Радиация. 8
ЖОСПАР:
КІРІСПЕ:…………………………………………………………
1. Радиaция…………………………………………………………
2. радиоактивті заттардан қорғану…………………………………………..3
3. Радиациялық ластану……………………………
Қазақстандағы радиациялық жағдай……………………….……………….7
ҚОРТЫНДЫ:………………………..…………………………
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:…………………………..…….14
Кіріспе
Жыл өткен сайын адамдардың радиоактивті сәулеленумен зақымдануы көбеие түсуде. Өйткені жыл сайын атом электр станциялары салып, олар іске қосылып жатыр. Сондай-ақ неше түрлі тездеткіштер (ускорительдер) сыналып, атом бомбалары жарылып жатыр. Олардан қаншама радиоактивті сәулелер бөлініп шығып, адамзат баласына неше түрлі зиян келтіріп, әлі де келтіруде. Сондықтан да адамзат баласын радиациядан қорғау осы кездегі кезек күттірмейтін өзекті мәселеге айналып отыр.ағаштарды радиациядан қорғау үшін неше түрлі киімдер тігуді қажетті етеді. Олардың құрамында қорғасын болады. Ол гамма сәулесін тұтып қалып, адам денелеріне сәулені артпайды.
Космостан келетін космостық сәулелерден практика жүзінде адамзат баласының қорғануға ешқандай мүмкіндігі жок. Ол 1000км атмосфералық қабаттан лезде өтіп кетеді де жер шарына түгелдей таралды. Космонавтарды да космос сәулесін қорғау оңай шаруа емес екендігін өмірдің өзі көрсетіп отыр [3.,173б].
Әлем ғалымдарының болжаулары бойынша 21 ғасырдың алғашқы ширегінде планетамызда энергетикалық қордың тапшылығы сезілу қаупі бар, оның шикізатына деген талас күшеюде. Мұндай адамзат цивилизациясына төңген экологиялық қауіп-қатер ең жоғарғы мемлекетаралық деңгейде мойындалып отыр. Тіпті, экологиялық апаттың туындауы ғылыми-техникалық прогрестің «даму» құбылысына деген көзқарасты дүдәмалдыққа әкеліп отыруы жер-жерде байқалуда. Сөйтіп адамзат құндылығының кейбір шкалаларын қайта қарастыру қажеттілігі пайда болуда. [2.,5б].
Бүгінгі таңда иондаушы сәулелердің антропогендік көздері көптеп табылуда. Олар қоршаған ортаны ластаумен қатар әртүрлі биологиялық кері нәтижеліктің басты себепкері болуы әбден мүмкін. [2.,3б]
1. Радиaция
Адамзат баласы жер бетінде пайда болған кезден бастап, табиғи радиоактивті заттардан қажетті дозасын алып отырған, әсіресе, радиоактивті сәулені жерден алады. Қалған бөлігі космос сәулесімен келеді. Жылына адам 200 мР радиация қабылдайды. Жер шарының әрбір аймақтарында тұратын халықтар әр түрлі мөлшерде радиация алады. Жылына жалпы алғанда 50-ден 1000 мР радияция қабылдайды.
Кесте иондалған сәулеленудің табиғи қайнар көзі
Негізгі қайнар көзі Жылдық орта дозасы Доза%
Бэр 36
Космос (теңіз деңгейіндегі сәулелену) 30 0,10 15,3
Жер (қатты қабат, су, құрылыс материалдары) 50-30 0,5-1,3 68,8
Адам денесіндегі радиоактивті элементтердің мөлшері 30 0,30 15,1
Басқадай көз қоры 2 0,02 1
Жылдық орташа доза 200 2 -
Мемлекеттердің кейбір құжаттарында
радияцияның нағыз мөлшері
70 жыл өмір сүрген адам радияциялық қайнар көздерінен 14-15 бэр алуы мүмкін. Бұл көрсеткіш ағзаларға онша қауіп төңдіре қоймайтыны анықталған. Жер шарында тіршілік ететін әрбір адам өзінің өмір сүру кезеңдерінде жылына 250-400 м бэр радияция алатыны сөзсіз [3.,175б].
