Сары май сапасына қойылатын талаптар
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІН ӨНДІРУ ЖӘНЕ ӨҢДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ФАКУЛЬТЕТІ
АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНІМДЕРІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ТАҒАМ ҚАУІПСІЗДІГІ КАФЕДРАСЫ
СЕМЕСТРЛІК ЖҰМЫС
Тақырыбы: Сары май сапасына қойылатын талаптар
Алматы 2012
Жоспары
Кіріспе
1 Сары май технологиясы
2 Сары майдың түрлері
3 Сары майды топтастыру
4 Тағамдық және биологиялық бағалығы
5 Сарымайдың химиялық құрамы
6 Май сапасына қойылатын талаптар
6.1 Сарымайдың органолептикалық көрсеткіштері
6.2 ФАО/ВОЗ халық аралық стандарт талабы бойынша сарымай мен ерітілген майдың физикалық-химиялық көрсеткіштері
6.3 Органолептикалық көрсеткіштері, оралуы және белгілері бойынша сарымайды баллмен бағалау
6.4 Сортына байланысты сарымайдың балл көрсеткіштері
6.5 Улы заттар, микотоксин, пестицид, радионуклеид, антибиотиктердің, сарымайдың құрамында жіберу деңгейі
6.6 Сарымайдың микробиологиялық көрсеткіштері (МЕМ СТ және МБТ)
7 Сапасын сараптау, сынау тәсілдері
8 Сары майды орау және сақтау
9 Сары май ақаулары
Қортынды
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Сары май – сиырдың сүтінен жасалған, негізінен сүт майынан тұратын тағам. өзінің жақсы исімен, тартымды түсімен, дәмділігімен ежелден қай халықтың да негізгі тағамы болған. Сары май тағамы сонау V ғасырдан белгілі болған. Сары майдың тағамдық маңызы оның құрамындағы сүт майының көп болуында жатыр.
Сары май жоғары сіңімді және жақсы дәмді концентрленген майлы сүт өнімі. Сары май құрамына сүт майы, су, аз молшерде белокты және минералды заттар, сүт қанты, A,D,E,K,B тобы витаминдер бар.
Сары майда 60-98% май бар. Оның сіңімділігі 95-98% балқу температурасы 28-35С.100г майдың колориялығы 780ккал. Сары майда 16-35% ылғалдылық және 1-13% құрғақ майсызданған сүт қалдығы бар. Сүт майы құрамындағы төмен молекулалы май қышқылдары ( май, капрон, каприл қышқылдары және т.б) 8-13% құрайды.
Май құрамында
тіршілікке қажетті
Физиологиялық норма бойынша адам тәулігіне басқа майды санамағанда 15г сары май тұтыну керек.
1 Сары май технологиясы
Шикізат пен өндіру технологиясы бойынша май сарымай және қорытылған деп бөлінеді. Сарымайды екі әдіспен алады: кілегейді шайқау және майлылығы жоғары кілегей құрылымын сарымайға келтіру (термомеханикалық немесе вакуумды). Қорытылған май – таза сүт майы, стандартты емес(дәмі, консистенциясы, иісі) сарымайды қорыту арқылы алады.
Сарымайды шайқау арқылы алғанда кілегейді 90-950С температурада пастерлейді де, 1-40С дейін суытады және 1-3сағат бойы жетілдіреді, бұл кезде сүт майы қатады, май түйіршіктерінің белок қабаты ісінеді. Қышқыл сары майды өндіргенде жетілу алдында оған сүт қышқылды және аромат түзуші бактериялар қосады. Жетілген кілегейді май дайындағышта периодты түрде немесе үздіксіз шайқайды. Шайқау кезінде май түйіршіктерінің белок қабаты бұзылады. Қабықшасынан айырылып олар май дәндеріне қосылады. Дәндерді ары қарай біртекті май алғанша өңдейді. Өңдеу кезінде майдың ылғалдылығын стандарт мөлшеріне дейін реттейді.
