Салық ұғымы және оның әлеуметтік – экономикалық мәні
- Салық ұғымы және оның әлеуметтік – экономикалық мәні
Ұйымдық - құқықтық жағынан салықтар – бұл мемлекет бір жақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер.
Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен міндеттерінің жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында.
Салықтар қаржының бастапқы категориясы болып табылады.
Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізгі болып табылады. Адамзат дамуының бүкіл тарихы бойына салық нысандары мен әдістері өзгереді, игерілді, мемлекеттің қажеттіліктері мен сұрау салуларына бейімделеді. Салықтар тауар - ақша қатынастарының ахуалына әсер ете отырып, олардың дамыған жүйесінде айтарлықтай өрбіді. Мемлекет құрлымының өзгеруі, өркендеуі әрқашан салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен қабаттаса жүреді.
Салықтар дерде олардың қоғамдық - экономикалық құрылысы мен саяси іс - бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кірістерінің негізгі көзі - ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық құралы, мемлекеттің кірістері және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады. Салықтарда мемлекеттің экономикалық мазмұны нақты түрде көрінеді, ал салықтардың әлеуметтік - экономикалық мәні, олардың түрлері мен рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады. Белгілі философ Фрэнсис Бэкон салықтарды төлеу әрбір азаматтың қасиетті борышы деген еді.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 35 - бабында: заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады, - деп жазылған.
Салықтарда
ежелден салық жүктемесін
(салық
ауыртпалығын ) бөлудің екі қағидаты қалыптасқан:
1) пайда (алынған игіліктер ) қағидаты;
2)
“ қайыр көрсету” (төлем қабілеттілігі)
қағидаты.
Алынған игіліктерге және төлем қабілеттілігіне салық салудың қағидаттарын пайдалану салық мөлшерлемелерін белгілеуге және табыстың өсуіне қарай олардың өзгеруіне саяды.
Салықты ұтымды ұйымдастырудың классикалық қағидаттарын бұрын А. Смит ұсынған еді. Олар мынаған саяды:
1) салық салық төлеушінің әрқайсысының табысына сәйкес алынуы тиіс (әділеттілік қағидаты);
2) салықтың мөлшері мен оны төлеу мерзімі алдын ала және дәл анықталуы керек (анықталық қағидаты);
3) әрбір салық салық төлеуші үшін неғұрлым қолайлы уақытта және әдіспен алынуы тиіс (қолайлылық қағидаты);
4) салықты алудың шығындары өте аз болуы тиіс (үнемі қағидаты).
Бұл қағидаттарды пайдалану салық зорлық – зомбылықты жоқ етті, бұл процеске реттемелеуді енгізді және А. Смитке “ салықтар - оны төлейтіндерге құлшылықтың нышаны емес, бостандықтың нышаны ” деп қорытынды жасауға мүмкіндік берді. Салық салудың кейінгі даму барысында қағидаттардың тұжырымдамалары дәлелденді, толықтырылды.
Салық салудың қазіргі қағидаттары мыналарға саяды.
1. Салық салудағы әділдік қағидаты екі аспектіде қарастырылады:
а) “деңгейлес теңдікке” жету - салық төлушілердің табыстарына тең жағдайда біркелкі салық салынады;
ә) “сатылас теңдікті” сақтау - жеке тұлғалардың табыстарына салық салу табыстардың бір бөлігін қайта бөлу үшін прогрессивті шәкіл бойынша сараланған мөлшерлемелерді қолдана отырып жүргізілуі тиіс.
2. Қарапайымдылық қағидаты. Салық механизмі салық төлеушіге түсінікті болуы тиіс, ол рабайсыз әрі күрделі болмауы керек.
3. Салықтардың анықтығы – алдын ала белгіленген шарттар мен талаптардың мызғымас теңдігі елдің барлық аумағында жіне барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін түсіндіру мен қолданудың біркелкілігі.
