Саяси сана деп
МАЗМҰНЫ
I. КІРІСПЕ
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Саяси идеологияға түсінік
1.1 Саяси сананың мәні мен құрылымы
1.2 Саяси сана деңгейлері
1.3 Саяси идеология теориялық тұрғыда
2. Қазіргі идеологияның негізгі түрлері
2.1 Саяси идеология ерекшеліктері
2.2 Саяси идеология түрлері
III. ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Саяси идеология – «қоғамдық
санадағы түрлі формада болатын идеялар,
елестер, түсініктер жүйесі (философиядағы,
саяси көзқарастардағы, құқықтағы, моральдағы,
мәдениеттегі, діндегі) Идеология қоғамдық
тұрмыстың адам санасында қабылдануының
айнасы деп те қарастыруға болады, және
ол пайда болғаннан кейін-ақ ол қоғамның
дамуына белсенді түрде әсер етеді: дамытады
(прогрессивті идеология), оған кедергі
келтіреді (реакционды идеология) Таптық
қоғамда идеология әрқашан таптық болады.
Идеологиялық күрес саяси және экономикалық
күреспен қатар таптық күрестің негізгі
формаларының бірі болып табылады.
1 САЯСИ ИДЕОЛОГИЯҒА ТҮСІНІК
- Саяси сананың мәні мен құрылымы
Саяси сана деп – өмірдегі саяси қатынастарды бейнелейтін, оларды түсініп, сезінетін, адамдардың бұл саладағы іс-әрекетіне бағыт – бағдар беретін әлеуметтік сезімдер, түсініктер, көзқарастар жиынтығы. Ол мемлекеттің, қоғамның саяси жүйесінің пайда болуымен бірге дүниеге келеді. Әлеуметтік, ұлттық мүдделерді, мемлекет алдындағы мақсатты жүзеге асырумен байланысты болса, қоғамдық сана саяси мағынаға ие болады. Саяси сананың негізгі мәселесі – мемлекеттік билік, оның қызметі. Мұнда топтардың, таптардың, партиялардың экономикалық мүдделерімен мақсаттары, өкімет билігі үшін күресі және оны сақтап қалу міндеттері, бұл жолдағы әрекет, амал, ұмтылыстары өз көріністерін тауып жатады.
Саяси сана әр түрлі қызмет атқарады. Олардың ішінде негізгілері мыналар:
- Қоғамдық сананың саяси ғылым, саяси теория сияқты құрамдас бөліктері арқылы саяси шындықты бейнелеу;
- Тұжырымдамалық түрде субъектінің мақсат-мүдделерін білдіру арқылы оның саясат әлеміндегі іс-әрекеттеріне бағдар беру. Бұл қызметті іс жүзінде идеология атқарады;
- Саяси психологияның әр түрлі көріністері арқылы көңіл-күйді білдіру.
- Саяси сана деңгейлері
Саяси сана қарапайым саяси сана және теориялық саяси сана, саяси психология және саяси идеология деген деңгейлерден тұрады.
Қарапайым саяси сана қалыптасып жүйеге түспеген, күнделікті саяси өмірден туған әдеп-ғұрып, дағды, дәстүрлі нанымдар, тағы сол сияқтылардың жиынтығы. Ол күн сайынғы саяси өмір тәжірбиесін байқап, пайымдаудан пайда болады. Саясаттың тереңіне бойламай, себеп-салдарын сараламай, көбіне сыртқы белгілеріне байланысты қортынды жасайды. Сондықтан ол саяси сананың төменгі сатысына жатады.
Теориялық саяси сана жағдайлардың мән-мағынасын анықтап, оларды айтарлықтай жоғары дәрежеде теориялық тұрғыдан жинақтап бейнелейді. Сондықтан ол тұжырымдар мен көзқарастардың жүйесі болып табылады.
Саяси психология саяси өмір жағдайының ортақтығы негізінде адамдар ұжымдарына, әлеуметтік топтар, таптарда, жеке адамдарда туындайтын сезімдердің, көңіл-күйдің, әдет-ғұрыптардың, мінездің ерекше белгілерінің жиынтығы жатады. Ол қарапайым саяси сана сияқты саяси өмірдің тікелей тәжірбиесінен туады. Бірақ қарапайым саяси санада өмірді танып-білуіне, хабардарлығына көңіл бөлінбесе, мұнда сол жағдайларда адамның қатынасуына, өмірді бағалауына баса назар аударылады. Қандай болсын саяси идея адамдардың белгілі бір сезімін тудырып, көңіл-күйге әсер етпей қоймайды. Мұның бәрі саяси психологияға жатады. Қарапайым саяси санамен саяси психология бір деңгейде. Сондықтан олар бір-біріне әсер етіп, жымдасып жатады.
