Сақтандыру қызметі

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 

АЛМАТЫ  ҮЗДІКСІЗ БІЛІМ БЕРУ УНИВЕРСИТЕТІ 
 
 
 

РЕФЕРАТ 

ТАҚЫРЫБЫ: Сақтандыру қызметі кәсіпкерлік  қызмет түрі ретінде 
 
 
 
 
 

Орындаған: Абдыкадыров К.Е.

                                                                         Тексерген:     аға оқытушы

 Жолжанова  А.Н. 
 
 

Алматы 2012

Мазмұны 
 

    бет

Кіріспе......................................................................................................................2 

І. Сақтандырдың экономикалық мәні, құрылымы……………………….3

1.1 Қазақстан  Республикасындағы сақтандырудың мәні ...................................3

1.2 Қазақстан Республикасындағы сақтандырудың түрлері...............................4 

ІІ. Қазақстан Республикасындағы  сақтандыру қызметінің жай-күйі және оны  дамыту ............................................................................................................9

2.1 Қазақстан  Республикасындағы сақтандыру қызметінің  жай-күйі...........9

2.2 Қазақстан  Республикасындағы сақтандыру қызметін  дамытудың мақсаттары мен міндеттері...................................................................................13 

Қорытынды..........................................................................................................16

Қолданылған әдебиеттер....................................................................................17 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Кіріспе 

    Нарықтық  экономикалық даму жолын таңдаған кез  келген мемлекеттің шынайы тәуелсіздігі үшін мықты әрі тұрақты қаржылық негіздің болуы міндетті. Ал, салықтар мемлекет бюджетінің кіріс бөлігінің  негізгі қайнар көзі болып қана қоймай материалдық, экономикалық және құқықтық категория ретінде қарама қайшылығы  мол күрделі құбылыс әрі тауар  өндірісінің барысына тікелей ықпал  ететін мемлекеттің экономикалық дамуының маңызды факторы болып табылады.

    Рыноктық экономикаға көшумен байланысты Қазақстан Республикасындағы сақтық қызметінің монополиясы өзгерді, сақтандыру кеңістігі едәуір кеңейді, сақтық қызметінің кең спектрін ұсынатын бірнеше мемлекеттік емес акционерлік сақтық компаниялары, кәсіпорындаркорпорациялар, меншіктің түрлі нысандарының қоғамдары пайда болды. Олардың қызмет сферасы сақтандырудың тәуекелдік түрлерін де: биржалық мәмілелерді, жүктерді, кредиттерді, коммерциялық, құқықтық және басқа айрықшалықты тәуекелдерді (валюта бағамының өзгеруі, ереуілсіз кезінде кәсіпорынның тұрып қалуы, соғыс қимылдары, жұмыссыздық, экологиялық тәуекелдерді және т.б.) сақтандыруды кіріктіреді.

    Сақтық  рыногы - сақтық қызметтеріне сұраным мен ұсынымды қалыптастыру сферасы; сақтық қызметтерін ұсынатын әр түрлі сақтық ұйымдарының, сонымен бірге сақтық қорғауды қажет ететін заңи және жеке тұлғалар арасындағы қатынастарды білдіреді. Сақтық рыногында клиенттерді және олардың қосымша ақшаларын сақтық қорларына тарту үшін тәуелсіз сақтық ұйымдарының арасында бәсеке пайда болады. Сақтандыру, табыс (пайда) алу мақсатымен коммерцияның шектес сфераларына қаражаттарды инвестициялау жөніндегі сақтық ұйымдарынын қызметі сақтық ісі ретінде елестетіледі. Сақтық рыногы сатып алу-сату объектісі «ерекше тауар» - сақтық қызмет болып табылатын және оған деген ұсыным мен сұраным қалыптасатын ақшалай қатынастардың сферасы болып табылады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    І. Сақтандырдың экономикалық мәні, құрылымы

    1.1 Қазақстан Республикасындағы сақтандырудың  мәні  

    Сақтандыру  — қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне категорияларының бірі. Сақтандыру сферасы адам өмірінің, өндірістік және әлеуметтік-экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды. Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп — бүл өндіріс пен адам өмірінің қауіп-қатерлі сипаты. Сондықтан ендіріс процестерін жалгастыру, азаматтардың жекелеген санаттарының өмір тіршілігі мен әл-ауқатын қолдап отыру мақсатында оларды сатып алу үшін қоғамның, жеке өндірушілердің, олардың топ-тарының (салалық және аумақтық аспектілерде) натуралдық-заттай босалқы қорларын да немесе резервтерін де, сондай-ақ ақша ресурстарын да кіріктіретін қажетті қаражаттары болуы тиіс. Мұндай ақша қаражаттары әдетте резерв және сақтық қорлары түрінде  қалыптасады.

