Рекреациялық география және туризм географиясы - қоғамдық әлеуметтік-экономикалық географияның салалық пәндері
1. Рекреациялық география және туризм географиясы - қоғамдық әлеуметтік-экономикалық географияның салалық пәндері
Соғыстан кейінгі кезеңде, әсіресе 60-70-ші жылдарында рекреациялық география мен демалыс географиясы атаулары кең тарады, осы атаулар кейбір елдерде бұрын жиі қолданылатын туризм географиясының орнына қолданыла бастады. Ал, ГФР-да бос уақыт географиясы түсінігі жиі пайдалануына жол ашылды.
Осыдан кейінгі жылдары көптеген ғалымдар туризм географиясы, рекреациялық география мен демалыс география пәндерінің бір мағынада болуына қарсы келді. Осы пәндерді бір-бірінен бөліп түсіндірген ғалымдар П. Жорж (Франция), В.С. Преображенский мен Ю.А. Веденин (КСРО), И. Матцнеттер (ГФР), Б. Барбье (Франция), Ф. Хеллайнер (Канада) және т. б. болды.
Бұрынғы Кеңес Одағында «рекреациялық география» мен «туризм географиясы» ұғымдары әртүрлі ғылым пәні ретінде қабылданды. Ең алдымен рекреациялық география (В.С. Преображенскийдің теориясы бойынша, 1975) пайда болды. Туризм географиясы болса Кеңес Одағының ыдырауына шейін дұрыс дамымаған. Бұл екеуінің арақатынасы мынадай: рекреациялық география – бұл мәні жағынан демалыс пен туризм геогра-фиясы. География ғылымдарының ішінде де бұлардың алатын орны туралы пікірлер әр түрлі болған. Кейбіреулері оларды пәнаралық ғылымдарға жатқызса, басқалары оларды қоғамдық география ғылымдарының шеңберінде кіргізді. Бұл мәселені шешу үшін талдау жасауымыз қажет. Біріншіден, ғылымдардың зерттеу объектісі мен пәнін қарастырайық.
Көп ғалымдар
ол екеуін бір мағыналы емес десе де,
бір-бірімен тығыз байланысып тұратын
екі түрлі ғылыми пән деп айтады.
Олар бұл екі ғылымды қоғамдық
география (әлеуметтік-экономикалық) пәнінің
саласына жатқызады. Олардың айтуынша,
аталмыш ғылымдар халық шаруашылығының
екі саласын – рекреациялық сала
мен туризм жүйесін зерттеп түсіндіреді.
Өйткені, бұл екі сала өндірістік
заттар шығармайтын сфераға жатады.
Олардың негізгі өнімі –
Ойкуменаның
әрбір сферасы кеңістікте күрделі
түрде ұйымдастырылған. Мысалы, экономикалық
сферасы кеңістікте әр түрлі деңгейдегі
әлеуметтік-экономикалық аудандар түрінде,
демографиялық сферасы – халық
орналасуының аумақтық жүйесі ретінде,
әлеуметтік сферасы – халықтың территориялық
орта түрінде, саяси сферасы –
мемлекеттер түрінде және т.с.с
ұйымдастырылған. Осындай кеңістік
сфералардың әрқайсы-сында
Қоғамның кеңістіктегі ұйымдастырылуының саяси, медици-налық, әскери және басқа да аспектілерінің зерттеулері географияның саяси, медициналық, әскери және басқа да салаларының қалыптасуына ықпал етті.
Территориялық қоғамдық жүйе (ТҚЖ) қоғамдық (әлеуметтік-экономикалық) географияның пәні болады (А.И. Чисто-баев, М.Д. Шарыгин, 1990). Территориялық қоғамдық жүйе дегеніміз – ойкуменаның кеңістік-уақыттық бөлігі, онда қоғамның өмір сфералары үнемі өзара байланыста болып, бір-бірін толықтырып тұрады. Зерттеу пәні мен объектісін түсініп, қоғамдық географияға мынадай анықтама беруге болады: «Экономикалық және әлеуметтік география біртұтас интегралдық-синтетикалық ғылым ретінде табиғи ортаның нақты бір жағдайында қоғамның кеңістікте ұйымдастырылуын зерттейді» (А.И. Чистобаев, М.Д. Шарыгин, 1990).
