Самұрық» холдингі



                                      «Самұрық» холдингі

   «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» АҚ «Экономиканың мемлекеттік секторын басқаруда мемлекеттің мүдделерін одан әрі қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 қаңтардағы № 50 Жарлығымен және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 ақпандағы № 117 қаулысы құрылды.    Мемлекеттік холдинг құру идеясын Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2003 жылғы Сингапурға сапарынан кейін ұсынды. Президент сапары барысында «Temasec» сингапур холдингі қызметімен танысты, ол – индустрияландыру компаниясының шеңберінде 1960-шы жылдары жүзеге асырылған барлық мемлекеттік инвестицияларды басқару үшін Сингапур үкіметі 1974 жылы іргетасын қалаған дүниежүзіндегі мемхолдингтердің неғұрлым танымалдарының бірі. Бүгінгі таңда құны 60 млрд. доллар портфелді басқаратын «Temasec» компаниясы компаниялардың қолданыстағы портфелін оңтайландыруға, халықаралық компанияларды және өсуі ықтимал компанияларды қалыптастыруға тырыса отырып, белсенді рөл атқарады.   Мемкомпанияларда корпоративтік басқаруды жетілдіру үшін біршама елдер мемлекеттік холдингтер құру жолын таңдады. 2002-2003 жылдары іле-шала бірнеше мұндай құрылымдар – Малайзияда, Норвегияда, Ұлыбританияда және Қытайда пайда болды «Самұрық» мемлекеттік холдингін құру жөніндегі жоспарды әзірлеуге «McKinsey» компаниясы тартылған болатын, ол – тәуелсіз шетелдік консалтиг компаниясы, мемлекеттік активтерді басқарумен айналысатын компанияларды құру жөнінде үкіметтерге арналған 6 жобаны іске асыруда практикалық тәжірибесі бар консалтрейтингтің әлемдік жетекшісі. Қазақстан тарапынан жобаға Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің жанындағы «Маркетингтік-талдамалық зерттеулер орталығы» АҚ қатысты.  Холдингтің басты мақсаты – қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді перспективаларда мемлекеттік мүддесіне жауап беретін экономиканың нақты секторын дамыту стратегиясын құру, компаниялардың ұзақ мерзімді құндылықтарын көбейту. Холдинг компаниялардың топ-менеджменті тиімділігін бағалау негізінде қол жеткізілетін даму мақсатын белгілейтін болады. Осы жұмыстың нәтижелері отандық капитал жұмысының тиімділігін, әлемдік инвесторлар үшін қазақстандық экономиканың ашықтығын әрі тартымдылығын арттыруға біршама деңгейде мүмкіндік беретін болады. ТМД кеңістігінде бірінші пайда болған «Самұрық» холдингі» АҚ-ның бірегейлігі - мемлекет экономикасының тұрақтылығын бағдарланған компанияның серпінді бизнесімен үйлестіруінен құралады. Осы мақсатта тәуелсіз директорлар институты құрылды, бухгалтерлік есептілік және аудиттің халықаралық стандарттары енгізілуде, озық тәжірибеге және үздік халықаралық стандарттарға сәйкес корпоративтік басқару үлгісі өзгереді.    «Белсенді акционер» ретінде әрекет жасай отырып, корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру, компанияның бюджеттерінің ашықтығын арттыру міндеттерін шешеді деп танылған «Самұрық» холдингі» АҚ компанияның жедел қызметіне араласпай, директорлар кеңесі арқылы компанияның қызметін басқарады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» акционерлік қоғам қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумға сәйкес Директорлар кеңесінің дербес құрамын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. Меморандумға сәйкес «Самұрық» холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің құзыретіне мыналар кіреді:

        «Самұрық» холдингі» АҚ қызметінің басым бағыттарын айқындау;

        «Самұрық» холдингі» АҚ қызметінің мақсаттарын белгілеу;

        «Самұрық» холдингі» АҚ-ның бюджетін бекіту;

        Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де мәселелер.

