Ресейдегі туристік және экскурсиялық ұйымдар, Ресейлік туристер қоғамы

Дәріс №1. Мамандыққа кіріспе

Сабақтың мазмұны

Курстың мақсаты мен міндеттері

Туризм және саяхат. Түсініктердің  байланысы

Туризм анықтамасы

Туризмнің ұйымдастыру формалары  және негізгі категориялары

Туристер және экскурсанттар.

«Мамандыққа кіріспе» оқу  курсы жоғарғы оқу орнында туризмнің  болашақ менеджерінің кәсіби даярлығының бастапқы бөлігі. Аталған пәннің зерттеу объектісі – туризмнің жаһандық әлеуметтік құбылыс және бизнестің ұтымды бағыты ретіндегі мағынасы.

Пән оқытудың мақсаты – туризм теориясы негіздерін: дүниежүзілік туристік үйымның халықаралық конвециялар мен ұсыныстары аспектілеріндегі негізгі ұғымдармен терминдерді игеру.

Міндеттері: туризмнің мазмұны және негізгі ерекшеліктерімен, туристік білім беру жүйесімен таныстыру; туризм түрлерін және олардың сипаттамаларын қарастыру.

Мамандыққа кіріспе пәнін  оқыту нәтижісіндегі студент:

  • бөлек ел ауқымында, аймақтық және халықаралық денгейіндегі туризмді үйымдастыру және басқару жүйесін;
  • туризм саласындағы халықаралық қарым-қатынастарды реттеу қағидаларын;
  • туристік ресурстар және индустрияны;
  • туризмнің кәсіби мамандарын даярлау жүйесін;
  • туризмнің түрлерін және негізгі сипаттамаларын, жіктелу қағидаларын;
  • ұғымдар аппаратын салауатты қолдануды;
  • туристік қызметті үйымдастырудың жүйелік тәсілін;
  • туристік қызмет көрсету нарығындағы жағдайларды талдау және бағалау қағидаларын білу қажет.

1) Туризм -  жеке тұлғалардың ұзақтығы 24 сағаттан 1 жылға дейін, немесе 24 сағаттан кем, бірақ түнеусіз, баратын елінде (жерінде) табыс табу мақсатында емес жасалған саяхат.

2) Турист – ең болмағанда бір рет түнейтін және келу мақсатын үш топтың біреуіне: бос уақытпен демалыс, іскерлік мүдделер немесе басқа туристік мақсаттарға жатқызуға болатын уақытша келуші (ЮНВТО). Сондай-ақ тұрақтайтын орнынан 12 айдан аспайтын уақытқа баратын және мақсаты барған жерінде ақылы жүмыс істеуге болмайтын кез келген саяхатшы «турист» терминімен айқындалады.

3)Экскурсант –жеке тұлға, басқа елді мекенге, аймаққа немесе мемлекетке 24 сағаттан аспайтын туризм мақсатымен  уақытша келуші.

4) Туристік әрекет – туристік қызмет көрсететін жеке немесе юристік тұлға .

5)Туристік қызмет – туристік саяхат кезінде көрсететін, туристің қажеттілігін қамтамасыз ететін  қызмет және осы саяхатпен байланысты ( орналастыру, тамақтандыру, тасымалдау, экскурсиялар, туризм инстукторларының, гидттердің қызметтері және бару мақсатына байланысты көрсетілетін басқа да қызметтер).

6) Тур – белгілі маршрут бойынша саяхаттау кезінде, белгілі мерзім аралығында, туристік қызметтердің жиынтығы.

7) Туристік ресурс – туристердің рухани қажеттілігін қамтамасыз ететін, физикалық күшін қалпына келтіріп және дамытатын табиғи-климаттық, тарихи, әлеуметтік-мәдени, сауықтыру объектілері, туристік көрсетуге арналған басқа да объектілер.

8) туристік операторлық әрекет (туроператорлық әрекет) -  

 

№2 дәріс. Туризм дүниежүзілік әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде

Дәрістің қысқаша  мазмұны

  • Туризм дүниежүзілік әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде
  • Туризмнің дүниежүзілік әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде негізгі белгілері мен мазмұны
  • Қонақжайлық және туризм
  • Туризм түрлеріне сипаттама
  • Белсенді саяхаттар

Халықаралық туристік алмасудың заңдылығын табу туризмді өз-ара байланысты және тарихи құрылған ұлттық және халақаралық  даму факторларының  үйлесу процессі ретінде қарастыру мүмкіндігін  растайды. Бұл екі жақты процесс  туристік байланыстардың мазмұнымен  және сипаты халақаралық қатынастардың  жүйесі ретінде объективті нәтижесі болып табылады. 

