Шетелдік Еуропаның ұлттық мәдениет ерекшеліктері
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Экономикалық факультет
Туризм кафедрасы
«Әлем халықтарының ұлттық мәдениеті» пәні бойынша
Тақырыбы: «Шетелдік Еуропаның ұлттық мәдениет ерекшеліктері»
Астана қаласы, 2012 жыл
Жоспар
Кіріспе
I. Еуропа елдеріне жалпы шолу
II. Еуропа елдерінің мәдениеті
2.1 Антика ммәдениеті
2.2 Испания мәдениеті
2.3 Австрия мәдениеті
2.4 Швейцария мәдениеті
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Мәдениет – тарихи құбылыс. Оның дәрежесі мен сипаты қоғамдық өмірдің жағдайларына байланысты өзгеріп отырады. Мәдениет деп белгілі бір халықтың қол жеткізген табыстары мен шығармашылығының жиынтығын айтуға болады. Мәдени игіліктерді толассыз жасау нәтижесінде адам өзінің де мәдени деңгейін көтереді.
Мәдениет – жеке адамның
өмір сүру мақсаты мен құндылық жүйесі,
адамның өмір сүрген ортамен қарым-қатынасы.
Ол - өзара қарым-қатынас
Адамдар өздерін қоршаған
ортаға, оның әлеуметтік және
мәдени қатынасына әсер етеді,
өзгертеді. Олар оны өз
Мәдениет әр түрлі
әлеуметтік құрылымдардың,
Шетелдік (ТМД елдеріне қатысты) Еуропа 800 млн. адам халқы бар 10 млн. км территорияны қамтиды. Мұнда тарихи тағдырларының ортақтығымен, тығыз саяси, экономикалық және мәдени қатынастармен өзара байланысқан 40-тан астам мемлекет орналасқан. Шетелдік Еуропа – дүниежүзілік өркениет ошақтарының бірі, Ұлы географиялық ашылулардың, өнеркәсіп төңкерістерінің, қала агломерацияларының, халықаралық экономикалық интеграцияның отаны, бұл аймақ қазіргі кезде дүниежүзілік саясат пен экономикада өте маңызды орын алады.
Шетелдік Еуропа мәдениеті ерекше, әрі бай. Оның әр түрлі болып келуі елдердің географиялық орналасуы, дамудың тарихи алуан түрлілігі, ғылыми жетістіктердің пайда болуы, аймақтық шиеленістер мен т.б факторларға байланысты болып келеді.
Жұмысымызды жазу барысында Еуропаның жалпы тарихына, мәдениетіне және Еуропаның 3 мемлекетінің жалпы сипатттамасы мен тарихына, ұлттық құрамы мен діни ерекшеліктеріне және мәдениетіне тоқталып кеттік.
Біздің жұмысымыздың негізгі мақсаты Еуропа туралы жалпы мәліметтермен танысып, оның мәдениетінің ерекшеліктерін анықтау, тарихи тұрғыдан ұлттар мен таптардың, діндер мен тілдердің, мәдениет пен өркениеттің пайда болуы мен дамуын анықтап, қазіргі уақытта қандай деңгейде екенін білу болып табылады.
I. Еуропа елдеріне жалпы шолу
Еуропа — (гр. Europa, семит
тілінің “эреб” — “батыс” сөзінен
шыққан, Ежелгі Грекияда Эгей теңізінің
батысындағы жерлер осылай аталған)
— Еуразия құрлығының батысын
алып жатқан дүние бөлігі. Азиямен
бірге Еуразия құрылығын
Еуропа – Еуразия материгінің батысындағы дүние бөлігі. Оның аралдарымен қоса есептегенде дүние бөлігі 10 млн кмә-ге жуық. Еуропа семит тілінің «эреб» - батыс деген сөзінен шыққан деп қарастырылады. Мифологияға сүйенетін болсақ бұл жер атауын грек мифологиясындағы Зевстің Критқа алып қашқан финикия патшайымы Еуропа есімімен байланысты деп айтылған.
Гесихий деген лексикографтың айтуы бойынша «Еуропа» сөзі «күн батыс елі» мағынасында берілген.
