Сақтандыру компанияларының ақпараттық жүйесі
Сақтандыру компанияларының ақпараттық жүйесі
Кіріспе
Сақтандыру - әлеуметтік, қоғамдық тәуекелділіктерді реттей отырып басқарумен, сақтандыру қатынастарының тәртібін, түрлерін және шарттары заңдық негіз арқылы реттеумен шектеледі. Нарықтық рефориалардың бастапқы кезеңдерінде сақтандыру үдерісін анықтайтын ережелер болмады, бұл сақтандыру қызметінде тәжірибесі жоқ көптеген компаниялардын пайда болуына әкелді.
Сақтандыру – қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне категорияларының бірі. Сақтандыру сферасы адам өмрінің, өндірістік және әлеуметтік-экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды. Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп – бұл өндіріс пен адам өмірінің қауәп-қатерлі сипаты. Сондықтан өндіріс процестерін жалғастыру, азаматтардың жекелеген санаттарының өмір тіршілігі мен әл-ауқатын қолдап отыру мақсатында оларды сатып алу үшін қоғамның, жеке өндірушілердің, олардың топтарының (салалық және аумақтық аспектілерде) натуралдық – заттай босалқы қорларын да немесе резервтерін де, сондай-ақ ақша ресурстарын да кіріктіретін қажетті қаражаттары болуы тиіс. Мұндай ақша қаражаттары әдетте резерв және сақтық қорлары түрінде қалыптасады.
Сақтандыру агенті – берілген өкілеттігіне сәйкес сақтандыру ұйымының атынан және соның тапсыруымен сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға.
Сақтандыру далдалы - өзінің қызметін сақтандырылушылармен және сақтандырушылармен келісім негізінде жүзеге асыратын тәуелсіз делдал. Заңды тұлға да, белгіленген тәртіппен тіркелген жеке тұлға да С.д. бола алады. Олардың, әдетте, арнаулы экономикалық және заңи білімі болуға тиіс, кәсіпқойлық жарамдылық жөнінен аттестаттаудан өтуі керек. С.д. қызметтердің мынадай түрлерін көрсете алады: сақтандырушыларды іздестіру немесе сақтандырушыларды іріктеу; сақтандыру жөнінде ақыл-кеңес беру, түсіндіру және жарнамалық жұмысты жүргізу; сақтандыру өтемін алу үшін сақтандыру полистері мен басқа да құжаттарды ресімдеу; сақтандыру жағдайы басталғанда мүдделі тұлғалардың өтініші бойынша залалдарды реттеу; келісімдегі тиісті жағдайлар болғанда шарттар бойынша сақтандыру жарналарын алу, т.б.
Сақтандыру компаниясы – азаматтарға, кәсіпорындарға олардың қызметі мен өмірінде сақтандыру жағдайлары басталғанда зиянның орнын толтыру және көмек көрсету жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлға.
Сақтандыру ұйымы – ел заңнамасының талаптарына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясы негізінде сақтандыру шарттарын жасасу және орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға.
Қауіпсіздік саясаты - мекеменің ақпаратты қалайша өңдейтінін, қорғайтынын және тарататынын анықтайтын заңдар, ережелер және тәртіп нормаларының жиыны. Бұл ережелер пайдаланушының қайсы кезде белгілі бір деректер жинағымен жұмыс істей алатынын көрсетеді. Қауіпсіздік саясатын құрамына мүмкін болатын қауіптерге талдау жасайтын және оларға қарсы әрекет шаралары кіретін қорғаныштың белсенді сыңары деп санауға болады.
Қауіпсіздік саясатының құрамына ең кемінде мына элементтер кіруі керек: қатынас құруды ерікті басқару, объектілерді қайтадан пайдаланудың қауіпсіздігі, қауіпсіздік тамғасы және қатынас құруды мәжбүрлі басқару.
Кепілдік - жүйенің сәлетіне және жүзеге асырылуына көрсетілетін сенім өлшемі. Ол қауіпсіздік саясатын іске асыруға жауапты тетіктердің дұрыстығын көрсетеді. Оны қорғаныштың, қорғаушылар жұмысын қадағалауға арналған, белсенсіз сынары деп сипаттауға болады. Кепілдіктің екі түрі болады: операциялық және технологиялық. Біріншісі жүйенің сәулеті және жүзеге асырылу жағына, ал екіншісі - құрастыру және сүйемелдеу әдістеріне қатысты.
