Шет елдердің конститутциясы
Жоспар:
Кіріспе.......................
- ШЕТ ЕЛДЕРДІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫ........................
.............................. 4
1.1 Шет елдердің конституциялық
құқығы ғылым және оқу пәні
ретінде.......................
1.2 Конституциялық құқықтық
пәні. Конституциялық құқықтық қатынастар,
олардың субъектілері..................
1.3 Шет елдердің конституциялық
құқығының қайнар кқздері,
олардың түрлері мен
1.4 Шет елдердегі Конституциялық
құқығы оқу курсының жүйесі. Оның
құқық саласының мамандары
- ШЕТ ЕЛДЕРДІҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ.................
.............................. ..........................7
2.1 Конституция шет
елдердің Конституциялық
2.2 Шет елдердегі
2.3 Конституциялық қадағалау......
Қортынды......................
Қолданылған әдебиеттер....................
Кіріспе
Коституциялық құқық ғылымында
«конституция»түсінігі екі мағынада
қолданылады. Формальді мағынада-бұл
заңды конституция , яғни қоғамдық-экономикалық
құрлымды, мемлекеттік құрлым нысаның
және басқару нысаның, сонымен қатар
тұлғаның құқықтық жағдайын бекітетін
мемлекеттің негізгі заңы. Заңды
конституция ненің болатындығын
ұйғаратын құжат болып
Нақты және заңды конституция не сәйкес келуі, не сәйкес келмеуі мүмкін. Заңды және нақты конституция арасындағы елеулі айырмашылықтың болуы негізгі заңның ереже бөлімдерінде кейде жиналғандықтарды тудырады. Мұндай ережелерді шыңайы әлеуметтік-саяси өмірге сәйкесттікке жеткізу конституция мәтініне түзету енгізу және оны конституциялық қадағалау органдарымен талдау жолы арқылы қол жеткізіледі.
Қазіргі уақытта
жүзден артық әрекет етуші
конституция саналады. Олардың кейбіреулері
жүз жылдар бұрын қабылданған.
Ең ескі конституциялар болып:
АҚШ-1787ж., Норвегия-1847ж., Бельгия-1831ж., Люксембург-1868ж.,
Шейцария-1874ж.саналады. Екінші дүниежүзілік
соғысқа дейін өзге де әрекет
етуші Австралия, Мексика,
Қазіргі әрекет етуші конституция жеке өзіне тән белгілерге ие. Оларда әкімшілік, ұлттық, саяси, тарихи, діни және өзге де сәйкес мемлекеттердін ерекшеліктері көрініс табады.
- ШЕТ ЕЛДЕРДІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫ
1.1 Шет елдердің конституциялық құқығы ғылым және оқу пәні ретінде
Әрбір мемлекеттің Конституциялық құқық саласы ретінде оның ұлттық құқықтық жүйесінің негізгі бөлігі болып табылады. Конституциялық құқық пәні адамдар арасындағы, қоғам мен мемлекет арасындағы қатынастарды, мемлекет және қоғамдық құрылымның негізін құрайтын қатынастарды белгілейді. Конституциялық құқықтық әдісі болып қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің түрлері, тәсілдері, амалы аталынады. Оларға: орнату; рұқсат беру; міндеттеу; тиым салу жатады.
Құқықтық тәртіпті нығайту және реформалау кезінде құқықтық ғылымның ұсынған шешімдері егерде ол салыстырмалы құқықтық әдіске сүйеніп шешсе нәтижелі болуы ықтимал. Сондықтан осы салыстырмалы құқықтық әдіс, қай шетелдің құқықтық жүйесінің қандай күрделі мәселелерінің қандай жолмен шешілгендігін ескере отырып, оны ұлттық құқықтың сәйкестелген саласында қолдануға болады.
Конституциялық құқық құқықтануда үш аспектіде қарастырылады:
- нақты мемлекеттің құқық саласы ретінде;
- ғылым ретінде;
- жоғары заң білімі жүйесіндегі оқу пәні ретінде.
Осы үш мағына тығыз байланыста болғандықтан біртұтас болып табылады. Олардың қызметін біріктіретін конституциялық құқықтың ғылымы.