    Сақтандырудың мақсаты қоғамдық үдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс процестерін қоғамдық және үжымдық қорғау болып табылады.

    Сақтандыру  категориясы үшін мына белгілер оған тән болып келеді:

  1. қатынастардың ықтималдық сипаты;
  2. қатынастардың төтенше (жай емес) сипаты (кез келген 
    аукымда — мемлекеттік, аймақтық деңгейде, кәсіпорын немесе 
    оның бөлімшесі, жеке адам деңгейінде).

    Сақтандыру  категориясының қаржы категориясымен ортақ өзгеше белгілері бар:

    1)сақтық қатынастарының ақшалай сипаты;

    2)сақтандырудың қоғамдық енімнің қүнын қайта белуге қатысуы;

    3)оның іс-қимылы ақша қорларын жасап, пайдаланумен косарланып отырады;

        4)сақтық қатынастарының бір бөлігінің міндетті сипатынын болуы ақша қорларын жасап, пайдалану кезіндегі сақтық баламалыгы барлық жағдайда бола бермейді (қатынастардың баламасыздығы).

    Сақтандыру  шеңберінде мемлекет сақтық ресурстары меншігінің субъектісі болып келетіндіктен сақтандыру жалпы мемлекет қаржысының құрамды бөлігі болып табылады, қалған барлық жағдайда сақтық ісін (қызметті, бизнесті) экономикалық жүйе шеңберіндегі айрықша сақтанушыға немесе оның қайта бөлу процестерін жүзеге асыратын арнаулы қаржы-кредит институты ретінде қарауға болады.

    Сақтандырудың экономикалық мәні барлық қатысушылардың төлемдері есебінен оқыс оқиғаға үшырағанға көмек көрсетілетіндігінде. Демек, сақтандыру — қолайсыз құбылыстар мен күтпеген оқигалар болган кезде жеке және заңи тұлгалардың мүліктік мүдделерін қорғау жоне оларға материалдық зиянды төлеу үшін мақсатты ақша қорларын құру жөне пайдалану жөніндегі қайта бөлгіштік қатынастардың айрықша сферасы.

    Сақтандыру  кезінде сақтық резервтері мен қорларын қалыптастырудың екі негізгі әдісі қодданылады, олар: бюджеттік жөне сақтық әдістері.

    Қаржыларды  қалыптастырудың бюджеттік әдісі бюджеттердің қаражаттарын, яғни бүкіл қоғамның қаражаттарын пайдалануды болжайды.

    Сақтық  әдісі қорларды шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың жарналары есебінен жасауды алдын ала қарастырады; жарналардың мөлшері және оларды төлеудің тәртібі сақтандырудың түріне қарай немесе заңмен не сақтық қатынастарының қатысушылары арасындағы арнайы келісімшартпен анықталады.

    Сақтандыру  экономикалық категориясының материалдық  ақшалай иелері сақтық қорлары бола алады, олар қоғамдық ұдайы өндірістің элементтері, сақтық қатынастары қатысушыларының жарналары, мемлекеттік бюджет қаражаттары, қаражаттардың ерікті аударымдары, қайыр көрсету және сақтық қатынастары қатысушыларының тарапынан болатын бірқатар басқа айрықшалықты төлемдер есебінен қалыптасатын ақшалай немесе материалдық қаражаттардың резервтері болып табылады.

    Сақтық  қорлары — қоғамның үлттық шаруашылыгындағы сан алуан, алдын ала болжануы мүмкін емес жайттардан сақтандыруға арналған қоғамның резерв қорлары жүйесінің қажетті құрамды бөлігі.