Саяси идеология саяси сананың жоғары деңгейі есебінде, саяси билікке байланысты түрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін бейнелейтін көзқарастардың, идеялардың, құндылықтардың жүйеленген жиынтығы болып табылады.
- Саяси идеология теориялық тұрғыда
Саяси сананың құрамдас бөлігі және өзегі – саяси идеология. “Идеология” деген ұғым гректің идея-бейне және логос-ғылым деген сөздерінен шыққан. Ғылыми айналымға, әдебиетке француз ғалымы және философы А. Дестют де Траси (1754-1836) кіргізді. Ол идеологияны идеялар, олардың қалай пайда болатындығы және әрекет ететіндігі жөніндегі ғылым деп түсіндірді. Кейін келе бұл сөздің мән-мазмұны өзгерді. Қазір идеология деп – адамдардың үлкен әлеуметтік топтарының іс-әрекетіне бағдар беріп, олардың мақсат-мүдделерін білдіретін және қорғайтын идеялар мен көзқарастар жүйесін айтады.
Идеология әр түрлі
– саяси, құқықтық, этникалық, діни,
эстетикалық, философиялық болып келеді.
Сонымен қатар қандай идеология
болсын саясатпен тығыз байланысты
және саяси сипаты болады. Саяси
идеологияға белгілі бір
Саяси идеология Ағартушылық дәуірде дүниеге келді. Бұл кезде адамдар өздері қойған мақсатына сәйкес қоғамда саналы тәртіп орнату мүмкіндігі туып, прогресс идеясы алға тартылады. Адамдардың мақсатты түрде іс-әрекет жасау мүмкіндігін негіздеу идеялар туралы ғылымды талап етеді. Ол үміт етіп, болашақтан күткен қоғам туралы идеялистік түсініктерде білінеді.
Қоғам өмірінде идеология маңызды рөл атқарады. Олар ең алдымен оның төмендегідей қызметтеріне бөлінеді:
- Идеологияның танымдық рөлі. Ол саяси жүйені, саяси өмірді суреттеп, түсіндіреді.
- Бағдарламалық қызмет. Ол қоғам әлеуметтік прогресс, тұлға және билік т.с.с. негізгі түсініктер туралы мағұлматтар беріп, адамның іс-әрекетіне бағыт-бағдар көрсетеді.
- Жұмылдыру, іске тарту. Қоғамның жоғарғы, құнды идеяларын алға тартып, мақсат мүдделерді айқындап, саяси идеология саяси іс-әрекетке тікелей түрткі болып, қоғамды, әлеуметтік топтарды оларды іске асыруға жұмылдырады.
- Амортизациялық қызмет. Саяси іс-әрекетті түсіндіру тәсілі болып, идеология әлеуметтік шиеленістерді бәсеңдетеді. Ұсынылған мұраттар сәтсіздіктен кейін күш жинап қайта серпілуге шақырады.
- Бағалау қызметі. Идеология халық санасына қоғамның қазіргі және болашақтағы дамуына өлшемдік баға берерлік жағдай жасайды, үстемдік етіп отырған қоғамдық тәртіпке белгілі бір көзқарас тудырады.
Саяси идеология теориялық тұрғыдан топтың, таптың негізгі мүдделерін танытады, оларға мұраттар, ережелер, рухани байлықтар, бағалы бағыттар жүйесін береді. Сол арқылы күрестің нақтылы мақсаттарын, оларды жүзеге асырудың құралдары мен жолдарын белгілейді. Саяси идеология арқылы тап өзіндік санаға, жеке тұтастық сезімге ие болады. Көзқарастары бірыңғай қоғамдастықтың мүшесі болып сезіну – әрбір саяси қозғалыстың мүшесін байланыстырып тұратын түйіні. Сонымен қатар идеология – сезім тудыратын нышандар жиынтығы. Олар адамдар мен топтпрдың іс-әрекеттеріне мән-мағына беріп күшейтеді, асқақтатады. Мысалы, Отан үшін, ұлты үшін, халқы үшін адамдар ғажап ерлік жасап, өзңн-өзі құрбан етуге дейін барады.
