Шешімдерді қабылдаудың жеке стильдері
ЖОСПАР
І. Кіріспе
..............................
1.1.
Басқару шешімдерінің мазмұны
мен түрлері...................
1.2. Шешім қабылдау
үрдісі мен әдістері ..............................
2.1. Шешімдерді
қабылдаудың жеке стильдері.....................
2.2. Басқару
шешімдерінің тиімділік жағдайлары....................
2.3. Мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру факторлары.................26
Қорытынды.....................
Қолданылған
әдебиеттер тізімі........................
Кіріспе
Қазіргі заманда басқару қызметі қоғам дамуының ең маңызды факторы болып есептеледі, ол өндіріс, қоғамдық процестер, экономика, территорияның әлеуметтік сферасын басқарады. Басқару қызметі әрдайым жаңа даму кезеңдеріне ұшырап отырады, өйткені аймақтарды және мемлекетті басқару жыл сайын жаңа дамуға негізделеді, шаруашылық байланыстардың ауырлауы, тұтынушылардың тұтыну көлемі ұлғайды. Осы негізде ҚР экономикасын көтеру бағыттарының бірі жергілікті өзін-өзі басқаруды қолдану болып есептеледі.
Менің курстық жұмысымның
Муниципалдық менеджменттің негізгі тапсырмалары:
1.Муниципалдық
білімдердің әлеуметтік-
2.Муниципалдық білімдердің дамуын болжау;
3.Муниципалдық
білімдердің дамуының негізгі
бағыттарын, жоспарларын және
4.Муниципалдық
білімдердің дамуын және
Муниципалдық менеджменттің мәселелерін шешу келесідей бағытталған:
Әлеуметтік ортаға– халықтың тұрмыс-жағдайын қажетті деңгейімен қаматамасыз етіп,барлық азаматтарға тең өмірлік
Экономикалық ортада – муниципалдық білімдерін экономикалық территориядағы еңбек бөлінісін тиімді пайдалану.
Муниципалды менеджмент келесі қағидалардан тұрады - мемлекеттің экономикалық кеңістігінің біртұтастылығын сақтап, өз-өзін қаражатпен қамтамасыз ету, жалпы мемлекеттік, аумақтық және муниципалдық қызығушылықтары қағидалары болып табылады. Мемлекеттік басқарудың тиімділік мәселесі қазіргі кездегі ғылым пен тәжірибенің басты назарындагы мәселелердің бірі болып табылады. Бұл мәселеге шетел және ресей ғалымдары да өздерінің ғылыми еңбектерін арнағаны белгілі.
«Қызмег тиімділігі» түсінігі кез келген қызмет түріне, оның ішінде басқарушылық қызметге де қолданылады. Әкономикалық ғылымда әкономикалық тиімділік категориясы және оны бага- лаудың тиісті олшемдері енгізілген. Нарықтық бәсекелестік жағ- дайында фирманы басқару проңесінде қатысты қазіргі заманғы менеджментте де осы категория пайдаланылады. Оларды бірқатар өзгеріулер енгізе отырып, мемлекеттік басқарудың тиімділігі түсінігін анықтау барысында қолдануға болады.
Мемлекеттік
басқарудың тиімділігін арттыру мәселесі
бүгінгі тандағы өзекті тақырыптардың
біріне жатады. Ғалымдар арасында бүл
мәселені зерттеу барысында әр түрлі көзқарастар
қалыптасқан және оны шешу жолдары туралы
да ортақ пікір жоқ. Аталған мәселені тиімділіктің
жалпы жүйелік факторларын талдау негізінде
қарастыру мемлекеттік саяси-идеялық
және стратегиялық факторларды ескеруді
ұйғарады. Басқару тиімділігін талдауда
экономикалық, әлеуметгік, саяси, құқықтық
және республика субъектілерінің кіші
жүйелері деңгейінде жалпымемлекетгік
факторлар негізгі фактор ретінде қарастырылады.
