Саяси жүйе. 4
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Л.Н.ГУМИЛЕВ атындағы ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Тақырыбы: Саяси жүйе
Орындаған: Жаңабергенова Н.С
Тексерген: Ибраев Е.Е
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
Саяси жүйе туралы түсінік
Саяси жүйенің мәні мен құрылымы.
Саяси жүйедегі адам құқығы мен бостандығы
III.Қортынды бөлім
Кіріспе
Алғашқы қауымдық құрылыс кезеңінде барлық адам тең өмір сүрді. Басқарушылар мен бағынушылар деген мүлдем жоқ, себебі адамдардың өзі табиғат алдында әлсіз еді. Сондықтан тобырымен жүрді. Бірігіп аң аулады, тек тайпа-тайпа болып жүрудің арқасында ғана өздерінің қауіпсіздігін, күн көрісін қамтамасыз ете алды. Тапқан табыстары бәріне ортақ болды, артық өнім болған жоқ. Мұндай жағдайда еңбек құралдары, еңбек өнімдері ұжымға ғана тиісті еді. Мұндай ру-тайпаларды ақсақалдар басқарды. Ақсақалдар ұжым мәселелерін ортаға салып, реттеп, шешіп отырды.
Адамдар бірте-бірте тек табиғаттың
бергенін тұтынып қана қоймай, енді
сонымен қатар өздерінің
Артық өнім өмірге теңсіздік әкелді. Осылай құл иеленушілік құрылыс келді. Бұл қоғам құл иеленушілер мен құлдар, басқарушылар мен бағынушыларды тудырды. Үстем тапқа қоғамды бағындыру, таптар, жеке адамдар, тұлғалар мен қоғам, осы мемлекет пен басқа мемлекет арасындағы қатынастарды реттеу үшін құрал, қоғамның мәселелерін шешетін әлеуметтік топ қажет болды. Бұл топ төменгі топқа бақылау жүргізді. Енді күштеу, зорлау арқылы орындаттыратын анық заң ережелері, нормалары қалыптасты. Олар экономикалық қызметті ұйымдастырды, қоғамдық өнімді өндірді.
Билікті иеленушілер мен оған бағынушылардың рөлдері институционалдық қалыпқа түсті. Мемлекет, саяси партиялар, басқа да қоғамдық ұйымдар қалыптаса бастады. Олар белгілі бір таптың мүддесін қорғады. Осылардың барлығын бір сөзбен қоғамның саяси жүйесі деуге болады.
Қоғамның саяси жүйесі деп билік жүргізіп, қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін, әлеуметтік топтар, таптар, ұлттар, мемлекеттер арасындағы саяси өзара қатынастарды реттейтін ұйым мен мекемелердің жиынтығы айтады.
Саяси жүйе теориясын XX ғасырдың 50 жылдарында Американың саясаттанушысы Давид Истон дүниеге әкелді. Оның ойынша саяси жүйе сыртқы ортамен “кіріс” , “шығыс” принциптері арқылы байланысады.
Кірістің екі түрі бар. Олар: талаптар мен қолдау.
Д. Истон, Г. Митчел, Г. Спиро, Г. Алмонд саяси жүйенің өзіндік мүмкіндіктерін көрсетті:
1. Топтар мен жеке адамдардың
іс-әрекетін басқаруға
2. Өзінің қызмет етуіне қажетті
экономикалық және басқа
3. Қорларды, иліліктерді, қызметті, үздік белгілерді бөлу және қайта бөлу мүмкіндігі;
4. Әлеуметтік ортаның
Қорыта келе саяси жүйе үстемдік етіп отырған қоғамды басқаратын аппарат болып саналады.
Саяси жүйе туралы түсінік
«Саяси жүйе» ұғымын саяси ғылым XX ғасырдың орта шенінен қолдана бастады. Саяси жүйелер теориясының негізін қалағандар американ саясаттанушылары Д.Истон мен Г.Алмонд. Д.Истон өзінің «Саяси жүйе» (1953), «Саяси өмірді жүйелік талдау» атты еңбектерінде саяси жүйені сырттан келетін импульске жауап беретін дамып және өзін-өзі реттеп отыратын организм ретінде қарастырады. Бұл көзқарас тұрғысынан алып қарасақ, саяси жүйе біртұтас, қоғамдық өмірдің ерекше сферасы.