Қоғамдық
географияның еншілес ғылымдары
ойкуменаның белгілі бір
ХХ-шы ғасырдың 70-ші жылдарының соңында және 80-ші жылдарының басында «демалыс», «рекреация», «туризм», «экскурсия» деген түсініктер қабылданды. Н.С. Мироненко мен И.Т. Твердохлебовтың айтуынша (1981): «демалыс – бұл күнделікті қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталмаған қандай да бір болмасын адамның іс-әрекеті»; «рекреация – бұл халықтың тұрақты жерінен тыс жердегі арнайы мамандандырылған аумақтарда сауықтыру, спорттық, танымдық және мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған адамның бос уақытында іске асатын қатынастар мен құбылыстар жиынтығы»; туризм – бос уақытты тұрақты жерінен тыс жерде өткізудің бір түрі. Қазіргі ғылыми әдебиеттер бойынша, «туризм дегеніміз – бұл адамдардың тұрғылықты жерінен тыс жерге саяхаттау кезінде пайда болатын қатынастар мен құбылыстар жиынтығы. Әрине, егер де бұндай саяхаттар ұзақ уақыт қоныстану немесе ақша табу мақсатымен уақытша қоныстануға айналып кетпесе». Сонымен, туризм деген түсінік – ол тұрақты жерінен тыс жердегі 24 сағат немесе одан артық уақытта болатын рекреа-цияның барлық түрі. «Экскурсия – бұл танымдық, ғылыми, спорттық немесе көңіл көтеру мақсаттарын көздейтін, түнеуге тоқтамай 24 сағаттан аспайтын саяхат немесе серуен жасау». Осындай анықтамалар жалпы халықаралық ұғымдарға сәйкес.
Рекреанттар, туристер мен экскурсанттар дегеніміздің барлығы демалушылар болып табылады. Ал рекреацияға туризм мен экскурсия да кіреді, яғни туристер де, экскурсанттар да рекреанттар екені түсінікті. Экскурсант болса, ол турист болмауы да мүмкін, мұндай жағдайда ол тек қана рекреант.
Сөйтіп, демалыс географиясының құрамына рекреациялық география да, туризм географиясы да кіру керек. Ал бұрынғы КСРО-да шын мәнінде рекреациялық географияны туризм географиясы мен демалыс географиясының «қосындысы» деп түсінген. Шынында да, рекреацияның жоғарыда келтірілген анықтамасына ұстансақ, егер демалыс «мамандандырылған» аумақтарда іске асырылса, онда рекреациялық географияны өзіне туризм географиясы мен демалыс географиясы кіретін пән ретінде қарастыру керек.
Туризмнің зерттеулері өткізілген бірталай елдерде, оның ішінде Кеңес Одағында рекреациялық география мен туризм географиясы ұғымдарының түсіндірілуінде осындай екіталайлық кездеседі. Мысалы, туризм географиясы атауы кездесетін жұмыстарда (Е.А. Котляров, 1978; И.И. Пирожник, 1985) бұл ұғым шын мәнінде рекреациялық географияға жатады.
1971 жылы кеңес одағы әдебиетіне В.С. Преображенский мен Ю.А. Веденин енгізген рекреациялық география ұғымы біраз эволюциялық өзгерістерге ұшырап, 1975 жылы оның соңғы нұсқасы қабылданды. Сол нұсқа бойынша рекреациялық география географиялық пәндерге жатады. Территориялық рекреациялық жүйелердің пайда болуы, орналасу заңдылығын зерттеу, сонымен қатар тұрақты жерден тыс жердегі қоғамның бос уақытында іс-әрекетінің ұйымдастырылуы рекреациялық географияның зерттеу пәні болып табылады. Басқа сөзбен айтқанда, рекреациялық география табиғи орта мен демалыс арасындағы өзара байланыстарын анықтап, ТРЖ-нің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін әдістемелік жұмыстарды жүргізіп тұрады.
Туризм географиясы
– шаруашылық кешенінің қалыптасуында туризм мен туристік әрекеттің рөлі;
– туристік қозғалыспен байланысатын шаруашылық әрекеттердің аумақтық түрлері кіреді.
