Шетелдегі мемлекеттік режим
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш.ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ
«ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ» ФАКУЛЬТЕТІ
«ҚҰҚЫҚТАНУ» КАФЕДРАСЫ
Реферат
Пәні: Шетелдердің конституциялық құқығы
Тақырыбы: Шетелдегі мемлекеттік режим
Орындаған: ЮП 13-01 тобының студенті
Адайбаева О.Б
Рецензент: аға оқытушы Ізтұрғанова Г.Қ
Ақтау-2014ж.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ..............................
I САЯСИ, МЕМЛЕКЕТТІК
РЕЖИМДЕР ЖӘНЕ АНТИДЕМОКРАТИЯЛЫҚ РЕЖИМДЕР ..............................
1.1 Саяси режим ұғымы ..............................
1.2 Демократиялық режим ..............................
1.3 Антидемократиялық режим ..............................
II АВТОРИТАРЛЫҚ РЕЖИМ,
ӘСКЕРИ ЖӘНЕ БЮРОКРАТИЯЛЫҚ РЕЖИМ ..............................
2.1 Авторитарлық режим түсінігі
..............................
2.2 Авторитарлық-әскери режим
..............................
2.3 Авторитарлық-бюрократиялық
режим ..............................
ҚОРЫТЫНДЫ ..............................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ..............................
КІРІСПЕ
Қазіргі ғылымда « режим » түсінігін елдегі өмірдің сипатын, еркіндік деңгейіне, билік органдарына құқықтық негіздегі қарым-қатынасына байланысты анықтайды. Осы түсінік турасында анықтама беруде талас-тартыстар саяси талдаудың басқа категорияларымен салыстырғанда аз емес. Бірақ көпшілік зерттеушілер мемлекеттік режимді мемлекеттің жүйесінің құрылымының өзара әрекеттестіктегі реттілігімен, саяси билік пен мақсаттардың жүзеге асыруымен байланыстарады. Мемлекеттік режимнің функционалды мазмұны маңызды сұрақтарға жауап береді, яғни қоғамның жүйесінің қызметтерінде ерекше орын алатын. Одан мынадай сұрақтар:
- билікте қандай саяси күштер
болады және олар қандай
- билік қалай шынайы таратылады және оның жүзеге асуын кім бақылайды;
- қоғамда тұлғалардың құқықтары
мен бостандықтарына қандай
- қоғамда оппозицияның өмір сүруіне жол беріле ме;
- билікке қол жеткізуді жүзеге асыруда қандай әдістер, тәсілдер және құралдар қажет т.б.
Мемлекеттік режимнің сапалық сипаттамаларын мынадан анықтауға болады: адам құқықтары мен бостандықтарының өлшемі, мемлекеттік биліктің жүзеге асу әдістері, мемлекет пен қоғамның өзара қарым-қатынас сипаты, саяси шешімдерді қабылдауда қоғамның ықпал жасау мүмкіндіктерінің барлығы немесе жоқтығы, саяси институттардың қалыптасу жолдары. Нақты бір елдегі өмір сүріп отырған режим түрі субъективті және объективті жағдайларға сондай-ақ басқа да көптеген факторларға байланысты.
I САЯСИ, МЕМЛЕКЕТТІК РЕЖИМДЕР ЖӘНЕ АНТИДЕМОКРАТИЯЛЫҚ
- Саяси режим ұғымы
Саяси режим – бұл қоғамның саяси жүйесінің қызмет етуінің нақты механизмі. Саяси режимнің мәнін, мазмұнын анықтау арқылы саяси жүйенің сипаты мен типін дәлме-дәл және пәндік бағалауға мүмкіндік туады. Бұл тұрғыдағы талдаудың өте маңызды саясаттанулық проблема болып табылатындығы да міне, сондықтан. Өйткені, саяси режимдердің мәні мен мазмұнын түсіну үшін, ең алдымен саяси режим түсінігін ұғыну қажет.
Саяси қатынастардың жай-күйі мен сипатын биліктің нақты типі, қоғамның саяси жүйесінің функционалдық өлшемдері анықтайды. Мемлекеттік биліктің адамдар арасындағы қатынастарды реттеу мен жөнге салудағы сүйенетін құралдары мен әдістерін анықтауға деген қажеттілік осымен байланысты. Биліктің қызмет етуінің осы аспектісі «саяси режим» ұғымын бейнелейді. Режим термині (фр. rejime латынша rejimen) сөзбе-сөз аударғанда басқару тәртібі дегенді білдіреді.
