Рахат
Алматы кондитер фабрикасының 70 жылдық мерейтойына орай кәсіпорынның көркеюі үшін аянбай еңбек сіңірген көптеген кондитерлерге біз үлкен құрметпен бас иіп, алғыс айтамыз! Талай құндылықтарға ие болып, толағай табыстарға жетіп, болашақты бағдарлап, биіктерді бағындырсақ та, біздің адамдарымыз: жұмысшылар, слесарьлар, инженерлер, технологтар, механиктер, электриктер, лифтерлар, электроншылар, бағдарламашылар, дәнекерлеушілер, есепшілер, сантехниктер, менеджерлер, экономистер..., осылайша жалғаса беретін, өндірістің күннен-күнге өсіп-өркендеуіне, дамуына үлес қосқан, тер төгіп, еңбек сіңірген, кәсіпорын тарихы беттерінің жазылуына арқау болған еңбеккерлердің Зиббарлығы –– біздің ең басты байлығымыз, әрдайым жоғары бағаланатын олардың дәрежесі келешекте де арта түспек.
Бүгінде біз көптеген кондитерлердің ұрпақтары туралы ғана айтып қоймай, өз атына лайық еңбек әулеттерін дәріптейміз.
Еңбек әулеттері – кәсіпорын тірегі, оның өткені, бүгіні мен болашағы. Олар - кәсіпорын табысы мен әлеуметтік маңыздылығының куәгерлері. «Рахат» АҚ-нда ұрпақ жалғастығы, еңбек әулеттері, тегіне деген қадір-құрмет әрдайым жоғары бағаланады.
Еңбек етіп жүрген ата-ана, әдеттегідей, кәсіпорынға ұлын не қызын алып келеді, атадан балаға көшіп, ұрпақтан ұрпаққа тараған шеберлік пен білім осылайша жалғаса береді. Бүгінде фабрикада 26-дан аса отбасы еңбек жалауын ұрпақтан ұрпаққа ауыстырып, жалғастырып келеді. Отбасылық туыстық байланыстағы жұмыскерлер аттарына дақ түсірмеуге тырысады. Еңбекқорлық, жауапкершілік, ынталылық пен адалдықтың негізі де осында.
«Рахаттың» еңбек әулеттері - біздің мақтанышымыз, қайрат-жігеріміз және келешегіміз. Ұрпақ жалғастығының қалыптасқан дәстүрі нығаятындай, ал кәсіпорында еңбек әулеттерінің саны артатындай барлық жағдай бізде бар.
КарпунинаНинаВасильевна, зейнеткер, Алматы кондитер фабрикасының дайындау цехында 1968 жылдан бастап жұмыс істеді.
Клещенко Татьяна Ивановна, (Н. В. Карпунинаның қызы), дайындау цехының бригадирі. «Рахат»АҚ 2001 жылдан бастап жұмыс істейді.
Карпунина Анна Павловна, (Н. В. Карпунинаның келіні), кондитерлік өнімдерді дайындаушы, № 1 кәмпит цехы. «Рахат» АҚ 2003 жылдан бастап жұмыс істейді.
Гельфанова Зора Амреевна, ирис цехының санитарлық пост жұмыскері. Алматы кондитер фабрикасында 1971 жылдан бастап жұмыс істейді.
Гельфанов Наиль Камилович, электр цехындағы қуат беру учаскесінің аккумуляторшысы. Алматы кондитер фабрикасында 1974 жылдан бастап жұмыс істейді.
Зарецкая Елена Васильевна, кондитерлік өнімдерді
дайындаушы,
Макарова Ольга Петровна, кондитерлік өнімдерді дайындаушы, № 2 карамель цехы. Алматы кондитер фабрикасында 1975 жылдан бастап жұмыс істейді.
Зайнуллина Марина Валерьевна (О. П. Макарованың қызы), дайындау цехында ауысым бастығының орынбасары. «Рахат»АҚ 2001 жылдан бастап жұмыс істейді.
Зинченко Евдокия Григорьевна, зейнеткер, Алматы кондитер фабрикасының карамель цехында 1975 жылдан бастап жұмыс істеді.
Махлай Людмила Борисовна, (Е. Г. Зинченконың қызы), кондитерлік өнімдерді дайындаушы, № 2 карамель цехы. «Рахат» АҚ 1994 жылдан бастап жұмыс істейді.
Махлай Екатерина Петровна (Л. Б. Махлайдың қызы), кондитерлік өнімдерді дайындаушы, № 2 карамель цехы. «Рахат»АҚ2010жылдан бастап жұмыс істейді.
Саяпина Людмила Николаевна, лифтер, лифт шаруашылығы. Алматы кондитер фабрикасында 1976 жылдан бастап жұмыс істейді.
Саяпина Елена Николаевна (Л.Н.Саяпинаның қызы), қаптама материалдарын дайындаушы, ҚМЦ. «Рахат» АҚ 2004 жылдан бастап жұмыс істейді.
Маликов Александр Михайлович,электр цехының кезекші электригі. Алматы кондитер фабрикасында 1977 жылдан бастап жұмыс істейді.
Маликова Ирина Викторовна, лифтёр, лифтшаруашылығы. Алматы кондитер фабрикасында 1984 жылдан бастап жұмыс істейді.
Стародумова Любовь Александровна, зейнеткер (А. В.Стародумованың анасы), Алматы кондитер фабрикасының кәмпит цехында 1977 жылдан бастап жұмыс істеді.
Стародумова Анжела Вячеславовна, лифтер, лифтшаруашылығы, (Л. А.Стародумованың қызы).«Рахат»АҚ 2000 жылдан бастап жұмыс істейді.
Абдуллаева Арзигуль Кахаровна, кондитерлік өнімдерді дайындаушы, дайындау цехы. Алматы кондитер фабрикасында 1978 ж. бастап жұмыс істейді. Абдуллаев Дильшат Турсунжанович (А.К. Абдуллаеваның ұлы), АЖҚ жетекші инженері. «Рахат» АҚ 2006 ж. бастап жұмыс істейді.
Ибрагимова Гульмира Турсунжановна (А.К. Абдуллаеваның қызы), материалдық топтың есепшісі. «Рахат» АҚ 2008 ж.бастап жұмыс істейді.
Теплинская Наталья Владимировна, бисквит цехындағы вафли пешінің операторы.Алматыкондитер фабрикасында1980жылданбастап жұмыс істейді.
Очкур Валентина Романовна (Н.В. Теплинскаяның қызы), дайындау цехының 340-І және 340-ІІ желілерінің бригадирі және операторы. «Рахат» АҚ 2002 жылдан бастап жұмыс істейді.
Иванова Римма Михайловна, № 1 шоколад цехының бригадирі. Алматы кондитер фабрикасында 1981 ж. бастап жұмыс істейді.
