Сәйкестікті растау саласының мақсаттары мен қағидалары

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРІ

АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

 

 

 

СӨЖ

                       

                              Тақырыбы: Сәйкестікті растау

 

 

 

 

 

 

                                                          Орындаған: Әдебиет M.

                                                  Тобы: СМиС 12-11

                                                          Тексерген: Уажанова Р.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы – 2013ж

Жоспар

     Кіріспе

     Негізгі бөлім

             1. Сәйкестікті растау саласының мақсаттары мен қағидалары 

             2. Сәйкестікті растау  саласындағы мемлекеттік реттеу   және басқару 

             3. Мемстандарттың  сәйкестікті растау және аккредиттеу

                 саласындағы функциялары

             4. Сәйкестікті растаудың негізгі  түрлері

               5. Сәйкестікті ерікті растау және сәйкестік туралы декларация арқылы  

               өнімнің сәйкестігін  растау 

       Қорытынды

       Пайданалынған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   

 

 

Сәйкестікті растау

Кіріспе

Қазақстан  Республикасының аумағында өнімнің  сәйкестігін растау  міндетті  немесе ерікті сипатта болады. Сәйкестікті  растау – нәтижесі объектінің  техникалық  реттеу саласындағы  нормативтік- құқықтық актілерде,  стандарттарда  немесе шарттарда  белгіленген  талаптарға сәйкестігін  құжаттамалық куәландіру (сәйкестік  туралы  декларация немесе сәйкестік  сертификаты түрінде) болып табылатын  рәсім. ҚР  «Техникалық реттеу туралы»  заңына  сәйкес, сәйкестігі міндетті  расталуға  жататын өнім техникалық реттеу  саласындағы нормативтік – құқықтық  актілер бойынша айқындалады. Бірақ  аталмыш заңның  бұл талабы  практикада жүзеге асқанша, сәйкестігі  міндетті  расталуы тиіс  өнімдердің  тізілімін бұрынғысынша жыл сайын  ҚР Үкіметі өз  қаулысымен  бекітіп  отырады.Ф.А.Брокгауз  бен И.А.Эфронның 1900 – жылы  жарық  көрген энциклопедиялық сөздігінде  «сертификат» сөзіне бірнеше  анықтама берілген. Оның бірінде:  сертификат – куәлік. Бүгінгі  күні  сертификат  тек техникалқ  реттеу саласына ғана тән сөз  емес. Сертификат сөзі қаржы  саласында бір жағдайда белгілі сомаға  ақшалай куәлік ретінде, бір  жағдайда  арнайы мемлекеттік  займ ретінде қолданылады.   

 Ежелден  өнім өндірушілер өз өнімдеріне  жазбаша кепілдеме берген. Бұл  қазіргі заманғы терминология  бойынша «сәйкестік туралы декларация»  болып  табылады. Ол декларацияның  ауқымы өте кең болған және  олар өнер  туындыларын да қамтыған. Қайта өрлеу (XV ғ) дәуірінің  суретшілері өз  туындылары 300 жыл  бойы сақталатындығына жазбаша  кепілдік берген. Ең қызығы –  ол суреттердің бір бөлігі  осы күнге дейін халыққа қызмет  етуде.

Қазақстанда  сертификаттау ҚР «Стандарттау  және сертификаттау туралы»  заңына  сәйкес 1993 жылдан бастап жүргізіліп  келеді.  КСРО- ның  экспортталатын өнімді сертификаттау  жүйесі Қазақстанға мұра болып  қалды. Бірақ КСРО–ның сертификаттау жүйесінің кемшіл  тұстары  көп  болатын. 1984 жылға  дейін КСРО- ның отандық  өнімдері  шетелдік  орталықтарда, сол елдің  заңнамасына сәйкес сертификатталды.  Тек сол жылдың  күзінде КСРО  Үкіметі экспортталатын өнімді  сертификаттау жөнінде қаулы  қабылдады.  Сәйкестік  сертификатын КСРО Мемстандартты  рәсімдейтін еді.  Бұл сертификаттау  саласындағы халықаралық талаптарға  қайшы келетін.  

