Ресурстарды оңтайлы пайдаланудың негізгі бағыттары
Мазмұны
1 Ұлттық экономикадағы шикізат, отын-энергетикалық ресурстардың түсінігі мен маңызы
1.1Шикізат, отын – энергетикалық ресурстардың түсінігі
1.2Шикізат, отын – энергетикалық ресурстардың түсінігі
2 Ресурстарды оңтайлы пайдаланудың негізгі бағыттары
2.1 Шикізат
пен отын-энергетикалық
2.2 Материалдық-техникалық жабдықтау және логистика
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1 Ұлттық экономикадағы шикізат, отын-энергетикалық ресурстардың түсінігі мен маңызы
- Шикізат, отын – энергетикалық ресурстардың түсінігі
Барлық технологиялық процестің басты элементі – шикізат. Ол өнеркәсіптік өнім өндірісінде қолданылатын табиғи және синтетикалық жаратылған заттар.
Шикізат, материал, отын және энергия кәсіпорынның қалыпты жұмыс атқаруы мен жалпы мемлекет экономикасының негізі болып табылады. Мәселен Жапония үшін шикізат пен отын-энергетикалық ресурстармен (ОЭР) қамтамасыз ету – ең маңызды, бірінші кезектегі мәселе, өйткені Жапонияда шикізат пен отын-энергетикалық ресурстар жеткіліксіз. Шын мәнісінде Жапониядағы барлық қайта өңдеу өнеркәсіптері сырттан келетін шикізат пен отын негізінде жұмыс жасайды. Егерде қандай да бір себептің негізінен Жапонияға шикізат пен ОЭР тоқтатылатын болса, ол Жапония экономикасы үшін – апат. Осының салдарынан болар, жапондық тауарлар әлемдік нарықта анағұрлым сапалы және бәсекеге қабілетті, ал мемлекеттің өзі дайын және ғылыми сыйымдылықты өнім шығару жағынан қуатты экспорттық улеуетті болып келеді. Бұл процесс оның үздіксіз шикізат пен ОЭР-ды қажетті көлемде сатып алуына мүмкіндік береді.
Ресей бұл жағынан алғанда әлдеқайда ұтымды жағдайда. Оның иелігінде шикізат пен ОЭР қоры көп, сондықтан да олар тек қана ішкі қажеттілікті қамтамасыз етіп қана қоймай, оның бір бөлігін экспортқа шығарып та отырады.
Қазақстанға келетін болсақ, ол қуатты жылу-энергетикалық кешенге ие. Жылу-энергетикалық кешен дегеніміз ОЭР қазып алу мен алғашқы өңдеуді қамтамасыз ететін, оларды қайта түрлендіретін және тұтынушыларға қажетті пайдалану формасында жеткізетін кәсіпорындар, құрылғылар жиынтығы.
Сондықтан, материалдық ресурстар - өндіріс процесінде қолданылатын еңбек құралдары, яғни негізгі және көмекші материалдар, жартылай фабрикаттар және қосалқы бұйымдар, технологиялық қажеттілікті қанағаттандыратын отын мен энергия.
Материалдық ресурстардың мәнін, құрамы мен жіктелуін анықтау үшін, алдымен оны оңтайлы және тиімді пайдаланудың өзекті проблемаларын айқындайтын бірқатар теориялық және әдістемелік аспектісін қарастырайық.
Материалдық ресурстарды рационалды және тиімді пайдалану ұғымдарын біріктіріп қарастыруға болмайды.
Материалдық ресурстарды тиімді пайдалану қоғамдық өндірістің материалдық шығынын қысқартуға және әртүрлі ысырапты болдырмауға бағытталған санамен жүзеге асырылатын шаралар жүйесі.
Үнемдеу категориясы ұқыптылық категориясына қарағанда құбылыстың өлшенетін, сандық жағын көрсетеді. Ұқыптылық үнемділікке қол жеткізудің құралы немесе әдісі болып табылады. Демек, материалдық ресурстарды үнемдеу дегеніміз өнімнің берілген сапалық деңгейін қамтамасыз ету барысында немесе оны жақсарту барысында, әлеуметтік және экологиялық талаптарды сақтай отырып, өнімнің бір данасына немесе көлеміне жұмсалатын материалдық шығынды қысқарту.
Материалдық ресурстарды рационалды пайдалану оларды жетілдіруді және оларды өндіру мен өңдеудің жаңа жолдарын қарастырады. Материалдық ресурстарды рационалды пайдалану өнімнің тұтыну қасиетін, өндіру мен пайдаланудың технико-экономикалық және ұйымдастырушылық деңгейін анағұрлым толық пайдалануға және арттыруға бағытталған шаралар кешені. Материалды пайдалануды оңтайландыру процесі көп жағдайда халық шаруашылығы мен сарааралық шараларға, кейбір жағдайда салалық және ішкі өндірістік деңгейге негізделген.