Ұлттық және халықаралық туризмнің  өз – ара байланыстылығы, олардың  экономикалық және әлеуметтік аспектілері  туризм жөнінде дүниежүзілік конференциясының құжатында (Манила, 1980) дәлелділігін алды. Бұл құжатта туризм дүниежүзілік дамуының маңызды көрсеткішіне айналуы  жайлы айтылған. Және туризм ролі ұлттық экономикалық әрекетте үнемі өсуде.

Қазақстан егемендік алғалы бері туризм дамуында жаңа мүмкіншіліктері пайда  болды. Қазіргі күні республика шетелдік туристерді тарту үшін біраз әрекеттерді  жасауда, бірақ жеткіліксіз жабдықталу, тозған материалды-техникалық база, төмен  сервиз және көрсетілетін туристік қызметтің  бағасы жоғары болуы   потенциалды  туристерді кері итереді. Туризм, өте  мете халықаралық, бюджетке валюта кірісін  көбейтеді, жұмыссыздықты азайтады, жұмыс орны нарығын кеңейтеді, халықтың табысын және өмір сүру денгейін жоғарлатады, сонымен бірге кез келген мемлекеттің  тұрақты дамуына себеп болады.

«Қазақстан 2030» стратегиясында бірінші  кезектегі міндетте туризм жайлы  және туризм инфрақұрылымы тез арада  шешілуін негізгі сұрақ ретінде  қойған. Президенттің халыққа жолдауында туризм дамуының нүктелерін тауып, дамыту деген. Мысалға, таушанғы курортарын салу көзделген. Сонымен байланысты туристік бизнесті жүргізудегі жаңа технологияларды  білу, коммециялық туристік әрекеттің  тәжірибесін, халықаралық туризм дамуының тенденцияларын еске ала тұрып қазақстандық туристік индустрияны жоғары рентабельді  қылу.

Халықаралық туристік алмасу ҚР-ың және оның халықаралық қатынастарының сыртқы экономикалық байланысының ажырамас бөлігі.

Қазақстанда және шетелде туризм дамуы, осы процесте түрлі ұйымдардың белсенді қатысуы, біздің республикада әр түрлі  ұлттық және аймақтық туризм ұйымдастыруының  формалары ғана емес, сонымен бірге  екі жақты өзара алмасуды нығайту, қатынас және жол жүруге көңіл  бөлу, екі жақты каналдар арқылы халықаралық денгейдегі қатынастарды және туристік бағдарламаларды іске асыру.

Қазір туризм индустриясы, өте мете халықаралық, толығымен қалыптасқан  жоқ, ал ол, оның дамуы жаңа приоритетті  жолдарды ашар еді. Көптеген Батыс мемлекеттерінде  туризм қарапайым азаматтарының  тұрмысына баяғыда енген. Шетелге  саяхат – дағдылы құбылыс. Оған мемлекеттің  әлеуметтік саясаты,  жұмыстан бос  уақыты, халықтың ауқаттылық денгейі, білімнің және мәдениеттің дамуы  және басқа да фактор себепші болды.

Қазақстан дүниежүзілік туристік картада  әлі де «ақ дақ». 1993 жылы Қазақстан  Дүниежүзілік туристік ұйымға (ВТО) мүше болып және Қазақстан территориясында  «Ұлы Жібек жолын жанғырту және дамыту»  схемасы құрылсада, олар «туристік  ағымға» эффект әкелген жоқ. Бұл  факттер біздің елдің шетелде, өте  мете жоғары индустриалды мемлекеттерде, ақпаратың аздығын білдіреді. Оларда Қазақстан әлі де көшпенді өмір сүрет деген пікірде.

Тәуелсездік алғанша, туризм, басқа  да салалар сияқты, орталықпен регламенттелген. Совет Одағының негізгі туристік аймақтары Кавказ, Крым, Балтық елдері, Ресейдің тарихи орталықтары, Орта Азия болған. Ал Қазақстанның бір қатар  әйгілі архитектуралық, археологиялық  ескерткіштері жарнамасыз, сұраныссыз қалған.