Құқық саласы ретінде Конституцияларда, заңдарда, Президент декреттеріндегі іштей үйлестірілген заң нормаларының жүйесі болып табылады және қоғамдық қатынастардың ең біріншіден, қоғам мен мемлекет құрылымының жеке тұлғаның құқықтық жағдайының негізгі белгілі тобын реттейді.
Ғылым ретінде ол кітаптарда, мақалаларда, ғылыми еңбектерде Конституциялық құқық мазмұныныа қатысты әртүрлі теориялар, көзқарастар, болжамдардың жиынтығы болып келеді.
Оқу пәні ретінде бұл пән жоғары мектептерде дәріс беруге арналған. Оқу курсы Жалпы және Ерекше бөлімдерден тұрады. Бірінші, Жалпы бөлімінде шет мемлекеттеріндегі Конституциялық құқықтық негзі институттары жалпы және салыстырмалы түрде оқылады, Ерекше бөлімінде – жеке мемлекеттерінің және әлемнің ірі мемелекеттерінің және ТМД елдерінің Конституциялық құқықтарының негізі оқылады. Конституциялық құқық – ішкі құрылымдарын айқындайтын бір-бірімен байланысты бөлімдермен элементтерден тұратын жиынтық. Негізгі бөлімдермен элементтеріне: оның жалпы қағидалары, институттары мен нормалары жатады.
Жалпы қағидалар – Конституциялық құқық жүйесінің негізін құрайтын және оған бірыңғай ағым беретін шет мемлекеттеріндегі Конституцияның мәтінінде бекітілген қағидалар.
Конституциялық — құқықтық институттар – қоғамдық қатынастардың біркелкі саласын реттейтін нормалардың жиынығы, мысалы, мемлекет басшысы институты, адам мен азаматтық құқықтық мәртебесінің институты, жергілікті басқару институты және т.б.
Конституциялық — құқықтық нормалар – Конституциялық – құқықтық қатынастарды реттеу мақсатындағы мемлекет қалыптастырған және санкцияланған міндетті мінез-құқық ережелері.
1.2. Конституциялық — құқықтық қатынастар Конституциялық — құқықтық нормаларымен реттелетін қатынастар. Осы қатынастық қатысушыларын субьект деп атайды. Конституциялық — құқықтық субьектілеріне:
- мемлекет және субьектілері немес автономиялары;
- жеке тұлғалар: Конституциялық – құқықтың белгілі құқықғын иемденген азаматтар, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ тұлғалар;
- мемелекеттің негізгі органдары;
- белгілі мемлекеттің саяси өмірінің белсенді қатысушы болып табылатын қоғамдық бірлестіктер мен азаматтар ұжымы;
- жергілікті басқару
мен өзін — өзі басқару
- аймақтық заңнама
жинақтары, парламент,
Конституциялық — құқықтық қатынастың обьектілеріне субьектілердің осы қатынасқа байланысты игіліктерді көздеу, мысалы, жария биліктің жүзеге асырылуына қатысу, кісінің ар-намысын қорғау, қоғамдық бірлестікте мүше болу және т.б.
1.3. Құқықтық қайнар көздеріне құқық нормаларының сыртқы қалпы жатады.
Шет мемлекеттерінің Конституциялық құқығының ең жоғарғы қайнар көзі болып – Конституция болып табылады. Конституция – мемлекеттің негізгі заңы, халықтың мемлекеттік мүддесін білдіретін ең жоғарғы түрі, мемлекеттің жоғары заң күші бар заңы. Шет мемлекеттердің конституциялық құқығының қайнар көздеріне мыналар жатады.
- Заңдар. Конституциядан кейін заң күші бар және Конституциялық құқықтың ең таралған қайнар көзі болып табылады. Заңдар Конституциялық, органикалық және ағымдығы болып бөлінеді.
- Конституциялық заңдар. Кейбір мемлекеттерде Конситуцияға өзгерістер енгізеді, Коснитуцияны толықтыратын заңдар ретінде (бұрыңғы Чехословакия), немесе жай заңдардан жоғары тұратын, бірақ Конституцядан төмен жоғарғы заң күші бар Конституцияның маңызды мәселелері бойынша қабылданатын заңдар (Италия), немесе өтпелі жағдайларды қамтитын және Конситуциямен бірге қабылданатын заңдар.