Саяси режим ұғымы батысеуропалық ғылыми әдебиеттерде ХІХ-ХХ ғасырлар тоғысында тарады. Қазіргі кезде бұл ұғым ғылыми, оқу әдебиеттерінде, сондай-ақ күнделікті ауызекі тілде де кеңінен таралған. Бұл саяси өмірдің және тұтас алғанда қоғамдағы саяси жүйенің құбылысы. Осы ұғымға байланысты саяси режимнің жинақталған сипаты бар. Нақ осы режимді талдау адамның билік құрылымдарымен өзара қатынастарындағы оның шын мүмкіндіктері жөнінде барабар пікір айтуға мүмкіндік береді.
Әлемдік және отандық тәжірибе «саяси режим» түсінігінің мазмұнына, оның саясаттанудағы басқа категориялармен салыстырғандағы ерекше сипаттамаларына біздің неғұрлым зейін қоюымыз тиіс екендігін көрсетіп отыр.
Кейбір зерттеушілер саяси режимнің мазмұнын басқару формасымен шектейді. Осы көзқарасқа сәйкес саяси режимдердің классификациясы мемлекеттің заң шығарушы және атқарушы функцияларының айырмашылықтарына, олардың арақатынасын айқындауға негізделеді. Осы принцип бойынша билік қосылу режиміне (абсолюттік монархия), билікті бөлу режиміне (президенттік республика) және ынтымақтастық режиміне (парламенттік республика) бөлінді. Үкіметтік құрылымдардың қызметіне ерекше назар аудара отырып, бұндай түсіндірме басқа саяси институттардың: партиялық жүйелер, қысым топтары және т.б. ықпалын ескермейді. Осыған байланысты саяси режимнің компоненттерінің бірі ретінде басқару формасын нақтырақ көрсету керек.
Тарихтан белгілі болғанындай, басқарудың формасы қоғамдағы саяси биліктің сипатына әрқашан сәйкес келе бермейді. Мысалы, Швеция, Норвегия, Бельгия басқару формасы бойынша конституциялық монархия болып табылса да, көптеген республикаларға қарағанда анағұрлым демократиялы елдер. Сонымен қатар, Германия 30-жылдары басқару формасы бойынша республика болса да, билік диктаторлық сипатта болды.
Сондықтан белгілі бір елдегі саяси режим жөнінде кең түрде және нақты түсінік беру үшін мынандай сұрақтарға жауап берген жөн: Аталмыш саяси режим қалай пайда болды? Билік басындағы саяси топтар кімдер? Саяси үстемдіктің қандай әдісі жоғары бағаланады – демократиялық па, әлде зорлықшыл ма? Саяси оппозициялардың өмір сүруіне жол беріле ме және ол қандай мөлшерде берілген? Сол елдегі тұлғаның жағдайы қандай?
«Саяси режим» және «мемлекеттік режим» ұғымдарының айырмашылықтары бар екендігін айту керек. Соңғысы саяси режимнің негізі болып табылады. Мемлекеттік режим – мемлекеттік органдар қолданатын билік жүргізудің құралдары мен тәсілдерінің жиынтығы, басқаша айтқанда – қоғамның саяси өмірінің өмір сүру ортасы мен жағдайлары болып табылады. Ал, саяси режим болса өзінің кез келген жағдайында барлық қоғамдық өмір салаларында биліктік қатынастарға енетін бүкіл қоғамды қамтиды. Саяси режим ондағы мемлекеттің қатысу үлесін анықтай отырып, осы барлық биліктік қатынастарға ықпал жасайды, ол экономикада, әлеуметтік салада, мәдениетте, ұлтаралық қатынастарда, азаматтардың жеке және топтық психологиясында, олардың санасында саяси элементті белгілейді. Сондықтан «саяси режим» ұғымы «мемлекеттік режим» ұғымына қарағанда кең ұғым. Өйткені, ол мемлекеттің тарапынан ғана емес, сондай-ақ, саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың, қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың тарапынан да саяси биліктің жүзеге асырылуының әдістері мен тәсілдерін өзіне қосып алады.
