Саяси жүйелердің түрлері
Оңтүстік
Қазақстан
Мемлекеттік Фармацевтикалық Академиясы
Пәні: Саясаттану
Кафедра: Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер
Тақырыбы: “САЯСИ ЖҮЙЕЛЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ”
ШЫМКЕНТ - 2013
ЖОСПАР:
- КІРІСПЕ
- САЯСИ ЖҮЙЕНІҢ мәні, ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАЗМҰНЫ
- НЕГІЗГІ БӨЛІМ
- саяси жүйенің құрылымы және атқаратын қызметі
- САЯСИ ЖҮЙЕ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ДАМУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ
- г.Алмонд ұсынған Саяси жүйе жіктеліністері
- Қорытынды
- пАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
кІРІСПЕ
Жүйе дегеніміз – құрылымы
күрделі, құрамындағы бөліктері
өзара ретті түрде ұйымдасқан
әрі бағытталған тәуелді
Саяси жүйе - елдің саяси өміріне қатысатын мемлекет пен мемлекеттік емес қоғамдық құрылымдардың біртұтас кешенде қарастырылуы. Және де қоғамдағы басқаруды, билікті жүргізуді, түрлі әлеуметтік топтардың арасындағы және мемлекет аралық қарым-қатынастарды реттеуді іске асыра отырып, қоғамның ішкі бірлігін, қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік және мемлекеттік емес әлеуметтік институттардың, саяси принциптер мен құқықтық нормалардың тұтастығы.
Саяси жүйе қоғамдағы сан түрлі әлеуметтік топтардың түпкілікті мүдделерін белгілейді, оларды іске асыруға арналған элементтер мен механизмдерді біріктіреді және олардың саясатқа байланысты өзара қарым-қатынасын тұтастырып отырады. Оның қызмет атқару механизмдері тұрақтылық пен өміршеңділікті қамтиды. Бұл механизмдер арқылы қоғамдағы әлеуметтік қайшылықтар шешіліп, түрлі топтардың, ұйымдардың, қозғалыстардың іс-әрекеттері шешіліп отырады.
Саяси жүйенің ең күрделі, ең маңызды элементі - мемлекет. Саяси жүйенің қоғамды басқарудағы ең орталық буыны - мемлекет. Біріншіден, ол саяси жүйенің билігін, мүдде-мақсатын іске асыратын ең негізгі аппараты. Екіншіден, мемлекет саяси жүйенің барлық элементтерін біріктіріп, саяси функция арқылы қоғамның игілікті құндылықтарын әділетті болу процесін басқарып отырады. Бұл процесті басқару, бақылап отыру дегеніміз - қоғамдағы қарым-қатынастарды, олардың өзара байланысын реттеп отыру, тұрақты, жақсы дамуын қамтамасыз ету.
Бұл жұмыстың негізгі тақырыбы
«Саяси жүйелердің түрлері» деп аталады.
Жұмыстың тақырыбын толығымен ашу
мақсатында мынадай мәселелер
- Саяси жүйенің түсінігі және мән мағынасы
- Саяси жүйенің мазмұны және құрылымы
- Саяси жүйенің түрлері және даму заңдылықтары
- Ғаламдық саяси жүйелер
- Қазақстан Республикасындағы саяси жүйе
- Қазақстан Республикасындағы саяси жүйені реформалау және оның алатын ролі
- Өзге елдегі саяси жүйе түрлері мен қазақ еліндегі саяси жүйе түрлері.
Қазіргі таңда біздің мемлекетіміз, жалпы қоғамымыз өз дамуының түбегейлі жаңа сатысының алдында тұр. Мемлекеттігіміздің, тәуелсіздігіміздің негізін қалап, қуатты нарықтық экономика құрған соң алдымызға өмір сапасы жоғары, бәсекеге лайықты ең дамыған 30 елдер қатарына қосылу міндетін қойып отырмыз.
Бүгінгі күн тәртібіндегі
ең басты міндеттердің бірі ретінде
саяси саланы реформалау. Демократия
- әлемнің өркениетті елдерінің таңдауы,
яғни біздің де таңдауымыз. Тепе-тең
әрі демократиялық саяси жүйе
ғана Қазақстанды модернизациялау
жөніндегі ұлығаусар
нЕГІЗГІ БӨЛІМ
саяси жүйенің құрылымы және атқаратын қызметі
Жүйе туралы ғылым XX ғасырдың екінші жартысында ғылыми-техникалық революцияның қарқынды дамуына, кибернетика сияқты синтездік ғылымның дүниеге келуіне, түрлі зерттеу салаларына жүйелік әдістің қолданылуына байланысты үлкен өріс алғанын атап өткен жөн.Жүйелік талдау теориясы бойынша: 1) жүйе көптеген элементтер мен бөліктерден құралады; 2) ол бөліктер өзара байланыста отырып тұтастық құрайды; 3) жүйенің шегі бар; 4)жүйенің қызмет атқаруы үш циклдан тұрады: кіру, өндеу және шығу.