1.1 Басқару шешімдерінің мазмұны мен түрлері
Муниципалды басқару мәні мен түсінігін анықтайтын болсақ. Муниципалды басқару – бұл экономикалық білім жүйесіндегі ғылыми пән, ол аймақтың әлеуметтік–экономикалық жүйесін оқытады. Муниципалдық басқару мен жергілікті өзін-өзі басқару ұғымдары бір мағынаны береді. Ол екеуіде жергілікті меншік иеліктерін басқаруға негізделген. Муниципалдық басқару – бұл жоғары деңгейлі қызметтің өзіндік түрі, ол өзін-өзі басқаруға негізделіп, қоғамның мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған, белгілі заңды нормативтерге сүйене отырып басқаруға бағытталған. Жергілікті өзін-өзі басқару – бұл бегілі бір территорияда мекендейтін азаматтардың атынан, сол территорияда тұратын адамдармен олардың әлеуметтік қажеттіліктерімен байланысты мәселелерді жергілікті деңгейде жүзеге асыру.
ТМД елдерінің жергілікті өзін-өзі басқару жөніндегі модельдік құрылымына сай муниципалдық құрылым бұл – муниципалдық меншігі, өзіне тиесілі қаржылық бюджеті тағайындалған жергілікті өзін-өзі басқару органы бар, белгілі бір территорияда жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын қалалық, аудандық немесе селолық мекен. Муниципалдық құрылым шекаралары халықтың орналасуының көлемін, оның салт-дәстүріне, тарихи жақтарын ескере отырып бекітіледі.
Жергілікті өзін-өзі басқару
- Әлеуметтік бағдарланған бағдарламалар;
- Муниципалдық меншік түріндегі басқару обьектісі бар;
- Жергілікті басқарудың негізгі қызметтері сайланбалы муриципалдық органдар мен өзін-өзі басқарудың ұжымдық органдармен жүзеге асыру.
Жергілікті өзін-өзі
Басқару
элементтерінің байланыс қатынастары
деңгейлері мен өкілеттіктері — оның
құрылымының ең басты, негізгі түсініктері.
Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымының
элементтері жеке жұмыс істеушілер (бастықтар,
мамандар, қызметкерлер), сол сияқты, белгілі
бір функционалдық міндеттерді орындайтын
басқару аппаратының органдары немесе
осы аппаратта қызмет атқаратын мамандар
болуы мүмкін. Басқарудың ұйымдастырушылық
құрылымының мамандану элементтерінің
екі бағыты бар. Біріншіден, ұйым бөлімшелерінің
құрылым құрамына байланысты маркетингті
жүзеге асыратын басқару құрылымының,
өндіріс менеджментінің, ғылыми-техникалық
процестің тізбектері өзара ажыратылады.
Екіншіден, функциялардың жалпы сипаттамасына
байланысты жоспарлаумен шұғылданатын,
ендірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыратын,
ұйымда барлық процестерді бақылайтын,
басқару процесінің міндетін орындайтын
органдар қалыптасады.
1.2. Шешім қабылдау үрдісі мен әдістері
Басқару қызметі процесінде шешім қабылдау ең тиімді мәселе. Шешім қабылдау басқару процесінің міндетті, қажетті бөлігі. Басшының кез келген әрекеті іс жүзінде белгілі бір шешім қабылдаудан басталады. Басшы сонымен қоса жете ойластыруы жоқ деректерді болжалдай білуі, дұрыс корытынды жасай білуі және соның негізінде жағдайға сәйкес келетін шешім қабылдауы тиіс. Басшы кез келген жағдайда шешім қабылдаудан бас тартпауы тиіс.
Қабылданған
шешім бүкіл ұжымның
«Басқару
шешімі» термині екі негізгі
мәнде қолданылады Бірінші
Басқару шешімінің ең маңызды белгісі, объекті: өндіріс немесе басқару жүйесінің озі болып саналады.
Шешім туындаған проблема болған жағдайда қабылданады. Мәселе дегеніміз, жүйенің қажетті және қолданылып жүрген қалпының арасындағы сипатталатын жағдай.
Шешім қабылдауды кешіктіріп, жұмыстың орындалуына кедергі жасағаннан гөрі, ең дұрысы тәуекел еткен жөн. Мњныһ тек жедел шешімге сапа емес, басқа да шешімдерге катысы бар.