Саяси режим, менің пікірім бойынша, мынандай белгілермен: саяси биліктің қалыптасу механизміндегі халықтың қатысу дәрежесімен, сонымен қатар, бұндай қалыптасудың тәсілдерінің өзімен; тұлғаның құқықтары мен бостандықтарының қорғалуымен; қоғамдағы биліктің іске асырылуының шынайы механизмдерінің сипатымен; саяси билікті халықтың тікелей жүзеге асыруының деңгейімен; бұқаралық ақпарат құралдарының жағдайымен, қоғамдағы жариялылық пен мемлекеттік аппараттың ашықтығының дәрежесімен; қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттік емес құрылымдардың орнымен және рөлімен; биліктің заң шығарушы және атқарушы тармақтарының арасындағы өзара байланысымен; азаматтар мен лауазымды адамдарға қатысты құқықтық реттеудің сипатымен; саяси шешімдер қабылдаудағы азшылықтың мүдделерін есепке алумен; саяси билікті іске асырудағы белгілі бір әдістердің үйлесімдік етуімен; қоғамдық өмірдің барлық салаларында заңның жоғарылылығы деңгейімен; қоғам мен биліктің өзара қарым-қатынас принциптерімен; мемлекеттің «күштеу» құрылымдарының (әскер, полиция, мемлекеттік қауіпсіздік органдары) қоғамдағы саяси және заңдық жағдайымен, рөлімен; саяси плюрализмнің, көппартиялықтың (партиялық жүйенің) шамасымен; лауазымды адамдарды, ең жоғарғыларын қоса алғанда, саяси және заңдық жауапкершілікке тартудың шынайы механизмдерінің қолдануымен анықталады. Сонымен, саяси режим – бұл үстемдік етуші әлеуметтік жіктің қоғам тұрақтылығының мақсаттарын көздей отырып және саяси бостандықтың деңгейін, сондай-ақ, олардың қызметінің құқықтық негіздеріне билік органдарының қатынасын көрсете отырып, өзінің саяси үстемдігін жүзеге асыратын әдістер мен құралдардың, тәсілдердің жиынтығы.
Сонымен қатар, саяси режим барлық қоғамның саяси жүйесін, қоғамдағы саяси шешімдер қабылдаудың сипатын, бүкіл әлеуметтік деңгейлерде биліктің таралуын көрсететіндіктен саяси процестердің ағымын бейнелейді. Ол тіпті, қоғамдық жүйенің алыс түкпірлерінің өзінде биліктік қатынастардың бар екенін көруге мүмкіндік береді. Осыған байланысты Ш.Л.Монтескье «Республика үшін ізгілік қалай қажет болса, ал монархия үшін ар-намыс, сондай-ақ, деспоттық үкімет үшін қорқытушылық қажет» деп атап көрсетті.
Осыған байланысты мынаны айта кеткен жөн: саяси режим біріншіден, саяси биліктің тұрақтылығын, екіншіден, азаматтардың басқарылуын, үшіншіден, билік үшін тиімді қозғалыс (динамика) пен саяси қатынастардың бағыттылығын, төртіншіден, саясаттың мақсатқа қол жеткізуін, бесіншіден, үстемдік етуші элитаның мүдделерінің жүзеге асуын қамтамасыз етеді. Саяси режимнің қандай да болмасын көп түрлілігіне көптеген факторлар: мемлекеттің мәні мен формасы, заңның сипаты, мемлекеттік органдардың дұрыс өкілеттілігі және олардағы қызметінің заңдық формалары, қоғамдық-саяси күштердің арақатынасы, экономикалық өмір мен жағдайдың деңгейлері және қалыптары, таптық күрес пен таптық ынтымақтастықтың формалары ықпал етеді. Саяси режимнің түріне елдің тарихи дәстүрі кең мағынада алғанда – кейде мемлекеттегі үстемдік етуші таптың талап-тілектері мен саяси болжамдардың қайшы келуіне қарамастан қалыптасатын өзіндік тұрғыдағы қоғамдық-саяси хал-ахуал елеулі ықпал етеді. Саяси режимнің түріне халықаралық жағдай да әсерін тигізе алады. Әр түрлі тарихи кезеңдерде алуан түрлі саяси режимдер қалыптасады, олар қайсыбір уақыттардағы нақты мемлекеттерде бірдей емес. Құл иеленушілік кезеңге деспоттық, теократиялық-монархиялық, аристократиялық, олигархиялық тәртіптер, құл иеленушілік демократия тәртібі тән. Феодализм тұсында абсолютистік, клерикалды-феодалдық, милитаристік-полициялық немесе «білімді абсолютизм» тәртібі тән болды. Қазіргі әлемде тоталитарлық, авторитарлық, авторитарлы-тоталитарлық, демократиялық,
демократиялы-авторитарлық, либералдық, либералды-демократиялық, әскери-полициялық, фашистік немесе жартылай фашистік, нәсілшіл-ұлтшылдық, кейбір ислам елдерінде – клерикалды-фундаменталистік режимдер өмір сүруде[51]. Саяси режимдердің типтерін тек үстемдік етуші таптардың, әлеуметтік жіктердің басқа таптармен, әлеуметтік жіктермен, топтармен нақты өзара байланысына қатысты анықтауға болады. Мемлекеттік билік жүргізудің әдістері мен құралдар жиынтығының ерекшеліктеріне байланысты саясаттанулық әдебиеттерде әдетте, саяси режимдердің негізгі түрі ретінде: тоталитарлық, авторитарлық және демократиялық режимдерді бөліп көрсетеді. Саяси режимдерді тоталитарлық, авторитарлық және демократиялық деп бөлудің негізіне өзара байланысты үш көрсеткіш алынған. Олар: қоғамдық-саяси күштердің қызметінің бостандық (бостандықсыз) деңгейлері, билікті атқару процесіндегі болуы мүмкін бассыздық, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына мүмкіндік беру мен жүзеге асырудың көлемі; билік тармақтарының бір-бірінен және қоғамдық-саяси күштер мен институттардың мемлекеттен дербестігінің шамасы; билік өкілдігін (құқығын) бөлудің мөлшерлестігі мен билік аппараты жауапкершілігінің деңгейі.