Есепберушілік(немесе хаттамалау тетігі)қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды құралы болып табылады. Сенімді жүйе қауіпсіздікке байланысты барлық оқиғаларды тіркеп отыруы керек, ал хаттаманы жазу-жүргізу тексерумен (аудитпен - тіркелу ақпаратына талдау жасаумен) толықтырылады.
Сенімді
есептеу базасы (СЕБ) - компьютерлік
жүйенің қауіпсіздік саясаты жүзеге асыруға
жауапты қорғаныш тектерінің жиынтығы.
Компьтерлік жүйенің сенімділігіне баға
беру үшін тек оның есептеу базасын қарастырып
шықса жеткілікті болады. СЕБ негізгі
міндеті - қатынасым мониторының міндетін
орындау, яғни, объектілермен белгілі
бір операциялар орындау болатындығын
бақылау.
Ұлттық
нарықтағы ролі
Ұлттық
нарықтағы құрылымдық-
- сақтандыру (қайта сақтандырушы) ұйымдары;
- сақтандыру қоры;
- сақтандыру агенті;
- сақтанушы, сақтандырудан пайда алушы;
- уәкілетті аудиторлық ұйым;
- сақтандыруға байланысты кәсіпкерлік қызметті жүзеге aсырушы өзге жеке және заңды тұлғалар.
Бұл институттардың өзара іс-қимыл нысандары сақтандыру нарығы қосалқы жүйесінің ауқымын, мазмұнын және негізгі міндеттерін баламалы түрде көрсетуі тиіс: сақтандыру саласындағымемлекеттік органдар мен ұйымдарды, сақтанушылар мен сақтандырушыларды, сақтандыру қызметтері инфрақұрылым нарығының объектілерін. Сақтандыру ісінде мемлекеттің қатысуы мемлекеттік сақтандыруды дамыту мен сақтандыру бизнесін реттеу секілді бағыттарда көрінуі тиіс.
Мемлекеттік сақтандыруға мемлекеттік бюджет пен оның шығыс бөлігін қалыптастыратын қазір заңдық және атқарушы билік органдарының қарамағындағы халықтың еңбекпен қамтылмағандарын әлеуметтік қамтамасыз етілуін қамтитын әлеуметтік сақтандыру енуі тиіс. Халықтың бұл тобына түсетін жәрдемақылар мен жеңілдіктер, олардың қоғамға енгізген еңбек үлесіне емес, адамдардың бұл санатының тек мұқтаждық және еңбеккежарамсыздық дәрежесімен анықталады. Сақтандыру төлемдерін қоғамның барлық жұмысқа жарамды мүшелері мен жұмыс берушілердің сақтандыру жарналарынанжиналған қаражаттан төлеу қажет. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру бүкіл халық үшін міндетті болуы тиіс. Мемлекеттің міндетті ісі- кепілділік. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру Қорын құру міндетті сақтандырудың жаппай және әлеуметті мәнді түрлері бойынша сақтанушылрдың мүдделерінің жоғарырақ қорғалуын қамтамасыз етеді. Бұл қордың құрылтайшылары ҚР Үкіметі мен Ұлттық банкі болып есептеледі. Қатысушылары – сақтандырудың міндетті түрлерін жүзеге асыратын барлық сақтандыру ұйымдары. Сақтанушыларға мәжбүр болған кепілдікті төлемдер Қор арқылы тек, сақтандыру ұйымы таратылуға мәжбүр болған жағдайда жүзеге асырылады.
Мемлекттік әлеуметтік сақтандырудың міндеттілігі - әлеуметтік сақтандыру жүйесіне енгізілген адамдарды сақтандыру арқылы қорғауын күшейту; кепілдік; сақтандыру жарналарын жинау және қорларды қалыптастыру есебінен әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді қаржыландыру үшін ресурстарды шоғырландыруға бағдарланған экономикалық; инвестициялық – уақытша ераін ақща қаражаттарын мемлекеттік қарыздар, кәсіпорындар акцияларына, банкінің бағалы қағаздарына және басқа қаржы құралдарына жұмсаудан пайда алу есебіне сақтандыру қорларын арттыруға бағыттау; реттеу-сақтандыру тәуекелдіктерін бөлу міндеттерін орындау қажеттілігінен туындаған. Жалпы нарықтың анықтамасына және оның ішінде сақтандаруға сәйкес оның құрамына сақтандыру ұйымдары мен компаниялар, серіктестіктер, бәсекелес, сақтандыру делдалдары, сақтандыру жарнасын есептеуші мамандар, кеңес берушілер енеді.