Г.Алмондтың«Салыстырмалы саяси жүйелер» (1956) деген мақаласында саяси жүйе саяси институттар мен саяси мәдениеттің бірлігі деген тұжырымға басты назар аударады. Марксизм позициясынан саяси жүйе саяси процестср субъектілері әлеумсттік топтардың мүдделерін бейнелейтін қоғамдық қондырманың элементі ретінде талданады. Бұл мүдделер саяси процестср арқылы, саяси шешімдерді қабыддау мен іскс асыру арқылы саяси құрылымдардың көмегімен жүзеге асырылады (қараңыз, Фарукшин М-Х. Политическая система общества. Социальнополити-ческие науки. 1991, 5, 60 бет. Мұндай тәсіл бойынша саяси жүйе ең алдымен саяси институттар жүйесі болады, автор институционалданған жүйені басқа жүйешелермен қатар тұратын жүйеше ретінде қарастырады. Әдебиетте басқа ұғымды байқауға болады, атап айтсақ: саяси жүйе саяси институттар жүйесінде жүзеге асатын саяси идеялар жүйесі ретінде қарастырылады. Саяси жүйені түсінудегі мұндай әртүрліліктің болуы кездейсоқ емес, ол кепбейнелі тараптардың бірлігі ретіндегі феноменнің өзінің күрделілігіне негізделінген.
Саяси жүйенің лайықты түсінігі өзекті белгілері мен одан шығатын тараптардың қатаң айырмашылығын талап етеді. Жоғарыда көрсетілген анықтамалар көбінесе осы проблемаларды қарастырумен байланысты.
«Саяси жүйе» ұғымы ең алдымен қоғамның саяси сферасының жүйелік сипатын білдіреді. Антика кезеңінен бастап саяси ойшылдар қоғамның әртүрлі саяси қүрылыстары өмір сүретінін түсіне білді. Мысалы, Платон мемлекеттік басқарудың үш формасын көрсетеді: монархия, анархия, демократия, олардың әрқайсысы өз кезегінде заңды және заңсыз болып болінеді. Бұған ұқсас пікірді Аристотель де айтады, ол басқарудың төрт формасы болатындығын көрсете отырып, оларды дұрыс және дұрыс емес деп беледі.
Саяси ғылымдар тарихында бірте-бірте саяси сфера жүйелік біртұтас деген идея қалыптасты. «Саяси жүйе» ұғымы жалпыланған түрде осы идеяны бейнелейді.
Саяси жүйе теориясының негізін салушы Д.Истон, сондай-ақ француз саясаттанушысы Дювержье саяси жүйе элементтер жүйесі ретінде олардың өзара әрекеттерінің, рольдерінің, қатынастарының, сонымен бірге нормалар мен ережелердің жиынтығы деген ойға басты назар аударады. Осы тұрғыда саяси жүйенің институционалды, коммуникативті, функционалды, нормативті тәрізді әртүрлі жүйешелерін айырады. Бүл жүйешелердің әрқайсысының өз ерекшеліктері бар, өз функцияларын атқарады және жүйенің тұтастығы мен тұрақтылығын қамтамасыз ете отырып басқалармен өзара байланысқа түседі.
Батыстық саясаттануда екі идея басым: біріншіден, саяси жүйе туралы белгілі бір нәрсені оның сыртқы ортамен байланысын сараптау арқылы айтуға болады; екіншіден, саяси жүйені нақты түсіну элементтердің өзара әрекетін, ролъдік функцияларын және реттеуші нормаларын талдау нәтижесіндс жолға қойылады.
Осыған байланысты саяси жүйені ортамен «кірудегі» және «шығудағы» өзара әрекеті бойынша қарастырылатын «қара жәшікпен» теңестіреді.
Осыған ұқсас жайтпен, яғни
жәшіктің ішіндегі болып
Жүйе орта импульстеріне жауап бере отырып ортаға ықпал етеді. Орта жүйе тарапынан импульс ала отырып өз кезегінде жүйеге ықпал етеді, және барлығы жаңадан басталады. Бір сөзбен айтқанда, жүйе мен ортаның өзара әрекеті тұйық кибернетикалық мақсаттардың өрекеті принципі бойынша өтеді.
