«Шымкентмай» АҚ кәсіпорынның жалпы мінездемесі, құрылу тарихы
1. «Шымкентмай» АҚ кәсіпорынның жалпы мінездемесі, құрылу тарихы
30 жылдардың ортасына дейін өсімдік майы мен сабын Қазақстанға импортталатын. Жағдайды үкіметтің Шымкентте май экстракционды заводты (МЭЗ) құру жөнінде шешімі өзгертті. Оның құрылысына 1957 жылы кірісті.
7 қарашаны завод күнтізбесінде қызыл күн деп санауға болады. Бұл 1942 жылғы қиын күнде Қазақстандағы ірі май саласындағы майэкстрационды заводы өзінің бірінші өнімі – мақта майын шығарды. Қазақстанда 2-ші 5 жылдыққа дейін май өнеркәсібі болмаған, сондықтан өсімдік майы мен кір сабын басқа республикадан алынатын.
Үкіміет Оңтістік Қазақстанда, «Шымкентмай» өндірілетін кәсіпорын құру туралы шешім қабылданды. Май экстрациялайтын зауыт келесі технологиялық жоспар бойынша жобаланған еді:
- шитті тазалау;
- дәнді тілеу және оқшалау;
- батериялық экстрация және майды алғашқы рет тазалау, сонымен қатар майды өңдеу және сабын өндіру бөлімдері жоспарланады.
Майды экстрациялау зауыты 1937 жылдан соғыла бастады, ал 1942 жылы алғашқы өнім өндірді. Майды экстрациялау зауыты өндірілетін өнімдер түрлерін ұлғайтып, 1949 жылы май комбинаты болып аталды, 1993 жылдан бастап май комбинаты «Шымкентмай» АҚ , 1999 жылдан «Шымкентмай» ААҚ болып қайта құрылды. Қазір «Шымкентмай» ААҚ негізгі өнім бойынша күрделі механикаландырылған өнеркәсіп.
Құрамында 4 күрделі механикаландырылған өнім (механикаландырылған бөлім кешені) 4 күрделі механикаландырлыған бөлімше, 2 автоматтандырылған жүйе, 5 үздіксіз механикаландырылған бар, мақты шитін өңдеудегі қуаты тәулігіне 1150 тонна өнім мен жартылай дайын өнімдердің 17 түрін дайындайды. «Шымкентмай» ААҚ мақсары және күнбағыс дақылдарын өңдеуді игерді, басқа да техникалық майлы дақылдарды өңдейді.
Қазақстанда май өндіретін ірі өнеркәсіп (қазіргі «Шымкентмай» ААҚ) 1942 жылы 7 қарашада іске қосылды. Дәл сол барлық елдерге қиын кезеңдері ол өзінің алғашқы өнімін мақта майын шығарды.
1943 жылы кәсіпорынның жас ұжымы қажырлы еңбегі үшін Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінің ауыспалы Қызыл Тумен белгіленде. «Ұлы Отан соғысында қажырлы еңбегі үшін» 278 жұмысшы медальмен марапатталды.
1946 жылы Социалистік Бүкіл Одақтық кәсіпорындардың азық-түлік өнеркәсібінің жарысына қатысушылардың арасында 6 мәрте жеңімпаз атанды. СССР азық-түлік өнеркәсіп Министрлігінің шешімімен зауытқа 6 сыйлық бұйырды: олардың ішінде 3- 1, 2-ІІ, 1-ІІІ орындар. 1946 жылдың шілдесінде зауытқа Шымкент халық депутаттарының қалалық советінің ауыспалы Қызыл Тумен марапатталды.
1948 жылдың қаңтарында форпрессиялық цех іске қосылды, нәтижесінде 25,7 процент еңбек өнімділігі артты.
1949 жылдың қыркүйегінде май шығару зауыты «Гловрасжирмасла» өсімдік майның бас басқармасы СССР азық-түлік өндірісінің май комбинаты болып ауыстырылды.
1950 жылы сабын шығаратын цех іске қосылды.
1953 жылы расшипительный «ыдырау» цехының құрылысы бітті. Май комбинатының Социалистік міндеттерінің сәтті орындалуына байланысты Республикалық Құрмет Кітабында және облыстық Тақтасына енді.
1959 жылы жаңа технология мен жабдықталған ең ірі цех үздіксіз сығынды майы іске қосылды. Комбинаттың ұжымы жаңа технологияларға өтті.