    Мүліктік  мүдделерді қорғауды, материалдық зияннан сақтандыруды және оның орнын толтыруды сақтандыруды жүзеге асыратын сақтық қоры материалдық немесе ақша қорлары нысанында жасалады. Сақтық қорларында қоғам мүшелерінің үжымдық және жеке мүдделері қорғалады, олардың тіршілік әрекетінің сан қырлы экономикалық және өлеуметтік аспектілері көрінеді.

    Сақтық  қорларының басқа қорлардан ерекшелігі: олар алдын ала тұтыну қорларына да, жинақтау қорларына да жатпайды. Ол — табыс ретінде тұтынылмайтын жөне қорлануға міндетті қызмет етпейтін табыстардың бірден-бір бөлігі.

    Нарықтық  экономикада сақтық қатынастарының едәуір бөлігі коммерциялық қатынастар болып табылады. Ең алдымен бұл жалпы сақтандыру мен өмірді сақтандыру категориясына қатысты, бұлардың қызметтер көрсетуі өзгеше сақтық қызметтерін көрсетуге түрленеді және мүндай қызметтер көрсетудің еркін рыногында үсынылады. Бүл қызметтер көрсетудің бағасы сақтық тарифтері мен жарналары түрінде болады. Сақтық қызметтерін көрсетуге сұраным олардын, сапасымен және бағаның деңгейімен анықталады. 

1.2 Қазақстан Республикасындағы сақтандырудың түрлері 

    Сақтандыру  ұйымының сақтандыру қызметі «өмірді  сақтандыру» саласы және «жалпы сақтандыру»  саласы бойынша жүзеге асырылады.

    «Өмірді сақтандыру» саласы ерікті сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды қамтиды:

  1. өмірді сақтандыру;
  2. аннуитеттік сақтандыру.
  3. жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру;
  4. медициналық сақтандыру;
  5. автомобиль көлігін сақтандыру;    
  6. темір жол көлігін сақтандыру;
  7. әуе көлігін сақтандыру;  
  8. су көлігін сақтандыру;  
  9. жүктерді сақтандыру;  
  10. осы тармақтың 3)-7) тармақшаларында аталған сыныптарды қоспағанда, мүлікті сақтандыру;
  11. кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру;
  12. автомобиль көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру; 
  13. темір жол көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтаңдыру;
  14. әуе көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
  15. су көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;  
  16. тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
  17. шарт бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;  
  18. осы тармақтың 10)-14) тармақшаларында аталған сыныптарды қоспағанда, зиян келтіргені үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру.

    Жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыру бірнеше  тәуекелдіктен тұрады.

    Жалпы сақтандыруға және өмірді сақтандыруға тән экономикалық қатынастар қоғамдық өндіріс процесіндегі зиянның орнын; егер бұл процесс дүлей апат пен  басқа төтенше немесе күтпеген оқиғалардың  нәтижесінде бұзылса, толтырумен байланысты. Зиянның орны ынтымақтастық негізде  сақтық қатынастарға қатысушылардың төлейтін сақтық жарналары есебінен толтырылады, бұл жарналардың жиынтығы, жоғарыда айтылғандай, сақтық қорларды құрайды.

    Мүліктік  және кәсіпкерлік тәуекелдер (қауіп-қатерлер) азаматтық-құқықтық жауаптылықты қоса алғанда, оларға байланысты мүдделерді сақтандыру жалпы (мүліктік) сақтандыруға жатады. Мұндай сақтандыру кезінде  мүліктің жоғалу (жойылу) қаупі (тәуекелі), жетіспеуі немесе бүлінуі және езге де мүліктік игіліктер мен құқықтар сақтандырылады.

    Сақтанушының  немесе пайдаланушының мүліктерді сақтандыруға мүддесі болмаған жағдайда жасалған мүліктік сақтандыру шарты жарамсыз болады.

    Өмірді  сақтандыру — азаматтардың өмірін, денсаулығын, еңбек қабілеттігін және жеке басына байланысты өзге де мүдделерін залалдан қорғаудың нысаны, ол жеке басты сақтандыруға жатады. Жеке басты сақтандыру шарты бойынша сақтанушының өзі, сондай-ақ шартта аталған басқа (сақтандырылған) адам (тұлға) сақтандырылған болуы мүмкін. Өмірді, денсаулықты, еңбек қабілеттілігін және азаматтардың материалдық тұрмыс халін сақтандыру арқылы қорғау сонымен қатар олардың экономикалық мүдделерімен тығыз байланысты және мүліктік, жеке басты және әлеуметтік сақтандыру қызметтерінің көмегімен жүзеге асады.