Жүйе
кіру
өңдеу (өзгерту)
шығу.
Кері байланыс
ҚОҒАМ - объективті заңдылықтар негізінде қалыптасатын, тұтастық сақтайтын, қызмет атқарып, дамып отыратын әлеуметтік жүйе.
Қоғам құрамында сан алуан кіші жүйелер бар: дара адам, отбасы, ұжым, әлеуметтік топ, саяси ұйым мен қозғалыс, т.б. Оларды экономикалық, саясат, әлеуметтік және рухани жүйелер деп салалар бойынша да жіктеуге болады.
САЯСИ ЖҮЙЕ ҚҰРЫЛЫМЫ
Саяси жүйенің басты элементі, өзегі - саяси билік. Себебі, түптеп келгенде бүкіл саяси жүйе билікті қамтамасыз етуге қызмет етеді. Ол қоғамдағы барлық адамдардың мүддесіне қатысты.
Саяси жүйенің құрылымы
негізінен алғанда
Жүйе құрамында саяси биліктің қызмет атқаруы саяси институттар арқылы жүргізіледі. Ол өз ретінде бірнеше тарамдарға бөлінеді: тікелей саяси институттар, жанама саяси институтар және саяси емес құрылымдар. Мемлекет пен саяси партиялар тікелей саяси институттар болып есептеледі. Себебі саяси билікті осылар жүргізеді. Саяси билікті ұстап тұру, жүргізу немесе ол үшін күрес - мемлекет пен саяси партиялардың қызметінің мазмұны.
Саяси жүйенің құрамындағы маңызды тарамдарының бірі -
САЯСИ ҚАТЫНАСТАР. Олар - саяси билікті жүргізу барысында немесе оған байланысты қалыптасатын қоғамдық қатынастардың бірсаласы. Саяси қатынастарды үш топка жіктеуге болады. Ең әуелі таптардың, топтардың, ұлттар мен мемлекеттер арасындағы саяси мәнді қатынастар. Саяси қатынастардың екінші тобы саяси билік жүргізу барысында басқару органдарының қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық, саяси және рухани процестерге жасайтын ықпалы негізінде қалыптасады. Үшінші топқа саяси жүйе құрамындағы түрлі саяси ұйымдар мен мекемелердің өзара қарым-қатынасы жатады.
САЯСИ ПРИНЦИПТЕР мен НОРМАЛАР саяси жүйенің нормативтік негізін қүрайды. Саяси режимдер бір-бірімен осы принциптермен нормалардың мәндері арқылы ажыратылады. Олар саяси қатынастарды реттеп отырады, саяси институттардың іс-қимылын, бағыт-бағдарын, өзара байланысын анықтайды. Саяси принциптер мен нормаларды да бірнеше топқа белуге болады: 1) құқықтық нормалар: конституция, оған негізделген заңдар және түрлі нормативтік актілер; 2) жарғылық (уставтық) нормалар - саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың қызметінің, ішкі тәртібін анықтайды; 3) қалыптасқан дәстүрлер мен ғұрыптар; 4) адамгершілік нормалары мен принциптері: ар-ождан, сөз бен істің бірлігі, бөтен пікірге құрметпен қарау, өз ісіңе жауапкершілікпен қарау. Қысқасы, саяси принциптер мен нормалар арқылы белгілі әлеуметтік мүдделер мен саяси сенімдер ресми мойындалып, бекімін табады.
Саяси жүйенің атқаратын қызметтері: саяси әлеументтендіру, азаматтардың саяси санасын қалыптастыру; билік алдына қойылған талаптарды сұрыптау; зандар мен нормаларды шығару, оларды қолдануды ұйымдастыру және бакылау мәселелері.
Саяси жүйенің басты функциалары:
- Саяси жүйе - қоғамның ахуалының, сыр-сипатының, даму қайшылықтарының бейнесі. Одан экономикалық, әлеуметтік, ұлттық, демографиалық құрылымдар мен рухани жағдайдың болмысы көрініс табады.
- Саяси жүйе арқылы әлеуметтік мүдделер іріктеліп, топтастырылады.
