Шоқан Уәлиханов – шығыстанушы ғалым
Жоспар
І. Кіріспе. Ш.Уәлиханов өмірбаяны.
ІІ. Негізгі бөлім. Шоқан Уәлиханов – шығыстанушы ғалым.
- Қазақтың тұңғыш ғалымы және демократ интеллегенті – Шоқан
- «Шоқан Уәлиханов шығыстану әлеміне құйрықты жұлдыздай жарқ етіп шыға келген...»
- Шоқан мұрасы – халық қазынасы
ІІІ. Қорытынды.
Кіріспе
Ш.Уәлиханов өмірбаяны
Шоқан Уәлиханов 1835 жылы, Көкшетау облысы, Сырымбет тауына жақын Қошмұрын деген жерде туған. Шоқан - Абылайдың шөбересі. Өз әкесі - Шыңғыс, қарт әкесі - Уәлихан. Абылай тұқымдары өзара хан-сұлтандық тізгінге тартысқанда, Шыңғыс - орыс еліне арқа сүйеген адам.
Шоқан
балалық шағында өзінің туып-
Шоқанмен бірге оқыған оның жолдастары: «Шоқан Кадет корпусына кірген кезде орыс тілін білмейтін еді, бірақ зерек еді, әсіресе, оның ерекше көзге түсетін өнері - сурет салғыштығы еді», - деп жазады. Алайда, ол алғашқыда орысша білмесе де, өзінің зеректегі арқасында орыс тілін тез үйреніп, өзі шамалас оқушылардан анағұрлым озық шығып отырады. Өткір, алғыр, ізденгіш, талапты, зерек Шоқан сабақты жақсы үлгеріп, өз бетімен де әртүрлі кітаптарды көп оқып, өз класында озық қатарда саналады. Сол оқушы кезінің өзінде-ақ Пушкин, Гоголь, Лермонтов, т.б. орыс классиктерін және батыс әдебиетінен Диккенс, Теккерей, тағы басқаларды үзбей оқиды. Сонымен қатар, сол кездегі әдебиетпен танысып отырады, «Современник» журналын үзбей оқып, әлеумет өмірінің және әдебиет ағымының қай бағытта, қалай дамып бара жатқандығын аңғара алатын өз кезінің саналы кітап оқушысының бірі болды.
Бұрынғы басылған кітап, еңбектерде Шоқанның туған жылын 1837 жыл деген мәліметтер кездеседі. Бірақ соңғы зерттеулер бойынша, Шоқанды 1835 жылы ноябрьде туды деген қорытындыға келіп отыр. Шоқанның негізгі зерттеушілерінің бірі академик Ә.Марғұлан бұл туралы бұлжытпай мойындатарлық екі дәлел келтіреді. Біріншісі, Шетелдер министрлігінің архивінде сақталған дата да, екіншісі - Шоқан Уәлихановты орыстың географиялық қоғамының толық мүшесі етіп сайлардағы өзі толтырған анкета. Сондықтан мұнан былай осы Шоқанның туған жылы туралы датаны шексіз дәлелденген деп санауымыз керек.
Шоқанның
оқушылар арасындағы айнымас
жақсы досы болашақ үлкен
Шоқанның оқып жүрген кезіндегі өзінің міндетті сабақтарынан тыс терең шұғылданып, көп оқыған еңбектері сол кездегі саяхатшылардың өмірі мен ісі туралы жазылған еңбектер болады. Мұның өзі Шоқанға үлкен әсер етеді. Ол саяхатшы болуды, ең алдымен Орта Азияны кезіп шарлауды, оны зерттеуді арман етеді.
Шоқан
1853 жылы өзімен оқитын
Ол
1856 жылы қырғыз елін зерттеу
мақсатымен құрылған
Сол
экспедициядан қайтқаннан
Ол Құлжада 3 ай тұрып, Омскіге қайтып келеді. Мұнда келгеннен кейін шығыс тарихын терең зерттесем, ол үшін білімді молайтсам деген оймен әскери жұмысты тастап, Петербургке оқуға бармақ болады. Шоқанның бұл ойын 1856 жылы 5 декабрьде Ф.М.Достоевскийге жазған хатынан, Достоевскийдің оған қайырған жауабынан анық көруге болады.