4. Жеңілдіктердің ең аз саны. Жеңілдіктер құндық үйлесімдерді бүрмалайды және салық салу субъектілерін тең емес жағдайларға әдейі қояды.
5. Салық салудың экономикалық бейтараптығы. Салықтар экономиканың жұмыс істеуін жақсартуға және инвестициялардың өсуіне кедергі жасамауы тиіс.
6. Экономикалық қатынастар бойынша осы елдің басқа әріптес елдермен салықтардың негізгі түрлері бойынша салық мөлшерлемелерінің салыстырмалығы.
Қазақстанның салық заңнамасында сонымен бірге салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеудің міндеттілігі, салық салудың айқындылығы, әділдігі, салық жүйесінің біртұтастығы және салық заңнамасының жариялылығы қағидаттары негізделеді.
Салық төлеуші салық заңнамасына сәйкес салықтық міндеттемелерін толық көлемінде және белгіленген мерзімдерде орындалуға міндетті.
Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер айқын болуға тиіс. Салық салудың айқындығы салық төлеушінің салықтық міндеттемелері туындауының, орындалуының және тоқтатылуының барлық негіздері мен тәртібі салық заңнамасында белгілеу мүмкіндігін білдіреді.
Еліміздегі салық салу жалпыға бірдей және міндетті болып табылады. Жеке сипаттағы салық жеңілдіктерін беруге тиым салынады.
Қазақстанның салық жүйесі оның бүкіл аумағында барлық салық төлеушілерге қатысты бірыңғай болып табылады.
Салық салу мәселелерін реттейтін нормативтік - құқықтық актілер ресми басылымдарда міндетті түрде жариялануға жатады.
Мемлекетке түсетін салық түсімдерінің сипатты ерекшілігі олардың сан алуан қоғамдық қажеттерге кейін иесіз пайдаланылуы болып табылады. Осысымен салықтардың мемлекет, сондай – ақ басқа жергілікті органдар белгілейтін түрлі міндетті мақсатты жарналардан, төлем аударымдарынан айырмашылығы болады.
Салықтардың әлеуметтік - экономикалық мәні мен мазмұны олар атқаратын функцияларда толық ашыла түседі. Жалпы қаржы категориясы тұрғысынан салықтар қосалқы категория болып табылатындығын есте ұстаған жөн, сондықтан қаржыға қатысты салықтардың функцияларын қаржының бөлгіштік функциясының құрамдас қосалқы функциясы ретінде қарастырған жөн.
Қазіргі кезде салықтар фискалдық, реттеуші және қайта бөлу сияқты негізгі үш функция орындайды. Бұлардың әрқайсысы осы қаржы категориясының ішкі белгілері мен өзіндік ерекшеліктерін білдіреді.
Фискалдық функция - барлық мемлекеттерге тән негізгі функция. Оның көмегімен бюджеттік қор қалыптасады, мұның өзі салықтардың қоғамдық міндеттерін арттыра түседі. Өйткені салықтар мемлекеттік бюджеттің кірістерін толыстыра отырып, экономиканы, әлеуметтік - мәдени шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
Салықтардың реттеуші функциясы мемлекеттің экономикалық қызметінің ұлғаюымен байланысты пайда болады. Ол ұлттық шаруашылықтың дамуына қабылданатын бағдарламаларға сәйкес ықпал етеді. Бұл орайда салықтардың нысандарына таңдау, олардың мөлшерлемелерінің, алу әдістерінің өзгеруі, жеңілдіктер мен шегерімдер пайдаланылады. Бұл реттеуіштер қоғамдық үдайы өндірістің құрылымы мен үйлесіміне, қорлануы мен тұтыну көлеміне ықпал етеді.