Рафалович Анатолий Георгиевич (Р.М. Иванованың жұбайы), желдету учаскесінің кезекші слесарі. Алматы кондитер фабрикасында 1988 жылдан бастап жұмыс істейді.
Розиева Разиябиби Хайруллаевна, дайындау цехының бригадирі. «Рахат» АҚ 1981 жылдан бастап жұмыс істейді.
Абулкаров Мухидин Хайруллаевич (Р. Х. Розиеваның інісі), № 1 кәмпит цехының слесарі. «Рахат» АҚ 1998 жылдан бастап жұмыс істейді.
Розиева Гухарбуви Ашимжановна, кондитерлік өнімдерді дайындаушы, дайындау цехы (Р.Х. Розиеваның қызы). «Рахат» АҚ 1999 жылдан бастап жұмыс істейді. Палтуева Гохарбанум Акрамовна, кондитерлік өнімдерді дайындаушы, дайындау цехы (Р.Х. Розиеваның келіні). «Рахат» АҚ 1999 жылдан бастап жұмыс істейді.
Выходцев Владимир Алексеевич, көтерме-көлік құрылғылары учаскесінің бастығы. Алматы кондитер фабрикасында 1981 жылдан бастап жұмыс істейді.
Выходцев Анатолий Алексеевич, (В. А. Выходцевтің інісі), слесарь-жөндеуші, ирис цехы. «Рахат» АҚ 1993 жылдан бастап жұмыс істейді.
Выходцев Сергей Владимирович, лифт жөніндегі механик, (В.А. Выходцевтің ұлы). «Рахат» АҚ 2004 жылдан бастап жұмыс істейді.
Ляблин Игорь Федорович, № 1 шоколад цехының слесарьлар бригадирі. Алматы кондитер фабрикасында 1987 жылдан бастап жұмыс істейді.
Ляблина Мария Игоревна (И.Ф. Ляблиннің қызы), № 2 кәмпит цехының ауысым бастығы. «Рахат» АҚ 2000 жылдан бастап жұмыс істейді.
Исмагулова Марзия Сыдыковна, гардеробшылар бригадирі, ӘШБ. Алматы кондитер фабрикасында 1988 жылдан бастап жұмыс істейді.
Издибаев Ренат Болатович, (М. С. Исмагулованың ұлы), өндірісті автоматтандыру бөлімінің инженер – пневматигі. «Рахат» АҚ 2004 жылдан бастап жұмыс істейді.
Издибаева Лаззат Болатовна, (М. С. Исмагулованың қызы), кондитерлік өнімдерді дайындаушы, ирис цехы. «Рахат» АҚ 2004жылдан бастап жұмыс істейді.
Станова Гулнур Куанышбековна, (М. С.Исмагулованың келіні),бисквит цехында кондитерлік өнімдерді дайындаушы. «Рахат»АҚ 2004жылдан бастап жұмыс істейді.
Келлер Людмила Геннадьевна, лифтшаруашылығы, лифтер.
«Рахат» АҚ 1993 жылдан бастап жұмыс істейді.
Келлер Эдуард Эрихович, № 1 карамель цехының механигі, (Л. Г. Келлердің ұлы). «Рахат» АҚ 2000 жылдан бастап жұмыс істейді.
Коновалова Зоя Николаевна, кондитерлік өнімдерді дайындаушы, дайындау цехы. «Рахат» АҚ 1996 жылдан бастап жұмыс істейді.
Коновалова Елена Юрьевна, (З. Н.Коновалованың қызы).кондитерлік өнімдерді дайындаушы,№ 1шоколадцехы. «Рахат» АҚ2000 жылдан бастап жұмыс істейді.
Зиборова Татьяна Васильевна (Е.С.Русяеваның қызы),кондитерлік өнімдерді дайындаушы,№ 1карамель цехы. «Рахат» АҚ 1998 жылдан бастап жұмыс істейді.
Русяева Елена Сергеевна (О.Н.Цилькенің әпкесіжәне Т. В.Зиборованың анасы), кондитерлік өнімдерді дайындаушы, №1карамель цехы. «Рахат» АҚ 1999 жылдан бастап жұмыс істейді.
Цильке Оксана Николаевна (О. В. Морозованың анасы)кондитерлік өнімдерді дайындаушы, №1 карамель цехы. «Рахат» АҚ 2000 жылдан бастап жұмыс істейді.
Зиборов Дмитрий Николаевич (Т. В. Зиборованың жұбайы және Е.С. Русяеваның күйеу баласы), № 1 шоколад цехында слесарь баптаушы. «Рахат» АҚ 2000 жылдан бастап жұмыс істейді.
Морозова Олеся Валерьевна, кондитерлік өнімдерді дайындаушы, №1 карамель цехы. «Рахат» АҚ 2009 жылдан бастап жұмыс істейді.
«Рахат-Шымкент» кондитерлік фабрикасы жылына 14 мың тоннадан астам тәтті өнім шығарады. Кәсіпорында карамелдің 14 түрі, зефирдің екі түрі, печенье мен вафлидің бірнеше түрі өндіріледі, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
Фабрика жұмысын 2001 жылы
бастаған. Ол кезде өндірісті жарақтандыру
үшін Шымкентке неміс, украина, итальян
жабдықтары жеткізілді. Барлық өндірілген өнімдердің рецептурасын
Алматыда орналасқан бас кәсіпорынның
мамандары әзірлейді.
«Қазіргі таңда бiздiң кәсiпорынның бисквитті,
карамель-зефирлі және өзге де қосалқы
цехтары бар. Фабрикада 600-ден астам адам
еңбек етедi. Ұжым өте еңбекқор. Жас мандарымыз
көп. Бiз профилдi ЖОО-лармен және кәсiби
лицейлермен тығыз жұмыс iстеймiз. Осы
оқу орындарының көптеген студенттерi
бiздiң кәсiпорында тәжiрибеден өтіп, кейіннен
бізге келіп жұмысқа тұрады», - дейді өндіріс
бастығы Рахия Қадырова.
Кәсіпорын басшылығы фабриканың өнімі
жоғары сапасымен ерекшеленіп, барлық
стандарттар мен талаптарға сәйкес келуі
үшін өндірісті тұрақты қадағалап отырады.
Сондықтан да «Рахат-Шымкент» ЖШС-ның
кәмпит-печеньелері Оңтүстік Қазақстан
облысымен қатар еліміздің басқа өңірлерінде
де үлкен сұранысқа ие.
«Рахат-Шымкент» ЖШС қаланың шетінде үйлердің арасында орналасқан. Үлкен жазуы болмаса, мұнда шымкенттіктердің мақтанышына айналған кәсіпорын барын байқамайсың да.
Кәсіпорын қызметкерлері 4 қабатты мекеменің тыныс-тіршілігімен жергілікті БАҚ өкілдерін таныстырды.Тіл үйірер кәмпит, вафли, печенье, зефир жасап шығаратын мекемеге саяхат жүргізбес бұрын журналисттерге ақ халат пен орамал берілді.