1991 жылы  КСРО - да не бары 14 сынау орталығы  жұмыс істеген еді.  Неліктен  КСРО - да сертификаттау жүйесі  нашар дамыды? Оның үш себебі  болатын. Біріншіден, Кеңес өкіметі  жоспарлы саясатты ұстанып, халық  санына сәйкес өнім шығаратын.  Экспорттың үлесі мардымсыз болатын.  Халықта өнімнің әр түрлілігн   таңдау, талғамына сай өнім сатып  алу  мүмкіндігі болған жоқ.  Екіншіден, КСРО - ның сертификаттау  жүйесіндегі  Мемстандарт рәсімдеген  сәйестік сертификатты бақа елдер  мойындамайтын.  Үшіншіден, кеңес  заманында бәсекелестіктің болмауына  байланысты  өнім өндіруші өнімнің  сапасына үлкен ден қоймайтын   еді.   Бұл орайда бұрынғы КСРО - даөндірілген  өнімдер мен жасалған бұйымдардың  барлығы қауіпті қауіпті ой  тумаса керек. Ол кезеңде сол  заманға сай өнімнің  сәйкестігін  бағалайтын басқа тетіктер болған. Олар : өнімді сапа санаты  бойынша  аттестаттау (жоғары, бірінші, екінші  санаттағы өнімдер деп оларды  сапа белгілерімен таңбалаған);мемлекеттік сынау; мемлекеттік  қабылдау (сол кезднгі барлық өнімнің 30%-нің сәйкестігі  осы әдіспен  бағаланған); стандарттардың талаптарының орындалуын қадағалау. 

 Қазақстанда 1999-жылдың шілдесінің 16-жұлдызшасында «Сертификаттау  туралы» жеке заң қабылданды. Аталмыш  заң Қазақстандағы өнімдерді,  сапа жүйелері мен өндірістерді, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді  сертификаттаудың құқтық негіздерін  белгілеп, сертификаттау саласындағы  қатынастарды реттеп, сертификаттауға  қатысушылардың құқықтарын, міндеттері  мен жауапкершілігін белгілеген  болатын.Уақыт  1999-жылы  қабылданған ҚР «Сертификаттау  туралы» заңы да өтпелі заңдардың  бірі  екендігін көрсетеді.  Елімізде 2004-жылдың қарашасының 9-жұлдызшасында  «Техникалық реттеу туралы» заң  қабылданып, алты айдан соң, яғни 2005жылдың  мамырының  3 - жұлдызшасында  өзінің заңды күшіне енді.             

1. Сәйкестікті растау саласының  мақсаттары мен қағидалары    

1.1. Сәйкестікті  растау саласының мақсаттары:

-   Өнімнің, көрсетілетін  қызметтің, процестердің адам  өмірі мен денсаулығы    және қоршаған орта, соның ішінде  жануарлар мен өсімдіктер әлемі  үшін           қауіпсіздігін қамтамасыз  ету;

- Ұлттық  қауіпсіздігін қамтамасыз ету;  

- Өнімнің,  көрсетілетін қызметтің қауіпсіздігіне  қатысты тұтынушыларды       

 жаңылыстыратын  іс-әрекеттердің алдын алу;   

- Саудадағы  техникалық кедергілерді жою;     

- Өнімнің  бәсекеге қабілеттілігін арттыру;  

1.2, Сәйкестікті растау саласының қағидалары:     

- Мемлекеттік  техникалық реттеу жүйесінің  бірлігі мен тұтастығы; 

- Бірыңғай терминологияны, өнімге қойылатын талаптарды  белгілеу  ережелерін қолдану ;

- Техникалық  ркеттеу мақсаттарының  орынды  және қолжетімді болуы,  техникалық  реттеу процестеріне қатысу үшін  тең мүмкіндіктерді, мемлекет пен  басқа да тараптар мүдделерінің  теңгерімін қамтамасыз ету ;

- Отандық  және импортталатын өнімге және  оның белгіленген талаптарға  сәйкестігін растау рәсімдеріне  қойылатын талаптардың бірдей ; 

- Техникалық  реттеу саласындағы нормативтік-құқықтық  актілер мен  стандарттарды әзірлеу  кезінде ғылым мен техника  жетістіктерін,  халықаралық және  өңірлік ұйымдардың стандарттарын  басым пайдалану ;

 - Техникалық реттеу саласындағы нормативтік-құқықтық актілер  талаптарының мемлекет экономикасының дамуы,оның материалдық – техникалық  базасы деңгейіне және ғылыми- техникалық  даму  деңгейіне   сәйкістігі ;