Сақтандыру ұйымның күй – жайын анықтаған кезде басқарудың алдын алу әдістерін пайдаланған және объектінің даму баламаларын бағалаған жөн, себебі, бұл ең алдымен күтпеген жағдайдын белгілірін анықтау, оның ішінде бір қалыпсыз әдістерді жүргізу дамуды болжауды әзірлеудің негізі болады. Бұл қиындық нышандарын, жағымсыз құбылыстарды табуға және бар мүмкіндіктерді анықтауға жағдай жасайды.
Сақтандыру
ұйымдары сақтанушылардың, сақтандырушылардың
өскелең талаптарына жауап беретін өзін-өзі
реттеудің жетілдірілген мөлшеріне әсер
ету мүмкіндігі артықшылық болып табылады.
Егер өзін-өзі реттейтін сақтандыру ұйымына
немесе бірлестікте мүшелік міндетті
болса, бәсекелестікті шектеу қауіпі тындайды.
Өзін-өзі реттейтін ұйымдар бір қалыпсыз
даму заңдарына бағынады, өйткені олардағы
өрісінің орналасуы тұрақты да, өзгермелі
де, уақытша болуы мүкін, алайда өзара
байланыс жүйесінде ажырағысыз және іске
асырылғыш болады, Ұйымның мақсатқа сай
жаңа сапалы бөліктерді қайта жасауға
қабілеттілігі Өзін-өзі реттейтін ұйымдардың
икемділігін, көнгіштігін, бейімделушілігін
сипаттайды, Бұл ұйымдарбейкоммерциялық
ұйымдар болып есептеледі, олардың қызмет
ету көздері болып демеушілердің дарналары,
мемлекеттік өкімео органдарының, басқарма,
жергілікті өзін-өзі басқару органдарының
көмектері мен қолдаулары және басқа қайырымдылықтар
саналады. Ал олардың қызметі, оларды құру
нысандары т.б. өзін-өзі реттейтін ұйымдар
туралы ережелерді ескеріп, сондай-ақ
сақтандыру заңдарымен және сақтандыру
нарығының ерекшк шарттарымен анықталады.
Сақтандыру нарығындағы ұйымдардың қатарына
сақтандыру нарығының кәсіптік қатысушыларын
біріктіретін мемлекеттік емес бейкоммерциялық
ұйымдарды жатқызуға болады. Сақтандырушылар,
делдалдар, сақтандыру агенттері, актуарийлердің
өзін-өзі реттейтін ұйымдардың, яғни экономиканың
бір саласындағы бір немесе әртүрлерінің
қызметін жүзеге асыратындардың тез пайда
болатынын шамалауға болады. Қызмет ету
мақсаты, кез келген басқа бірлестіктегі
сияқты – оған қатысушылардың мүдделерін
қорғау және сақтандыру саласын дамыту
болып табылады.
Ақпараттық қауіпсіздік— мемкелеттік ақпараттық ресурстардың, сондай-ақ ақпарат саласында жеке адамның құқықтары мен қоғам мүдделері қорғалуының жай-күйі.
Ақпаратты қорғау — ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешені. Тәжірибе жүзінде ақпаратты қорғау деп деректерді енгізу, сақтау, өңдеу және тасымалдау үшін қолданылатын ақпарат пен қорлардың тұтастығын, қол жеткізулік оңтайлығын және керек болса, жасырындылығын қолдауды түсінеді. Сонымен, ақпаратты қорғау - ақпараттың сыртқа кетуінің, оны ұрлаудың, жоғалтудың, рұқсатсыз жоюдың, өзгертудің, маңызына тимей түрлендірудің, рұқсатсыз көшірмесін жасаудың, бұғаттаудың алдын алу үшін жүргізілетін шаралар кешені. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету кезін қойылатын шектеулерді қанағаттандыруға бағытталған ұйымдастырушылық, программалық және техникалық әдістер мен құралдардан тұрады.