       Аннуитеттік сақтандыру сақтандырылушы белгілі бір жасқа жеткен, еңбек ету қабілетін (жасына, мугедектігіне байланысты, науқастығына байланысты) жоғалтқан, асыраушысы қайтыс болған, жұмыссыз қалған жағдайларда немесе сақтандырылушының жеке табыстарының кемуіне немесе одан айырылуына әкеліп соққан өзге де жағдайларда зейнетақы немесе рента түрінде кезең-кезеңімен сақтық төлемдерді жүзеге асыру көзделетін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.

    Жазатайым жағдайдан және аурудан  сақтандыру сақтандырылушы жазатайым жағдайдың немесе аурудың салдарынан қайтыс болған, еңбек ету (жалпы немесе кәсіби жағынан) қабілетін (толық немесе ішінара) жоғалтқан немесе оның денсаулығына өзге де зиян келтірілген жағдайда оның қосымша шығыстарын тіркелген сомада не ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемді жүзеге асыру көзделетін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.

    Медициналық сақтандыру сақтандырылушының медицина мекемесінен медициналық сақтандыру медициналық сақтандыру бағдарламасына енгізілген медициналық қызмет көрсетулерді сұраған жолдамаларынан туындаған шығыстарын ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерді жүзеге асыру көзделетін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы.

    Көлік құралдарын сақтандыру көлік құралын иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты адамдардың мүліктік мүдделеріне оның зақымдануы немесе жойылуы, соның ішінде айдап немесе ұрлап әкетілуі салдарынан келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерді жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.

      Жүктерді сақтандыру жүктерді иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты адамдардың мүліктік мүдделеріне оның зақымдануы немесе жойылуы, соның ішінде жүктердің тасымалдану әдісіне қарамастан жоғалып кетуі салдарынан келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерді жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.

    Мүліктік  сақтандыру мүлікті иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты адамдардың мүліктік мүдделеріне (автомобиль, темір жол, әуе немесе су көліктерін, жүктерді қоспағанда) оның зақымдануы немесе жойылуы салдарынан келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерді жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.

    Азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру кезінде, үшінші бір адамдардың өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне зиян келтірудің салдарынан туындайтын міндеттемелер бойынша жауапты болу (келтірілген зияндар үшін жауаптылықты сақтандыру), сондай-ақ шарттардан туындайтын міндеттемелер бойынша жауапты болу (шарт бойынша жауаптылықты сақтандыру) тәуекелін сақтандырады.

    Зиян  келтіргендігі үшін азаматтық-кұқықтық жауаптылықты сақтандыру мүмкін болатын  өзге тұлғаның жауаптылығы да сақтандырылады.

    Шартты  бұзғандығы үшін азаматтық-құқықтық жауаптылық тәуекелі шартта оның талаптарына сәйкес сақтанушы оның алдында азаматтық-құқықтық жағынан жауапты болуға тиіс тарап  болып табылатын және бұл жағдайда пайда алушы ретінде іс-қимыл  жасайтын тұлғаның пайдасына сақтандырылған болып есептеледі.

    Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру кезінде кәсіпкердің сақтанушы ретінде іс қимыл жасайтын келісімшарт жасаушы агенттерінің өз міндеттемелерін бұзуынан болған кәсіпкерлік қызметтің залалдар тәуекелі немесе кәсіпкерге байланысты емес жағдайлармен осы қызмет шарттарының өзгеруінен болған залалдар тәуекелі, соның ішінде күтілген кірісті ала алмай қалу тәуекелі сақтандырылады. Кәсіпкерлік тәуекелдерді сақтандыру шарты бойынша тек сол сақтанушының кәсіпкерлік тәуекелі және тек соның пайдасына ғана сақтандырылуы мүмкін.

    Сақтанушы болып табылмайтын тұлғалардың  кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру шарты немесе өзге тұлғаның (пайда  алушының) пайдасына жасалған шарт жарамсыз болады.

