Швейцария Конфедерациясы: 2008 жылғы экономикалық дағдарыстан шығу жолдары

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ  ЖАНЫНДАҒЫ

МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫ 
 

    МЕМЛЕКЕТТІК ЖЕРГІЛІКТІ БАСҚАРУ  ИНСТИТУТЫ 
 
 
 
 
 

    Швейцария Конфедерациясы:

    2008 жылғы экономикалық дағдарыстан шығу жолдары 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Орындаған: Тулебаев Ноян Назарович 
 
 
 

                                                Астана 2011ж.

Мазмұны

 
 

    Кіріспе

    1. Қазақстан Республикасы мен Швейцария Конфедерациясы арасындағы қатынастар

 

    2. Швейцария экономикасы

 

    Негізгі бөлім

    1. Швейцариядағы экономикалық дағдарыс: көрсеткіштер мен себептері

 

    2. Швейцария Үкіметінің дағдарысқа қарсы шаралары:

    • Қаржы - саяси шаралар
    • Экономикалық өсудi ынталандыру бойынша шаралар
    • Сыртқы экономикалық қызметті іске қосу бойынша саясат
    • Мәселенің халықаралық аспектісі
 

    3. Швейцарияның тәжірибесі Қазақстан Республикасында қолдануға келе ме?

 

    Қорытынды бөлім

    Швейцария үкіметінің дағдарысқа қарсы қолданған  шараларының тиімділігі

 

    Қолданылған әдебиеттер

     

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     Қазақстан Республикасы мен  Швейцария Конфедерациясы арасындағы қатынастар

 

    1992 жылғы 1 маусымда Қазақстан Республикасы мен Швейцария Конфедерациясы арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды.

    Екіжақты  экономикалық қатынасты нығайту  мақсатында Сауда-экономикалық бірлескен  үкіметаралық комиссия құрылып, қазіргі таңда өз жұмысын жүргізуде.

    Швейцарияның Орта Азия елдері арасындағы сауда қатынастарында Қазақстан ерекше орнын алады. Өз алдына Швейцария да Қазақстанның негізгі сыртқы сауда серіктесі болып табылады. Қазақстанның Еуропа мемлекеттерімен сауда айналымында Швейцарияның алатын үлесі 11% құрайды.

    Қазақстаннан  шыққан экспорт 4.4 млрд. АҚШ долл. құраса, ал импорт 133 млн. долл. құрайды. Қазақстан экспортында көлемі жағынан Швейцария 2 орында, ал импортында 3 орында. Қазақстанға салған инвестиция көлемінен Швейцария 3-ші орынға ие (521 млн. АҚШ доллары) немесе барлық шет елдік инвестициялардың 12% құрайды.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Швейцария эконимикасы

 

Швейцария — өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы жоғары дамыған мемлекет. Ол - дүние жүзіндегі ең ірі қаржы орталықтарының бірі болып саналады. Еуропаның алғашқы банктері дәл осы жерде пайда болған. Қазіргі таңда Швейцарияда шамамен 4000 қаржы институттар, 400 астам банктер орналасқан. Швейцария банктерінің сейфтерінде дүние жүзіндегі ең дамыған елдердің барлық құнды қағаздарының жартысы жатыр. 1815 жылы Вена конгресінде Швейцария бейтараптылығы бекітілді. Содан бері бұл мемлекет еш соғыстарға қатыспаған. Ішкі жағдайдың тұрақтылығы, банктік құпия кепілдігі, тұрақты ішкі валюта - қазірдің өзінде Швейцария банктеріне қуатты күш беруде.

