Сақтандыру нарығын мемлекеттік реттеу
Жоспары:
Кіріспе
- Сақтандыру нарығының мәні және атқаратын функциялары
- Сақтандыру нарығының түрлері
- Қазақстанның сақтандыру нарығы
- Сақтандыру нарығын мемлекеттік реттеу
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Қаржы нарығындағы аса маңызды делдал – сақтандыру компаниясы. Сақтандыру нарығында сақтандыру қорын қалыптастыру және қолдану процесі жүзеге асырылып, экономикалық қатынастар пайда болды, жеке, топтық және ұжымдық қызығушылықтар туады.
Сақтандыру компаниясы –сақтандыру қорының қызмет етуінің тарихи анықталған қоғамдық формасы болып табылады. Нарықтық экономикағы өту, оның рөлін, ұйымдық құрылымын және экономикалық қатынастар жүйесіндегі орнын анықтайды. Сақтандыру компаниясы –коммерциялық ұйым. Ол өзінің қызметін лицензиялау негізінде сақтандыру келісімшарттарын жасау және орындау бойынша жүзеге асырады. Қазақстанда сақтандыру ұйымдары, олардың құрылтайшылары мен акционерлері заңды және жеке тұлғалар, Қазақстан Республикасының резидент және резидент емес тұлғалары болып табылатын акционерлік қоғам формасында құрылады. Сақтандыру ұйымының құрылтайшысы мемлекет те бола алады, бірақ ол тек Қазақстан Республикасының Үкіметі ретінде ғана болады. Сонымен қатар, жарғылық капиталының 50%-ынан астамы мемлекет меншігіндегі ұйымдар құрылтайшылар және акционерлер бола алмайды.
Сақтандырудың мақсаты қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс процестерін қоғамдық және ұжымдық қорғау болып табылады.
Сақтандырудың экономикалық мәні барлық қатысушылардың төлемдері есебінен оқыс оқиғаға ұшырағанға көмек көрсетілетіндігінде.Демек, сақтандыру — қолайсыз құбылыстар мен кутпеген оқиғалар болған кезде жеке және заңи тулғалардың мүліктік мүдделерін қорғау және оларға материалдық зиянды төлеу үшін мақсатты ақша қорларын құру және пайдалану жөніндегі қайта бөлгіштік қатынастардың айрықша сферасы. ҚРда сақтандыруды дамытудың негізгі мақсаты – мемлекеттің, азаматтардың және шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүддесін қорғаудың нақты құралы бола алатын толыққанды, орнықты жұмыс істейтін ұлттық сақтық рыногын қалыптастыру.
Сақтандыру нарығының мәні және атқаратын функцялары
Сақтандыру бұл сақтандыру ұйымы өз активтері есебінен жүзеге асыратын сақтандыру төлемі арқылы сақтандыру нарығында белгіленген, сақтандыру жағдайы немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке және заңды тұлғаның заңды мүдделерін мүліктік жағынан қорғауға байланысты қатынастар кешені. Сақтандыру нарығы сақтанушы мен сақтандырушының сақтандыру нәтижесіне байланысты экономикалық қарым-қатынастарының жиынтығын қамтиды.
Нарықтық экономикада
сақтандыру ісіне мемлекеттің монополиясы
бұзылған: мүліктік және жеке басты
сақтандырудың барлық түрлерін жүргізген
бір ғана органның – Мемлекеттік
сақтандырудың орнына сақтандыру нарығында
бірнеше сақтандыру компаниялары, кәсіпорындар,
корпорациялар, меншіктің түрлі
нысандарының қоғамдары құрылды. Қызмет
сферасы сақтандырудың
Сақтық ұйымы бола отырып, корпорация «Сақтық қызметі туралы» заңға сәйкес іс-әрекет етуге міндетті. Осыған байланысты сақтандырудың немесе қайта сақтандырудың жеке келісімшарты бойынша сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының міндеттемелердің ең жоғары көлемі меншікті капитал мен сақтық резервтерінің 10%-ын құрайды. Тәуекелді сақтандыруға корпарация алатын көлемдердің әлуетін көбейту мақсатымен, сондай-ақ алапаттық сипаттағы уақиғалар кезінде төлем қабілетсіздігі тәуекелдігін болдырмау үшін жетекші халықаралық қайта сақтандыру ұйымдарында тәуекелдерді ішінара қайта сақтандыру практикасы жүзеге асырылады.