Органикалық заңдар – мемлекеттік органдардың мәртебесін айқындайтын заңдар.
Ағымдағы заңдар – жеке қоғамдық қатынастарды реттейтін нормаларға сүйенетін заңдар (мысалы, сайлау құқығы, депутат мәртебесі, азаматтық, т.б,)
- Атқарушы биліктің
нормативтік – құқықтық
- Конституциялық бақылаудың
нормативтік – құқытық
- Соттық преценденттер ұқсас істерді қарау кезіндегі соттарға міндетті үлгі болып табылатын жеке істер бойынша, яғни соттың қаулылары қаралынады;
- Конституциялық құқық нормаларын мазмұндайтын жергілікті өзін-өзі басқару органдарының шешімі (муниципалды құрылымның мәртебелері, жарғылары);
- Конституциялық салт
– ресми мәілметтерде жоқ,
бірақ мемлекеттің үнсіз
- Халықаралық құқық
нормалары, халықаралық және
- Діни қайнар көздері
ерекше жеке мұсылман елдерінде
Конституцияның орнын Құран
- Құқықтық доктарина – Конситуциялық – құқықтық мәселері бойынша заңгер – ғалымдардың ресми пікірлері.
1.4. Конституциялық құқық ғылымына 18 ғасырда саяси философия көп әсер етті (Ш.Монтескье, Ж.Ж.Руссо, Локктың еңбектері). Осы аталғандардың еңбектерінде көптеген қағидалар, конституциялық-құқықтық доктриналардың жасалуына мүмкіндік туғызды. Конституциялық-құқықтық доктрина жеке дара болып қана қоймай, юриспруденцияның басты, негізгі саласы болып табылады.
Бұл қағидалар:
- халықтық егемендік;
- билікті бөлу;
- конституцияның жоғарылығы;
- негізгі құқықтардың ажырамайтындығы.
Конституциялық құқықтың қазіргі заманда негізгі ағымдары мен мектептері:
- радикалистік ағым (марксист ғалымдар және революциялық демократтар конституцияның құқықты топтық күрес көзқарасынан қарайды).
- либералдық ағым (бұл
ағымның өкілдері
- заң мектебі (ХХ ғ. 20-шы жж. Тек заң ұстаным жағынан оқу);
- политологиялық мектеп
(20-ғасыр ортасында тек
- теологиялық мектеп.
Неміс ғалымы, заңгер Лабандтың еңбектерінде егемендік халықтық емес, мемлекеттік деп түсіндірілді және монархиялық билікке өз еркіне қарай өзін-өзі шектеу бостандығы берілді.
Францияда Парламенттік республика
қалыптасқандықтан француз
- ШЕТ ЕЛДЕРДІҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ
2.1 Конституция шет
елдердің Конституциялық
«Конституция» термині — латын тілінен аударғанда (constіtutіo) бекіту деген мағынаны білдіреді.
Конституция қоғамның нарықтық және рухани даму мәнінің саяси-құқықтық формасын көрсететін, күрделі тарихи, әлеуметтік және заңды құбылыс. Конституция қоғамдық және мемлекеттік құрылысты анықтайтын, билік органдарының тәртібі мен қағидаларын құрайтын, адам мен азаматтардың құқықтары мен міндеттерін, сайлау жүйесін қалыптастыратын, өкілеттік органмен ерекше тәртіпте немесе референдумда халықпен қабылданатын, мемлекеттің ең негізгі нормативтік құқықтық актісі болып табылады.
Әлемдегі ең бірінші жазылған конституция АҚШ-тың Конституциясы. Ол 1787 жылы қабылданған, әлі күнге дейін әрекет етіп келеді.
Ғылыми еңбектер мен арнайы шығармаларда ғалымдар конституцияны ерекше түрдегі құқықтық құжат ретінде қарастырады.
Конституция ең жоғары заң күшіне ие болатын, барлық құқықтық актілерден жоғары тұратын нормативтік құқықтық акт. Оған барлық заңдар мен заңға бағынышты актілер сәйкес келу қажет.
Конституцияларға анализ
жасаса 18 ғасырдың аяғы 19
ғасырдың басында қабылданған
саяси аренаға шыққан буржуазияның мүддесін, жоғары палата лордтар палатасы феодальдық топтардың мүддесін қорғауға тиіс болды.