«Самұрық» холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің құрамы:

Ричард Эванс

Тәуелсіз директор, Директорлар кеңесінің төрағасы

Супрун Виктор Васильевич

Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі

Ерғожин Дәулет Еділұлы

Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі

Сәтқалиев Алмасадам Майданұлы

Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі

Павлов Александр Сергеевич

Тәуелсіз директор

Корпоративтік хатшы - Директорлар кеңесінің хатшысы – Қасенов Асхат Серікұлы  «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» АҚ Басқармасының құрамы:

Бозымбаев Қанат Алдабергенұлы - Басқарма төрағасы, Директорлар кеңесінің мүшесі

Вокурка Ульф - Басқарма төрағасының орынбасары

р/с №

Компания

Акциялардың мемлекеттік пакетi (%)

1

«ҚазҚуат» акционерлік қоғамы

100,00

2

«Екібастұз энергия орталығы» акционерлік қоғамы

100,00

3

Академик Ш.Ч. Чокин атындағы Қазақ энергетика ғылыми-зерттеу институты» акционерлік қоғамы

50,00

4

«Бұқтырма су электр станциясы» акционерлік қоғамы

90,00

5

«Электр энергиясы мен қуаты рыногының қазақстандық операторы» акционерлік қоғамы

100,00

6

«Шүлбі СЭС-сі» акционерлік қоғамы

92,13

7

«Өскемен су электр станциясы» акционерлік қоғамы

89,99

8

«Эйр Астана» акционерлік қоғамы

51,00

9

«Маңғыстау таратушы электр желісі компаниясы» акционерлік қоғамы

94,25

10

«Қазтеңізкөлікфлоты» ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы» акционерлік қоғамы

50,00

11

«Қазақстан инжиниринг» (Kazakhstan engineering)» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы

100,00

12

«Майқайыңалтын» акционерлік қоғамы

25,00

13

«Павлодар әуежайы» акционерлік қоғамы

100,00

14

«Ақтөбе халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамы

100,00

Ахабаев Бейбіт Әдиханұлы - Басқарушы директор, Басқарма мүшесі

Сафинов Қанатбек Бейсенбекұлы - Басқарушы директор, Басқарма мүшесі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 ақпандағы №117 қаулысына сәйкес «Самұрық» холдингі» АҚ-ның жарғылық капиталына 5 компанияның акцияларының мемлекеттік пакеттері берілді:

р/с №

Компания

Акциялардың мемлекеттік пакетi (%)

1

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы

100,00

2

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы

100,00

3

«Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» «KEGOC» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) акционерлік қоғамы

100,00

4

«Қазпочта» акционерлік қоғамы

100,00

5

«Қазақтелеком» акционерлік қоғамы

51%

     Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 қазандағы №1020 қаулысына сәйкес «Самұрық» холдингі» АҚ-ның жарғылық капиталына 14 компанияның акцияларының мемлекеттік пакеттері берілді:

                     Өнеркәсіп активтерін басқару тобының қызметі

    Өнеркәсіп активтері «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясының 100 пайыздық акциялар пакетімен және «Майқайыңалтын» АҚ-тың 25 пайыздық акциялар пакетімен ұсынылған. «Қазақстан инжиниринг» компаниясының құрамына 16 акционерлік қоғам мен 9 жауапкершілігі шектеулі серіктестік кіреді.  Компанияның кәсіпорындары қару-жарақ пен әскери техника өндірісіне, оларды сату мен жөндеуге, сондай-ақ елдің мұнай-газ, көлік, телекоммуникация, агроөнеркәсіп және жылу энергетикасы секторларын білдіретін тапсырыс берушілерге арналған өнімдер шығаруға және қызметтерге маманданады. Компания кәсіпорындары өндіретін өнімдер құрылымында жалпы көлемнің 40 %-ына мұнай-газ секторы үстемдік етеді; екінші орынды арнайы мақсаттағы өнімдер 21 %, үшінші орынды радиоэлектроника 16 % алады, одан кейін темір жол секторына арналған өнімдерге – 14,5 %, халық тұтынатын тауарларға – 7 % және энергетика кешеніне – 0,5 % келеді.     т                    Өнеркәсіп активтерін басқару тобы қызметінің негізгі бағыттары:

1)      жаңғырту мен техникалық қайта жарақтандыру есебінен «Қазақстан инжиниринг» компаниясының құрамына кіретін кәсіпорындардың өндірістік қызметін әртараптандыру жолымен олардың орнықты дамуын қамтамасыз ету;