Сақтық келісімшарттарын жасауға және сақтық операцияларының нәтижелігіне жетуге ынталы тараптардың өзара іс-қимылы сақтық нарығында жүргізіледі.
Сақтандыру нарығы дегеніміз ақшалай қатынастардың сферасы, онда сатып алу-сату обьектісі «ерекше тауар» - сақтық қызметі болып табылады және оған деген ұсыным мен сұраным қалыптасады.
Сақтандыру нарығының ішкі ережелері:
1.Сақтандыру нарығы бөлімшелерінің құрылымын, міндеттерін, функциялары мен өкілеттіктерін айқындауға тиіс;
2.Ішкі аудит қызметінің және басқа тұрақты жұмыс істейтін органдардың құрылымын, мүшелерінің санын, міндеттерін, функциялары мен өкілеттіктерін айқындауға тиіс;
3.Сақтандыру нарығының техникалық, инвестициялық, кредиттік, операциялық, нарықтық және басқа тәуекелдерді басқару жүйесін айқындауға тиіс;
4.Құрылымдық бөлімшелер
басшыларының құқықтары мен
5.Сақтандыру нарығының
лауазымды тұлғалары мен
Сақтандыру нарығындағы функциялар: бөлу, бақылау, реттеуші, коммерциялық, бағалық, сенімділік.
Бөлу функциясы: бұл функцияның өзгешелігі қайта бөлу ретінде көрінуі. Ол алдын алу функциясына, мысалы, алдын алу шараларын қаржыландыру жолымен сақтық жағдайының бөлу мүмкіндігін жоюға бүгіледі. Жеке басты сақтандыруда бөлу функциясы сақтандырудың тиісті түрлерінің жинақтық функциясына бүгіледі.
Бақылау функциясы сақтық төлемдерін жұмылдыруды және сақтық қорын қатаң мақсатты пайдалануды қамтамасыз етуге байланысты болатын тараптардың нақты қатынастарында көрінеді.
Реттеуші функция дегеніміз мемлекеттің тарапынан сақтандыру нарығын реттеуді қарастыруға негізделген. Сонымен қатар сақтандыру нарығындағы операциялардың жүргізілуін ретке келтіріп, кемшіліктерін жояды.
Коммерциялық функция сақтандыру операцияларын жүзеге асырудан түсетін табыстарды мейілінше жоғары деңгейге көтеру.
Бағалық функция компанияның сақтандыру қызметінің бағасын қалыптастыруда көмек көрсетеді. Және ол тұтынушылардың сұранысына байланысты қалыптасады.
Сенімділік функциясы сақтандыру операциялары қолайсыз немесе басқа жағдайлар туындағанда сенімділікті қамтамасыз етеді, яғни тұтынушылардың барлық шығындарын өзі өтейді.
Сақтандыру нарығының түрлері
Сақтандырудың мынадай түрлері бар:
- Салалық белгілері бойынша:
- Өмірді сақтандыру нарығы болып азаматтардың өмірі, деңсаулығы және енбекке жарамдылығы табылады.
- Мүлікті сақтандыру нарығы, оның обьектілері болып жер, әуе және су көлігі, жүктермен байланысты басқа да мүліктер, қаржылық тәуекелдік табылады.
- Жүктерді сақтандыру жүктерді, соның ішінде багажды, тауарларды және өнімнің басқа барлық түрлерін қоса алғанда иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты тұлғаның мүліктік мүдделеріне жүктердің тасымалдану әдісіне қарамастан оның зақымдануы, жойылуы, жоғалып кетуі салдарынан келтірілген залалды толық өтемі мөлшерінде қайтару.
- Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру барлық тәуекелдерді сақтандыру салдарынан үшінші тұлғаларға келтірілген залалды өтеу міндетіне байланысты тұлғаның мүліктік мүдделеріне келтірілген залалды толық өтемі мөлшерінде қайтару.
- Ипотекелық сақтандыру, ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша кепілдік мүлік болып табылатын тұрғын үйдің нарықтық құны төмендеген жағдайда қарыз алушының ипотекалық тұрғын үй қарызы келісімшарты бойынша міндеттемелерді орындамауы салдарынан кредитордың мүліктік мүдделеріне келтірілген залалды толық өтемі мөлшерінде қайтару.
- Сақтандыру индустриясының ұйымдастыру құқықтың түрлеріне байланысты:
- Мемлекеттік сақтандыру сақтанудың мемлекеттік ұйым болып табылатын сақтандырудың түрі. Осы жағдайда мемлекет өзінің экономикалық операцияларын сақтандыру арқылы, өзінің қаржы ресурстарына кепілдік бере алады.
- Акционерлік сақтандыру бұл сақтандыру ретінде акционерлік қоғамдар саналатын сақтандыру қызметінің түрі.
- Өзара сақтандыру, өзара көмек беруді қамтамасыз етуге бағытталған қауіпсіздікті сақтандыру түрі.
- Жүзеге асырулық түрлері бойынша:
- Ерікті сақтандыру – тараптардың еркін білдіруіне орай жүзеге асырылатын сақтандыру. Ерікті сақтандыру нысанындағы сақтандырудың жекелеген сыныбын (түрін) жүргізу жағдайлары бойынша қосымша талаптар, соның ішінде сақтандырудың жекелеген сыныптары шенберіндегі пруденциялық нормативтер уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.
- Міндетті сақтандыру – заңнамалық актілер талаптарына орай жүзеге асырылатын сақтандыру. Ол сақтанушының есебінен жүзеге асырылады. Міндетті сақтандыру кезінде сақтанушы сақтандырушымен осы сақтық қатынастарды реттейтін құқықтық актімен белгіленген жағдайларда келісім-шарт жасасуы міндетті. Міндетті сақтандырудың келісімшарты өзінің қызметтерін ұсынған кез келген сақтандырушымен жасалуы мүмкін. Мемлекеттік сақтық ұйымы үшін мұндай келісімшарт жасасу оның міндеттілігі болып табылады.
- Сақтандыру обьектілері бойынша:
- Жеке басты сақтандыру – жеке тұлғаның мүддесін, оған қатысты оның өмірін, деңсаулығын және сақтанушының өзінің де және үшінші жеке адамдардың да басқа қасиеттерін сақтандыру. Жеке басты сақтандырудың арналымы азаматтарға олардың өмірінде белгілі бір оқиға болған кезде алдын ала келісілген ақша сомасын төлеу.
- Мүлікті сақтандырудың арналымы дүлей апаттардың және басқа кездейсоқ оқиғалардың әр түрлі мүлікке келтірген зиянын өтеуінде. Демек, сақтандырудың обьектісі әр түрлі материалдық құндылықтар және олармен байланысты мүдделер болады.
Қазақстанның сақтандыру нарығы
1992 жылы ҚР «Сақтандыру туралы» Заңы қабылданғаннан кейін, жарғылық капиталдың аз мөлшері мен салықтық жеңілдіктер, олардың қызметі үшін жағымды жағдай жасау мен сақтандыру ұйымдарын ашудың жеткілікті қысқартылғын тәртібі – Қазақстанда «сақтандыру дүмпуінің» пайда болуына сабепші болды. Егер 1991 жылдың аяғында бірнеше ғана компания тіркелген болса, 1994 жылдың сәуір айында олардың саны 500- ден асты.
1994 жылдың 19 сәуіріндегі«Сақтандыру
нарығын дамыту және
2000 жылдың 1 қаңтарында 70 сақтандыру ұйымдарының өз қызметтерін жүргізуге лицензиялары болды. Бірақ 2000 жылдың аяғында тек 42 ұйым ғана сақтандыру келісімшартын жасады, оның ішінде, өмірін сақтандыру бойынша 1 сақтандыру ұйымы, 3 шетел инвестьорларының және мемлекеттің 100 %- дық қатысуымен 3 компания болды. Салыстыру үшін алғанды, Ұлыбританияда сақтандыру қызметімен 800- ден астам компания, Нидерландыда – 275 тен аса, Ресейде – 972 ұйым айналысады.