1975 жылы қысқа зауыттың ішінде (50 күннің ішінде) экстрационды цехтің қайта құру жұмысы бітті. Жаңа озат технологияларда көмегі мен комбинат үлкен жетістіктерге жетті. Нәтижесінде азық-түлік өндіретін озат кәсіпорындардың бірі болып саналды.
Май комбинаты 1990 жылдары басым сенімді қарсы алды. 1941 жылдан бастап өндіріс қуаттылығы төмендеді. 1990 жылдары республикада сонымен қатар комбинатта қайта құру және глобалды өзгерістер жылдары болды. Бұл барлығына қиын жылдары өндіріске де әсер етпеуі мүмкін емес еді. СССР-дің құлдырауы мен бірге көп жылдар бойы жұмыс істеген шикізат және дайын өнім жабдықтаушылар мен де шаруашылық байланысын үзді.
1993 жылы 29 желтоқсанда май комбинаты ААҚ «Шымкентмай» болып өзгертілді. Кәсіпорынның бірінші президенті болып Адирбеков Ж.А. болды. Оған зауытты құлдыраудан, оның қуаттылығы мен кадрлық потенциалды сақтап қалатын үлкен жауапкершілік жүктелді.
1998 жылы ААҚ «Шымкентмай» өзінің қаржысына бу қазаны (котельная) салынды, несиенің көмегімен күнбағыс дәнін сатып алды, нәтижесінде оны алғаш рет өндірді. Буды экономдаған кәсіпорының шығынын азайтты, қатаң экономиканың арқасында кәсіпорынның жағдайы төмендегі қайта қалпына келді.
2000 жылдан бастап «Шымкентмай» ААҚ «Доня» сауда белгісімен өзінің өнімін нарыққа шығарды. 2002 жылы кәсіпорын қолданыстағы жабдықтарын жаңартып, модернизацияланды.
Осы уақыттқа дейін кәсіпорын барлық негізгі майлы дақылдардың – мақта, күнбағыс, сафлор, қыша, соя, қыша бас, зығырдың жасалуын меңгерді. Сонымен қатар өнімнің сапалығына көп көңіл бөлінді. Кәсіпорының социалистік елдерде экономикалық өмірге бейімділігі байқаусыз қалған жоқ.
2002 жылдың желтоқсанында май өнеркәсібінің дамуы мен облыстық экономикалық жағдайының жақсаруына қосқан үлесі үшін «Шымкентмай» ААҚ президенті Адирбеков Данияр Жолдиярұлы «Құрмет» орденімен марапатталды.
Кәсіпорынның өнімі көрмелер мен конкурстарда жеңімпаз аталып отырды. «Шымкентмай» ААҚ өндірілген өсімдік майын сапалық жетістіктері үшін мына сыйлықтарға ие болды:
-4-ші Халықаралық көрмеде «WorldFoodKazakhstan-2000» алтын медаль;
-3-ші Халықаралық Орталық Азиялық көрмеде «InterFoodKazakhstan-2000» сапа сертификаты;
-«Оңтүстік Қазақстан Облысының ең үздік тауары-2002» және «Доня» мақта майының жоғары сапалығы үшін алтын медаль;
- 5-ші Халықаралық Орталық Азиялық көрмеде өткен «Халық пікірі» конкурсында «Доня» өсімдік майының «Ең тартымды ораушы» үшін Диплом (29 қазан-1 қараша 2002 жыл Алматы қ.)
-«Quality Diploma WorldFood Ең үздік өнім 2002» үшін сапа дипломы және «Доня» мақта майына ААҚ «Шымкентмай» сапа жүйесінің стандарты үшін ИСО 9001:2000 халықаралық стандартқа сәйкес дайындық шараларын өткізіп жатыр.
2. Кәсіпорынды басқаруды ұйымдастыру құрылымы
Жоғарыда айтылғандай, кәсіпорын акционерлік қоғам болып жекешелендіріліп құрылған. Оның негізі капиталын акционерлердің салымдары құрады. «Шымкентмай» компаниясында 2 деңгейлі басқару құрылымы бар, яғни басқару және акционерлердің жалпы жиналысы.
Басқарудың АҚ –ның ағымдағы басшалығын қамтамасыз етеді және АҚ өкілдігі, сонымен қатар жалпы жиналыстың құзырына кірмейтін барлық сұрақтарды шешеді.