- Мемлекеттік құпияларды  және заңмен қорғалатын өзге  де құпияны құрайтын  мәліметтерді  қоспағанда, техникалық реттеу саласындағы  нормативтік- құқықтық актілердің, стандарттардың және олар туралы, оларды әзірлеу, бекіту, жариялау  тәртібі туралы ақпараттың қолжетімділігі ;

- Стандарттарды қолдану  мақсатында оларды ерікті түрде  талдау;

-Сәйкестікті растаудың  бірыңғай жүйесі мен ережелері ;

- Бір органның  аккредиттеу және сәйкестікті  растау жөніндегі өкілеттіктерді  қоса атқаруын болдырмау ;

- Бір мемлекеттік органда  мемлекеттік бақылау мен қадағалау  және  сәйкестікті  растау функцияларының  үйлеспеушілігі ;

- Сәйкестікті растау жөніндегі  органдардың дайындаушылардан, сатушылардан және сатып алушылардан  тәуелсіздігі;

- Сәйкестікті  растау жөніндегі жұмыстарда  бәсекелестіктің  шектелуін  болдырмау   (сәйкестікті растау саласында нарықтық қатынас қағидасы).

2. Сәйкестікті растау  саласындағы мемлекеттік реттеу   және басқару   

  ҚР МТРЖ-дегі  сәйкестікті растау саласының  ұйымдық құрылымы. Мемстандарттың  техникалық реттеу саласындағы  функциялары.  Мемстандарттың сәйкестікті  растау және аккредиттеу саласындағы  функциялары. Сәйкестікті растау  саласының мақсаттары мен қағидалары. Сәйкестікті растау саласының   нормативтік-әдістемелік базасы ҚР Мемлекеттік  техникалық реттеу  жүйесіндегі сәйкестікті растау  саласының ұйымдық  құрылымы. ҚР МТРЖ-дегі сәйкестікті растау саласының ұйымдық құрылымын келесі мемлекеттік органдар мен кәсіпорындар құрайды:

1.ҚР Үкіметі;

2.ҚР Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метролоргия жөніндегі комитет (ары қарай – Мемстандарт) және оған қарасты кәсіпорындар:

  • “Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты” РМК;
  • “Қазақстан метрология институты” РМК;
  • “Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы” ЖШС;
  • “Ұлттық аккредиттеу орталығы” ЖШС;

 

 3.Өз құзіреті шегінде мемлекеттік органдар (министрліктер, ведомостволар, агенттіктер мен комитеттер);

4.Мемлекеттік органдар жанындағы техникалық реттеу саласындағы  сарапшылық кеңестер;

Саудадағы  техникалық кедергілер, санитарлық  және фитосанитарлық шаралар  жөніндегі ақпарат орталық;

      Стандарттау  жөніндегі техникалық комитеттер;

      Аккридеттелген  сәйкестікті растау жөніндегі  органдар;      

 Аккредиттелген  сынау зертханалары;      

 Стандарттау,  сәйкестікті растау және аккредиттеу  жөніндегі сарапшы-аудиторлар;        

 Мемстандарттың техникалық реттеу  саласындағы   функциялары:

  • Мемлекеттік техникалық  реттеу жүйесін құруға қатысу;
  • Техникалық  реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
  • Техникалық  реттеу саласындағы мемлекеттік органдардың ,жеке және заңды тұлғалардың қызметтерін салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;
  • Мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, мемлекеттік техникалық реттеу жүйесін дамыту бағдарламасын әзірлеу және олардың орындалуын үйлестіру;
  • Техникалық реттеу саласындағы жобалардың және нормативтік-құқықтық актілердің  техникалық  реттеу саласындағы мемлекеттік саясатқа және ҚР “Техникалық  реттеу туралы” заңы 4-бабының  1-тармағында көзделген мақсаттарға сәйкестігіне талдауды және сараптама жүргізуді ұйымдастыру;
  • Стандарттау  жөніндегі техникалық комитеттермен, жеке және заңды тұлғалармен техникалық реттеу  мәселері бойынша өзара іс-қимыл жасау;
  • Стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі  халықаралық, өңірлік ұйымдарда Қазақстан атынан өкілдік ету, халықаралық және өңірлік стандарттау, сәйкестікті растау нәтижелерін өзара тану жөніндегі жұмыстарға қатысу;
  • Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің тізілімін жүргізуді ұйымдастыру;