Жүйеленген түрде саяси идеология партия бағдарламаларында, декларацияларында, манифестерінде, жарғыларында, сондай-ақ түрлі насихаттық құжаттарда қалыптасады. Сондықтан А. Грамши идеология халықтың ұжымдық еркін оятып, ұйымдастыру үшін қызмет етеді деген.
Идеологияны, жоғарыда айтылғандай, саналы түрде қоғамның білімді өкілдері, идеолог-саясатшылар, философтар, әлеуметтанушылар, заңгерлер, экономистер, ақын-жазушылар т.б. сияқтылар жасап шығарды. Ол ақпарат құралдары арқылы таратылады.
Саяси идеологиялар мазмұны, мақсаты жағынан прогресстік, либералдық, революциялық, консервативтік радикалдық, реакциялық, шовинистік, ұлтшылдық және т.б. болып бөлінеді.
Кейбір ғалымдар идеологияның ұғымдары мен принциптерін нақтылы ғылымдардағы сияқты тәжірбие жүзінде тексеріп білуге келмейді деп оған күмәнмен қарайды. Әрине, “еркіндік”, “теңдік”, “достық”, “егемендік”, “демократия”, “адам құқығы”, “азаматтық қоғам”, “құқықтық мемлекет” сияқты категорияларды тап басып көрсетуге келмейді. Дегенмен, идеология қоғамдық-саяси шындықты бейнелейтініне дау келтіруге болмайды.сондықтан К. Маркс идеялар халық санасына сіңген материялдық күшке айналады деп тегін айтпаған. Ол жоқ жерден бостан бос пайда болмайды. Жаңа идеялар пісіп-жетілген тарихи міндеттерді көрсетеді. Адамзат өзінің алдына өзі шеше алатын міндеттерді ғана қояды. Себебі, міндеттің өзі осы шешуге қажетті материалдық жағдайлар болып отырған кезде ғана немесе болуға таянған кезде ғана туады.
XX ғасырдың орта кезінде америкалық саясаттанушы және әлеуметтанушы Д. Белл (1919) “Идеологияның ақыры” деген еңбегінде идеологияның дәуірі өтті деп жазды. Ол ғылыми – техникалық прогресс заманында идеологияның рөлі бірте-бірте өшеді деп пайымдады. Бұл тезис 60 жылдары кең тараған студенттік қозғалыстарға жауап ретінде пайда болған. Бірақ одан өткен американың атақты әлеуметтанушысы және экономисі У. Ростоу (1916) дүние таным, көзқарасты қоғамды дамытатын қозғаушы күш деп санады. Басқаша айтқанда, оның ойынша, дүниені билейтін идеялар. Сондықтан ескірген “идеологиясыздандыру” тұжырымдамасының орнына “қайтадан идеологиялану” ой – тұжырымы алға тартылды. Оның мағынасы саяси және әлеуметтік өмірдің идеологиядан тәуелділігі артыпкеле жатқандығын білдіреді. Тіпті, “идеологиясыздандыру” теориясының негізін қалаған Д. Беллдің өзі осы ғасырдың 70 жылдары қоңамдық өмірден идеологиялық фактордың жойылмайтындыңын, оның қозғаушы күш екенін мойындады. Ол ескі идеологияның әлсіреуі жаіасын қажет етеді деген тоқтамға келді.
Бүгінгі таңда
идеологияны тудыратын
2 ҚАЗІРГІ ИДЕОЛОГИЯНЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ
2.1 Саяси иделогияның
Жалпы алғанда,
идеология ұғымына келесідей
анықматаманы беруге болады. Идеология – саясат субъектілерінің
белгілі бір шындыққа қатысты көзқарастары
мен идеялары жүйесі, мақсаттары, мүдделері,
ұмтылыстарының теоретикалық жүйесі.
Идеология терминін алғаш рет ғылымға
еңгізген француз философы Лестют де Граси
еді. Оның 1801-1815 жылдар аралығында жазылған
4 томдық «Идеология элементтері» бар.
Ол өз еңбегінде сана көріністерінің этикалық,
моральдік және саяси негіздерін, оның
логикалық, психологиялық түсіндірмелерін
табуға талпынады.