Керженцев былай деп атап көрсетеді: «Шектен тек қол қусырып отырғанша, шешім қабылдаған жөн».
Баскару шешімінің маңызды талаптарының бірі — мақсаткерлік. Кез келген жұмыс тікелей орындаушыларға берілетін тапсырмаларды айқындайды.
Ірі шаруашылық шешімдері бірнеше мақсатты
айқындайды.
Кез келген шаруашылық шешімі әділ болуы,
яғни шешімді қабылдаған кезде нақты жағдайы
ескерілуі тиіс. Сонымен қоса, қез келген
шаруашылық шешімі дәйекті болғаны жөн.
Басқару шешімі жан-жақты болуы яғни шаруашылық
мәселелерімен қоса әлеуметтік мәселелері
де шешілсін.
Шешімде тапсырманың мәні, оның көлемі, мерзімі, жүзегс асыру әдісі, сондай-ақ орындауға жауаптылар корсетілсін.
Басқару субъектісі бойынша шешімдерді былайша бөлуге болады:
1.Әкімшілік шешімі.
2.Қоғамдық ұйымдар шешімі т.б.
Басқару объектісі бойынша шешімдерді жалпы және жекелей, күрделі және қарапайым деп бөледі. Жалпы шешім әдетте, бүкіл шаруашылықтын мүддесін қозғайды. Жекелей шсшімнің жедел сипаты болады, бұл көбінесе басқарудың төменгі буынына тән.
Ықпал ету объектісі бойынша шешімді сыртқы және ішкі деп бөледі.
Сыртқы шешім халық шаруашылығы ондірісінің ерекшелігін айқындайды, әрі сол шаруашылықтың жоғарғы ұйымдармен және органдармен, сондай-ақ ауыл шаруашылық өнімдерін өңдейтін кә сіпорындармен қарым-қатынасын қарастырады
Ішкі шешім ауыл шаруашылығы кәсіпорыннын өзіндегі қызмет саласына жатады.
Уақыт өлшеміне қарай шешімді: перспективалық, күнделікті (ағымдағы), және жедел деп боледі.
Болашақ шешімнің орындалуына ұзақ уақыт (3-5 жыл және одан астам) керек. Мәселен, ірі мал шаруашылық кешендерін салу, кәсіпорынды дамытудың әлеуметтік-мәдени жоспарлары т.б. перспективалық шешімге жатады. Мұндай мәселелер күрделі қаржы бөлуді, еңбек, материалдық және басқадай ресурстарды қамтиды. Перспективалық шешім бағдарламалық сипат алатындықтан, перспективалык жоспарларда керсетіледі.
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары үшін күнделікті шешім көбінесе бір-екі жыл аралығында жүзеге асырылады.
Жедел шешім, әдетте, қысқа уақыт ішінде (бірнеше апта, күн, ай) жүзеге асырылады.
Бағдарланған шешім дегеніміз жоспарлардың немесе іс- әрекеттердің белгілі бір жүйемеи жүзеге асу нәтижесі, былайша айтқанда, шешімнің математикалық теңдеуі. Бағдарланбаған шешім біршама жаңа, ішкі құрылымы калыптаспаған немесе белгісіз факторлар жағдайында қабылданады. Мұндай шешімдерге мыналар жатады: ұйым мақсаты қандай болу керек, басқару бөлімшесінің құрылымын қалай жақсарту керек
Басқару шешімдерінің ішкі мазмұнының біртұтастығы проблема қалай шешілуі керек деген сауалға жауап береді. Бұл — шешімнің маңызды бөлігі.
Шешімнің ұйымдық бөлігіне мынадай мәселелер жатады: іс- әрекеттің бірізділігі мен реттілігі, календарлық мерзімдер (ақырғы және аралық), орындауға жауаптылар, орындаушылар арасындағы үйлестіру және озара әрекеттесу мәселелері есеп беру тәртібі.