Шоқанның бұл ойын атақты географ П.П.Семенов-Тянь-Шанский де мақұлдайды. Ол Шоқанның Петербургке барып, университеттің шығыс факультетіне түсуіне кеңес береді. Шоқан өзінің ғылыми еңбегінің, зерттеулерінің және орыс ғалымдарының оған көңіл аударуларының арқасында, 1857 жылы 20 жасында орыстың императорлық географиялық қоғамының толық мүшесі болып сайланады.
1857 жылы
Шоқанды қырғыз еліне әртүрлі
материал жинауға жібереді. Ал 1858
жылы Қашқарға жөнелтілген
Шоқан Қашқар экспедициясынан
қайтқан соң, 1860 жылы март айында
Петербург қаласына келеді. Мұнда
келгендегі негізгі мақсаты -
оқып, білімін толықтыру болады.
Ол күн-түн демей оқып, үлкен
оқымыстылардың лекцияларына
Шоқан Петербургте көптеген ірі оқымыстылармен, жазушылармен танысып, пікір алысады. Өз кезінің озат пікірлі ірі адамдарымен достық қарым-қатынас жасауы Шоқанға көп нәрселерді аңғартады.
1861 жылы ескі өкпе ауруы қайта
қозғандықтан, Шоқан елге оралады,
бірақ елге келгеннен кейін
де Петербургтегі пікірлес
Шоқан бұл жылдарда да ауылында қарап жатпайды. Өзінің дағдылы әдеті бойынша, ғылым ісімен шұғылданып, халықтың ауыз әдебиетін жинау, зерттеу жұмыстарын жүргізеді.
«Бақсылық туралы», «Қазақтың шежіресі», «Қазақтың Ұлы жүзінің ертегі, аңызы туралы» атты еңбектерін жазады. Шоқан өзінің осындай істері, ғылыми еңбегі, ақыл-кеңесі арқылы бұқараға әсер етіп, оларды жаңалықпен таныстырмақ болады. Бірақ сол кездегі қазақ даласын қоршаған қараңғылық қай жағынан болсын Шоқанға бөгет жасайды. Әйтсе де, Шоқан өзінің алған бағытынан қайтпай, Омск, Петербургтегі достары Достоевский, Майков тағы басқалармен хат арқылы байланыс жасап, қазақтың әдет-ғұрпы, ауыз әдебиеті туралы жазылған еңбектерін бастырмақшы болып, баспаға дайындайды.
1863 жылы Омскінің генерал-
1864 жылы 24 мартта Ташкент қаласын алуға аттанған Черняевтың шақыруы бойынша, Шоқан Әлиеатаға (қазіргі Жамбыл қаласына) барады. Бірақ Ташкентке шабуыл жасау кезінде Черняевпен келісе алмай, сол жылдың жазында Верный (қазіргі Алматы) қаласына келеді. Одан кейін Жетісу қазақтарының бір бөлігін басқарушы Тезек төренің ауылына барып, осы кезде Тезектің қарындасына үйленеді. Мұнда да Шоқан өзінің дағдылы ғылыми жұмысын тастамайды. Жетісу қазақтарының өмірін зерттей бастайды. Албан, дулат елдерін басқару мәселесіне үлкен өзгерістер кіргізу туралы жоғарғы орындарға ұсыныстар жасап, ірі-ірі мәселелер жөніндегі өз пікірін генерал-губернаторға білдіріп отырады.
1864 жыл
мен 1865 жылдың арасында Шоқанның
денсаулығы күн санап нашарлап,
көкірек ауруы асқына береді. Ақырында,
1865 жылдың күзінде сол аурудан қайтыс
болады. Сүйегі Алтын-Эмель маңындағы
Кошен-Тоған деген жерге қойылады.
Негізгі бөлім
Шоқан Уәлиханов – шығыстанушы ғалым
Қазақтың тұңғыш ғалымы және демократ интеллегенті - Шоқан
Қазақ
тарихында өз кезіндегі
Біз жоғарыда Шоқанның жас кезінен-ақ ғылымға бейім, әртүрлі мәселелермен шұғылданғыш, іздемпаз оқушы болғанын айттық. Оның болашақтағы демократиялық пікірлері де сол шәкірттік кезінен-ақ қалыптаса бастайды. Шоқанның демократиялық идеясының да бір тамыры осы Кадет корпусында оқып жүрген кезінде жатқан сияқты.