Ақпараттық
қауіпсіздік режимін
Ақпараттық қауіпсіздіктің өте маңызды 3 жайын атап кетуге болады: қол жеткізерлік (оңтайлық), тұтастық және жасырындылық.
Қол жетерлік (оңтайлық) - саналы уақыт ішінде керекті ақпараттық қызмет алуға болатын мүмкіндік. Ақпараттың қол жеткізерлігі - ақпараттың, техникалық құралдардың және өңдеу технологияларының ақпаратқа кедергісіз (бөгетсіз) қол жеткізуге тиісті өкілеттілігі бар субъектілердің оған қол жеткізуін қамтамасыз ететін қабілетімен сипатталатын қасиеті.
Тұтастық - ақпараттың бұзудан және заңсыз өзгертуден қорғанылуы. Ақпарат тұтастығы деп ақпарат кездейсоқ немесе әдейі бұрмаланған (бұзылған) кезде есептеу техника құралдарының немесе автоматтандырылған жүйелердің осы ақпараттың өзгермейтіндігін қамтамасыз ететін қабілетін айтады.
Жасырындылық - заңсыз қол жеткізуден немесе оқудан қорғау.
1983
жылы АҚШ қорғаныс министрлігі
қызғылт сары мұқабасы бар
«Сенімді компьютерлік
Қауіпсіз жүйе - белгілі бір тұлғалар немесе олардың атынан әрекет жасайтын үрдістер ғана ақпаратты оқу, жазу, құрастыру және жою құқығына ие бола алатындай етіп ақпаратқа қол жеткізуді тиісті құралдар арқылы басқаратын жүйе.
Сенімді жүйе - әр түрлі құпиялық дәрежелі ақпаратты қатынас құру құқығын бұзбай пайдаланушылар тобының бір уақытта өңдеуін қамтамасыз ету үшін жеткілікті ақпараттық және программалық құралдарды қолданатын жүйе.
Жүйенің сенімділігі (немесе сенім дәрежесі) екі негізгі өлшемі бойынша бағаланады: қауіпсіздік саясаты және кепілділік.
Сақтандыру — қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне категорияларының бірі. Сақтандыру сферасы адам өмірінің, өндірістік және әлеу-меттік-экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды. Сақ-тандыруға түрткі болатын басты себеп — бүл өндіріс пен адам өмірінің қауіп-қатерлі сипаты. Сондықтан ендіріс процестерін жалгастыру, азаматтардың жекелеген санаттарының өмір тіршілігі мен әл-ауқатын қолдап отыру мақсатында оларды сатып алу үшін қоғамның, жеке өндірушілердің, олардың топ-тарының (салалық және аумақтық аспектілерде) натуралдық-заттай босалқы қорларын да немесе резервтерін де, сондай-ақ ақша ресурстарын да кіріктіретін қажетті қаражаттары болуы тиіс. Мүндай ақша қаражаттары әдетте резерв және сақтық қорлары түрінде қалыптасады.
Сақтандырудың мақсаты қоғамдық үдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс процестерін қоғамдық және үжымдық қорғау болып табылады.
Сақтандыру категориясы үшін мына белгілер оған тән болып келеді:
1) қатынастардың ықтималдық сипаты;
2) қатынастардың
төтенше (жай емес) сипаты (кез келген
аукымда — мемлекеттік, аймақтық деңгейде,
кәсіпорын немесе
оның бөлімшесі, жеке адам деңгейінде).
Сақтандыру категориясының қаржы категориясымен ортақ өзгеше белгілері бар:
- сақтық қатынастарының ақшалай сипаты;
- сақтандырудың қоғамдық енімнің қүнын қайта белуге қатысуы;
- оның іс-қимылы ақша қорларын жасап, пайдаланумен косар-ланып отырады;
- сақтық қатынастарының бір бөлігінің міндетті сипатынын болуы;
- ақша қорларын жасап, пайдалану кезіндегі сақтық балама-лыгы барлық жағдайда бола бермейді (қатынастардын. балама-сыздығы).
Сақтандыру шеңберінде мемлекет сақтық ресурстары меншігінің субъектісі болып келетіндікген сақтандыру жалпы мемлекет қаржысының қурамды бөлігі болып табылады, қалған барлық жағдайда сақтық ісін (қызметті, бизнесті) экономика-лық жүйе шеңберіндегі айрықша сақтанушыға немесе оның қайта бөлу процестерін жүзеге асыратын арнаулы қаржы-кредит инс-титуты ретінде қарауға болады.