Еуропа Батыс, Шығыс, Солтүстік, Оңтүстік Еуропа елдеріне жіктеледі. Еуропа құрамындағы мемлекеттер: Австрия, Албания, Андорра, Беларусь, Бельгия, Болгария, Босния және Герцеговина, Ватикан, Венгрия, Германия, Грекия, Дания, Ирландия, Исландия, Испания, Италия, Қазақстан (батыс бөлігі), Латвия, Литва, Лихтенштейн, Люксембург, Македония, Мальта, Молдова, Монако, Нидерланд, Норвегия, Польша, Португалия, Ресей, Румыния, Сан-Марино, Словакия, Словения, Түркия (солтүстік-батыс шеті), Украина, Ұлыбритания, Финляндия, Франция, Хорватия, Чехия, Швейцария, Швеция, Эстония, Югославия.
Ресей мен тәуелді мемлекеттерді есептемегенде Еуропа құрамына 43 мемлекет кіреді. Еуропаның елдері дамыған болып келеді.
Еуропа елдерінің ¾
бөлігінің басқару құрылымы республика,
12 мемлекетте монархия. Ватиканнан басқа
монархиялық мемлекеттерде
Ұлы географиялық ашылулар
заманынан бері эмиграция ошағы
болып келген Еуропа қазіргі кезде
еңбек иммиграциясының
Еуропа елдерінде 80-нен астам этнос өкілдері тұрады. Халқының басым көпшілігі үнді еуропалық тіл семьясына жатады. Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Еуропада славян тобының халықтары:орыстар, поляктар, чехтар, болгарлар, хорваттар, сербтар, словактар, словендер; Солтүстік және Орта Еуропа герман тіл тобына: шведтер, норвегтер, немістер, ағылшындар, голландықтар, исландықтар; Батыс, Оңтүстік-Батыс Еуропа роман тіл тобына:француздар, итальяндар, испандар, румындар, португалдар бөлінеді.
Еуропа христиан дінінің
кең таралған орталығы болып
саналады. Мұнда провославие, католик
және оның тармақтары болып
табылатын протестант
II. Еуропа елдерінің мәдениеті
2.1 Антика ммәдениеті
«Антика» ұғымы Қайта
өрлеу заманында пайда болды,
бұл терминді итальяндықтар греко-рим
мәдениетін анықтау үшін енгізді (латынның
ежелгі деген сөзінен). Антика мәдениеті
Европа мәдениетінің дамуында шығар
нүкте болды. Ежелгі Греция адамды табиғаттың
көркем де жетіліп жаратылған жаны,
барлық заттар өлшемі ретінде ашты.
Антика мәдениеті үшін дүниені тануда
ұтымды (теориялық) тәсіл, эмоционалдық-эстетикалық
қабылдау, әлеуметтік-практикалық және
теориялық проблемаларды шешуде
үйлесімді логика мен өзіндік
дербестігі тән. Ежелгі грек мәдениетіне
тән келесі белгілерді атап көрсетуге
болады: ол ең алдымен космологиялы.
Космос оның абсолюті болады. Космос грекше
бұл ғалам әлемі ғана емес, бей-берекеттікке
қарсы тұратын әлемдік
Ежелгі Грек өнерінің тарихы бірнеше кезеңдерден құралады. Крито-микен кезеңі немесе эгей кезеңінде (б.з. дейінгі ІІІ-ІІ мыңжылдық) Крит шеберлерінің өнері гүлденіп, Балкандағы ахей тайпаларының шығармашылық белсенділігі өседі. Б.з. дейінгі ХІ ғасырдан VIII ғасырға дейін шартты түрде «гомер» деп аталатын кезең жалғасады. Ол белгілі эпостың пайда болуымен, керамиканың таралуымен сипатталады. Б.з. дейінгі VII-VI ғ.ғ. көне дәуір дербес қала полистерінің құрылуы және өнердің қарқынды даму кезеңі болды. Классикалық кезең б.з. дейінгі V және IV ғасырларды қамтиды және ежелгі грек өркениеті дамуының жоғарғы нүктесі болып саналады. Грек мәдениеті дамуының соңғы кезеңі (б.з. дейінгі ІІІ-І ғасыр) эллинизм дәуірі – Жерорта теңізі бассейнінде тұрған халықтар арасында Эллада мәдениетінің кең таралуымен сипатталады.