«Кірісте» қогам тарапынан болатын талаптар мен қолдауларды белгілеуге болады. Саяси жүйе оларды «игеруге», қайта өндеуге және сыртқы сигналдарга лайықты жауап беру үшін шақырылған. Бұл саяси жүйенің басқалар тәрізді тікелей және қайтымды байланыстың болуы арқылы қалыпты қызмет етуін білдіреді. «Шығыста» жүйенің сырттан келетін сигналдарға өзіндік реакциясы болып табылатын шешімдср мен әрекеттерді белгілеуге болады. Олар қоғамның барынша немесе барынша емес талаптары мен күтулері болуы мүмкін. Осымен жүйенің легитимділік деңгейі, яғни қоғам тарапынан оны қолдау мен қабылдау анықталынады. Легитимділік ұғымының тұтастай жүйеге де, оның жүйешелері мен элементтеріне де таратылатындығы айқын. Жүйе ішіндегі кез-келген асыра тырмысудың болуы, жекелеген жүйешелердің келісімділігінің болмауы тұтастай саяси жүйенің легитимділік деңгейінің төмендеуіне алып келеді. Дел осылай қоғамда да жүйсдегідей тәрізді болады.
Сонымен, импульстың екі түрін немесе кірістің екі түрін бөліп көрсетеді, мысалы, сайлаушылардың жүйеге деген талабы мен олардың жүйені қолдауы.
Талаптардың ауқымы оте кең жалақыны көтеру, еңбек жағдайын жақсарту, білім берудегі ассигнованиялар жәнс т.б. Егер де талаптар көп болса, бұл тек белгілі бір шекке дейін шешуге қабілетті жүктемелердің көбейіп кетуіне байланысты жүйенің әлсіреуіне әкеліп соқтыруы мүмкін. Егер де талаптар көп болып, оны парламент немесе үкімет шешуге физикалық жағынан дайын болмаса жүктемелер сандық, егер де талаптар күрделі болса сапалық болуы мүмкін. Сондықтан да оларды жүйе мүмкіншіліктерімен сәйкестендіру керек. Мұның салдарының ауырлығынан құтылу жолын саясаткерлер іздестіруге тиіс. Бұл мәселені талаптарды белгілі бір шеңберде ұстап тұратын қоғамда өмір сүріп отырған құндылықтар жүйесі, мәдени нормалар, қондырмалар және т.б. атқарады.
Импульстың немесе кірістің екінші түрі — қолдау да жүйе үшін өте маңызды. Тұтастай алғандағы қауымдастықты (елді) қолдауды, режимді қолдау, үкіметті қолдау және оның қалған барлық мүшелерін қолдауды айырып алғанымыз абзал. Мысалы, өмір сүріп отырған режимді жек көре отырып, өз отанының патриоты болуы мүмкін, әрекет етуші үкіметтің қызметін жаратпай режимді қолдауы мүмкін, жекелеген мүшелеріңе теріс баға бере отырып тұтастай үкіметті қолдауы мүмкін.
Кез-келген саяси жүйеде маңызды екі механизмнің болуы шарт. Біріншіден, бұл қадағалаушы механизм, осы арқылы жүйені әрекетке түсіретін талаптар мен қолдаулар белгіленеді. Екіншіден, талаптар мен қолдауларды шешімдер мен әрекетке өзгерте конверсивті (өзгертуші) механизм жұмыс істеуі керек. Д.Истон талаптардың келесі түрлерін бөліп көрсетеді:игіліктер мен қызметтерді бөлуді қарастыратын талаптар (еңбекақы, зейнетақы мен көмек туралы зандар қабылдау, жекелей алғанда, оларды төменгі деңгейге дейін орналастыру мен көтеру; жұмыс уақыты туралы зандар қабыддау, жекелей алғанда 8 сағаттық жұмыс күнін белгілеу; білім беру мүмкіндіктерін кеңейту туралы; жолдарды жақсарту, көлік құралдары мен транспорттың жұмысын жақсарту туралы заңдар қабылдау);
- жүріс-тұрысты реттеумен
- коммуникация мен ақпарат
- материаддық қолдау: салық төлеу, қоғамдық бастаулардағы еңбек, әскери қызмет;
- заңдар мен директивалардың сақталынуы;
- саяси өмірге араласу: дауыс
беру, саяси дискуссияларға қатысу
және т.б. саяси қатысу
- ресми ақпараттарға назар
Саяси жүйе мемлекеттік
Саяси жүйенің негізгі
- билік — шешімдерге ықпалын
тигізе алатын бәсекелес
– мүдделер — мақсаттар
жиынтығы, оларды көздей отырып
жекелеген тұлғалар немесе
– саясат — әдетте заңнама
түрінде болатын билік пен
топтардың мүдделерімен бірге
олардың арасындағы өзара
Д. Истон мен Дювержьенің зерттеулері саяси жүйе табиғатын түсінуге қадам жасады. Бірақ оларда бір-бірімен қатынаста, өзара әрекетте және т.б. табылатын элементтердің өзі нені біддіреді деген мәселенің басы ашылмай қалғандығы даусыз.
