Салықтың экономикалық мәні мен міндеті

 
 
 
 

Курстық жұмыс 
 
 

Тақырыбы: Салықтық реттеудің мәні мен міндеті 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Жоспар 
 

 Кіріспе..................................................................................................................3                                                                                                    

 1 Салық саясатының теориялық негіздері                                                        

 1.1. Салықтардың мәні және атқаратын  қызметтері......................................5

 1.2. Қ Р-дағы салық қызметі, құрылымы, құқығы және міндеттері...............16

 1.3.ҚР-да салық саясатының қалыптасуы....................................................18 

 2 Салық саясаты және оның мақсаттары мен бағыттары

 2.1. Салық саясаты мемлекеттің экономикалық қаржылық және фискалдық саясаты.............................................................................................................21                                                                                                                                                                                                                                                                

 2.2. Салықтық реттеу: әдістері, мақсаттары және тиімді шешім қабылдау критерийлері..............................................................................................22

 2.3. Қазақстан Республикасының салық түрлері............................................28

 2.4 Қазақстан  Республикасындағы салықтық реттеудің  негізгі бағыттары..32 

 3 Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі өзгерістер мен өзекті мәселелер........................................................34 

 Қорытынды………………………………………………………………….37 

 Пайдаланылған әдебиеттер........................................................40 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе
 
 

       Салық саясаты - мемлекеттіѕ қаржылық қажеттіліктерін мемлекет пен салық төлеушілердіѕ экономикалыќ мүдделері тепе-теѕдігініѕ сақталуы негізінде қамтамасыз ету мақсатында жаѕа салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу және қолданыстаєыларыныѕ күшін жою, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша ставкаларды, салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді, салық базасын өзгерту жөніндегі шаралар жиынтығы.

       Қазақстан бюджеті ұлттық экономиканы басқарудың ең маңызды құралы болып табылады. Кез-келген реформаны, оның ішінде экономиканы жүргізу, экономикаға, әлеуметтік сала мен инфрақұрылымның дамуына аса зор қаржыны жұмсауды талап етеді. Экономикалық реформаны жүргізудегі негізгі ауыртпалықтың  бүгінгі таңда республиканың салық жүйесіне түсуі кездейсоқ емес, өйткені  тек сол ғана біздің қоғам өмірінің барлық саласын: халық шаруашылығын, әлеуметтік сақтандыру мен қамсыздандыру, білім беру, ғылым, мәдениет, өнер, денсаулық сақтау, қорғаныс пен басқаруды қамтитын экономикалық реформаны жүргізуге мемлекеттік ішкі және сыртқы ресурстарын жасақтауға, әрі шоғырландыруға қабілетті.

       Өкінішке орай, қазіргі таңда салықтың және басқа да міндетті төлемдердің республикалық бюджетке дер кезінде төленбеуі және олардың толық аударылмауы және белгілі бір міндеттерді шешуге бөлінген қаржылардың мақсатсыз және тиімсіз түрде шығындалуы, түрлі ұйымдар мен кәсіпорындардың республикалық бюджет қаржысынан алған неше ресурстарының толық қайтарылмауы көз үйренген құбылыс.

       Бюджеттің ұдайы назар аударып келе жатқан проблемалары - бұл бюджеттің кіріс бөлігінің анық, негізді болжануын, оның нақты орындалуымен бюджеттің шығыс бөлігінің оңтайлы болу қажеттігін  қамтамасыз ету. Бюджет міндеттерінің сақталмауы едәуір дәрежеде қалыптасқан экономикалық жағдайдың салдары болып шығады.

       Мемлекеттік кірістерді толықтыру жолындағы қатаң салықтың және кедені әкімшілік, барлық мемлекеттік қаржыларды шоғырландыру оның орындалуының жетісі болуы тиіс.

      Нарықтық қатынастар кеңінен дамып отырған Қазақстан мемлекеті экономикалық істерге зор мән беріп отыр. Қазіргі нарықтық экономикада үкіметтің сапалы, жан - жақты жасалған бағдарламасы, оны іске асыратын мықты мемлекет құралдары болмаса, жүзеге аспайды.