Кесте жасанды радиоактивті элементтердегі сәулелену (жылдық доза мөлшері)
Қайнар көзі Жылдық дозасы Табиғи радиацияның бір бөлігі
Мбэр Мзе
Медициналық аспаптар (флюорография – 370м бэр, тістің рентгеографиясы – 3 бэр, өкпе рентгеографиясы 2-8 бэр) 100-150 1,0-1,5 50-75
2000км биіктігі 12км ұшақтармен ұшу жылына 5 рет 2,5-5 0,02-0,05 1,0-2,5
Телевизор көру (күніне 4 сағат) 1 0,01 0,5
АЭС 0,1 0,001 0,05
ТЭЦ (тас көмір жағатын) 20км қашықта 0,6-0 0,006-0,06 0,3-3
2. Радиациялық ластану
Қазіргі кезеңнің өзекті мәселелерінің бірі – радияциялық ластану болып қалып отыр. Радиактивті ластанумен күресу тек алдын алу сипатында ғана болады. Себебі табиғи ортаның мұндай ластануын нейтралдайтын биологиялық ыдырату әдістері де, басқа да механизмдері де жоқ. Қоректік тізбек бойынша тарала отырып (өсімдіктерден жануарларға) радиоактивті заттар азық-түлік өңімдерімен бірге адам ағзасына түсіп, адам денсаулығына зиянды мөлшерге дейін жиналуы мүмкін. [1.,290б]
Радиоактивті ластану
– қоршаған ортаны өте қауіпті
әсер әкелетін физикалық ластанудың
түрі. Бұл ластану адам денсаулығы
мен тірі организмдерге радиациялық
сәулелену арқылы зиянды әсер жасайды.
Қазіргі уақытта дамыған
1) Радиоактивті заттардың
бөлінуінің нәтижесінде пайда
болатын альфа - (гелий ядросы),
бетта –(жылдам электрондар)
2) Қоршаған ортадағы
Ортаның радиациялық ластануына
атом қаруын сынау аз үлесін қосқан
жоқ, ол радионуклидті жауын-шашынның
түсуіне әкелді. Радионуклидтер –
бұл элементтердің
Гелий ядроларының (альфа –сәулелену) немесе жылдам электрондардан (бетта – сәулелену) тұратын бөлшектер ағынын корпускулалық сәулелену деп атайды. Электромагнитті иондаушы сәулелену – бұл гамма - сәулелену мен оған жақын рентгендік сәулелену. Альфа және бетта-сәулелену организмнен тысқары тұрып та оған әсер ете алады.
Иондаушы сәулелену жоғары
дамыған ағзаларға, бірінші кезекте
– адамға аса күшті әсер етеді.
Оған микроағзалар төзімдірек келеді.
Эксперименттік зерттеулер белсенділігі
3,7-1014 Бк (10 мың Ки) гамма сәулеленудің
(кобальт-60, цезий-137) қуатты көздерінің
қасында жоғарғы топтағы бірде-
Радиациялық ластанудың көздері.
Радиациялық қауіптердің
• Атом өнеткәсібі;
• Ядролық жарылыстар;
• Ядролық энергетика;
• Медицина мен ғылым.
Бұлар қоршаған ортаны радиоактивті элементтермен және радияциялық сәулелермен ластайды. Юұдан басқа атом өнеркәсібі радиоактивті қалдықтардың көзі болып, адамзатқа жаңа үлкен қауіп және әлі шешімін таппаған мәселені – оларды көму мен жою мәселелерін алып келді.
Келесі бір қауіпті
радинуклид – стронций-90, ол ядролық
сынақтардың нәтижесінде
Қазіргі гигиена ғылымының өзекті мəселесі адам өмір сүретін ортаның зиянды жəне қауіпті факторларын анықтау ғана емес, сонымен қатар олардың халық денсаулығына тигізетін қауіп-қатерін бағалай білу болып табылады. Қауіп-қатер туғызатын əртүрлі факторлар нақты елдің, аймақтың жағдайларына да тəуелді екенін ескеру қажет [1.,290б].