ҚР Ұлттық Банкінің сақтандару ұйымының қаржылық тұрақтылығы мен капиталын көбейтуге бағытталған саясаты сақтандыру компанияларының азаюына алып келді. Бір жылдың ішінде 28 лицензия ерікті немесе мәжбүрлі түрде кейін қайтарлыды. Кейбір сақтандыру ұйымдыр біріктірлді. Жаңа заңға сәйкес сақтандыру ұйымдарының нарықтан кетуіне ҚР Ұлттық банкінің рұқсаты керек болды. Ұлттық банк олардың барлық міндеттемелерінің орындалуын, несие берушілермен толық есеп айырысуын қадағалауы тиіс. Сақтандыру ұйымдарының азаюы нарықтың монополизациялынуына және бәсекелестіктің жоқтығына жақын келді. Бірақ сақтандыру компанияларының капиталдарының артуы бір мезгілде олардың қаржылық тұрақтылығына және нарық капиталына әсерін тигізді.
Қазіргі кезде Қазақстанда
Қазақстанның сақтандыру нарығы дамып келеді. 8 айда сақтандыру және қайта сақтандыру сыйақыларының жиынтық ауқымы 155,5 млрд. теңгеге жетті. Бұл өткен жылғыдан 27,5 пайызға артық болып отыр. Қаржы нарығын реттеу ұйымдарының хабарлауынша, Қазақстан Кеден Одағы мемлекеттерінің арасында сақтандыру саласы жөнінен 2-ші орында тұр. Қазір Қазақстан, Ресей мен Беларуссияда саланың тұрақты өсімін байқауға болады.
Осылайша, 2012 жылдың бірінші жартысында 3 мемлекет құрылымдардың белсенділігі 24 пайызға артып, барлығы 13,5 млрд. доллардық сақтандыру сыйақылары жиналды. Сақтандыру сыйақылары жөнінен Қазақстандық компаниялар 2-ші орында тұр. Қаржы нарығын реттеу және қадағалау комитетінің хабарлауынша, шілденің біріне шаққанда елде 662,9 млн. доллардың сыйақылары жиналды. Бұл өткен жылғыдан 12,5 пайызға артық. 3-ші орында Беларуссиялық әріптестер. 2012 жылдың бірінші жартысында елдің сақтандыру құрылымдары 232 млн. доллардың сақтандыру сыйақыларын жинады. 8 айда сақтандыру және қайта сақтандыру сыйақыларының жиынтық ауқымы 155,5 млрд. теңгеге жетті. Бұл өткен жылғыдан 27,5 пайызға артық болып отыр.Нарық қатысушылары міндетті сақтандыру саласында сыйақылар көлемінің артуы қуантып отыр -, дейді. Алайда, қазір нарықты алаңдатып отырған да жағдайлар жетерлік.
Дағдарысқа дейін сақтандыру құрылымдарының дені ұжымдық салаға көп мән берген еді. Мұнда бір келісім шартқа қол қою арқылы, мыңдаған долларға қызмет етуге болатын. Жеке тұлғаларды сақтандыру нарығының шығыны көп, бір келісім шарттан түсетін пайданың ауқымы да аз. Алайда, дағдарыс басталған сәтте көптеген ірі және орта деңгейлі компаниялар өз бюджетін қайта қарады. Осыған орай, сақтандыру компанияның кірісі бірнеше есеге төмендеп кетті.Осылайша, дағдарыс қызып тұрған сәтте құрылымдар бұрын соңды бармаған амалдарды іздей бастады. Олар өздерінің даму бағыттарын қайта қарауға мәжбүр болды. Бірінші орынға жеке тұлғалар мен тұтынушылар шыға келді. Бұл жұмысқа сақтандыру компаниялары мен сақтандыру саласының ойыншылары да кірісіп кетті.