Қайта
бөлу функциясы
арқылы түрлі субъектілер табысының
бір бөлігі мемлекеттің қарамағына
өтеді. Бұл функцияның іс - әрекетінің
ауқымы жалпы ұлттық өнімде
салықтардың алатын үлесі арқылы
анықталады; ол ұлттық табыстың
мемлекеттендірілу дәрежесін көрсетеді:
бұл үлес 1997 жылы - 19,7 %, 1998
жылы - 16,6 %, 1999 жылы - 17,4%,
2000 жылы - 22,6 %, 2001 жылы - 22,2
%, болды (салыстыру үшін:
Украинада – 29 %, Ресейде – 33,3 % ).
Мемлекет
салық саясатын -
салық саласындағы шаралар
жүйесін қоғамның оның нақтылы кезеңіндегі
әлеуметтік – экономикалық және басқа
мақсаттар мен міндеттеріне қарай әзірленген
экономикалық саясатқа сәйкес жүргізеді.
- Салық жүйесі
“ Салық ” ұғымымен “ салық жүйесі” ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетте алынатын салық түрлерлерінің, оны құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, салық службасы органдарының жиынтығы әдетте мемлекеттің салық жүйесін құрайды.
1991 жылға дейін, яғни КСРО ыдырағанға дейін елде көбінесе экономиканы басқарудың әміршіл - әкімшіл жүйесіне, бағаларға қатаң мемлекеттік реттеуге сәйкес келетін салық жүйесі қызмет етті. Бюджеттің басты кірісі көзднрінің бірі болған айналым салығы тіркелген бөлшек сауда және көтерме сатып алу бағаларын қолдануға және мемлекеттік реттеп отыруға бағытталған болатын. Қазақстан егемендікке ие болғаннан кейін 1991 - 1995 жылдары қабылданған бірқатар заңдарға сәйкес республикада жаңа салық жүйесі қалыптасты.
1991 жылғы желтоқсанның 25 - інен бастап біздің елімізде тұңғыш салық жүйесі жұмыс істей бастады. Ол “ Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы” заңға негізделді. Бұл заң салық жүйесін құрудың қағидаттарын, салықтар мен алымдардың түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін белгілеген алғашқы құжат еді. Осы заңға сәйкес Қазақстанда 1992 жылғы қаңтардың 1 - інен бастап 13 жалпы мемлекеттік салық, 18 жергілікті салықтар мен алымдар енгізілді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі 1995 жылдың басында салық реформасының ұзақ мерзімді түжырымдамасын қабылдап, онда еліміздің салық жүйесі мен салық салудың қағидаттарына сәйкестендіру көзделді. Осыған байланысты “ Салық және бюджетке төленетін Республикасының 1999 жылғы шілденің 16 - сындағы басқа да міндетті төлемдер туралы ” 1995 жылғы сәуірдің 24 - інде Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлығы шықты. Енді бұрынғы 42 салықтар мен алымдар едәуір қысқартылып, олардың саны небәрі 11 болып қалды. Қазақстан Республикасы Президентінің бұл жарлығы Қазақстан 440-1 заңына сәйкес заң мәртебесін алды. Осы уақыт аралықтарында Президент жарлықтарымен және Қазақстан Республикасының заңдарымен бұл заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Салықтардың, оларды төлеушілердің, салықтарды алу әдістерінің, салық жеңілдіктерінің жиынтығының болатындығынан салық жүйелерінің әжептәуір күрделі үлгілері болуы мүмкін.
Барлық өркениетті елдерде салықтардың бүкіл жиынтығы әр түрлі қағидаттар бойынша жіктеледі:
-салық салу объектілері бойынша;
-салықты алатын және салықтан жиналған сомаға билік жасайтын органға қарай;
- пайдалану тәртібі бойынша;
-объектінің экономикалық белгісі бойынша.
Салықтарды салу объектісі бойынша олар тура және жанама салықтар болып бөлінеді.
Тура салықтар – салық төлеушінің кірісі мен мүлкіне тікелей төленген салықтар. Олар өз кезегінде нақты және жеке салықтарға жіктеледі. Нақты салықтар салық төлеушінің мүлкінің ( меншігінің ) кейбір түрлерінің ( үй, жер, кәсіп, ақшалай капитал және т.с.с ) салынады. Жеке тура салықтар - бұл жеке адамдар заң ұйымдарының табыстары мен мүлкіне салынатын салықтар. Нақты салықтардан айырмашылығы жеке салық салу әрбір салық төлеушінің жеке табысы мен мүлкін де, оның қаржы жағдайын да ескереді.