1.2 Демократиялық режим
Демократия көне грек ойшылы Геродоттың еңбегінде кездеседі. Жалпы ежелге дәуірдің ойшылдары демократияны биліктің нашар түрі деп сынаған. Демократиялық режимге халықты биліктің қайнар көзі деп санап, оған мемлекеттік істерді шешуге құқық берілген және ол үшін қажетті жаңдайлар жасалған биліктің түрі, қоғамның мемлекеттік-саяси құрылысы жатады. Мұндай тәртіпте азаматтардың негізгі құқықтары мен еркіндіктеріне кепілдік беріледі. Саяси мәселелер ашық талқыланады, биліктің шектен тыс шоғырлануына жол берілмейтін тетіктер жасалады, азаматтарға қолайлы құқықтар мен еркіндіктер, олардың саяси көңілін білдіру түрлері айқыедалады, жалпыға бірдей сайлау құқығы орнатылады. Сонымен қатар, демократиялық режим мынадай белгілермен сипатталады:
- Билік көзі халықта;
- Сөз бостандығы;
- Сайлаудың ашық жүргізілуі;
- Азаматтардың тең құқықты болуы;
- Азшылықтың көпшілікке бағынуы;
Демократиядағы ең негізгі фундамент ретінде сайлауды айтуға болады. Адал, шынайы сайыс арқылы, жүйелі түрде өткізілетін сайлау. Ол амал-айласыз, қулықсыз жүргізілсе және оны шынайы жүргізудің жолы табылғанда ғана адал болады. Егер мемлекеттік билік бір партияның қолында болса да сайлау адалдыққа жатпайды. Шынай сайыс арқылы дегенде өзінің кандидатурасын еркін ұсынуға мүмкіндігі бар әр түрлі топтар мен жеке тұлғалардың болуын айтады. Егер бір топтар қатысып, екіншілері қатыса алмайтындай болса, онда сайлау жарыс арқылы өтпегендігі. Демокатияның негізгі тұжырымдамалары: плюралистік (М.Вебер, Г. Ласки және басқалары); ұжымдық (К. Маркс) және либералистік (Дж. Локк, Ш. Монтескье) Қоғамның саяси элитасы декларациялар жариялау, уәделер беру, қоғамдық өмірдің маңызды проблемаларының шешімдері берілген әлеуметтік бағдарламаларды жасақгау арқылы халықтың назарын өздеріне аударып, қолдауына ие болу үшін ашық күрес жүргізетін бәсекелес саяси күштерге бөлінеді. Демократиялық саяси жүйе - саяси жүйенің түрі, оған мыналар тән:
- азаматтардың кепілденген құқықтары мен бостандықтарының кең ауқымы қамтылуы;
- билеуші және оппозициялық саяси партиялардың еркін қызмет етуі;
- жалпымемлекеттік өкілетті билік органдарының - парламенттің болуы;
- сайлаудағы заңды күрес қорытындылары бойынша партиялардың үкіметті жасақтауы;
- мемлекеттік және қоғамдық органдардың қызмет етуі принциптері және заңцылықтарына бақылау орнататын тәуелсіз соттар жүйесінің болуы;
- өзін-өзі және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының болуы;
- көз жеткізу, дәлелдеу мемлекеттік органдар ықпалының негізгі құралы ретінде ақпарат көздерінің еркін қызмет етуі.