Кілегей құрылымынсарымайға келтіру әдісі май түйіршіктерін алынатын өнім майлылығына дейін концентрлеуге (кілегейді тарту) негізделген.
Термомеханикалық әдісте майлылығы жоғары майды май түзгішке салады, онда ол араластырылады да суыытылады (14-170С дейін), нәтижесінде май түйіршіктерінің белок қабаты ыдырайды, май кристализациясы жүреді және ылғал бірқалыпты таралады.
Вакуумды
әдісте май түйіршіктернің
Құрылымын
сарымайға келтіру әдісімен
Сары май алу технологиясы келесі кезеңдерден тұрады:
Сүтті фермада (үйде) сауу
Сүтті бірінші өңдеуден өткізу
Сүтті заводта тасмалда
Сүтті қабылдау
Сүтті сепаратордан өткізу
↓
Кілегейді нормаға келтіру
↓
Кілегейді гомогендеу
↓
Кілегейді пастерлеу
↓
Кілегейді төменгі температурада дайындау ( кілегейді жетілдіру , кілегейді ұйытқыға қосу )
↓
Кілегейді шайқау
↓
Сары май түйіршіктерін жуу
↓
Сары майды механикалық өңдеуден өткізу
↓
Майды орап , формаға салу
↓
Майды сақтау
2 Сары майдың түрлері
Тұзсыз май пастерленген кілегейден сүт қышқылды бактерия дақылдарын қолданып (қышқылды) немесе қолданбай (тәтті) алады. Тұзсыз майда 82,5% май және 16% ылғал болады.
Тұздалған май қышқыл және тәтті болады. Оны да пастерленген кілегейден – тәтті және қышқыл түрлерін өндіреді. Консервілеуші зат және дәмдік қоспа ретінде 1,5% ас тұзы қосылады. Бұл майда 81,5% май және 16% дейін ылғал болады.
Әуесқойлық май тәтті пастреленген немесе ашыған кілегейге ас тұзын қосып немесе қоспай алады. Майды 1 рет қана жуады, оның құрамында басқа майларға қапағанда белок көбірек және сақтауға онша төзімді емес. құрамында 78% май және 20% дейін ылғыл болады.
Шаруа майы (тәтті, қышқыл) сапалы пастерленген кілегейден алынады. Оның құрамында сүт плазмасы көбірек. Ол тұзды 1,5% тұз және тұзсыз болады. Май құрамында 71% (тұзды) және 72,5% (тұзсыз) май, 25%дейін ылғал бар.
Бутербродты май (тәтті және қышқыл) майлылығы жоғары кілегейді сары майға келтіру әдісімен немесе май түзгіште үздіксіз шайқау арқылы алады. Оның құрамында 61,5% май, 35%ылғал, 3,5% құрғақ майсызданған заттар бар.
Сары майдың сонымен қатар толтырғыштары бар (шоколадты, бал, жеміс, баларға арналған) май түрлері өндіріледі:
Шоколад майы шикі кілегейден қант, какао, ванилин қосып дайындайды. Май тәтті, шоколад пен ванилин татымды, қоңыр түсті болады. Оның құрамында 62,5% дейін май, 18% дейін қант, 2,5% какао, 16% дейін ылғал болады.
Бал майы пастерленген кілегейден бал қосып алады. Май тәтті, балдың дәмі мен ароматы айқын біліннеді. 10-120С-та май консистенциясы кәдімгі сары майға қарағанда жұмсақ. Түсі сары, қосылған толтырғыш түсіне түсіне сәйкес болады. Оның құрамында 52% май, 25% бал, 18% ылғал болады.
Жеміс майы пастерленген кілегейден жеміс-жидек толтырғыштарын (шырын, экстаркт, джем) және қант қосып алады. Дәмі мен иісі таза, қосылған толтырғыш татымды; консистенциясы кәдімгі майға қарағанда жұмсақ; түсі қосылған толтырғыштар түсіне сәйкес болуы керек. Оның құрамында 62% май, 16% қант, 18%ылғал болады.