Жанама салықтар - бағаға немесе тарифке үстеме түрінде белгіленген салық төлеушінің кірістері мен мүлкіне тікелей байланысты емес салықтар. Жанама салықтарға қосылған құнға салынатын салық, акциздер жатады. Жанама салықтарға сондай – ақ сыртқы экономикалық қызметтен түсетін түсімдер де (кеден баждары түріндегі, экспортқа және импортқа салынатын салық түріндегі кеден кірістері, ішкі рынокта сатылатын тауарлар бағасы мен олардың фактуралық құнның айырмасы) жатады.
Жанама салықтар мемлекеттің фискалдық мүлделерін білдіреді.
Жанама салықтар салудың мәні салықтың тауар бағасына (немесе қызметтің тарифіне) қосылғандығында, кіріктірілетіндігінде. Бұл жағдайда салықты тауардың нақты тұтынушысы төлейді, алайда тұтынушы мен мемлекет арасында тікелей байланысты болмайды.
Салықты алатын және оған билік жасайтын органга қарай орталық (жалпымемлекеттік) және жергілікті салықтарды ажыратады.
Пайдалану тәртібіне қарай барлық салықтар жалпы және мақсатты (арнаулы) болып бөлінеді.
Жалпы салықтар тиісті деңгейлердің бюджеттерінде шоғырландыры және жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қаржыландыруға пайдаланылады. Мақсатты (арнаулы) салықтардың нысаналы арналымы болады (мысалы, зейнетақы төлемдерін қалыптастыру үшін пайдаланылатын әлеуметтік салық).
Оъектінің экономикалық белгілері бойынша табысқа салынатын салықтар және тұтынуға салынатын салықтар болып ажыратылады. Табысқа салынатын салықтар төлеушінің салық салынатын кез келген объектіден алынған табыстарынан алынады. Тұтынуға салынатын салықтар - бұл тауарлар мен қызметтер көрсетуі тұтыну кезінде төленетін шығынға салынатын салықтар.
Салық салу объектілерін есепке алу және оларды бағалау тәсілдеріне қарай салық алудың мынадай төрт әдісі қолданылады: кадастрлық, салық төлеушінің мағлұмдамасы бойынша, табысты алу көзінен үстап қалу, патенттік негізде.
Бірінші жағдайда салықты есептеу мен оны алу, салық салу объектілерінің нақты табыстылығын есепке алмай табыстылық (жер салығы, мүлік салығы) нормасын көрсете отырып, олардың тізімдемесі негізінде жүзеге асырылады.
Мағлұлмдамада салық төлеушілер табыстың көлемі, қажетті жеңілдіктерді, шегерімдері көрсетеді және салық сомасын есептеп, төлейді. Олар салықтардың түрлері бойынша салық мағлұмдамасын есепті салық кезеңіне сәйкес тапсырып отырады. Мәселен, корпорациялық табыс салығын, жеке табыс салығын, көлік құралдарына салынатын салықты және жер салығын төлеушілер (арнаулы салық режімін қолданатын заңи тұлғаларды қоспағанда) салық органына олар бойынша мағлұмдаманы есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 - наурызына дейін береді.
Жеке табыс салығы бойынша мағлұмдаманы мынадай салық төлеушілер:
төлем көзінен салық салынбайтын табыстары барлар;
тұрғын үй салу мен осындай құрылыс үшін құрлыс материалдарын сатып алуды іске асырғанда;
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерден табыстар алатын жеке тұлғалар;
Қазақстан Республикасының шегіне тыс жерлердегі шетел банктеріндегі шоттарда ақшасы бар жеке тұлғалар;
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамалық актілеріне сәйкес мағлұмдама беру жөнінде міндеттеме жүктелген адамдар;
Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, судьялар табыс етеді.