        Себебі, нарық барлық жағдайда да кез-келген 0мәселені шеше алатын әмбебап немесе тиімді реттеуші бола алмайды. Көптеген мәселелердің шешілуі нарыққа бағынбайды және мемлекеттің тікелей әсері етуін қажет етеді. Мемлекет жекеше сектор басты роль атқаратын нарықтың заңды шеңберлерін  құра отырып, экономикада маңызды, бірақ шектеулі роль атқаруға тиіс.

        Қазақстан Республикасы экономикасында халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуына әсерін тигізетін салық саясаты.

        Салық - өркениет үшін төленетін төлем. Оның қандай түрінен болмасын жалтаруға жол бермеу - бүгінгі күннің басты назарында.

        «Қазақстанда салық жинау ісі қандай жолмен жүреді?» деген ең басты мәселе әлі де толық шешімін тапқан жоқ деп ойлаймын. Осы бойынша дипломдық жұмысты жазуда мынандай мәселелерді негізге алдым. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

1. Салық саясатының теориялық негіздері. 

1.1 Салықтың  мәні, оның атқаратын қызметтері 

         Экономикалық, әлеуметтік  және басқа мәселелерді шешу үшін қажетті қаржы көмегімен мемлекетті толық қамтамасыз ету барлық кезеңнің, барлық халықтың басты мәселесі болып келді. Бюджет байлығы салық түсіміне келіп тіреліп тұр. Бұл - ел экономикасына әсер ететін фактор.

         Нарықтық экономикалық елдерде салықтар  мемлекеттік және муниципалды табыстарды  қалыптастыруда басты роль аткарады да, экономиканы басқарудың күшті стимулды құралы болып келеді. Әсіресе, олар ғылыми-технологиялық прогрессті жеделдетуге, антинфляциялық және құрылымдық саясатты жүзеге асыруда белсенді орын алады. Салық салу механизмі кез-келген экономикалық жүйенің күрделі бөлігінің бірі болып табылады.  Салық салу мемлекеттік реттеудің маңызды тәсілі ретінде орын алып,  оның әрекет етуінің тиімділігі әлеуметтік және экономикалық саясаттың жетістіктеріне  әкеледі.  Сондықтан  да  салықтарды төлеу өте қажетті де, мақсатты іс болып табылады.

        Салықтар нарықтық экономиканы  реттеудің ең тиімді нысаны.  Салық негізінде құрылатын мемлекеттік  бюджеттің кірісіне қарай,  мемлекеттің  кәсіпкерлікпен айналысуының және  әлеуметтік кепілдік қызметінің мүмкіндігі белгілі болады. Салық мөлшерімен заңды құқы бар мекемелер мен жеке адамдардың кәсіпкерлік белсенділігі,  төлем қабілеті бар сұраным көлемі реттеледі.

        Салық саясаты жеңілдіктер мен  жазалау шаралары арқылы шаруашылық қызметтің барлық жақтарына нысаналы түрде әсер етеді. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде салықтың тізіміне қарағанда, жазалау мен жеңілдік шаралары, оларды пайдалану түсініктері өте кең көлемді. Сондай-ақ салық мемлекет қазынасын толтыруға қызмет етеді.

       Экономикалық мазмұны жағынан  салық - заңды белгіленген тәртіппен  халықтан, кәсіпорындар мен мекемелерден  алынатын міндетті төлемдер жүйесі. Табыстың әртүрлі нысандарының  салық көздері болып мыналар  саналады: пайда, проценті,жалақы, дивиденд, рента, т.б.

       Салықтың мәжбүр ету сыйпатынан  басқа ерекше қасиеті - олардың  алым-салық төлеушілердің мемлекеттен  алынатын қызметтерінің құнының  арасындағы сәйкессіздік болып  табылады. Салық салудың мынандай  негізгі қағидалары (принциптері) бар:

  • азаматтар салықты мемлекеттен алатын игіліктерге пропорционалды төлеуі керек;
  • салықтар табыстың мөлшерінен, салық төлеушінің тұрмыс-халінің дәрежесінен тәуелді болуы керек, яғни салық төлеушілердің төлеу мүмкіндіктеріне, пайда табу мумкіндіктеріне қарай. Салық төлеушілердің табыс табу   мүмкіндіктері әртүрлі болғандықтан, әртүрлі салық ставкалары белгіленеді.