Туристік әрекет Совет одағы  кезінде мемлекеттің жәрдем ақшасына сүйенген. 1991 жылы ТМД-да туризмге деген  шығын халықтың барлық шығынының 3% құраған, бірақ ескертетіні, туризм және демалыс индустриясының қызметтері мен товарларының  біраз бөлігі ақысыз немесе жеңілдікпен көрсетілген. Қазіргі күні, Қазақстан нарық  қатынастарына көшкен кезде, туризм кәсіподақтың немесе өкіметтің көмегіне сүйене алмайды. Ол шаруашылық әрекетінің саласы ретінде өз бетінше  дамып, экономикалық жүйеге айналу керек.

Совет өкіметі кезіндегі құрылған туристік инфрақұрылым жеткіліксіз  дымып, жабдықталған, ал дәл осы уақытта  онда құрылымдық өзгерістер жүріп жатыр. Туристік объектілер жекешендірілген  немесе шетелдік капиталдың қолында.

Экономикалық көз қарастан туризм ерекшелігі оның өмірге сұраныстың  жаңа формаларын тартуы. Кез келген сұранысты қамтамасыз ету үшін лайықты  тауар және қызмет көрсетуді  өндіруін қажет етеді. Сонымен, сұраныс және ұсыныс жалпы товардың және қызметтің  жиынтығына жатады.

Туристік тұтыну мобилдығымен ерекшеленеді, ол тұтыну шығынын туристің уақытша  тұратын немесе болатын жеріне көшуі. Тұтынудың мұндай түрі товардың және қызметтің тиісті жиынтығын, бағаның  икемділігін қажет етеді. Туристік тұтынудың мұндай ерекшелігін білу туристің қажетті сұранысын  ұсыну  және  керекті көлемде, керекті  орында қамтамасыз ету үшін қажет.

Ұсыныс бар жерде, сұраныста  болады. Қызмет көлемінің жеткіліксіздігі  кез келген аймақта туристік индустрияны  құруды шектейді. Басқа жағдайда, бар  ұсыныс ол жаңадан пайда болып  немесе аз мөлшерде болсада, тез арада  жергілікті орынға туристік өзгешелік  береді.

Қазақстанда, тәүелсіздік алғаннан кейін көптеген туристік фирмалар және агенттіктер пайда болды. Алғашында  олардың ұсынысы шектелген, шамалы ғана болатын. Жылдан жылға, тәжірибе жинап  және қаржы базасын нығайтқан  кейбір турфирмалар түрлі қызметті ұсына бастады (мемлекет саны көбейді, виза, паспорт  алу формалары жеңілдетілді т.б.). Қазіргі күнде біз сұраныстың да, ұсыныстың да үнемі өсуін байқаймыз, бұл тенденция жақын арада сақталады.

Бақылау сұрақтары:

  1. Туризмнің түрлерін атаңыз
  2. Қазақстанда туризмнің қандай түрлері дамыған?
  3. Туризм жөнінде негізгі халықаралық форумдар.

 

 

Лекция 3. Туризмнің  әлеуметтік тарихи тамыры

 

Сабақтың қысқаша  мазмұны

 

  1. Туризмнің спецификалық шаруашылық түрі мен қарым-қатынас ретінде әлеуметтік түп тамыры. "Туризм" мағынасының пайда болуы мен дамуы, қазіргі таңдағы анықтамалары.
  2. Әлеумметік көрініс тұрғыдан туризмнің ерекше функциялары.
  3. "Рекреация", "туристік обьект", "туристік аудан", "туризм орталығы" түсініктері.
  4. Халықаралық туризм күні.

 

Рекреациялық мүмкіндік (потенциал) дегеніміз - белгілі бір  территорияда рекреациялық шаруашылықты ұйымдастыруға және жүзеге асыруға  болатын табиғи, тарихи-мәдени, әлеуметтік-экономикалық және т.б. алғы-шарттардың жиынтығы. Территорияның  рекреациялық мүмкіншілік түсінігін "рекреациялық шаруашылықты жүзеге асыруға болатын қолайлы жағдайлар  мен факторлар жиыны" деп қарастыруға  болады.