Басшы кез келген проблеманы ең алдымен танымдык, басшылық тұрғысында қарастырады. Басшының басқару объектісі проблемаларын шешудегі ерекше көзқарасының өзі, міне, осында. Проблеманы тұжырымдау көп жағдайда басшының біліміне, тәжірибесіне, іскерлігіне, осы жұмысқа мамандарды, шаруашылык белсснділерін жұмылдыра білуіне байланысты. Дұрыс шешім қабылдау жеткілікті, әрі айқын мәліметгер болғанда ғана мүмкін болады.
Мәлімст көлемі қарастырылатын міндеттердің күрделілігіне, сондай- ақ шсшімді қабылдайтын адамның біліктілігі мен тәжірибесіне байланысты. Перспективалық шешімдерді ойластыру үшін алуан түрлі, әрі көлемді мәліметгер қажет. Жедел мәселелер, технологиялық жағдайлар туралы шешім қабылдағанда мәліметтің онша көп болуы қажет емес.
Шешім кабылдау мақсатында мәлімет жинау үшін қолда бар мәліметтерді арнайы жасалған нышан бойынша сұрау. Жекелей бақылау жүргізеді, мамандармен және қарапайым жұмыскерлермен әңгіме өткізеді, қалыптасқан жағдаймен танысады, мамандардың пікірін талдайды . Егер мүмкіндік болса, социологиялык зерттеу жүргізеді. Адынған мәліметтерді талдаған кезде, оның сипатына қарай пайдаланады. Мәселен, сапалық мәліметтер дегенді зсрттеу үшін белгілі логикалық амалдарды: салыстыруды, синтезбен талдауды. абстракциялауды, жинақтауды, индуктнвтік және дедуктивтік қорытындылауды, әртүрлі дәлелдеу тәсілдерін пайдаланады.
Күрделі
мәселелерді шешкенде көптеген факторлар
болғанда, ал шешімнін дұрыс болмауы
қосымша шығынға
Шешімнің қолайлы вариантын (баламасын) таңдау. Шешім варианттарының бірнешеуін ойластырғаннан кейн, әр варнантты жеке қарастырады. Шешім қабылдаудың бұл сатысында варианттардың қиындық дәрежесі мен орындау мүмкіндігін айқындау қажет. Ең тәуір вариантты таңдау басқару шешімінің жауапты кезеңі. Іске аспайтын варианттарды шығарып тастайды да, ақырғы таңдауға неғұрлым жүзеге асатын вариант шешімдерін қалдырады. Қолайлы шешім вариантын ақырғы тандау жөніндегі бұдан кейінгі жұмыстарды оңайлату үшін не істеу керек? Ол үшін әрбір вариантты мұқият ойластыру қажет.
Қызметтік мақсатқа орай шешімдерді жоспарлау-экономикалық, қаржы және әкімшілік сипатта болады.
А.И.Пригожнн«Басқарудың әлеуметтік жағдайлары» кітабында шешімдерін былайша жіктейді.
1. Шешімдерді ойластырғанда алдыңғы тәжірибелер міндетті түрде ескеріледі.
2. Онша айқындалмаған шешім, мұнда басшының жекелей үлесі басым болуы мүмкін.
3. Творчестволық шешім белгілі бір стратегиялық мақсатты жонс соган жетуді коздейді.
Шет ел авторлары ұйымдық шешімдерді бағдарланған және бағдарланбаған деп жіктейді.
Критерий дегеніміз, кабылданатын шешімнің әр түрлі вариангтарының тиімділігін салыстыруға мүмкіндік беретін көрсегкіш немесе бірнеше көрсеткіш.
Мақсатты тұжырымдау мен өлшемдерді таңдау арасында басқару шешімі үшін әрқашанда тікелей байланыс болуы керек. Межелеуінген көмегімен қойылған мақсатқа жетуге жұмсалатын деңгейді аныктайды. Сонымен, межелеуіштерді таңдаумен басқару шешімін ойластыру жөніндегі жұмыстың әзірлік кезеңі аяқталады.
Шешім қабылдаудын дәстүрлі нышанымен қоса, басшы шешімді орындаушылармен, оны жүзеге асырудың нақты бағдарламасын да
акылдасады.