Балалaрға арналған май пастерленген кілегейден қант немесе қант ұнтағын қосып алынады. Оның құрамында 76% май, 8% қант, 15% ылғал болады.
Құрғақ май кілегейді майсызданған сүтпен араластырып алады. Құрғақ май крем түсті және пастерленген сүт иісті ұнтақ. Оған 12-14% су қосып табиғи сары май консистенциялы май алады.
Сонымен қатар емдәмдік май өндіріледі, 25% өсімдік майымен алмастырылған кәдімгі сары майдан тұрады.
Қорытылған май өзіндік дәмі мен ароматы бар қорытылған сүт майы болып табылады. Оның құрамында 98% май, 1% ылғал болады.
3 Сары майды топтастыру
Дайындау
шикізатына, өңдеу технологиясына
және химиялық құрамына
Ылғалдығы 16% жоғары емес:
- Тұзсыз және тұзды тәтті сарымай;
- Тұзсыз және тұзды қышқыл сарымай;
- Вологодтық;
- Ылғал мөлшері 20% жоғары емес, тұзды және тұзсыз әуесқойлық сарымай тұзды және тұзсыз қышқылды әуесқой сарымай;
- Ылғал мөлшері 25% жоғары емес, тұзды және тұзсыз тәтті шаруалық сарымай, тұзсыз қышқылды шаруа сарымайы;
- Ылғал мөлшері 35% жоғары емес, тұзсыз бутербродты тәтті сарымай;
- Ылғалдығы 16% жоғары емес және сүт майын өсімдік майымен алмастырған-диетикалық;
- Сүт майы белогін өсімдік майымен алмастырған сарымай;
- Ылғалдығы 18% жоғары емес, 32% өсімдік майын қосқан славяндық;
- Сүт белогімен толтырған май;
- Ылғалдығы 27%-тен жоғары емес, СМ ІІ – 13% – шәйлік;
- Ылғалдығы 42%-тен жоғары емес, СМ ІІ – 7% – үйлік;
- Дәмдік және басқа толтырмалары бар май;
- Ылғалдығы 16%-тен, сахароза – 18%-тен жоғары емес, ұнтақ какао 2,5%-тен кем емес – шоколадты;
- Ылғалдығы 18%-тен, сахароза – 16%-тен жоғары емес – жемістік;
- Ылғалдығы 18%-тен, бал қанты 25%-тен СМ ІІ – 14,2%-тен, циккорий – 0,8%-тен кем емес – ярославльдық.
Ерітілген
май құрамында ылғалы бар
Ескерту:
Тәтті сарымай – жас кілегейден алынған май.
Қышқылды
сарымай – ашытылған
Вологод-жоғары
температурада пастерленген
4 Тағамдық және биологиялық бағалығы
Сарымай
– жоғары бағалы, сүт майының
жиынтықталған өнімі.
Сарымайдың
тағамдық бағалылығы оның
Сарымайдың
физиологиялық бағалығы оның
құрамына кіретін холестерин
мен лецитинге байланысты, холестерин-өт
қышқылы бүйрек үсті
Тоң майға қарағанда сарымайдың қату, балқу температуралары төмен, толық сіңіріледі (95-98%), сондықтан да асқазаны, баыры, өт жолы ауыратын адамдарға пайдалану өте тиімді.
Жоғары плазмалы (әуесқой, шаруа, бутерброд) сарымайлар жоғары биологиялық жағынан бағалы, себебі құрамында сүт белогы, фосфолипид, минералдық заттар көп болғанымен, қуаттылығы аз болады.