Билікті, оның шешімдері мен акцияларын, олардың салдарын үнемі сыни тұрғыда бағалайтын және жариялы, ашық сынау жолымен қоғамдық көзқарасты қалыптастыратын оппозициялық саяси элитаның көмегімен жүзеге асады. Биліктің белдеулік тұрғыдан атқарушы, заң шығарушы және сот билігі болып бөлінуіне, сондай-ақ оның құрылысы түрлеріне (унитарлық, федеративті, конфедеративті); жергілікті жердегі өзін-өзі басқару органдарының күшею мүмкіндігіне (билікті тікелей жергілікті жерлерде жүзеге асыратын биліктің төменгі тармақтарындағы билік өкілеттігі) байланысты жүзеге асатын мемлекеттік биліктің құрылымдық икемділігі. Әрқилы саяси тенденциялар мен олардың ұйымдық кдлыптасуы, саяси ойлары, әрекеттері пайда болатын көпсубъектілі қоғам ретінде сипаттайды. Азаматтардың саяси белсенділігі азаматтық қоғам институттарын ұйымдастыруға алып келеді, онда азаматтардың мемлекеттік билік құрылымдарынан тәуелсіз саяси өмірге қатысуға ынтасы өзін-өзі ұйымдастыру, өз қайраткерлігі мен өзін-өзі басқару жолымен жүзеге асады. Бірақ азаматтық қоғам құрылымдары Конституция мен мемлекет зандары белгілеген шеңберде ұйымдасып, қызмет істеуі тиіс. Мемлекеттік билік пен азаматтық қоғамның бірлесіп қызмет етуі конституциялық нормалармен және мемлекет зандарымен анықталынады. Мемлекеттік билік пен азаматтық қоғамның құрылымдары қоғамның тәуелсіз элементтері ретінде қызмет етуі тиіс. Мемлекеттік билік азаматтық қоғам институттарының бақылауында болады, себебі олар мемлекеттік биліктің калыптасуына, оның саясатын түзеп, жузеғе асуына белсенді түрде ат салысады. Демократиялық саяси режимның белгілері:
1. Әр түрлі партиялардың, бірлестіктердің, қозғалыстардың Конституция шеңберінде еркін, бостандық жағдайында әрекет етеді, қызмет атқарады.
2. Идеологиялық плюрализм,
яғни, қоғамда әр түрлі идеологиялық
ағымдардың, бағыттардың болуына
және үстемдік етуші бірден-
3. Мемлекет өз органдарын,
негізінен сайлау жолымен
4. Қоғамда демократиялық
құқықтар мен бостандықтар
1.3 Антидемократиялық режим
Тоталитарлық (латынның total - бүтін, тұтас деген ұғымын білдіреді) режим деп қоғам, адам өмірінің барлық салалары тұтасымен мемлекеттік бақылауға алынған мемлекеттік-саяси құрылымды айтамыз. Онды өндіріс, экономика, бұқаралық ақпарат құралдары, білім, мәдениет, адамдардың жеке өмірі – бәрі тек мемлекеттің бақылауында болады. Сөз бостандығы болмайды. Жеке меншік, бәсекелестік, нарықтық қатынастарға жол берілмейді. Азаматтық қоғамның элементтері жұмыс істегенімен, ол тұтасымен мемлекеттің қарамағында. Жеке басқа табынушылық, бір партияның идеялық күштілігі байқалады. Халық дін ретінде бір идеологияға сенеді, бағынады. Барлық іс-әрекеттер алдын ала жоспарланған, жоғарыдан түсетін бұйрық арқылы жүзеге асырылады, жекелікке, даралыққа жол берілмейді. Мемлекеттің идеясына қарсы шыққандарды «халық жауы» деп құртады. Оппозицияны болдырмайды.
Тоталитаризмнің үш түрі ХХ ғасырда болған. Ол Италиядағы Муссолини кезіндегі фашизм, Германиядағы Гитлер кезіндегі национал-социализм және Кеңес Одағындағы Сталин негізін салған коммунизм. Бұл мемлекеттегі идеологияның күштілігінен осы елдер өз уақытында ірі мемлекеттерге айналды. Авторитаризммен органикалық байланыстағы және одан тек тоталдығымен (лат. totalis-жалпы, жаппай, барлығын қамтитын), яғни акциялардың, әрекеттердің бәрін қамтып, жекелікті жоққа шығарушылығымен ерекшеленетін ерекше саяси режим. Антидемократиялық саяси режимнің белгілері:
1. Демократиялық партиялар мен ұйымдарға тыйым салынады.
2. Идеологиялық плюрализм болмайды, мемлекетте үстемдік етуші идеология орнығады.
3. Сайлау жолымен құрылған органдар болмайды.
4. Демократиялық құқықтар мен бостандықтар шектеледі.
5. Жаппай қуғын-сүргін және заңсыздықтар орын алады.
6. Авторитарлық режим
антидемократиялық режимның
7. Сипаты персонофикацияланады, яғни, нақты билеушілер түрінде көрініс табады, олар диктатура (шексіз билік) орнатады.