Жыл сайын Қазақстанда медициналық сақтандыру қызметіне сұраныс артып жатыр. Демек, осы сала бойынша жасалған төлемдердің де артқаны анық. Алайда, бұған нарықтағы баға өсімі де әсер етіп отыр. Дәл осы себептен, АвтоКАСКО құны өсті. Сақтандыру омбудсмені таратқан статистикаға сүйенер болсақ, даудамайлардың 54 пайызы көлік апаттарына тиесілі болып отыр. Осыған орай, алдағы уақытта жол апаты кезінде, зақым алған көлік жүргізушісі көлікті сақтандыру полисінің негізінде қаржыға үміт арта алмайды. Тұтынушылар көлікті жөндеуге болатын орталықтарды таңдаумен шектеледі. Көп жағдайда жол апатына тауешкі белгісінде туғандар тап болады. Ең көп зардап шегіп отырғандардың арасында шаяндар бірінші орында келе жатыр. Бұл статистиканы сақтандыру компаниляларының біріңғай базасында табуға болады. Бұл жүйе 5 жыл бұрын нарықты реттеуші органмен енгізілген еді. Сақтандыру компаниялары апатарға өз зерттеулерін жүргізді. Құжатқа сәйкес жылда республика бойынша 35 000 жол апаты тіркеліп отырады. Әйлер адамдар сақтандыру компанияларын шығынға батырмайды екен. Айта кететін жайт, кейбір елдерде сақтандыру полисі сатылған кезде адамның жынысына көп мән беріледі. Мысалы, Италия, Франция, Австрия мен Испанияның нәзік жандылары полисті ерлерге қарағанда арзан алады. Себебі, олар жолда мұқият болады. Бұны қазақстандық статистика да дәлелдеп отыр. Қазақстанда көлік жүргізушілерінің басым бөлігі ерлер. Көп жағдайда атапқа жиі тап болатын жүргізушілердің саны 25-35 жас аралығындағы ерлер. Шымкент, Тараз қалалары мен Жамбыл облысында жол апаттары жиі орын алып тұрады.
Сарапшылар көліктің түсі мен жүргізушінің мінезі бір біріне қатты ұқсас болады деп отыр. Көліктің түсі жүргізушінің айдау мәдениетіне сай келеді. Мысалы, қара және қызыл түсті таңдап отырғандар жолда жылдам жүргенді қалады. Олар бірден жол апатына жиі түсетіндердің тізіміне енеді. Айта кететін жайт, спорттық үлгідегі көліктердің басым бөлігінде қызыл және қара түс болады. Жасыл және көк түсті көліктердің жүргізушілері байсалды болады. Бүгінде Қазақстандағы көлік саны 3,5 млн. дананы құрап отыр. 2012 жылы сақтандыру компанияларының төлемдеріне кепілдік беру қорының ауқымы 1 млрд. теңгеге жететін болады. Жеке капиталдың ауқымы 10 млн. еуроны құрайды. Осы шамадаға қаржы елде сақтандыру тәуекелдерін ұстап отыруға әсер етеді дейді сарапшылар. Бір сөзбен айтқанда сақтандыру компаниялары тәуекелдерін сыртқа шығара алмайды. Осының арақасында тұтынушыларға қызмет көрсету сапасы өзгереді.
Қаржыгерлер бұл шығыны жоғары мүмкіндік деп отыр, ол өзін тез арада ақтай алмайды, Бір айда сақтандыру компаниясы 200-ден 400 000 теңгелік шығынға батып отырады. Бір компанияда бекітілген қызметкерлер саны еңбек етіп отыруы қажет болады. Шетелдік ойыншылар Қазақстанның сақтандыру нарығында айтарлықтай өзгеріс болмайды деп сендірді. Алдағы 2-3 жылда бар ойыншылар өз мүмкіндіктерін арттырады.