Демек, материалдық ресурстарды оңтайлы пайдалану дегеніміз – халық шаруашылығы тұрғысынан алғанда мақсатты бағытталған, материалдық ресурстардың барлық пайдалы құраушыларын максималды пайдалану. Ол міндетті түрде өнімнің материал сыйымдылығын төмендетумен байланысты емес, бірақ ол үнемі қоғамдық еңбек жиынтығының шығынын үнемдеуді және оның тиімділігін арттыруын білдіреді.
Материалдық ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыру жеке кәсіпорынның, сондай-ақ жалпы мемлекеттің экономикасы үшін маңызы зор.
Шаруашылықтың қазіргі жағдайында кәсіпорынның тиімді жұмыс істеуіне материалдық ресурстарды үнемді және оңтайлы пайдалану қалай әсер етеді? Материалдық ресурстарды үнемдеу мен өндіріс тиімділігін арттыру арасындағы өзара байланысты қарастырайық. Экономикалық тиімділіктің алғашқы белгісі болып жоғары сапалы өнімнің бір данасына кеткен шығынды минимизациялау, максималды пайда табу саналса, ал пайданың артуының негізгі көзі болып сату көлемінің өсуі мен өндіріс пен сату шығындарының төмендеуі саналады. Халық шаруашылығының көптеген салаларында және өнеркәсіп кешенінің сату мен өндіріс шығынының құрылымында материалдық шығындардың үлесі әлдеқайда көп. Сондықтан материалдық ресурстарды үнемдеу – шығынды төмендетудің негізгі көзі болғандықтан, өндіріс рентабелдігі мен пайданы арттырудың маңызды бөлігі.
Басқаша тұрғыдан алғанда - өнімнің бәсеке қабілеттілігі. Бір жағынан алғанда, өнімнің бәсеке қабілеттілігі оның сапасы мен шығын негізінде қалыптасқан құнына байланысты. Екінші жағынан, соңғы жылдары экологиялық проблемалар шиеленісе түсуде, яғни қоршаған ортаны қорғау мен ресурстарды жинақтау сұрақтары басым болып тұр. Сондықтан, өнімнің бәсеке қабілеттілік деңгейі материал сыйымдылық, матеалл сыйымдылық, энерго сыйымдылық, экологиялық қауіпсіздікті және өндірістің басқа да ресурс сыйымдылық көрсеткішін қамтамасыз ету сияқты әсер ететін факторлардың жиынтығынан тұрады.
Экономикада материалдық ресурстардың абсолюттік және салыстырмалы шектеулері де қолданылады. Ресурстардың салыстырмалы шектелуі оларды тұтыну қарқынының өсуінің, оның өндірісі мен ұдайы өндірісінің өсу қарқынынан артуымен байланысты. Материалдық ресурстардың бірқатар бөлігі қайтып қалпына келмейтін көздерден келіп түседі. Бұл қазіргі уақыттағы шикізатты қазып алу мен пайдаға асыру әдістері кезіндегі шикізаттың дәстүрлі түрлерінің тозуына, сондай-ақ, қоршаған ортаны ластау көлемімен де байланысты.
Сондықтан да, қазіргі уақытта еліміздің экономикасы үшін шикізат пен ОЭР маңызы мынада:
- елімізді өзіндік шикізат пен ОЭР-мен қамтамасыз ету – мемлекеттің экономикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етеді және мемлекет экономикасының қалыпты жұмыс жасауы мен дамуына қажетті жағдай жасайды;
- материалдық, соның ішінде шикізат пен ОЭР өндіріс шығыны мен өнеркәсіптік өнімді сатуда үлестері зор болғандықтан, оларды оңтайлы пайдалану, өнімнің бір данасының өзіндік құнын төмендедетеді, сәйкесінше оның сатылу бағасын төмендетіп, бәсеке қабілеттілігін арттырады;
- бұл ресурстарды экспортқа шығару, өкінішке орай, шетел валютасын алудың негізгі көзі;
- шикізат пен ОЭР – ауыр индустрия салалары мен ұдайы өндіріс процесін дамытудың негізгі көзі.
1.2 Шикізат, отын-энергетикалық ресурстар түсінігі мен жіктелуі
Халық шаруашылық кешенінде қолданылатын барлық материалдық ресурстар шикізаттық және отын-энергетикалық болып жіктеледі.