Әскери қызметшілер мен ішкі істер органдарының қызметкерлері жеке табыс салығы бойынша мағлұмдаманы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен ұсынады.
Салық төлеушіден салық мағлұмдамасын табыс етудің белгіленген мерзіміне дейін жазбаша өтініш алған жағдайда уәкілетті мемлекеттік орган салық мағлұмдамасын табыс ету мерзімін екі айдан аспайтын мерзімге ұзартуға құқылы. Бірақ салық мағлұмдамасын тапсыруға мерзімін өзгертпейді.
Үшінші әдіс бойынша салық төлеуші жұмыс істейтін ұйымның, мекеменің бухгалтериясы одан салықты табыс алынған жерде есептеп, ұстайды (төлейді).
Төртінші әдіспен салық кәсіпкерлік қызметтің сан алуан түрлеріне берілетін патент негізінде төленеді. Патент - арнаулы салық режімін қолдану құқығының куәландыратын және салық сомасының бюджетке төленгендігін растайтын құжат.
Салықтық есептің екі әдісі қолданылады: кассалық және есептеу әдісі.
Кассалық әдіске сәйкес табыстар мен шегерімдер жұмысты орындау, қызмет көрсету, мүлікті жөнелту мен кірістеу және ол бойынша жасалынған ақы төлеу мезетінен бастап есепке алынады.
Есептеу әдісі бойынша табыстар мен шегерімдер ақы төлеудің уақытына қарамастан жұмысты орындау, қызмет көрсету, тауарларды өткізу және кіріске алу мақсатымен тиеп жіберу мезетінен бастап есепке алынады. Бұл әдіс салық службалары үшін қолайлырақ және оны Қазақстанның барлық төлеушілері қолдануға қабылданған. Төлеушілер үшін оның кемшілігі - салық төлемдері жеткізілім тіпті уақытында төленбеген жағдайда да аударылуы тиіс, бұл айналым қаражаттарын оқшауландыруға ұрындырады.
Қазақстан Республикасының салық жүйесі салықтардың, алымдардың және баждардың түрлерін, салық қатынастарын реттейтін құқықтық нормаларды және салық службасының органдарын кіріктіреді.
Қазақстан Республикасының салықтардың, салық сипатындағы алымдардың тізбесі мыналарды кіріктіреді:
- Салықтар:
1.Корпорациялық табыс салығы.
2.Жеке табыс салығы.
3.Қосылған құнға салынатын салық.
4. Акциздер.
5.Жер
қойнауын пайдаланушылардың
6. Экспортқа шығарылатын шикі мұнайға салынатын рента салығы.
7. Әлеуметтік салық.
8. Жер салығы.
9. Көлік құралдарына салынатын салық.
10. Мүлікке салынатын салық.
11. Қазақстан
Республикасының жасалған келісімшарттары
бойынша өнімді бөлу жөніндегі
үлесі.
- Алымдар.
1. Заңи тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын
алым.
2. Жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым.
3.
Жылжымайтын мүлікке
4. Радиоэлектрондық құралдарды және жиілігі жоғары құрылғыларды мемлекеттік тіркегені үшін алым.
5. Механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.
6. Теңіз, өзен кемелері мен шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.
7. Азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркегені үшін алым.
8.
Дәрілік заттарды мемлекеттік
9. Автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүру алымы.
10. Аукциондардан алынатын алым.
11. Консулдық алым.
12. Жекеленген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым.
13.
Телевизиялық және радиохабар
ұйымдарына радиожиілік спектрін
пайдалануға рұқсат бергені
үшін алым.
- Төлемақылар:
- Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы.
- Жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы.
- Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы.
- Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы.
- Орманды пайдаланғаны үшін төлемақы.
- Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы.
- Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы.
- Кеме жүретін су жолдарын пайдаланғаны үшін төлемақы.