5 Сарымайдың химиялық құрамы
Сарымай құрамындағы заттар |
Компоненттер мөлшерi | |||
Тұзсыз сарымай |
Әуесқой |
Шаруа |
Диетикалық | |
Белок |
0,60 |
1,10 |
1,30 |
1,70 |
Липидтер, барлығы |
82,5 |
78,0 |
72,5 |
75,0 |
Үшглицеридтер |
81,93 |
77,51 |
71,94 |
74,41 |
Май қышқылдары |
77,96 |
76,34 |
68,14 |
71,50 |
Қаныққан |
50,25 |
48,13 |
45,10 |
28,44 |
С.i. Май /с4о/ |
3,74 |
2,75 |
2,69 |
2,45 |
Капрон /с6о/ |
0,83 |
1,36 |
1,23 |
1,1 |
Каприл /с8о/ |
0,72 |
0,78 |
0,66 |
0,32 |
Каприн /с10о/ |
1,89 |
1,77 |
1,51 |
1,21 |
Лаурин /с12о/ |
2,42 |
1,91 |
1,72 |
1,97 |
Миристин/с14о/ |
7,83 |
7,08 |
7,94 |
4,23 |
Пальмитин/с16о/ |
24,61 |
23,98 |
22,08 |
11,82 |
Стерин /с8о/ |
7,52 |
6,95 |
6,82 |
5,02 |
Моноқанықпағанс.i. /с141/ Миристоолеин |
0,84 |
1,70 |
1,54 |
1,30 |
Пальмистоолеин/с16:1/ |
2,86 |
2,10 |
2,32 |
2,04 |
Олеин/с18:1/ |
22,73 |
21,93 |
18,01 |
19,13 |
Полиқанықпағанс.i. Линолпальмистоолеин/с18:2/ |
0,84 |
1,12 |
0,91 |
20,3 |
Холестерин |
0,19 |
0,17 |
0,18 |
0,21 |
Витаминдер: а |
0,59 |
0,45 |
0,40 |
0,43 |
В-каротин |
0,38 |
0,33 |
0,30 |
0,20 |
Е |
2,20 |
2,13 |
2,35 |
21,0 |
С |
Iзi |
0 |
0 |
0,20 |
В6 |
Iзi |
- |
- |
0,02 |
Ниацин |
0,10 |
0,10 |
0,11 |
0,10 |
Пантоен қышқылы |
0,05 |
- |
- |
0,05 |
Тиамин |
Iзi |
Iзi |
0,01 |
Iзi |
Күл |
- |
0,20 |
- |
0,18 |
Макроэлементтер: Калий |
33 |
23 | ||
Кальций |
22 |
22 | ||
Магний |
3 |
3 | ||
Натрий |
45 |
10 | ||
Күкiрт |
9 |
5 | ||
Фосфор |
19 |
16 | ||
Хлор |
120 |
100 | ||
Микроэлементтер: Темiр |
0,140 |
0,125 | ||
Мырыш |
0,002 |
0,002 | ||
Мыс |
0,025 |
0,020 | ||
Сарымайды
майды эссенциялық май қышқылы
көп өсімдік майымен
Сарымай жоғары каллориялы өнім, 100г өнімде 500-775 дейін ккал бар.
6 Май сапасына қойылатын талаптар
Майдың
дәмі мен иісі таза, әр түріне
сәйкес, бөтен дәм мен иіссіз
болу керек. Толтырғыш
Физико-химиялық
көрсеткіштерден
Сапасына қарай сары май тұзсыз, тұздалған, әуесқойлық және қорытылған май жоғары және бірінші сортқа бөлінеді. Қалған май түрлері сортқа бөлінбейді.
Сары май тұзсыз, тұздалған, әуесқойлық және қорытылған май сорты 20 баллдық жүйе бойынша анықталады, бұл кезде әрбір көрсеткіште белгілі бір балл қойылады: дәмі мен иісі – 10; консистенциясы мен сыртқы түрі – 5; түсі 2; орамасы мен маркілеу – 3. Балл қосындысы 13-20балл, оның ішінде дәмі мен иісі 6балл болса жоғары сортқа жатқызады, 6-12балл, дәмі мен иісі – 2балл болса 1-ші сортқа жатқызады.
