Салык кукыкбузушылык
МАЗМҰНЫ
Кіріспе……………………………………………………………
Салықтық құқық бұзушылықтың теориялық негіздері және салық санкцияларын қолдану
Салық құқық бұзушылықтар
және салық санкциаларының
Салық бақылауы салық әкімшілігінің негізі ретінде қолданылуы ...........15
Қорытынды.....................
КІРІСПЕ
Қоғам даму тарихында еш бір мемлекет салықсыз өмір сүрген емес. Себебі, қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мемлекетке белгілі бір ақшалай қаражат көзі қажет, ал олар тек қана салықтар арқылы ғана жүзеге асырылады. Салықтар мемлекеттік бюджеттің негізгі кіріс көзі болғандықтан, оның уақытында және толығымен мемлекет қазынасына түсіп отыруы қазіргі нарықтық экономикадағы күрделі де өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сондықтанда, ондағы салық санкцияларын қолданудың маңызы өте зор.
Еліміз бұрынғы
әкімшілік-жоспарлы эканомикадан нарықтық
эканомикаға өткен кезде
Cалық мемлекеттің ірге тасы болғандықтан, тиімді салық жүйесін құру біз үшін өте қажет. Өйткені қазіргі кезде еліміздің мемлекеттік бюджетінің 80-85 %-ын салық және салықтық түсімдер құрайды, яғни бюджет кірістерінің негізгі қайнар көзі болып отыр. Салық салуды барынша жетілдірмегенше қазірге кездерде орын алып отырған қаржы тапшылығын және бюджетті толықтыру мәселесін шешу мүмкін емес. Салық заңының орындалуын қамтамассыз ететін механизмді мемлекеттің ең басты мақсаттарының бірі болып отыр. Бүгінгі таңда қағамдағы көптеген келеңсіз жағдайлармен бірге салықтан жалтару да үлкен орын алып отыр. Әрине салықтан жалтарудың макроэкономикалық зардаптары мемлекетке едәуір зиян келтіруде. Сондықтанда салық санкцияларын қолдану - салықтан жалтаруға қарсы күресудің алғы шарты негізінде туындап отыр. Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы да осы мәселеге байланысты “Салықтық құқық бұзушылық: түсінігі ерекшеліктері мен түрлері” деп аталады.
Бұл дипломдық жұмысты жазудағы негізгі мақсатым - салықтық құқық бұзушылықтың мәнін ашу, олардың Қазақстандағы қолданылу механизмін зерттеу, шетелдер тәжірибесінде салық санкцияларын жетілдіру жолдарын қарастыру болып табылады. Жалпы салық санкциялары туралы түсінік, салықтан жалтарудың басты себептерін, салықтық құқық бұзушылықтың мәнін, теориялық аспектілерін бірінші бөлімде қарастырып өтеміз. Ал екінші бөлімде салық санкцияларының Қазақстан Республикасындағы қолдану механизмін қарастырып, салық санкцияларының макро деңгейдегі экономикалық талдауын жүргізе отырып, олардың Қазақстанда қалай жүзеге асырылатынын зерттейміз. Салық санкцияларын қолданудың шетелдік тәжірибесін, Қазақстан Республикасында салық санкцияларын қолдану механизмін жетілдіру жолдарын үшінші бөлімде қарастырып, талдау жасаймыз.
Салықтық құқық бұзушылықтың теориялық негіздері және салық санкцияларын қолдану
Салықтық құқық бұзушылықтыр және салық санкцияларының экономикалық мазмұны, қалыптасу ерекшеліктері
Салықтар - бұл мемлекетке заңды түрде белгілі бір мөлшерде және белгілі бір мерзімде төленетін міндетті төлем болып табылады.
Салықтың мәжбүрлі төленұі екі жағдайда байқалады. Бірін-шіден, салық мәжбүрлі түрде, яғни, міндетті төлем салық төлеу-шінің еркіне қарсы енгізіледі. Екіншіден, егер салық төлеуші өз міндеттемесін өз еркімен орындамаса, онда мемлекет одан ақшаны күшпен тартып алады. Осы салықты өндіріп алудың мәжбүрлі сипаты мемлекетке берілетін әр түрлі қайырымдылық жасаулардан ерекшелендіреді. Жалпы, салықты өндіріпалу мемлекеттік қазына-шылықтың шығындарын көбейтпес үшін, халыққа арзан түсуі тиіс.