- Сыртқы жарнаманы орналастыру үшін төлемақы.
- Мемлекеттік баж.
- Кеден төлемдері:
- Кеден баж.
- Кеден алымдары.
- Алдын ала шешім қабылданғаны үшін төлемақы,
- Алымдар.
Салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасы «Қазақстан Республикасының бюджет кодексі» мен тиісті қаржы жылына арналған Республикалық бюджет туралы заңда белгіленген тәртіппен тиісті бюджеттердің кірісіне түседі.
Сөйтіп, Қазақстанның салық жүйесі салықтардың және басқа міндетті төлемдердің түрлері бойынша тым сараланған. Салық қатынастарын реттеуші құықтық нормалар Қазақстан Республикасының Салық кодексінде сараланған және тиісті нұсқаулықтарда келтірілген. Салық службасы органдары уәкілетті мемлекеттік орган мен салық органдарынан тұрады. Салық органдарына облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша салық комитеттері, ауданаралық салық комитеттері, аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша салық комитеттері, сонымен бірге қаржы полициясының бөлімшелері жатады.
Салық службасы органдары салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық түсуін, міндетті зейнетақы жарнамаларының толық және дер кезінде аударылуын қамтамасыз ету жөніндегі, сондай – ақ салық төлеушілердің салықтық міндеттемелерін орындауына салықтық бақылауды жүзеге асырады.
«Салық»
және «салық салу» ұғымдарын
ажырата білген жөн: бірінші
жағдайда - бұл экономикалық
және қаржы категориясы, екіншісінде
- экономикалық - құқықтық механизмді
пайдалана отырып салық төлемдерін
өндіріп алу процесі.
- Салық салудың ұғымы
Салық салуды ұйымдастыру салық қатынастары нысандарының элементтерін, яғни салық түрлерінің нақты атауларын, сондай – ақ олардың қолданудың тәртібі мен әдәстерін, іс - қимылының тәсілдерін кіріктіретін салық механизмін құруға және оның жұмыс істеуіне саяды. Салық механизмінде өзара байланысты элементтерден тұратын арнаулы нұсқаулық қолданылады.
Қазақстан Республикасының қазіргі салық жүйесі салықтарды құру мен алудың нақтылы әдістерін анықтайды, салықтың тиісті элементтері арқылы салық салудың тәртібін белгілейді.
Негізгі салық элементтеріне мыналар жатады: салық субъектісі, салық салынушы, объектісі, салық базасы, салық салудың өлшемі (единицасы), салық мөлшерлемесі, үлес (квота), салықпұл, салық жеңілдіктері, салық төлеудің мерзімі мен тәтібі, салық төлеушілер мен салық органдарының міндеттіліктері мен құқықтары, салықтарды төлеуді бақылау, салық заңнамасын бұзғаны үшін санкциялар және басқалары.
Салық субъектісі немесе салық төлеуші. Ол - салықтвы және бюджетке басқа төлемдерді төлеуші тұлға, алайда нарық механизімі арқылы салық ауыртпалығы басқа тұлғаға - салық салынушыға аударылуы мүмкін.

- Салық функциясы
- Салыстырмалық принципі. Релятивистік механика элементтері
- Салыстырмалық теориясының негіздері
- Салыстырмалы саяси әлеуметтану
- Салыстыру әдісі – танымның әмбебап логикалық тәсілі
- Салыстырып тексеру сұлбалары
- Сальвадор Альенде Госсенс
- Салықтық құқықтық бұзушылық: ұғымы, топтастырылуы
- Салықтық құқықтық нормалар
- Салықтық құқықтық нормалар және қатынас
- Салықтық қызмет мемлекеттің қаржылық қызметінің басымды бағыты ретінде: түсінігі, маңызы, құқықтық негіздері
- Салықтың экономикалық мәні
- Салықтың экономикалық мәні мен маңызы
- Салықтың экономикалық мәні мен міндеті