Осы мәселені қарастыруда өзінің көрнекті үлесін Алмонд қосты. Ол саяси жүйеде институциональды және құндылықты тәрізді элементтердің екі тобын айырып алу керек деп есептейді. Мұнымен саяси жүйенің жоғарыда Алмонд көрсеткен анықтамасы байланысты. Ағылшын саясаттанушысы Уайт пен поляк саясаттанушысы Е. Вятр құндылықтар жүйссін саяси жүйеге қатынас бойынша сыртқы бір дүние деп есептсйді. Тиісінше, саяси жүйе әртүрлі әлеуметтік топтар мүдделерінің белгілі бір құндылықтар мен идеалдар негізінде келісімі үшін қажетті саяси институттарды бейнслсйді. Оның моні мынада, институттар жүйссі мен құндылықтар жүйесі бір-бірінен ажыратысыз және олар жиынтығында ғана саяси жүйені құрады. Институциональды жүйенің негізінде жатқан құндылықтар жүйесі қондырмалы және жүріс-тұрыстық қалып, оның шегінде саяси жүйе орналасады, және ол занды түрде рәсімделген немссс рәсімделмеген болуы мүмкін.
Сонымен, саяси жүйс кұрылым, яғни элементтер мен олардың арасындағы өзара әрекеттің жиынтығы екен. Жүйе элсмснтіне мыналар жатады:
- институттар жүйссі,
- немесе саяси құндылықтар
Барлық элементтер өзара
әрекетте болады және ақыр
аяғында олардың өмір сүруінің
экономикалық шарттарында
Саяси жүйе экономикалық қатынастар мен құрылымдардан бастап рухани адамгершілік сферадан аяқтап қоғамның ахуалын бейнелсйді. Ол арқылы әлеуметтік мүдделер анықталынады, кейіннен саясатта бекітілетін әлеуметтік басымдылықтар құрылады. Саяси жүйеде барлық, әлеуметтік өмірдің «өзегі» өтеді, өйткені онда жалаң түрде және тікелей көзқараспен қол жететіндей формада қайшылықтар болады, мұнда олар рұқсат алады. Осы мағынада саяси жүйе әлсуметтік өмірдің бейнесі бола отырып, қоғамның тұрақтылығы мен тұтастығын қамтамасыз ететін саяси биліктік шешімдер қабылдау жолымен қоғамдық күштер мүдделерінің қақтығысы да, келісуі де өтетін сфера болып табылады. Осындай жолмен саяси жүйелер құрылымына саяси қатынастар да енеді.
Уорд пен Макридистің айтулары бойынша саяси жүйе проблемаларды анықтау мен қою үшін пайдаланылатын механизмді бейнелейді, ол сондай-ақ мемлекеттік қатынастар, әртүрлі қоғамдарда шешімдердің орындалуын өңдеу мен бақылау үшін де қажетті. Ресми механизм, оның көмегімен заңдық негізде анықталған проблема мен шешімдер, күн тәртібіне қойылады, өңделеді және әрекетке келтіріледі, басқару (немесе мемлекеттік басқару) деп аталынады. Алайда басқару салыстырмалы саясаттануды зертгеушілер үшін қызығушылықтарының бірден-бір пәні болып табылмайды. Мысалы, мынадай саяси жүйелер бар, барлық ересек азаматтар шешімдер қабылдауға қатысу мүмкіндіктеріне ие болады. Керісінше, диктатура тұлғалардың тар шеңберінде шешімдер қабылдауға қатысуды шектейтін саяси жүйе.
Саяси жүйе талаптар мен қолдаулардың «кіретін» тиімді импульстарын, сондай-ақ олармен шиырлас саяси ынтымақтастық пен қайшылықтарды қайта құратын күштерден, процестерден, инсти-туттардан тұрады.