3.радиоактивті заттардан қорғану.
Радиоактивті заттардан қорғаудың бірнеше жолдары бар. Олар: физикалық, химиялық және биологиялық тәсілдері.
Физикалық тәсіл. Бұл тәсілдің
ұйғаруы бойынша, дер кезінде
қол-аяқты денені жылы су мен жуып
отыру керек. Қолға арнаулы түрде
дайындалған перчаткаларды кию
керек. Қатты радиоактивті элементтердің
бөлшектерінің кішкентай
Екер кішкентай бөлшектер
ішкі органдарға өтсе, олар тез арада
ағзадан шыға қоймайды. Әсіресе радий,
уран, плутоний, стронций, иттрий және
цирконий бөлшектері ағзаларға өтсе
қауіпті ісіктер туғызуы
Радиоактивті стронцийдің бөлшектерін адам ағзаларынан шығару оңай емес. Стронцийді кальциймен ығыстырып шығаруға болады.
Тез еритің цезий – 137 бөлшектерін ағзалардан ығыстырып шығару үшін көп мөлшерде су ішу керек. Радиоактивті элементтерді ағзалардан шығару үшін қымыздық сірке қышқылы мен лимон қышқылынкөп мөлшерде пайдалану керек. С,Д витаминің ішу өте пайдалы (сәбіз, редис). Арақ-шарап ішуге болмайды. Олар радияцияның әрекетін күшейтіп жіберуі мүмкін. Бірақ кейбір адамдар Уран өндіретін шахталарда істеп жүріп күніне азды- көпті арақ ішіп жүрген. Ол адам күні бүгінге тірі. Ал арақ ішпеген оның әріптестері жарық дүниемен баяғыда қоштасқаның ол жіпке тізгендей айтып беріп отырады. Біздіңше, азды-көпті арақ-шарап ішіп отырған жөн болғаны.
Радияциядан қорғанудың химиялық және биологиялық жолдары. Радияцияға қарсы қолданатын препараттарды радиопротекторлар деп аталады. Олар радиоактивті элементтердің бөлшектері ағзалардан шығару үшін неше түрлі химиялық препараттарды пайдаланады.
Олар ағзаларды радияциядан
сақтап қалады. Иондалған сәулеленуді
ем-дом ретінде пайдалануға
Сәуле тератиясы мен қан,
ауруларын емдеуге болады. Қауіпті
ісіктерді де емдеу үшін бета-сәулесін
пайдаланады. Адамдарды Радияциядан
қорғау Қазақстан Республикасының
алдында тұрған аса күрделі мәселе.
Қазақстан Республикасында
Адамзат баласы осы кезде
бұрын – сонды болып көрмеген
орасан көп ғылыми табыстарға жетіп,
техника мен технологияны дамыта
түсуде. Оларды төтенше түрде дамуы
биология ғылымдарына тікелей
Кейінгі кезде биологиялық ғылымдар орасан зор ілгерлеп, алға басты. Осы уақыттың ішінде тіршілік дүниесі адамдар, жан-жануарлар, өсімдіктер әлемі туралы көптеген түсінігіміз бар. Тірі организмдердің пайда болу жолдарын, биохимиялық процестерін білеміз. Бірақ көптеген биологиялық көріністердің құпия сырлары әлі күнге дейін өз шешімін тапқан жоқ [3.,175б].
4. Қазақстандағы радиациялық жағдай
Қазақстан территориясында қуатты ядролық сынақтардың ең көп мөлшері жасалды. Семей полигонында 1949 жылдан 1989 жылға дейін 470 ядролық жарылыс, оның 90-ы ауада, 354-і жер астында және 26-ы жер бетінде жүргізілген.