Әлемдегі туризм зерттеулерінде туристік
ресурстар мен туристік қозғалыстың
шоғырлануы арасындағы тәуелділікке ерекше
назар аударылады. Осындай тәуелділік
нәтижесінде кеңістікте біршама
өзгерістер пайда болады, ал осындай
өзгерістер географиялық зерттеулерде
орын табуы қажет. Туристік кеңістіктер
«бет-әлпеті» мен олардың
«Рекреациялық іс-әрекет» пен «туристік
іс-әрекет» анықтамалары қос мағыналы.
Бір жағынан, бұл анықтамалар
адам мен халық топтарының іс-әрекеттерін
түсіндіріп тұрса, олармен рекреациялық
шаралар, шаралар циклдері ұғымдары
байланысты. Ал екіншіден, бұл ұғымдар
қоғамның халықтың демалыс қажеттіліктерін
қанағаттандыруға арналған іс-әрекеттерін
(бұл демалыс
Негізгі категория ретінде «іс-әрекет» категориясын қолдансақ, рекреациялық (туристік) іс-әрекет іліміне кеңістік пен уақыт қос ұғымдарын енгізуіміз қажет. Біріншіден, қандай да іс-әрекет болмасын, кеңістік пен уақытта іске асырылады, екіншіден, осындай іс-әрекетте уақыт пен кеңістіктің ерекше түрлері қалыптасады – әлеуметтік уақыт бөлігі болып табы-латын рекреациялық уақыт және рекреациялық кеңістік – әлеуметтік кеңістіктің бір бөлігі. Әрине, уақыт пен кеңістікті бөліп көрсету – бұл зерттеу тәсілі, шын мағынадағы рекреациялық (туристік) іс-әрекет біртұтас «кеңістік-уақытта» өтеді. Өкінішке орай, әзірше рекреациялық «кеңістік-уақыттың» зерттеу стратегиясы анық емес. Сондықтан аталған пәндердің нысанасы жөнінде айтсақ, біз тек рекреациялық кеңістік немесе ойкуменаның рекреациялық шағын жүйесі туралы айтамыз.
Рекреациялық кеңістік – рекреациялық іс-әрекетті ұйымдастыруымен байланысатын әлеуметтік және мәдени кеңістіктің бөлігі. Және де әлеуметтік кеңістік яғни адамдар іс-әрекетінің кеңістігі рекреациялық кеңістік ретінде қарастырылуы мүмкін (мысалы, өндірістік кәсіпорындарының өзі де қысқа мерзімді демалыс немесе туризм орындары болуы мүмкін). Алайда рекреация кеңістіктің басты функцияларының бірі болатын, оны ұйымдастыратын кеңістік алқаптары болып бөлінуі мүмкін. Рекреациялық кеңістік жеке және әлеуметтік кеңістікті кеңейтеді, ел аймақтары мен әлемнің мәдени құндылықтарын қамтиды, мәдени түйісудің ерекше кеңістігі болып табылады.
Туристік кеңістік рекреациялық кеңістікпен ұласады, себебі, біріншіден, туризм – рекреацияның бір бөлігі, екіншіден, туристік іс-әрекет рекреациялық іс-әрекет сияқты белгілі бір кеңістік пен уақытта іске асады.
Осыдан мынадай қорытынды
«Демалыс» және «экскурсия» дегеніміз рекреациялық іс-әрекеттің бір бөлігі болып, рекреациялық географияның зерттеу шеңберіне кіреді. Ал туризм географиясына тек адам іс-әрекетінің бір түрі ретіндегі туризм кіреді. Адамның қандай да болсын іс-әрекеті кеңістік пен уақытта іске асырылады, бірақ туристік іс-әрекет ерекше географиялық сипатына ие. Тіпті туристік іс-әрекет кеңістік пен уақыттың ерекше түрлерін – туристік кеңістік пен туристік уақытты қалыптастырады деп айтсақ қате болмас.
Туризм де рекреацияның бір бөлігі болса да, өзінің бұқаралық сипатына байланысты рекреациялық іс-әрекеттен бөлек ерекшеленеді.
Сайып келгенде, рекреациялық географияның нысанасы – бұл демалыс пен экскурсия, ал туризм географиясы – бұл тек қана туристік қозғалыс географиясы.
2. Туризмнің даму тарихы және оны география тұрғыдан зерттеу
Туристік әдебиеттерде
Бұл еңбекте К. Пшеславскийдің (1973) бөлген кезеңдері келтірілген, оның келесідей кезеңдері бар /3/:
1. XVІІІ ғасырдың соңына дейінгі туризм:
а) ежелгі туризм;
б) орта ғасырлар мен қайта өрлеу дәуірі кезіндегі туризм;
в) XVІІ және XVІІІ ғасырлардағы туризм.