Бұл «кірстін» элемснттер кейіннен жүйеден «шығатын» ақырғы өнімдерге дейін өзгереді. Осындай процестің арқасында саяси жүйе саясатты жасақтайды, оның көмегімен құндылықтар жасалынады және бөлінеді.
«Қара жәшік» моделін Д.Истон өкілдік жүйе негізінде жасаған және оның азаматтық қоғаммен, оның құрылымдары мен институттарымен өзара әрскетінің ерекшелігін бейнслейді. Сондықтан да Д.Истонның моделінде саяси жүйе сырттан келетін импульстарды қабылдайтын, оларға жауап беретін «қара жәшік» бейнесінде бейнеленеді. Басқа сөзбсн айтар болсақ, жүйе қоғамның мүдделерін лайықты бсйнелеуге, оның талаптарын қанағаттандыруға және оны қолдауға тартылған.
Қалыпты тікелей және қайтымды байланыстар болмайтын қоғамды билейтін автократиялық жүйенің ерекшелігіне негізделген модель мұндай түсінікке балама бола алмайды. Өйткені жүйе қоғамға бұйрықтар мен директиваларды жібереді, ал қоғам бұйрықтардың орындалуы туралы және саясатты қабылдағандары туралы хат жібереді.
Саяси жүйенің қалыпты қызмет етуі, тұрақтылығы, тұтастығы мен легитимділігі бірқатар шарттарға байланысты мүмкін болады. Жоғарыда атап өткеніміздей, талаптардың ұстаусыз өсуі мен қолдаудың бәсеңдеуі жүйенің дезинтеграциясына соқтыруы мүмкін. Сол себептен де ол билік легитимділігінің құралдарына ғана емес, сонымен бірге талаптардың легитимділігіне ие болуы тиіс, олардың бір бөлігін ескірген немесе уақыты етіп кеткен ретінде саяси алаңның жиегіне шығарып тастауы, талаптардың өзін рационализациялауы керек. Құндылықтар жүйссіне, яғни оның талаптардың тиімді көлемі мен сипаттарына толықтай кепілдік бере алатынына сенім артуы, демек стихиялардың шлюзін ашуы керек, осының нәтижесінде процсстер бақылаудан шығып кетуі мүмкін. Қалыпты ряси өмір талаптары мен жүйе мүмкіндіктерінің белгілі сәйкестігін қамтамасыз ете алады. Егср дс антократиялық жүйеде саяси жүйенің қоғамға үстемдігі орын алар болса, өкілдік жүйедс іс белгілі бір мағынада қарама-қарсы бағытта өрбиді.
Саяси жүйснін қалыпты қызмет етуі үшін талаптардың «енуін» реттсп отыратын шекаралық аймақ талап етіледі. Дол осы аралық аймақта артикуляция, яғни қажеттіліктердің талаптарға өзгеруі өтеді. Бұл аймақтың талаптардын бей-берскет ағынына тосқауыл қоятындығы анық бұқаралық талап стулерді рсттеудің өзіндік механизмі болып Табылады.
Мемлекеттің әлсіреуі, өз функцииларын
алуы адам құмарлықтарының
Саяси ииституттар қызметі мен олардың арасындағы өзара әрекет норматитік ұлттық жүйе жиынтығында болатын белгілі бір принциптср мен нормалардың нәгізінде жүзеге асады.
Саяси жүйеде саяси мәдениет, яғни жалпы мәдениеттің саяси инетитуттар мен саяси процестермсн байланысты болатын бір бөлігі фундамснталды мендс болады. Саяси мәдениет ең алдымен саясатқа, саяси қатынастарға және саяси жүйеге бағытталған көріністердің, идеялардың, мақсаттар мен дәстүрлсрдің жиынтып. Бірақ ол жүріс-тұрыстық аспектіні де қамтиды. Егер рухани мәдениет тұтастай алғанда әртүрлі қатынастардағы жүре-тұра нормалары мсн срсжслсрін бслгілссс, саяси модснист саяси сфсрадағы жүріс-тұрыс нормалары мсн “ойын ережелерін” анықтап белгілейді. Ол өмір сүріп отырған саяси жүйснің, оның институттары мен ұйымдарының бірлігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ететін құндылықтар жүйссін білдіреді. Қоғамдағы үстемдік етуші саяси мәдениет қорғаныс рөлін, өмір сүріп отырған саяси жүйснің тірегі қызметін атқарады. Барлықтаптар мен әлеуметтік жіктердің саяси мәдениетті игеруі олардың интсграциясына, билік жүйе кең әлеуметтік базасының қалыптасуына, ҚЫЗМЕТ етіп отырған саяси жүйені барлық қоғамның қолдауын қамтамасыз етуінс есптігін тигізсді.