Бұл кәсіпорын қосымша өндіріс алаңын ұйымдастыру мақсатында 2000 жылы Шымкент қ. «Рахат-Шымкент» ЖШС құрылған болатын. Кәсіпорын 30 дан астам атауы бар 4 түрлі: карамель, зефир, печенье және вафли өндіреді. Ол — диабетпен ауыратын адамдарға арнап арнайы өнім шығаруды меңгерген Қазақстандағы жалғыз кәсіпорын. Мәселен, мына бисквит цехі сағатына 9000 келі, тәулігіне 24 тонна өнім дайындайды. Бұрын өлшеп сатылатын өнiмдер көп болатын. Бүгінде қағазға орап шығарылатын печеньелер дайындау қолға алынған екен.
«Рахат Шымкент» АҚ-да 600-ге тарта адам жұмыс жасайды. Жұмыс үш ауысымда ұйымдастырылған. Барлығы автоматты жүйеде. Бір жерде қамыр иленіп, бірінде печенье кесіліп, вафлиге крем құйылуда.
Вафли өндiру жұмысымен
де таныстық. Мұнда сағатына 360 келi
өнiм шығарылады. 18 адам жұмыс iстейдi,
қасында бiр слесарі бар.
Екінші қабатта түрлі-түсті, шоколадты кәмпиттер жасалуда. Карамельдің 14 түрі өндіріледі: жеміс-жидекті, глазурлі кәмпиттердің сағатына 465-580 келісі өндіріледі.
Көздің жауын алар зефир дайындайтын цехта ақ-қазыл, шоколадты зефирдің екі түрі дайындалады. Бұл цех қыркүйекте енді іске қосылыпты. Өнім жаз айларында еріп кететіндіктен тек салқында ғана өндіріледі.
«Рахат-Шымкент» ЖШС-нің өз қоймасы бар. Оған 100 тонна дайын өнім сақтауға болады. Фабрика былтыр 14 мың тонна кондитерлік өнім шығарған.
Кондитерлер қауымдастығының деректері
бойынша 2005 жылдың қаңтарынан бастап шілде
айына дейін қорғайтын баждар
қолданылған уақытта отандық
фабрикалар өзінің өнім өндірісін 40%-ға,
ал кейбір санаттар бойынша екі немесе
үш есеге дейін арттырды, сол кезеңде арзан
шетелдік карамельдің импорты 70%-ға, шоколадтың
импорты 50%-ға төмендеген болатын. Кондитерлік
өнімді сатудан алынған қаражат желілерді
қайта жаңартуға, өндірісті кеңейтуге
жұмсалды.
Келтірілген кестеден өнеркәсіптік өндірістің
жалпы көлемінде тамақ өнеркәсібі үлесінің
төмендеуіне дайын тамақ өнімінің импорты
үлесінің ұлғайғаны себеп болғаны байқалады.
Мәселен, ҚР Статистика агенттігінің деректеріне
сәйкес осы тауарлар тобының импорты 2003
жылдағы 611,1 млн. АҚШ долларынан 2006 жылы
1082, 6 млн. АҚШ долларына дейін ұлғайды.
Соңғы төрт жылда азық-түлік импорты оның
экспорт көлемімен салыстырғанда барынша
көп, яғни 6,5 есе асқаны атап өтілді.
Қазақстанды географиялық жағынан үш
бөлікке шартты түрде бөлуге болады:
Солтүстік-Шығыс Қазақстан. Оған Астана,
Ақтөбе, Орал, Қарағанды, Павлодар, Қостанай
қалалары кіреді. Өңірдің халқы ертеден
бастап Ресейдің өңірлерімен араласады.
Каспий өңіріне Ақтау және Атырау қалалары
кіреді. Бұл өңір мұнай және газ кен орындарына
жақын орналасуына байланысты, Қазақстанның
ең қарқынды дамып келе жатқан өңірі.
Оңтүстік Қазақстан өңіріне Алматы және
Шымкент қалалары кіреді. Шымкенттің географиялық
жағынан тиімді орналасуына орай, осы
қаланы тауарды Өзбекстанға жылжытуды
ұйымдастырудағы аралық буын ретінде
қарастыруға болады.
Бүгінгі күні кондитерлік өнім өндіретін
индустрия нақты көлемі бойынша да, құндық
мағынасы бойынша да өсіп келеді.
Тәтті өнімге сұраныс артқан сайын әлемдік
кондитерлік өнім нарығы жылдан-жылға
өркендеп өсіп келеді. АҚШ, Ұлыбритания,
Германия, Бельгия сияқты елдерде кондитерлік
өнім нарығы молығып, осының нәтижесінде
соңғы жылдары статикалық (тең қалыпты)
жағдай қалыптасты. Шығыс Еуропаның, Латын
Америкасының, Үндістан мен Қытайдың нарықтары
қарқынды дамып келеді. Еуропа шоколадтық
кондитерлік өнімдердің ең ірі нарығы
болып қалып отыр. Маркетингтік-талдамалы
зерттеу орталығы (МТЗО) сарапшыларының
деректері бойынша Данияның халқы жыл
сайын жан басына шаққанда 21,8 кг тәтті,
ирландтықтар – 26,6 кг, Нидерландтардың
тұрғындары –25,3 кг, бельгиялықтар – 23
кг тәтті жейді екен. Салыстыру үшін айтатын
болсақ, орташа статистикалық американдық
жылына бар-жоғы 7 кг кондитерлік өнім
тұтынады.
Жер шарының айтарлықтай бөлігінің салауатты
өмір салтына ұмтылысы кондитерлік өнім
өндірушілерді жаңалық әзірлеуге мәжбүр
еткенін атап өту қажет.
Негізгі өндірістің шоғырлануы әлемдік
кондитерлік өнім нарығы ерекшелігінің
бірі болып табылады.
Зерттеу кезінде қазақстандық кондитер
нарығының келесі ерекшелігі, яғни елордада
және жалпы солтүстік өңірлерде тұтынушылар
еуропалық және ресейлік жаңа өнімдерді
қабылдауға даяр болса, Алматы қаласының
нарығы өзінің дәстүрлі үйренген өнімін
таңдайтыны белгілі болды.
Қазақстанда кондитерлік өнім өндірумен
200-ден асатын кәсіпорын айналысады, алайда
негізінен нарыққа «Рахат» АҚ, «Қарағанды
кәмпиттері» АҚ, «Баян сұлу» АҚ (Қостанай),
Ақтөбе кондитерлік фабрикасы, «Волна»
кондитерлік фабрикасы (Ақтау) ықпал етеді.