    Швейцария өнеркәсібі қымбат және жоғары технологиялық сападағы өнімдер шығаруға мамандандырылған. Ел экономикасында ірі трансұлттық монополиялар үстемдік жағдайға ие. Швейцария туризм мен өз аумағы арқылы өткізілетін транзиттік жүктерден көп пайда табады. Өнеркәсібі сырттан әкелінетін шикізаттарға тәуелді және дайын өнімдерді экспорттауға бейімделген. Жетекші салалары — машина жасау мен металл өңдеу, химия, тамақ өнеркәсіптері. Машина жасауда ұсталық-престеу жабдықтарын, дәлдігі жоғары металл өңдеу станоктарын (оларды шығару мен экспорттау бойынша Швейцария дүние жүзіндегі жетекші орындардың бірін иемденеді, өнімнің 80%-ына жуығы сыртқа шығарылады), дәл өлшеу аспаптарын (күрделі медициналық аппараттар, дәл таразылар, оптик. аспаптар, т.б.), сағаттар (дүниежүз. өндірістің жартысынан көбі, өнімнің 95%-ы экспортталады) шығару неғұрлым жоғары дамыған. Швейцария тоқыма (тоқу, иіру, тігін машиналары, дүниежүз. экспорттың 1/5-і), полиграф. (баспахана машиналары, түптеу станоктары, т.б.; өнімнің 90%-ы экспортталады), тамақ, сағат өнеркәсібі үшін құрал-жабдықтар өндіру мен экспорттау жөнінде дүние жүзіндегі ең алдыңғы орындардың бірін иеленеді. Швейцарияның компьютерлер мен оларды бағдарламалық қамтамасыз ету өндірісіндегі, күзеттік (видеобақылау, банкноттар мен бағалы қағаздарды қорғау жүйелері) және орау құрал-жабдықтарын, егін жинау техникасын, құрылыс саймандарын өндіру салалары да жақсы дамыған.

    Швейцария мүлдем ерекше мемлекет. Ол ЕуроОдақтың кұрамында жоқ, тіпті БҰҰ-ға тек 2002 жылы кірді. Гельветикалық конфедерацияда өзгешелік көп, алайда көзге түсерлік басты екі өзектілік: тура демократия және салыққа деген ерекше заңнама.

 

     Салық –сайлаушылармен  анықталады.

    Тура демократия дегеніміз Швейцария азаматтарының заң шығару бастамасы құқығы. Жүз мың адам заңға өзгертулер енгізуге ұсыныс бере алады (Швейцарияда 7,7 млн адам тұрады). Сондай-ақ, парламент қабылдаған заңның күшін референдум арқылы жою үшін  50 мың азаматтың қолы жеткілікті.

      Швейцарияның салықтық тәуелсіздігі дегеніміз билік органдарының салық орнату құқығы азаматтардың қалауымен шектелетіндігі. Конституция федералдық үкіметке жабық тізім бойынша (олардың негізгісі – жеке табыс салығы және ҚҚС) нақты салықтарды ғана бекітуге рұқсат береді. Сонымен қатар Конфедерацияның салықтарды жинау құқығының уақыты шектеулі. Федералдық үкіметтің салықтық құзыретінің мерзімі 2020 жылы аяқталады. Одан кейін Швейцарияда 7-ші рет мерзімді ұзарту бойынша референдум өткізіледі. Егер сайлаушылар қарсы болса онда Конфедерация іс жүзінде жойылады.

    Экономикалық  дағдарыс кезінде Швейцарияға бұл ерекшеліктер көмектесті ме, әлде қиындата түсті ме? Нақты айту қиын.

    Тарихқа жүгінсек, Швейцария 1982 жылы мұнай бағаларының өсу кезінде мемлекеттің ІЖӨ 1,3% төмендеген. 1991—1993 жылдарда Швейцария қайтадан рецессиядан өтті. 90-шы жылдар бойы Щвейцарияның экономикалық өсуі Еуропада ең төмен болды, шамамен 0,6%. 1997 жылы ол максималды төмен деңгейге жетті - 5,7%. Алайда әлемнің қаржылық нарықтарының дамуы Швейцарияға жаңа серпін берді, мысалы 2000 жылы ІЖӨ 3,6% өсті, бұл жоғары дамыған экономика үшін өте үлкен көрсеткіш.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     1. Швейцариядағы экономикалық дағдарыс: көрсеткіштер мен себептері

    Швейцарияға, жоғарыда айтылып кеткен өзгешеліктер мен ерекшеліктеріне қарамастан, әлемдік қаржылық дағдарыс өз әсерін тигізді. Бұл оның жалпы экономикалық деңгейдің төмендеуінен байқалды.

    2008 жылдың қорытындылары бойынша Швейцарияның экономикалық дамуы жалпы алғанда жақсы болды, бірақ тек 1,6%, бұл 2007 жылға қарағанда екі есе аз. Ал 2009 жылы 2,5% ғана.

    Швейцарияның әлемдік қаржылық дағдарысқа төтеп бере алмау келесі екі өзара байланысты басты себептерде.