Басқа құқықтық актілерден
Конституция тұрақтылығымен, шынайылығымен,
Жоғарғы заң күшілігімен
Легитимдік Конституция — бұл заң жолымен қабылданған Конституция, яғни сол уақытқа дейін әрекет ететін Конституцияда қолданылған жолмен қабылданады.
Шынайылылық - заңдылық және құқықтық тәртіптілік режимі жағдайында осы қабылданған ережелердің орындалуы және кепілдік беруі.
Тұрақтылық - Конституция ережелерінің тұрақтылық түрі.
Жоғары заңдылық күші - Конституция мен Конституциялық құқықтық емес, басқа да құқықтық салаларының қайнар көзі болады, мемлекеттік органдардың қолданып жүрген заңдар мен заң актілері Конституцияға сүйену қажет және соған сәйкес болуы керек.
Конституциялар бөлінеді:
- жазылған және жазылмаған;
- шынайы және жалғанға; «тірі» және «өлі».
- икемді және қатаңға;
Жазылған Конституциялар біртұтас құқықтық акт немесе бірнеше құқықтық актілерден тұрады. Жазылған заңдар кодификацияланған және кодификацияланбаған болып бөлінеді. Егер Конституция жалғыз құжаттан тұрса — кодифицияланғанға жатады, егер құқық актілерінің жиынтығынан тұрса онда ол кодифицияланбағанға жатады. Мысалы: кодификацияланған конституцияларға АҚШ (1787ж.), ГФР (1949 ж.) жатқызуға болады, ал кодификацияланбаған конституцияларға Швеция (ол 4 нормативтік құқықтық актілерден тұрады), Израил – бұл конституциялық мінез-құлықтарға сәйкес сұрақтарды реттестіріп отыратын бірнеше нормативтік актілерден тұрады (заңдардан)
Жазылмаған Конституциялар көптеген қайнар көздерден тұрады, олар ішінде жазылған және ауызша (бұл конституцияларға салт-дәстүрлер мен келісімдер жатады) актілерде болады. Бұндай конституциялар пайыздық өлшемдер бойынша өте көп.
Шынайы Конституциялар - нақты қоғамдық қатынастарды бейнелейді және соған сәйкестенеді.
Жалған (фиктивтік) Конституциялар - шынайы қатынастармен салыстырғанда қоғам жағдайының шын мәнін көрсетпейді.
Конституцияның өзгеру тәсіліне байланысты икемді және қатаң болып бөлінеді. Икемді Конституцияда өзгерістер жай көпшілік дауыспен жүзеге асырылады. Қатаң Конституцияға өзгерістер енгізу қиын, өзгерістер енгізудің бірнеше тәсілдері бар:
1. сараланған көпшілікпен (2/3;3/5;3/4);
2. референдум арқылы өзгерістер енгізу;
3. өзгерістерді Федерация субъектілерінің заң шығарушы органдарының ратификациялауы;
4. Жаңа Конституция қабылдау
үшін Парламент құрамын
Конституцияның негізгі қызметтері:
Заңдылық қызметі. нарықтық, саяси және рухани өмірдегі қағидалары анықталатын құқық нормаларын белгілеу, адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын заңды қорғауды ең жоғарғы деңгейде бекіту.
Саяси қызмет. Барлық саяси күштердің іс-әрекеттері Конституция орнатқан «ережелері» бойынша жүзеге асырылады.
Идеологиялық қызмет. Конституция идеологиялық ықпал ету амалының бір түрі болып келуінде.
Конституция құрамының ішкі тәртібін және орналасу жолынайқындау қажет.Конституциялар ішкі құрылымы бойынша әр түрлі болып келеді, бірақ жаңа буын Конституциялары ортақ белгімен анықталады. Олардың құрылымына: преамбула, негізгі бөлім, қортынды және ауыспалы ережелер, кейбір жағдайда қосымшалар кіреді.