Салық халықтың қалтасынан оған ауырпалық тигізбейтіндей алыну керек. Едәуір жоғары салық мемлекеттегі өнеркәсіптің да-муын бәсеңдетеді, көпшілікті саудамен еңбектің түрлі салаларынан ажыратады. Осылайша, ауыр салық халықтың өмір сүруін қамтамасыз ететін табыстың кейбір көздерін азайтады, тіпті жойып жібереді. Ауыр салық салық төлеушінің салықтан жалтаруға сеп-тігін тигізеді. Ауыр салықты бекітетін заңның өзі салық төлеуші-лерді салықтан жалтаруыға итермелейді, ал одан кейін оған баруға мәжбүр болған салық төлеушілерді жазалайды.
Батыс ғалымдары осыған байланысты мынандай қорытындыға келді: “Мемлект ауыр салық салудан гөрі, салық ауыртпалығын төмендетуден гөрі, салық ауыртпалығын төмендетуден көбірек ұтады; босатылған қаражаттар қосымша табыс табуға мүмкіндік береді, ал одан қазынаға салық түседі. Бұл кезде төлеушілер еш ауыртпалықсыз, өз еріктерімен бұл төлемдерді жасайды, ол сәйкесінше мемлекетті жазалаумен, еріксіз өндіріп алумен байланысты салықтарды жинауға кететін қосымша шығындардан босатады”. Салықтарды 40-50 %-дан жоғары өндіріп алу кәсіпкерліктің іскерлік белсенділігін төмендетеді және салық базасының төмендетуіне апаратын салықтан жаппай қашуға жағдай жасайды1.
Соныменен, салықтық қатынастар міндетті қарым-қатынас болып келсді. Бұл міндеттемесінің мәні салықты төлеуінде жатыр: «Әрбір салық төлеуші заңмен бекітілген салықтармен алымдарды төлеуге міндетті.
Салық төлеушінің салық заңдарына сәйкес мемлекет алдында туындаған міндеттемесі салық міндеттемесі деп танылады, оған сәйкес салық төлеуші:
1) салық міндеттемелерін дер кезінде және толық көлемінде орындауға;
2) салық қызметі органдарының
анықталған салық заңдарын
3) нұсқама негізінде салық
4) салық есептілігі мен құжаттарды заңда көзделген тәртіппен табыс етуге;
5) заңға сәйкес қолма-қол
Осы салық міндеттемелері ішіндегі ең негізгі мақсаты - ол салықты толығымен және уақтылы төлеу болып саналады.
Мемлекет салық кызметі органы арқылы салық төлеушінің өз салық міндеттемелерін толық көлемінде орындауын талап етуге, ал олар орындалмаған жағдайда оларды қамтамасыз ету жөніндегі тәсілдерді және Қазақстан Республикасының Салық Кодексінде көзделген тәртіппен мәжбүрлеп орындату шараларын қолдануға құқылы.
Салықтық міндеттемені орындамауы - салық заңын бұзуы деген сөз.
«Салықтық құқық бұзушылық - бұл мемлекетпен бекітілген салықтар, алымдар мен міндетті төлемдерді төлеуден салық төлеушінің бас тартуы болып табылады.
«Салық төлеуден жалтару - мемлекеттің кірісіне ақшалай қаражаттарды төлеу бойынша міндеттемесін ол соманы төлеуге мүмкіндігі бола тұрып, әдейілеп орындамауы.
Америкам экономисі А.Лаффер бұл жайында былай деген: «Салық ставкаларының неғұрлым жоғары болуы, экономикаға соғұрлым кері әсер етеді. Ал бұл өз кезегінде салық төлеушілерге тиімсіз болады. Яғни, салық ауыртпалығы жоғары болған сайын, салық төлеушілер салықты төлеудің емес, салықтан қалай жалтарудың жолын іздестіреді. Бұның басты себебі - өте жоғары салық ставкасы кәсіпкерліктің дамуын тежейді, адамдардың жұмыс істеу ьштасын жойып жібередің.2
Салықтан
жалтару түсінігі - салық төлеуге
байланысты салық төлеушінің заңсыз
іс-әрекеті болып табылады.
