Құран Кәрім және Қожа Ахмет Ясауи
Құран Кәрім және Қожа Ахмет Ясауи
Кіріспе
- Құран Кәрім
- Қожа Ахмет Ясауи
- Қожа Ахмет Ясауи ескерткіші туралы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер.
Құран (араб тілінен аударғанда – “естіп оқу”, “тақпақтата дауыстап оқу”, “мәнерлеп оқу”) – мұсылмандардың негізгі қасиетті кітабы. Онда “Құдайи аян түрінде” айтылған Мұхаммед пайғамбардың уағыздары бекітілген. Ислам дәстүрі бойынша, Құран дегеніміз – төбеде сақталатын алғашқы кітаптың көшірмесін білдіретін “Құдай сөзі”. Ол аян Мұхаммед пайғамбарға Жебрейіл архангел арқылы түсірілген. Өз кезегінде пайғамбар уағыз тарату арқылы аянның мазмұнын көпшілікке паш еткен. Мұхаммедтің көзі тірісінде Құранның мәтіні көбінде ауыздан-ауызға беріліп отырған. Рас, кейбір аяндардың жазбаша нұсқалары болған көрінеді (құрма ағашы – пальма жапырақтарында, қыш тақтайшаларда, мыс пластиналарда және т.с.с.). Бірақ олар өте аз болды әрі тұрпайы араб графикасында жазылған еді. Сондықтан оны толығымен оқып шығу үшін мәтінді міндетті түрде есте сақтау қажет болды. Пайғамбар дүниеден қайтқаннан соң, оның үстіне, Мұхаммедтің уағыздарының ұзын-сонар үзінділерін жатқа білетін сахабаларының көбі шайқастарда қаза табуына байланысты жеке-дара, үзік-үзік мәтіндерді бір кітапқа біріктіру қажеттілігі туды. Құранның алғашқы нұсқалары Исламның негізін қалаушы Мұхаммед пайғамбар қайтыс болғаннан кейін пайда болды. Халиф Османның жарлығы бойынша Құранды түрліше талқылауды болдырмас үшін пайғамбарлардың сахабаларының лауазымды деген тұлғаларынан тұрған топ Заид ибн Сәбиттің басқаруымен Құранның басы біріктірілген мәтінін құрастырылды. Оның негізі ретінде бұрынғы Құранның нұсқаларының бірі алынды. Оған қоса Мұхаммедтің уағыздарын жатқа білетін замандастарының куәліктері мен қосымша жазбалар да естен шығарылмады. Мұсылмандардың қасиетті кітаптарының қосымша тізімдері халифатта X ғасырға дейін де кездесіп қалып жүрді, бірақ, дегенмен, Османдық кітап оны ығыстырып шығарды. Құранды канонизациялау процесі X ғасырға дейін созылды. Алғашқы екі ғасыр бойы қасиетті мәтін егжей-тегжейлі дәйектеліп, түрліше түсіну, оқуға жол бермеуге әрекеттер жасалынды, оған сілтемелер жасау дәстүрін қалыптастыру ойластырылды.
Жетінші ғасырда Таяу және Орта Шығыс халықтарының саяси және мәдени өмірлерінде маңызды екі үлкен оқиға болды. Оның бірі Ислам болса, екіншісі араб мемлекеті құрылды. Ислам дінінің негізін қалаушы Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) Мекке қаласында дүниеге келген. Ол шамамен 570-580 жылдар арасында кедей хашим тайпасында туған. Пайғамбардың әкесі саудагер Абдулла ерте қайтыс болады. Ал анасы пайғамбарымыз алты жаста болғанда дүниеден өтеді. Одан кейін ағасы Абу Талибтің тәрбиесінде болады. 24 жасында саудагер Хадишаға үйленіп, біраз уақыттан кейін сауда жұмысын тастап, шамамен 610 жылдары дінді уағыздау жолына түседі.