Кәсіпорында басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы сызықтық-функционалды болып қалыптасты, яғни сызықтық құрылымының негізгі деңгейлерінде функционалды бөлімшелер қалыптастасты. Компания басшысы президент болады, оған вице-президент бағынады және менеджер. Олар сызықты басшылар болып табылады. Функционалды бөлімшелердің басшылары жоспарлы-экономикалық және қаржы бөлімдерінің бухгалтерия және өндірістік-техникалық бөлімдердің басшылары болады. Олар жоспарлар, есеп берулердің жобаларын дайындайды. Ол кейін сызықтық басшылар қол қойғаннан кейін ресми құжатқа айналады.
Экономикалық жане жоспарлау бөлімі болып бұл бөлімшелердің
өзіндік құрылымы және вице президентке бағынады. Бұл бөлім экономикалық жоспарлау бойынша жұмыс жасайды.Қаржы бөлімінің функциясы болып қаржылық іс ірекетті ұйымдастыру табылады. Кәсіпорынның жұмысын тиімді жоғарлату экономиканың жағдайы нарықтық қатынасқа өткеннен бастап үлкен талап етеді. Өзінің өндірістік қаржылық іс-әрекетін экономикалық нәтижеде жоғары етіп көрсетсе тек сол кәсіпорындар жұмысы тиімсіз ондай кәсіпорындар өздерінің жұсмысын
тоқтатады жане куйзеліске ұшыратады.Қырсыздық барлық дәйекті аайқындау қажеттілігін әрбір кәсіпорын бақылап, еңбек және қаржы ресурстар материалды оңтайлы және тиімді пайдалану.Өндірістік жұмыстың резервін іздеу және қосу мақсатында өндірістік емес шығындарын жою керек.Тек мундай жағдайда кәсіпорынның табыстылығын барынша жоғарлатуға болады.
«Шымкентмай» АҚ 1942жылы берілген май комбинатының құрамын негізінде 1993 жылы жекешелендіру арқылы құрылған Кәсіпорын ҚР-да және ТМД елдері арасында май саласындағы ірі
кәсіпорындардың бірі болып саналады.Кәсіпорынның бастапқы қуаты тәулігіне 1150 тонна мақта шитінен мақта майын алған. Дәмі келе мақта, сафлор, зығыр, рас, соя бұршақтары жане күнбағыс сыяқты түрлі дақылдардан май алу технологиялары жасалады.Кәсіпорынның қуаты жылына 350 мың тоннаға дейін дақылдарын өңдей алады.
Кәсіпорынның құрамында мынадай цех кешендері бар:
Май өндіру (шығару) кешені (дайындық цехы, сығу цехы, тазарту цехы, кешеннің қоймалары бір уақытта 20 мың тоннадан астам шикізатты қабылдай алады).
Майды бөтелкелерге құю ісі сағатына 2500-3000бөтелкені құрайды. Жалпы кәсіпорынның ауданы 22 мың шаршы метрді құрайды, оның ішіне 4 мың шаршы метрін кәсіпорын ғимараттары алып жатыр.
Кәсіпорынның өсімдік майларын өндіретін негізгі өнімдердің түрлері төмендегідей:
- Тазартылған, иіссіздендірілген мақта майы
- Тазартылған, иіссіздендірілмеген мақта майы
- Тазартылған, иіссіздендірілген күнбағыс майы
- Тазартылмаған күнбағыс майы
- Тазартылған қыша майы
- Тазартылған, иіссездендірілген қыша майы
- Сумен тазартылған соя майы
- Тазартылған иіссіздендірілмеген соя майы
Кәсіпорында өсімдік майлары жоғары сапада өңделіп, тұрғындар арасында тағам жасауда көптеп қолданылуда жане де маргарин майларында тағамдық майлар шығаруға қолданылуда, кішігірім май заводтары мен осыған ұқсас кәсіпорындарға қарағанда бұл кәсіпорында жоғары дәрежелі тазартылған май шығарылады. «Шымкентмай» АҚ-ның майының сапасы импорттық майлардан кем түспейді. Өндірістен шыққан қалдықтар шрот, шелуха және т.б. ҚР-ның экономикасында маңызды орын ала отырып, құс фабрикаларында үй құстарына және басқада үй жануарларына дайын жем ретінде қолданылады.