Шикізаттық ресурстар дегеніміз мемлекеттегі бар әртүрлі өндіріске тікелей қажетті еңбек затының жиынтығы.
Шикізат (шикі материал) дегеніміз оны қазып алу мен өндірісіне еңбек жұмсалатын, өңдеу кезінде өзінің натуралдық формасын өзгертетін, яғни жаңа сапалық қасиеттерге ие болатын әртүрлі еңбек заты.
Шикізатқа көбінесе қазбалы өнеркәсіптік (руда, мұнай, көмір және т.б.) және ауылшаруашылық (бидай, картоп, қызылша және т.б.) өнімдер жатады.
Шикізаттық ресурстар әртүрлі белгілері бойынша жіктеледі:
- Өнімді дайындауға қатысу сипаты бойынша, яғни өнімді жасаудағы атқаратын қызметіне байланысты: негізгі және қосалқы. Шикізаттың негізгі түріне дайын өнімді жасауға және оның негізгі мазмұнын құрайтын еңбек материалдары жатса, ал қосалқы түріне өндіріске қызмет көрсету процесінде тұтынылатын немесе негізгі материалдарға олардың сыртқы пішіні мен кейбір қасиеттерін өзгерту үшін қосылатын материалдар жатады.
- Еңбек шығынының мөлшері мен сипатына байланысты шикізаттар біріншілік және екіншілік болып жіктеледі. Біріншілікке - өндіріс процесіне бірінші рет қатысып тұрған шикізаттар жатса, ал екіншілік шикізатқа бастапқы шикізат ретінде өндірісте қайта қолданылатын өндіріс пен тұтыну қалдықтары жатады.
- Пайда болу белгісіне байланысты шикізаттар өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық болып бөлінеді. Өнеркәсіптік: қазбалы және өндеу өнеркәсіптік шикізаттар болып жіктеледі. Ауыл шаруашылық шикізаттар – бұл ауыл шаруашылық салаларының өнімдері мен ауыл шаруашылық шикізаттарын өңдеу нәтижесінде алынған өңдеу өнеркәсібі салаларының өнімдері.
- Шикізаттың пайда болу сипатына байланысты минералды, органикалық және химиялық болып жіктеледі. Минералды шикізаттың оның басқа түрлерінен ерекшелігі, орны толтырылмайды және жер бетінде және оның қойнауында бірқалыпсыз орналасуында.
- Шикізаттың ұдайы өндірілу дәрежесіне байланысты ұдайы өндірілмейтін және ұдайы өндірілетін (бұл көп жағдайда табиғи ресурстармен байланысты) болып бөлінеді.
Барлық шикізаттық ресурстар сапалық белгісіне байланысты келесі түрлерге жіктеледі:
- құрамындағы негізгі пайдалы компоненттеріне;
- тереңдікте жатуына;
- сортына;
- талшықтардың ұзындығы мен мықтылығына;
- тұқымына және т.б.
Шикізаттың сапалық сипаттамасы қолданылатын техниканың, жабдықтың, технологияның, өндіріс көлемінің, өнімнің бәсеке қабілеттілігінің, яғни өндірістің барлық технико-экономикалық көрсеткіштерін анықтайды, сәйкесінше өндірістің тиімділік деңгейіне әсерін тигізеді.
Материал дегеніміз – алдын ала өңдеудің бір немесе бірнеше кезеңінен өткен және дайын өнімді шығару процесінде ары қарай өңделетін еңбек өнімі. Материалдарға материалдық ресурстың құрамдас элементі ретінде оларды алу мен өндіру үшін қазып алу және өңдеу салаларында шығындалған еңбек заттары жатады.
Отын мен электроэнергия материалдық ресурстың ерекше түрі болып саналады.
Өндіріс процесіне қатысу сипатына байланысты отын қосалқы шикізатқа жатады, бірақ экономикадағы маңыздылығы жағынан ол жеке топ болып бөлінеді. Отын технологиялық шикізат ретінде дайын өнімнің өндіріс процесіне жылу энергиясы түрінде қолданылады.
Электороэнергияны жеке элемент түрінде бөлуге еңбек құралы ретінде (электоросварка, электроұшқындық өңдеу, лазер сәулелері) оның еңбек затына технологиялық пайдалануы мен тікелей әсері себеп болды.
Отын-энергетикалық ресурстарды (ОЭР) әлеуетті және нақты деп бөлеміз.
Әлеуетті ОЭР дегеніміз - қандай да бір экономикалық аудан, жалпы мемлекет иелігіндегі отынның барлық түрлері мен энергия қорының көлемі.