2.2 Саяси идеология түрлері
Қазіргі заманда
саяси идеологияның көптеген түрлері
бар. Олардың негізгілеріне либералд
Саяси идеологияның тұңғыш түрлерінің біріне либерализм (латынша либералист – еркін деген сөз) жатады. Оның негізін салушылар: Дж. Локк (1632-1704), Ш. Л. Монтескье (1689-1755), А. Смит (1723-1790), И. Кант (1724-1804), Т. Токвиль (1805-1859), Дж. Милль (1806-1873). Ол феодалдық қоғам ыдырап, буржиазиялық қоғамдық қатынастар қалыптаса бастаған дәуірде пайда болған. Буржуазия ол кезде экономиаклық жағынан белсенділік, іскерлік білдіреді, бірақ саяси жағынан еріксіз еді. Сондықтан өзінің саяси билікке деген дәмесін, талабын либералдық саяси доктарина арқылы білдіреді.
Бүгінгі таңда либерализм – ең кең дамыған идеологиялардың біреуі. Ол үшінші сословиенің идеологиясы ретінде пайда болғанмен, кейін келе оның көптеген принциптері жалпы адамзаттық қажеттіліктерге сай келіп, ойынан шықты. Либерализмнің мұраты қазіргі саяси демократия принциптерінің қалыптасуы мен жетілуіне, дамуына зор ықпал етіп, оның қазына байлығына енді. Оның идеалдық негізінде көптеген басқа теориялар пайда болды.
Либералдық идеологияның негізгі принципі – адамның еркіндігі, тұлғаның табиғи құқықтары мен бостандықтарының қасиеттілігі мен ажырамастығы, олардың қоғаммен мемлекет мүдделерінен жоғары тұруы. Экономикалық салада классикалық либерализм мына қағидаларға негізделген: адамның жеке меншікке құқығы, нарықтың, бәсекеліктің, кәсіпкерліктің еркіндігі, экономикалық іс-әрекеттің мемлекеттен тәуелсіздігі. Осыған сәйкес мемлекет бір ғана қызметті- меншікті қорғау, “түнгі сақшылық қызметті” атқарады.
Саяси либерализм адамның еркіндігін шексіз құндылық деп біледі. Ол тек әділеттілікті білдіреді және ажырамас адам құқығына қол сұғудан, озбырлықтан қорғайтын заңмен ғана шектеледі. Демократияның либералды түсінігі – адамдардың теңдігі, олардың өмір сүруге, еркіндікке, меншікке құқықтарының теңдігі. Мемлекет азаматтық қоғамнан ажыратылған. Мемлекет заңмен шектеледі, билік тармақталады. Кейінірек либералдық саяси алуан түрлілік, жергілікті өзін-өзі билеу және т.б. идеялармен байытты.
Консервативтік (латынның консервативус – қорғаушы деген сөзінен шыққан) идеология Ұлы Француз революциясының саяси идеялары мен оқиғаларына жауап ретінде дүниеге келген. Бұл революцияны олар қоғамдық былықтың, бүлінушілік пен күйзелістің себебі деп санады. Бірақ ол бастауын XVII ғасырда пайда болған дәстүрлік діни монархистік қорғаушы ағымынан алады. Ол ағым дәстүрлі монархиялық биліктегі саяси өмір құрылысын, феодалдық тәртіптер мен оның рухани құндылықтарын сақтағысы келді. Консерватизмнің негізін қалаушыларға ағылшын философы және мемлекет қайраткері Эдмунд Берк (1729-1797), француз публицисті және қоғам қайраткері Жозеф де Местр (1754-1821), немістің тарихшысы, құқықтанушысы Фридрих фон Савиньи (1779-1861), Австрияның канцлері Меттерних (1773-1859) және т.б. жатады. Консерваторлар монорхияны қалпына келтіруге және феодалдық – аристократиялық құрылыстың дәстүрлі құндылықтарын қайта түлетуге тырысты. Олардың ойынша, ортағасырлық тәртіп, қауымдастық қатынастар, отбасы, мектеп, шіркеу қоғамды біріктіреді, оның бірлігін және дамудағы сабақтастығын қамтамасыз етеді.
Өмірде әдет-ғұрып, дәстүр негізгі рөл атқарады. Сондықтан қоғамдық дамудың негізгі өлшемі әдет-ғұрыпты және халықтың мінезін өзгертуде. Олар аңартушылық пен революцияға, сана мен прогресске қарсы тұрады. Олардың саяси идеологиясының өзекті мәселелері – күшті мемлекет, айқын саяси жіктелу, биліктің төбе топ қолында болуы. Еркіндікті тұлғаның қоғам мен мемлекетке бағынуы және оларға адалдығы деп түсінді.