Көне заман кезеңінде
қала-мемлекеттің антикалық
Грек мәдениетінің органикалық бөлігі саяси сипаттағы дін болды. Олимпия құдайларының бейнелерінде демонизм, зооморфизм жұрнағы бар, бірақ антропоморфизм бірінші орынға шығады. Антропоморфизм – анимизм формаларының бірі: адамға тән психикалық қасиеттердің табиғат құбылыстарына, жануарларға, заттарға ауысуы; құдайды адам бейнесінде беру, жалпы гректіктен басқа (Зевс, Гера, Посейдон, Аполлон, Афродита, Афина, Дионис және т.б.), Грецияның әр облысында орманда, тауда, далада тұратын жергілікті құдайлар болған, Құдайлар адамдар тәрізді тағдырға көнгіш келген, бірақ олардан айырмашылығы өлмейтін мәңгілік болған. Құдайлар туралы мифтерден басқа гректерде қаһармандар, жартылай құдай түріндегі жандар туралы мифтер тараған (Геракл, Ахилл, Энеи). Грек мифологиясы басқа халықтардың мәдениетіне үлкен әсер етті, ол ақындар мен суретшілердің шабыт көзі болып табылады.
Грециядағы діннің ажырамас бөлігі құдай мүсінімен азаматтардың салтанатты шеруі формасында бас құдайды құрметтеу және құрбандық шалудан соң, мерекелік шаралар өткізу болды. Ең белгілілері Зевске арналған спорт жарыстары – Олимпиада ойындарын өткізу болды, Олимпиада ойындары б.з. дейінгі 776 жылдан төрт жылда бір рет өткізіледі.
2.2 Испания мәдениеті
Испания мемлекеті Еуропаның оңтүстік батысында орналасқан мемлекет. Астанасы Мадрид қаласы. Ол Пириней түбегінің көп бөлігін алып жатыр. Көлемі бойынша Испания Еуропада Ресей, Украина және Франциядан кейінгі төртінші орынды алады. Ол ең таулы жерде орналасқан.
Испания мемлекеті қазіргі кезде валюталық қоры бойынша әлемдегі тоғызыншы орынды алады. Испания әлемдік экономикада өзінің тауарларын шығарып, айналымға жіберу арқылы осындай дәрежеге жеткен. Ол жақта сонымен қатар АҚШ, Франция, Англия мемлекеттерінің үлкен компаниялары орналасқан. Оларға металлургия және көлік жасау компаниялары өнім өндіреді.
Испанияның ұлттық тілі кастильдік тіл. 95% халық католиктер болып табылады. Испания консульдық монархиялық мемлекет. Мемлекет басшысы король.Қазіргі король Хуан Карлос І.Заң шығарушы орган екі палатадан тұрады депутаттар конгрессі және сенат. Сенат 259 адамнан турады. Барлық депутаттар төрт жылға сайланады. Ал конгресс депутаттары 350 адамнан құралған. Атқарушы үкімет басшысы ретінде премьер министр тағайындалады.
Испанияның мәдениетіне келетін болсақ, ашық аспан астындағы музей деген атқа ие. Өйткені, бүкіл әлемдік маңызы бар тарихи оқиғалардан қалған ескерткіштер осы жерде сақталған. Ең танымал музей Мадрид қаласында орналасқан Прадо музейі. Оның кереметтілігін бір күнде көріп шығу мүмкін емес. Бұл музейді Фердинанд корольдің әйелі Изабелла салдырған болатын. Музнйде испан, француз, нидерланд, неміс қолөнершілердің туындылары сақталған. Қазіргі таңда музейде 6000 сурет, 4000 скульптур және көптеген алтын мен ерекше бағалы заттар сақталған. Музейде Эль Греко, Дего Виласкес және Франсиско Хоссе де Гойя атты суретшілердің суреттері бар.Эль Греконың суреттерін басқалардан айрықша бөліп, көзге ерекше түседі. Өйткені ол ашық түстерді көп қолданады. Сондықтан суреттері энергетикаға, позитивті дүниеге толы . Прадо музейінде «Троица»,« Распятие с Богоматерью, Иоанном және Марией Магдалиной», сонымен қатар «Крещение Христа» картиналарын кездестіруге болады. Испандықтардың алтын ғасырлық қорына жататын суретшілердің бірі Диего Вилескас. Ол өз картиналарына ерекше бір мән беріп, картиналарға қаралау түсті берген. Ең танымал картиналары «Триумф Вакха или Пьяницы», «Портрет Филиппа IV в охотничьей одежде», «Изабелла Бурбон на коне».