Май шығару мына сатылардан тұрады:
*Шикізат дайынду
*Алдын ала сағымдау
*Шикі майды сүзу
*Күнжарадан майды экстракцил әдісімен алу
*Сығымдалған және экстра майды бөлек бөлек тазалау
*Майды иіссіздендіру
Т
3
3
3. Шығарылатын өнімнің сипаттамасы мен өсімдік майын өндіру ерекшеліктері.
Кәсіпорынның негізгі өнімі, әрине өсімдік майы болып табылады. Кәсіпорында шығарылатын өсімдік майлары, жоғары сапалы және тұрғындар арасында тамақ дайын үшін сұранысқа ие. Сонымен қатар мұны маргарин, май өндірісінде де қолданылады. Кәсіпорында шығарылатын май тазалауда жоғары дәрежесімен өтеді. «Шымкентмай» АҚ майы сапасы жағынан импортталған майдан кем түспейді.
Өсімдік майлары май түрлерінің ішінде кең тарағаны. Тамақ саласында кеңінен қолданылады. Оларды майда ұсақталып жылытылған дәндер мен жемістерден престеу немесе экстрация әдісімен алады. өзінің құрамының арқасында өсімдік майлары физиологиялық белсенді, ал астың құндылығы біздің ағзамыздың жасушаларының қалыптасуына қажетті майлы полиқандырылған қышқылдардың болуымен анықталады. Міне, сондықтан, өсімдік майлары кез-келген жастағы адамның, тіпті нәрестенің тамақтану рационына кіру қажет. Күнбағыс майының - өсімдік майының ең жақсы түрлерінің бірі. Онымен салат, винегрет араластырады, онымен түрлі соустар мен тұздықтар дайындайды.
КҮНБАҒЫС МАЙЫ
«Доня» рафинадталмаған күнбағыс майы- табиғи дәмді және хош иісті жоғары сапалы өнім. «Доня» рафинадталмаған күнбағыс майы адам ағзасына өте пайдалы, себебі, майдың құрамында тез еритін дәрулік (витамин) мен биологиялық белсенді заттар көп. Күнбағыс майын салқын тағамдар, әртүрлі соустар, маринадтар және салаттық тұздықтар дайындауға пайдаланады.
«Доня» рафинадталмаған, иіссіздендірілген күнбағыс майы- мөлдір, алтындай сары түсті, иісі жоқ. Ол жоғары сапалы күнбағыс дәндерінен қазіргі заманғы технологияларды пайдалану арқылы өндіріледі. Бұл май тек қана, өнімдердегі қалтқы таза иісті бағалайтындарға арналған. Сонымен қатар, қуыру мен консервілеуге де мүлтіксіз сай келеді.
МАҚТА МАЙЫ
«Доня» рафинадталған мақта майы –кәріптастай мөлдір, нағыз оңтүстіктің өсімдік майы. Шығыстың өзіне тән иісі бар, оңтүстік өңірінің табиғи жағдайында ұзақ мерзімге сақтауға болады. Қуыру, булап пісіру және фритюра дайындау да пайдаланады.
«Доня иіссіз» рафинадталған, иіссіздендірілген мақта майы- өз бойында дәстүрлі мақта майының барлық жақсы қасиеттері бар, бірегей өнім және ол жемістердің табиғи дәмін толықтыра түсу үшін салаттарға дәмдік ретінде пайдалануға болады.
МАҚСАРЫ МАЙЫ
Өзінің майқышқылдық құрамы және бірқатар ерекшелік қасиеттері жағынан күнбағыс майына ұқсас. Мақсары майын тағам дайындаушылар өте жоғары бағалайды, себебі: біріншіден, оның құрамында басқа майлармен салыстырғанда, қанықтырылмаған май қышқылдары мол, екіншіден, оның түтіндеу температурасы өте жоғары, яғни күймейді- бұл фритюре өнімдерін дайындау кезінде өте маңызды, ал үшіншіден, мақсары майы әжептеуір салқын кезде де тоңбайды, бұл салқындай берілетін салаттарды дайындау кезінде өте маңызды.