“Саяси идеологиялар” деп аталатын немістің оқу құралдарында консервативтік көзқарасқа мынадай анықтама беріледі: “ол – дәстүр, діншілдік, бедел, еркіндік және жауапкершілік, адамдардың табиғи теңсіздігі ,бір нәрсеге сенімсіз, шүбәләнумен қарау принциптерінің жиынтығы”.
Коммунистік (латынның коммунис – жалпы деген сөзінен шыққан) идеялар XIX ғасырдың орта кезінде дүниеге келген. Негізін салғандар Карл Маркс (1818-1883) пен Ф. Энгельс (1820-1895). Олар жан – жақты дамыған, еркін адамды қалыптастырғылары келеді. Ол үшін тап күресі жүргізілуі, жұмысшы табы буржуазияны құтқаруы керек. Олардың ойынша, социолизмді орнататын бірден-бір құрал – социолистік революция. Оны жасай алатын бірден-бір күш жұмысшс табы. Мемлекеттік биліктің таптық сипаты болады. Социолистік революция нәтижесінде ескі мемлекет түбімен қиратылады да, оның орнына жаңа мемлекет – пролетариат диктатурасы орнайды. Барлық тарихи прогресс қоғамдық – экономикалық формациялардың жүйелі түрде ауысуымен байланыстырылады. Олар жеке меншікті орнатқысы келді. Коммунистік қоғамда мемлекет, саясат болмайды деп санады.
XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басында марксистік саяси идеология революциялық және реформистік болып екіге бөлінді. Революциялық ағымды В. И. Ленин (1870-1924) басқарды. Ол марксизді демократиялық революцияда пролетарияттың басшылық ету керектігі, партияның рөлі, буржуазиялық-демократиялық революцияның социалистік революцияға ұласуы, социолизмнің алдымен бірнеше елді немесе тіпті жеке бір капиталистік елде жеңу мүмкіндігі туралы теориялармен байытты. Реформистік идеялар немістің социал – демократы Э. Бернштейн мен немістің тарихшысы және экономисі К. Каутскийдің еңбектерінде дамытылды. Кейін ол өзінше бөлек идеялық – саяси бағытқа – социал-демократияға айналды.
Жоғарыда көрсетілгендей,
социал-демократиялық
Социал-демократия идеологиясы “демократиялық социолизм” идеясын алға тартты. Оның басты құндылықтары – еркіндік, теңдік, әделеттілік және ынтымақтастық. Бұл құндылықтарды, олардың ойынша, экономикалық, саяси және рухани демократия арқылы ғана жүзеге асыруға болады. Ол аралас экономиканы, мемлекеттік әлеуметтік – реттеу рөлін, саяси өмірді демократиялық түрде ұйымдастыруды талап етеді.
Саяси демократияға мынадай принциптер кіруі тиіс: адам құқықтары, сөз, ой-пікір, баспасөз, білім алу, ұйымдар құру, дінге сену, өзін-өзі басқару және сол сияқтылар. Сонымен бірге мұнда халықтың өз еркімен көңіл білдіруі арқылы бөгетсіз үкіметті бейбіт жолмен алмастыруға мүмкіндігіде де кіреді.
Қазір социал-демократтар экологиялық қауіпсіздікке, адамды қоршаған ортаны жаңартуға, жандандыруға көп көңіл бөлуде. Олар Еуропадағы әлеуметтік және экологиялық түленген индустриалды өркениеттілік орнатпақ.
Социал-демократияның Социалистік интерноционал деп аталатын халықаралық ұйымы бар. Оған барлық континент 70-ке жуық партиялар кіреді. Оларға кіретін басым бағыттар: бейбітшілік және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, Батыс пен Шығыстың арасындағы қатынастарды жақсарту, колониализм мен нәсілшілдікті жою, жаңа халықаралық экономикалық тәртіпті жасау, қоршаған ортаны сақтау және т.б.