ҚР Қаржы министрлігі Кеден комитетінің
деректері бойынша 2006 жылдың бірінші жарты
жылында тек Ресейден ғана Қазақстанға
31 111 мың АҚШ долларының 8650 тонна шоколады
және 34 930 мың АҚШ долларының 20 050 тонна
печеньесі жеткізілді. Қазақстан өз тарапынан
Ресейге 9,9 мың доллардың 3,2 тонна шоколады
және 874,7 мың доллардың 726,4 тонна печеньесін
экспорттады. Сөйтіп, импорт экспорттан
6 есеге жуық артады.
Сол себептен қазақстандық кондитерлік
сала үшін импорт мәселесі өзекті мәселе
болып табылады. 1990 жылдардың соңынан
– 2000 жылдардың басынан бастап отандық
кәсіпорындар дағдарыстан енді шыға бастағанда
біздің кондитерлік нарыққа украиндық
және ресейлік өндірушілердің өнімі молынан
түсе бастады, 2000-2003 жылдар аралығында
импорттың көлемі 10 есеге, ал кейбір өнім
түрлері бойынша 20 есеге де ұлғайды. 2005
жылдың қаңтарынан бастап кондитерлік
тауардың бірнеше түрін әкелуге көтеріңкі
кеден бажы енгізілді.
Батыс елдердің көрсеткіштерімен салыстырғанда
қазақстандық тұтынушылар кондитерлік
өнімді аз тұтынады, ал екінші жағынан
Қазақстан нан және нан-тоқаш өнімін тұтыну
жөнінде көшті бастап, Германияның көрсеткішінен
– 53%-ға, Франциядан – 45%-ға асады.
Алматы қаласы бойынша жүргізілген зерттеулер
тұрмысы төмен халықтың жиынтық өнім бюджетінің
9,7% кондитерлік өнімге жұмсалатыны және
кірісі жоғары халықтың тобы бюджеттің
15,6%-ын, сондай-ақ нан мен нан-тоқаш өніміне
бюджеттің тиісінше 21,2% және 12,4%-ын жұмсайтынын
көрсетті.
Нарықта негізінен ұннан жасалған кондитерлік
өнім ең көп ұсынылады, оның 30%-ы қант қосылған
кондитерлік өнім мен карамель, тек 16%-ғана
шоколад пен шоколад өнімі. Қант қосылған
кондитерлік өнім негізінен жақын шетелден
жеткізіледі, керісінше шоколад өнімі
алыс шетелден, ұннан жасалған кондитерлік
өнім алыс және жақын шетелден тең пропорцияда
келіп түседі.
Бәсекелік ортаны зерттегенде маркетингтік
зерттеулер жүргізіледі, кәсіпорындардың
өндірістік қызметі осы нәтижелерге негізделеді.
Нарық сарапшыларының көпшілігі, әсіресе
отандық өндірушілердің кондитерлік өнімдерінің
сапасының жақсаратынын болжайды. Қазірдің
өзінде тұтынушылардың отандық өнімді
таңдайтыны байқалады. Кондитерлік өнімді
өндірушілердің маркетингтік белсенділігі
де дамып келеді.
Батыс компаниялары негізінен шоколад
шығаруға (карамельден немесе печеньеден
қымбат әрі пайдалы) басымдық береді, сондай-ақ
өздерінің белгілерін жылжытуға инвестиция
салуды дұрыс деп санайды. Осы тұрғыдан
«Рахат» кондитерлік фабрикасының стратегиясы
қызығушылық тудырады. Аталмыш фабрика
ұлттық кондитерлік белгі жасауды жоспарлап
отыр. Компанияның осы стратегиясы оған
келешекте нарықтың көшбасшысы Nestle-ге
жетуге мүмкіндік беруі ықтимал.
Өнім өндіру мен оны сату бойынша «Рахат»
кондитерлік фабрикасы көп жылдар бойы
көш бастап келеді. Ол жылына 52 мың тонна
тәтті тағам шығарады, екінші орында «Баян
сұлу» фабрикасы – 23 мың тонна, Қарағанды
фабрикасы – 11 мың тонна және Ақтөбе кондитерлік
фабрикасы – жылына 3 мыңға жуық тәтті
өнім шығарады.
Тамақ өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін
бағалағанда Қазақстанда тамақ өнімін
өндіруге жұмсалатын шығын осы өнімді
әлемдік өндірушілердің жұмсайтын шығынымен
салыстырылып талданды. Кондитерлік өнім
өндірісі секторында жұмсалатын шығынды
салыстырғанда Қазақстанның кондитерлік
өнім өндірушілері арзан жұмыс күшін пайдаланатыны
және олардың қосалқы шығысы да төмен
екені байқалды. Отандық кәсіпорындардың
өнім өндіруге және оны өткізуге жұмсайтын
шығынының жоғары болу себептерін кәсіпорын
деңгейінде толық талдап анықтау қажет.
2008 жылы кондитерлік өнім өндірісі 2003
жылмен салыстырғанда 54%-ға ұлғайды. Жетістік
нарықта бұрынғыдай импорт өнімдерінің
үлесі өте жоғары болып сақталса да, тұтынушылар
отандық өнімдерге сұранысының артуымен
байланысты. Осыдан отандық компаниялардың
өндірістік әлеуетінің жоғары екені көрінеді.
Пайдаланылатын шикізаттың 60%-ы импорттық
болуы кондитерлік саланың жағдайын күрделендіреді.
Осы кезеңде теңгенің құнсыздануына байланысты
кәсіпорындардың айналым қаражаты бірнеше
есеге қысқарды, сондай-ақ кәсіпорындар
шетелдік жеткізушілерге шикізат үшін
берешек болып қалды, шикізатты кредитке
жеткізу де тоқтатылды.
Кондитерлік өнім ең қажетті тауар болмаса
да халықтың кірісінің деңгейі мен экономиканың
ахуалына қарамастан оны тұтыну көлемі
белгіленген аз мөлшерден төмендемейді.
Халықтың кірісінің артуы тұтыну құрылымына
ғана ықпал етеді, табысы молайған адамдар
арзан кондитерлік өнімді тұтынудан гөрі
қымбат өнімді көп сатып ала бастайды.
Сондықтан кондитерлік өнімнің әр алуан
түрін шығаруға маманданған кондитерлік
кәсіпорындар тиімді жұмыс істейді.
Шығарылатын өнім көлемінің өсу қарқынының
біршама бәсеңдегенін ескере отырып, авторлар
кондитерлік нарық монополистіктен олигополистікке
қарай жылжитынын, сондай-ақ нарықтың
молығатынын, оған жаңа өндірушілердің
кіруі шектелетінін болжайды. Бәсекелестіктің
монополиялық сипаты кәсіпорынды тиісті
таңдау жасауға мәжбүрлейді, яғни ол жаңа
өнім жасауға немесе нарыққа бейімделуге
тиіс болады. Осы мәселеге қатысты келесі
үш нұсқаны қарастыруға болады:
а) жаңа өнім, технология, өткізу, қызмет
көрсету, жарнама әдісін құру;
ә) жаңа өнім жасағандардың нәтижелерін
барынша аз мерзімде және барынша аз шығынмен
көшірмелеу;
б) қол жеткен жетістіктерді өнімнің сапасын
жақсарту, өнімнің түрін өзгерту және
т.б. арқылы барынша ұзақ уақыт бойы қолдап
сақтау.