6.1 Сарымайдың органолептикалық көрсеткіштері
Көрсеткіштер |
Сипаты |
Дәмі және иісі |
Вологод майы үшін жоғары температурада пастерленген кілегейдің дәмі, иісі болады, басқа иісі, дәмі болмайды. Тұздалмаған, тұздалған, әуесқой, шаруа және бутерброд майлары үшін – таза , сарымайға тән, тәтті сарымай үшін – пастерленген кілегейдің иісі, ашытылған дәм мен иісі – қышқыл сарымайлар үшін, аздап тұздың дәмі – тұздалған майлар үшін тән. Шоколад, балалар какао сарымайларына тән иісі мен дәмі болады, бірақ басқа иісі, дәмі болмауы тиіс. Піскен
сарымай үшін тортасы |
Консистенция және сыртқы түрі |
Вологод майы үшін біркелкі, тегіс, тығыз. Майды кескен жері жылтыр, құрғақ болады. Тұзсыз, тұзды, әуесқой шаруа, бутерброд, шоколад, арнайы, балалар майлары – біркелкі, тегіс, кескен жері аздап жылтыр және құрғақ немесе алынған ылғыл түйіршіктері болады. Піскен май – дәмді, жұмсақ, еріткенде мөлдір. |
Түсі |
Сарымай
үшін ақшылдан сарыға дейін.
Шоколад, балалар, какао |
6.2 ФАО/ВОЗ халық аралық стандарт талабы бойынша сарымай мен ерітілген майдың физикалық-химиялық көрсеткіштері
Көрсеткіштер |
Сарымай |
ерітілген |
Сүт майының төменгі мөлшері,% |
80,0 |
99,3 |
Майсыз құрғақ затының мөлшері,% |
2,0 |
- |
Ең жоғарғы ылғал мөлшері,% |
16,0 |
1,5 |
Қосатын каротин мөлшері 0,1%-тен төмен болмауы тиіс. Плазмасының титрлік қышқылдығы немесе рН:
- Вологод майы – 220Т жоғары емес, рН - 6,31 кем емес;
- Басқа тәтті сарымайлар үшін – 220Т жоғары емес, рН -6,25-тен кем емес;
- Басқа қышқыл сарымайлар үшін – 210Т-ден 550Т-ге, рН 6,12-ден 4,50 дейін.
ФАО/ВОЗ сарымай мен ерітілген майларға халықаралық стандарттарын шығарды.
6.3 Органолептикалық көрсеткіштері, оралуы және белгілері бойынша сарымайды баллмен бағалау
Көрсеткіштердің аты мен сипаты |
Сарымайды бағалау баллы Сарымай ерітілген | |
Дәмі мен иісі (10балл) | ||
Өте жақсы Жақсы Таза, бірақ жақсы білінбейді Білінбейді (бос) Аздап азықтық Аздап куйіңкіреген Ерітілген майдың дәмі Аздап ашқылтым |
10 9 8 7-9 6-4 4 3 3 |
10 9 8 7-6 3-2 - - 3-2 |
Тәтті сарымай үшін қышқыл, қышқыл сарымай үшін өте қышқыл Тұзды май үшін тұзы біркелкі емес Аздап борсыған Аздап майсаң |
3
3 2 2 |
- 2 2 |
Консистенциясы мен сыртқы түрі (5балл) | ||
Өте жақсы |
5 |
5 |
Біркелкі бірақ тегістігі мен тығыздығы жеткіліксіз, кескен жерінде өте ұсақ су тамшысы көрінеді сарымай үшін, ерітілген май үшін дәмі жеткіліксіз |
4 |
4 |
Қанағаттанарлық: ұсақ сарымай үшін су тамшысы, аздап білінетін омырылғыштығы юосаң шаруа мен бутерброд майларында, ерітілген майда біркелкі емес, ақ ұн тәріздес, еріген май болады. |
3 |
3 |
Тұзсыз,тұзды әуесқой майында аздап білінеді: омырылғыштау босаң |
2 3 |
- |
Сарымайда аздап білінеді: қабаттары жұмсақ |
3-2 |
|