       Салық ставкасы дегеніміз - салықты  есептеу өлшемінен қосындысы  түрінде немесе салық салу объектісінен тіркелген сома түрінде алу проценті болып есептеледі. Процент түрінде алынғанда, егер салық ставкасы салық салу объектісінің қосындысы көрінісін көбейту кезінде өсетін болса, ол үдемелі болуы, егер ол бұл орайда өзгермеген күйінде қалса, бірыңғай болуы немесе сирек жағдайда, егер ол тиісінше төмендейтін болса, кемімелі болуы мүмкін. Салық ставкаларының түріне қарамастан, олар салық базасына қолданылады, бұл база белгілі бір салықтың ерекшеліктеріне қарай өзгеріп отырады. Салық салудың қазіргі таңда қолданылып жүрген негізгі қағидаларын;

 бұлар: 

      а) Салық салудың міндеттілігі принципі

      Салық төлеуші салық заңдарына сәйкес салық міндеттемелерін толық  көлемінде және бөлінген мерзімдерде  орындауға міндетті.

      б) Салық салудың айқындығы принципі

      Қазақстан Республикасының салықтары және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдері айқын болуға тиіс. Салық салу айқындығы салық төлеушінің салық міндеттемелері туындауының, орындалуының тоқтатылуының барлық негіздері мен тәртібін салық заңдарында белгілеу мүмкіндігін білдіреді.

      в) Салық салудың әділдігі принципі

    1. Қазақстан Республикасында салық салу жалпыға бірдей және міндетті болып табылады.
    2. Жеке сипаттағы салық жеңілдіктерін беруге тыйым салынады.

    г) Салық  жүйесінің біртұтастығы принципі

      Қазақстан Республикасының салық жүйесі Қазақстан  Республикасының бүкіл аумағында барлық салық төлеушілерге қатысты біртұтас болып табылады.

    д) Салық  заңдарының жариялылығы принципі

      Салық салу мәселелерін реттейтін нормативтік  құқықтық актілер ресми басылымдарда міндетті түрде жариялануға тиіс.

    Салық жинау резерв көздері  болып мыналар табылады:

-қолма  - қол  ақшалай, бартер, т.б. тәсілдер  арқылы өнімдерді сатудан түскен  табысты бақылауды күшейту;

-өнімді  тасудан түскен табыстан төленетен  салық ережесін енгізу;

-есте  сақтау қабілеті бар кассалық  аппараттарды қолданғаны үшін  салықтық айыпты жетілдіру;

-бюджетке  түсуге тиісті салықтан алынған  есепшоттар немесе бөлім бөлімшілердің  есепшоттары арқылы жалтарып  кетуге тырысудың жолдарын  тыю  болып табылады.

      Сондай-ақ акцизді өнімді өндіруге  бағытталған кәсіпорындарда акциздік  мансап (постар) құруда жатады.

      Салық қоғамда, мемлекетте мынандай  қызметтерді атқарады:

- «Қазыналық қызметі» - бұл салықты жинаумен, бюджеттің  кіріс бөлігінің  құралуымен байланысты ;

- «Бөлу қызметі» – бұл  бюджеттің  шығыс бөлігіне және экономиканың түрлі салаларының, аймақтардың және халық топтарының тиісінше  дамуы мен өркендеуі үшін бірдей қолайлы жағдайды қамтамасыз ету, қалыптасқан үйлесімсіздіктерді немесе жол берілген артта қалушылықты жою мақсатымен солар үшін мемлекеттік деңгейде басылымдықтардың шкаласына сәйкес бюджеттің кіріс бөлігін қайта бөлумен байланысты;

- «Ынталандыру» қызметі - ол экономикалық қызметпен әлеуметтік саясаттың ең алдымен жалпы алғанда елдің алдында тұрған макроэкономикалық және саяси міндеттердің орындалуы, соларға байланысты болатын  мемлекеттік деңгейде белгіленген жетекші бағыттар үшін жеткілікті дәрежеде тиімді ынталандырмаларды жасаумен байланысты. Атап айтқанда өндірісті техникамен қайта жарақтандыру, дүниежүзілік рынокқа шығу, қорғаныс қабілетін арттыру, қоғамды жұмылдыру, шетелдік инвестицияларды тарту жөніндегі ынталандырмалар;