Кәсіпорын нарықтың түрі мен өзінің бәсекелік
жағдайына орай даму стратегиясын таңдайды.
Ол келесі ықтимал стратегиялардың келесі
түрлерін қолдана алады:
а) тұрақтылық стратегиясы (ірі кәсіпорындарға
қолдануға болады, бизнестің қазіргі кезде
қолданылатын бағыттарын ұстануды, мемлекеттің
қысымын төмендетуді және т.б. білдіреді);
ә) өсу стратегиясы (кәсіпорынның көбінесе
жаңа нарықты басып алу арқылы дамуы, сатылас
және деңгейлес стратегия кіреді);
б) фирманың тіршілік етуіне қауіп төнгенде
қолданылатын қысқарту стратегиясы. Осы
стратегияның түрлеріне – өркендеу стратегиясы
(пайдасыз өнім шығарудан бас тарту, кадр
саясатындағы өзгерістер, ресурстарды
пайдалануда тиімді жолдарды іздестіру
және т.б.), бөліну стратегиясы (қайсы бір
іскерлік бірліктен бас тарту немесе оны
бөлу), тарату стратегиясы (банкрот болғанда
құрту және арзанға сату).
Біздіңше, фирмалардың бәсекелік артықшылықтарға
қол жеткізу отандық нарықта өршіп келе
жатқан бәсекелестік жағдайында олардың
негізгі міндеті болуы тиіс. Алайда, іс
жүзінде бұл проблеманың теориялық негіздерін
зерделеуге мән бермейді. Мақсатқа қол
жеткізу үшін бәсекелік артықшылықтардың
көзін тауып, оларды талдау қажет.
Бұл үшін бәсекелестердің өнім өндірісіне
және оны өткізу арналарына қатысты стратегиясын,
баға саясатындағы, жарнама саласындағы
стратегияларын әрі сатып алу жағдайы
мен өндіріс жағдайын зерделеу қажет.
Батыс компаниялары осы заманғы маркетингтік
зерттеу әдісін қолдана отырып, тұтынушылар,
нарық, сұраныс және оның параметрлері
туралы білу жолымен елеулі бәсекелік
артықшылыққа ие болуды дәстүрге айналдырған.
Қазақстанның кондитер кәсіпорындарының
және бәсекелестерінің қызметін талдау
олардың бәсекелік артықшылықтары мен
осал жақтарын сипаттауға мүмкіндік берді
(3-кесте).
3-кесте. Кондитер өнімдерінің Қазақстан
нарығындағы бәсекелестердің қызметін
талдау
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
| |||
Талдау жүргізілген барлық кәсіпорында
қуаттылығы шамамен бірдей (қуаттылығы
20 пайызға артық қарағандылық кәсіпорыннан
өзгесі) ұқсас жабдықтар бар, негізінен
бірдей өнім өндіреді. Осы аталған кәсіпорындар
бұрын мемлекеттің қарауында болса, қазіргі
уақытта меншік түрін өзгертіп, жекеше
кәсіпорынға айналған. Кәсіпорындар қаражаттың
жетіспеушілігінен техникалық жағынан
жеткілікті жарақтандырылмай әрі жаңғыртылмай
отыр.
Негізгі бәсекелестері – ресейлік өндірушілер:
олар өндірген тауар жергілікті кәсіпорындармен
салыстырғанда сапасы мен бағасы жағынан
және орамы бойынша әлдеқайда бәсекеге
жарамды. Олардың негізгілері: Мәскеу
– «Красный Октябрь» ОДО, «Рот-Фронт»
ААҚ, «Бабаевский» концерні, Санкт-Петербург
– «Азарт» ААҚ, құрамына «Конфи» (Екатеринбург),
«Волжанка» (Ульяновск) ашық акционерлік
қоғамдары және «Кондитер» (Новосибирск)
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
кіретін «Сладко» кондитерлік бірлестігі.
Сондай-ақ еліміздегі нарықта Түркиядан,
Германиядан, Швейцариядан, Финляндиядан,
Австриядан әкелінген, мүлдем жаңа технология
бойынша өндірілген тауарлар да бәсекелестікке
түсіп отыр.
Қазіргі уақытта «Рахат» АҚ-ның позициясы
мықты, ол бәсекелестерінің алдында бірқатар
бәсекелік артықшылықтарға ие. Отандық
кәсіпорындардың ішінде онымен иық теңестіре
алатындай кәсіпорын жоқ десе де болады,
өйткені өзінің бұрыннан қалыптасқан
өткізу нарығы бар. Басқаларынан айрықша
жері – «Рахат» АҚ импорттық тауарлардың
тек жақсы жақтарын ғана алады және жергілікті
шикізат пен материалдарды пайдаланады.
Бұл оның кондитерлік өнімдерінің сапасын
жақсартып отыр. Оның сауда маркалары
тұтынушыларға кеңінен танымал, кәсіпорынның
іскерлік беделі тұрақты және дестрибьютерлік
желісі кең.
«Қарағанды кәмпиттері» АҚ-ның бәсекелік
артықшылықтарының бірі – кәсіпорында
кондитерлік өнімдердің жаңа түрлерін
және көп қатпарлы шоколад өнімдерін өндіретін,
осы заманғы технологиямен жұмыс істейтін
экструдерлік цех бар. Кәсіпорын өндіретін
үлпілдек тәтті тағамдар, қытырлақ, кептірілген
ертеңгілік тағамдар, сондай-ақ көп қатпарлы
шоколад өнімдері мен өзге де кәмпиттер
нарықта белгілі бір сұранысқа ие. Кәсіпорын
осы бағытта әр түрлі маркетингтік стратегияларды
пайдалана отырып, өзінің бәсекелік артықшылықтарын
одан әрі дамытуы тиіс.
«Баян сұлу» АҚ-ның бәсекелік артықшылықтарына
тоқталмастан бұрын, ең алдымен айтарымыз:
осы кәсіпорын өндірген өнімдердің сапасы
жалпы алғанда жақсарып келеді. Оның негізгі
бәсекелік артықшылығы – өндірісте натуралды
шикізат түрлері мен компоненттерін пайдаланады.
Зерттеу көрсеткендей, отандық кондитер
кәсіпорындары негізінен арзан жұмысшы
күші мен шикізат сияқты төменгі дәрежедегі
артықшылықтарға ғана ие: жоғары дәрежедегі
артықшылықтарға қол жеткізу едәуір инвестицияны
қажет етеді. Сол себепті компаниялар
қаражаттың жетіспеушілігінен олардың
барлығын пайдалана алмайды. Жаңа технологиялар
енгізіліп жатыр, алайда тағы да сол қаржының
жетіспеушілігінен олардың барлығын осы
заманғы технологиямен ауыстырудың сәті
түспей тұр.