Рекреациялық мүмкіндік  негізін құраушы бөлік "туристік-рекреациялық ресурс" болып табылады, оның ішіне  демалыс пен туризмді дамыту мен  ұйымдастыруға негіз болып табылатын, өзіндік тартымдылығымен, тарихи және көркемдік құндылығымен ерекшеленетін, қоршаған орта компонентері мен антропагендік  шаруашылық обьектілерін жатқызуға  болады. Туристік-рекреациялық ресурс, территорияның туристер тарапынан  қызығушылығына (аттрактивтілік) боялаған  жағдайда ғана "туристік құндылыққа" ие болады. Туристік территорияның  құндылығы (дамыту мүмкіндігінің алғы-шарты) - туристер тарапынан қызығушылық  танытатын, жеке немесе қосалқы түрде  ұйымдасқан, қоршаған орта мен адам қолымен жасалынған элеменнтердің  бар болуы. Бірақ, табиғи және әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан, демалыс пен туризмге жарамды  территориялардың бар болуы, әр уақытта  туристік-рекреациялық ресурс ретінде  қарастырыла берілмейді. Аталған  элементтердің негізгі туристік ресурсқа бағытталуының көрінісі, технологиялық  жағынан жетілген, қоғамдық еңбек  бөлінісі тарапынан зерттеуге кеткен шығын мөлшерін, туристік қызмет көрсетуге  лайық болған жағдайда ғана жүзеге асырылады. 

Туристердің қажеттіліктері мен талғамдарына байланысты, туристік құндылықтарды келесідей бөліп  қарастыруға болады:

  1. табиғи ортаның қалыптасқан жағдайына қарамастан демалысты ұйымдастыру;
  2. арнайы, туризмнің кез-келген түрін қоршаған ортаға байланысты, табиғат ерекшеліктерін қолдану арқылы жүзеге асыру, минералды су көздері немесе қолайлы климат жағдайлары болған жағдайда - бальнотерапия және тағы басқа емдік сауықтыру түрлерін ұйымдастыру;
  3. танымдық, табиғи ерекшеліктермен (қорықтар, саябақтар және т.б.) бірге, материалдық және рухани құндылықтарды: ескерткіштер, фольклор, қоғамның қазіргі заман жетістіктерін қоса қарастыратын демалысты ұйымдастыру.

Туризм географиясының мәселелерін  теориялық және практикалық тұрғыдан географиялық орта кеңістігінде шешу жолында таксономия үлкен рөл  атқарады.

"Туристік жергілікті орын (местность) - туристік құндылық, инфрақұрылым және көліктік қолайлығы жағынан туристік миграцияның кезеңін немесе пунктін құрайтын жайылым көрсеткіші (қала, аудан, ауыл).

Географиялық ландшафтық белдеу орнына байланысты: таулы, теңіз жағалауы, көлдің жағалауы және т.б. болып бөлінеді. Туристік құндылығы, атқаратын қызметіне  және туристік шаруашылықты жүргізу  түріне байланысты: а) демалыс орны; б) курорт; в) танымдық туризм орындары; г) транзиттік туризм орындары (мысалы, шегаралас аудандар) болып жіктеледі.

"Туристік орталық" - шоғырланған туристік-рекреациялық ресурстар негізінде туристік-экскурсиялық қызмет көрсету комплексі ұйымдастырылған тұрғылықты орын, жер учаскесі, табиғи обьект және т.б. болып табылады. Аталған комплекс құрамына туристерді орналастыру мекемелері (турбаза, қонақ үй, пансионаттар және т.б.), тамақтандыру, сауда-саттық орындары, спорттық ғимараттар, экскурсиялық және тағы басқа туристік қызмет көрсету орындары кіреді. Туристік орталықтар дәрежесіне қарай (халықаралық, мемлекеттік, аудандық, жергілікті), функционалдық бағытына қарай (емдік, сауықтыру, танымдық, комплексті) және басқа да көрсеткіштер бойынша бөлінеді.

"Туристік аудан" - туристік функциясы басым болып келетін немесе елеулі орын алатын, туризмді дамытуға қолайлы табиғи, тарихи-мәдени, әлеуметтік-экономикалық мүмкіндігі бар, салалық экономикалық аудан. Аудандарды деңгейіне байланысты - жергілікті, облыстық, мемлекеттік, ұлттық, халықаралық туризм деп бөлуге болады. "Рекреацияның шаруашылық потенциалы" немесе "демалыс пен туризмнің материалдық-техникалық базасы" анықтамалары, рекреациялық география және туризм географиясында да күрделі және ауқымды түсініктемелер мен талдауларға ие (кей ғалымдар оны "туризм инфрақұрылымы" деп те атайды). Бұл, ең бастысы, демалушыларға тауарлар мен қызмет түрлерін өндіру, сату және ұсыну арқылы жүзеге асырылатын негізгі фонд, қолайлы рекреациялық жағдай жасауға тікелей араласпайтын қосымша еңбек бөлінісі.