Әрбір мемлекетте Мекке секілді барып құлшылық ететін ерекеше жерлері болады. Испания мемлекетінде ол Саргада соборы. Бұл собор ХХ ғасыр мен ХХІ ғасырды байланыстыратын көпір секілді. Собор слынғанына екі жүз жылдан асса да, қазіргі кезег дейін собор салынып, жаңа құрылыстар жүріп жатыр. Бұл ғажайып дүние ЮНЕСКОның қорына кірген собор.
Испандықтар балық жегенді жақсы көреді. Мысалы. Анчоус, треска, мерлан, камбала. Сонымен қатар испандықтар етті де құрмет тұтады. Әсіресе қуырылған. Күріштен жасалған тағамдарда керемет дәмді деп есептелінеді
Коррида ойыны тек қана ойын емес, ол үлкен бір спектакль секілді. Бұл ойынның өз ережелері бар. Ойынды басқаратын президент болып табылады. Ол көбінесе қала әкімі басқарады. Ойын кешкі сағат бесте басталады. Ойын басталмас бұрын арнайы адамдар бұқаларды тексеріп, кімдер қандай бұқамен шығатынын шешеді. Ойынның негізгі ойы матадордың бұқаны өлтіру керектігінде. Өлтіргесін ол матадор жеңді деп есептеледі. Оны президенттің өзі марапаттайды. Испанияда мыңдаған фермалар бар. Ол жерлерде коррида ойыны үшінарнайы бұқалар өсіріледі.
Ең танымал спорт түрі болып футбол болып саналады. Ол ХХ ғасырдан бастап қалыптасқан спорт түрі. Испания қазіргі таңда спорт әлеміндегі державалардың бірі. Жаздық олимпиада ойындары Барселонада өтеді. 2008 жылы Испания футболдан Еуропа чемпионы, ал 2010 жылы әлем чемпионы болды. ХХІ ғасырдың басында Испания барлық спорт түрінен Еуропа чемпионы болған.
2.3 Австрия мәдениеті
Австрия - салт-дәстүрге, тарихқа, мәдениетке бай елдердің бірі. Бұл елдің атын естігеннен сіздің көз алдыңызға көгалда жайлып жүрген сиырлар, ертегідей тау беткейлерінде орналасқан үйлер елестейді. Австрияны әртүрлі елестетуге болады. Бұл бұрынғы империя, музыканың корольдігі, сонымен қатар Австрия Еуропадағы өзінің тау шаңғысы және курорттарымен мақтана алатын елдердің бірі.
Австрия ертеден музыка мен драматикалық өнердің елі болды. Зальцбергте Моцарт дүниеге келді, Венада Бетховен, Гайдн, Шуберт және Брамс өз өнерлерін әлемге паш етті. Иоган Штраус I Венаны вальс астанасы ретінде әлемге танытты. Артур Шницлердің басшылығымен Вендік драматикалық мектеп XIX – XX ғғ. Европа драматургиясына жаңа серпін берді. Үлгілі поэт және драматургтардың бірі Гуго фон Гофмансталь болды. 1917 жылдан бері өткізіліп келе жатқан Зальцбург фестивальі драматика мен музыка өнерлерінің жетістіктерін көрсететін жыл сайын өткізілетін фестивальға айналды. Макс Рейнхардт Венаны театр өнеріне баулыйтын орталық етті. Густав Малер және Рихард Штраус секілді әлемге аттары шыққан дирижерлар жұмыс істеген Веналық филармония мен веналық Мемлекеттік операның әлемдік танымалдыққа ие болды.1945 жылдан кейін бұл репутацияны Герберт фон Караян, Карл Бем және Лорин Маазель жалғастырды.