Осы кондитерлік кәсіпорындардың экономикалық
тұрақтылығын талдау барысында олардың
бірқатар қаржы-экономикалық ерекшеліктері
анықталды. 2007 жылы 11 мың тоннаға өндірістік
қуаты күрт төмендеді, бұл көрсеткіш 2006
жылмен салыстырғанда 90,83%-ды құрады. Кәсіпорындарда
іске қосылған өндірістік қуаттардың
саны 50%-дан төмендеді. Ең күрделі жағдай
қуаты 10 тоннадан аз шағын кондитерлік
фабрикаларда қалыптасқан, ол жерде жабдықтың
тек 10%-ы ғана жұмыс істейді. Кондитерлік
кәсіпорындардың дамуының проблемаларын
талдаудан осы кәсіпорындардың көпшілігі
инвестициялауды қажет ететіні көрінеді.
Жүргізілген зерттеудің нәтижелері көрсеткендей
республикада кондитерлік өнім нарығының
дамуының оң үрдістеріне қарамастан егжей-тегежейлі
талдап шешуді қажет ететін бірқатар өзекті
факторлар жоқ емес. Осы факторларға мыналарды
жатқызуға болады:
а) кіріс деңгейі мен баға саясатындағы
айырмашылыққа байланысты тұтынушылардың
сұранысын әртараптандыру. Мәселен, 2005
жылмен салыстырғанда 2007 жылы шоколад,
шоколад пен қанттан жасалған өнімдер
бойынша бөлшек тауар айналымының көлемі
26,2%-ға, 2006 жылмен салыстырғанда 15,1%-ға
ғана ұлғайды. Өнеркәсіп саласы кәсіпорындарының
бағасы 2007 жылы 12,4%-ға, ал сусынды қоса
алғанда тамақ өнімінің бағалары 29,5%-ға,
оның ішінде шоколад пен қант қосылған
кондитерлік өнімнің бағалары 13%-ға ұлғайды;
ә) өңірлік сәйкессіздіктер. Облыстар
үш топқа бөлінеді, оның ішінде кондитерлік
өндіріс дамымаған деп айтуға болатын
облыстардың бірінші тобы (Ақмола, Жамбыл
облыстары мен Астана қаласы). Екінші топқа
шамалы ғана және нарықтың кондитерлік
өнімге қажеттілігін қамтамасыз етпейтін
облыстар кіреді (Ақтөбе, Алматы, Шығыс
Қазақстан, Оңтүстік және Солтүстік Қазақстан
облыстары). Үшінші топқа ірі өндірістер
бар және 2007 жылы өндірістің жалпы көлемінде
өнімнің жиынтық көлемі 94,8%-ды құраған
облыстар кіреді (Алматы қаласы, Қарағанды
және Қостанай облыстары).
Бәсекелік ортаны талдау нәтижесінде
стратегиялық топтар картасын салыстыру
әдісін пайдалана отырып, шоколад өнімін
негізгі өндірушілердің нарықтың үлесі
мен өнім түрінің кеңдігі бойынша бәсекелестердің
келесі үш тобын жеке бөліп айтуға болады.
Бірінші топқа нарықтағы көшбасшылар
– Қазақстан аумағындағы шетелдік кәсіпорындар;
екінші топқа бәсекелестік жайғасымы
күшті ең белгілі отандық өндірушілер;
үшінші топқа – бәсекелестік жайғасымы
нашар отандық өндірушілер кіреді. Әрбір
белгіленген стратегиялық топқа ең тиімді
бәсекелестік стратегиялар ұсынылады.
Бәсекелестік жайғасымы нашар отандық
кәсіпорындарға:
а) арзан немесе бірегей өніммен жұмыс
істеуге;
ә) әртараптандырудың жаңа әдістерін пайдалануға;
б) сату көлемін, нарықтың үлесін, пайдалылықты,
қол жеткізілген бәсекелестік жайғасымды
сақтап қолдауға;
в) қысқа мерзімде пайда алу және қаражаттың
жылдам түсуін қамтамасыз ету мақсатында
бизнесті қайта инвестициялауға негізделетін
стратегиялар ұсынылады.
Бәсекелестік жайғасымы күшті кәсіпорындардың
екінші тобы нарықта күресу үшін:
а) саланың көшбасшылар ерекше назар аудармайтын
нарықтағы бос жайғасымды іздестіру;
ә) халықтың нақты тобының қажеттілігіне
ерекше назар аудару, сатып алушылар жоғары
бағалайтын қызметтің арнайы түрлерін
дамыту;
б) әртараптандыру мен бөлшектеу стратегияларын
ұштастырудың арқасында тұтынушылардың
нақты топтарына жоғары сапалы өнімді
ұсынуға мүмкіндік беретін үздік тауар
өндіру;
в) көшбасшының артынан ілесу;
г) шағын фирмаларды басып алу – ұсақ кәсіпорындарды
біріктіру нәтижесінде өсу саясаты;
ғ) өнім өндіруші сатып алушылардың сана-сезімінде
тартымды бейнесін қалыптастыру арқылы
өнімді әртараптандыру стратегиясында
бәсекелестерге қарағанда артықшылық
алуға ықпал ететін айрықша имидж сомдау
қарастырылған стратегияларды таңдайды.
Көшбасшы кәсіпорындардың практикамен
расталған стратегиясы мен беделінің
болуына байланысты олар:
а) ілгері жылжу саясатын жалғастыруға;
ә) өздерінің жайғасымын сақтап қалуға;
б) бәсекелестерге ойдағыдай қарсы төтеп
беруге толық мүмкіндігі бар.
Автордың ойынша, шоколад нарығы кәсіпорындарының
топтары атап өтілген бәсекелестік стратегиясын
нақты өндірісте кәсіпорынның ішкі мүмкіндіктері
мен өзі жұмыс істейтін нарықтағы жағдайды
ескере отырып, өзінің бәсекелестік жағдайын
нығайтып, бәсекеге қабілеттілігін арттыру
үшін іске асыра алады.
Компания бәсекелестік жағдайында тіршілік
етіп ойдағыдай даму үшін нарықтағы барлық
өзгерістерді, яғни тұтынушылардың талаптарын,
бағалардың арақатынасын, сондай-ақ жаңа
өнімдердің жасалуын, дистрибьюторлық
желіге жаңа элементтердің енгізілуін
қадағалауға тиіс.
Өнім қоржынын қалыптастыру мен талдауды,
сондай-ақ функционалдық стратегияларды
анықтауды стратегиялық келешекті ескеріп
іске асыру қажет.