"Түнеу орны" - туристік шаруашылықтың негізгі элементі, оның ішіне туристердің түнеуіне барлық қолайлы жағдайлар жасайтын обьектілер мен құрылғылар жиынын жатқызуға болады. Оны екі түрде қарастыруға болады: түнеу мекемелері (қонақ үйлер, турбазалар, демалыс орындары, пансионаттар, мотельдер) және лагерлер (кемпинг, палаталар қалашығы). Қолданыс ерекшелігіне байланысты: жыл бойғы және маусым аралық; қызмет көрсету жағынан - ашық (бәріне қол жетерлік) және жабық (арнайы тұтынушылар тобы). Түнеу орындары мемлекеттік немесе жекеменшік (тұрғылықты халықтың пәтерді жалға беру) болуы мүмкін.

Туристер мен демалушылардың тамақ  пен сусындарға деген сұраныс- қанағаттарын өтеуге "тамақтандыру орындары" көмектеседі, оның ішіне мейрамхана, кафе, бар, буфет, асхана және т.б. кіреді. Түнеу орындары сияқты жыл бойғы немесе маусым аралық болып бөлінеді; қызмет көрсету жағынан - ашық, жабық немесе аралас; мемлекеттік, жекеменшік немесе өзге меншік басшылығында болуы мүмкін.

     "Коммуникациялық база" негізінен көліктік қызмет көрсетумен байланысты. Көліксіз туристік қызметті ұйымдастыру өте қиын, жаяу туризмді есепке алмағанда. Соңғы кездері, туризм саласында ақпаратық байланыс жүйесі ерекше рөл алуда, оның өсу қарқына жаһандық тұрғыда кеңею үстінде.

"Қосалқы қызмет базасына" туристерге келесі негізгі қызмет  көрсету түрлері кіреді: табиғаттың  қолайлы жақтары (пляждар ұйымдастыру,  шомылу орындары, тамашалау алаңдары  және т.б.); спорттпен шұғылдану;  ойын-сауықтарды ұйымдастыру; туристік  құрал-жабдықтар мен сувенирлерді  өндіріп шығару; ақпараттық қызметтер  және т.б.

"Туристік территория  немесе объект сыйымдылығы" - түнеу орнының (түнеу орындарының саны), тамақтандыру мекемесінің (ас мәзірі берілетін орындар саны) және қосалқы қызмет базасының (орындар саны немесе аудан көлемі) жалпы сыйымдылығы негізінде анықталатын, туристік базаның жекелеген объектілерін бір мезетте қолдана алатын, туристік ағымға қатысушылардың жалпы саны.

Туризм географиясының негізгі  түсініктерінің біріне, тұрғылықты жердің немесе объектінің "туристік аттрактивтілігі" (тартымдылығы) кіреді. Туризмнің көптеген түрлері мен формаларына байланысты бұл түсініктің құрылым өте күрделі  болып келеді. Туристік аттрактивтілік "туристік ұсыныс" түсінігімен  көп ұқсастықтары байқалады.

 

 

Қорытынды сұрақтар:

  1. "Туризм" түсінігінің қазіргі заман анықтамасын беріңіздер.
  2. Рекреациялық сабаққа мысал келтіріңіздер.
  3. "Туризм орталығына" анықтама беріңіздер.
  4. Туризмнің негізгі әлеуметтік функцияларын атап көрсетіңіз.
  5. Халықаралық Туризм күні алғаш рет қашан тойланды?
  6. Туризм географиясының негізгі таксономикалық категорияларын атап шығыңыз.

СӨЖ тапсырмасы: Туристік іс-әрекеттің әлеуметтік-экономикалық аспектілері.

Қолданылатын әдебиеттер тізімі:

Негізгі:

  1. Биржаков М.Б. Введение в туризм: Учебник. - Изд.6-е, перераб. и доп. - СПб.: "Издательский дом Герда", 2004.
  2. Вуколов В.Н. Введение в специальность "Туризм". Алматы, 2004.

Қосымша:

  1. Ердавлетов С.Р. География туризма: история, теория, методы, практика. - Алматы, 2000. -336с.
  2. О туристской деятельности в Республике Казахстан. Закон Республики Казахстан от 13 июня 2001 года № 211-11.