Мемлекеттік опера және «Бургтеатр» музыка мен драманың орталығы болды. Екі театр да Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде зардап шекті, алайда кейін қайта қалпына келтірілді. Мемлекеттік опера – Венаның мәдениетінің орталығы. Зальцбург фестивальының қойылымдарына жоғары талаптар оның басыты музыка-драма оқиғасында жоғарғы дәрежесін сақтауға көмектесті. Зальцбург фестивальі Моцарттың шығармалары негізінде өткізіледі. Брегенцтегі атақты опера фестиваль Зальцбург фестивальына бәсекелес болады. Жыл сайын маусымның алғашқы үш аптасында вена өзінің жеке фестивальын өткізеді.
Спорт орталығы болып 95 мың орындық стадионы бар Вена мен 1964, 1976 жылдары қысқы олимпиадалық ойындар өткізілген Инсбург қалалары болып табылады. Австрияда халқының аздығына қарамастан 1997 жылы күніне 20-дан астам газет шығып тұрды, бұл европа стандарты бойынша жоғарғы көрсеткіш болды.[1]
Габсбургтарға тиесілі ең ірі өнер шығармалар жинағы Венадағы Өнер тарихы мұражайында сақтаулы. Мұражай Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде зардап шекті, бірақ кейін қайта қалпына келтірілді. Бұл жинақ әлемге әйгілі «Альбертина» мұражайындағы графика жинағымен бірге Венаны европадағы өнер астаналарының бірі етті.
Бельведер және Шенбрунн Венадағы керемет сарай өнерлерінің туындылары. Австрияда барлық жерде готика, барокко, рокко стильіндегі ескерткітер көптеп кездеседі. Мельк, бенединктіктердің Дунайдағы шіркеуі және Зальцбург шіркеуі барокко стильіндегі ерекше архитектура туындылары. Инсбург пен Зальцбургты нағыз архитектуралық стильдер мұражайы деугеболады. Бургенлан мен Тироледе орта ғасырдан қалган көптеген сарайлар сақталған.
Австриялықтардың интелектуалдық өмірлері қазіргіге қарағанда бұрын салмақтырақ болған. 1914 жылы Зигмунд Фрейд пен Альфред Адлер Венада психология саласы бойынша европалық зерттеу орталығын құрды.[2] Осы уақытта өзінің медициналық зерттеулері мен медициналық білімі деңгейі бойынша Веналық университет жоғары дәрежеге жетті. Австриялық экономика мектебі құрметке ие болды, ал Фридрих фон Хайек либералды экономист ретінде әлемдік құрметке ие болды.
Австрияда МАГАТЕ-нің көмегімен ядерлік физикамен айналысатын екі ғылыми-зерттеу орталықтары ашылды. Австриялық Эрвин Шредингер (1887–1961) физикадан Нобель сыйлығынын лауреаты.
Австрияда 1774жылы мемлекеттік мектептік білім беру жүйесі қабылданды, 1869 жылы міндетті сегіз жылдық білім, 1962 жылдан бастап тоғыз жылдық білім енгізілді.Төрт жылдық білімнен соң негізігі немесе гимнзияларға түсуге болады.[1]
Австрия университеттері білім берумен қатар зерттеумен де айналысады. Емтиханнан өткен әрбір адамға университет есігі ашық. Қазаргі таңда Австрияда 19 университет бар, жетеуі Венада. Оларда 220 мыңнан астам студенттер білім алуда оның 12% шетел студенттері. Университеттерден басқа арнайы жоғарғы мектептер, колледждер, академиялар бар.[3]
Австрияның ең үлкен университеттен тыс ғылыми орталықтарның бірі Австрия ғылым академиясының негізі 1847 жылы қаланды. Негізінен ол іргелі зерттеулермен айналысады. К.Лоренц атындағы салыстырмалы зерттеу институты, Халқаралық қолданбалы жүйелі анализ институты осы академия құрамына кіреді. Австрияда барлығы 25 мың-ға жуық адам жұмыс істейтін 2200-ге жуық ғылыми мекеме бар.
Кішкентай Австрия – ұлы ғалымдардың және біртұтас мектептердің елі, тек жаратылыстану ғылымының ғанаемес, сонымен қатар гуманитарлық ғылымдардың да елі. Экономикада австриялық мектеп кеңінен танымал (К.Менгер, Ф. фон Визер, Е. фон Бём-Баверк), либерализм теоретигі Л. фон Мизес, психолог З.Фрейд, экономист Й.Шумпетер, Нобель сыйлығының лауреаттары Ф. фон Хайек и К.Лоренц.