    Сактандыру  процесі сақтандыру шарты негізінде не өзара сақтандыру қоғамына мүшелік негізінде жүзегс асырылады.

    Сақтандыру  шарты бойынша  бір тарап (сақтанушы) сақтық сыйақыларын төлеуге міндеттенеді, ал екінші тарап (сақтандырушы) сақтық жағдайы пайда болған кезде сақтанушыға немесс оның пайдасына шарт жасалған өзге де тұлғаға (пайда алушыға) шартта белгіленген соманың (сақтық сомасының) шсгінде сақтық өтемін төлеуге міндеттенсді.

    Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі  бойынша мыналар сақтандырудың нысандары болып табылады:

  • міндеттілік дәрежесі бойынша — ерікті және міндетті;
  • сақтандыру объектісі бойынша ‒ жеке  және мүліктік;
  • сақтық өтемді жүзеге асыру негіздері бойынша — жинақтаушы және жинақтаушы емсс.

    Міндетті сақтандыру - заңнамалық актілер талаптарына орай жүзегс асырылатын сақтандыру. Ол сақтанушының есебінсн жүзеге асырылады. Міндетті сақтандырудын. әрбір түрі сақтандырудың жеке (бөлек) сыныбы болып табылады. Міндстті сақтандыру нысаны бойынша әрбір сыныптың мазмұны және оны жүргізу жағдайлары бойынша қосымша талаптар сақтандырудың осы сыныбын реттейтін заңнамалық актілермсн бслгілснсді.

    Ерікті  сақтандыру — тараптардың еркін білдіруіне орай жүзсгс асырылатын сақтандыру.

    Жеке  басты сақтандырудың сан алуан  түрлері бар: өмірді аралас сақтандыру, балаларды сақтандыру, некені сақтандыру, шаруашылық жүргізуші субъектілер есебінен олардың қызметксрлерін сақтандыру, әуе, темір жол, теңіз, ішкі су жәнс облысаралық, халықаралық автомобиль көлігінің жолаушыларын сақтандыру және т.с.с.

    Жеке басты сақтандырудың аталған түрлері жолаушыларды сақтандырудан басқасы ерікті нысанда жүргізіледі. Міндетті нысанда сондай-ақ көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауаптылығы, әскери қызметшілердің жеке құрамы, ішкі істер органдарының, ұлттық қауіпсіздік, салық қызметі қызметкерлері сақтандырылады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    ІІ. Қазақстан Республикасында сақтандыру қызметінің жай-күйі және оны дамыту

    2.1 Қазақстан Республикасында сақтандыру  рыногының жай-күйі 

    Қазақстан Республикасы сақтық рыногының қатысушылары мыналар болып табылады:

    • сақтық (қайта сақтандыру) ұйымы;
    • сақтық брокері;
    • сақтық агенті; сақтанушы, сақтандырылушы, пайда алушы;
    • актуарий;
    • уәкілетті аудиторлық ұйым (уәкілетті аудитор);
    • өзара сақтандыру қоғамы;
    • сақтандырумен байланысты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын өзге заңи және жеке тұлғалар.

    Сақтық  брокері - сақтанушының тапсыруы бойынша сақтандырушымен сақтандыру келісімшарттарын жасасуға және орындауға байланысты қатынастарда сақтанушының атынан өкілдік ететін немесе өз атынан сақтандыру немесе қайта сақтандыру келісімшартын жасасуға байланысты қызмет көрсету жөніндегі делдалдық қызметті, сондай-ақ сақтандыру және қайта сақтандыру мәселелері бойынша консультациялық қызметті жүзеге асыратын заңи тұлға.

    Сақтық агенті - берілген өкілеттіктеріне сәйкес бір немесе бірнеше сақтық ұйымдарының атынан және олардың тапсырмасымен сақтандыру келісімшарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңи тұлға.