    Біріншіден, Швейцария экономикасы әлемдік экономикаға өте интегралданған мемлекеттердің бірі. Швейцария – экспорттық держава болып саналады. Оның экспортының бағасы ІЖӨ жартысынан асады, өндірілетін өнімнің 80-90% өзге елдерге шығарылады. Швейцарияның 2/3 тауарлық экспорты ЕуроОдақ елдеріне жіберіледі. Екінші ірі экспорттық нарық - ол АҚШ. Дәл осы елдердің импорттық тауарларға деген сұранысының азайуы Швейцария экономикасына әсер етеді.

    Екіншіден, Швейцария басты әлемдік қаржылық орталық болғандығынан, АҚШ-тың ипотекасына үлкен қаражат салған Швейцарияның ең ірі банкі «Ю-Би-Эс» бірінші болып америкалық ипотека нарығында зардап шекті. 2007 жылы банк сенімді емес кредиттер салдарынан 20 млрд. АҚШ долл. шамасында жоғалтты. Тек Федералдық банктік комиссия (ФБК) шешімімен Сингапур тәуелсіз фонды GIC 11 млрд. АҚШ долл. капитал қосқандығынан UBS банкі банкрот болудан аман қалды.

    Соның өзінде 2008 жылы банк 50 млрд. АҚШ долл астам жоғалтты, оның таза шығыны 20 млрд. швейцария франкі болды.

    2008 жылы әлемдік қаржылық дағдарыс өзге де швейцариялық банктерге де жетті («Кредит Суисс» таза шығыны 7,7 млрд. швейцария франкі).

    Осы екі швейцарлық банктің үлгісі дағдарыстың  АҚШ-тан Еуропаға келуінің айқын  механизмін көрсетеді. АҚШ-тың ипотекалық нарығына инвестиция құйған еуропалық  компаниялар соққының астында қалып сол жағымсыз трендті дәл континентті Еуропаға әкелді. Даму барысындағы экономика жағдайында құрылған инвестициялық тәсімдердің барлығы сол кезеңде өзінің өзектілігін жоғалтады.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    2. Швейцария Үкіметінің дағдарысқа қарсы шаралары.

    2008 жылдың қыркүйегiндегi халықаралық қаржы дағдарысының асқынуы Швейцария үкiметі жағынан маңызды кiрiсулерді талап еттi.

    Халықаралық қаржы нарығындағы ахуалдың қатты асқынуынан және елде басталған экономикалық рецессияның әсерлерінен Үкiмет ахуалдың тұрақтануы үшiн үш негiзгi бағыт анықтады:

    1) қаржылай - саяси шаралар;

    2) экономикалық өсудi ынталандыру бойынша шаралар;

    3) сыртқы экономикалық қызметтiң  активизациясы бойынша саясат.

    2008 жылдың қазанынан бастап Швейцарияның Федералды кеңесi (үкiмет)  және Швейцария ұлттық банкi (орталықбанк) дүниежүзілiк экономикалық дағдарыс кезінде елде қолайлы конъюнктураны сүйемелдеу бойынша белсендi саясат жүргiзе бастады.

 
    • Қаржылай - саяси шаралар

    Швейцария үкiметiнiң дағдарысқа қарсы шараларындағы алғашқы қадамы болып Швейцарияның барлық банк жүйесiнің негізгі институты болып табылған ең iрi «Ю-Би-Эс» банкіне берген шұғыл қаржылай көмек болды.

    Ең iрi американдық инвестициялық банктерiнiң  бiрі «Леман Бразерс» банкротқа ұшырауы және әлем фондылық биржаларында бағалаулардың ойсырауы Швейцария үкiметi жағынан жедел әсер етуге талап еттi, әйтпесе бұл жағдай Швейцарияның бейтарап халықаралық жағдайы үшiн және елдегi ұлттық экономика және әлеуметтiк саласы үшiн маңызды және ұзақ уақыттық зардаптар шақыруы мәлім.

    Швейцарияның Федералды кеңесi және Швейцария ұлттық банкi бiрлесiп «Ю-Би-Эс» банкін қолдау мақсатында 60 млрд. дол. АҚШ көлемiнде қор жасау туралы шешiм қабылдады. Бұл қаражат ең алдымен банктің американдық ипотекалық нарықта орналастырылған жұмсалмайтын активтерін сатып алу үшiн арналған. Сонымен бiрге бұл сомаға банктің капиталын ұлғайтуға арналған 6 миллиард швейцария франкі үкiметтiң тiкелей үлесi болып кiрдi. Бұл сомаға шығарылатын банк облигациялары кейіннен банк акцияларына аударылып, үкiмет оларды жеке инвесторларға сатуды жоспарлады.