Г.Н.Потаниннің айтуынша, «Кадет корпусы ол кезде Сібірдегі таңдаулы оқу орындарының бірі болды». Демек, Шоқанның бойына біткен табиғи талант, ізденімпаз қасиетінің үстіне, оның сол кездегі «таңдаулы оқу орнында» оқуының мәні де зор болғаны сөзсіз. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны аларсың» дегендей, Шоқанның он жасынан бастап тәлім-тәрбие алған оқытушыларының жас Шоқанға, оның ғылымға талпынуында болсын, келешектегі демократиялық идеясының қалыптасуында болсын еткен әсері аз емес.
Шоқан оқушы кезінің өзінде-ақ
оқытушыларымен тығыз
Г.Н.Потанин Шоқанның оқушылық кезін еске түсіре келіп: «Гонсевскиймен жақын болып, пікір алысуларының арқасында Шоқан сол кездегі саяси көзқарастармен танысты. Бұл оның жолдастарына, соның ішінде маған, қолға түспейтін кітап тәрізді болатын. Бізден жасы кіші болса да, өзімізбен салыстырғанда ол үлкен сықылды еді де, біздер оған қарағанда, бала тәрізді едік. Өзінің бізден артық білетіндігін, не бізден білімі жағынан жоғарылығын білдіруге тырыспаса да, жолдастардың арасында болатын жай әңгімелердің өзінде-ақ оның білімінің бізден артығы танылып қалатын. Жалпы жолдастарына, соның ішінде маған, ол еріксіз «Европаға ашқан терезе» сықылды болды», - дейді.
Шоқанның «Современник»
Дуров
- Петрашев ағымының беделді
1854 жылы Шоқан атақты жазушы
Ф.М.Достоевскиймен танысып,
Шоқанның Потанин, Дуров,
«... Сіз, - дейді Ф.М.Достоевский, - мені жақсы көремін деп жазыпсыз. Ендеше мен туралап айтайын, мен сізді жанымдай жақсы көремін. Мен Сізді жақсы көргендей, еш уақытта да, ешкімді де, керек десе туған аға-інімді де жақсы көрген емеспін, мұның себебін құдай білсін...»
Сонымен қатар бұл кез бүкіл
Россияда қоғамдық ой-сананың
үлкен оянған кезі еді.
Бұл кез атақты демократ жазушы Салтыков-Щедриннің, Чернышевскийдің әңгіме, мақалалар жазып, ұлы майданның тартысына түскен кезі болды. Олардың дабылы Омскіге де жетіп жатты. Шоқан болып жатқан саяси тартыстармен газет, журналдар арқылы танысып отырды.
Ол кезде айдаудан қайтқандардың бәрі де, тіпті декабристер де, петрашевшілер де Омск арқылы қайтып жататын. Омскіге бұлардан басқа да жаңа адамдар келе бастады. Омскідегі Кадет корпусына Чернышевскийдің досы Лобановский келді. Шоқан онымен де танысады. Мұның үстіне Шоқанның Петербургте болған жылдары Россияда крепостниктік правоны жою-жоймау мәселесі қатты қолға алынып, ол мәселенің айналасында күрестің қызу жүріп жатқан кезі болды.
Россияның әлеуметтік
Қай кезде болсын демократтық бағытқа тән негізгі ерекшелік - өз халқының езілушілерін сүю. Халықтың көпшілігімен қоян-қолтық келіп, олардың мұң-мұқтажын көре біліп, солардың жоқшысы, жаршысы болуды арман ету. Езілуші бұқараның ауыр тұрмысын жеңілдетуге қолынан келген бар мүмкіншілігін жұмсау. Шоқанның өмірі де, жазған еңбегі де осыны дәлелдейді.