     2) қорғаныстық, қосарлы және азаматтық мақсаттағы өнімдерді әзірлеу, өндіру, сату және жою саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;

     3) ішкі қажеттілік пен экспортты қамтамасыз ету үшін қорғаныстық және қосарлы мақсаттағы өнімдерді дамыту мен өндірудің ағымдағы және ұзақ мерзімді салааралық бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;

     4) Қазақстан Республикасының Қарулы күштері мен басқа да әскери құрылымдары, сондай-ақ олардың экспорты үшін қару-жарақтың, әскери техника мен қосарлы мақсаттағы өнімдердің импортын қамтамасыз етуге қатысу;

     5) қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің конверсиялық бағдарламалары мен бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру;

     6) мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындауға қатысу;

     7) қорғаныс-өнеркәсіп кешеніндегі ғылыми-техникалық және технологиялық даму бағдарламаларын, оның ішінде өндірісті кеңейту, қайта жаңарту және техникалық қайта жарақтандыру жөніндегі бағдарламаларды іске асыру.

Мұнай-газ активтерін басқару тобының қызметі. «Самұрық» Холдингінің мұнай-газ активтері: Мұнай-газ активтері «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы акцияларының 100 пайыздық пакетімен және «ҚазТеңізКөлікФлоты» ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясының 50 пайыздық пакетімен ұсынылған. «ҚазТеңізКөлікФлоттың» қалған 50 пайызы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының иелігінде. «Самұрық» холдингі жүзеге асырған корпоративтік басқаруды жақсарту және ашықтықты арттыру жөніндегі іс-шаралар:    

 1. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ пен «ҚазТеңізКөлікФлот» АҚ Директорлар кеңесінің жаңа құрамы қалыптасты. Директорлар кеңесінің құрамына 2 тәуелсіз директор кіреді

        Директорлар кеңестерінің жанынан аудит жөніндегі комитеттер құрылды және т.б.

     2. ҰК Директорлар кеңесінің жанынан Ішкі аудит қызметі құрылды

     3. ҰК дамытудың 5 жылға арналған стратегиялық бағыттары әзірленді және бекітілді

        Қаржылық және өндірістік сандық көрсеткіштер түріндегі айқын коммерциялық мақсаттар белгіленді

     4. Мыналар ескеріле отырып, ҰК-тің 2006 жылға арналған бюджеті қаралып, түзетілді:

        кірістердің өсімі

        инвестициялық бағдарламаны орындау

     5. Үш жылға арналған даму жоспарлары және бір жылға арналған бюджеттер бекітілді;

        нормативтік тиімділік көрсеткіштері бекітілді;

        қарыз алу нормативтері бекітілді

     6. Ақпарат көлемін оңтайландыратын ай сайынғы негізде есептілік жүйесі әзірленді және енгізілді;

     7. Ашық дәлелдеу қағидаттары негізінде еңбек ақы төлеудің жаңа жүйесі енгізілді;

     8. Негізгі лауазымдарға тағайындауды келісу жүйесі енгізілді;

     9. Оларды қысқарту мақсатында әкімшілік және өкілдік шығыстардың нормативтері қайта қаралды.

    «Самұрық» холдингінің мұнай-газ активтерін басқарудың негізгі стратегиялық бағыттары:

    1. Ұлттық компанияның ресурстық базасын ұлғайту және көмірсутектері шикізаттарын өндіру өсімі.

     2. Қосылған құнның ұлғаюы ретінде мұнай- және газ өңдеу, мұнай-химияны дамыту.

     3. Халықаралық нарықтарға шығуды кеңейту құралы ретіндегі көлік ағындарын әртараптандыру.

     4. Теңіз мұнай операцияларын қолдаудың сервистік инфрақұрылымын дамыту.

     5. Өндірілген өнімнің үлестік кірістілігін ұлғайту құралы ретінде, сондай-ақ Ұлттық компанияның ішкі мұнай өнімдері нарығындағы міндеттерді іске асыру құралы ретінде мұнай мен газды қайта өңдеу өнімдерін сатудың бөлшек саудасы желісін дамыту.