Мәдениет саласында Австрия музыкамен байланысты. Алайда ол әдебиет саласында да терең дәстүрлерге ие. XII – XIIIғғ Австрия Вальтер фон дер Фогельвайденің «Песня о нибелунгах» арқасында әдебиет өнерінің орталықтарының бірі болды. Сонымен қатар әдебиет саласының жандануына С.Цвейг, Р.М.Рильке и Ф.Кафка, Р.Музиль өз үлестерін қосты.
Елде XI ғ бергі әртүрлі дәуір мен стильдегі архитектуралық ескерткіштер көптеп кездеседі, бірақ ерекше орынды қазірде австриялықтардың сәулеттерін бейнелейтін барокко стильі болып табылады.
2.4 Швейцария мәдениеті
Швейца́рия (нем. Schweiz, фр. Suisse, итал. Svizzera, ромш. Svizra), ресми атауы — Швейцария Конфедерациясы (нем. Schweizerische Eidgenossenschaft, фр. Confédération suisse, итал. Confederazione Svizzera, ромш. Confederaziun svizra) — Орталық Еуропадағы мемлекет. Солтүстігінде Германиямен, батысында Франциямен, оңтүстігінде Италиямен, шығысында Австрия және Лихтенштейнмен шектеседі.Халқы 7,3 млн. (2001), оның 65%-ы — неміс тілді швейцарлар, 18%-ы — француз тілді швейцарлар, 10%-ы —италиян тілді швейцарлар, 1%-ы — реторомандықтар, т.б. Дінге сенушілердің 50%-ы католиктер, 48%-ы протестанттар.Астанасы — Берн қаласы. Негізгі қалалары: Цюрих, Женева, Лозанна, Санкт-Галлен, Базель.Швецария — федеративтік парламенттік республика. Мемлекет басшысы — Президент, жоғарғы заң шығарушы органы — екі палаталы Федералдық жиналыс (Ұлттық кеңес пен кантондар кеңесі). Мемлекеттік тілі — неміс, француз, италиян тілдері. Ұлттық мейрамы — Конфедерацияның негізі қаланған күн, 1 тамыз (1291).Швейцария — Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымның, Еуропалық кеңестің (1963) мүшесі. Ақша бірлігі — швейцария франкі.
Швейцария — таулы ел, көпшілік бөлігі Альпі таулары аумағында орналасқан (ел аум-ның 60%-ын құрайды). Оңтүстігінде Пеннин Альпісі, Лепонтин, Ретийя Альпісі мен Бернин массиві орналасқан. Бұл таулар бір-бірінен жоғарғы Рона мен алдыңғы Рейннің терең көлденең аңғарлары арқылы бөлінген. Негізінен кристалдық жыныстардан қалыптасқан биік, тегіс емес, қармен жабылған таулар терең шатқалдармен бөлшектенген.
Швейцария - теңiзге шығусыз ел, аумағы үш табиғи аймаққа жiктеледі:
Солтүстігіндегі Юра таулары,
Отралығындағы Швейцария үстірті,
Оңтүстігінде Швейцарияның 61% жерін алатын Альпі таулары.
Солтүстiк шекарасы Швейцария Альпiлерiнiң ортасынан басталып Боден көлi мен Рейн бойымен орталығында бастайтын және шығыс шекарасының бөлiгiн құрастырған Рейн бойынша жартылай өтедi. Батыс шекарасы Юра таулары арқылы өтедi, оңтүстiк - Италиялық Альпiлер және Женевалық көлі бойымен.
Швейцарияны ежелгі заманда мекендеген адамдардың көптеген қоныстары сақталған (Драхенлох, Бирзек, т.б. палеолиттік үңгірлер, мезолиттік қоныстар, сырғауылды құрылыстар, т.б.). Швецария тұрғындары жөніндегі алғашқы жазбаша деректер б.з.б. 2 ғ-ға жатады. Бұл кезде Ш-ның көпшілік бөлігін кельттердің гельвет, шығысын рет тайпалары мекендеді. Б.з.б. 58 жылы Бибракт түбінде гельветтерді Г.Ю. Цезарь әскері талқандап, Римге тәуелді федераттарға айналдырды. Кейінірек б.з.б. 15 ж. рет тайпалары да Рим империясына толық бағындырылды. 5 ғасырда ел аумағын алеманн, бургунд, остгот тайпалары басып алды. 7 ғасырда Швейцария жері франктер корольдігінің бір бөлігіне айналып, жергілікті тұрғындар христиан дінін қабылдады.