2.2 Конституциялық құрылыс: мемлекетті ұйымдастырудың конституцияда бекітілген нысандары және әдістері. Конституциялық құрылыстың негіздері болып мемлекеттің басты құрылғысы және олардың негізгі қағидалары табылады. Конституциялық құрылыстың өзіндік ерекешеліктері бар, бірақ жаңа өркениетті мемлекеттердегі конституцияларының жалпы ұқсастығы бар. Олардың құрылысына кіретіндер: преамбулла (кіріспе бөлім), негізгі бөлім, қорытынды және өтпелі ережелер, кейбір кездерде қосымшалар болып табылады.
- Преамбула — бұл қысқа
және салтанатты сөз, заңды
күші жоқ болғанымен
- Негізгі бөлім — нөмерленген
тараулар мен баптарға
- Қортынды және өтпелі
ережелері бұрынғы және жаңа
қабылданған Конституция
Конституциялар әдетте жоғары және ресми стильмен жазылады.
3. Конституцияның мазмұнына, қабылдауына белгілі факторлар әсер етеді.Олар:
ª Биліктің қоғамның белгілі қабатына жатқызылуы;
ª Таптық күштердің қоғамда орынмен орналасуы;
ª Конституцияны дайындау және қабылдау кезіндегі қоғамдық пікір;
ª Халық менталитеті;
ª Басқа мемлекеттердің Конституцияларының ықпал етуі және тығыз басқа жағдайлар.
Конституцияны қабылдаудың бірнеше тәсілдері бар: октроилеу, құрылтай жиналыспен қабылдау, референдум арқылы.
1. октроирленген монархтың
немесе мемлекет басшысының
2. халықпен референдумда кең таралған тәсіл, кей мемлекеттерде конституция ең алдымен парламентте, одан кейін референдумда бекітіледі;
3. құрылтайшылық жиылыспен
конституция қабылдау үшін
Көп шет мемлекеттерінің Конституциялары Конституциялық әділ соттылыққа көп мән береді. Конституциялық бақылау Конституция заңдарының сәйкестігін тексереді. Конституциялық әділ соттылықтың жалпы юрисдикциялардың соттары жүзеге асырады Бір жағдайларда бақылауда жоғарғы Соттар жүзеге асырады, ал, кейбір жағдайларда барлық инстанциялардғы соттар. Бұл модельді «американдық» деп атайды. Мысал ретінде АҚШ-ты көрсетуге болады. Екінші модель еуропалық мемлекеттерде үстем. Мұнда Конституциялық бақылауды арнайы органдар жүзеге асырады — Конституциялық Сот, Конституциялық кеңес. Федеральдіктен басқа одақтық мемлекеттерде дербес және жеке мәртебесі бар конституциялық соттар құрылады. Конституциялық сот немесе кеңес құрамының қалыптасу түрінің мұнда екі түрі қолданылады — парламенттік және аралас.
Таза парламенттік түрге
Федеративтік Германияның Конституциялық
сотының қалыптасу тәртібі
Конституциялық сот құрамының аралас түрінде парламент тек жартылай сайлау құқығына ие болады.Францияда Республика президенті, Ұлттық жиналыстың және Сенат төралығы Конституциялық кеңеске 9 жылға 3 мүшеден сайлайды.
Шет мемлекеттерінің
Конституциялық соттағы мүшелік мына жағдайлармен сыйымсыздықта болады:
- кез келген өкілді мандатымен;
- саяси және әкімшілік қызметімен;
- саяси партиялар мен кәсіптік одақтарда жұмыс атқару мен немесе төрағалық етумен;
- соттың немесе прокурорлық
қызметті атқарумен және
2.3. Конституциялық бақылау органдарының мәртебесі әр елде әр түрлі және бірнеше салаларды қамтиды.Конституциялық бақылауды жүзеге асыратын жалпы юрисдикциялық соттар белгілі сатысын қарау кезінде заңның Конституциялық нормаларға сәйкес келуі туралы мәселе қоюы мүмкін, бұл нақты бақылау деп аталынады.
Заңның Конституцияға сәйкес келуі туралы мәселені Конституциялық соттар мәселені мына субъектінің қозғауы бойынша қарайды: мемлекет басшысы, парламент, немесе оның палаталары, депудаттар тобы, үкімет,федерация субьектілері.Бұл бақылаудың түрі — абстрактілі бақылау.
Кейбір Конституциялық соттарда осы екі түрі де бірге жүреді.