    Осы кезде «Кредит Суисс» банкі үкiмет көмегiнен бас тартты, бiрақ өз рекапитализацияландыруына жеке инвесторларды тартуға ұмтылды. 2009 жылдың қазанында банк капиталы 10 миллиард швейцария франкiне ұлғайған. Оның 3, 2 миллиард швейцария франкі «Qatar Holding LLC. «катарлық холдингiнің» үлесін құрады.

    Алайда қабылданған шаралар швейцария қаржы нарығындағы мәселерді толығымен шешпедi. Елдiң екi ең iрi банктерi 2008 жылды үлкен шығындармен аяқтады және шығындарды үнемдеуге арналған бағдарламаларды қабылдауға мәжбүр болды.

    Швейцария ұлттық банкі өз жағынан Швейцария экономикасы үшiн дағдарыс құбылыстарының зардаптарын жеңу мақсатында 2008 жылдың қазанынан бастап қаржылық-несиелік саясатын жұмсарта түсті.

    Елдегі  экономикалық рецессияның артуы  жағдайында  ұлттық экспортшылардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және iшкi өндiрiстi ынталандыруға әкеп соғатын  швейцария франкін құнсыздандыру мақсатында 2009 жылдың 12 наурызда Швейцария ұлттық банкi халықаралық валюталық нарықта аумақты интервенцияларға кірісті.

    Алайда  Швейцария ұлттық банктiң валюталық  интервенцияларының әсері дегенмен бұл есептiң шешiмi үшiн жеткiлiксiз  болды.

 
    • Экономикалық  өсудi ынталандыру  бойынша шаралар

2008 жылғы қарашаның  ортасында Швейцария үкiметi халықаралық конъюнктура дағдарысы жағдайында елдегi жұмыспен қамтылу деңгейiн және кәсiпорындарды жұмыспен жүктеуiн сүйемелдеуге бағытталған шаралар кешенін қабылдады. Осы мақсаттарға 1, 5 миллиардқа швейцария франкі дейiн бағыттауға жоспарлаған. 

    Дегенмен, үкiмет сол кездегi дүниежүзілiк қаржы және экономикалық дағдарыс өзге дамыған мемлекеттермен салыстырғанда Швейцария экономикасын соншалықты қозғамағанын ескерген.

    Елдегі  инвестициялық процестерді ынталандыру  мәселелерін шешу барысында Швейцария  үкіметі «Бюджет туралы» Заңның қағидаларын басшылыққа алады. Аталған  Заңға сәйкес Үкімет мемлекеттік  шығындарды конъюктуралық факторларды  ескере отырып болжанған табыстарға сәйкес жоспарлауы тиісті. Сонымен қатар бюджет шығындары келешек табыстарға тең болуы тиіс. Сол кезеңдегі болжамдарға сәйкес Швейцария үкіметі 2009 жылғы бюджет шығындарын 1 млрд. шв. франкі (шамамен 650 млн. евро) ұлғайтты. Үкіметтің дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыру 3 кезеңге бөлінді.

    Бірінші кезең 2009 жылдың 1 қаңтарынан басталды. Бұл кезеңде бюджет шығындары  350 млн. шв. франкіне ұлғайтылды. Оның 205 млн. шв. франкі -жүзеге асырылып жатқан қорғаныс, білім, көлік және ауыл шаруашылығы салаларындағы мемлекеттік жобаларға;  66 млн. шв. франкі – табиғаттың кездейсоқ апаттарынан қорғай бойынша жобаларға; 45 млн. шв. франкі – тұрғындық құрылысты қолдауға; 20 млн. шв. франкі – мемлекеттік ғимараттарды реконструкциялау бағдарламаларына; 5 млн. шв. франкі – экспортты қолдау бағдарламаларының қаржыландыруын ұлғайтуға жұмсалды.

    Сондай-ақ, үкіметтің экономикалық дамуды ынталандырудың жанама шарасы болып 2009 жылғы 1 қаңтарынан бастап 650 ұйымдарға «жұмысқа орналастыру резевтерін» қайтарып беру шешімі болды. Бұл инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін өндіріске қосымша 550 млн. шв. франкін берді.