Фашизм (Италияның фашизмо – бірлестік деген сөзінен шыққан) 1919 жылы Италия мен Германияда пайда болған. Негізін салушылар: Ф. Ницше, Дж. Джинтилле, О. Шпенглер. Бұл кезде капиталистік елдер терең дағдарысқа ұшыраған. Мұндай жағдайда классикалық либералдық құндылықтар адамзат іс-әрекетіне дем беріп, ынталандыра алмады және қоғамды біріктіруге шамасы келмеді. Халықтың жалпы жоқшылыққа ұшырауы, кедейленуі, бұрынғы әлеуметтік құрылымның ыдырауы, көптеген табынан айырылған қаңғыбастар таптарының апйда болу либералдық еркін тұлға идеяларын құнсыздандырды. Олардың басын біріктіріп, рухтандыратын ұлттық бірігу және қайта өркендеу идеялары болды. Ол 1914-1918 жылдары бірінші дүние жүзілік соғыста жеңіліске ұшыраған Германия үшін өте қажет еді. Сондықтан фашистік идеология олардың ойынан шықты.
Бұл идеологияның
басты ерекшеліктері –
Қазіргі кезде фашистік идеологияны көпшілігі жаратпайды. Дегенмен бірқатар елдерде жаңарған фашистік топтар пайда болуда. Олар террорлық әрекеттер арқылы қоғамдық жағдайды, шиеленістерді, саяси дағдарыстарды тудыруға ықпал етеді.
Сонымен біз қазіргі идеологияның негізгі түрлерін қарастырдық. Енді олардың біздің елдегі жағдайға ықпалына тоқталайық. Біздің республиканың өміріне елеулі ықпал етуші – жаңарған либерализм. Оған айғақ – экономикада жеке меншіктің дамытылуы, жекешелендірілуі, еркін нарық пен бәсекені мойындау, әлеуметтік теңдік прициптерін жоққа шығару, дарашылдыққа бетбұрыс және т.б. дегенмен мұның бәрін абайлап, жақсы ойластырып енгізбесе болмайды. Себебі, біздің өз дәстүріміз, экономикалық мәдени жағдайларымыз бар. Оның ішінде ең бастысы – қазақ халқында либералдық идеяның тірегі болып табылатын дарашылдық болмаған. Біздің халқымыз ықылым заманнан бірлесіп, ұжымдасып тіршілік еткен. Соны ескерген жөн.
Десе де либералдық құндылықтарды басшылыққа алған реформаның бастапқы кезеңі біз үшін онша сәтті болмады. Мүліктік теңсіздік өрістеп, көпшілік жұрттың өмір деңгейі төмендеп, күйзеліске ұшырауда. Сондықтан халықтың жалпы алғанда, либералдық құндылықтарға ұмтылысы бәсеңдеп, жаңа жағдайда өмір сүруге көндікпей жатыр. Нарықтың жабайы түрінен ығыр болған біраз жұрт баяғы әлеуметтік қорғалуды, теңгермешілікті дұрыс көргендей. Коммунистік, ұлтшылдық және т.с.с. идеологиялардың әсері өсіңкіреуде. Әрине, баяғы кеңестік жолға қайта оралу жақсылық әкелмейтіні белгілі. Ал нарықтық экономиканың біздің жағдайымызға лайықты тиімді жолын ғылыми тұрғыдан тексеріп, тауып, байсалды жүргізген абзал.
Кейбіреулер кеңес
үкіметі күйрегеннен кейін
Өтпелі қоғамды басынан кешіріп отырған біздің еліміз үшін саяси процесті ғылыми тұрғыдан дұрыс түсініп, ұғынудың қажеттілігі зор. Біздің мемлекеттік идеологиямыз болып жатқан оқиғаларға шынайы баға беріп, қазіргі тығырыққа тірелген экономиканы дағдарыстан шығарудың неғұрлым ұтымды жолдарын белгілеп, таяудағы және неғұрым алдағы болатын болашаққа болжам жасап, бағыт беру, халқымыздың салт сана әлеуетін көтеріп, оның рухани мәдениетін сақтау және дамыту сияқты өзекті, өмірлік маңызы бар мәселелерді жиі көтеріп, түсіндіруін халық асыға күтуде. Біздің идеологиямыз адамгершілік, мейірімділік, адалдық, парасаттылық, шыншылдық, еңбекқорлық, кәсіпкерлік, табандылық, ержүректілік сияқты асыл қасиеттерді адамдардың санасына сіңіріп, дарытуға қызмет етуге тиіс.