- «Шектеу»  қызметі - бұл, мысалы, қызметтің  мемлекет үшін тиімділігі шамалы  кейбір түрлерін басқа неғұрлым  қажетті түрлерінің пайдасына  тежеу қажеттігімен мемлекеттің  қоғампаздық саясатымен байланысты;

- «Бақылау-бөлу»  қызметі - бұл қаржы мен ресурстардың қозғалысын, халық пен кәсіпорындар табысының есебін, өндірістің құрылымын тиісінше бақылаумен байланысты.

      Салықтың атқаратын қызметтері  өзара байланысты болып келеді. Бюджетке салық түсімдерінің көбеюі,  яғни,  қазыналық қызметінің орындалуы мемлекеттің экономикалық маңызын жүзеге асыруына материалдық мүмкіндіктерін туғызады, яғни, салықтың экономикалық міндеті орындалады. Сонымен бірге өндірістің дамуын жылдамдатуды және кіріс өнімділігін тездетуді экономикалық реттеу нәтижесінде мемлекет көп қаржылық жетістіктерге жете алады. Салықтың қазыналық қызметі мемлекеттің салық саясаты тұтқасының көмегімен нарық коньюктурасының жағдайына әсер етуде, экономикалық өсуді түрақтандыру және ынталандыруға тырысуында тұр. Бір сөзбен айтқанда, салық түсімі арқылы алынған қаражаттар мемлекеттің саяси - шаруашылық қызметін атқарудың қаржылық негізі болып табылады. Салық қаражаттары ең алдымен ғылыми-техникалық прогресті ынталандыру, прогрессивті технология мен өнім түрлерін игеру, экономикада құрылымдылық өзгерістер жасау, табиғат қорғау шараларын жүзеге асыру, әлеуметтік саланың объектілерін ұстау үшін белсенді түрде пайдаланылады.

      Салықтың қайта бөлу қызметі  салық механизмі арқылы мемлекеттік бюджетке жалпы ұлттық өнімнің едәуір бөлігін жұмылдыруы орындалады. Батыс елінде және республикада мемлекеттік бюджет арқылы жалпы ұлттық өнімнің 30 пайыздан 50 пайызға дейінгі мөлшері қайта бөлініске ұшырайды. Салық түсімі есебінен мемлекет әскери бағдарламаларды қаржыландыруға, бұдан басқа, айтарлықтай қаржы ағарту саласына, денсаулық сақтауға, ғылымға, басқару апараттаын ұстауға, экологияға, зейнет ақымен қамтуға жұмсалады. Қаржының мұндай мақсаттарға жұмсалуы әлеуметтік саладағы мезгіл-мезгіл шиеленісіп тұратын қайшылықтарды басуға, азаматтардың кедей топтарының мүддесін ескере отырып, жеке табыстарды барынша біркелкі бөлуге мүмкіндік береді.

        Сонымен бірге салықтар эканомиканың  жанама түрде реттейтін маңызды  құралдардың бірі болып табылады. Осы мақсатта салықтар көбінесе дағдарыстық  құбылыстарды тезірек жоюға, нарық коньюктурасына әсер етуге, экономиканы тұрақтандыруға пайдаланылады.

        Барлық қоғамдық фармация жағдайында  мемлекеттік көпшілігінде салықтар  алдыңғы кезекте қазыналық қызметті атқаруда, яғни қоғамдық шығындарды, соның ішінде алдымен мемлекет шығындарын қамтамасыз етеді. Соңғы жылдарда Қазақстан Республикасында салықтың әлеуметтік және реттеуші  қызыметтері  елеулі орын алуда. Әсіресе,  салықтар әлеуметтік өмірде өте маңызды орын алады.