Салықтарды төлеуден жалтарудың макроэкономикалық зардаптары мемлекетке едәуір зиян келтіреді. Бюджет тапшылығы - көптеген елдердің экономикалық қныншылықтарының негізінде жатыр және оны жою көптеген экономикалық тұрақтандыру бағдармалардың басты мақсаты болып табылады. Сондықтан, бұл жағдайларда салықтардың жиналуын жақсарту мәселесіне көп көңіл бөлінеді.
Салық салудан жалтару кез-келген қоғамға едәуір қауіп төндоретіні туралы айтып кеткен жөн. Ол төмендегі жағдайларда бейнеленеді:
1. егер мемлекетке тиісті бюджетт
2. салықтарды төлемеушілер заңды орындайтын, тәртіпті төлеушілерге қарағанда ұтымды жағдайда болады, ал олардың іс-әрекеттері басқа субъектілерді қызықтырады;
3. салық қылмыстарының көбеюі, таралуы
бюджеттің кіріс жағының
Сондықтан да, үкімет пен сәйкесінше министрліктер салықтардың толығыменен және уақтылы төленуіне бақылау жүргізу керек. Салық әкімшілігін жүргізу - бұл салық қатынастарын мемлекеттік басқару жүйесі. Салық бақылауы салық әкімшілігін жүргізудің қажетті шарты болып табылады.
Салық бақылауы - салық қызметі органдарының салық заңдарының орындалуын, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарының толық және уақтылы аударылуын бақылау. Салық бақылауы тек салық заңдарының орындалуын, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарының толық және уақтылы аударылуын бақылау ғана емес, сонымен қатар, салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдердің дұрыс есептелуі мен уактылы төленуін тексеріп, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылмауын қадағалайды. Салық бақылауының мақсаты мен міндеті әртүрлі. Басты міндеті - салықтан жалтаруға тосқауыл жасау, мемлекеттің табыс бөлігіне түсетін кірістерді қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуын жою.
Салықтық бақылау:
- салық төлеушілерді тіркеу есебі;
- салық салу объектілері мен
салық салуға байланысты
- бюджетке түсімдерді есепке алу;
- қосылған құн салығын
- салық тексерістері;
- камералдық бақылау;
- салық төлеушілердің қаржы-шаруашылық қызметі мониторингі;
- фискалдық жады бар бақылау-
- акцизделетін тауарлардың
- мемлекет меншігіне
- уәкілетті органдарға бақылау жасау нысандарында жүзеге асырылады.
Салық бақылауының негізгі
Салық теориясы мен тәжірибесінде салықтан жалтарудың төрт түрлі себептері көрсетіледі:
- моралді;
- саяси;
- экономикалық;
- техникалық.
1. Көптеген азаматтар қазынадан
ұрлауды ұрлау деп санамайды.
Кез келген мемлекетте жоғарғы
билік органдарында
2. Сонымен қатар, салық
3. Салықтан жалтаруға өте жиі
әсер ететін жағдайларголар
4. Капиталдардың халықаралық қозғалысыньщ бақылаусыз, еркін болуы - салықтан жалтаруға жағдай жасайды. Көптеген жағдайда салықтық бақылау ұлттық аумақ шеңберінде ғана шектеледі, ол өсіресе дағдарыстар және экономикалық бағамның өзгеруі кезінде байқалады. Ол трансұлттық компаниялардың, біріккен кәсіпорындардың алдында әлсіз болып қалады. Бұл салықтан техникалық жалтаруға жақсы жағдай жасайды. Салықтан жалтарудың тағы бір маңызды техникалық жағдайы - ол ұлттық заңдардың карама-кайшылығыменен күрделілігі болып табылады. Салық салудың техникалық күрделілігі салық төлеушіге салық төлемінен заңды бұзбан кашуға мүмкндік береді. Бұл әрине салықтық бақылаудың тәжірибесін қнындатады.