- Саяси жүйе біріктірушілік, топтастырушылық міндет атқарады (консенсус, тұрақтылық, тұтастық).
- Маңызды әлеуметтік мүдделердің саяси шешім табуы және іске асуын қамтамасыз етеді.
САЯСИ ЖҮЙЕ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ДАМУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ
Саяси жүйелердің пайда болатын әлеуметтік ортасының сипатына қарай мынадай саяси жүйе түрлері болады: тоталитарлық, либералдық-демократиялық және аралас жүйелер; ал өзара байланасу сипатына қарай ашық және жабық саяси жүйелер болады.
Саяси жүйенің даму
процесінің бірнеше түрі болды.
Саяси жүйенің екінші
түрі - дамыған елдерде ХХ ғасырдың
60-90 жылдары қалыптасқан нарықтық
экономика мен либерал-
Саяси жүйенің үшінші
түрі - ХХ ғасырда қалыптасқан
аралас мемлекеттік құрылыс-
Адам қоғамының тарихында
ұлтшылдық, шовинистік, расистік, фашистік
саяси жүйелері қалыптасқан,
Қазіргі заманда
Саяси жүйенің төрт бағыты болады:
- Институционалдық - мемлекет, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар бірігіп қоғамның саяси жүйесін құрайды;
- Реттеуші - құқық, саяси нормалар, әдет- ғұрып, мораль;
- Функционалдық - саяси әрекеттің тәсілдері, саяси жүйе;
- Идеологиялық - саяси сана, қоғамдағы үстемдік идеология.
Саяси жүйенің негізгі
элементтері: саяси және
Қоғамның мүдде-мақсаты
объективтік тұрғыдан
Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің алатын орны өте зор, өте жауапты. Мемлекет саяси партиялармен бірігіп қоғамның барлық саласының дұрыс, жағымды дамуына жауапты және сол жауапты жұмыстың басым ауыртпалығын мемлекет өз мойынына алады.
Сонымен, жүйенің даму заңдылықтары дегеніміз - қоғам өмірінің әр кезеңінде саяси - әлеуметтік құбылыстардың бірлесіп саяси жүйесінің объективтік, тұрақты даму процесінің заңдылықтарына айналуы.
Саяси жүйелерді әртүрлі өлшем тұрғысынан жіктеу түрі:
- Маркстік тәсіл, мәселен, қоғамның формациялық түрде дамуын және әлеуметтік - экономикалық құрылымның ерекшеліктерін басшылыққа ала отырып құл иеленушілік, феодалдық, буржуазиялық және коммунистік саяси жүйелерді ажыратады.
- Биліктің әлеуметтік негізіне қарай әскери және азаматтық, ұлттық - демократиялық және буржуазиалық саяси жүйелерді бөлуге болады .
- Саяси жүйелер қоғамдағы саяси режимдердің сипатына карай демократиялық, авторитарлық және тотаритарлық жүйелер есебінде қарастырылады.
- Саяси жүйелер өзінің ұстаған бағытына, сипаты мен өзгергіштігіне қарай консервативті және трансфомацияланушы жүйелер болып бөлінеді.
- Дәстүрлі және жаңғырған (модернизацияланған) жүйелер туралы да айтуға болады. Дәстүрлі жүйеде биліктің харизматикалық түрі үстем, жаңғырған жүйеде азаматтық қоғам бар, саяси рольдер нақтыланған.
- Саяси жүйелер ашық және жабық, орталықтандырылған және жергілікті билік буындарына дербестік берілген т. б. болып бөлінеді.
Г.Альмонд ұсынған Саяси жүйе жіктеліністері
Саясаттанушы ғалымдар көбінесе саяси жүйелердің Г.Алмонд жасаған жіктемесіне ой тоқтатады. Ол басты өлшем ретінде саяси мәдениет айырмашылығын басшылыққа ала отырып, саяси жүйелердің мынадай типтерін жіктейді: англо - американдық; континентальды - еуропалық индустриаландырылмаған және жарым жартылай индустриаландырылған; тотаритарлық.
Алғашқы типке АҚШ, Англия, Канада және Австралия мем-лекеттерінің саяси жүйелері топтастырылған. Бұл жүйелер тұрақтылықтық жоғары деңгейімен, биліктің тармақталуымен сипатталады. Саяси мақсаттар мен оларға жету жолдарын барлық саяси күштер қуаттайды. Сөйте тұра әр партия, әр мүдделі топ өз мақсатын айқын біледі, жүйе құрамында нақты өз орындары бар. Халық үшін басты маңызды нәрсе-жеке бостандық, әл-уақыттың жетістілігі және қауіпсіздігі.