    Дағдарысқа  қарсы шаралардың екінші кезеңі 2009 жылдың басында мемлекетте экономикалық жағдайдың одан әрі нашарлауын ескере отырып, қабылданған.  2009 жылғы 11 ақпандағы шешіммен үкімет дағдарысқа қарсы қаржыландырудың екінші траншын бекіткен, бұл транш мемлекеттік шығыстардың 700 млн. шв. франкіне одан әрі көбейтілуін қарастырған болатын. Оның 530 млн. шв. франкін инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруға бағыттау жоспарланған. Сонымен қатар, швейцариялық кәсіпорындарда болуы мүмкін жұмыстан шығару толқынының алдын алу мақсатында жартылай жұмысбасты қызметкерлерді мемлекеттік қолдаудың максималды мерзімін 12 айдан 18 айға ұзарту жоспарланған болатын. 

    Дағдарысқа  қарсы шаралардың үшінші кезеңі әлі жасалу барысында. Ол салынатын салық ауыртпалығын азайту арқылы жеке тұтыну деңгейін қолдауға бағытталған. Бұндағы басты мақсат – ішкі сұранысты ынталандыру болып табылады. Салық салу жүйесін реформалау Швейцарияның ішкі шаруашылықтарына шамамен қосымша 1,2 – 1,3 млрд. шв. франк әкелуі тиіс. Швейцариялық үкіметтің бұл ұсыныстары швейцария экономикасы бойынша жыл сайынғы баяндаманы жасау мақсатында Швейцарияға келген Халықаралық Валюталық Қор миссиясы тарапынан қолдау тапқан. Мемлекет заңнамасына жасалатын өзгертулерді Швейцария парламенті тез арада мақұлдаса, аталған шараларды қолданудың тиімділігі 2011-2012 жылдарда өз нәтижесін беруі қажет. Швейцариялық үкіметтің баңалауы бойынша қазіргі күні қалыптасқан жағдай аталған шараларды тез арада іске асыруды қажет етпейді. Дегенмен, мемлекетте экономикалық жағдай нашарлаған жағдайда ұлттық экономикаға дем беру үшін қосымша ынта керек болады.

 
    • Сыртқы  экономикалық қызметті іске қосу бойынша  саясат

    Швейцариялық  экономиканы дамытуда сыртқы экономикалық байланыстар ерекше орын алады. Үкімет Швейцариялық экономиканы дамытуды ынталандырудың маңызды бағыты ретінде шейцариялық экспортшылардың әлемдік нарықтарға еркін шыға алуын санайды.

    Швейцария үкіметінің сыртқы экономикалық саясат туралы жыл сайын жасайтын баяндамасының  2009 жылғы қаңтарда жасалған нұсқасында бұл мәселені шешуге негізгі ұсыныстар бағытталған болатын.

    Үкімет  осы саладағы негізгі күштерді :

    1) Әлемдік Сауда Ұйымының аясында  келіссөздерді одан әрі дамытуға  (Доха-раунд);

    2) еркін сауда туралы келісімдерді екі тарапты негізде және Еркін Сауда Еуропалық Ассосиациясы мен үшінші елдер арасындағы келісімдерді жасауға қарқын беру;

    3) Еуропа Одағымен ынтымақтастықты тереңдетуге бағыттауды жоспарлаған. Баяндамада Швейцария мен БРИК (Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай) елдерінің арасында сыртқы экономикалық байланыстарды дамытуға ерекше көңіл бөлінген.

    Осылайша, Швейцария өткен жылдың ақпанында  Жапониямен еркін сауда аймағын  құру туралы екіжақты келісім жасаған. Ағымдағы жылдың барысында  осындай сипаттағы келісім Парсы шығанағы мемлекеттерінің ынтымақтастығы бойынша Кеңеске мүше мемлекеттермен де жасалатын болады.

    Сонымен қатар, Үндістан, Таиланд және Алжирмен еркін сауда аймақтары туралы басталған екіжақты келісімсөздерді  қайта жандандыру жоспарлануда. Және де Швейцарияның Миниэкономисттері Қытаймен де осындай сипаттағы келісімсөздер  жасауға дайындық жүргізуде.

    Осы жылы Ресей мен Еркін Сауда  Еуропалық Ассосиациясы  мемлекеттерімен  еркін сауда келісімін жасау  мәселесі бойынша келісімсөздер басталуы қажет.