«ЛЮБИМОЕ» МАЙЫ
Бұл рафинадталмаған, иіссіздендірілмеген мақта майы мен «мұздатылып» ағартылып рафинадталған, иіссіздендірілген күнбағыс (немесе сафлор) майларының қосындысы. Күрбағыс (немесе сафлор) майын мақта майымен араластыру мақта майының құрамын, адам ағзасына тез сіңірілетін, мақта майының тығыздығы мен тұқырлығын азайтып, оның адам ағзасының жіңішке капиллярларында жүруін тездететін, қанықтырылмаған май қышқылдарымен және мақта майын Е дәруменімен байтуға мүмкіндік береді.
«ЮЖАНКА» МАЙЫ
Бұл рафинадталған, иіссіздендірілмеген мақта майы мен «мұздатылған» рафинадталған, иіссіздендірілмеген күнбағыс майларының қосындысы. әрбір тағамға жеке дара дәм беретін күнбағыстың хош иісі бар. Майдың құрамында А, В, Е дәрумендері бар.
«ОСОБОЕ» майы
Бұл рафинадталған, иіссіздендірілмеген мақта майының, «мұздатылып» ағартылып, рафинадталған, иіссіздендірілмеген күнбағыс майының және рафинадталған, иіссіздендірілген рапс майының (40: 40: 20) қосындысы. Май құрамы бойынша теңдестірілген. «Особое» өсімдік майын иіссіздендірген кезде оның тығыздығы азаяды, иіс беретін заттар ұшып кетіп, майдың сапасы одан әрі жақсарып, май адам ағзасында тез сіңірілетін болады.
«ДОБРОЕ» майы
Бұл рафинадталған, иіссіздендірілмеген мақта майы мен рафинадталған, иіссіздендірілмеген сафлор майларының қосындысы. «Доброе» майының құрамы, адам аңзасында тез сіңірілетін қанықтырылмаған май қышқылдарына өте бай. Май жеңілдетілген, оны диеталық тағамдар дайындау кезінде пайдалануға болады.
ҚЫША МАЙЫ
Қыша майын салаттар мен винегреттерде үнемі пайдалану, адам ағзасының әр түрлі ауруларға төзімділігі мен қарсылығын арттырады. Қыша майының арқасында салаттар мен винегреттер нәзік те хош иісті болып, ұзақ сақталады, себебі қыша майының бактерияларды жою қасиеті бар. Қыша майы нан өнімдерін пісіруде кеңінен пайдаланылады, олардың түрін және хош иісін жақсартады.
РАПС МАЙЫ
Бұл май адам ағзасына пайдалы линолев қышқылының қайнар көзі болып табылады. Рафинадталмаған күйінде оны сабын қайнату, жіп иіру, тері илеу өнеркәсіптерінде, сонымен қатар, олифа өндірісінде пайдаланады.
«Шымкентмай» АҚ өнімдік ұсыныстарының таңы бір бағыты- мал шаруашылығына арналған өнімдер-Шрот, яғни күнжараүй жануарларының азығы және оларға берілетін жемнің құрамдас бөлігі болып табылады.
КҮНБАҒЫС КҮНЖАРАСЫ
Өңделмеген протеиннің массалық үлесі, құрғақ зат % есесімен -32,0-34,0. күнбағыс күнжарасының жемдік қасиеті өте жоғары, ал оның суда және майда еритін еритін В тобындағы дәрумендермен токоферол және аскорбин қышқылдарымен қанықтырылғаны, жануарлардың жемдік рациондарының аминдік қышқылдарымен байытылуының бірден-бір кепілі. Дәнінен ажыратылмаған күнбағыстан алынған күнжара, сауылатын сиырларды жемдегенде ерекше тиімді, себебі оны жеген малдың сүті көбейіп және майлылығы артады.
МАҚТА КҮНЖАРАСЫ
Өңделмеген протеиннің масалық үлесі, құрғақ зат % есесімен -36,0-40,0. мақта күнжарасының құрамында, В тобындағы дәрумендермен қатар, жануарлар белогының әжептеуір мөлшерінің (40% астам) болуы, оның жемдік құнарлығын қамтамасыз етеді. Бұл жас малдарды жемдеген кезде өте маңызды.
СОЯ КҮНЖАРАСЫ
Соя күнжарасы құрамында қанықтырылған аминдік қышқылдарының өте дәл теңестірілген қоспасыкіреді. Соя күнжарасындағы өңделмеген протеиннің масалық үлесі-45,0% ал, оның жалпы құнарлығы -1,18 эжемдік бірліктен кем емес. Бұл факторлар соя күнжарасын жемдердің құрамындағы қоспа ретінде басымдылығын ерекшелейді.