Нақты ОЭР жалпы мағынада – мемлекет экономикасында қолданылатын энергияның барлық түрінің жиынтығы.
ОЭР жеке мағынада қарастырсақ, ол:
- табиғи ОЭР (табиғи отын) – көмір, торф, табиғи және пайдалы газ, жерасты газданудан жиналған газ, ағаш; отынның табиғи көзі – күн, жерасты буы.
- отынды өңдеу өнімдері – кокс, брикеттер, мұнай өнімдері, жасанды газдар, байытылған көмір және т.б.
- екілік энергетикалық ресурстар, олар көбінесе технологиялық процесс – отын қалдықтары, жанғыш және ыстық газдар, өңделген газ, өндіріс өнімінің физикалық жылуы және т.б. негізінде алынады.
Экономикалық тұрғыдан алғанда халық шаруашылығында қолданылатын шикізаттың барлық түрі екі топқа бөлінеді:
I - өнеркәсіптік шикізат, өнеркәсіпте қазылып алынады, өңделеді және ауыр индустрияда қолданылады;
II – ауыл шаруашылық шикізат,
ауыл шаруашылығының
Өнеркәсіптік шикізат өз кезегінде екі топқа бөлінеді:
- минералды шикізат, яғни жер қойнауынан алынатын шикізат;
- жасанды шикізат, яғни жасанды жолмен алынатын шикізаттар мен материалдар.
Табиғи шикізаттың көптеген топтары минералды болып келеді. Ол өнеркәсіптің минералды-шикізаттық базасын құрайды және оның қара және түсті металлургия, жылу, электроэнергетика және басқа да салаларының дамуын анықтайды.
Материалдық шығын дегеніміз өндіріс процесінде қолданылған материалдық ресурстардың көлемі. Статистикада өнімнің өзіндік құнын құрайтын материалдық шығындардың құрамына мынадай элементтер жатқызылады: қалдықтарды алып тастағандағы шикізаттар мен негізгі материалдар, сатып алынған бұйымдар мен жартылай фабрикаттар, қосалқы материалдар, отын мен энергия.
2 Ресурстарды оңтайлы пайдаланудың негізгі бағыттары
2.1 Шикізат пен отын-энергетикалық ресурстарды оңтайлы пайдаланудың негізгі бағыттары
Материалдық ресурстар өндірістің негізгі факторының бірі болып табылады. Олар шығарылатын өнімнің заттай құрамын қалыптастырады және өндіріс процесін қандай да бір дәрежеде қамтамасыз етеді. Ал шығарылған өнім қоғамның қажеттілігі мен тұтынысын қамтамасыз етеді. Сондықтан да қоғамның әл-ауқаты материалдық ресурстарды қалай пайдалануына, материалды тұтыну тұрғысынан өндіріс процесі қаншалықты тиімді әрекет етуіне байланысты. Шаруашылықтың экстенсивтіден интенсивті типіне ауысуы, кез келген мемлекеттің экономикасының алдына материалдық ресурстарды оңтайлы және тиімді пайдалану проблемасын қояды.
Шикізат пен отын-энергетикалық ресурстарды оңтайлы пайдаланудың негізгі бағыттарына мыналар жатады:
- жылу және отын-энергетикалық баланстың құрылымын жақсарту;
- шикізатты өнеркәсіптік кәсіпорындарда тікелей пайдалану үшін оларды анғұрлым мұқият және сапалы даярлау, өңдеу;
- шикізат пен отынды сақтау мен тасымалдауды дұрыс ұйымдастыру, сапасын төмендетпеу және ысырапқа жол бермеу;
- шикізатты кешенді пайдалану;
- өндірісті химиялау;
- өндіріс қалдығын пайдалану;
- шикізатты екінші рет пайдалану.
Минералды және органикалық шикізаттың әр түрін өнеркәсіпте пайдалану, сәйкес дайындықты талап етеді. Өнеркәсіптің әр саласында шикізатты бірінші рет өңдеудің бірнеше түрі қолданылады.
Шикізатты бірінші рет өңдеудің негізгі түрлеріне мыналар жатады:
- шикізатты байыту (қара және түсті металлургия рудалары, коксохимиялық өндірістегі көмір);
- шикізатты алдын ала тазарту мен стандарттау (тоқыма өнеркәсібіндегі мақта, жүн);
- консервілеу (тамақ өнеркәсібіндегі ет, балық, жеміс-жидек, көкеніс);
- кептіру, ұстамдылығы (ағаш өңдеу өнеркәсібіндегі тақтайлар).