Проблеманы жедел шешудің кең тараған тәсілдерінің бірі идеяны ұжымдык генерациялау — «ми шабуылы» тәсілі. Мұның мәнісі проблеманы дәл тұжырымдау, оны шешу амалдарын қарастыру.
Ми шабуылы идеясының артыкшылығы: проблемаларды шешуге мамандар мен
эксперттерді, сонын ішінде басқа ұйымнын кеңесшілерін тартуға болатындығы.
Кемшілігі: коммуникацияның жоқтығы, бағалау субъективтік сипатта болады.
Қабылданған шешім арнайы құжаттарда — бұйрықтарда, жарлықтарда, каулыларда, нұскауларда, хаттамаларда көрсетіледі. Басқару шешімінің де шамалы болатындығының белгісіздігі. Тәуекел еткенде, ксз келген нышанында айқын әрі белгілі максаты, дәл мекен-жайы, орындау мерзімі, орындау жолдары мен амалдары болуы тиіс.
Жағдайдың өзі тұтастай ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын немесе оның жекелеген өндірістік бөлімшелерін, жұмыскерлер тобын, жекелеген орындаушьшарды қамтуы мүмкін. Жағдайдың қалыптасу сипатына қарай қабылданатын басқару шешімінінде өзіндік типі болады. Жағдайды дер кезінде бағалау және дұрыс түсіну көбінесе басқару шешімін қабылдау уақытына байланысты.
Басшы қалыптасқан жағдайды жете білуі тиіс. Жағдайды бағалау процесінде қабылданатын шешімнің мақсаты — бұл міндетті шешу процесінің бірінші кезеңі. Мақсат дегеніміздің өзі басқаратын объектіге қолайлы, әрі қажетті ыкпал ету болып саналады, соның нәтижесінде қалыптасқан жағдай тиімді шешетіп болады.
Проблема мен мақсат дұрыс тұжырымдалған жағдайда міндеттін шешілуі 50 пайызға қамтамасыз етіледі деп есептеуге болады. Басшының міндеті — өндірістік-техникалық, экономикалық, сондай-ақ әлеуметтік сипатта басқару жүйесінде пайда болуы мүмкін проблемаларды дер кезінде айқындау.
Шешімді кабылдаудың әзірлік кезеңінде кез келген деңгейдегі басшы өндірістік, экономикалық, әлеуметтік жағдайларды бағалаудан бастауы тиіс. «Жағдай» ұғымына шешім кабылдауға тура келетін, әрі басқару жүйесіне ықпал етіп, оны жаңа жағдайға ауыстыратын ішкі және сыртқы жағдайлардың барлық жиынтығы енеді.
2.1.
Шешімдерді қабылдаудың
жеке стильдері
Басқару мәдениетін жетілдіру оның барлық әлементтерін жетілдіруді білдіреді. Әрбір нақты жағдайда қандай да бір құрамдас бљліктері басқару тиімділігін арттыру үшін шешуші мәнге ие болуы мүмкін. Сондықтан басқаруды жетілдіру мәселелерін шеше отырып, жоғары тиімділікке қол жеткізетін әлементтер мен бағыттарды анықтау мақсатында басқару мәдениеті деңгейін жан-жақты және кешенді талдаған жљн. Бүгінгі таңда басқару мәдениеті — ел әкономикасы қызметінің нәтижесіне тікелей әсер ететін басқарудың құрамдас бөлігі болып табылады.
Басқару қызметкерлерінің мәдениеті әр түрлі қасиеттері бойынша көрініс тапса да, олардың мәдениетінің толық және нақты бағасын жұмыс істеу стиліне қарап беруге болады. Басқарушылық қызмет стилі дегеніміз — билік органдарының, қызметкерлерінің күнделікті қызметінде қолданатын әдіс-тәсілдер, құралдар жүйесі, бағынышты қызметкерлерге қатысты жүріс -тұрыс үлгісі. Оның қоғамның басқа салаларындағы қызмет стилінен ерекшеліктері мемлекетгік-биліктік өкілеттіктерге сүйеніп, оны қолданумен байланысты болатын, нақтылай және толықгай нормативтік реттеліп отыратьш, басқару әсерін қалыптастыруды және іске асыруды мақсат түтатын басқару қызметкерлерінің әлеуметгік белсенділігімен айқындалады.