Шоқанның өз халқының
Шоқанға халықтың қалай
Шоқанның өз халқын шын
Сол жылы 6 декабрьде Майковқа
жазған хатында әлгі пікірін тіпті
ашық айтады. «Жергілікті сұлтандармен,
қара сүйектерден шыққан байлармен келісе
алмай жүрмін, - деп жазды Шоқан, - себебі
олар өздерінің «құлдарын» өте нашар ұстайды,
«құлдардың» олардан азат болғысы келеді,
бірақ қалай азат болудың жолын білмейді.
Мен олардан (сұлтандар мен байлардан)
жалшыларына еңбекақы төлеуді, адам қатарында
ұстауды үнемі талап етем. Сондықтан даланың
пролетариаты мені жақсы көреді, мен олармен
доспын». Шоқанның бұл сөзінен оның ауылда
кімді дос, кімді қас санағандығын айқын
көреміз. Сөйтіп, қазақ оқымыстыларының
арасынан қазақ елінде тілегі қайшы екі
таптың бар екендігін алғашқы рет көрген
де, ашып айтқан да, тап қайшылығын түсіне
келіп, қаналушы көпшіліктің жоқшысы болған
да Шоқан еді деуге болады.
«Шоқан Уәлиханов шығыстану әлеміне құйрықты жұлдыздай жарқ етіп шыға келген...»
Біз жоғарыда Шоқанның өмірбаянымен байланысты, ол 1864 жылы генерал-губернатор Дюгамельдің шақыруымен Омскіге келіп, «Сібір қазақтарына жүргізілетін ел билеу реформасын» жасауға қатысты, сол туралы өзінің жобасын ұсынды дедік. Шоқанның демократиялық көзқарасын айқындауда бұл еңбегінің мәні өте зор. Шоқан өз жобасында мәселеге тарихи, теориялық мән беріп, терең толғап, кеңінен алып шешпекші болды.
«Біздің заманымызда халықтың нағыз мұң-мұқтажына тікелей қатысы бар, халыққа ең маңызды, ең керекті реформа - экономикалық және әлеуметтік реформа. Ал саяси реформа сол экономикалық реформаларды жүзеге асырудың құралы есебінде жүргізілмек. Өйткені әрбір адам және бүкіл адам баласы өзінің өрлеу жолында түпкілікті бір мақсатқа ұмтылады... Ол мақсат - өзінің тұрмысын жақсарту. Прогресс дегеніміздің негізінің өзі - осы. Біз осы тұрғыдан алып қарасақ, адамның тұрмысын жақсартуға жағдай туғызған ғана реформалар керекті де, ал осы мақсатқа қандай болса да кедергі келтіретін реформалар болса, ондайлар халыққа зиянды, керексіз реформа болып табылады...», - деп жазды.
Сөйтіп Шоқан жүргізілгелі тұрған реформаға ерекше мән берді, қазақ халқының, азаматтық жағынан өсіп-өркендеуіне зор үміт туғызып отырған миллиондардың тағдырымен байланысты мәселенің барынша дұрыс шешілуін көздеді. Сол елдің болашағы үшін келешекте Россия империясының қамқорлығы керек екендігін, әйтпегенде өз беттерімен жарқын жол таба алмайтындығын, ол елдің ұлы орыс халқын шын бауыр тұтып, арқа сүйер аға көретіндігін дәлелдеді.
«Біз - Батый татарларының ұрпағымыз, орыстармен тарихи жағынан да және тіпті қан араласу жағынан да тығыз байланыстымыз. Азаматтық жағынан өсіп-өркендеуде зор үміт туғызып отырған, орыстарды отандас туысқанымыз деп санап отырған және орыс мемлекетінің қарамағына өз еркімен кіріп отырған миллиондаған адамдардың тағдырын Шекспирше айтқанда, «не тіршілік етуі, не құруы керек» сияқты үзілді-кесілді мәселелерді шешерде көбірек көңіл бөліп, көбірек қамқорлық жасауға тұратын сияқты...», - деді. Алайда халық тағдырымен байланысты күрделі кейбір мәселеге осынша үстірт қараушылық бар екендігін айтты.