2. ХІХ және ХX ғасырлардағы – ІІ Дүниежүзілік соғысқа дейінгі туризм.
3. Қазіргі заманғы туризм.
Туристік саяхаттар, сауда-саттық
сапарлар өзінің мәнін
Ертеректе
туристік саяхаттар қалаларды
көріп, жасанды көлдер, шипалы бұлақтарға
барумен байланысты болды; кейініректе
жиілеп салына бастаған
Жол тораптарының
маңызын тек қана парсылар
айтарлықтай ұғынып, өз мемлекеттерінің
территориясында қатынасу
Алайда, антикалық
туризмнің гүлденуі ежелгі
Ежелгі Грецияда
курортология мен емдік туризм
пайда бола бастайды. Римдіктер
өздерін сауықтыру үшін жылы
су көздеріне және курорттарға
барып тұруды жақсы көрді. Емдеу
құдайы Асклепийдің храмдары
көне замандарда құрыла
Біздің заманға дейінгі VІІІ ғасырда ертедегі гректер саяхаттар жасады. Олар арғы көне олимпиадаларға көрушілер немесе қатынасушылар ретінде қатынасты. Мысалы, ертедегі Грецияда Олимпиялық ойындарға өнерсүйгіштер мен спорт адамдары көптеп келушілер болды.
Ортағасырларда
туристік қозғалыс бәсеңдей
Пилигримдердің Палестинаға саяхаттары біздің заманның ІІІ–ІV ғасырларының өзінде-ақ басталды. Император Константин кезінде Иерусалимде, дәлірек айтқанда Иса пайғамбардың табыты үстінде храмдар салынды.
ІV ғасырда қасиетті жерге қажылық бұқаралық сипатқа ие болғаны соншалықты, табынушылар арасында ол жиілеп жай шетелдік туризм ретінде қабылдана бастайды.
Біздің заманның VІІ және VІІІ ғасырында саяхаттар діни мақсаттар үшін қайта жаңадан басталды. Бұндай саяхаттарға қатысушылар әр түрлі еуропалық елдердің тұрғындары болды. Олар Италия (Рим), Испания (Сантьяго де Компостела) және Палестина елдерінің қасиетті жерлеріне саяхаттар жасады.
VІІ ғасырда халифа Омар кезінде Иерусалимді мұсылмандар жаулап алады. Алайда, бұл қажылықты тоқтата қойған жоқ.
VІІІ ғасырдың деректері бойынша, Иерусалимге Галльск епископы – қасиетті Аркульф келіп, өзінің саяхаты жайында естеліктер қалдырған.
Қажылар Палестинаға тек
XVІ ғасырдың соңынан Англияда "гранд-тур" әйгілі бола бастады – бұл ауқатты адамдардың континентке саяхаты, гранд-турдың арқасында адамдар оқуын бітіріп, Жерорта теңізін көріп, өркениеттің шығу тегін көріп, сауаттанып қайтуына мүмкіндіктер туды. Әлеуметтік құбылыс сияқты туризмнің дүниеге қайта келуі XVІІ ғасырдың соңы мен XVІІІ ғасырдың басына жатады.
XVІІ ғасырда Еуропада "таза туризм" формасы пайда болды. Бұл, К. Либеренің айтуынша, танымдық, емдік немесе демалыс мақсаттарында саяхаттаушы тұлғаларды қамтиды. Оған қоса Еуропада діни сенімге байланысты миграциялар мен көпестердің саяхаттары белгіленіп отырды.
XVІІІ ғасыр Ресей курорттарының дамуының бірінші кезеңі. Бұл процесті бастаушы Ұлы Петр І. Ол 1713 жылы бүкіл халықтың алдында минералды сулардың ізделуі керектігін жариялады. Бұл мәселе бойынша 1719 жылы 20 наурызда арнайы жарлық шығып (Дохтырлық ережелер жайындағы жарлық), здравница мекемелерінің заңдық негізіне айналды. Бұл дата Ресей курорттарының тарихының бастауы болып саналады.