Олар Қазақстан
Қазақстан территориясында
радияциялық ластану
Ø Семей ядролық полигонында жасалған жарылыстардың салдары
Ø Радиоактивті материалдарды пайдаланылатын атомдық өнеркәсіп орындары
Ø Ғаламдық жауындар
Ø Халық шаруашылық мәселелерін шешу мақсатында жасалған жер асты ядролық жарылыстар
Ø Табиғи радиоактивтілік
Ø Радиоактивті қалдықтар.
Семей ядролық полигоны.
1995 жылы Шығыс Қазақстан облысының
Орталық бөлігіндегі
Бұрын жүргізілген ядролық жарылыстар табиғи сулардың, тек ядролық полигон зонасында ғана емес, оған жақын жатқан территорияда да қалыптасуынан теріс әсер етеді. Стронций-90 ең көп мөлшері Сарыөзек жылғасы мен Мұржық тауының етегінде «Мұржық» және «Дегелең» аймағында байқалған. α және β белсенділіктің жоғарғы деңгейі Семей облысының Қайнар селосында, Абыралы колхозындағы барлық дерлік құдық суларында анықталған. Сонымен қатар, Семей қаласынан оңтүстікке қарай, Тарбағатай маңында су алмасу белсенді жүретін аймақта - α және β белсенділік салыстырмалы түрде төмен болған.
Халық шаруашылық мәселелерін шешу мақсатындағы жер асты ядролық жарылыстар. 1995 жылға дейін Қазақстан территориясында әскери полигондардан тыс 32 жер асты ядролық жарылыстары жасалған. Олар әр түрлі халық шаруашылық шешу үшін, соның ішінде жер қыртысын сейсмикалық зерттеулер, Каспий маңы ойпатында тұзды мұнараларда жер асты кеңістіктерін жасау үшін жүргізілген. Қазіргі уақытқа дейін бұл территориядағы жер асты суларының ластану дәрежесі және мониторингі бойынша ешқандай жұмыстар жүргізілмеген.
Радиоактивті материалдарды
пайдаланылатын атомдық кәсіпорындар.
Қазақстан территориясының
Зерттеулер нәтижесінде
Шығыс Қазақстан облысында 1995 жылы
бірқатар аномалиялар анықталған. «Үлбі»
комбинатының өнеркәсіптік территориясында
15 радиоактивті ластану учакелері
табылып, оның 13-і жойылды. Маңғыстау
облысында Иранға жөнелтілетін метелл
қалдықтарының радиоактивті ластануы
анықталды. Жамбыл облысында «Нодорос»
АҚ-да 1995 жылы ылғал өлшегіштің нейтронды
сәулелену көзі жоғалған. Кәсіпорындарда
коммисия құрылып, бұл жағдайдың
себептерін анықтау мақсатында тергеу
жұмыстары жүргізілуде. Солтүстік
Қазақстан облысының
Ғаламдық жауындар. 1995 жыл бойында цезий – 137 концентрациясы 0-0,42 Бк/кв м шамасында ауытқиды. Ал жалпы β – белсенділік айына 0,4-0,9 Бк/кв м өзгереді. Бұл республика халқына қауіп туғызбайды. Ауадағы радиоактивті аэрозольдердің мөлшері рұқсат етілетін мөлшерден артық емес.
Радиоактивті қалдықтар.
Қазақстан территориясының
Магмалық жыныстар жер бетіне шығып жататын табиғи радиоактивті фон 18-22 мкр/сағ, ал күшті қазіргі тұңбалық түзілістердің табиғи радиациялық фоны 10-18 мкр/сағ құрайды.
Космостық сәулелердің жалпы табиғи радиациялық фондағы үлесі 3-8 мкр/сағ. 1995 жылы зерттеулер нәтижесінде Көкшетау облысының Арықбалық және Сарытүбек мекен-жайларындағы барлық ғимараттарда радиоактивті газ радонның жоғары концентрациясы анықталған. Мысалы, Арықбалық селосында екі балалар бақшасы жабылған (радонның концентрациясы 4000 Бк/куб м-ге жеткен, қалыпты мөлшерде 200 Бк/куб м.