Саяси өмірде тоталдық идеясы ежелден белгілі. Адамдардың тіршілік әрекеттерін жаппай қадағалау мен оны толықтай реттеудің қажеттілігін ежелгігрек философы Платон (б.д.д.428-348 жж) ұсынып, талдаған болатын. Ол идеалды мемлекетте адамдардың барлық өмірі қатаң ережелерге бағынуы керек деп есептеді. Тек мемлекет қана жеке мүдделерді ортақ мүдделерге бағындырып, заңдарды қолдану арқылы қоғамда тәртіп орнатуға міндетті. Қытай императоры Цинь Ши-Хуанди (б.д.д. 259-210 жж) Фацзы (легистер) мектебінің идеяларына сүйене отырып, билікті орталықтандыру мен бірпікірлілікті қалыптастыру арқылы тоталитарлық идеяларды жүзеге асыруға талпынды. Ол ұлы қытай ойшылы Конфуцийдің еңбектерін еркін ойлаудың уағыздаушысы ретінде отқа жақты. Дегенмен тоталитаризм ХХ ғ. жемісі болып саналады. Ғасырдың саяси процесіне өзіндік қолтаңбаларын қалдырған ірі тоталитарлық мемлекеттер осы ХХ ғ. пайда болды. Итальяндық фашистердің лидері Бенито Муссолини өзінің 1932 ж. жарық көрген «Фашизм доктринасы» атты еңбегінде тоталитаризмнің бір түрі фашизмнің идеологиялық концепциясын нақты және айқын түрде баяндап берді. Онда ол, ең алдымен,мемлекетшіл ретінде көрінеді. Ол: «Мемлекет халықтың ұжданы мен еркінің білдірушісі болды. Либерализм Мемлекетті индивид үшін жоққа шығарды; фашизм индивидтің нағыз мәнінің жоқтаушысы ретінде Мемлекет құқығына көңіл аударады» деп есептеді. Мемлекеттің басымдылығына баса назар аудара отырып, ол әрдайым бұл терминді бас әріппен жазады: «Мемлекеттің фашистік концепциясы барлығын қамтиды: одан тыс ешқандай адами, рухани құндылықтар болмайды немесе ондай құндылықтардың мәні өте төмен болады. Осындай түсініктегі фашизм тоталитарлық және фашистік Мемлекет – ол өзіне барлық құндылықтарды жинап алатын синтез және бірігу, - халықтың барлық өмірін түсіндіреді, дамытады және күш береді». Муссолинидың доктринасында күш көрсету факторы неміс национал-социализмі мен кеңес коммунизмі доктриналарындағыдай айқын көрінбейтіндігін байқауға болады. Адольф Гитлердің атышулы «Менің күресім» атты кітабында герман национал-социализмінің болашақ саяси практикасы ашық түрде баяндалған. Онда бірінші орында – национал-социалистік мемлекеттің мүдделері, нәсілшілдік, сонымен қатар антисемиттік, антикоммунистік идеологиямен қаруланған неміс ұлтының этникалық үстемдігі баяндалған. Тоталитарлық жүйе ретіндегі коммунизм идеологиясы жаңа тапсыз қоғам құрудың кеңестік тәжірибесінің негізінде қалыптасты. Әрине, оның бастапқы принциптерін К.Маркс берген болатын, ол пролетариаттың таптық диктатурасының ерекше креативтік рөлі туралы ережелерінде еуропалық елдердегі революциялық тәжірибені зерттеу негізінде осы диктатураның тарихи болмай қалмайтындығы мен қажеттілігін баса атап өтті. К.Маркстың іліміндегі пролетариат диктатурасын орнату қажеттілігі идеясын мойындай отырып, В.И.Ленин бұл диктатураның орнауы таптық күрестің тарихи кезеңіне, азамат соғысына, мемлекетаралық қайшылықтарға алып келеді деп көрсетті. Аталған саяси процесте күш көрсету факторы шығармашылық рөл атқарады. Тек күш қолданудың негізінде ғана жаңа қоғамның пайда болуы және дамуы мүмкін.
Яғни, «сталинизм» ерекше ілім болып саналмайды, өйткені ол өзінің мазмұны бойынша Лениннің тоталитарлық идеяларын іс жүзінде толықтай жүзеге асырған тоталитарлық практика еді. Тоталитарлық режимдер демократиялық дәстүрлері әлсіз әлемнің көптеген елдерінде қалыптасты, олар: азаматтық соғыстың нәтижесінде демократиясы күйреген Испания, Қытай, Солтүстік Корея, Куба, Румыния, Албания, Югославия. Чехословакия, Венгрия, Польша, ГДР секілді социалистік бағыттағы Еуропаның бірқатар елдерінде КСРО-ның қысымымен тоталитарлық тенденциялар қалыптасты.