Осыған байланысты салық бұзушылығының ұлғаюына жағдай жасайтын қазіргі кездегі ең манызды мәселелердің бірі - салық заңының толығыменен жетілмеуі, тұрақсыз болуы. Бұл жерде Т.Джефферсонның пікірін айтып кеткен жөн. Ол былай деген: «Заңдар қарапайым адамдарға арналып жазылады, сондықтан олар салауатты мәндегі қарапайым ережелерге негізделуі қажет.3
Ал біздің казіргі салық заңымыз өзінің едәуір артық көлемімен және күрделілітімен еркшеленеді. Жиі-жиі енгізіліп отыратын өзгертулермен толықтырулар жаңа қныншылықтар тудырып отыр. Қазақстанда бүгінгі күні салық заңының нормаларын сақтау 60% шамасында болып отыр. Яғни, дұрыс есептелінген, бюджетке толығыменен және уақытында түсетін салық сомаларының 60 %-ы ғана қазнаға түсіп отыр. Алдыңғы қатардағы елдерінде бұл көрсеткіш 90-100 % мөлшерінде. Қазақстанның салықтар жинау бойынша қабілеттілігі “Үлкен Жетілік” елдерінің көрсеткіпттері-нен ғана емес, сонымен бірге Африка, Оңтүстік-Шығыс Азия және Латын Америка елдерінің көрсеткіштерінен де едәуір төмен болып отыр.
Осыдан: “Неліктен Қазақстанда салық заңын сақтау денгейі өте төмен болып отыр ?” деген сұрақ туындайды. Оның ең басты себептері - ол салық кодексінің мемлекеттің өнеркәсіптік саясатының талаптарына сай келмеуі, салық салу ставкаларының өте жоғары болуы және олардың елдегі өндірістің мүмкіндіктерін, өнеркәсіптің экономикалық-әлеуметтік жағдайын ескермеуі болып табылады.
Жалпы, салықтан
жалтару заңды және заңсыз болуы
мүмкін. Егер де тұтынушы оның тұтынатын
тауарына акциз енпзгеннен кейін
немесе акцизді көтергеннен кейін
сол тауарды сатып алуды
Қазіргі кезде салықтан жалтарудың көптеген жолдары бар. Олар мына төмендегі нысандарда кездеседі:
- заңдар мен нормативті-
- екі жақты бухгалтерияны жүргізу. Бұл жағдайда салық төлеуші салық органдарьғаың барлық талаптарын дұрыс орындайды, бірақ та, салық органдарының қарсы тексерулерін аса қолданбайтындықтан, салық төлеушілердің ресми есеп берулерде сату көлемін және алған табыстарын төмендетіп көрсетуге мүмкіндік туады. Екі жақты жазу ресми органдар үшін және өзінде жүргізеді. Біріншісінде - тек қызмет етуінің минимадді мүмкіндіктері, қызметінің минималді нәтижелері көрсетіледі. Екіншісінде - шынайы, нақты, яғни бизнестің дамуына қажетті көрсеткіштер жазылады.
- салық органдарында тіркеусіз
кәсіпкерлік қызметпен
төлем көзінен ұсталынатын жеке табыс салығын төлемеу немесе толығыменен төлемеу. Бұл жалтарудың түрі - шаруашылық субъектінің еңбекақыны натуралді түрде, яғни кәсіпорынның өзі шығаратын немесе бартер арқылы алынған өнімдермен төлеуімен байланысты болып отыр. Бұндай жағдайда натуралды түрде төленген еңбекақыны аныктау қиынға түседі.
табыс жасыру мақсатында жалған тұлғаяарға нарядтарды жазып беру арқылы еңбекақыны төлеуге кететін шығындарды көбейтіп көрсету; шегерістерді көбейту арқылы табыстарды жасыру
- өзіндік құнға кәсіпкерлік
саласыньщ басшыларының, жұмыскерлерінің
тұтыну шығьғадарын енгізу
- жалған банкроттылық. Бірнеше фирмаларды бірдей құрылтайшылар ашады да, біраз уақыттан кейін активтерді бір фирмадан екінші фирмаға аудара бастайды, ал содан кейін біріншісін банкрот деп жариялайды;
- жасалмаған операцияларға немесе бағасын жоғары етіп көрсетілген жөнелтпе қүжаттарьш жазу. Бұл экономиканың кезкелген саласына тен нәрсе және ол жалған бағаларды қолдану арқылы табысын төмендетіп көрсетуге жағдай жасайды. Бұл жерде қаржылық-шаруашылық қызметінен тапқан табысын төмендетуте мүмкіндік беретін, оларды бухгалтерлік кітаптарда бейнелеу үшін жөнелтпе қүжаттары жазылады. Бұндай жалтарудың түрі ерекше қауіп келтіреді және оны кейбір жагдайларда анықтау қиынға соғады. Мысалы, егер де қызметтер шетелде көрсетілсе, әсіресе, белгілі бір мемлекеттерде (офшорлы), онда оны анықтау өте қнын болады;
- жалған
тұлға аттарын пайдалану. Бүл
жағдайда экономикалық қызмет
ресми түрде бір тұлғаның
- жеке тұлғаларға қызмет көрсету мен тауарларды өткізу. Салықтан жалтарудың бүл нысаны едәуір кең таралған және оны алдын-ала болдырмау өте қнын. Ол кішігірім коммерциялық кәсіпорындар арасында кездеседі. Жеке тұлғалармен тікелей байланыс - кәсіпорындарға жасалған мәмле үшін накладнойларды жазбай-ақ тауарлар өткізуге, қызметтер көрсетуге мүмкіндік береді. Бұндай жалтарудың халықаралық сипаты бар, өйткені көптеген тауарлар шетелден әкелінеді. Бұл жағдайда екіжакты салықтан жалтару көрінеді. Біреуі - импорт сатысында, екіншісі - сату сатысында. Кеден декларациясында көрсетілген іс жүзіндегі құны оның накты құнынан біршама өзгеше болады.