Мемлекеттік басқару стилі келесі әлементтерден түрады:
- Мемлекеттік билік органдарының мақсаттық, функңионалдық және ұйымдық сипаттамалары;
- Басқару органдары қызметгерінің занды түрде бекітілген және жүзеге асырылатын әдістері, проңедуралары, нысандары;
- Қызметкерлердің жалпы мәдени, кәсіби және жеке қабілет деңгейі.
Басқарушылық қызмет стилі саяси режимдерге байланысты және соған сәйкес қалыптасады. Осыған орай ғылыми әдебиеттерде бірнеше басқару стилдері қарастырылған, атап айтқанда, директивті (әкімшілік, автокрагиялық, авторитарлық), демократиялық (ұжымдық, кооперативтік) және либералдық.
Директивті стильге биліктің шектен тыс орталықтандырылуы, көпшілікпен және бағыныштылармен санаспаушылық тән, мұнда нені қалай істеу керектігін басшы өзі шешеді.
Демократиялық стильде - бағыныштыларға еркіндік беру арқылы, олардың белсенді түрде араласуы нәтижесінде шешімдер әзірленіп, қабылданады. Жұмысты орындауға қажетті алғышарттар жасалып, оның нәтижесі әділ бағаланады. Адамдармен сыйласымды қатынастар орнатылады.
Либералдық стиль- басшының бағыныштылардың іс-әрекеттеріне араласуымен сипатгалады. Ол жауапкершіліктен қашқақтап, тігіті ұжым қызметінің ең күрделі мәселелерін шешуге де қатыспайды.
Аталыгі өткен стильдерден басқа әркім нені және қалай істеғісі келсе өз бетінше орындайтын анархиялық стшь; белгілі бір шараны орындау, атқару кезінде ғана аса белсенділік танытатын, әрекетсіздік білдірілетін кампаниялық стиль, көбінесе бұйрыққа, қызметтік тәуелділікке негізделіп, дљрекі психологиялық қысым жасалатын еріктілік стиль түрлері белгілі. Сонымен қатар нормативтік, ягни көпшілік мойындаган, қогам қолдайтын жалпы ортақ стилъді, нақтылы басқару қызметінің жағдайларына, түрлеріне және қызметкерлердің қабілетіне байланысты қалыптасатын жеке стильдерді де атауга болады.
Американдық психолог Курт Левин (1890-1947 жж.) директивті басқарудағы қызметті ең өнімді деп санаған. Демократиялық басқару ең кљп тараған және өнімділік пен сапа көрсеткіштеріне қол жеткізуге мүмкіндік туғызады. Басқарудың либералды стилі барлық жағынан нашар болып шықты. Левин мінез-құлықтық бағыттың өкілі болып табылады, себебі оған дейін басқару тиімділігін басқарушының жеке қасиеттерімен емес, бағынышты қызметкерлерге қатысты жүріс-түрыс үлгісімен анықтайтын тұлғалық және жағдайлық теориялар орын алған болатын. Осыған байланысты стильдер автократиялық және демократиялық болып жіктеледі. Авторлар сәйкесінше оларды «барлық күш-жігерін жұмысқа жұмылдырған» және «барлық күш-жігерін адамдарға бағыттаған» деп біледі.
Бірақ басшы тек жұмысқа ғана ез назарын аударып, қызметкерлеріне мүлдем көңіл бөлмеуге болмайтындығы кейіннен белгілі болды. Ол қандай да бір дәрежеде адами қатынастарды ынталандыруға, қарамағындағылардың қажеттілігін қанағаттандыруға мәжбүрлі. Авторитарлық бағыттың да, адами қатынастар позиңиясын ұстанушылардың да жақтаушылары бар. Бұл екі бағьггта тәжірибе жүзінде оң қолдауға ие болды және олар жұмыспен қанағаттанушылық, жоғары еңбек енімділігінің болуымен бағаланады. Алайда, тәжірибе жүзінде бүл көрсеткіштердің өсуін қандай да бір стильмен байланыстыруға болмайды. Жұмыспен қанағаттанушылық пен еңбек өнімділігінің жоғары болуы авторитарлық басқарудың нәтижесінде және керісінше, қарама-қарсы нәтижелер демократиялық басқару стилінде де болуы мүмкін.