Саяси мәдсниет саяси жүйенің,
Саяси жүйенің негізінде жатқан және оны анықтаушы құндылықтар проблемасы мүдделермен тығыз байланысты, себебі маңыздылық пен құндылық дәуір мүдделерімен анықталынады.
Әртүрлі әлеуметтік топтардың мүдделері сәйкес болмайды, сондықтан да құндылыққа деген көзқарастар, құндылықтық пайымдар әртүрлі болуы мүмкін. Сонымен қатар бірқатар ортақ мүдделер де болады. Әлеуметтік келісім мен саяси тұрақтылық — барлық әлеуметтік топтардың, тұтастай қоғамның мүдделері. Сол себептен де саяси мәдениетте ортақ мүдделерден шығатын құндылықтарды және қандай да бір әлеуметтік топтың мүдделерінен шығатын құндылықтық пайымдарды айырып алу қажет. Олардың арақатынасы әрқилы болуы мүмкін. Бірақ антагонизм, үстемдік пен бағыну жағдайында саяси жүйе құндылықтарды үстемдік етуші таптың мүдделеріне сай өлшемде ескереді.
Саяси жүйе жалпы адами адамгершілік нормалар мен талаптардың басымдығын сезінгенде ғана берік бола алады. Жалпы алғанда адамзат қоғамы шексіздікке, адам болмысының ақиқаттығына деген сенімді қажет етеді. Бұл өте жұқа материя нағыз шынайылық, онымен есептеспеуге ешқашан жол берілмейді.
Адамгершілік мақсаттардың, жалпыға маңызды құндылықтардың ақиқаттығын, нормативтілігін тануда әртүрлі әлеуметтік күштердің, саяси қозғалыстар мен партиялардың бірігуі өтеді.
Құндылықтарға деген
Саяси жүйелер әр алуандығымен ерекшеленеді. Саяси ғылым осы өр алуандықты талдауға, жекелей алғанда шатаспас үшін және оларды түсінуге қол жеткізу үшін олардың формалары мен типтерін анықтауға әрдайым талаптанып келеді. Саяси ғылымда саяси-жүйелердің белгілі бір критерилері бойынша бірқатар типологиясы бар:
1) Әлеуметтік-экономикалық
тәсіл антикалық дәуірден
бастау алған өркениеттілікпен
толықтырылуы қажет. Бұл
2) Мұндай тәсілдің негізін М.
Біріншіден, бағыну түрткілері
болып дағды мен харизма,
Вебер бойынша билікті, оның легитимділігін негіздеудің бұл дәстүрлік әдісі тек қана заңдылыққа деген сенімге ғана емес, өмір сүріп отырған тәртіп пен биліктің қасиеттілігіне де негізделінген. Өзінің мотивациясы бойынша бұл тип көп жағдайда үлкенге және отбасы иесіне ерікті бағыну дәстүрі берік және тұрақты болатын патриархалды отбасы қатынастарына ұқсас. Легитимацияның дәстүрлі әдісі феодалдық Еуропа мен Шығыс үшін тән. Вебер Батыста да құқықтық мемлекеттің тұрақтылығын нығайту үшін саяси дәстүрлермен бекіту керек деп есептейді. Сол себептен де ол демократияның тұрақтылығы үшін билікті мойындаудың көпғасырлық дәстүрімен мемлекет беделін көтеретін және азаматтардың мемлекетке ерікті бағынуын қолдайтын мұрагерлік монархтың сақталуы пайдалы болар еді деп есептейді.
Саяси жүйенің мәні мен құрылымы.
Ең алдымен саяси жүйе дегеніміздің өзі не, соны айқындап алуымыз керек. Оның табиғаты, мазмұны қандай, атқаратын қызметі қандай?
1) Қалыптасқан дәстүр бойынша,
қоғамның саяси жүйесі (ұйым) мемлекет,
құқық және басқа саяси
2) Марксистік ілім бұл ретте
жалпыадамгершілік, топтық, ұлттық
және басқа да мүдделерді
Қоғамның саяси жүйесі өзіне қатысты бұл құрылымдардан тысқары тұрмайды. Қоғамның саяси жүйесі өзінің қалыптасу процесінде идеологияға, құқыққа және моральға кері ықпал жасайды. Бұл қоғамның саяси жүйесінің дербестігін көрсететін жағдай.