Сақтандыру компаниялары
Сақтандыру компаниялары бөлiнедi:
- иелiгiне қарай: жеке және құқықтық, акционерлiк, өзара, мемлекеттiк және өкiметтiк.
- жасалатын операция сипатына қарай: мамандандырылған, универсалды және қайта сақтандыру.
- қызмет көрсету аймағына қарай: жергiлiктi, аймақтық, ұлттық және халықаралық.
- Жарғылық капитал көлемiне және сақтандыру көлемiнiң түсу көлемiне қарай: iрi, орташа және ұсақ
Сақтандыру компаниясының орындаушы органы дирекция болып есептеледi, ол басқару қызметiмен айналысады. Дирекция компетенциясы жалпы жиналыста анықталып, жарғыда бекiтiледi.
Акционерлiк сақтандыру қорының жарғылық капиталы акция көмегiмен құрылады.
Сақтандыру компаниясының өкiметтiлiгi ақпарат жинаумен, жарнамамен, клиенттер iздеумен айналысады, бiрақ коммерциялық қызметпен айналыспайды.
Сақтандыру компаниясы агенттiгiне өкiлеттiлiктiң барлық қызметiмен айналысуға рұқсат берiлген.
Сақтандыру компаниялары филиалы заңды тұлға құқықсыз ерекше сақтандырушының бөлiмi.
Аффилиривтi сақтандыру компаниясы — бақылау акцияларынан пакет акциясы аз акционерлiк сақтандыру компаниясы.
Өзара сақтандыру қоғамы – мүшелерiнiң қатысуы үлестiк орталықтандырылған құралдар негiзiнде ұйымдасқан сақтандыру қоры. Іоғам қатысушылары сақтанушы және сақтандырушы ретiнде шыға алады. Сақтандырушы қоғам мүшесi болып, жылдық қызмет нәтижесiн кiрiс немесе шығынды бөлуге қатысады.
Өзара сақтандыру қоғамының жоғары органы мүшелерiнiң жалпы жиналысы.
Индустриалды дамыған елдерде қазiргi таңда өзара сақтандыру қоғамының қызметi жеке сақтандыру төңiрегiнде концентрацияланады. Pridental Insuranse kompany of Amerika ---АІШ төңiрегiнде iрi өзара сақтандыру қоғамы. Өзара сақтандыру қоғамының шығындарынан кiрiсi көбейсе резервтiк қорды толтыруға жұмсалады.Іалғаны дивидент төлеуге бөлiнедi. Сақтандыру нарығындағы Өзара сақтандыру қоғамының маңызы өсуде. Жапонияда өзара сақтандыру қоғамы жеке сақтандырудың алдынғы үлгiсi. Өзара сақтандыру қоғамының қызметi акционерлiк сақтандырушы сияқты құқықтық нормаларға бағынады. Кей жерлерде Өзара сақтандыру қоғамының қызметi жайлы заң қабылданған.
Өкiметтiк сақтандыру ұйымы — қызметi субсидированияға негiзделген коммерциялық емес компания.
Мемлекеттiк сақтандыру компаниясы — мемлекетке негiзделген құқықтық ұйымдасқан сақтандыру қоры.
Жеке сақтандыру компаниясы бiр семьяға немесе бiр адамға бағынады. Жан-жақты формадағы жеке сақтандыру компаниясына мысал ретiнде ағылшынның «Ллоидта” төрт негiзгi сақтандыру қызметi қамтылған: теңiз, теңiздiк емес, авиациялық және автомобильдiк тәуекелдер.
Кэптив — тұтас корпоративтi
құрылтайшылардың сақтандыру
Ресей Федерациясында кэптив мысалы ретiнде «Лукоил “сақтандыру компаниясын айтуға болады, ол мұнай компаниясы «Лукоилдың” жүйесiне қызмет етедi.
Мемлекеттiк емес зейнет ақы қоры – сақтандырушылар анықталған жасқа жеткенде төленетiн ерекше ұйымдастырылған жеке сақтандыру.