 

 

Лекция 4. Әлемдік  туризм индустриясының жалпы сипаттамасы

 

Сабақтың қысқаша  мазмұны

 

  1. Туризм индустриясы түсінігі, оның негізгі ерекшеліктері мен байланыстары
  2. "Туристік ресурстар" және "туристік аудандастыру" түсініктерінің сипаттамасы
  3. Туристік ағымдар және туризмдегі маусымдылық

 

Кез-келген экономикалық шаруашылық, белгілі туристік тауар мен қызмет көрсету көлемі мен түрінің өндіруге кеткен уақытпен, өндірілетін орнымен  және тағы басқа шаруашылық факторлары көрсеткіштерімен анықталады. Өндірілетін  тауар және көрсетілетін қызметтер  адамдардың қажеттіліктерін өтеуге бағытталуы қажет, қарастырып отырған  жағдайда, туризмдегі қажеттіліктерді.

Туристік қызмет көрсету  жүйесін, халық шаруашылығына кіретін  басқа да бір сатылы жүйелердің қатарында  қарастыру керек. "Халық шаруашылығы" жүйесі тұтынушылардың туристік туарлар  мен қызметтерге қажеттіліктері мен сұранысын қарастырады, туризм индустриясының қаржылық, материалды-техникалық, еңбек ресурстары, құқықтық тұрғыдан дамуын айқындайды, басқа да жүйелермен қатынасын реттеп отырады.

Турист энциклопедиясы (М., 1993 ж) келесі анықтаманы ұсынған: "Туризм индустриясы - туристік-экскурсиялық ресурстарды  зерттеп, жүзеге асыратын, туризм базасының  материалды-техникалық тұрғыдан құрастырылуын,   туристерге арналған туарлар мен  қызметтерді өндіру, сұрыптау, айырбас  және тұтынуды қамтамасыз ететін, өндірістің материалды және материалды емес саласында  жұмыс жасайтын мекемелер, кәсіпорындар және ұйымдардың жиынтығы. Негізінен  алғанда, туризм индустриясындағы мекемелер, кәсіпорындар және ұйымдар 3 топқа бөлініп  қарастырылады:

  1. Маршруттар мен демалыс орындарында комплексті туристік-экскурсиялық қызмет көрсетенін мекемелер (турбазалар, қонақ үйлер, санаторилар, кемпингер және т.б.); саяхат және экскурсиялық бюролар (шетелде - туроператорлар, турагенттер); туристік-экскурсиялық тасымалдауды жүзеге асыратын арнайы көлік мекемелері; демалыс орындары мен туристік орталықтарда туристерге сауықтыру, сувенир сату, олардың сұраныс қызметтерін жүзеге асыратын мекемелер мен кәсіпорындар (бальнеологиялық курорттар, арнайы дүкендер және т.б.).
  2. Туризм және демалыс орындарында туристер мен тұрғылықты халыққа кез-келген қызмет түрін көрсететін - тұрмыстық, мәдени-танымдық, сауда саттық және т.б. (қоғамдық көлік тасымалы, қонақ үйлер, емханалар, дүкендер, кинотеатрлар мен клубтар және т.б.) мекемелер, кәсіпорындар мен ұйымдар.
  3. Туризм базасын материалды-техникалық тұрғыдан қамтамасыздандыратын және оған еңбек , шикізат, құрал-сайман және жеке тұтыну тауарларын жеткізетін, туризм саласында арнайы мамандандырылған кадрлар даярлайтын өндірістік мекемелер, кәсіпорындар мен ұйымдар.

Халықаралық Ресей туризм академиясы даярлап шығарған "Менеджмент туризма" оқу құралында (М., 1996 ж) келесідей  анықтама берілген: "Туризм индустриясы - бос уақытта, адамдардың кез-келген және әр дайым өсіп тұратын демалыс  пен ойын-сауықтыруды қанағаттандыруға бағытталған мақсаттын көздейтін, салааралық және кәсіпорындар тобынан  құралған, ірі жеке дара шаруашылық комплексі".

Туризм индустриясында, тауарлар мен қызмет түрлерін өндіріп шығаратын  мекемелерге:

  • қонақ үй кәсіпорындары;
  • тамақтандыру мекемелері;
  • көлік мекемелері;
  • экскурсиялық, туристік бюролар мен агенттіктер;
  • сувенир өндірумен айналысатын мекемелер;
  • туризм мамандарын даярлайтын мекемелер;
  • ақпараттық және жарнама қызмет агенттіктері;
  • туризм саласында ғылыми-зерттеу, жобалау ұйымдары;
  • туристік тауар өндіруші кәсіпорындар.