ХІХ ғасырдың
жартысына дейін еуропалық
ХІХ ғасырда
және ХХ ғасырдың бірінші
- көлік құралдарының дамуы;
- өнеркәсіптің дамуы және оған байланысты халықтың тіршілік деңгейінің жақсаруы;
- урбандалудың дамуы;
- бос уақыттың артуы;
- қоғамның мәдени деңгейінің жоғарылауы;
- туризм жөніндегі мемлекеттік саясат.
Ең бірінші темір жол желісі – Манчестер-Ливерпуль 1825 жылы Англияда ашылды. Бұрын апталар шығындалатын саяхаттарға, ендігі жолы әркімнің және өте қымбат емес бағамен қолы жететін болды. Темір жолдар барлық мемлекет-терде өте шапшаң қарқынмен салына бастады. Олар туристік қозғалыстың кеңістіктік құрылымын және көлемін өзгертті.
Туристік
белсенділіктің артуы саяхат
бюроларының ашылуына әкеп
Томас Кук
алғашқы болып, 1872 жылы қалағандарға
жерді айналып өтетін саяхат
ұсынып, бұл турды индустриалды
негізге қойды. Алғашқы 20 саяхатшы
жерді 220 күнде айналып өтті. Лондонның
көрмелері мен Еуропа
Томас Кук қазіргі заманғы
туризмнің негізін қалаушы, бірінші
менеджер және туризмнің
Германия, Швейцария,
Франция, Италия, Чехияда халықаралық
курорттардың дамуына
Әлемде бірінші
біріккен әуесқой тау
ХХ ғасырдың бірінші
ІІ Дүниежүзілік соғыс
Егер қазіргі
жағдайындағы туризм ХІХ
3.Туризм тарихын географиялық тұрғыдан зерттеу
Демалыс мақсатындағы сапарлар санының артуы урбандану үрдісінің өсуі мен ХІХ ғасырдағы темір жол көлігінің дамуына байланысты болды. Бұл туристік қасиеттерге, әсіресе демалыс үшін жайлы территорияларға деген қажеттілікті арттырды.
ХІХ ғасырда
медицинаның дамуы нәтижесінде
климат пен теңіз суының емдік
қасиеттері өте жоғары бағаланатын
болды. Темір жолдардың салынуы
мұндай қасиеттері бар аудандарды туристік
сұраныс территорияларына «жақындатты».
Ал техниканың дамуы үлкен ауқымды
туристік инвестицияларға мүмкіндік
берді. Бұл кішігірім және белгісіз
қоныстардың үлкен теңіз
Демалыс пен туризмді географиялық тұрғыдан зерттеу ХІХ жүзжылдықтың екінші жартысында басталды (И.Г. Коль). ХІХ және ХХ ғасырларда үлкен қарқынға ие болған қалалардың дамуы географтарды урбандану мен туристік, курорттық қоныстардың пайда болып, кеңею үрдісінің арасындағы тәуелділікті анықтау мәселесін қарастыруға итермеледі. Неміс географы А. Геттнер (1859-1941 жж.) мұндай қоныстардың дамуын ең алдымен қалада халықтың шектен тыс шоғырлануымен, сондықтан да олардың рекреациялық қажеттіліктерінің артуымен байланыстырды.
«Туризм географиясы» деген терминді ең алғаш 1905 жылы Д. Страднер қолданды. Оның ойынша, бұл ғылым туристік қозғалыс пен оның шаруашылық іс-әрекетін зерттеумен айналысуы керек. Сонымен қатар, туристік қолайлылық пен сол жердің аттрактивті қасиетін анықтау қажет. Туристік құбылыстардың экономикалық аспектісіне географтар ХІХ ғасырдың өзінде-ақ көңіл бөлген, алайда бұл мәселенің нақты талдауын тек К. Шпутцтың (1919) еңбегінде табуға болады.
Қоғамдық сұранысына сай, туризм географиясы туристік ағымдарды зерттеуден бастап, курорттық-туристік ресурстарды зерттеу мен рекреациялық аудандастыруға назар аудара бастаған.
Алғашқы демалыс пен туризм зерттеулерінде ішкі және халықаралық туристік ағымдар мен жергілікті жерлердің туристік игерілуіне көп назар аударылған.
Францияда алғашқы туризм географиясы шеңберіндегі зерттеулерді Альпыдағы туристік қозғалыс пен туристік шаруашылық мәселелерімен айналысқан Р. Бланшар болды. Италияда осындай зерттеулерді А. Мариотти жүргізген.