 

        Сәйкестікті растау  және аккредиттеу салаларына тікелей қатысты

  • Техникалық реттеу саласындағы нормативтік-құқықтық актілер мен стандарттардың мемлекеттік қорының жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру;
  • Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпарат орталығының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
  • Сәйкестікті растау, стандарттау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау тәртібін және оны ұйымдастыру, сондай-ақ, техникалық  реттеу саласындағы кадрларды кәсіби даярлау мен қайта даярлауды ұйымдастыру;
  • Техникалық  реттеу саласындағы нормативтік-құқықтық актілерде белгіленген талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру;
  • ҚР Заңнамасында белгіленген тәртіппен аккредиттеу аттестатын беру, оның қолданылуын алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұру, өткізу сатысында өнімге қатысты техникалық реттеу саласындағы нормативтік-құқықтық актілерде белгіленген талаптарды бұзған жеке және заңды тұлғаларды жауапкершілікке тарту.

3. Мемстандарттың  сәйкестікті растау және аккредиттеу   саласындағы функциялары     

 Мемлекеттік органдардың,  стандарттау жөніндегі техникалық  комитеттердің және сәйкестікті  растау жөніндегі органдардың  қатысуымен атқарылатын жұмыстарды  жүргізудің ережелерін бнлгілеу;

  1. Заңды тұлғаларды аккредиттеуді жүзеге асыру;
  2. Сәйкестік сертификатының, сәйкестік туралы декларацияның  және аккредиттеу аттестатының формаларын белгілеу;
  3. Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің ережелерін әзірлеу;
  4. Шағымдарды қарау үшін апелляциялық комиссия құру;
  5. Егер басқа ұйымдар шығарған сәйкестікті растау жөніндегі құжаттар мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің талаптарына қайшы келсе, онда олардың күшін жоютуралы ұсыныстар дайындау;
  6. Зертханааралық  салыстыру сынаулары бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.

      Сәйкестікті растаудың негізгі  түрлері 

«Техникалық реттеу туралы»  заңға сәйкес Қазақстан аумағында  өнімнің сәйкестігін растау міндетті және ерікті сипатта болады. Сәйкестігі міндетті  расталуы жататын өнім техниакалық реттеу  саласындағы нормативтік - құқықтық  актілерде айқындалады.   

 Сәйкестікті міндетті растау - өнімнің, көрсетілетін қызметтің техникалық реттеу саласындағы нормативтік - құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкестігін растауды жүзеге асыратын рәсім.   

 Сәйкестікті міндетті растау:

  • дайындаушы (орындаушы) кәсіпорынның сәйкестік туралы декларацияны қабылдауы арқылы;
  • міндетті сертификаттау жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

 

        Дайындаушы (орындаушы) - өнімді  кейіннен өз иелігінен шығару  немесе өндірістік мақсаттарда  өзі тұтыну үшін өндіретін,  сондай-ақ, өтеулі және өтеусіз  шарт бойынша жұмыстарды орындайтын  немесе қызметтер көрсететін  жеке немесе заңды тұлға.       

 Сәйкестік туралы декларация- дайындаушы (орындаушы) айналысқа шығарылатын өнімнің, көрсетілген қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын құжат.         

 Міндетті сертификаттау – сәйкестікті растау жөнінегі органдардың қатысуымен өнімнің, көрсетілген қызметтің техникалық реттеу саласындағы нормативтік- құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкестігін растау формасы.        

 Өнімнің сәйкестігін міндетті  растау техникалық реттеу саласындағы  нормативтік- құқықтық актілерде  белгіленген талаптарға сәйкестігі  және сәйкестікті растау тәсілі  бойынша жүзеге асырылады.  Өнімнің сәйкестігін  міндетті  растау кезінде техникалық сарапшылар тартылуы мүмкін.Техникалық  сарапшы - сәйкестігі расталатын объектіге қатысты арнаулы білім немесе тәжірибесі бар жеке тұлға.  Бұрын тұтынудан болғпн, сондай-ақ ізгілік көмек желісі бойынша әкелінген өнім сәйкестікті міндетті растау объектілеріне жатпайды.Жыл өткен сайын қазақстанда  міндетті сертификаттауға жататын  өнімдердің саны азайып барады. Бүгінгі күні бірқатар өнімдердің  сейкістігін  сәйкестік туралы  декларация арқылы растау мүмкін  болып отыр.         