     Төменде аталған бағыттар бойынша белгіленген мақсаттарға қол жеткізу стратегиясы келтірілген

     Ресурстық базаны ұлғайту және мұнай мен газ өндіруді өсіру стратегиясы

     1. Каспий теңізінің қазақстандық секторын игерудің мемлекеттік бағдарламасы шеңберіндегі жобаларды іске асыру:

        Солтүстік Каспий жобасы.

        «Құрманғазы» жобасы.

        «Түп-Қараған» жобасы.

        «Аташ» жобасы.

        № 341 келісім-шарты (А, В, С1 және С2 учаскелері).

        «Жемчужины» жобасы.

        «Жамбай» жобасы.

        «Н» жобасы.

        «Жамбыл» жобасы.

        «Абай» жобасы.

        «Исатай» жобасы.

        «Дархан» жобасы.

        «Сәтпаев» жобасы.

     2. Құрғақтағы геологиялық-барлау жұмыстарын кеңейту:

        Р-9 жобасы.

        басқалары

     3. Қолданыстағы өндіру активтерін сатып алу

     4. Қабаттардың мұнай беруін арттыру

     Қайта өңдеу сегментін дамыту стратегиясы

     1. Атырау МӨЗ қайта жаңарту және жаңғырту;

     2. Атырау облысында газ-химия кешенін құруға қатысу;

     3. Атыру МӨЗ-де бензол өндіруді ұйымдастыру;

     4. Ақтау пластикалық массалар зауытында жол битумдарын өндіруді ұйымдастыру;

     5. ПетроҚазақстан Ойл Продактс (ПКОП) 50 %-ын сатып алу.

     6. МӨЗ салу және/немесе шетелден (Түркия, Орталық және Шығыс Еуропа елдері, ТМД, Азия) сатып алу.

     Көлік ағындарын әртараптандыру стратегиясы

     1. Баку-Тбилиси-Жайхан мұнай құбырларын пайдалана отырып Қашаған мұнайын тасымалдау үшін Транскаспий көлік жүйесін құру

     2. Қытай бағытындағы құбыржолдарды дамыту.

     3. Атырау-Самара мұнай құбырының қуатын ұлғайту.

     4. КТК-ні кеңейту.

     5. «Орта Азия – Орталық» газ өткізу жүйесін жаңғырту және қайта жаңарту.

     6. «Бейнеу – Бозой – Самсоновка» газ құбырын салу.

     Теңіз мұнай операцияларын қолдаудың сервистік инфрақұрылымын дамыту

     1. Баутино портында теңіз мұнай операцияларын қолдау базасын салу.

     2. Баутино портында теңіз кемелеріне жанар май құю станциясын салу.

     3. Өзі көтеретін бұрғылау қондырғысын (ӨКБҚ) салу.

     4. Мұнайдың төгілуіне ден қою жөніндегі Солтүстік Каспий базасын салу.

     5. Өндірістік қалдықтарды көму жөніндегі полигондарды салу.

     6. Құрық портында жағалау терминалы мен мұнай құю айлақтарын салу.

     7. Теңіз операцияларын қолдау флотын салу.

     8. Құрық портында кеме жөндеу базасын салу.

     9. Атырау әуежайында жүк және жолаушылар терминалын салу

     Мұнай мен газ өңдеу өнімдерін сатудың бөлшек сауда желісін дамыту

     1. Республикада фирмалық ЖҚС мен ГҚС желісін дамыту:

        Жаңа ЖҚС пен ГҚС салу.

        Жұмыс істеп тұрған ЖҚС пен ГҚС сатып алу.

     2. Шет елдерде фирмалық ЖҚС пен ГҚС желісін дамыту.

Көлік активтерін басқару тобының қызметі

     Көлік активтері «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының 100 пайыздық акциялар пакетімен ұсынылған.

     «Самұрық» холдингі жүзеге асырған «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-тың өндірістік-шаруашылық қызметінің тиімділігін жақсарту жөніндегі іс-шаралар:

     1. Компанияның 2006 жылға арналған шоғырландырылған бюджеті түзетілді және 32 262 млрд. теңге оң нәтижемен атқарылды. Жұмыс тобы құрылды, оның отырыстарында 2006 жыл ішінде оң қаржы нәтижесіне қол жеткізуге арналған іс-шаралар жоспары қабылданды, сапалы көрсеткіштерді жақсарту, сапалы көрсеткіштерге әсер ететін «тар» орындарды технологиялық жағынан оңтайландыру жөніндегі ұсыныстар қаралды.