        Көптеген азаматтардың пайымдауынша, олар шексіз көп деңгейде салықтар  төлейміз деп санайды, ал басқа  әлеуметтік топтар өте аз мөлшерде  төлейміз деп пайымдайды, сол  себептен мемлекет олардың материалдық  жақсы тұрмыстың жағдайларын  қамсыздандыру үшін жеткіліксіз мөлшерде қаржы жұмсайды деген көзқарас қалыптасқан.

        Салықты жинау қағидасы салық  төлеушінің қабілетіне байланысты  үдемелі жүйенің пайда болуына  ықпал етеді, алайда неғұрлым  кіріс көп болған сайын салық   базасы, соғұрлым  кірістің  көп  бөлігі  салық  түрінде  алынады.  Салық ставкасының регрессивті түрі кірістің көбеюінен салық ставкасының төмендеуін білдіреді. Корпорациялардың пайдасына және жеке табыстарға салынатын салықтар көбінесе прогрессивті шкала бойынша есептеледі. Салықтың ставкасының өлшемі, егер ол процент түрінде көрсетілсе, онда квота деп аталады. Бұл салық салу бірлігіне есептелетін салық мөлшері болып табылады. Бұдан басқа, шаруашылықтың ерекше жағдайларына байланысты есептелетін салық жеңілдіктері болады.

        Әрбір салықтың міндетті элементтері болады. Бұл элементтерде көрсетілетіндер мыналар:

- Салық  төлеуші кім болып табылады, яғни  салық төлеуші субъект кім  (жеке тұлға, заңды тұлға, мұрагер  немесе т.б.);

- Салық  салу объектісі не (пайда, мүлік,  тауар, немесе мұрагерлік игілік және т.б);

- Қандай  кіріс көзінен салық төленеді (кіріс, еңбекақы, табыс, дивидент  және т.б.);

- Салық  салынатын объект қандай өлшем  бірлігімен өлшенеді (мысалға, елдің  ақша бірлігінде - табыс салығы, қосымша  құнға салынатын салық; жер салығы бойынша - гектар немесе аккредетив және т.б.).

      Салықтар сонымен қатар, белгілі бір тауарларды  немесе қызметтерді нақты өндірушілер немесе көрсетушілер, не өткізушілер салық төлеушілер болып табылған кезде «тікелей» салықтар және тауарлар мен қызметтерді пайдаланушылар салық төлеушілер болып табылған кезде,  «жанама» салықтар болып бөлінеді.

       Тікелей салықтар мемлекетпен салық төлеушінің кірістері мен мүліктерінен  тікелей және оны төлеушіге тиіс әрбір тұлғадан өндіріп алынатын салық. Тікелей салықтар әдетте жекеленген тұлғалардан алынады. Салықтың мынандай түрлері тікелей салықтар болып есептеледі: табыс салығы, корпорациалардан алынатын салық, сый-сияпат салығы, мұра салығы, меншікті капитал салығы, жылжымайтын мүліктен алынған табысқа салынатын салық. Тікелей салықтың объектісі салық төлеушілердің кірістері (еңбекақы, табыс, проценттер және т.б.) және мүліктің құны (жер, үй, көлік құралы) болып табылады.

       Жанама салықтар тауар құнына және қызмет көрсету тарифтеріне қосылған үстеме ретінде бегіленеді. Ол тауардан операциялардан немесе ойын-сауықтардан алынатын салықтар. Жанама салықтар мемлекеттік табыстардың ежелгі көздерінің бірі болып есептеледі. Мысал ретінде қосылған құнға салынатын салықты, айналым салығын, акцизді, елтаңба алымын т.б. келтіруге болады. Жанама салықтар бір тұлға басқа тұлғаның есебінен жұмсалған шығынның орнын толтырады деген үмітпен және ниетпен осы тұлғадан талап етіледі.

       Жанама салықты қолдану экономикалық тәртіп бұзушылықтан жаппай тауар тапшылығы жағдайында тұтынушыларға таңдау мүмкіндігін туғызуға жағдай жасады. Жанама салықтың қатарына сыртқы экономикалық қызмет түрлері де (импорттлатын және экспортқа шығаратын тауарға салынатын кеден тарифтері түріндегі кеден кірістері) ішкі нарықта өткізілетін тауарлардың, бағасымен олардың фактура құны арасындағы айырма жатады. Халыққа әлеуметтік-экономикалық көмек көрсету, экономикалық қызмет құрлымын өзгерту халық шаруашылығының аса маңызды салаларын халықты қамту қажет болғандықтан тұтынушыға ауртпалық түседі. Яғни, бөліс процессі кезінде жанама салықтың әлеуметтік сипаты анықталды. 