«Бізге, қазақтарға, облыстық бастықтар арасында әдетке айналып кеткен үстірт қараушылықтың салдарынан ғана облыстық басқарманың жанындағы комитет өз жұмыстарының басты негізі етіп, ешбір талғамастан сұлтандардың, билердің және басқа да қазақ шонжарларының пікірлерін алып отыр және сол әбден сүйекке сіңген үстірт қараушылықтың салдарынан ғана өзінің жобасында ол қазақ халқының ардақталынған табы - қазақ аристократтары «қара халық» деп атайтын қазақ халқы керексіз тауып отырған, көпшілік үшін керексіз және зиянды қайта құрылыстар мен өзгерістерді бекітіп отыр. Халықтан жиналған пікірлерді дұрыс талдап-бағалау үшін комитеттің, ең болмағанда, қазақтардың сословиелік қарым-қатынастарына және олардың өз араларындағы орыс басшыларына қалай қарайтындықтарына назар аудару керек», - деді.
Реформа мәселесіне осындай үстірт қараушылықты айта келіп, Шоқан бұл мәселеге халықтың, яғни «дәулетсіз, шен-шекпенсіз қарапайым қазақтардың» кеңінен қатыстырылуын, солардың пікірлерімен санасу керек екендігін, реформаны ақсүйектер емес, қалың бұқараның тілек-мүддесіне сай жүргізілуін талап етті.
«Халықтың, әсіресе надан және жартылай тағылық дәрежеде тұрған халықтың пікірін халықтың шын мұқтажын білдіреді деп тануға бола бермейді. Ал қоғамның ардақталған топтарының пікіріне халықтың шын мұң-мұқтаждығына мүлдем қайшы келетін пікір деп қарау керек, өйткені мәдениетті қоғамның өзінде де атақты бай адамдардың мүдделері бұқараның, көпшіліктің мүдделеріне көбінесе қарсы болып отырады».
Тап қайшылықтарына Шоқан тарихи көзбен қарап, мәдениетті елдердің өзінде де езуші тап пен езілуші таптың арасындағы қайшылықтың атам заманнан бері келе жатқандығын көрсете келіп, қазақтың өз жағдайымен байланысты: «Аға сұлтандардың араға түсуі арқылы екі жағы да бір-біріне кеңшілік жасап, мынадай келісімге келді: билер болыстарға, болыстар билерге, ал болыстар мен билер сұлтандарға кедергі жасамайтын болды... Қарапайым халықты қанауға қазақ әкімдерінің бір-біріне кедергі жасамауы үшін оларға керегінің өзі де осы болды», - деді3. Осымен қатар сол кездегі халықты қанаудың алым-салық түрін де жергілікті өкіметтің өздері істеп отырғанын айтып, оны қатты сынайды. Бұл келтірілген үзінділердің қайсысын алсақ та, Шоқанның жаны ашитыны қалың бұқара, езілуші халық екендігін, жай халықты байлар мен сұлтандардың қанап отырғандығын көре біліп, содан шығудың жолын іздегендігін көреміз.
Шоқанның үстем таптан шықса
да, халықты кімдер қанап
Шоқанның оқушылық кезінен бастап, қайтыс болған күніне дейінгі өмірін шолып өтсек, оның ұдайы ғылыммен шұғылданған адам екендігін көреміз. Әрине, қалдырып кеткен үлкен монографиялық еңбегі болмаса да, қазірдің өзінде 5 томдық мақала, ғылыми баяндамаларының өзінен де оның зор білімді, ғылыми-зерттеу мәселелерімен шұғылданған, оның әдісін толық меңгерген шын мәніндегі ғалым екендігін көреміз. Шоқанның ғылыми-зерттеу еңбектері әр алуан: тарих, география, право, дін, фольклор, әдебиет, этнография, тағы басқалар.
Қай мақала, қай жұмысын алсақ
та, Шоқан өзінің алған

- Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов
- Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов
- Шопен (Chopin) Фридерик
- Шопенгауэр
- Шопенгауэр “Мир как воля и представление”
- Шопенгауэр “Мир как воля и представление”
- Шопенгауэр философия пессимизма
- Шоқан Уәлиханов
- Шоқан Уәлиханов
- Шоқан Уәлиханов
- Шоқан Уәлиханов (1835-1865)
- Шоқан Уәлиханов (1835-1865)
- Шоқан Уәлиханов (1835-1865)
- Шоқан Уәлиханов (1835-1865)