Дамыған елдерде сақтандыру компаниялары жиi кездесетiн проблемаларды атап өтуге болады:
--сақтандыру
бизнесiн интернационализация
--iрi сақтандыру топтарының шығуы
--құнды қағаздарға инвестиция салу
--клиентура жағынан сұраныстың өсуi
--қаржылық алдаулар
--көп елдердегi саяси жағдайлардың өзгеруi
--персоналдың тең емес жастық құрылым
--жаңа
ақпараттық технологиялардың
--сақтандыру
жұмысшыларының жеке қауiрсiздiгiн
Шет елде бөлiмдерi бар немесе еншiлес компаниялары бар сақтандыру компаниялары халықаралық саясатқа сезiмтал. Сақтандыру компанияларына әлеуметтiк сала үлкен әсер етедi, персоналдарға клиенттер сұранысы тығыз байланысты. Сақтандыру компания клиенттерi елдегi индустриалды өсуге байланысты қызмет көрсетуден жоғары стандарттар талап ете бастады.
Жаңа ақпараттық технологиялар Батыстың сақтандыру компанияларын қаруландыруға кiрiсiп, түпкiлiктi жолмен сақтандырушының қызметiнде жаппай стереотип ұғымын өзгерттi. Сақтандыру ақпараттарын компьютерлеу еңбек өнiмдiлiгiн арттырып, оперативтi шешiмдер қабылдауға мүмкiндiк бердi. Жұмыс көп бөлiгiн аз жұмысшылар жасайды. Бiрақ электронды жүйе жұмысына бағдарламашылар, компьютер инженерлерi қабылданды.
Жаңа ақпараттар технологиясы ақпаратқа жол ашып, сақтандыру қызметiнде несие карточкаларын енгiзуге себепкер болды. Сақтандыру компаниялары мен коммерциялық банктер арасында бәсекелестiк күшейе түстi.
Сақтандыруда
ақпаратты қайта
өңдеу процессінің құрамына жүйенің функционалды
көмекші жүйелерінің есептерін шешу кезінде
жиі кездесетін жалпылама қайталатын
элементтері бар құрамдас бөліктер жатады.
Сондықтан, БАӨКЖ-гі ақпаратты қайта өңдеудің негізгі
сфераларын атап көрсетуіміз керек. Олар
жүйеге тікелей қатысы бар адамдық, адам-машиналық
және машиналық болып бөлінеді. Олай болса, ақпарат көздері мен тұтынушылары
арасындағы айналым процессі кезіндегі ақпаратты түрленді
Ақпаратты түрлендіру сұлбасы
КАА – кіріс ақпаратын алу;
АДҚ - ақпаратты дайындау және құру;
ММЕ – машина мәліметтерін енгізу;
МЖҚҚ – машина жинақтаушы құрылғыларын құру;
ҚСҚ – каталог және сілтемелерді құру;
AІТ – ақпараттың ішкі түрленуі;
АЖҚҚ – ақпараттың жинақтаушы құрылғыларын құру;
ҚМҚ – қолданушының мәліметтерді қолдануы;
ШМБ – шығыс мәліметтерін беру;
ШНД – шығыс үшін нәтижелерді дайындау;
МӨС
– мәліметтерді өңдеу және дайындау.
Сақтандыру ұйымдарының сыртқы АҚ-н жобалау кезінде идентификация және объектілер мен жағдайлардың сипаттары, ақпаратты құру, құжаттарда мәліметтерді кескіндеу және т.б. сұрауларға шешімдер табылуы тиіс.