Байыту дегеніміз – өнімнің болашақта техникалық мүмкін және өңдеуге немесе пайдалануға жарамдысын сараптайтын шикізатты алғашқы өңдеу түрі. Байыту мыналарға мүмкіндік береді:
- табиғи қазбадағы пайдалылық компонентінің құрамын арттыру
- оның құрамынан зиянды заттарды жою;
- минералдарды бір-бірінен айыру.
Шикізатты байыту нәтижесінде екі негізгі өнім алынады: концентрат және қалдық. Қазіргі уақытта қазылып алынатын түсті және сирек металдардың, темір рудаларының үлкен бөлігі, барлық фосфориттер дерлік, асбестік және граниттік рудалардың 95%-дан астамы және көмірдің 40%-дан астамы байытуға жіберіледі.
Байытудың экономикалық маңыздылығы мынада:
- өнеркәсіптің шикізаттық базасы кеңейтіледі;
- дайын өнімге қажетті шикізатты келешектегі өңдеуі арзандайды;
- шикізатты қазып алған жерден, оны өңдеу орындарына тасымалдайтын транспорттық шығындар қысқарады;
- транспорт құралдарына деген қажеттілік төмендейді және оларды пайдалану тиімділігі артады.
Өнімнің материалды тұтыну тиімділігінің және материал сыйымдылығы деңгейінің серпіні оның сипатын анықтайтын көптеген факторлардың, қозғалыс күштерінің, қандай да бір процестің салдарынан қалыптасады.
Осыған байланысты бұларды сыртқы және ішкі (өндіріс ішіндегі) факторлар, сондай-ақ оларды техникалық, технологиялық, экономикалық және ұйымдастырушылық сипаттағы факторлар деп бөлеміз.
Сыртқы факторларға мыналар жатады:
- Ресурстық қорды мемлекеттік реттеу – мемлекеттік бағдарламалар; салық жүйесі; баға құрылымы саясаты; амортизациялық саясат; қаржы-несиелік саясат; стандарттау. Мемлекеттің ресурстық қор саясатын жүзеге асыруда маңызды ролді өнідіріс пен салаларды техникалық дамыту, шағын және қалдықсыз технологияларды енгізу және т.б. бағдарламалар атқарады. Кәсіпорындар материалдық ресурстарды оңтайлы пайдалануын жүзеге асыру мен ынталандыру үшін мемлекет белгілі-бір қаржылық механизмді қолданады.
- Нарық конъюнктурасы – материалдық ресурсқа деген ұсыныс пен баға (кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын жасауда маңызды рол атқарады); кәсіпорын өнімінің сұранысы мен бағасы (шығарылатын өнімнің ассортиментін анықтайды); транспорттық-дайындау шығыдарының деңгейін анықтау (жабдықтаушыларды таңдауға әсер етеді); бәсеке (ассортимент, сапа баға саясаты және тағы да басқа жағдайларда шешім қабылдауға әсер етеді) жатады.
- Ғылыми-техникалық даму – жаңа материалдардың пайда болуымен (жаңа конструкциялық материалдар); жаңа технологиялармен (қалдықсыз, тұйық өндірістік цикл және т.б.); жаңа техникамен (материалдарды пайдалану коэффициентінің артуымен); жаңа энергия көздерімен; жаңа біліммен сипатталады.
- Жалпы экономикалық факторлар – жалпы кәсіпорын қызметінің, материалдық ресурстарды пайдалану процесінің стратегиясына әсер етеді. Бұл елдегі экономикалық жағдай; жалпы экономиканы мемлекеттік реттеу; халық шаруашылығының инфрақұрылымдық жағдайы және т.б.
- Басқа да факторлар – экологиялық (қоршаған ортаны ластау, пайдалы қазбалар қорын жою); табиғи-климаттық (ғимарат пен құрылғылар құрылысы кезінде материалдық ресурстың шығынына ылғалдықтың, температуралық режимнің әсері, жылу-энергетикалық ресурстардың шығыны; қоршаған ортаның қолайсыздық жағдайынан қорғау қажеттілігі); саяси және т.б жатады.
Ішкі факторлар сыртқы факторлардың әсеріне байланысты қозғалысы. Бірақта дәл осы ішкі факторлар кәсіпорынның материалдық ресурстарды пайдалану деңгейін анықтайды.
Техникалық факторлар жобалау кезеңінде пайда болады және олар өнімнің бір данасына кететін материалдық ресурстың жеке түрлерінің шығынын төмендетуге әсерін тигізеді, сондай-ақ бұйымның сапасы мен техникалық сипатын арттырады. Бұған жататындар:
- бұйымның абсолютті және (немесе) үлес массасын төмендету, машинаның прогрессивті типін таңдау; өнімділіктің бірлік қуаттылығын арттыру; деталдың анағұрлым оңтайлы материалын таңдау; машинаның сенімділігі мен ұзақ қызмет етуі және т.б.;
- тұтынатын материалдың сапасын арттыру;
- қымбат бағалы және тапшы материалдарды ауыстыру.