Ислам дінінің қасиетті кітабы «Құран» Жебірейіл періште арқылы беріліп отырған деген аңыз бар. Сонымен қатар «Құранның» 53-сүресінде пайғамбарымыз Алла Тағаланы көргенін айтады «ол көрінді де аян бере бастады», - дейді. Сонымен «Құран» – адамдарға арналған пайғамбарымыз арқылы жеткен Алла сөзі. Ол 114 сүреден тұрады. Сүрелер мөлшерлерінің азаю реті бойынша берілген. «Фатиха» сүресі кіріспе рөлін атқарады. Әрбір сүре аяттардан тұрады, бір сүреде аяттардың саны әртүрлі болып келеді. 114 сүреде 77934 сөзден тұратын 6666 аят бар.
Діни тұрғыдан алғанда «Құранның» мақсаты ерте заманда арабтар арасында тараған пұтқа табынушылықты жою, олардың имандылық қасиеттерін оятып, жақсы жақтарын, заңдары мен діни ғұрыптарын, жол-жораларын қалыптастыру, сол секілді яһудейлердің дініне қарсы тұру, Алла тағаланың өзі сүйген құлдарын адастырмай түзу жолға салу болатын.
Саяси тұрғыдан алғанда, «Құран» арқылы жаңа ақиқат дінді таратып, жалғыз Аллаға ғана құлшылық қылуды, рухани және азаматтық құқықтарды біріктіре отырып, тағдыр мен ерікті тек Аллаға байланысты ету арқылы мұсылмандарды мойынсұндыру еді. Осы негізде жаңа дінге Ислам деген ат берілді. Оның мәні жаратушы хақ тағала әміріне еркімен бас июшілер дегенді білдіреді.
Құран аят-аят болып, 23 жыл бойы әр кезде, нақтылы жағдайларға байланысты, не болмаса бір қарар-шешім қабылдағанда Мұхамед (с.ғ.с.) пайғамбарға көпшілік алдында немесе өзіне жеке келіп түскен. «Құран» Мұхаммедтің (с.ғ.с.) тірі кезінде топталып жиналмаған. Сүрелер оның жолын ұстанушылар арасына тұтас-тұтас күйінде таралған еді. 634 жылы, яғни һижраның 13 жылы Әбу Бәкір халифа Зәйд ибн Сәбитті алдырып, көпшілік қолында барлық сүрелерді жинақтауды, сөйтіп бір кітап етіп дайындауды тапсырған болатын. Содан бастап «Құран» жер жүзіне кітап түрінде тарап келеді. Бүгін де «Құран» әлемнің барлық тілдеріне аударылған. Қазақ тілінде де қасиетті кітаптың Халифа Алтай, Рәтбек қажы Нысанбайұлы, Ғазез Ақытұлы тәржімалаған нұсқалары бар.
Қожа Ахмет Ясауи
Қожа Ахмет Ясауи (1041 – 1166 ж.) қазақ халқының байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орыны бар ұлы ақын. Өз аты Ахмет, есімінің алдындағы «қожа» мұсылман дінін таратып, уағыздаушылық қызметіне орай берілген атау, ал соңындағы «Ясауи» ақынның қай жерден шыққандығын көрсетеді. Бірақ нақтылық үшін айтсақ, Йасы қаласы оның туған жері емес, жастайынан жетім қалып, ағайын туыстарының қолына келіп, бала кезінен өскен жері. Ақынның туған жері қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданы. Әкесі Ибраһим мұсылманша сауаты бар, сөз қадірін білетін білікті адам болған. Шешесінің аты Қарашаш.
Ахмет Бұхара қаласында Юсуф Хамаданидан діни білім алғаннан кейін, Түркістанға келіп, сол кезде Орталық Азияда кең тараған сопылық, діни-тақуалық идеялардың ірі насихатшысына айналады.