Саяси ой-өріс тарихында Анархизмнің (грекшеден аударғанда – биліксіздік, бастаманың жоқтығы дегенді білдіреді) де өзіндік орны бар. Бұл ағымның тоқ етер түйіні – мемлекетті және биліктің күшке сүйенген кез-келген түрін жойып, азаматтардың еркін түрде біріккен ассосациясын құру. Анархизм қоғам дамуының обьективті заңдылықтарымен санасуды қаламайды. Ол үшін жеке бостандық – басты мақсат, ортақ мәселелерді келісім арқылы шешу негізгі жол.
Қоғамның осы заманғы саяси – идеялық даму процесінде басқа да ірілі-уақты идеологиялық аңымдар бар. Мәселен Радикализм – теориялық және практикалық тұрғыдан заң шеңберінде өзгерістерді батыл әрі түбегейлі жүргізуді жақтайды.
Эктремизм – саяси мақсатқа жету жолында күшейтудің небір тәсілін қолданудан тайынбайды, ештеңенің алдында тоқтамайды.
Популизм болса – саяси мақсатқа жету үшін сөзауырлыққа, құрғап уәдеге жүгінбейді.
Ал Қазақстан жағдайына келсек, ең әуелі мына нәрселерге назар аудару керек. Конституцияға сәйкес:
- Бізде идеологиялық және саяси әр алуандылық танылады;
- Белгілі бір таптың немесе партияның пікірі халықтың пікірі болып саналмайды;
- Еліміздің тұтастығына, мемлекетіміздің қауіпсіздігіне, ұлтаралық татулыығына нұқсан келтіретін кез-келкен идеялық ағымға, іс-әрекетке тойтарыс беріледі;
- Мемлекетіміздің болашағына жол ашатын негізгі арқаулар: еркіндік, теңдік, ұлтаралық татулық, ел мен жердің тұтастығы және рухани дүниемізді байыту.
Ендеше енді
ғана қалыптасып жатқан мемлекеттік
идеология Конституцияда
Сондай-ақ мемлекеттік идеология, біздіңше еліміздің негізін құрап отырған қазақ халқының ұлттық мүдделерін де басшылыққа алуы тиіс. Қазақ мемлекеттігі құрылғаннан бергі тарихи жолда халқымыз Қасым салған қасқа жолдан, Есім салған ескі жолдан ауытқымай, керісінше ол дәстүрді кеңейте, көркейте түскені белгілі. Яғни бір жүйеге түскен ұлттық идеология болғаны рас. Ендеше кеше комунистік тотолитарлық жүйе бұзып кеткен дәстүрдің өміршең жақтарын қайта жаңғыртып, бүгінгі заман талабына сай түленте пайдалану орынды.
III. ҚОРЫТЫНДЫ
Сайып келгенде, еліміздің халқын, әсіресе жаңа ұрпақты патриотизмге, азаматтыққа тәрбиелемей, қоғамның бұдан әрі дамуының маңызды факторларының бірі – оны топтастыруға қол жеткізу мүмкін емес.
Осы тұрғыдан алғанда, ұлтымыздың басын қосатын, ілгері жол бастайтын бірнеше ұлттық идеялар дамыту қажет деп есептейміз. Олардың кейбірі мыналар: жоғары технологияны игеруге деген ұмтылыс, ұлттың ішкі бірлігіне қол жеткізу, өскелең ұрпақтың денсаулығы мен тәлім-тәрбиесіне баса көңіл бөліп, бесікті түзету, билікті заңды сыйлауды үйреніп, бойға сіңіру.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Ұ. Е. Сыдықов
“Саясаттану” ҚазҰТУ, 2006 жыл
- Қ. Е. Сламғазыұлы
“Саясаттану негіздері” Астана, “Елорда”, 2000 жыл
- Ж. Б. Жамбылов
“Саясаттану” Алматы,2002 жыл

- Саясттану ғылымы
- Сәбилік психикалық жас
- Сәбит Мұқанов 2011
- Сәбитұлы Асан қайғы — жырау, философ, қоғам қайреткері
- «Сәйкестікті растау рәсімдері» техникалық регламенті
- «Сәйкестікті растау рәсімдері» техникалық регламенті
- Сәйкестікті растау саласының мақсаттары мен қағидалары
- Саяси партиялар жөне партиялық жүйе Саяси партиялар жөне партиялық жүйе
- Саяси партиялар – Қазақстанда демократиялық қоғам құру жолында
- Саяси процесс
- Саяси процесс туралы ұғым
- Саяси процесс туралы ұғым
- Саяси режим
- Саяси режим