Технологиялық факторлар өнімді дайындау кезеңінде әрекет етеді, материалдардың ысыраптылығы мен қалдығын төмендетуге әсерін тигізеді. Оған жататындар:
- жақсартылған техникалық сипаттағы жаңа жабдықтарды енгізу, әрекет етуші жабдықтарды модернизациялау мен реконструкциялау, қалдықтар мен шығындарды қысқарту;
- прогрессивті материалды үнемдейтін технологияны енгізу;
- жеңілдетілген технологиялық тәсілдерді енгізу;
- деталдарды өңдеу мен дайындау тәсілдерін жетілдіру;
- өндірісті механикаландыру мен автоматтандыру, компьютерлендіру деңгейін арттыру.
Көптеген ұйымдастырушылық және экономикалық факторлар материалдық ресурстарды тұтыну деңгейіне тікелей емес, конструктивті, технологиялық және инновациялық факторлар арқылы әсер етеді, яғни құрастыру немесе өнімді өндіру процесінде көрінуі мүмкін.
Ұйымдастыру факторлары материалды тұтыну тиімділігін арттыру мақсатында өндірісті ұйымдастыру мен құрылымын жетілдіруге бағытталған. Оған жататындар:
- өндірісті ұйымдастыруды жетілдіру;
- материалдық ресурстар шығынын нормалау жүйесін жетілдіру;
- материалдық ресурсты пайдаланудың есептеу жейесін жетілдіру;
- материалдық ресурспен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру;
- ақау болдырмау мақсатында өнім мен дайындау сапасын бақылауды жетілдіру;
- өнім шығарудағы құрылымдық қозғалыстар;
- персонал құрылымы, қозғалысы мен біліктілігі.
Экономикалық факторлар кәсіпорында материалдық ресурстарды пайдалануды оңтайландыру процесіне жағдайлар туғызады. Экономикалық факторларға мыналар жатады:
- жұмысшыларды экономикалық ынталандыру жүйесі;
- материалдық ресурстарды оңтайлы пайдаланбағаны үшін экономикалық жауапкершілік жүйесі;
- кәсіпорыннның экономикалық жағдайы.
2.2 Материалдық-техникалық жабдықтау және логистика
Халықшаруашылығы саласы ретінде материалды-техникалық жабдықтау келесі функцияларды атқарады: тұтыну және өндіріс құралдарын бөлу және оларды нақты тұтынушыларына жеткізу. Бұл еңбек құралдары мен заттарын өндірушіден тұтынушыға шаруашылық байланыстарды оңтайландыру негізінде ауыстыру арқылы жүргізіледі.
Сонымен қатар материалды-техникалық жабдықтау тауарларды ораумен, сақтаумен, оларды тұтыну жеріне апарумен, тұтыну үдерісінде материалдарды өндірістік тұтынуға және қызмет етуге дайындауға байланысты өндірістік функцияларды да атқарады.
Басқада экономистердің айтуы бойынша материалды-техникалық жабдықтауды материалдық өндіріс саласына жатқызуға болады. Мысалы, өнімді нақты өндірістік тұтынушыға жеткізу бойынша жабдықтау саласының жұмыскерінің еңбегін өндірістік еңбекке жатқызуға негіз береді. Жабдықтау саласында еңбек мазмұны болып өндірістік қызметке жататын, өндіріс қызметі табылады.
Материалды-техникалық жабдықтауға сала ретінде келесі талаптар қойылады:
- жабдықтау тұрақтылығы;
- сапалық және сандық көрсеткіштері бойынша жабдықтаудың тұрақтылығы;
- келісім шарт шартын, тұтыну тапсырысын, жабдықтау тәртібін сақтауды орындау;
- материалды-техникалық құралдар қорларын төмендету, тауарлардың айналымын тездету;
- тұтынушыға қызмет түрлерін және көлемін ұлғайту;
- материалды-техникалық жабдықтаудың жаңа прогрессивтік тәсілдерін іздестіру;
- ресурстардың барлық түрлерін экономды және мөлшерлі қолдану;
- материалды-техникалық жабдықтаудың шаруашылық айналымында қарастырылған, артық қалған ресурстарды бірнеше рет қолдануға ынталандыру;
- есептен шығарылған машиналар мен құрылғылардың саймандарын және қалған бөлшектердің ресурстарын қолданудан, қалпына келтіруден кейін ресурстармен жабдықтау;
- көтерме сауданы дамыту;
- өндірістік негіздегі тауарлармен коммисиондық сауда;
- материалды-техникалық ресурстарды алумен және жабдықтаумен байланысты қызмет көрсетуші кәсіпорындардан қысым болғызбау.