Сипаты жағынан қоғамның саяси жүйесі мен қоғамның материалдық базисі болып табылатын экономиканың арасында да осындай жағдай қалыптасады. Басқа сөзбен айтқанда: «саясат – экономиканың жинақталған көрінісі». Экономика саясатқа шешуші ықпал жасайды. Өз тарапынан саясат та экономикаға ықпал етеді.
Қоғамның саяси жүйесінде бір-біріне қарсы тұратын экономикалық мүдделердің иелерінен шығатын жағдай бар. Мысалы, кейбіреулері билеуші таптардан тұратын ұйымдардың жүйесін құрса, басқалары – бағынышты таптардың ұйымдарының жүйесін құрады. Таптық белгілерімен қатар тапаралық, жалпыәлеуметтік, топтық және жалпыадамдық қасиеттері мен белгілері де болады.
Барлық саяси жүйелер әлеуметтік жағынан әртекті қоғамдарда өмір сүріп дамиды. Саяси жүйелердің әрқайсысы қоғамды тұтасымен қамтиды. әрбір саяси жүйе өзінің табиғаты бар, басқадай айтқанда, саяси табиғаты бар құрылым ретінде көрінеді. Кезкелген саяси күйе экономиканың типіне, әлеуметтік құрылымға және идеологияға сүйенеді. Кезкелген саяси жүйенің құрылымдық элементі ретінде әртүрлі мемлекеттік, партиялық және қоғамдық ұймыдар болып табылады.
Қоғамның саяси жүйесі құбылыс ретінде және іс жүзіндегі факті ретінде көрінеді. Қоғамның саяси ұйымдарының барлық құрылымдық элементтеріне тәртіптілік, ұйымшылдық және аз да болса саясаттылық талабы қойылады.
Қандай болмасын ұйымның сипаттық белгілері ретінде: оның құрылуындағы, қызметіндегі тәртіптілік, жарғысы, құрылуының заңдылығы, алдында тұрған нақты мақсаттары, қоғамның мүддесіне бағытталған қызметі болуы керек.
Тағы бір қойылатын талап: олардың аз да болса қызмет жасау механизмінің саясаттылығы қажет. Қоғамның саяси ұйымының әрбір құрылымдық элементі жай ғана ұйым емес, сипаты жағынан саяси ұйым болып қалыптасуы қажет. Біріншіден, белгілі бір таптың немесе кезкелген басқа әлеуметтік қауымның саяси мүддесін көрсетуі қажет. Екіншіден, саяси өмірге араласушы және саяси қатынастарды жеткізуші болуы қажет. Үшіншіден, мемлекеттік билікке қатысы болуы керек, жақтаса да, қарсы шықса да. Төртіншіден, күнделікті қызметінде елдегі қалыптасқан саяси нормаларды басшылыққа алып отыруы шарт. Қоғамның саяси жүйесінің құрылымдық элементтерінің баршасында мазмұны жағынан саяси аспектілері бірдей болып келеді. Осыған байланысты қоғамның саяси ұйымының құрылымдық элементтері тікелей саяси (собственно политические) және тікелей емес саяси (несобственные политические) ұйымдар деп бөлінеді. Тікелей саясиға: мемлекет, саяси партиялар және кейбір қоғамдық бірлестіктер жатады. Тікелей саяси ұйымдарда мемлекет шешуші рөл атқарады. Қоғамның саяси жүйесінде мемлекет объективті түрде ауадай қажет және ажырамас құрамды элементі болып табылады. Ал қалғандары белгілі бір функцияларын атқарғаннан соң жойылуы да мүмкін.

- Саяси жүйе
- Саяси жүйе
- Саяси жүйе
- Саяси жүйедегі адам
- Саяси жүйелердің сипаттамасы. АҚШ, Ұлыбритания, Франция елдерінің саяси жүйелері
- Саяси жүйелердің түрлері
- Саяси жүйелер және демократиялық құрылым
- Саяси билік
- Саяси билік пен мемлекеттік билік. Биліктің легитимдігі
- Саяси биліктің легитимдігі
- Саяси бостандықтар мен құқықтар
- Саяси жетекшілік туралы ұғым
- Саяси жуйе
- Саяси жүйе