Елімізде үкіметтік емес экологиялық ұйымдардың қызметін саяси, құқықтық негізде дамытуға да қолайлы жағдайлар жасалуда. «Қоршаған ортаны қорғау туралы», «Экологиялық сараптау туралы»заңдарда жұртшылықтың қатысу ережесі, ақпарат туралы негіздер қаланған. Республикамызда 200-ден аса үкіметтік емес ұйымдар қоршаған ортаны қорғау, экологиялық білім беру, радияциялық қауіпсіздік, экологиялық ағарту сияқты бағыттарда жұмыс істеді.
Қаладағы ауаның ластануы, жердің тозуы мен шөлейттенуі, өндірістік және тұрмыстық қалдықтардың көбеюі, жер асты және үсті су көздерінің ластануы, Ертіс, Жайық, Талас, Сырдария, Іле, Шу өзендерінің ластанған сулары негізгі экологиялық мәселелер болып отыр. Ауаның ластануы 15 қалада нормадан асып кеткен, Өскемен, Ленинагор, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Теміртау, Шымкент, Тараз, Петропавл, Қарағанды т.б. бұрынғыға қарағанда қазіргі үлкен деңгейде болып отыр. Арал өнірінің 59,6 млн.-ға жері азған. Сонымен қатар көтерілген тұзды шұаңның ағындары 300 шақырымға, ара қашықтығы 500 шақырымға дейін таралып жатыр. Республикамызда 20 млрд. тоннадан астам өндіріс және тұрмыс қалдықтары жиналып қалған. Жыл сайын 14 млн. Куб м тұрмыстық және 700 млн. тонна өнеркәсіптік қалдықтар, олардың ішінде 84 млн. Тонна уландырғыш т.б. жиналады. Сонымен қатар зауыт, фабрикалар өндеген рудаларын өндіріс қалдықтарының 1-18 үйіндісі жалпы көлемі 56 млн. текше метр алып жатыр, радиоактивті фоны 35 мкр/сағаттан 3000 мкр/сағатқа жетіп, халық денсаулығын бұзуда.
Қазақстанда АЭС құрлысын
салу туралы әңгімен, сонау Кеңес
Одағы тұсында жиі қозғалатын.
1995 жылы бұл мәселе Үкімет басқармасында
қайта қаралып, Оңтүстік Қазақстан
облысында Шардара АЭС-ін салу көзделген-ді.
Ғалым-мамандардың айтуынша, тәуелсіз,
егеменді ел ретінде, әлемдік өркениеттің
бір бөлігі салынатын Қазақстанда
атом электр станциясының болуы қажет.
Тіпті, Балқаш көлінің жағасында
«Үлкен» атты елді мекенде салынады
деген әңгіменің ұшы шығып
жатыр. Бірақ, арнайы жұмыс жоспары
жасалып, мамандар ірітелмеген. АЭС-тің
қоршаған ортаны ластайтыны, өзен, көлдердің
жағасында салуға болмайтыны тағыда
дәлелденіп отыр. Шетелдерде, мәселен,
Францияда электр энергиясының 90 пайызын
АЭС өндіргенімен, есесіне адам өміріне
қауіпсіздігі жан-жақты қаралған. Демек,,
АЭС құрлысын салмай-ақ, электр энергиясын
өндірудің басқаша көдерін
Қортынды:
Табиғи ортаны ластаушы заттар әр түрлі болып келеді. Ол заттар өзінің табиғатына, шоғырлануына және адам организміне әсер ету уақытына қарай әр түрлі жағымсыз нәтижелер туғызады.
Қазіргі кезде ауаны ластайтын заттардың 150-ден астамы белгілі. Бұл заттар ауада күн сәулесінің әсерімен бір-бірімен реакцияға түсіп, жаңа қосындылар түзеді.