Салық төлемдерін азайтуға баіъпталған
құқықбүзушылықтар өте кең
Салық төлеушілердің бұндай заңға қарсы іс-әрекеттері тек салықтардың жоғары болуынан емес, сондай-ақ, салық төлеушілер тұрғысынан жауапкершілігі сияқты факторларға байланысты туындайды.
Осы жағдайлардың барлығы «көлеңкелі экономиканың тудырады. Шаруашылық субъектілердің көбісі белгілі бір ережелерді бұзу арқылы ғана өмір сүріп отыр. Салық қызметкерлері өртүрлі себептерге байланысты бұл құбылыстарды толығыменен бақылап отырған жоқ, ол себептерге: кадрлар-дың төмен деңгейдегі біліктілігін, жемқорлықтың болуын, салық қызметкерлерінің жалақының төмен болуын және т.б.-ны жатқызуға болады. Сәйкесінше, салық салу ставкасы жоғарлаған сайын кәсіпкерлердің заңды қызметі қаншалықты жылдам «көлеңкелі салаға ауысып кететініне көзімізді жеткізуте болады.
«Көлеңкелі экономиканың үлкен көлемі, ақша қаражаттарын басқа елдердің банк мекемелеріндегі шоттарына аударуы, кәсіпкерлік қызметтің нақты көлемін төмендету бойынша тырысуы, мүлік құнының жоғары болуы-салықтық түсімдерін мемлекеттің бақылай алмауына әкеледі.
«Көлеңкелі бизнес - табыс әкелетін және мемлекеттік басқару органдарымен ресми түрде бақыланбайтын кез-келген қызмет ретінде қарастырылады. Бұл қызмет салықтарды төлемеуге, қосымша табыстарды табу мақсатында мемлекеттік мүлікті пайдалануға мүмкіндік береді. Осындай тіркелмеген шаруашылық кызмет - көлеңкелі экономика мемлекетке мүлдем кіріс әкелмейді. Қаражаттардың көлеңкелі жаққа өтіп кетуі, экономикаға, әсіресе бюджеттің кіріс жағына едөуір залал келтіреді. Кейбір деректер бойынша, көлеңкелі жиынтық өнім Қазақстанның жалпы ЖІӨ-нің 40 %-ын құрайды.
Салықтық тәжірибе салықтық құқық бұзушылықтармен күресудің екі негізгі әдісін бөліп көрсетеді:
1. ескерту (превентивті шаралар);
2. жазалау (репрессивті шаралар).
Салық бұзушылықтар санын азайту үшін маңызды мәселе - ол превентивті салық бақылауының саласын кеңейту болып табылады. Алдын-ала ескерту шараларының кешеш өзіне мыналарды қосады: салық төлеушілсрге көрсететін әдістемелік кеңес беру көмегі, салық заңының өзгерістері туралы уақытында баспаларда шығарып тұру, едәуір жиі кездесетін және ауыр салық бұзушылықтар туралы жариялап отыру және т.б.
Салық бақылауы салық әкімшілігінің негізі ретінде қолданыуы
Салық бақылауы – салық қызметі органдарының салық заңдарының орындалуын, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарының толық және уақытылы аударылуын бақылауы.