II АВТОРИТАРЛЫҚ РЕЖИМ, ӘСКЕРИ ЖӘНЕ БЮРОКРАТИЯЛЫҚ РЕЖИМ
2.1 Авторитарлық режим түсінігі
Авторитарлық режим айтарлықтай кең негіздерге ие. Өйткені, бедел – билік пен билік құрудың қажетті құрылымдық элементі. Оны биліктің атрибутивтік белгісі деп есептеуге болады. Сондықтан билік, билік құрушы субъект өз беделінің сақталуы мен өсуіне әрдайым қамқорлық жасап отырады. Бедел биліктің және оның шешімдері мен әрекеттерінің заңдылығын қамтамасыз етеді. Билік құру тек қана зорлық-зомбылық пен мәжбүрлеу емес, оны бағынушының келісімі негізінде басқару болып табылады. Бедел билік құрушы субъектіні бағынушылардың үстінен қарайтын және олардың тіршілік әрекеттеріне бағдар беретін күшке айналдырады.Авторитаризм, авторитарлық саяси режим – билік құрушы элитаның бөлініп шығуы, жеке бостандықтар мен саяси бәсекелестіктің шектелуі, адамдарды саяси қауымдастыққа біріктіретін тіршілікке қажетті әлеуметтік-саяси факторлар тән ерекше саяси режим. Сол себепті авторитарлық режим өз бетінше қызмет етеді, - онда билік үшін ашық бәсекелестік күрес жоқ. Билік үшін күрес, көп жағдайда, саяси тартыстар түрінде билік құрушы элитаның ішінде жүреді. Қоғам құрылымданған, саяси рөлдер анықталынған, саяси жинақылық төмен. Авторитаризм қоғамдық құрылысы ауысып жатқан елдерде, тағы да ұзақ дағдарыста болып жатқан қоғамда пайда болады. Берілген шарттар, авторитарлық саяси режимнің орнату факторы болады. Өз сипаттаумен ол тоталитаризммен демократияның арасында орналасады. Тоталитаризммен оның автократиялық заң мен шектелмейтін билік сипаттамасы демократиямен – автономия бар болуы, мемлекет пен басқарылмайтын қоғам салаларымен ұқсайды. Мысалға XX ғасырда көп авторитарлық мемлекеттерде легитимация мақсатымен ұлттық идеология және формальды билік бақылайтын сайлау көп қолданған. Көптеген Азиядағы, Африкадағы және Латын Америкадағы болған авторитарлық режим өзін өмір сүруін ұлттық босатумен және туумен ақтайды. Соңғы онжылдықта авторитарлық жүйелер жиі кейбір демократиялық институттармен пайдаланған – олар сайлау, плебисцит т.б. Мысалы, конкуренті емес немесе жарты конкуренті сайлаулар: авторитарлы немесе жарты авторитарлы режиммен Мексикада, Бразилияда, Оңтүстік Кореяда, Ресейде, Қазақстанда және басқа мемлекеттерде пайдаланған. Жалпы зерттеушілер авторитаризмнің айыратын белгілерін береді, олар:
- күшті орталықтанған билік;
- бір топтың немесе партияның билікке монополиясы;
- элитаның қалыптасуы;
- оппозицияға толық немесе толық емес тыйым салуы;
- билік өзгеруінің күштеу мінезі;
- шектелген плюрализм;
- билікті ұстап қалу
үшін күш құрылымын кең
- өкіметтік билік органдарының,
салмаудың және оппозицияның
бар болуы. Бірақ оларды жұмыс
істеуі шектелген тек
- халықты билікке жібермеуі;
- қоғам мен жеке адамның үстінен тотальды бақылаудан бас тарту.
Қазіргі әлемде авторизмнің сақталып қалуына көп жағдайлар себеп болып келеді. Мысалы:
- Азаматтық қоғамның
- Экономиканың артта қалуы;
- Дамушы қоғамдарда шиеленістің биік тәсілі.
Қоғам үшін ашықтықтың белгілі бір дәрежесі мен саяси бәсекелестіктің болуы тән. Саясат элитарлық әрекет деп танылып, саяси элита топтарының арасында ашық, заңдастырылған саяси күрес жүреді. Тарихи тұрғыдан қарасақ, бұл, өнеркәсіптік және аграрлық экономикалық элиталардың арасындағы күрес болуы мүмкін. Мысалы, XVII ғ. Ағылшын революциясы 1688 ж. даңқты революция деген атауға ие болған оқиғамен аяқталды, соның нәтижесінде күресуші элитарлық топтар арасында келісімге қол жеткізілінді. Осы компромисс және одан кейінгі саяси процесс Англияда саяси консесуалдық мәдениетті қалыптастырып, Англияның саяси өмірінің ірге тасын қалады. Ағылшын демократиясының көптеген ерекшеліктері өздерінің тамырын осы саяси дәстүрден алған. Бәсекелесуші олигархияның автократиялық режимінде қатаң әлеуметтік қарсы тұру жоқ болғандықтан, бұл режим біртіндеп либералдық демократия режиміне өзгеруі мүмкін.