Радиациялық ластанудың баска
ластанудан көп айырмашылығы бар. Қысқа
толқынды электрмагниттік сәуле
шығару мен зарядталған бөлшектерді
бөліп шығаратын тұрақсыз химиялық
элементтердің ядросы - радиактивті
нуклидтер. Міне, осы бөлшектер мен
шығарылған сәулелер адамның организміне
түскенде жасушаларды (клеткаларды) бұзады,
соның нәтижесінде түрлі
Радиациялык ластанудың негізгі көздері - альфа, гамма және бэта, сиякты радиоактивті сәулелер. Ионданған сәулелер адам, жануар организмдерінде ақуыз, фермеш жоне басқа да заттардың өзгеруіне, яғни сәуле ауруының дамуына әкеліп соғады.
Сәуле ауруы өзінен алынған сәуленің мөлшерше қарай ауыр және созылмалы болып бөлінеді. Адамдар екі-үш рет сәуле алғанда ауыр сәуле ауруына ұшырайды, ал аз мөлшерде адам ұзак уакыт сәуле ауруына шалдығады.
Қабылданған мөлшеріне карай сәуле ауруы төрт түрлі дәрежеде болады: 1-дәрежесі жеңіл түрі - 100-200 рентген мөлшерінде; 2-ші дәрежесі орташа - 200-300 рентген; 3-ші дәрежесі ауыр - 300-500 рентген мөлшерінде: 4-ші дәрежесі өте ауыр - 500 рентгеннен астам мөлшерде сәуле алған кезде болады.
Сәуле ауруы төрт кезенде
жүреді: бірінші кезең- сәуленің организмге
әсері оның мөлшеріне карай болады.
Оның ең алғашкы белгілері: әлсіздік,
бас айналу, бас ауру, жүрек айну,
қүсу, іш өту, терінің бозаруы, қан
қысымының секірмелі болуы, естен
тануы. Екінші кезең - бірінші кезеннен
кейін уакытша аурудың жағдайы
жақсарады. Бұл кезеңді латентті
кезен, яғни, жағдайдын жақсы болып
көріну кезеңі деп атайды. Алған
радиация мөлшері көп болса, бұл
кезең қысқа болады да екі күннен
үш жетіге дейін созылады. Әлсіздік,
терлегіштік, тәбетінің төмендеуі,
ұйқысынын бұзылуы байкалады
жәнс қанда өзгеріс болады. Үшінші
кезең - өте жоғары мөлшерде сәуле
алғанда сәуле ауруының асқыну кезеңі
басталады. Аурудың температурасы
көтеріліп, ішіне қан құйылады, жаралар
пайда болады, бадамша безі асқынып,
баспа ауруы пайда болады. Үш-төрт
жетіден кейін шаштары түседі,
қан үюы бүзылады да жүқпалы аурулар
дами бастайды (өкпенің кабынуы, дизентерия,
іш өту, каннын бүзылуы, т.б.). Төртінші
кезен - сәуле ауруыньщ жеңіл түрі,
бұл осы кезеңде ауру жазыла бастайды.
Ауыр түрі болса, онда адам бірінші
кезеңде өліп кетеді. Орташа және ауырлау
түрінде адамның жазылуы
Радиактивтік ластану
өткен ғасырдың 40-шы жылдары уранның
ыдырау реакциясы ашылғаннан бастап
пайда болған. Атом энергиясын американдықтар
соғыс максатында, ал 1945 жылдан бүрын
Кеңес дәуірінде оны бейбіт максатка
пайдалана бастады. Атом энергиясын
пайдалану кезінде сактандыру шаралары
коса жүргізіледі. Өйткені, атом қондырғылары
жұмыс істеу кезінде, адам өміріне
қауіпті радиактивті шлак түзіледі.
Ал оны залалсыздандыру оңай шаруа
емес. Радиактивті калдықтарды
Қолданылған әдебиеттер
1. Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология «Алматы» 2009
2. Төлеубаев Б.Ә. Радиациялық экология жайлы қысқаша таным «Павлодар 2008»
3. Ж.Ж.Жатқанбаев Экология негіздері «Алматы» 2003
4. Янтекс
5. Молахметов З.М. , Ғазалиев А.М., Фазылов С.Д., Экология негіздері «Қарағанды» 2002