Алдымен бұл үшін сыртқы ортаны (бәсекелестерді,
жеткізушілерді, тұтынушыларды, зерттеу,
PEST-талдау және т.б.), содан кейін қолданыстағы
жайғасымды және кәсіпорынның мүмкіндіктерін
(техникалық, технологиялық, қаржы, шикізаттық
және т.б.) талдау, келесі кезеңде – SWOT-талдауды,
басқаша айтқанда бастапқы стратегиялық
талдаудың матрицасын қолдану қажет. Бұл
сыртқы және ішкі ортаның әр түрлі аспектілерінің
өзара іс-әрекет жасауын ескеруге және
компанияның дамуының оңтайлы стратегиясын
таңдауға көмектесетін ең қарапайым әрі
қол жеткізімді әдіс.
SWOT-талдау – кәсіпорын стратегиясын қалыптастырудың
ықтимал тәсілдемелерінің бірі ғана екенін
атап өткен орынды. Егер менеджер SWOT-талдаумен
қатар стратегиялық жоспарлаудың басқа
да әдістерін қолдануға әрекет жасаса
бұдан жақсы нәтиже алынады.
Бұл жағдайда біз «Рахат» АҚ стратегиясын
әзірлеуде SWOT-талдауды қолданудың негізгі
нәтижелерін қарастырамыз.
Осы компанияның өнімдерінің нарығы аумақтық
бөліну мен сауда түрі бойынша бөлінген:
а) Қазақстанның өңірлері (негізінен ірі
көтерме сауда);
ә) Алматы қаласы – (бөлшек сауда және
ірі көтерме сауда);
б) сауда желілері;
в) фирмалық сауда. Ол өз кезегінде «Рахат»
АҚ-ның дүкендерінде және фабрикамен франчайзинг
шартымен жұмыс істейтін дүкендердегі
сауда бөлінеді.
5-кесте – «Рахат» АҚ қызметінің салыстырмалы
қаржы көрсеткіштерінің нәтижесі келтірілген
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
| ||
Келтірілген деректер «Рахат» АҚ-ның
жағдайына елдегі және әлемдегі күрделі
макроэкономикалық ахуалдың өзгеруіне
байланысты дағдарыс кезеңінде экономикалық
жағына әсер еткені байқалды. Компанияның
2009 жылғы қаңтар-қазан аралығындағы сату
көлемі 1,1%-ға азайып, осы кезеңдегі таза
пайда 25%-ға төмендеді.
Қазіргі уақытта отандық кондитерлік
өнеркәсіпте кондитерлік өнім өндіруге
толықтай немесе ішанара маманданған
200-ден астам ірі және орташа кәсіпорын
жұмыс істейді. Мұның өзінде елімізде
90%-дан астам өнімді 3 компания, яғни «Рахат»
АҚ, «Баян сұлу» АҚ, «Қарағанды кәмпиттері»
АҚ шығарады.
Кондитерлік өнімді өндірушілердің арасынан
«Рахат» АҚ басты ішкі бәсекелестерін
атап өтсек, олар:
а) «Баян сұлу» АҚ – Қостанай қаласында
орналасқан, кондитерлік өнімнің 160-қа
жуық түрін шығарады. Өндірістік қуаты
30 мың тоннаны құрайды, 2002 жылы өндірістің
көлемі 11,4 мың тонна болды, бұл ішкі нарықтың
8%-дық үлесіне тең;
ә) «Қарағанды кәмпиттері» АҚ – Қарағанды
қаласында орналасқан, 160-тан астам кондитерлік
өнім түрін өндіреді, өндірістік қуаты
40 мың тоннадан асады. 2002 жылы кәсіпорын
9,4 мың тонна өнім шығарып, нарықтың 6%-ын
құрады.
Қазақстан нарығында 2007 жылы импорт өнімінің
үлесі 50%-дан асты және Ресей мен Украинаның
кондитерлік өнім өндірушілері отандық
өндірушілердің негізгі бәсекелесі болды.
Компанияның есебі бойынша «Рахат» АҚ
Қазақстан нарығының 65%-ын ұстап тұр, ал
Алматы қаласында компания нарығының
үлесі 75-80%-ды құрайды, мұнда әр адам 8,5
кг-ға жуық тәтті өнім тұтынады. Салыстыру
үшін айтатын болсақ, АҚШ-та жан басына
шаққанда әр адам 10 кг тәтті өнім тұтынады,
солтүстік еуропалық елдерде бұл көрсеткіш
жан басына шаққанда 20 кг-ға жетеді екен.
«Рахат» фабрикасын бәсекелестерімен
салыстырып, оның күшті және нашар жақтарын,
мүмкіндіктері мен қауіптерін қарастырайық
(6-кесте).
6-кесте. «Рахат» кондитерлік фабрикасын
SWOT-талдау
|
|
|
|
| |
Компанияның ұзақ мерзімді мақсаттарын
қарастыра отырып «Рахат» АҚ қолданыстағы
стратегиясына жалпы жан-жақты
өсу, атап айтқанда нарықтағы жайғасымды
күшейту стратегиясы деген анықтама
беруге болады.
Нәтижесінде ұсынылған әдістемелік тәсілдемені
қолданып:
а) бәсекеге қабілеттіліктің сыртқы факторларының
дамуын сапаның бағалау арқылы сипаттауға
(санын бағалау мүмкіндігі болмаған жағдайда);
ә) болжамдық ахуалды, болжанатын объектіні
егжей-тегжей сипаттамасын әзірлеуге;
б) бәсекеге қабілеттіліктің сыртқы және
ішкі факторларын анықтап бағалауға;
в) кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігіне
сыртқы ортадағы жағымсыз жағдайлардың
жасайтын ықпалын анықтауға;
г) болжанатын кезеңдегі бәсекеге қабілеттіліктің
елеулі факторларын анықтауға және шамалы
өзгеретін факторларды негізге алып (олардың
маңызын есептегенде) және осының негізінде
фабриканың бәсекеге қабілеттілігінің
дамуындағы басымдықтарын анықтауға;
ғ) басқарушылық шешімдер «Рахат» АҚ дамуына
болжанатын кезеңде қаншалықты ықпал
ететіні жөніндегі сұрақтарға жауап алуға
мүмкіндік береді.
Сөйтіп, сипатталған әдістемені қолдану
кәсіпорынның ұзақ мерзімді келешекте
бәсекелестік артықшылыққа жетуге күш-жігерін
бағыттау мақсатында бәсекеге қабілеттілікті
дамытудың бағытын анықтауға мүмкіндік
береді. Бұл үшін басымдықтарды таңдап,
нарық жағдайының даму үрдістеріне барынша
жоғары дәрежеде сәйкес келетін және кәсіпорын
қызметінің күшті жақтарын тамаша пайдалануға
мүмкіндік беретін стратегия әзірлеу
қажет.