    Швейцария Еуропалық одақпен ауыл шаруашылық тауарларды еркін сату туралы келісім жасау мәселелері бойынша келісімсөздер жүргізуде, өйткені 1972 жылдан бастап қолданыстағы Швейцария және ЕО арасындағы еркін сауда туралы екіжақты келісімде аграрлық өнімге қатысты мәселе қатты қарастырылмаған.

    Швейцария бұған дейін басым сипатта болмаған әлемнің көптеген мемлекеттерімен, оның ішінде Иран,  Венесуэла, Түркиямен сыртқы экономикалық байланыстарды жандандыруда.

 
    • Мәселенің халықаралық аспектісі

    Швейцария үкіметінің дағдарысқа қарсы саясаты  әлемнің басқа мемлекеттерінің  үкіметтері қабылдаған шаралармен ұқсас. Олардың көбісі банктік секторды сауықтыру және рекапитализациялаудан  бастаған. Содан кейін өндірісті  ынталандыруға бағытталған шаралар  қабылданған. 

    Сонымен қатар үкімет қабылдап жатқан дағдарысқа қарсы шаралар Швейцариядағы  экономикалық рецессияны жеңіп шығуға мүмкіндік бермей жатыр. Экономикадағы  негізгі және күрделі мәселе болып экономикалық өсімді тежейтін дефляция болып табылады. Американдық «Ситибанк» Швейцариядағы бағалар деңгейінің төмендеуі 2009 жылғы шілдеде өткен жылғы деңгеймен салыстырғанда 1,7% құрауы мүмкін деп болжам жасаған. 

    Швейцария «Үлкен 20-лықтың» Лондонда өткен саммитіне бақылаушы форматында болса да шақыру алу үшін сан рет талаптанған. Дегенмен шақыруға ие бола алмады.

    Швейцария экономикасының, оның ішінде банк секторына  төніп тұрған қауіп болып АҚШ, Германия және Франция сияқты мемлекеттер  тарапынан швейцариялық банктер қолданатын оффшорлық бизнес тәжірибесін тоқтатуға көрсетілетін қысым болып табылады. АҚШ пен Германия бұл тәжәрибе швейцариялық банктерде сақталатын мыңдаған миллиардтардың салық салудан айналып өтетіндігіне себеп болып табылады деп санайды. 2009 жылғы 2 сәуірде Лондонда өткен «Үлкен 20» мемлекеттері елбасыларының ақырғы кездесуінде Швейцария Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымының  мемлекеттері ұсынған оффшор мемлекеттердің «сұр» тізіміне енгізілген де болатын. Мемлекет үшін өты пайдалы болып табылатын оффшорлық бизнестен айырылып қалуы мүмкін болса да тәуекел ете отырып, Швейцария капиталдың қылмыстық сипатын немесе оның иесі өз мемлекетінде салықты саналы түрде төлемегені дәлелденген жағдайда банк ақпаратын беру мәселелері бойынша Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымының  мемлекеттерімен ынтымақтастық жасауға келісім берді. Швейцария бұл норманың жаңартылған келісімдерде қарастырылуы үшін қос салық салуды болдырмау мақсатында екіжақты келісімдерді қайта қарайды. Ең алғашқы болып АҚШ-пен және Жапониямен жасалған аталған келісімдер қайта қаралатын болады.

    Сонымен бірге, біздің ойымызша швейцария үкіметінің дағдарысқа қарсы шаралары айтарлықтай  орныққан және нақты мүдделерді сипаттайды.

    Алдымен, мен ұлттық экономиканы қолдауға бюджеттен бөлініп жатқан қаражат  бюджет тапшылығына әкеп соқпайтындығын және федералдық бюджетінде тапшылықтың болмауы туралы қолданыстағы заңнамалық нормамен қатаң түрде шектелгендігін айтып өткен дұрыс деп ойлаймын.

    Және  де, Швейцария ең либералды экономикасы бар мемлекеттің бірі деген өз атауын сақтауда және дағдарыс жағдайында да үкімет экономикалық реттеу және экономикаға мемлекеттің араласуының арасындағы шекараны сақтай білді. Мемлекеттің экономикаға араласпауын жағдайлары нашар болса да мемлекет кәсіпкерлерлерінің өздері және олардың федералды қоғамы – «Экономисуисс» қолдауда.