    Сақтық  ісі және сақтық қызметі, Сақтық төлемдеріне кепілдік беру қоры сақтық (қайта сақтандыру) ұйымы жүзеге асыратын кәсіпкерлік қызметтің негізгі түрі болып табылады; бұл қызметтен басқа ол қызметтің мынадай түрлерін:

  • инвестициялық қызметті;
  • «өмірді сақтандыру» саласында қызметті жүзеге асыратын тиісті жинақтаушы сақтық келісімшартында көзделген сатып алу сомасы шегінде өзінің сақтанушыларына қарыз беруді (сақтық ұйымы үшін);
  • сақтық (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметін автоматтандыру үшін пайдаланылатын арнаулы бағдарламалық қамтамасыз етуді сатуды;
  • ақпарат берілімдерінің кез келген түрлерінде сақтық ісі және сақтық қызметі жөнінде арнаулы әдебиет сатуды;
  • бұрын өз мұқтаждары үшін сатып алынған (сақтық (қайта сақтандыру) ұйымы үшін) немесе онын қарамағына сақтандыру келісімшарттарын жасауға байланысты келіп түскен (сақтық ұйымы үшін) мүлікті сатуды немесе жалға беруді;
  • сақтық ісіне және сақтық қызметіне байланысты мәселелер бойынша консультациялық қызмет көрсетуді;
  • сақтық (қайта сақтандыру) саласында мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында оқуды ұйымдастырү мен жүргізуді;
  • сақтық агенті ретінде сақтық делдалы болуды;
  • консорциум немесе жай серіктестік құруға қатысуға, сақтық ұйымдары арасындағы не сақтық ұйымдары мен ассистанс қызметін көрсететін өзге заңи тұлғалар арасындағы бірлескен қызмет туралы келісімшарт негізінде жүзеге асырылатын ассистансты;
  • сақтық төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысу шеңберінде Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінде көзделген қызметті жүзеге асыруға құқылы.

    Сақтық  ісі мен сақтық қызметін жүзеге асыруға  мынадай жалпы талаптар қойылады.

    Сақтық (қайта сақтандыру) ұйымы сақтық қызметін (қайта сақтандыру жөніндегі  қызметті) жүзеге асыру құқығына лицензиясы, сақтандырудың белгілі бір түрі бойынша жүзеге асырудың жалпы талаптарын айқындайтын сақтандыру ережелері  және ішкі ережелер болғанда ғана сақтық қызметін жүзеге асыруға құқылы.

    Қазақстанда сақтық ұйымдары шет елде инвестицияларды және экспорттық кредиттерді төлемеу тәуекелдігінен сақтық қорларға қатыспайды. Осыған байланысты, республиканың экспорттық мүмкіндіктері өсуінің жекеше сақтық ұйымдарының капиталдану қарқынынан озық қарқынын ескере отырып, отандық инвесторлар мен экспортерлерді сыртқы қауіп-қатерден қорғау саласында мамандандырылған корпорацияны құру және оның жұмыс істеуі өте деркезділік болып табылады.

    Экспорттық  кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі Мемлекеттік Сақтық Корпорациясы Қазақстан Республикасының даму институттарының бірі болып табылады, оның негізгі мақсаты - 2003-2015 жылдарға арналған Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыруға жәрдемдесу. Корпорацияның орнықты қызметін қамтамасыз ету үшін 7,7 млрд. теңге мөлшерінде жарғылық капиталықалыптастырылған. Қоғамның бірден-бір акционері мемлекет болып табылады. Корпорация қызметінің негізгі бағыты - бұл сатып алушылардың дәрменсіздігімен және сыртқы саяси, тәуекелдіктермен байланысты зияндарды сақтық қорғауды қамтамасыз ету. Корпорация экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыруды (қайта сақтандыруды) жүзеге асырады, сақтық төлемдерін төлейді және контрагенттерден өтеуді алады. Өз қызметтерінде корпорация сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыратын кәсіпорындар мен ұйымдарға экспорттық кредиттер мен инвестициялық сақтандырумен байланысты мәселелер бойынша консультациялық, маркетингтік және ақпараттық қызметтер көрсетуді жоспарлайды.