Сыртқы АҚ негізгі элементтеріне мыналар жатады:
- ақпарат ағыны – хабарламаның көзі және тұтынушысы бар болған жағдайда кеңістікте және уақыт аралығында бір бағытта қозғалатын хабарламалар тобы;
- реквизит – қарапайым хабарлама, оның тарамдарға бөлінуі хабарламаның семантикалық мағынасын жоймай іске аспайды; реквизиттің белгісі және негізі болады;
- белгі - сипатталып отырған объектінің сапалық сипатамасында қолданылатын хабарламаның бір бөлігі; белгі көмегімен хабарламаның белгіленген жиынында идентификация жүргізуге мүмкіндік бар;
- негіз - сипатталып отырған объектінің мөлшерлік (количественная) сипатамасында қолданылатын хабарламаның бір бөлігі; физикалық түрдегі негіз – бақылау, өлшеу және есептеу негізінде алынған сандық өлшем бірлік;
- номенклатура – біртипті реквизитердің өлшемдерін біріктіретін ақпараттық жиынтық;
- кодтау – дискретті хабарламаның анықталған символдар түріндегі көрінісі;
- шифр – берілген номенклатурадағы әр атаудың шартты белгіленуі;
- құжат – жағдайлар, жайттар, адамның қозғалысы жайлы ақпараттың арнайы материалдарда әртүрлі әдістермен бекіту тәсілдерінің құралы;
- құжат айналымы – құжаттардың пайда болу немесе алу кезеңінен бастап оны аяқтау немесе жіберу кезеңіне дейінгі айналым;
- құжаттау жүйесі – басқарудың бір функциясын орындау процессінде құрылатын құжаттар жиынтығы.
Сақтандырудың
экономикалық мәні
Сақтандырудың экономикалық мәні барлық қатысушылардың төлемдері есебінен оқыс оқиғаға үшырағанға көмек көрсетілетін-дігінде. Демек, сақтандыру — қолайсыз қубылыстар мен кутпеген оқигалар болган кезде жеке жоне заңи тулгалардың муліктік мудделерін қоргау жоне оларга материалдық зиянды төлеу ушін мақсатты ақша қорларын қуру жөне пайдалану жәніндегі қайта бәлгіштік қатьшастардың айрықша сферасы.
Сақтандырудың экономикалық мөніне бүл категорияның қоғамдық арналымының көрінісі ретінде оның бәлу, әтемдік, жинақтық және бақылау функциялары сай келеді.
Бөлу функциясы: бүл функцияның өзгешелігі қапта бөлу ретіндс көрінуі. Ол алдын алу функциясына, мысалы, алдын алу шараларын қаржыландыру жолымен сақтық жағдайының болу мүмкіндігін жоюға бүгіледі. Жеке басты сақтандыруда бөлу функциясы сақтандырудың тиісті түрлерінің жинақтық функ-циясына бүгіледі.
Бақылау функциясы сақтық төлемдерін жүмылдыруды жөне сақтық қорын қатаң мақсатты пайдалануды қамтамасыз етуге байланысты болатын тараптардың нақты қатынастарында көрінеді.
Соңғы уақытта бірқатар зерттеушілер сақтандыру экономи-калық категориясын сипаттау үшін тоуекелдік фунщиясын қарау-ды үсынады, өйткені сақтық тоуекелі сақтандырудың негізгі арналымымен - қолайсыз оқиғалардан болған зиянның орнын толтырумен байланысты.
Сақтық қатынастарының бір бөлігінің салыстырмалы жал-пы бағыттылығы мен (кең арналымдағы резервтік қорларды пай-далана отырып) қогамдық қоргаудың жуйесі арқылы тиісті ақша қаражаттарының арналымы болады. Бүл қатынастар мен қорлар байланысылған жөне жалпыүлттық сипаты бар төтенше уақиғаларды ескертуге жөне жоюға бағытталған. Мүндай жағдайларда түрақты жүмыс істейтін қорлардан басқа(жалпы мемлекеттік материалдық резервтерден, Үкіметтің резервтік қорларынан) көсіпорындардың, үйымдардың, халық-тың ерікті қайырымдылықтары есебінен қосымша қаражаттар жүмыдцырылуы мүмкін. Бүл қорлар халыққа, өндіріс пен ин-фрақүрылымның объектілерін жаңғыртуға, экологиялық тепе-теңцікті қалпына келтіру жөніндегі шараларды жүзеге асыруға келтірілген зиянды етеуге пайдаланылады.

- Сақтандыру курсына кіріспе
- Сақтандыру қорлары
- Сақтандыру қызметі
- Сақтандыру қызметін құқықтық реттеу
- Сақтандыру қызметін құқықтық реттеу
- Сақтандыру мәні
- Сақтандыру нарығы
- Сақтандырудың даму тарихы
- Сақтандырудың экономикалық мәні
- Сақтандырудың экономикалық мәні
- Сақтандырудың экономикалық мәні
- Сақтандырудың экономикалық мәні
- Сақтандыру жіктелуінің негіздері
- Сақтандыру компанияларына санкция қолданатын уәкілетті органдар шаралары