    Одан  әрі, дағдарысқа қарсы шаралар орталық  банктің үкімет пен парламентке  тәуелсіз болуы себеп болып табылатын  ұлттық алтын-валюта қорларын қысқартумен  сабақтастырылмаған.

    Швейцария ұлттық банкі пайыздық мөлшерлемені 0,25% жеткізе отырып, базалық пайыздық мөлшерлемені пайдаланып отырған.

    Мемлекеттегі  инвестициялық үрдісті ынталандыру  бойынша үкімет қабылдаған шаралар  жеке инвестициялардың орнын баспайды, керісінше жеке инвестициялауды  көбейтуге қосымша жағдайлар  жасауға бағытталған.

    Халықаралық-құқықтық қызметті жандандыру арқылы Швейцария өз кәсіпорындарының сырқы экономикалық қызметіне ұтымды жағдай жасайды және ең бастысы негізгі нарықтарға экспорттың кеңеюіне ұтымды жағдайлар жасайды. Аталған контекстте Ресей-Қазақстан-Белоруссия одағына үшінші елдермен еркін сауда туралы екіжақты келісімшарттардың желісін жасаған Еркін сауда Еуропалық Ассоциациясының (Швейцария, Норвегия, Исландия, Лихтенштейн) қызметі ерекше қызығушылық тудырады.

 
 
 
 
 
 
 

    3. Швейцария тәжірибесі Қазақстан Республикасында қолдануға келе ме?

 

    Әрине Қазақстан үшін Швейцария тәжірибесінің барлығы қолдануға келе бермейді. Қазақстан экономикасы мен қазақстандық қауымның швейцарлықтардан айырмашылықтары көп. Швейцария екі ғасыр бойы соғыссыз өмір сүруде және дәйекті түрде өзінің демократиялық және нарықтық институттарын дамытуда.

    Дегенмен  швейцарияның дағдарысқа қарсы шаралары көрсеткендей, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуының ұзақ стратегиясын іске асыру кезінде өзіміздің ұлттық басымдылықты және мүдделерді нақты ұстана отырып, либералды нарықтық экономикаға сүйене аламыз. Швейцария саясатының басты және негізгі бағыты – кәсіпкерлік үшін барынша қолайлы жағдай жасау болды. Швейцарияның әлемде бәсекелестік бойынша 2-ші орын алатыны кездейсоқ емес.

    Менің ойымша Қазақстан мен Швейцарияның экономикалық ынтымақтастығы, тіпті онымен еркін сауда туралы келісімге қол қою, Қазақстанның стратегиялық мүдделерінде жатуы тиіс.

    Бұл жағдайда Қазақстан мен Швейцарияның сауда-экономикалық жақындасуын - екі  мемлекеттің эккономикалық дамуын ынталандыру факторын ғана емес, сондай-ақ ғаламдық экономиканы дағдарыстан шығару бойынша мәселелердің шешуіне үлес ретінде де қарастыруға болады.

 

    

 
 
 
 
 
 

    Швейцария үкіметінің дағдарысқа қарсы қолданған  шараларының тиімділігі

    Не  дегенмен, Швейцарияның ғаламдық дағдарыстың мемлекеттік экономикаға келтірген әсерін бәсеңдету талпынысын ескермеуге болмайды.

    Біріншіден, Швейцария Ұлттық банкі пайыздық мөлшерлемені іс жүзінде нөлге дейін төмендетті. Екіншіден, ол ұлттық валютаның күшеюіне белсенді қарсы әрекет етті. Доллар және құнды қағаздардан көңілі қалған көпшілік дәл осы швейцария франкіне ұмтылғандығынан, бұл оңай болған жоқ. Үшіншіден, швейцариялықтар өздерінің ең ірі UBS банкін банкрот болудан сақтап қалды.

 
 

    The Economist Intelligence Unit​ мәлімдеуі бойынша

    ағымдағы  және болжамды экономикалық көрсеткіштер

      2008  2009  2010  2011  2012  2013
  ІЖӨ, %   1,6  -3,5  -0,3  0,4  1,1  1,3
  Инфляция, %   2,4  -0,6  0,3  0,7  1,0  1,1
  Бюджеттің дефициті/профициті, % ІЖӨ   0,9  -3,1  -3,8  -3,5  -2,4  -1,2
  франктің долларға бағамы   1,08  1,11  1,12  1,13  1,12  1,10
Швейцария Конфедерациясы: 2008 жылғы экономикалық дағдарыстан шығу жолдары