 Жас көкөніс пен жемістерден  басқа өсімдік шаруашылығы өнімдері міндетті сертификаттауға жатады.  Міндетті сертификаттау өнімнің қауіпсіздігінен мемлекет тарапынан бақылау формасы болып табылады. Сондықтан- да, міндетті сертификаттаудың екінші атауы – «заңмен реттелетін саладағы сертификаттау».Сәйкестігі міндетті расталуға  жататын  өнімнің  белгіленген  тәртіппен расталған, техникалық  реттеу саласындағы  нормативтік-  құқықтық актілерде белгіленген  талаптарға сәйкестігі оның нарықтағы  айналысының қажетті шарты болып  табылады. Сәйкестігі міндетті расталуға  жататын, сәйкестігі растаудан  өтпеген өнімді сатуға тыйым  салынады. Бұндай санаттағы өнімді  сәйкестік сертификатынсыз саудаға  шығарған  жеке тұлғаларға 10-50, ал  заңды тұлғаларға 51-100 айлық есептік  көрсеткіш  көлемінде айыппұл  салынады. Сәйкестігі міндетті расталуға  жататын импортталатын өнімді  Қазақстанға жеткізуге жасалған  келісім-шарттарда сәйкестікті растау  жөніндегі міндеттеме көзделуі  тиіс.       Сәйкестігі міндетті расталуға  жататын және саудаға арналған  импортталатын өнімді Қазақстанға  жеткізуге жасалған келісім- шарттарда  өнімнің, елдің және дайындаушы  кәсіпорынның атауын, сақталу мерзімін, сақталу шарттарын, қолдану тәсілін  қамтитын мемлекеттік және орыс  тілдеріндегі ақпараттардың өніммен  қоса жүруі көзделуі тиіс.   

 Қазақстанда міндетті сертификаттауды  ұйымдастыру және оны жүргізу  Мемстандартқа жүктелген. Қазақстанда 24 міндетті сертификаттау  жүйесі бар. Міндетті сертификаттау  жүйелерінің ішіндегі ең ірісі  – тағам өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы өндірісі өнімдерін сертификаттау жүйесі. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін сертификаттау аталмыш жүйеге жатады.Егер ҚР МТРЖ - де бір тектес  өнімдерді сертификаттайтын бірнеше  сәйкестікті растау жөніндегі  органдар тіркелсе, онда олардың  іс-әрекетін  үйлестіру үшін Мемстандарт  олрадың ішінен біреуін ғана  Бас орган етіп тағайындайды.    

Бас  органдарға сәйкестікті растау  жөніндегі органның атқарымынан  басқа келесі атқарымдар жүктеледі:

  • сәйкестікті растау жөніндегі органдардың іс-әрекеттерін әдістемелік басқару  және үйлестіру;
  • өнімді сертификаттау ережелері бойынша ұсыныстыар дайындау;
  • міндетті сертификаттуға жататын өнімдердің тізілімі бойынша ұсыныстар дайындау;
  • сәйкестікті растау жөніндегі органдардың, сынау зертханаларының және сарапшы – аудиторлардың жүйеге қажетті санын анықтау.

 

  Міндетті  сертификаттаудың негізгі қатысушылары: өтінім беруші (өнім өндіруші, дайындаушы, орындаушы, сатушы), сәйкестікті растау жөніндегі орган және сынау зертханасы (орталығы). Осы үшуі әрі нақты сертификаттаудың барлық сатыларына қатысады.     