Оның бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы – «Диуани Хикмет» (Даналық жинақ). Бұл шығарма алғаш рет 1878 жылы жеке кітап болып басылып шығады. Содан кейін ол Стамбул , Қазан, Ташкент қалаларында бірнеше қайыра басылады. Соның бірі 1901 жылы Қазанда Тыныштықұлының қазақтарға арнап шығарған нұсқасы болатын. Төрт тармақты өлеңмен жазылған бұл шығармасында ақын өзінің бала күнінен пайғамбар жасына келгенге дейін өмір жолын баяндайды, тіршілікте тартқан азабын, көрген қайғысын айтады, бұхара халыққа үстемдік жүргізуші хандардың, бектердің, қазылардың жіберген кемшіліктерін, жасаған қиянаттарын сынайды, бұл фәнидің жалғандығын білдіреді. «Диуани Хикметтен» қазақ халқының ертедегі мәдениетіне, әдебиетіне, тарихына, этнографиясына, экономикасына қатысты бағалы деректер табуға болады. Түркістан қаласында жерленген Қожа Ахмет Ясауи әзірет сұлтан аталып, басына XIV ғасырдың аяғында атақты Ақсақ Темір күмбез орнаттырады.
Түркі халықтарының орта ғасыр кезіндегі Ислам мәдениетінің ықпалының күшеюі және біржола араб жазуына көшуі, өмірге көптеген ойшылдарды алып келді. Сонымен қатар бұл кез шығыс әлемінде сопылық ағымның әсері күшейіп, бірте-бірте канатын кең жая түскен кез еді. Бұл кезең Орта Азия мұсылмандары үшін де аса жауапты уақыт болатын. Осы шақта елдің бірлігін, халықтың татулығын, адамгершілік пен имандылықты, Алла тағала адалдықты көксеген, соны ту етіп, өз шығармаларына арқау еткен. Ақын-шайырлар тобы тарих сахнасына шықты. Олардың ішінде ерекше талантымен көзге түскендер Ахмет Ясауи, Сүлеймен Бақырғани (Отырар өлкесінен) тағы да басқа көптеген сопылық өкілдер болды. Бұлардың арасында асқан шеберлігімен, елге сыйлылығымен, кайырымдылық пен мейірімділікті өміріне арқау етіп, бүкіл түркі жұртын татулыққа, тазалыққа үндеген, қасиетті әулиесі атанған Қожа Ахмет Хазіреті Сұлтан Ясауи еді. Ахмет Ясауи жөнінде ел арасында көптеген аңыз әңгімелер тараған. Егер де, тарихи деректерге жүгінсек, ақын ежелгі қала Исфиджабта (Сайрам) Ибраһим бин Махмуд деген диханның әулетінде дүниеге келген.
Әйтсе де, Ахметтің әкесі діндар, құдай жолын ұстаған атақты шайкылардың бірі болған секілді. Бұлай дейтін себебіміз, ақынның 149-хикметінде оның шыққан тегі туралы төмендегі сыр шертеді:
... Ысқақ баба жұрыны, шейх Ибраһим Құлыны,
Машайықтар ұлығы — шейхым Ахмет Ясауи.
….Йасы оның арасы, жатыр гауһар парасы,
Машайықтар сарасы — шейхым Ахмет Ясауи.
Демек, Ахметтің тегін Бибіфатимадан тарататын халық аңызы шындық, олай болса, Әзірет сұлтанның он бірінші атасы Ысқақ баб әулие болмақ.
Сопылық
"мистикалық" ағымның түркі
тілдес тармағының негізін
Белгілі ғалым В. Бартольдтің айтуыңда Түркістан VI ғасырдан XV ғасырға дейін Йасы деген атпен белгілі. Ал шығыстанушы ғалым Ә. Дербісәлі, қаланың әуелде Шауғар деп аталғанын, кейінірек Йасы болып кеткенін айтады. Ахмет Ясауидің ержете келе Түркістанға келуі дінге байланысты болса керек. Ақын өз өлеңдерінде Түркістанға келгені жайында былайша баяңдайды:
... Он жетімде Түркістанда тұрдым, міне
Он сегізде Шілтеменей шарап іштім,
Разы қылды, Жәннат кезіп қорлар кұштым,
Хақ Мұстафа жүздерін көрдім, міне...