Конституциялық бақылаудың екі жүйесі бар: алдын-ала және кейінгі. Алдын-ала бақылау Франция, Португалия және басқа да мемлекеттерде заң қабылданғаннан кейін промулгацияға дейін жүзеге асырылады. Кейінгі бақылау заңның күшіне еніп және қолданып жүрген кездегі тексеру кезде жалпы юрисдикциялық сотпен және Конституциялық сотпен жүзеге асырылады.
Кейбір мемлекеттердің Конституциялық соттар Конституцияны талқылау құқығына ие болады.Бұл құқықты АҚШ-тың Жоғарғы Соты және басқа штаттардың соттары икемденеді.
Қортынды
Конституцияның маңызды
ерекшелігінің бірі-адам мен азаматтардың
құқықтық мәртебесін жариялауы болып
табылады.Адам және азаматтардың құқықтары
мен міндеттері 1789жылы адам және азаматтардың
құқықтары жөніндегі француз
декларациясынан бастап көптеген елдердің
конституциясы осы екі
Адам құқықтары –табиғи, оған тұлға ретінде тумысынан берілген ажыратылмайтын құқығы тетінде есептеледі.
Азаматтың құқықтары азаматтылық, мемлекет пензаңдық байланыс, саяси қауым фактілеріне байланысты туындайды. Оларға: сайлау құқығы, бірлестіктерге ұүұыұж.т.б.Мұсылман құқығында адам құқықтары діни және жынысына байланысты болып келеді. Мыс: Сирия конституциясы (1973 ж)бойынша Республика президенті тек мұсылман ғана бола алады. Әйел мұрагерлер, ер адамдар алатын мұра үлесінің жартысына ғана құқылы.
Тропикалық Африкада тұлғалардың құқықтық мәртебесі оның белгілі бір племенге жататындығына байланысты.
Жеке тұлғаның құқықтық жағдайы
оның статусына: азаматтығына, шетел
азаматтылығына, азаматтығы жоқ тұлғаға,
көп(екі) азаматтығына байланысты болады.
Белгілі бір мемлекеттің
Көп азаматтылығы бар тұлғалар
1995 жылы Польшада,1997жылы Литвада,
Шетел азаматтары, азаматтығы жоқ тұлғалар, көп азаматтықты иеленген тұлғалар сол елдің азаматтары сияқты келген елінің заңын сақтауға міндетті және заңды білмеуі жауапкершіліктен босатпайды.
Жазба конституциялардың бәрінде де мемлекет құқық пен бостандықты жариялай отырып іс жүзінде кепілдік береді. Әсіресе, адам құқығы жайлы парламенттің өкілетті институты (омбудсмен, комиссар, медиатор, төреші,т.б.) аса үлкен маңызға ие. Қазіргі кезде мұндай институттар әлемнің 40-астам елдерінде құрылып, жұмыс істеуде.
Көптеген конституциялар мемлекет тарапынан кепілдік берілетін адам мен азаматтың құқығы мен бостандығын бұзғандығы үшін жауапкершілік тағайындайды. 1798жылғы Декларация әлі күнге дейін күшін жоғалтпай отыр. Декларация тек кез келген мемлекеттің басты мақсаты болып табылатын ажырамас табиғи адам құқығын қамтамасыз етуді жариялап қана қоймай, бостандық, жеке меншік, қауіпсіздік, езіп-жаншуға қарсы қарсылық сияқты т.б. нормаларды біржақты тұжырымдап береді.

- Шетелдердің конституциясы
- Шет елдердің саяси жүйесі
- Шет елдерінде жер мониторингін жүргізу жайлы жалпы мәліметтер,жер мониторингінің ұлттық жүйелері
- Шетелдер мемлекет жане құқық тарихы
- Шетелдік Еуропаның ұлттық мәдениет ерекшеліктері
- Шетелдік және отандық технологиялар
- Шетел инвестициялары
- Шетелдегі халыққа білім беру жүйесі
- Шетелде кәсіпкерлік құру рекшеліктері
- Шет елдердегі жерге орналастыру
- Шет елдердегі логистика түсінігі және оның даму тарихы
- Шет елдердегі парламенттік монархияның ұғымы
- Шет елдердегі сақтандыру жағдайы
- Шет елдерде сақтандыру ісін ұйымдастыру