 Өтінім беруші – сәйкестікті растау үшін өнімді, көрсетілген қызметті, процестерді ұсынған жеке немесе заңды тұлға.Өтінім берушінің сәйкестікті  растау саласындағы құқықтары:

  • осы өнім үшін техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқтық актілерде қарастырылған сәйкестікті растау формасы мен тәсімін таңдау;
  • аккредиттеу аясына сай келетін кез келген сәйкестікті растау жөніндегі органдар өтінім білдіру;
  • таңдалған сәйкестікті растау тәсімінде қарастырылған жағдайда сәйкестік белгісін қолдану;
  • Мемстандартқа сәйкестікті растау жөніндегі органдар мен сынау зертханаларыныңзаңсыз әрекеттеріне шағым жасау;
  • өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін сотқа шағым жасау;
  • Өтінім берушінің сәйкестікті растау саласындағы міндеттері:
  • өнімнің техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету;
  • өнімнің сәйкестігін растауды қамтамасыз ету;
  • егер сәйкестігі расталған өнімге инспекциялық тексеру жүргізу сәйкестікті растау тәсімінде қарастырылған болса, онда өтінім беруші инспекциялық тексеруге жүргізуге қажетті жағдай жасау;
  • өнімді сәйкестігі расталғаннан кейін ғана сату;
  • мемлекеттік бақылау және қадағалау жүргізілгенде мемлекеттік инспекторларға қажетті ақпаратты, өнімнің сәйкестік сертификатын (көшірмесін), сәйкестік туралы декларацияларды (көшірмесін) табыс ету;
  • ілеспе құжаттамада сәйкетік сертификаты немесе сәйкестік туралы декларация жөніндегі мәліметтерді көрсету;
  • егер сәйкестік сертификатының немесе сәйкестік туралы декларацияның қолдану мерзімі аяқталса, немесе қолдануы тоқтатылса, немесе күші тоқтатылса, онда өнім сатуды тоқтата тұру немесе тоқтату;
  • сәйкестікті растау жөніндегі органды техникалық құжаттамаға немесе сертификатталған өнім өндірісінің технологиялық процестеріне енгізілгенөзгерістер туралы хабардар ету;
  • сәйкестікті растау нәтижелері бойынша техникалық реттеу саласындағы нормативтік – құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін өнімді өндіруді тоқтата тұру;

    Сәйкестікті растау жөніндегі  орган  –    сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды орындау үшін белгіленген тәртіппен аккредиттелген заңды тұлға.   

 Сәйкетікті растау жөніндегі  органдар – меншік формасына  қарамастан, көрсетілетін қызметті  өндірушілерден (орындаушылардан), өнімді, көрсетілетін қызметті берушілер  мен тұтынушылардан, мемлекеттік  органдардан тәуелсіз, штатында  сәйкестікті растау жөніндегі  сарапшы - аудиторлар және бекітіліп  берілетін қызмет бағыттары бойынша  ҚР Үкіметі  белгіленген тәртіппен  аккредиттелген зертханалары бар,  ҚР СТ 7.2 талаптарына жауап беретін  ұйымдар.Сәйкестікті  растау жөніндегі органдар, олардың  филиалдары, сәйкестікті растау  жөніндегі шетелдік органдар  ҚР  Үкіметі белгіленген тәртіппен  аккредиттелуге тиіс.       

 2005 –  жылдың мамырының 13 – жұлдызшасында  күші жойылған ҚР “Сетификаттау   туралы” заңында “Құзіретті  ұйымдарға сертификаттау жұмыстарын  жүргізуге бір рет рұқсат беру”  нормасы бар болатын. Қазіргі  кезде сәйкестікті растау саласын  реттейтін “Техникалық реттеу  туралы” заңда бұл норма жоқ.  Яғни, өнімнің сәйкестігін растауға  тек ҚР МТРЖ – де белгіленген  тәртіппен аккредиттелген сәйкестікті  растау жөніндегі орган ғана  құзырлы. Бұған қоса, бұрынғы “Сертификаттау  туралы” заңы сәйкестікті растау  жөніндегі органның құрамында  сынау зертханасының болуын міндеттейтін. Бұл халықаралық практикаға қарсы шарт еді. Сонымен қатар, сәйкестікті растау жөніндегі орган өз құрамында сынау зертханасын ашу және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін біршама қаражат шығындайтын. Сәйкестікті растау жөніндегі органның құрамына кіретін зертханаларда сынау жұмыстарының өзіндік құны ірі арнаулы зертханалардағы сынау жұмыстарымен салыстырғанда айтарлықтай жоғары. Сынау жұмыстарының құны сертификаттаудың құнына әсер етсе, сертификаттаудың құны өнімнің құнына әсер етеді. Ең сонында барлық шығындарды тұтынушылар төлейтінің естен шығармаған абзал. Сәйкестікті растау жөніндегі органның құрамында сынау зертханасының міндетті түрде болуы – басқа зертханаларды нарықтан шеттетіп, нарықтағы бәсекелестікті шектейді.        