Ата-анасынан ерте айырылған ол атақты түркі шейхы Арыстан баб және Жүсіп Хамадани деген шейхтардан тәлім-тәрбие, білім, бата алады. Білімін Бұхарадан жалғастырады. Өзінің ұстазы кайтыс болған соң көп ұзамай туған қаласына оқымысты адам, сопы ретінде қайтып оралады.
XII ғасырдағы көне түркі тіліңде жазылған "Диуани Хикмет" кітабының авторы — Ахмет Ясауи. "Диуани Хикмет" ("Даналық кітабы") оғыз-кыпшақ тілінде өмірге келген, өте қарапайым, көпшілікке түсінікті тілмен жазылған төл әдеби туынды. Ақынның кең өлкені көшіп - қонып жүрген түркі тайпаларының бәріне де түсінікті ауыз екі сөйлеу тілінде әдемі жеткізе алғандығына күмән келтірмейміз.
"Хикметтің" түп нұсқасы сақталмаған. Бізге жеткені XV—XVI ғасырлардағы көшірмелері ғана. Көшірмелері өте көп. Олар негізінен Стамбулда, Қоқанда, Ташкентте, Мәскеуде, Алматыда сақтаулы.
Көптеген түркі халықтары "Хикметті" аудармасыз-ақ қиналмай оқи алады. Дін исламнан хабары бар жанға "Хикмет" тілі өте жеңіл. Оны беріліп оқып, тереңірек үңілген адам, Ахмет жырларының қыпшақ тілдеріне өте жақын екенін байқар еді. Шығарманың тілдік лексиконы әсіресе, лексикогеографиялық ерекшеліктері, этносипаттары "Хикмет" тілінің қыпшақ диалектісіне жақындығын айтуымызға белгілі дәрежеде мүмкіндік береді. Кітаптан Орта Азиялық қалалардың мәуелі бақтарындағы алуан жемістер мен райхан гүлдерінен гөрі даладағы қызғалдақ пен қымыздық исі аңқиды. Отырықшы тайпалардың кәсіби тілінен гөрі, көшпенді жұрттың тұрмысына тән сөздер молырақ ұшырасады.
Мәселен, "Құлын", "Гүл", "Қызыл", "Қаршыға", "Сұңқар", "Лашын", "аға-іні", "мал-мүлік", "шейід", "бөрік", "сақал-шаш", "ата-баба", тағы да басқа көптеген сөздер тек мағыналық жағынан да емес, сонымен қатар олардың айтылуы мен жазылуы да қазіргі қазақ тілінде де осы күйде айтылып, жазылатынын ескерсек, шындыққа бір табан жақындай түсеміз.
Әрине, бұл жерде "сенікі", "менікі" деген ұғым болмауы тиіс. Жалпы адамзаттық биік мәдениет тұрғысынан қарауымыз керек. Себебі Ахмет Ясауи шығармалары тек қазақ еліне ғана емес, бүкіл түркі тілдес халықтарға ортақ рухани мұра екені бәрімізге мәлім. Тарихтан бізге белгілі, ислам дініндегі сопылық ағым VII—VIII ғасырлардан басталады.
"Диуани Хикметте" негізінен төрт нәрсеге аса көңіл бөлінеді. Олар: шариғат, тарихат, хақихат, мағрифат. "Шариғат" ислам дінінің заңдары мен әдет ғұрыптарының жинағы, "тарихат" сопылықтың идеясы, сопылық мүддесіне жеткізген жол, "хақихат" құдаймен бірігу, оған жақындау, "мағрифат"— дін жолын танып, оқып білу. Ахмет Ясауидың пікірінше "Шариғатсыз", "Тарихатсыз" "Мағрифатсыз" "хақиқат" болуы мүмкін емес.
Ясауи өз хикметтерінде сопылық дін ілімі туралы ете көп әрі шын беріле айтады, ол бұл шын мәніндегі білім деп айтады, ал сопылықтың барлық ұсақ-түйегін білмейтін адамды ол "надан", "түк білмейтін","жалған сүюші", “жалған сопы” деп есептеді.