       Дүние жүзілік тәжіриебе көрсетіп отырғандай, бүкіл өркениетті мемлекеттегі салықтық реттеу - несие қаржылық реттеумен бірігіп әрекет  еткенде ғана нарықтық экономиканы жүргізудің аса тиімді формасы болып табылады. Ол нарықтық қатынастың қалыптасуына әсерін тигізіп, мемлекеттік экономикаға тигізетін әсерін реттеп отырады. Сондай-ақ салықтар қоғамның экономикасын тұрақтандырудың және әлеуметтік теңдікті, оған қоса реформалаудың  тиімділігін қамтамасыз ететін маңызды элементтері болып келеді.

       Қазіргі кезеңдегі жағдайда салықтың мәнімен ролі мемлекеттік органдары қаржылық ресурстармен қамтамасыз ету аймағынан шығып отыр. Енді салықтар ұлттық табысты мемлекеттендірудің маңызды құралы бола бастады. Олар макроэкономикалық реттеуге белсенді араласа отырып, ішкі ұлттық табыстың жалпы көлемінде, салықтық төлемдердің салыстырмалы мөлшердің өсуін қамтамасыз етіп отырады.  

       Салықтар экономикалық белсенділікті реттей отырып, өндірістің процесстеріне де қатты әсерін тигізеді. Бұл әсер жан-жақты болып табылады. Салынатын салықтармен әрекет ете отырып, мемлекет капиталының қорлануына зор ықпал етеді. Сонымен бірге, салықтық реттеу шаралары әр түрлі салалардың бәсекелесу мүмкіндіктерін кеңінен ынталандыра отырып, капиталдың қорлануына тиімді жағдай жасап, кәсіпорындардың іс әрекетінің әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпалын тигізеді. Бұл мақсатта салықтарды төлеуге жеңілдіктер пайда болады. Салықтық жеңілдіктердің көмегімен мемлекет өндіргіш күштері территориалды орналастыруға, инфрақұрылымдық объектілерді құруға және т.б. іс әрекеттерді жүзеге асыруға толығымен мүмкіндік береді.

          Мемлекет заңды түрде өндірушілердің  табыстарының  бір бөлігін салық  арқылы шегеріп отырады да, бюджетке түсіріп, бегілі - бір қажеттіліктер мақсатында қолданылады.

         Экономикалық реформаның басты  мақсаты шаруашылық жургізуші  субъектілерге түсетін салық  ауыртпалығын жеңілдету, қолданылып  жүрген салықтар мен төлемдерді  реттеу болып табылады. Бұл бағытта ең негізгілерін - табыс салығын, қосылатын құн салығын, акциздерді, мүлік салығын, және бір қатар басқа да салықтың мәнін арттыру. Ұқсас жағдайда салық салудың шамамен тең тәртібі қолданылатын болады да, ал ставкалар табыс көлемінің артуына байланысты қойылады. Біртұтас тәртіп салық төлеушілердің қай кезде қандай салық төлеуді жақсы білуіне мүмкіндік береді. Қазақстандағы салық ставкаларының басқа елдегі салық ставкаларымен теңдес болуы да дұрыс. Өйткені, неғұрлым жоғары ставка белгілеу шетелдік инвестиция тартуға кедергі келтіреді және керсінше, неғұрлым ставкалардың әр түрлі болуынан туындайтын салық капиталды экспортқа шығаратын елдердің бюджетіне түседі.

      Адамзат өзінің мыңдаған жылғы тарихында  салықтарды қолдану  теориясы мен практикасы бойынша жинақтаған тәжірибе, олардың барлық елдермен халықтардың эканомикасын дамытудағы жауапты, көбінесе түйінді ролін тануы, сондай ақ осы саладағы соңғы жарты ғасырдағы елеулі зерттеулер қазіргі заманғы салық салудың ғылыми негізделген, жеткілікті дәрежеде универсалды айқындамалық негіздерін әзірлеуге мүмкіндік береді .