10 — 11 ғасырларда Швейцария “Қасиетті Рим империясының” құрамында болды. 13 ғасырда Габсбургтер Орталығы Еуропаны Италиямен байланыстыратын тау асуларын бақылап отырған “тау кантондарын” (Швиц, Ури, Төм. Унтервальден) өздеріне толық бағындырмақ болды. Габсбургтермен күрес қызған кезде 1291 жылы тамызда бұл кантондар Швейцария одағының (конфедерациясының) негізін қалаған “мәңгілік одақ” құрды. 1315 жылы Моргартен түбіндегі шайқаста австриялықтарды жеңу нәтижесінде Швейцария конфедерациясы өз тәуелсіздігін сақтап қалды. 1499 жылы Ш. “Қасиетті Рим империясынан” толық тәуелсіздік алды, бұл 1648 жылы Вестфаль бейбіт келісімінде ресми түрде бекітілді.
Швейцариялық ірімшіктер, шоколад, кофе, балалар тағамдары, қоюлатылған сүт, тағамдық концентраттар (“Нестле” концерні дүние жүзінде нидерландық “Юнилеверден” кейін 2-орын алады) бүкіл дүние жүзіне танымал өнімдер болып есептеледі.
Ауыл шаруашылық — жоғары өнімді, ел сұранысының -ін бөлігін қанағаттандырады. Ауыл шаруашылық мақсаттары үшін ел аум-ның 11%-ы пайдаланылады. Жетекші сала — мал өсіру (а. ш. өнімдерінің -ін бөлігін береді), оның ішінде сүтті ірі қара (симменталь және швиц тұқымдары) мал өсіріледі. Негізгі дәнді дақылдар: бидай (бүкіл жыртылатын жердің жартысынан көбіне егіледі), қара бидай, жүгері, сұлы. Сондай-ақ қант қызылшасы, картоп, азықтық шөптер мен тамыржемістілер өсіріледі. Жүзім, жеміс-жидек өсіру де дамыған.
Швейцарияда жылына 12,5 млн-дай турист демалады. Мейманханалық іс, сонымен бірге арнаулы мейрамханалық құрал-жабдықтар шығару жоғары дамыған.
Швецария Қазақстанның Батыс Еуропадағы ең ірі сыртқы сауда серіктесі болып табылады. Оның үлесіне Қазақстанның еур. елдермен жүргізілетін сауда айналысының 11%-ына жуығы тиеді. Қазақстан мен Ш. арасындағы сауда айналымы 2005 ж. 5710,6 млн. долл-ды құрады. Қазақстанда бүгінгі күнге дейін швейцариялық капиталдың қатысуымен 108 компания тіркелген.
Швейцарияның халық саны - 7.7 млн адам. Оның ішінде 3,8 млн ер адамдар және 3,9 млн әйелдер.
Тұрғындардың жас шамасына байланысты құрылымы:
0-14 жас: 15, 8%
15-64 жас: 68, 2%
65 жастан үлкенi: 16%
Тұрғынның орташа жас шамасы:
орташасы: 40, 7
еркектер: 39, 6
әйелдер: 41, 7
Қорытынды

- Шетелдік және отандық технологиялар
- Шетел инвестициялары
- Шетел инвестицияларын Қазақстан экономикасына тарту процесін реттеу
- Шетел инвестицияларын Қазақстан экономикасына тарту процесін реттеу
- Шетел инвестицияларын тарту мәселелері және оларды шешу жолдары
- Шетел инвестицияларын тарту мәселелері және оларды шешу жолдары
- Шет ел менеджерлерінің ерекшеліктері
- Шет елдердегі сақтандыру жағдайы
- Шет елдерде сақтандыру ісін ұйымдастыру
- Шет елдердің конститутциясы
- Шетелдердің конституциясы
- Шет елдердің саяси жүйесі
- Шет елдерінде жер мониторингін жүргізу жайлы жалпы мәліметтер,жер мониторингінің ұлттық жүйелері
- Шетелдер мемлекет жане құқық тарихы