"Менің асыл хикметімді жаны ауырмасқа айтпағым, Баға жетпес інжуімді құнын білмеске сатпағын",-деп, бар жан-дүниесімен сопылыққа берілген Ясауи, "егер мен басымнан айырылсам да, бұл жолдан маған жалт беру жоқ",-дейді.
Ахмет Ясауи арқылы сопылық түркі тілдес халықтардың рухани танымында шешуші орын алды. Сопылық философиялық жүйе ретінде адамдардың дүние-танымының қалыптасуына үлкен ықпал жасады. Бұған дәлел Ясауиден кейінгі көптеген қазақ ақын, жырауларының шығармаларынан да сопылықтың тікелей әсерін байкаймыз.
"Қазақстан мен Орта Азия халықтары арасында сопылықтың кеңінен және табыспен таралуына мына жағдай да әсер етті. Ол өз ілімін жеңіл және түсінікті тілмен, әсем бояулы өлең, жырларымен баяндайды, сопылық идеяларды жергілікті салт жырларымен үйлестіре дәріптейді.Ахмет Ясауидің Орта Азия мен Қазақстанның түркі тілдес халықтары арасында зор беделге ие болуы Ясауидің ислам заңдарын Шығыс сопылық ілімдік лангейзммен және бақсылық жыры элементтерімен икемді үйлестіре алуынан еді.
Ясауи былай дейді: "Кімде-кім құдайды есіне алса, ол онымен табысқанын көре алады". Сондықтан да Ясауи үшін құдайды тану өзін-өзі танумен бірдей. Сопылықтағы доктрина құдайды мистикалық сүю болып табылады. Ясауи ілімінде бұл доктрина оның "таным" теориясының бөлінбес бөлігі бола тұрып, ерекше орын алады.
Ясауиден бұрын түркі нәсілдері Тәңірге табынатын болса, енді олар Аллаға сыйынатын болды. Ясауи сопылығы арқылы бүтін шығыс философиясымен, әлемдік діни философиямен хабардар боламыз.
Сопылықтың ықпалын, Ясауиден кейін өмір сүрген көптеген ақын, ойшыл ғұламалардың еңбектерінен кездестіреміз.
Ахмет Ясауи өмірінің ақырғы он жылын жер астында жасалған мінәжатханада өткізеді. Сопы "алпыс үшке келдім, енді былайғы өмірім күпірлік, пайғамбардан аспақ күнә" деп өзіне бір тоқтам жасайды. Халуетте тіршілік еткен ақын өмірдегі жиған-терген, естіген, көрген, оқыған білгендерін сарапқа салып, қияли күй кешеді. Осы фактінің өзі, нақ сол сопылық Мұхамедті жаратылыстан тыс адам ретінде көрсетіп, оны құдай қатарына қосты және ол Мұхаммед заманына оралуды уағыздады.
Қожа Ахмет Ясауидің қанша жыл жасап, ғұмыр кешкені белгісіз. Бір деректе 73 жас, бірде 85 жасты айтады. Халық аңыздарын негізге ала отырып, Жүсіпбек Аймауытұлы, Ахмет Ясауиді 125 жыл өмір сүрді дейді.
Қожа Ахмет Ясауи жаңа санақ бойынша 1041 жылы дүниеге келген болып шығады. Қожа Ахмет Ясауидің өмірі мен одан қалған асыл мұралары әлі де көп ізденістерді, ғылыми зерттеулерді керек етеді. Ахмет Ясауи өзінің ұзақ өмір жолын түйіндей келіп:
Қожа Ахмет, басыңды елге ие біл,
Ақиқатты таза сүйе біл.
Дүниеқорлар кетсін бықсып өзімен
Халық қана дүниеге ие бұл, -
-деп, Ахмет Ясауи тек насихатшысы емес, XII ғасырда өмір сүрген философ, ұлы ғұлама мейірімді кішіпейіл ойшыл акын ретінде түркі жұртына танымал болды.