Сақтандыру нарығын мемлекеттік реттеу
Қазақстан Республикасы сақтандыру рыногының қатысушылары:
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы;
2) сақтандыру брокерi;
3) сақтандыру агентi;
4) сақтанушы, сақтандырылушы, пайда алушы;
5) актуарий;
6) сақтандырумен байланысты кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын өзгеде заңды және жеке тұлғалар болып табылады
Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының 2000 ж. 18 желтоқсандағы № 126-II Заңы (2009.11.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) бойынша Сақтандыру саласындағы мемлекеттiк реттеудiң негiзгi мiндеттерi:
- Қазақстан Республикасында тұрақты сақтандыру жүйесiн жасау мен қолдау және ұлттық сақтандыру рыногының инфрақұрылымын қалыптастыру;
- сақтандыру рыногын реттеу және сақтандыру қызметiн қадағалау;
- сақтандырудың негiздерiн заңдармен баянды ету, мiндетті сақтандыру түрлерiн, халықаралық сақтандыру жүйесiне Қазақстан Республикасының қатысу принциптерiн белгiлеу;
- сақтанушылардың, сақтандырылушылардың және пайда алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау болып табылады.
2. Сақтандыру саласындағы
мемлекеттiк саясатты iске асыруды,
сақтандыру рыногындағы iстiң
жайына мемлекеттiк бақылау
Уәкiлеттi орган - Қазақстан
Республикасының заңдарына
Уәкiлеттi органның құқықтық мәртебесi Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен белгiленедi.
Уәкiлеттi органның функциялары және өкiлеттiгi (құқықтары):
- Қазақстан Республикасында сақтандыру жүйесiнiң жұмыс iстеуiн және ұлттық сақтандыру рыногының инфрақұрылымын қалыптастыруды, сақтанушылардың және сақтандыру рыногының өзге де қатысушыларының заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегi мемлекеттiк саясатты жүргiзедi;
- сақтандыру рыногын реттеу принциптерi мен әдiстерiн, сақтандыру қызметiн қадағалауды ұйымдастыру тәртiбiн белгiлейдi;
- сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын құруға рұқсат бередi;
- сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметiн, сақтандыру брокерiнiң қызметiн, сақтандыру рыногындағы актуарий қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензиялар беру тәртібін осы Заңның талаптарын ескере отырып айқындайды және лицензиялар береді;
- сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшiн пруденциялық нормативтердi және өзге де сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi, жарғылық капиталдың, кепілдік беру қорының, төлем қабілеттігі маржасының ең аз мөлшерiн қоса, белгiлейдi және олардың сақталуын бақылауды қамтамасыз етедi;
- таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын тарату комиссияларының қызметiне бақылау жасауды жүзеге асырады;
- сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағынан тұрақтылығы мен төлем қабiлетiне талдау жасауды, баға берудi және бақылауды жүзеге асырады;
- сақтандыру ұйымының сақтандыру шарттарын (сақтандыру полистерiн) есепке алу тәртiбiн белгiлейдi;
- сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру рыногының басқа да қатысушылары орындауға мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлер қабылдайды;
- сақтандыру рыногының кәсiби қатысушыларына санкция қолданады;
- сақтандыру рыногының кәсiби қатысушыларына берiлген лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұру және лицензиялардан айыру туралы шешiмдер қабылдайды;
- сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздемелер бойынша тоқтату туралы сот органдарына талап қойып жүгiну жөнiнде шешiм қабылдайды;
- осы Заңға сәйкес сақтандыру нарығының және олардың бірлестіктерінің кәсіби қатысушыларынан, сақтандыру агенттерінен өздерінің бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыруға қажетті мәліметтер алуға құқылы;
- мемлекеттiк органдар мен ұйымдардан өзiнiң бақылау және қадағалау қызметi үшiн қажеттi мәлiметтердi, оның iшiнде қызметтiк немесе коммерциялық құпия болып табылатын мәлiметтердi алуға құқылы;
- Қазақстан Республикасы қаржы рыногының субъектiлерiн қадағалайтын басқа да уәкiлеттi органдармен ынтымақтастықты және қажеттi ақпарат алмасуды жүзеге асырады;
- Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес өзге де функцияларды, өкiлеттiктер мен құқықтарды жүзеге асырады.