      Сөйтіп, алдыңғы ұрпақтар жіберген адасушылықтар мен  қателіктерден арыла отырып, бүгін таңдағы көптеген экономикалық, саяси және әлуметтік проблемалардың оңтайлы шешімдерін  табуға, шын өркениетті, яғни мемлекетт реттейтін, халықаралық қоғамдастықпен біріктірлген және әлеуметтік бағдарланған нарықтық қатынастарды құруға, салық ауыртпалығының шамасын, бір жағынан, қоғам қажеттіліктермен, мемлекеттік мүдделермен, екінші жағынан, жеке  және ұжымдық салық төлеушілердің мүмкіндіктерімен, олардың ұйымдары мен кәсіпорындарының мұқтаждарымен жақсы үлестіруге мүмкіндік туды. Қазіргі тиімді қолданылып жүрген түрлі салық жүйелерін әзірлеушілер салық салудың нақ осы айқындамалық негіздері мен негізгі принциптерін басшылыққа алған.

       Олар 1995 жылғы бірінші шілдеден бастап күшіне енгізілген «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 24 сәуірдегі заң күші бар № 2235  Жарлығында барынша жан-жақты көрініс тапты.

      Қоғамдық  өміріміздің сан-саласы, экономикамыздың  даму деңгейінің қазіргі сатысы салық  туралы заңымызды қайта қарауға  мәжбүр етті. 1995 жылдан бастап салық  туралы Президент Жарлығы қолданылып келді. Бұл мерзімде әлемдік қауымдстықтағы орнымызды нығайтып, экономикамызды соған лайықтап қайта құруға күш салынды. Халықаралық қаржы жүйесінде жұмыс істеу экономикада, оның ішінде салық жүйесінде де көптеген өзгерістер жасауды талап етті. Үкімет пен Парламент сол талап деңгейінен көріну мақсатында талай шаруаларды тындырды. Соңғы жыл ішінде салыққа байланысты заңдарға әлденеше рет өзгерістер енгізілді. Соның айғағы ретінде 2002 жылдан бастап енгізілген «Салық кодексінің» күшіне енуі болды.

      Бұрынғы салық туралы заң актілерінің бәрі бір қатарда десек, енді «Салық кодексі» деп атауды жөн көріп отырмыз. Салық кодексі үш бөлімнен тұрады:

      1). Жалпы бөлім

      2). Ерекше бөлім

      3). Салық әкімшілігін жүргізу бөлімі

      Жалпы ережелер бөлімінде салық төлеушінің құқықтары, міндеттері, басқа уәкілетті органдармен қатынастары және салық міндеттемесі, орындалуы мен бюджетпен есеп-айырысуы мен басқа да шаралар түрлері айтылып өткен.

      Ерекше  бөлімде, салық және міндетті төлемдер түрлері, есептілігі, инвестициялық  салық преференциялары және арнаулы салық режимдері, басқа да міндетті төлемдер туралы жазылған.

      Ал, салық әкімшілігін жүргізу бөлімінде  салық төлеушілерді тіркеу, салық  тексерулері мен бақылау, мониторинг, фискальдық жады бар бақылау-касса  машиналарын қолдану, салық тексеруі нәтижелеріне шағым жасау тәртібі, әрекеттері (әрекетсіздігі) туралы мәлімделген.

       Салық жүйесі мемлекетпен бірге пайда болды және дамып отырады. Салық жүйесі қызмет етуіне қарай нарықтық қатынастардың негізгі бөлігі болып табылады,  көп жағдайда елдегі экономикалық реформалардың жетістіктері жүйесіне байланысты болып келеді. Өз кезегінде салық реформасының тиімділігі мемлекеттін өндірістік құлдырауын болдырмауына  тұрақтандыру проблемаларын шешуіне  және ұлттық валютаның, ұзақ мерзімді өзара төлемдердің және басқалардың конверсиялауына байланысты.

Салықтың экономикалық мәні мен міндеті