Салық бақылауында мынадай әдістер қолданылады
- Салық төлеушілерді тіркеу есебі;
- Салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді есепке алу;
- Бюджетке түсімдерді есепке алу;
- Қосылған құн салығын төлеушілерді есепке алу;
- Салық тексерулері;
- Камералдық бақылау;
- Салық төлеушілердің қаржы-шаруашылық қызметі мониторингі;
- Фикальдық жады бар бақылау-касса машиналарын қолдану ережелері;
- Акцизделетін тауарлардың кейбір түрлерін таңбалау және акциздік постыларды белгілеу;
- Мемлекет меншігіне айналдырылған мүлікті есепке алу, бағалау және сату тәртібін сақтауды тексеру;
- Уәкілетті органдарға бақылау жасау нысандарында жүзеге асырылады;
Кеден органдары өз құзыреті
шегінде Қазақстан
Салық төлеушілерді мемлекеттік тіркеу
1. Қазақстан Республикасында мыналар:
- орналасқан немесе қызметін жүзеге асыру орны бойынша – заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлімшелері, оның ішінде қызметін Қазақстан Республикасында жүзеге асыратын резидент еместер;
- тұрғылықты жері бойынша – салық және бюджетке төленетеін басқа да міндетті төлемдерді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар;
- Қазақстан Республикасындағы болатын орны бойынша – тұрақты мекеме арқылы жеке кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыратын резидент емес жеке тұлғалар;
- Салық салу объектілері орналасқан жері бойынша және (немесе) тіркеу орны бойынша – ҚР салық салу объектілерін иелентін резидент еместер салық төлеушілер ретінде тіркелуі тиіс.
Салық төлеушілердің
мелекеттік тізілімін
Салық төлеушілердің мемлекеттік тізілімін жасау және жүргізу тәртібін ҚР Үкіметі белгілейді.
Салық төлеушіні мемлекеттік тіркеу бірінші рет тіркеу есебіне қою кезінде жүргізілуі мүмкін және тіркеу есебін жүргізу үшін белгіленген мерзім ішінде жүзеге асырылады.4
Салық төлеушілерді тіркеу есебі.
1. Салық төлеушілерді тіркеу есебі салық төлеуші салық органдарында салық төлеушілерді мемлекеттік тіркеу рәсімінен өткеннен кейін жүзеге асырылады.
Салық төлеушілердің мемлекеттік тіркеудің және тіркеу есебінің тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.
Салық төлеушілерді мемлекеттік тізілімінен шығарып тастау.
- Салық төлеушіні Салық төлеушілердің мемлекеттік тізілімінен шығарып тастау осы Кодектсің 57,58 баптары негізінде салық міндеттемелерінің тоқтатылуына байланысты жүзеге асырылады.
- Салық төлеушіні Салық төлеушілердің мемлекеттік тізілімінен шартты түрде шығарып тастау салық төлеуші ҚР заң актілерімен белгіленген әрекетсіз заңды тұлға мен жеке кәсіпкер белгілеріне сәйкес келген және салық берешегі жоқ жағдайда тіркеу нөмірі сақтала отырып жүргізіледі.
Банктердің немесе банк оперцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың міндеттері.
Банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын үйымдар:
1) Салық төлеушіге
(резиден емес жеке тұлғалар
мен шетелдік банк–
2) Вексельді және банктің резидент емес жеке тұлғалардың банк шоттарынан колма–қол ақшаны қабылдауы мен беруі негізінде жүргізілетін төлем құжаттарын қоспағанда, төлем құжаттарында салық төлеушінің тіркеу нөмірін қоймай банк шоты бойынша операцияларды жүргізбеуге;
3) Салық төлеушінің
банк шотынан салық және

- Салык салу
- Салыктың пайда болуы
- Салық
- Салық
- Салық бақылау
- Салық ˗ бюджеттік (фискалдық) саясат
- Салық есептілігі және ұсыну мерзімі
- Салон красоты «Богиня»
- Салонная культура первой четверти XIX в.: бал и великосветские салоны как форма социальной организации дворянского сословия
- Салон-парикмахерская «СТИЛЬ»
- Салт-дәстүр балаға байланысты
- Салтукиды
- Салык кодексі
- Салык кукыгы