Ахмет Ясауи халқымыздың
Сондай-ақ Түркістан қаласынан ашылған университетке Қожа Ахмет Ясауи аты берілуі ұлы бабамызға деген үлкен құрметтің белгісі болса керек. Бұл кейінгі ұрпақ парызы.
Қожа Ахмет Йасауи ескерткіші.
XIV ғасыр тудырған ғаламаттардың бірі - Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи ескерткіші.
Талай-талай білімпаз асылдарды
Теңескенде келтірмей иығынан,
Ескерткіш тұр, қаншама ғасырларды
Ұзатып сап, күлімдеп миығынан.
Жалқау, қиқар түйедей тартыншақтап,
Жылжыды еміп сүтінен кемел жердің.
Ескерткіш тұр ұлылық қалпын сақтап,
Даңқын сақтап данышпан шеберлердің.
Мизам түсіп, күз қызығы қалған кезде азайып,
Түркістанда бір ескерткіш бой көтерді ғажайып.
Күннен-күнге келбеттеніп, күннен-күнге сән құрып
Нән ескерткіш бой көтерді жұртты өзінше таң қылып.
Сан мыңдаған құл-құтандар ертелі-кеш тынбастан,
Сар даланың кеудесіне жазып жатты бір дастан.
Мерейі асқақ, зарлы дастан секілді еді ол дегенмен,
Иран, үнді елдерінен жеткізілді шеберлер.
Жалынынан темір балқып, илеуіне тас көнер,
Хас шеберлер арасында болатын бір жас шебер.
Ол туралы жұрт айтатын: «өнерінің өрті бар»,
Тәңір қалай жарылқайын десе, әрине, еркі бар.
Саусағының салымы бар, сосын, әттең, бөркі бар...
Ал әйтпесе, қызда сирек кездесетін көркі бар».
Қайран шебер калбаң қағып, еркін алып тынысын,
Басқарып жүр ескерткіштің ою-өрнек жұмысын.
Қор бейнеттен жұрт кешкісін дем алғанда болдырып,
Түркістанды түрлендіріп ән бастайтын сол жігіт.
Ол ән салса, қапас, тұйық кеудесінде жел тұрып,
Бірде жарын, бірде анасын кез алдына келтіріп,
Басыбайлы батпан мұңы сәл де болса кертіліп,
Құл-құтандар жадырасып, қалатын бір серпіліп.
Ол ән салса, ұзақ түнді кірпік ілмей атырған,
Сәукелелі қыз шығатын шеттегі алтын шатырдан.
Тілек сайын тізгіндескен неткен іңкәр өмір бұл?
Сол бойжеткен балдызы еді, қаһарлы Ақсақ Темірдің.
Міндет ауыр. Хан бұйрығы мәмілеге қарай ма?
Ғимаратты енді аз күнде бітірген жөн қалай да.
Шеберлерді ықыластап, ынталамақ ниетпен,
Хан оларға балдызының қызметін сый еткен.
Хан балдызы – Мәрзия ару ішке бүгіп мұратын,
Күнде түсте шеберлерге сусын әкеп тұратын.
Сырт көздерді қалдырмайын дейді ме өрттің өтіне,
Паң бойжеткен жұқа ғана перде ұстайтын бетіне.
Гужбан тағдыр иығына нені артса да көнердей
Шебер жігіт Мәрзияға ғашық еді өлердей.
Ғашығының айдай жүзін бір көруге тамсанды,
Бірде сусын әкелгенде пердесіне қол салды.
Қыз қымсынып тұрып қалды, тұрып қалды күлімдеп,
Алма беті гүл-гүл толқып, оймақ ерні дірілдеп.
Сосын, ләм деп тіл қатпастан, еркін басып шеткері,
Өзіне арнап орнатылған ақ шатырға беттеді.
Мосқал шебер күйіп-пісті: «Қарағым-ау, мұның не?
Көпсінгенің осы нұрсыз шабаталы күнің бе?