Шаруа мен бутерброд майларында босаң және омырылғыш ерітілген майда біркелкі емес |
2 |
2 |
Нашар білінетін майсаң |
2 |
2 |
Кескен жерде үлкен тамшы |
2 |
- |
Тұзды майда ерімеген тұз |
1 |
- |
Майдың үсті балқыған |
1 |
- |
Түсі (2балл) | ||
Біркелкі |
2 |
2 |
Біркелкі емес |
1 |
1 |
Орауы мен белгілері (3балл) | ||
Дұрыс |
3 |
3 |
Қанағаттанарлық, май ішінде кішірек, бірлі жарым қабыршақтар, орайтын затта аздап мүкісі болуы мүмкін сыртында майысқан жері бар |
2 |
|
Ескерту: 1 Сатуға ашыған, зеңді, шіріген, ірімшік, балық, мұнай өнімдері, химиялық заттар, сонымен қатар азық (пияз,сарымсақ, жусан, сүрлем т.б.) борсыған, күйік, ащы, металл, дәмі мен иісі, омырылғыш, босаң, қабаттанған, жұмсақ консистенциясы дұрыс өңделмеген, майда басқа заттар, май ішінде пергаменттер және сыртында зең, лас және бұзылған ыдысы, жәшіктері майысқан, оқылмайтын анық емес белгісі бар майлар жіберілмейді.
2. Екі немесе одан көп ақауы бар май ең төменгі баллмен бағаланады.
6.4 Сортына байланысты сарымайдың балл көрсеткіштері
Сорттың аты |
Жалпы бағасы баллмен |
Дәмі мен иісінің бағасы, баллмен, төмен емес |
Жоғары Бірінші |
13-20 6-12 |
6 2 |
Ескерту:
Вологод майы органолептикалық
көрсеткіштерімен талаптарға
Қауіпсіздік көрсеткіштері. Сарымайдың қауіпсіздік көрсеткіштері – улы элементтер, микотоксин, пестицид, радионуклеид, антибиотик және микробиологиялық көрсеткіштері. Азық-түлік және тағамдық өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігінің гигиеналық талаптары. Санитарлық ережелер және нормалар СН ж Е 2.3.2.56-97 Алматы, 1998 талаптарына сәйкес болуы керек.
6.5 Улы заттар, микотоксин, пестицид, радионуклеид, антибиотиктердің, сарымайдың құрамында жіберу деңгейі
Өнім тобы |
көрсеткіштер |
Жіберу деңгейі мг/кг,жоғары емес |
Сарымай |
Улы заттар Кадмий Мышьяк Сынап Мыс Мырыш Темір Қалайы Микотоксиндер: Афлотоксин В1 Афлотоксин М1 Пестицидтер: ДДТ ɤ ГХЦГ Гексохлоран Радионуклеидтер: Цезий 137бк/кг Антибиотиктер ед/г Тетрациклин Пенициллин стрептомицин |
0,1 0,03 0,1 0,03 0,5 5,0 5,0 -
Жіберілмейді 0,0005
1,0 Майға есептегенде 0,2
370
0,01 0,01 0,5 |
6.6 Сарымайдың микробиологиялық көрсеткіштері (МЕМ СТ және МБТ)
Өнім топтары |
Мезофильді, аэробты және
факультативті анаэробты |
Жіберілмейтін өнім массасы г/см3 Ішек таяқшасы патогенді Бактериялар микроорганиз Тобы мдер |
Сарымайлар Сарымай Вологод Қышқыл ерітілген |
1:005 1х105 Норма жоқ 1х105 |
0,01 25 Од 25 0,01 25 0,01 25 |
7 Сапасын сараптау, сынау тәсілдері
Микробиологиялық көрсеткіштерін МЕМ СТ 9225-84 бойынша анықтайды. Егер микробиологиялық зерттеудің нәтижесінде қанағатсыз деген баға алынса, екінші рет көлемі алғашқы үлгіден екі есе көп мөлшерде үлгі алынып сынақ жүргізіледі, алынған нәтиже өнімнің барлық партиясына тарайды.