Материалды-техникалық жабдықтаудың тиімділігі халық шаруашылық және сала ішіндегі тиімділік көрсеткіштерімен анықталады.
Өндірістік жабдықтау саласының халықшаруашылық тиімділігі кәсіпорындардың өндіріс құралдарына деген сұранысты өз уақытында және кешенді қанағаттандырумен, оларды өндіріске жеткізіп беру бойынша шығындар деңгейін төмендетумен, өндірісті ұлғайтатын жабдықтаудың прогрессивтік тәсілдерін енгізумен байланысты көрсетілген.
Жоспарларды құру үшін және оларды бақылау үшін қызметкерлер штаты жұмыс істеді. «Жоспардың орындалуы» деген көрсеткіш халық шаруашылықта, сондай ақ салалықта басты тиімді көрсеткіш болып табылды.
Енді салалық тиімділікке толығырақ тоқтай кетейік. Жабдықтаудың салалық тиімділігі бұл салада қолданылатын материалдық және еңбектік ресурстардың қолдану деңгейінде көрсетіледі.
Салалық тиімділіктің көрсеткіші болып келесілер табылады: жабдықтаудың бір жұмыскерін есепке қою, негізгі қордың бір құнына тұтынушылардың қызмет және жабдықтау көлемі, қоймадағы тауарлы материалдық құндылықтардың айналымы, айналым шығындарының деңгейі, жабдықтау қызметінің пайдалығы және т.б.
Жабдықтау бөлімінің табысты қызметін көрсететін басты фактор болып негізгі қорлар және еңбек ресурстары табылады. Бұлармен қамтамасыз етілгендік кәсіпорынның өндіріске тағайындалған керекті тауарламен жабдықталған деңгейін көрсетеді.
Дамыған нарықтық экономика үшін және жеке меншіктің түрлері көп жағдайда материалды-техникалық жабдықтау жеке салаға бөлінбейді, өйткені өндіріс құралдарын жабдықтайтын кәсіпорындар нақты бір ведомства қарамағына бағынбайды. Материалды-техникалық жабдықтау өндіріс құралдарының нарығының бір функциясы болып табылады. Жабдықтау үдерісі қатардағы сатып-алу актісі болып табылады, ал нақты баға, сапа, көлемі туралы сұрақтар, алдын-ала номенклатураны жоспарлау және анықтауға қарамай нарықтың ережесі және механизмі бойынша шешіледі.
Нарықтық экономикада өндірістік үдерістердің материалды-техникалық жабдықтау үдерісі жас ғылым – логистикамен оқылады. Француз тілінен логистика тасымалдау, жабдықтау, орнату өнері деп аударылады.
Экономикада бұл термин өндірісті материалдармен қамтамасыз ететін, оларды бөлетін әр түрлі мекемелер қызметтерін құрамалай білуді білдіреді. Біздің ойымызша ғылым туралы толық ойды оның анықтамасынан алуға болады: «Логистика - бұл шикізатты сатып алу орнынан соңғы тұтыну орнына дейін материалды және сонымен байланысты ақпараттық ағымдардың қозғалысын қамтамасыз ететін, тасымалдау және қоймалау бойынша барлық қызметтерді жоспарлау, ұйымдастыру және бақылау». Логистика шаруашылық қызметі ретінде келесі анықтамада көрсетіледі: «Логистика – жабдықтаушыға ақша төлеген кезден бастап тұтынушыға дайын өнімді жеткізгені үшін ақша алу мезетіне дейінгі шаруашылық айналымындағы шикізаттың, бөлшектердің және дайын өнімдердің қозғалысын және сақталуын басқару үдерісі». Логистика түсінігін осындай пайымдау көбінесе шетел әдебиеттерінде кездеседі.
Егер өндіріс құралының нарығының құрылу жағдайында өндірістік қамтамасыз ету үдерісін қарастыратын болсақ онда үш мәселе туады: біріншісі, коммерциялық қызмет барлық көрсеткіштерімен; екіншіден, тауар нарығының құқықтық және экономика-ұйымдастырылған реттеуі; үшіншіден, өндіріс құралдарының айналым саласындағы тауар қозғалысын жүзеге асыру және басқару; төртіншіден, шаруашылық аймақтық байланыстарды құру, өнімдерді қоймалау орындарында сатуды ұйымдастыру, өнім қорын реттеу және құру, қоймалық шаруашылықты ұйымдастыру және дамыту.
