель; Алматы: “Эдельвейс” Баспа үйі: 2007.
  6. С.Боранбаев  «Президенттік биліктің тиімділігі» Алматы, 2009.
  7. Дулатбеков Н.О., Жұмабекова Г.Х. «Мемлекет және құқық негіздері» курсы бойынша әдістемелік нұсқаулар- Қарағанды, 1998.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


ҚР Конституциялық Кеңесі, оның құқықтық мәртебесі