Нақты өмірде аталмыш басқару стильдерінің ешбірі де таза күйінде көрініс таппайды. Әрбір басшының мінез-қүлқынан (жүріс-тұрысынан) аталған үш стильдің барлығына тән жалпы ерекшеліктерді кездестіруге болады. Әр түрлі адамдар мен ұжымдарды басқаруға сәйкес келе беретін әмбебап басқару стилі жоқ. Көбіне олар ұштасып, сабақтасып, қандай да бір стильдің басымдыққа ие болуымен сипатталады. Дегенмен мемлекетгік басқарудың демократиялық стилінің мақсатқа сай, нәтижелі және перспективалы екендігін тарихи тәжірибе кљрсетіп љтыр. Бүл стиль басқарушылық проқестерді түрақтандыруға және сол арқылы үтымды әрі тиімді қоғамдық дамуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қандай да бір стильді дұрыс таңдау басқарушылардың оларға тән қасиеттері мен жеке ерекшеліктері, бағыныштылардың әлеуметгік-психологиялық ерекшеліктері сияқты. көптеген факторларға байланысты. Ғалымдардың зерттеулерінің нәтижесінде басқарушының әр түрлі орнату барысында бірнеше басқару стильдерін ұстанатындығы анықталған. Ал ол басқару ісіндеғі бағыныштылардың жауапкершілігіне байланысты болған.
Жалпы
түрде жауапкершілік өзара
Осыған байлансты өткен ғасырдың 60-шы жылдары американдық профессор Дуглас Мак Греғљр адамдардың түрпатын ажырататын «X» теориясы мен «У» теориясына негізделген, басқаруды ұйымдастырудың екі тұжырымдамасын ұсынған.
Басқару қызметімен айналысатын жеке адамдардың бойынан ынталандыру мен жауапкершілік іспетті қасиеттердің үнемі табылуы бұл процесте қажетті нәтижелерге қол жеткізудің басты негізін қүрайды. Дегенмен тек жеке адамдардың ізденгіштігіне, өзін-өзі дамытуға үмтылыс жасауына ғана үміт артпай, басқару тәжірибесін игеру ұйымдасқан түрде жүргізіліп, ол өз кезегінде басқару стилінің ажырағысыз бөлігіне айналғаны дұрыс. Осыған байланысты мемлекеттік басқару стилін жетілдірудің төменгідей негізгі бағыттарына тоқталып өткен жөн. Алдымен басқару қызметінің басқару әсеріне бағытгалуын қарастырайық. Басқарудың нақты сипаты, болмысы тек тиісті үрдістерге оның тигізетін ықпалында көрініс табады. Басқару ықпалы қоғамдық даму үрдістерінде бір қалыпты, тиімді жағдайды қалыптастырып, дамытқан, өзгерткен жағдайда ғана орын алады. Егер басқару ықпалы қабылданған шешімдерге, жүргізілген ұйымдастырушылық шараларға, басшының жұмсаған күш-жігеріне қарамастан объектіге жетіп, жүзеге асырылмаса, онда басқару да болмайды.

- Шешім қабылдаудағы басқару есебінің рөлі
- Шешуші сұлбалар
- Шизофрения
- Шизофрения
- Шизофрения
- Шизофрения
- Шизофрения
- Шетел тілін оқытуда ойын элементтерін пайдалану
- Шет тілін оқытуының бір бөлігі ретінде шет тіл мәдениетін оқыту
- Шеходанова Наталья Геннадьевна
- Шешендик онвр
- Шешендік өнер
- Шешендік сөздерді оқыту
- Шешендік сөздер туралы жалпы түсінік