Кондитерлік кәсіпорындардың бәсекеге
қабілеттілігіне ықпал ететін факторлардың
екі тобын жеке атауға болады:
а) тұтынушылардың қалауына, атап айтқанда,
тауардың бағасына, сапасына, инновацияға,
ұйымдастыру-коммерциялық жағдайларға,
сауда белгісінің имиджіне байланысты
олардың өніммен қанағаттану дәрежесі;
ә) кәсіпорынның экономикалық, қаржы, ғылыми-техникалық
және қор сипатындағы факторларға байланысты
бәсекелік мүмкіндіктер.
Сондықтан келтірілген көрсеткіштер топтарының
ауқымында кондитерлік өнімнің ерекшеліктерін
айқын көрсететін және кондитерлік кәсіпорындардың
бәсекеге қабілеттілігін арттырудың ұйымдастыру-экономикалық
механизмін әзірлегенде пайдаланылатын
көрсеткіштерді ұсынуды қажет деп санаймыз.
Кездейсоқ іріктеу әдісімен Алматы қаласының
16 азық-түлік дүкені таңдалды, олардың
ішінен респонденттердің тепе-тең саны
да кездейсоқ алынады. Іріктеудің ең аз
көлемі сенімгерлік аралық әдісінің негізінде
анықталып, 450 адам іріктелді. Зерттеу
барысында 550 респондентке сұрақ қойылды.
Сөйтіп, қазақстандық нарықта кондитерлік
өнімдерді жылжыту үшін өнім дәмінің сапасын
жақсарту, өнімнің тұтынушыға жылдам жетуді
қамтамасыз ету, бағамен айла жасау, сондай-ақ
өндірушінің танымалдық дәрежесін арттыру
мен оның өнімінің беделі сияқты тиімді
маркетингтік іс-шаралар іске асырылады.
Біздің ойымызша, бәсекеге қабілеттілікті
нарық жағдайының сапа сипаттамасы ғана
емес сан жағынан өлшенетін параметр ретінде
қарастыруға болады. Бәсекеге қабілеттілікті
бағалаудың ғылыми негізделген әдістемесін
әр түрлі өлшемдерді пайдалана отырып,
әр түрлі әдістермен құруға болады. Кәсіпорындардың
бәсекеге қабілеттілігін бағалау белгіленген
көрсеткіштердің жиынтығына негізделуге
тиіс, ал көрсеткіштердің құрамы басқару
субъектісін бағалаудың мақсаты мен қажеттілігіне
орай анықталады. Қайсы бір жеке өлшемге
басымдық беру қиын болғандықтан, бәсекеге
қабілеттілікті кешенді бағалаған орынды.
Бәсекеге қабілеттілікті кәсіпорынның
рейтингін әзірлеу негізінде бәсекеге
қабілеттілік факторларының жиынтық ықпалының
негізіндегі бәсекеге қабілеттілік құрамдастарының
жиынтық ықпалын ескере отырып бағалауға
болады. Осылай бағалау міндетті түрде
ресми есептілік деректеріне негізделуге
тиіс.
Біздің ойымызша, Қазақстанның кондитерлік
өнеркәсібінің жетекші кәсіпорындарын
рейтингтік бағалау үшін бәсекеге қабілеттілікті
салыстырмалы рейтингтік бағалау әдістемесін
ұсынуға болады.
«Рахат» АҚ мен оның негізгі бәсекелестерінің
рейтингтік сандарының мағыналары жалпы
да, сондай-ақ бәсекеге қабілеттіліктің
әрбір параметрі бойынша да анықталды
(7-кесте).
7-кесте. Қазақстанның кондитерлік саласы
кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігінің
интегралдық көрсеткішін аддитивтік жиынтықтау
әдісімен 2007 жылы есептелген мағыналары
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Алматы кондитер
фабрикасы ең алғашқы өнімін 1942 жылы
шығарды [4]. Москва және Харьковте ескіден
сақталған кондитер кәсіпорындарының
Алматыға көшіп келген технолог-мамандары
көп жылдық өндіріс мәдениетінің салт-дәстүрлерін,
ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып қалыптасқан
дағдыларын, тәтті тағам дайындайтын мамандардың
шеберлік құпияларын өздерімен бірге
ала келді. Жарты ғасырлық уақыт ішінде
осындай берік те, сенімді тұғырдың арқасында
фабрика ұжымы кондитерлік өнімдер тұтынушыларының
саналуан сұраныстарын қанағаттандыра
алатын қазіргі заманға сай өндіріс орнын
қалыптастырды.
,,Рахат” АҚ бұрынғы кондитер кәсіпорыны
ретінде Алматыда құрылған. Қазақстан
Республикасы өз алдына тәуелсіздік жариялауымен
бірге 1991 жылы егемендік алып, нарықтық
экономикаға көшіп, көптеген салаларға
өзгеріс жасады. Ал 1992 жылы кәсіпорын меншік
түрін өзгермеуімен айналысып, соңғы негізінде
еңбек коллективімен кәсіпорын жекешелендіру
жүргізіліп акционерлік қоғам құрылды.[5]
Ал 1994-1995 жылдары кәсіпорын жаңа және жаңартылған
құралдар мен техникалық қайта жабдықтау
жүргізілді. Кәсіпорын орналасқан өндіріс
көлемі 5,3 гектардан тұрады. Ал 1996 жылы
мемлекет экономикалық реттейтін заңдылық
жүйеде көптеген алға жылжулар басталып,
кәсіпорынның жұмысына жақсы әсерін тигізді.
Сонымен қатар, кәсіпорын ішінде де антикризистік
шаралар қабылдады. Соның нәтижесінде
1996 жылдың алғашқы айларында-ақ сату көлемі
бұрынғы жылдармен салыстырғанда 2,5 есе
өсті және бұл қарқын қазіргі уақатта
да байқалуда. Кәсіпорынның қызметінің
негізі- кондитерлік өнімдер өндіру және
оларды сату болып табылады.
Кәсіпорында 2000-нан астам адам жұмыс істейді.
Соның ішінде 300-ден аса мамандар мен инженер-техникалық
жұмыскерлер істейді. “Рахат”АҚ кондитерлік
тағамдардың шамамен барлық түрлерін
шағарады. Қазіргі уақытта “Рахат” АҚ-мы-170-тен
астам тауар түрін өндіреді.

- Рахманинов Сергей Васильевич (20. III 1873 - 28. III 1943)
- Рахман, Муджибур
- Рахова
- Рахунки бухгалтерського обліку, їх зміст та будова
- Рахунки типу ЛОРО та НОСТРО
- Рахункова палата
- Рахункова палата Укрвїни
- Рафаэль Санти
- Рафаэль Санти
- Рафаэль Санти
- Рафаэль Санти его творчество
- Рафинирование благородных металлов
- Рафинирование сталей и чугунов
- Рафінація олії