Майдың мөлшерін МЕМ СТ 5867-90, ылғалдығын МЕМ СТ 3626-73, плазманың титрлік қышқылдығын МЕМ СТ 3624-92 немесе МЕМ СТ 2681-85, тұзды МЕМ СТ 3627-81талаптары бойынша анықтайды.
Органолептикалық
көрсеткіштерін 120С анықтайды. Егер
ерітілген майдың
Дәмін
анықтағанда, әрбір майдың
Сарымайдың
түсін күндізгі жарықта май
бағанасыы білінбей тұрғанда
анықтайды, ол біркелкі болуға
тиіс. Егер біркелкі болмаса,
Консистенциясын
үлгі алғыштағы май
Тұздың
сапасын анықтау үшін, тұздың
майда біркелкі араласуын,
8 Сары майды орау және сақтау
Сары және қорытылған май өлшенетін және оралған түрде өндіріледі. Сары майды 24кг дейін ағаш жәшікке; 20кг дейін картон қораптарға салады. жәшіктерге салар алдында оған пергамент немесе фольга төселеді. қорытылған майды 40кг-нан және 80кг-нан бөшкелерге салады.
Бөлшек
сауда үшін майды майды брикет
түрінде пергаментке немесе
Тұтынушылық
ыдыстағы әрбір өнім
Сарымайды өнеркәсіптен шығарғанда сақтау температурасы – 2-60 С, сауда тоңазытқыштарында 60 С, кәсіпорыннан шығарғанда – 60 С жоғары болмауы керек.
Вологод
майының сақтау мерзімі шыққан
күнінен 30 тәуліктен аспауы керек,
осы мерзімнен асса сортына
сәйкес тұздалмаған тәтті
Сауда орнында сарымай 60 С ылғалдығы 80% жоғары емес жағдайда сақталуы керек.
Сауда орнына келіп түскеннен кейін сақтау мерзімі:
• Түскен жәшіктегі – 10 тәулік;
• Ерітілген сарымай үшін – 15 тәулік.
Тұтынатын ыдыстарға майдың оралған температурасы 30 С жоғары емес, салыстырмалы ылғалдығы – 80% жоғары емес болса: пергаментпен оралған болса 10тәулік, фольгаға оралған майды – 20 тәулік сақтауға болады.
9 Сары май ақаулары
Сапалы
емес шикізатты қолдану, дұрыс
өңдемеу және сақтаудың
Ащы дәм сиырлар кейбір шөпті (жусан, жабайы пияз, люцерн және т.б.) жегенде, сонымен қатар майда шіріткіш микрофлора дамығанда және белокты заттары ыдырғанда түзіледі. Тұздалған майда бұл ақау магнийдің хлорлы тұздары жоғары тұзбен тұздағанда пайда болады.
Жем татымды сары майда шикізаттан түзіледі, сонымен қатар сиырлар өзіндік дәмдік және ароматты заттары бар өсімдіктермен азықтанғанда пайда болады.
Олеинді дәм (балғын емес өсімдік майының татымды) құрамындағы майдың кейбір сүт қышқылды бактериялар мен ашытқы әсерінен өзгеруінен пайда болады. Ол ауа және жарық қатысында сары майды сақтағанда пайда болуы мүмкін.

- Сарымсақтың биологиялық және морфологиялық сипаттамасы
- Сасаки, Садако
- Сасанидская держава в 3-5 вв
- Сасун гавар
- Сатанизм как социальное явление
- Сатанинские секты в современном мире
- Сатанізм
- Саркоцистоз свиней
- Саркоцистоз свиней
- Сарқынды суларды тазарту әдістері
- Сарматизм как державная идеология Речи Посполитой и идеология правящего шляхетского сословья
- Сарматы и славяне
- Сарсухан
- Сарыарқа тауы