Саяси жүйенің континентальді-
Азия, Африка және Латын Америкасы елдерінің көбінің саяси жүйелерін индустрияландырылмаған немесе жартылай индустрияландырылған деп аталатын типке жатқызуға болады. Бұл елдердің саяси мәдениеті Батыс елдеріне тән қасиеттердің, этностық дәстүрлердің, діни ғұрыптардың қоспасы. Билік айқын тармақталмаған, әскерилер мен аппараттағы бюрократтар заң шығару міндетін жиі-жиі өз мойындарына алады, сот ісіне де қол сұғады. Тұрақсыздық басым, күштеу әдісі үстем. Көпшіліктің саясатқа араласуы іс жүзінде шектеулі.
Қорытынды
Қазіргі уақытта жеке дараланып үзеңгі қағыстырып келе жатқан екі жүйе бар. Біріншісі - жоспарлы экономика мен нарық заңдарын, социализм мен дәстүрлі қоғам институттарын ұштастырған Қытай мемлекетінің жүйесі. Бұл жүйенің негізін салушы Дэн Сяо Пин XX гасырдың 70-80 жылдарында материалдық өндіріс саласына нарықтық қатынастарды кеңінен кіргізуді, саясат пен идеологияда коммунистік тоталитарлық ұстанымдары толық сақтап қалуды мақсат еткен, Қытайдың сан ғасырлық тарихы бар ұлттық дәстүрлері мен берік орныққан діліне негізделген дамудың жаңа моделін ұсынған болатын. Соңғы 30 жылдан астам уақыт оның идеяларының өміршеңдігін дәлелдеді. Қытай қарышты дамып келеді, озық елдердің қатарына шығап, әлемді өзіне қаратты. Кейбір саясаттанушылар мен экономистер XXI ғасыр - Қытай ғасыры деп тегіннен тегін айтып жүрген жоқ.
Екінші жүйе - тек нарық экономикасының шарттары мен жаһандану процесіне жүгінген, жеке адамның бостандығы мен тандау еркіне ешкімнің қол сұқпауын қадағалайтын азаматтық қоғам институттары салтанат құрған жүйе. Бұған АҚШ, Канада, Австралия, Жаңа Зеландия, Жапония, Оңтүстік Корея, Тайван, Гонконг сияқты елдер мен Еуропалық одақтастықты құрайтын мемелекеттер жатады.
Г. Алмонд ұсынған типология тұрғысынан алғанда Қазақстан Республикасының бүгінгі саяси жүйесін нақты бір типке жатқыза қою қиын. Тоталитарлық жүйеден кеше ғана шықтық. Оның салдары әлі жойыла қойған жоқ. Дегенмен, англо-американдық жүйеге ұмтылудамыз, сондай-ақ континентиальді-еуропалық жүйеге тән сипаттардың да, азиялық ерекшеліктердің де бар екенін айқан жөн. Қазақстан Республикасы, Ата заңымызда атап көрсетілгендей,«өзін демократиялық зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы - адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Республика қызметінің түбегейлі принциптері: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму; қазақстандық патриотизм; мемлекет өмірінің аса манызды мәселелерін демократиялық әдістерімен,оның ішінде республикалық референдумда немесе Парлементте дауыс беру арқылы шешу» (1- бап). Ең бастысы Қазақстанның саяси жүйесі мемлекеттік биліктің бірден бір бастауы халық болып табылатын, президенттік-парламенттік басқару нысанындағы демократиялық жүйе есебінде қалыптасып келеді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
- Ұ.Сыдықов . Саясаттану. Оқу құралы.-Алматы. 2012
- Д.А.Булгакова. Мемлекет және құқық теориясы. Оқу құралы.-Алматы: Заң әдебиеті. 2004
- ҚР Конституциясы 1995ж 30 тамыз (2007ж21.05өзгертулер мен толықтырулар)
- Wikipedia.org
- Ашитов З.О. Қазақстан Республикасының құқы
қ негіздері: Оқу құралы.: Жеті жарғы, 2003.- 296 б.

- Саяси жүйелер және демократиялық құрылым
- Саяси жүйе мен саяси режимдер
- Саяси идеология және саяси сана
- Саяси идеологиялар
- Саяси институттар
- Саяси институттра
- Саяси қатынастар
- Саяси жүйе
- Саяси жүйе
- Саяси жүйе
- Саяси жүйе
- Саяси жүйе
- Саяси жүйедегі адам
- Саяси жүйелердің сипаттамасы. АҚШ, Ұлыбритания, Франция елдерінің саяси жүйелері