Тауар қозғалысын басқару біріншіден экономиканы ресурстардың барлық түрлерімен қамтамасыз етумен, әр түрлі салалардың нақты және қоғамдық еңбегін қысқартумен тығыз байланысты. Сәйкес функциялар осы механизмді тиімді және кешенді дамуына көмектесе отырып, нарықты реттейтін механизмдермен байланысады. Логистикалық басқару жүйесіндегі объектілер мен субъектілер көбінесе өндіріс құралдарының нарығының құрылуына байланысты. Логистиканың анықтамасының көпжақтылығына қарамай олар бұрын шет ел мамандарына жататын өнімді физикалық таратуды басқару сұрақтарын қосады (дайын өнімнің сатып алушыға және шикізатты жабдықтау көзінен өндіріс үдерісінің басталуына жеткізілуі және қоймаландыру). Бұл ғылыми-практикалық бағыт әсіресе 60-70-ші жылдары кең тараған. Және де өнімді физикалық тарату – бұл үдерістің бір бөлігі барлық (шаруашылық ішіндегі саланы қоса) материалдық және ақпараттық ағымдарды басқаруда көрсетілген жоқ. Сонымен қатар оның маркетингтен айырмашылығы да көрсетілді: маркетинг – бұл нарық жағдаятын, жарнама, сауданы, материалдардың сатып алушыларға қозғалысын оқыса, ал тауарды физикалық тарату – бұл үдерістің өнім қозғалысына және қоймалауға байланысты бір бөлігі.
Бір айта кететін жай кейбір авторлар логистикалық басқару механизміне маркетингтік жүйені қосады. Кейбіреулері логистиканы тұтынушыларды әр түрлі тәсілдермен қамтамасыз етуді ұйымдастырумен байланыстырады. Осылардың салдарынан логистиканың контурлары өзгереді, түсініксіз кішірейеді немесе керісінше ұлғаяды.
Біздің ойымызша, логистика айналым саласында тауар қозғалысын қамтамасыз етуді және ұйымдастыруды көрсетеді.
Логистиканың негізгі функциялары болып келесілер табылады:
- шаруашылық байланыстарды құру;
- тауар тасымалдаудың сұранысын, олардың көлемін және қоймалау орны арқылы өнімнің қозғалым кезеңдігін және тізбектілік бағыттарын анықтау;
- жабдықтаумен және тасымалдаумен оперативті басқаруды координациялау;
- өнім қорларын реттеу және құру: қоймалық шаруашылықты ұйымдастыру, дамыту;
- өнімді тасымалдауды тоқтататын операциялардың орындалуы.
Көрсетілген функцияларға келесі ерекшеліктер бейім: біріншіден, тауарайналым үдерісінде материалдық ағымды жүзеге асыруды реттеу, ұйымдастыру бойынша өзара байланысқан функциялар кешенін ұсынады; екіншіден, бұндай функциялардың тасымалдаушысы болып, бұл үдерісте қатысатын барлық субъектілер табылады: кәсіпорынның жабдықтау-өткізу және көліктік қызметтері, шаруашылық ассоциациялардың, концерндердің бірлестіктері және аймақ аралық, аймақтық коммерциялық-делдалдық және саудалық мекемелер мен кәсіпорындар. Онда тауар қозғалысын ұйымдастырудың координациялық ролін көлікті, сауданы, материалдық және энергетикалық ресурстарды басқаратын мемлекеттік құрылымдар жүзеге асырады; үшіншіден, осы функциялардың тиімді жүзеге асыруының өлшеуіші болып өнімді тасымалдаудағы салмақтық жиынтық шығын табылады, өйткені бұл шығындардың әр элементтеріне жалпы сомадан үлес салмағы жатады.

- Ресурсы банков. Пассивные операции банков
- Ресурсы биосферы и воздействие на них человеком
- Ресурсы Ближневосточного туристического региона
- Ресурсы. Виды ресурсов
- Ресурсы. Виды ресурсов
- Ресурсы власти
- Ресурсы власти
- Ресурсосбережение в машиностроении
- Ресурсосбережение в строительстве
- Ресурсосбережение и определение оптимального соотношения ресурсов для конкретного предприятия
- Ресурсосбережение как фактор совершенствования природоохранной деятельности
- Ресурсосбережение при утилизации автомобилей
- Ресурсосбержение при производстве цемента
- Ресурсоэффективность использования нефти