    Корпорация  жоспарлайтын тәуекелдерді сақтандыру шеңберіне мыналар кіреді:

  • алушының дәрменсіздігі, өзара келісімшартты орындауға қатысушы импортер (реципиент) елінің немесе үшінші ел үкіметтері тарапынан экспортерге немесе инвесторға қатысты дискриминациялық сипаттағы шешімдер, іс-әрекеттер (әрекетсіздіктер);
  • импортер (реципиент) елі үкіметтерінің шетелдік валютамен операцияларды жүзеге асыруға, валютаны айырбастауға шектеу енгізуі;
  • экспроприациялау, мемлекет меншігіне айналдыру, тәркілеу;
  • революциялар, қоғамдық тәртіпсіздіктер, соғыстар және т.с.с.

    Сақтық  ұйымы бола отырып, корпорация «Сақтық  қызметі туралы» заңға сәйкес іс-әрекет етуге міндетті. Осыған байланысты сақтандырудың немесе қайта сақтандырудың  жеке келісімшарты бойынша сақтық (қайта  сақтандыру) ұйымының міндеттемелерінің  ең жоғары көлемі меншікті капитал мен сақтық резервтерінің 10%-ын құрайды. Тәуекелді сақтандыруға корпорация алатын көлемдердің әлеуетін көбейту мақсатымен, сондай-ақ алапаттық сипаттағы уақиғалар кезінде төлем қабілетсіздігі тәуекелдігін болдырмау үшін жетекші халықаралық қайта сақтандыру ұйымдарында тәуекелдерді ішінара қайта сақтандыру практикасы жүзеге асырылады.

    Сақтандыру  келісімшарттарын жасауға және сақтық операцияларының нәтижелігіне жетуге ынталы тараптардың езара іс-қимылы сақтық рыногында жүргізіледі.

    Қазақстанның  сақтық рыногы қалыптасу стадиясында  тұр: экономикалық және құқықтық негіздемелері  бойынша (ұзақ дағдарыс, жетілмеген заңнамалық база) ол әлемдік деңгейден айтарлықтай  артта қалып келеді. Дамыған рыноктық қатынастары бар елдерде сақтық қызметтер көрсетудің ассортименті 500 түрге жетіп отыр, ал Қазақстанда  ол небәрі 40 түрін қамтиды. Жеке басты  сақтандырудың және азаматтардың мүлкін сақтандырудың көптеген түрлері  нашар дамыған, бұл халықтың табысының  төмен болып отырған деңгейіне  байланысты. Әлемдік тәжірибе сақтық ісі бизнестің кең таралған және пайдалы сферасы екендігін дәлелдеп отыр, ал қуатты сақтық компаниялары өзінің қызметін шектес салаларға әртараптандыра отырып, етене және қаржылық-орнықты  рыноктық құрылым бола отырып, рыноктық экономикада тұрақты жайғасымдарды  алып отыр.

    Қазіргі кезде Қазақстанның сақтық рыногы қатысушыларының  ассоциациясы құрылған. Ассоциацияның  негізгі міндеттері Қазақстан Республикасының  сақтық рыногын дамытудың қолайлы  жағдайларын жасау және халықтың сақтық мәдениетінің деңгейін арттыру  болып табылады.

    Соңғы жылдары сақтандырудың отандық  рыногында оң үрдістер байқалуда. Сақтық рыногында сақтық ұйымдарының активтері  мен меншікті капиталдарының ауқымдық өсуінің үрдісі сақталып отыр.

    2010 жылдың жеті айының қорытындысы  бойынша қазақстандық сақтандыру  нарығы бойынша түскен сыйақылардың  сомасы 94,784 млрд. теңгені құрады, бұл  өткен жылдың осындай көрсеткішінен 8,8% артық.  
Нарықта шоғырланудың азайғаны байқалады. Осылайша, қазақстандың сақтандырушылар жинаған сақтандыру сыйақыларының жиынтық көлемінің 50,80% ағымдағы жылдың 1 тамызына қарай бес лидердің үлесінде болды. Бес лидердің құрамы: бірінші орында дәстүрлі «Еуразия» СК, ол нарықтың 14,85% ұстап отыр, «Казкоммерц-Полис» СК екінші орынға келді – нарықтың 13,49%, «Халык-Қазақинстрах» үшінші орынды алды – 11,45%, "ЭйАйДжи Казахстан" СК – сыйақылардың жиынтық көлемінің 5,79%, ал Мұнай сақтандыру компаниясы көлемі бойынша бесінші орынды алды – 5,22%. 

Сақтандыру қызметі