 Қазіргі  кезде (2008 – жыл) ҚР МТРЖ  – де аккредиттелген 190  сәйкестікті растау жөніндегі орган қызмет көрсетеді.  

 Сәйкестікті растау  жөніндегі органның функциялары:

  • өнімнің сәйкестігін міндетті растау үшін берілген өтінімдерін қарау, сәйкестігін растауға өтінілген өнімді бірдейлендіру;
  • сәйкесті міндетті растау жөнінде жұмыстарды жүргізу;
  • өтінім бойынша сәйкестік туралы декларацияны қабылдауға қажетті жұмыстарды жүргізу;
  • сәйкестік туралы декларацияларды тіркеу;
  • сәйкестікті растау тәсіміне сай сәйкестігі міндетті растаудан өткен өнімге, көрсетілетін қызметке инспекциялық бақылау жүргізу, өнімнің белгіленген талаптарға сәйкес еместігі анықталған жағдайда берілген сертификаттың немесе тіркелген сәйкестік туралы декларацияның қолданысын Мемстандарт белгіленген тәртіппен тоқтата тұру немесе олардың күшін жою;
  • берілген сертификаттардың немесе тіркелген сәйкестік туралы декларациялардың тізілімін жүргізу.

 

 4. Сәйкестікіті растау жөніндегі  органның құқықтары:

  • өтінімі бойынша аккредиттеу саласы шегінде объектілердің сәйкестігін міндетті және ерікті түрде растауды жүргізу;
  • сәйкестікті растау рәсімдерін жүзеге асыру үшін келісім шарт негізінде құзыретті ұйымдардың өкілдерін, сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы – аудиторларды, өнім бойынша техникалық сарапшыларды тарту;
  • өтінім берушіден сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды орындау үшін қажетті құжаттарды сұрату;

 

      Сәйкестікті растау жөніндегі  органның міндеттері:

  • өтінім берушінің сәйкестікті растау ережелері мен шарттары туралы ақпаратқа кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз ету;
  • өтінім берушіге қатысты кемсітушілікке жол бермеу;
  • Мемстандартқа тсәйкестікті растау саласындағы ҚР МТРЖ – нің ережелеріне сай берілген сертификаттар мен тіркелген сәйкестік туралы декларациялар жөніндегі ақпараттарды және объектілерді сертификаттаудан бас тарту туралы мәліметтерді беру;
  • өнім өндірген елге қарамаста, өтінім берушінің комерциялық мүддесі болып табылатын ақпараттың құпиялылығын қамтамсыз ету.

Сәйкестікті растау жөніндегі  органдар сәйкестікті міндетті растау ережелерін тбұзғаны және сертификатты заңсыз бергні, сәйкестік туралы декларацияларды  заңсыз тіркегені үшін ҚР Заңдарына  сәйкес жааупты болады.Сәйкестікті растау жөніндегі  органдардың құқық қабілеттілігі  олар аккредиттеу аттестатын алған  кезде туындайды және оның әрекетті мерзімінің аяқталуына немесе “Техникалық  реттеу туралы” заңда белгіленген  тәртіппен жарамсыз деп танылуына  байланысты тоқтатылады.Сәйкестікті растау жөніндегі органның аккредитеу саласында консалтингтік қызмет көрсетуге құқысы жоқ және олардың осы қызметтерді көрсететін ұйымдармен сыбайлас болуына жол берілмейді. Сынау зертханасы - өнімнің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін сынау жүргізетін зертхана, соның ішінде мемлекеттік органдардың зертханалары.Сынау зертханалары  – меншік  формасына қарамастан, ҚР Үкіметі белгіленген тәртіппен  және  ҚР СТ ИСО 17025 сәйкес  аккредиттелген ұйымдар және  олардың  құрылымдық бөлімшелері. 

Қазіргі кезде (2007 –  жыл) ҚР МТРЖ – де аккредиттелген 477 сынау зертханалары қызмет көрсетеді.  