Туризм индустриясының өзіне  тән 3 ерекшелігі бар: біріншісі, туристік кәсіпорындарды ұйымдастырып, орналастыруда  ресурстарға тәуелділік, екініші, туристік тауарды өндіруде маусымдылыққа  тәуелділік, үшінші, жалпы инфрақұрылым даму деңгейінің жоғары талаптарға сәйкес келуі, соның ішінде ақпараттық және әлеуметтік.

Туризм индучтриясының негізгі  ерекшелігі - тауарды өндіру мен  сатудың бір мезетте жүргізілуі. Бұл дегеніміз, туристік қызмет (турөнім) бір жерде өндіріліп, сол жерде  пайдаланылады, тасымалдау уақыты нөльге сәйкес келеді. Оның екінші ерекшелігі, турөнім болашаққа қажет қор  ретінде өндірілмейді, болашақта  оны сатуға немесе сақтап қоюға болмайды. Сондықтан да, турөнімді дер кезінде  өндіріп, сол мезетте сатып отыру  қажет.

Туристік қызмет көрсетудің келесі бір ерекшелігі, тұтынушыны өндіріс объектісіне қызмет көрсету  аясынан бұрын тасымалдау. Турист өндірілген турөнімді айналмалы  түрде "өзінде" сақтайды: саяхаттан  алған жақсы әсерлері, денсаулығының  түзелуі, жаңа білімдер мен дағдылардың  пайда болуы, жаңа ақпараттар мен  кездесулер, адамдармен қарым-қатынасы және т.б.

Рекреациялық және туристік ресурстар ұғымдары бір-біріне ұқсайды, алайда, біріншісі ауқымды мағынаны қамтиды, ал екіншісі соның бір бөлігі ретінде қарастырылады. Туризмнің  ресурстық диапозонына көптеген объектілер кіреді: таулар, өзен-көлдер, ормандар, архитектуралық ғимараттар, өндірістік-шаруашылық құрылыстар.

Рекреациялық бағалауға  тұрарлық тек қана табиғи ресурстар  ғана жатпайды, сонымен қатар, әлеуметтік-экономикалық ресурстар (тарихи-танымдық ескерткіштер, қаражат, материалдық және еңбек  ресурстары). Олар жеке дара туристік ағымды тартушы ресурсттар бола алады.

Территориялық классификацияның анықтаушы формасы ретінде, туристік аудандастыру, туризм географиясының негізгі теориялық және методологиялық шешілмеген мәселелерінің бір бөлігін  құрайды.

Туризмнің тағы бір ерекшелігі - оның маусымдылыққа тәуелдігі. Ол туристік қызмет көрсету нарығында  мекеменің жұмыс істеу стратегиясы  мен тактикасына әсер етеді. Стратегиялық тұрғыдан, маусымдылық, туристік өнімге деген сұраныстың төмен немесе жоғарлау көрсеткішіне ықпал етеді. Тактика, сұраныс жоғарлаған маусым кезінде, мекеменің нарықта өзін белсенділік  таныту керектігін айқындайды.

 

   Қорытынды сұрақтар:

  1. "Туризм индустриясына" анықтама беріңіз.
  2. Туризм индустриясы шаруашылықтың басқа салаларымен қалай байланысады?
  3. Туризм индустриясы жоғары дамыған мемлекеттерді атаңыз.
  4. Маусымдылқ факторы туризмге қалай әсер етеді.
  5. Туристік аудандастырудың негізгі мақсаты неде?
  6. Туристік ресурс дегеніміз не? Оның класификациясы.

СӨЖ тапсырмасы: Туристік нарық құрылымы. Қонақ үй торлары. Туристер көп саяхаттайтын елдер. Туризмдегі маусымдылық

 

№5 дәріс. Туристік шаруашылық

Сабақ мазмұны

  • Туристік шаруашылық
  • туризмді ұйымдастырушылар;
  • туристік тасымал
  • қонақ үй шаруашылығы (орналастыру индустриясы)
  • тамақтану  жүйесі
  • ойын-сауық және аттракция жүйесі
  • туризм инфрақұрылымы
  • туристерді сақтандыру
  • туризмдегі ақпарат және жарнама

Туристік шаруашылық (ТШ) - туристердің келуімен ынталандырылатын экономиканың әр секторларының кешені (іс-әрекет бағыттары). Тікелей ТШ тек  қана туристерге қызмет көрсетуге бағытталған  нысандар және мекемелер (туристік қонақ  үйлер, турбазалар, арнайы туристік көлік, туристік орталықтарында тамақтану  мекемелер, т.б.).  Жанама ТШ туристік емес (жалпы), бірақ туристермен пайдаланылатын нысандар және мекемелер (жалпы мемлекеттік  көліктік магистральдар, коммуникациялар, мейрамхана жүйесі, дүкен, мәдениет мекемелері, тұрмыс жүйесі және т.б.).  Функционалды белгілер бойынша бұл кешен төрт базаға бөлінеді: түнеу (орналастыру), тамақтану, коммуникация және қосалқы базалар.