     2. Компанияның даму индикаторларымен бірге «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ты ұзақ мерзімді, орта мерзімді және жылдық жоспарлаудың жаңа құрылымы бекітілді.

     3. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің 2 тәуелсіз директор қатысатын жаңа құрамы бекітілді.

     4. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Директорлар кеңесіне тікелей бағынатын орган – Ішкі аудит қызметі құрылды.

     5. Директорлар кеңесінің жанынан Аудит жөніндегі комитет құрылды.

     6. Директорлар кеңесінің жанынан Кадр комитеті құрылды.

     7. Стратегиялық маңызы бар объектілерді, бірінші кезекте магистралдық темір жол желісінің негізсіз ауыртпалықтарына жол бермеу үшін қарыз алу шегі белгіленді.

     8. Қызметтерді, қосалқы бөлшектерді, материалдар мен ЖЖМ сатып алу қаралды. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мемлекеттік сатып алуды жүргізу кезінде негізсіз шығындарды азайту жөнінде шаралар қабылдады.

     9. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-тың инвестициялық бағдарламасы қаралды, инвестициялық бағдарламаны іске асыру кезінде басымдықтар белгіленді. Магистралдық желінің техникалық жарақтандырылуы, жай-күйі және оның дамуының перспективалары жеке қаралды.

     10. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ орталық аппараты қызметкерлеріне және «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ филиалдарының қызметкерлеріне еңбекақы төлеу туралы ереже бекітілді.

     11. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ өндірістік-шаруашылық қызметіне тұрақты мониторинг жүргізіледі.

     12. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ ДЗО активтерін Қазақстанның қор нарығына орналастыру жөніндегі жұмыс жүргізілуде.

     Көлік активтерін басқару тобы іске асырған осы барлық кезек күттірмейтін шаралар «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-қа 2006 жылды оң қаржы нәтижесімен аяқтауға, қалыптасқан теріс үрдістерді жеңуге, заңнаманың бұзылуын жоюға мүмкіндік берді.

     Темір жол саласын реформалаудың негізгі стратегиялық бағыттары

     Темір жол көлігін қайта құрылымдау бағдарламасы қолданысының 2006 жылы аяқталғанын ескере отырып, темір жол саласын одан әрі реформалауға бағытталған жаңа бағдарлама қабылдау қажеттігі пісіп-жетілді. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің бұйрығымен осы құжатты әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы құрылды, оған «Самұрық» холдингінің Көлік активтерін басқару жөніндегі тобы белсенді түрде қатысады. Темір жол саласын реформалау мақсатты моделінің негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:

     1. Темір жол көлігінің орнықтылығы мен қауіпсіздігін төмендетуге жол бермеу;

     2. Жұмылдыру дайындығы, мамандандырылған және әскери тасымалдар саласындағы міндеттерді кепілді орындау;

     3. Нарықтың әрбір сегментіндегі әрбір қатысушының тең құқықтары, міндеттері және қызметінің шектеулері;

     4. Нарықтың барлық қатысушыларының нарықтың тиімділігі жоғары сегменттеріне кемсітусіз қол жеткізуі;

     5. Жолаушылар тасымалдарын РБ-ден сөзсіз субсидиялау, жүк тасымалдары есебінен қарама-қарсы субсидиялауды толығымен болдырмау;

     6. Т.ж. кәсіпорындарының қор нарығын дамытуға қатысуы;

     7. Қайтымсыз әрекеттер тәуекелдерін болдырмау.

Холдингтің мақсаты:

Қазақстанның әлемнің бәсекеге барынша қабілетті және серпінді дамып келе жатқан 50 мемлекетінің қатарына кіру стратегиясында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің халықаралық стандарттарын енгізуді әлеуметтік саланы одан әрі жаңғыртудың негізгі басым бағыттарының бірі ретінде, ал ұлттық компаниялар мен ірі инвесторларды – бизнестің қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілігін негізгі алға апарушылар ретінде бөліп көрсетті.

     Бизнес қоғамның ажырамас бөлігі болып табылады және қоғамның дамуынсыз бизнестің серпінді дамуы мүмкін емес, халықаралық тәжірибе көрсеткендей, табысты елдерде корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саласы мемлекеттің дамуымен қатар жүреді.