2.2 Авторитарлық-әскери режим
Авторитарлық-әскери режим - әскери төңкеріс нәтижесінде билікке келген әскерилер қалыптастырған режим. Оған дағдарыстан шығудың жолын іздеу және төтенше, әскери тәртіптерді орнатуға ұмтылу тән. Бұл режим кезінде халықтың саяси белсенділігі айтарлықтай жоғары болмайды, қоғамда төтенше заңдар әрекет етеді. Жеке адамның бостандығы, құқығы шектелінеді, жаппай күш көрсетудің ашық шараларын қолдану заңды деп танылады. Алайда әскерилер экономиканы тиімді басқара және әлеуметтік мәселелерді жемісті шеше алмайтындықтан, әскери режим өз танымалдығын тез жоғалтып алады. Сонымен қатар әскери режим үшін негізгі қауіпті әскерилер арасындағы жікшілдік тудырады. Қатардағы әскери бұқараға жақын тұрған атаққұмар полковниктер төңкеріс жасау арқылы генералдарды билік басынан тайдыруы мүмкін. Әрине, әр халық өзіне лайық саяси режимді қалыптастыра алады. Бұған тек жоғарыдағы мемлекеттік билік қана емес сонымен бірге халықтың менталитеті де әсерін тигізеді. Сондықтан қай елде қандай режимнің қалыптасып, дамуы үлкен күрделі үрдіс болып табылады.
2.3 Авторитарлық-бюрократиялық режим
Мұндай режим саяси дағдарыс жағдайында пайда болады. Ол, әсіресе саяси өзгерістерді басынан кешіріп отырған өтпелі қоғамдарға тән. Режимнің ең маңызды саяси міндеті – қоғамдағы саяси тұрақтылықты сақтау мен әлеуметтік дағдарыстың таптардың, этникалық, әлеуметтік топтардың ашық теке-тіресіне ұласып кетпеуін қадағалау. Сол себепті, үстемдік етуші саяси элита ептілігімен ерекшеленеді, ол қарсы тұрушы күштердің үстінде тұруға ұмтылады, әлеуметтік демагогияға, кеңтаралымды үндеулерге жүгінеді, популистік бағдарламаларды ұсынады.
Режимнің міндеті – бұқараны тыныштандыру, олардың саяси процеске қатысуын шектеу. Мұндағы негізгі ұран: саясатпен айналысу қажет емес, тек қана еңбек ету керек. Режим белгілі бір лидерге харизма жасай отырып, оның танымалдығын пайдалануы мүмкін. Режимде үстем партияны, халықты біріктіретін идеологияны қалыптастыруға деген тенденция пайда болады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазіргі жаһандану кезеңінде мемлекеттің гүлденуінің ең басты алғышарттарының бірі болып ресми биліктің мемлекеттің ішкі мәселелерін шешуде қандай әдістер мен тәсілдер қолдануына саяды. Бұған куә көршілес елдердегі және Еуропадағы ішкі қақтығыстарды шешуде биліктің іс-әрекеттері болып табылады. Мемлекеттік режимнің түсінігі ең маңызды, себебі негізгі билік жүйесінің құрылымын алдың ала ойға елестетуге негіз болады. Осыған байланысты, қоғамның саяси ұйымын құру туралы шын мәніндегі принциптер талқыланады. Саяси режим - әр елдегі белгілі тарихи кезеңде өмір сүрген, саяси райды сипаттайды. Мемлекет деген ойдан туған абстракция емес. Ол қоғамда нақтылы материлизацияланған құбылыс. Билік жүргізу барысында халық өз мүдделерін қорғайтын мемлекет ұйымдастырады. Мемлекеттің пайда болып, қалыптасуына және арнайы формаға ие болуына дін, әдет-ғұрып, дәстүр, саяси күштер ерекше ықпалын тигізеді. Сондықтан мемлекеттің формасының қалыптасуына қоғамда демократияның, халықтың билік жүргізуінің дәрежесін анық айқындауға болады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
- Вениамин Чиркин. Шетелдердің конституциялық құқығы (жалпы бөлім) Алматы, 2012
- http://referatkaz.kz/shet-
elderdin-konstituciyalyq - Абдильдина Х.С. Саясаттану. Оқу құралы. Астана, 2007
- Жамбылов Д. Саясаттану. А., 2003

- Шетелдегі халыққа білім беру жүйесі
- Шетелде кәсіпкерлік құру рекшеліктері
- Шет елдердегі жерге орналастыру
- Шет елдердегі логистика түсінігі және оның даму тарихы
- Шет елдердегі парламенттік монархияның ұғымы
- Шет елдердегі сақтандыру жағдайы
- Шет елдерде сақтандыру ісін ұйымдастыру
- Шестижаберная акула
- Шестилетние дети. Психологическая готовность к школьному обучению
- Шестнадцатеричная система счисления
- Шестой незримый океан. Человек в электромагнитном излучении
- Шесть групп питательных веществ. Их роль в обеспечении мышечной деятельности
- Шесть принципов классического психоанализа
- Шетел ағартушыларының педагогикалық идеялары