Сезіміңнің төзім жібін албырттығың қиды ма?
Енді қайттің? Әлде басың өкпелі ме иығыңа?
Пітінелі болмақ, енді саған мына атар таң,
Ертең ерте Ақсақ Темір оралады сапардан.
Болған жайды балдызы оған айтпай, сірә, тұрмайды
Айтты, бітті. Жаның онда жаһаннамға зырлайды.
Солай, ұлым. Әміршіден енді рақым іздеме,
Бірақ, сенің кесепатың соқпай кетпес бізге де».
Жігіт боп-боз. Қаны қашып, сөзін зорға бастады,
(Бедерсізін бұрын қалай сезбей келген достары).
- Туысқандар, қамданайық, амал-айла жасайық,
Біреу айтты:
- Бүгін түнде ұйымдасып қашайық.
Келісілді. Бірақ, бірақ,... жөн болды ма қашқаны?
Хан әскері қуып, ұстап, зынданға әкеп тастады.
Енді ненің мәні қалды. Мұңдан, мейлі мұңданба?
Ертеңгілік Мәрзиядан хат кеп түсті зынданға.
Жігіт жылдам оқып шықты дір-дір етіп қолдары,
Кыздың хаты мынау еді сондағы:
«Бір күнде ашып мінезіңнің бар қырын,
Тез сөндірдің жігеріңнің жарқылын.
Ұнап еді батылдығың алғашқы,
Тырағайлап қашқаның не, жарқыным?
Жарылардай сондай құштар сезімнен,
Өзімді-өзім тұсаулаушы ем төзіммен.
Өлімнен де қаймықпаған тілекті,
Қалай оқи алмағансың көзімнен?
Өнерің бар қараған жұрт қанбаған,
Әнің анау аспанымда самғаған.
Құдай саған бәрін беріп, Тек қана
Ерлік бермей қойғанына таң калам
Енді бәрі өшті, бәрі сөнді. Далбаса.
Амал қанша өз сенімің алдаса?
Сен өлді деп өкінбеймін. Әттең-ай,
Бітпей қалған мына ескерткіш болмаса...
Бұлақ өмір сүргенімен, құрақсыз
Сезім өмір сүре ала ма мұратсыз?
Жүрегенінде ерлігі жоқ адамның,
Барлығы да махаббатқа тұрақсыз.
Мұсылмандардың ойынша, Киелі Құран жаратылмаған, жаратылыстан бұрын мәңгілікке пайда болған. Ол Аллаһтың ғана құзырында және Жаратушы аян етіп, тікелей Мұхаммедке жіберген.
Хазірет
Мырза Вашируддин Махмұд Ахмад
– исламның Ахмади ағымының
Басшысы, Аңсарлы Мессияның
Халиф Османның
уақытында Құранның жеті
- Хазірет Мырза Вашируддин Махмуд Ахмад. Қасиетті Құранға кіріспе. Islam International Publikations Itd, 1991 – 378-379 беттер;
- Ислам: Энциклопедиялық сөздік – 141-144 беттер;
- Климович Л.И. Ислам. Москва, 1965 – 41-111 беттер;
- www.kaznamys.com.

- Құрғақ сүт өнімдерін өндіруге арналған құрылғылар
- Құрманғазы Сағырбайұлы
- Құрметті алқа мәжілісіне қатысып отырған әріптестер және шақырылған қонақтар
- Құрметті де, қадірлі ата-аналар, ұстаздар, оқушылар және қонақтар
- Құрылымдыстырылған кабельдік жүйенің ішкі жүйелерін жобалау бойынша теориялық негіздер
- Құрылыс алаңын инженерлік дайындау
- Құрылыс ерітінділері
- Құнды қағаздар нарығы
- Құндылық. Өмір және онын мәні
- Құндылықтарды құру тізбегінің анализі
- Құн формалары мен ақшаның түрлері
- Құралдармен жасалатын біршама күрделі әрекеттер
- Құрамында экстракті бар ұнтақтар
- Құранды түсіну