Отызыншы жылдары туризм географиясының әлем бойынша серпінді дамуына, әсіресе Германияда (Р. Глюксманн, А. Борман, Х. Позер), Францияда (Д. Мидж), Швейцарияда (В. Унцикер), Жапонияда (М. Сато, К. Мисава, Танака, Осаки), сондай-ақ АҚШ-та (Р. Браун, К.С. Мак-Мерри) мүмкіншіліктер туады. Зерттеулердің басты нысанасы туризмнің ауылдық жерлері мен туристік (ең алдымен табиғи) ресурстарына тигізетін әсері болды. Осындай зерттеулерге байланысты Берлинде 1929-1934 жылдары туризмді зерттеу Институты ашылды. Осыған тәрізді мекемелер Берн мен Гренобльде пайда болды.
Бұл туризм
географиясының қарқынды дамуы жылдары
болған. Оның зерттеу нысаны мен
пәні дұрыстап анықтала бастайды. Еуропа
мен Солтүстік Америка
Осындай жұмыстардың мысалы – Ягеллон университеті тұсындағы Краков туризм студиясының (1936-1939 жж.) зерттеулері. Бұл студия туризмді зерттеу мен мамандарды даярлау бойынша тұңғыш университеттік орталық болып есептеледі (М. Бочваров, 1977). Дәл сол кезде С. Лещицкийдің туризм географиясы деген түсінікті ғылыми түрде дәлелдейтін теориялық жұмыстары жарық көрді, ол географиялық әдебиеттердің өміріне туризм ұғымын енгізді. Сол кезде туризм география-сының дамуында туризм ұғымын дәл анықтау әрекеті үлкен рөл атқарды. Ол теориялық, шаруашылық, географиялық, статистикалық, құқықтық, мәдени және қоғамдық мәселелердің жинағы ретінде туристік қозғалыспен байланысты.
Туризмнің теориялық негіздерінің қалыптасуы мен осы саладағы зерттеулер арқасында туризм географиясының мағынасын дұрыстап анықтауға мүмкіншілік туындады. Туризм географиясының мақсаты «аумақтың туристік артықшылықтарын ғылыми тұрғыдан анықтау, ландшафтың жаратылыстық қасиеттерін сақтай тұра туристік қозғалыс мүмкіндігін зерттеу және осы қозғалыстың экономикалық пайдалануының ең тиімді жолдарын жоспарлау» болып табылады (С. Лещицкий, 1932). Осындай анықтамадағы зерттеу мәселелері «адаммен, географиялық ортамен, жерді шаруашылық мақсатында пайдалануымен, адамзат жетістіктері және мәдениетімен» тығыз байланысты. Бұл өте маңызды қадам болды, өйткені бұдан бұрын туризм географиясы туристік қозғалыспен байланысты тек сұрапталған элементтерін зерттейтін ғылым болып есептелген.
Туризм географиясының
дамуы нәтижесінде көптеген жаңа
зерттеу орталықтары, әсіресе туризм
қоғамдық және шаруашылық өмірінде маңызды
рөл ойнайтын елдерде пайда болды.
Дегенмен алғашқы кезеңде туризм
географиясы саласындағы
ІІ Дүниежүзілік соғыс туризм географиясы
саласындағы ғылыми зерттеулерді тежейді.
Алайда, мұндай зерттеулер соғыс бітісімен-ақ
қайта басталады, себебі сол кездері
туристік қозғалыс үлкен қарқынмен
дамыған. Осындай даму көрсеткіші –
өте ауқымды ғылыми әдебиет көздерінің
шығуы. Туризм географиясы ауыл шаруашылығы
географиясы мен өнеркәсіп

- Рекреациялық географияның мәні мен мазмұны
- Рекреациялық географияның мәні мен мазмұны
- Рекреаційне районування
- Рекреаційний потенціал Північно-західного району Російської Федерації
- Рекреаційні ресурси Волинської области
- Рекреаційні ресурси Криму
- Рекреаційні ресурси Прикарпаття
- Рекреационный потенциал Италии
- Рекреационный ресурсы
- Рекреационный туризм
- Рекреационный туризм
- Рекреационный туризм Cибири
- Рекреация как антропогенный фактор
- Рекреациялық география