     Осыған байланысты «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» АҚ өзінің қоғам алдындағы жауапкершілігін толығымен сезінеді. Холдинг айқындайтын ірі ұлттық компаниялардың даму стратегиясы Қазақстанның экономикалық және саяси мүдделерімен тығыз байланысты, олардың мәртебесімен келісіледі және Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы міндеттерін шешуге жәрдемдесуге арналады. Нақ сондықтан да ұлттық компаниялар өзінің негізгі қызметінің сыртында әлеуметтік сипаттағы басым мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыруға белсенді түрде қатысады.

     Холдинг – өз қызметкерлеріне лайықты жұмыс жағдайлары мен әлеуметтік қорғанушылықты қамтамасыз етуге ұмтылатын жауапты жұмыс беруші.

     Холдинг ұлттық компаниялар қатысатын өңірлерде әлеуметтік тұрақтылықты нығайту мен қолдау үдерісіне қатысады, өңірлердегі өзекті әлеуметтік проблемаларды шешу үшін жергілікті әкімшіліктердің және қоғамдастықтардың өкілдерімен белсенді түрде өзара іс-қимыл жасасады.

     Холдинг ұлттық компаниялардың әлеуметтік бағдарламаларының барынша атаулы болуына және қоғамның көкейкесті қажеттіліктеріне жауап беруіне ұмтылады. Компаниялар демеушілік, қайырымдылық көмек көрсетудің басым бағыттарын айқындайды. Қаражат білім берудегі, денсаулық сақтаудағы, спорттағы және мәдениеттегі жобаларға бөлінеді, халықтың әлеуметтік жағынан қорғалмаған топтарына нақты колдау көрсетіледі.

     Бұдан басқа, қолдау көрсетудің басым бағыттарының бірі – әлеуметтік саланы үйлестіруге және азаматтық қоғамды дамытуға ықпал ететін білім беру, денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғау, мәдениет және спорт саласындағы іс-шаралар да болып табылады.

      Корпоративтік әлеуметтік жауапкершіліктің 2007 жылға арналған негізгі жобалары:

     ЖҚТБ таралуына қарсы іс-қимыл жасау мақсатында 2006 жылғы 14 желтоқсанда Шымкент қаласында Бірыңғай стерильдеу орталығын салуды қаржыландыру мәселелері жөніндегі меморандумға қол қойылды.

     Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін күшейту жөніндегі міндеттерді іске асыру шеңберінде ауылдық елді мекендерді телефондандыруға, мектептерді телефондандыруға және интернеттендіруге, емдеу-алдын алу мекемелерін телефондандыруға, телекоммуникация қызметтерінің халықтың қалың жігіне қол жетімділігін ұлғайтуға, «Қазақтелеком» компаниясының қаражаты есебінен ауылдық жерлерден келген студенттерді оқытуға бағытталған коммерциялық емес мақсаттарды іске асыру жөніндегі жұмыс жүргізілуде.

     Атап айтқанда, «Қазақтелеком» АҚ дамытудың 2007 – 2011 жылдарға арналған стратегиялық бағыттарына сәйкес 2007 жылы ауылдық телефон станцияларын жаңғырту жөніндегі жобаны іске асыру көзделеді.

     Қазақстан Республикасының Экологиялық қауіпсіздігінің 2004 – 2015 жылдарға арналған тұжырымдамасын басшылыққа ала отырып, Холдинг ұлттық компаниялардың табиғат қорғау қызметі жөніндегі іс-шаралар жоспарларын бақылайды.

     Жүргізіліп отырған табиғат қорғау жұмысы көмірсутегі шикізатын игеру мен өндіру және темір жол көлігін дамыту салдарларының қоршаған ортаға теріс әсерін азайтуға және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға бағытталады.

     Еңбек қауіпсіздігі жағдайларын жақсарту, өндірістік жарақаттарды азайту үшін ұлттық компаниялар өндірістік жарақаттарды азайтуға, еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғауды жетілдіруге, еңбек қызметі үдерісінде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздігін және еңбектi қорғауды қамтамасыз етудiң 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұйымдастыру-техникалық іс-шаралар жоспарларын әзірлеуде.

Самұрық» холдингі