Туризмді басқару және туристік іс-әрекетті ұйымдастыру мемлекет дәрежесінде - туризм бойынша үәкілетті  орган (ұлттық туристің әкімшілік) және басқа да жергілікті бөлімшелерде (аймақтарда) жүзеге асырылады . Сонымен қатар, туристік салада болып жүрген өзгерістер мен  процесстерге  халықаралық және жергілікті қоғамдық туристік ұйымдар  әсер етеді.

Ұлттық туристік әкімішілік (ҰТӘ) іс-әрекеті. ҰТӘ - туристік іс-әрекетті реттеуші басты мемлекеттік орган. Әлемнің әр мемлекеттегі ҰТӘ маңызы және іс-әрекет қағидалары.

Заң бойынша, үәкілетті орган - Қазақстан Республикасының Өкіметімен бекітілетін туристік іс-әрекет саласында  мемлекеттік басқару функцияларын орындайтын орталық атқарушы орган.

Қазіргі таңда туризм

Көлік қызметі  (әуе жолдары, көлік тасымалы, темір жол, жолаушы  немесе круиз кемелері). Туристік көлік - туристерді тасымалдауға арнайы жабдықталған көлік құралдары және жалпы көлік, оның ішінде қоғамдық көлік. Туристердің  қозғалыс құралдары: адамның бұлшық күшін (қайық, велосипед), жануарлардың күші (піл, түйе, жылқы), жергілікті құралдар (қозғалыстың механикалық түрлері: автомобиль, темір жол), әуе және ғарыш құралдары , мотор және желкен қайығы, су асты кемелері, т.б. Жұмыс  кезеңдері бойынша бөліп көрсетуге  болады: трансфер (туристерді негізгі/магистральды тасымалдаушыға жеткізу, әуежай/вокзал терминалынан отелге жеткізу), туристерді алыс қашықтыққа жеткізу және дестинация шебіндегі жергілікті тасымал, қозғалыс құралы түнеу құралы да болатын көлік  сапарлары, экскурсиялық маршруттағы  тасымал, шоппинг турларға арналған жүк сапарлары.

Орналастыру индустриясы  жеке ұйым орналастыру құралдарымен анықталады: отелдер, қонақ үйлер, пансионаттар, жастар хостелдері, апартамент, жалға  алынған пәтерлер. Туристерді қабылдау бойынша туристік орталық немесе аймақ потенциалын сипаттауға пайдаланылатын басты көрсеткіштердің бірі - төсек-орын саны. Кең таралған жүйелердің бірі - қонақ үй классификациясының француз жүйесі, жүйе бойынша "жұлдыздар" деп  комфорт деңгейі бойынша категорияларға бөлу көзделген. 5 жұлдыз категориясы ең жоғары комфортпен сипатталады.

Туристерді орналастыру  құралдары туристерге тұрақты немесе уақытша түрде түнеуге орынды беретін  кез-келген нысандар. Қосымша  шарт ретінде көрсетіледі: 1) түнеу  орындарының жалпы саны кейбір минимумнан асады (Қазақстан мен Ресейде 10 орын), 2) орналастыру нысанының басшылығы  бар, 3) нысанды басқару коммерциялық негізде жүзеге асады. ДТҰ ұсыныстары бойынша орналастыру құралдары  екі категорияға бөлінеді: ұйым және жеке құралдары.

Тамақтану құралдары үш белгі  бойынша классификацияланады: белгілі  бір іс-әрекет түріне жатқызылуы, қатысу формасы, тағам өнімдерін шығарудағы маңызы. Қоғамдық тамақтану жүйесі туристік орталықтың немесе аймақтың туристердің және жергілікті халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыратын  әр түрлі класстағы бар, кафе, мейрамхана, асхана, жедел тамақтану және өз-өзіне  қызмет көрсету орындарымен анықталады. Тамақтану түрлері: таңғы ас, жартылай пансион, толық пансион. Еуропалық  стандарт бойынша таңғы ас қонақ  үй номер құнына кіргізіледі.

Ресейдегі туристік және экскурсиялық ұйымдар, Ресейлік туристер қоғамы