Сынау зертханалары  сәйкестікті растау  жөніндегі  органдармен немесе басқа   да өтінім берушілермен жасалған  келісім шарт негізінде:

  • өзінің аккредитеу аясы шегінде сәйкестікті міндетті немесе ерікті растау мақсатында объектілерді сынайды;
  • сынау нәтижелерінің дәйектігін қамтамасыз етеді;

 

       Мемстандарт  белгіленген тәртіппен және тиісті  формада жұмыс  нәтижелерін   рәсімдеп, сынау хаттамасын береді.Сәйкестікті растау  мақсатында сынау жүргізу жөніндегі  зертханалардың құқық қабілеттілігі  олар аккредиттеу аттестаты алған  кезде туындайды және оның  әрекетті  мерзімінің аяқталуына, ҚР Үкіметі белгіленген тәртіппен  қайтарып алынуына, әрекеті жойылуына  және жарамсыз деп танылуына  байланысты тоқтатылады. Сынау зертханалары объектілердің сәйкестігін растау кезінде оларға сынаудың дәйектемесіз нәтижелерін ұсынған үшін ҚР Заңдарына  сәйкес жауапты болады.

Егер сәйкестікті растау жөніндегі органның құрамында аккредиттелген сынау зертханасы болса, онда оны  сәйкестікті растау орталығы деп  атайды

а) сынау зертханасы сәйкестікті  растау жөніндегі органның құрамында (сәйкестікті растау орталығы);

ә) сынау зертханасы дербес құрылым.  

Сәйкестікті растау  жөніндегі ұйымдардың  жұмыс атқару 

5.Сәйкестікті ерікті растау және сәйкестік туралы декларация арқылы өнімнің сәйкестігін  растау  

 

 

       Сәйкестікті ерікті растау  – дайындаушының немесе сатушының  бастамасы бойынша жүргізіліп, өнімнің,  көрсетілетін қызметтің, процестердің  стандартқа, өзге де құжатқа немесе  өтінім берушінің арнайы талаптарына  сәйкестігін растауды жүзеге  асыратын рәсім.                

 Техникалық реттеу саласындағы  нормативтік-құқықтық актілерде  белгіленген талаптар қолданылмайтын  өнімнің сәйкестігін ерікті растау  өтінім берушінің бастамасы мен  талаптары бойынша жүргізіледі.  Сондықтан да, сәйкестікті ерікті  растаудың екінші атауы –«заңмен  реттелмейтін саладағы сәйкестікті  растау».              

 Сәйкестікті ерікті растау сәйкестікті  міндетті растауды алмастыра   алмайды.      

 Сәйкестікті  ерікті растау өтінім беруші  мен сәйкестікті растау жөніндегі  орган арасындағы жасалған келісім-шарт  негізінде жүргізіледі.       

 ҚР  Мемлекеттік органдары өнімнің,  көрсетілген қызметтің сәйкестігін  ерікті растауды жүргізуге өнім  өндірушіні, қызмет көрсетушіні  міндеттейтін нормативтік-құқықтық  актілер қабылдауғақұқылы емес. ҚР Білім және ғылым министрлігі  ИСО 9001 негізінде СМЖ енгізілуі  тиіс оншақты жоғары оқу орындарының  тізілімін бекітіп, университеттердің  сапа жүйесі сертификаттарын  алуын қадағалап отырған. Бұл  ҚР «Техникалық реттеу туралы»  заңы 34-бабының 3-тармағына қайшы  келеді. Өнімнің  сәйкестігін ерікті растауға  деген сұраныстың артуы еліміздің  экономикалық ахуалының өсуіне, қаржылық-экономикалық топтардың  арасында бәсекелестіктің пайда  болуына тікелей байланысты. Қауіпсіздік  тұрғысынан талап қойылмайтын  өнімдердің сәйкестігі ерікті  расталуы мүмкін. Сәйкестікті ерікті  растау нарыққа сапасыз өнімнің  шығу жолын бөгейді. Себебі: сәйкестікті  ерікті растау барысында өнімнің  сенімділігі, әрі оның эстетикалық,  эргономикалық, экономикалық және  т.б. көрсеткіштері тексеріледі. Жоғарыда жазылғандай,  сәйкестікті ерікті растау міндетті  сертификаттауды  алмастыра алмайды  және оның нәтижесі өнімді  сатуға немесе жеткізіп беруге  тиым салуға негіз бола алмайды.  Сәйкестікті ерікті растау бірінші  кезекте  тұтынушылар үшін күреске  бағытталған.     

Сәйкестікті растау саласының мақсаттары мен қағидалары