Қорытынды
Қорытындылап айтқанда, сақтандыру нарығы біз үшін өте қажетті көрсеткіш болып табылады. Себебі сақтандырудың мақсаты қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс процестерін қоғамдық және ұжымдық қорғау болып табылады.
Мемлекеттік сақтандыруға мемлекеттік бюджет пен оның шығыс бөлігін қалыптастыратын қазір заңдық және атқарушы билік органдарының қарамағындағы халықтың еңбекпен қамтылмағандарын әлеуметтік қамтамасыз етілуін қамтитын әлеуметтік сақтандыру енуі тиіс. Халықтың бұл тобына түсетін жәрдемақылар мен жеңілдіктер, олардың қоғамға енгізген еңбек үлесіне емес, адамдардың бұл санатының тек мұқтаждық және еңбекке жарамсыздық дәрежесімен анықталады. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру бүкіл халық үшін міндетті болуы тиіс. Мемлекеттің міндетті ісі- кепілділік. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорын құру міндетті сақтандырудың жаппай және әлеуметті мәнді түрлері бойынша сақтанушылрдың мүдделерінің жоғарырақ қорғалуын қамтамасыз етеді. Бұл қордың құрылтайшылары ҚР Үкіметі мен Ұлттық банкі болып есептеледі. Қатысушылары – сақтандырудың міндетті түрлерін жүзеге асыратын барлық сақтандыру ұйымдары. Сақтанушыларға мәжбүр болған кепілдікті төлемдер Қор арқылы тек сақтандыру ұйымы таратылуға мәжбүр болған жағдайда жүзеге асырылады.Сақтандыру – сақтанушылардың сақтандыру жағдайлары салдарынан шеккен залалдарын өтеу үшін сақтандырылушылардың жарналары есебінен сақтандыру қорының құрылуына байланысты осы қорға қатысушылардың арасында туындайтын қайта бөлу қатынастарының жүйесі. Мүлікті сақтандыру, жеке басты сақтандыру, жауапкершілікті сақтандыру, кәсіпкерлік тәуекелдікті сақтандыру , әлеуметтік сақтандыру түрлеріне бөлінеді және міндетті, ерікті сақтандыру нысандарында жүзеге асырылады. Сақтандыру түрлері кәсіпорындардың, ұйымдардың, азаматтардың нақты сақтандыру мүдделерін ескереді, сақтандыру объектілері мен заттарының кең шеңберін түрлі сақтандыру жағдайларынан сақтандырмалық қорғаумен қамтуға мүмкіндік береді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
- «Қаржы нарығы және делдалдары»Ұ.М Искаков, Д.Т. Бохаев, Э.А Рузиева. Алматы 2008.
- «Фондовый рынок» И.К. Бейсембетов Алматы 1997
- «Экономикалық теория негіздері» А.Б. Темірбекова Қ.С. Байшоланова. Алматы 2008
- Қазақстан Республикасының «ҚР Сақтандыру туралы » Заңы 18.01.2000 ж
- «Әлеуметтік экономика негіздері» Алматы 2002
- http://caspionet.kz/kaz/therea
leconomy/archive/Kazakstannin_ saktandiru_narigi_1351088161.h tml

- Сақтандыру объектісі жəне сақтандыру тəуекелі туралы
- Сақтандыру теориясы мен тәжірибесі
- Сақтандыру туралы заңнама: біркелкі құқық қолдану практикасын қалыптастыру жолында
- Сақтандыру туралы түсінік
- Сақтандыру түсінігі және әлеуметтік-экономикалық мәні, оның ic-әрекет сфералары
- Сақтандыру түсінігі мен мақсаты
- Сақтандыру Шет Елдиің
- Сақтандыру қызметі
- Сақтандыру қызметін құқықтық реттеу
- Сақтандыру қызметін құқықтық реттеу
- Сақтандыру мәні
- Сақтандыру нарығы
- Сақтандыру нарығы
- Сақтандыру нарығы