МАҚСАРЫ КҮНЖАРАСЫ
Мақсары күнжарасы басқа күнжаралардан құрамындағы өңделмеген тошықтардың көп болуымен (36 % дейін ) ерекшеленеді. Торшықтар ағзаны улы заттардан тазалайды. Мал ағзасының зат алмасу процесінің бұзылмауын реттейді. Сондықтан ол аралас жемнің тамаша қоспасы болып табылады.
РАПС КҮНЖАРАСЫ
Рапс күнжарасының құрамындағы гликозинолаттар 1%-дан аспаған кезде, оны шошқалар мен құстарды басқа да, барлық ауыл шаруашылық жануарларына жем ретінде беруге болады. Егер, рапс күнжарсының құрамындағы тиогликозиттер 1%-дан жоғары болса, онда тек қана күйсейтін жануарларға ғана жем ретінде беруге болады.
«Шымкентмай» ААҚ өндірілетін рапс күнжарасының құрамындағы гликозинолаттар салмақтық үлесі – 0,8%-дан аспайды, сондықтан оны барлық ауыл шаруашылық жануарларына жем ретінде пайдалануға болады.
МАҚТА ШИТІНІҢ ҚАУЫЗЫ
Мақта шитінің қауызы мал шаруашылығында және құс шаруашылығында жем ретінде пайдаланылады. Мақта шитінің қауызының құрамында ағзаны улы заттардан – шлактардан –улардан ауыр металл тұздарынан тестициттерден тазалайтын, шамамен 60%-ға дейін өңделмеген жасушалар болады. Мақта шитінің қауызы ксилит алуда шикізат болып табылады, сонымен қатар, көпшілік жақсы көретін саңырауқұлақтар өсіруде пайдаланатын құнарлы субстраттың да құрамына кіреді.
Егер әр түрлі өсімдік майын алатын болсақ: күнбағыс, жүгері, мақсары, зәйтүн, мақта т.б. және оларды толық рафинациялайтын болсақ, онда оларды бір – бірінен айыру мүмкін болмайды. Олар бір – біріне өте ұқсас бірыңғай тұтқыр, судан жеңіл, дәмсіз, иіссіз және түссіз, судан жеңіл қасиетінен айырылған немесе иіссізденген деп аталатын май алынады. Олардың тағамдық нәрлілігі олардың ішіндегі орны алмастырылмайтын май қышқылдарымен анықталады. (көбінесе линолды және линоленді).
Бұл қышқылдар өте маңыздылығы рафинацияланған өсімдік майынан тұруында. Орны ауыстырылмайтын май қышқылдарын, оларды Ғ - дәрумені деп атауға да болады, иммунитетті жақсартады, синтез, гариондарға жауап береді. Олар қан жолдарын тұрақты және эластикалы етеді, ағзаның ультракөгілдір сәулеге және радиактивті сәулеленудің ықпалына сезімталдығын азайтады, ашық бұлшық еттің қысқаруын реттейді, көптеген өмірлік маңызды функцияларды орындайды. Бұл пайдалы заттар май құрамында терең рафинациядан кенін де сақталады. Майды мөлдір ету үшін, одан фосфолипидтерді (немесе фосфотидтерді) алып тастайды.
Май тазарту деңгейлері бойынша келесідей болуы мүмкін:
- рафинацияланбаған – тек механикалық қоспалары алынған;
- Гидротацияланған – фильтрлеу мен гидратацияланған (фосфор құрамдас заттарды жою мақсатында сумен өңделеді);
- Рафинацияланған дезодоризацияланбаған – фильтрлеу, гидратациялау, нейролдау (сілтілі рафинация), ағарту (түссіздендіру) жүргізілген;
- Рафинацияланған дезодоризацияланған – май алдыңғы операциялардың барлығынан өткен және дезодоризацияланған.
Рафинация – бұл майдың әр түрлі ластардан тазартау: қалдық пестицидтерден және басқа да зиянды қоспалардан. Май сілтімен өңделеді, одан бос май қышқылдары фосфолипидтер алынады; өнім қабатталады, тазартылған май жоғары көтеріледі. Содан соң тағы бір рет жуылып, фильтрленеді. Ол тазартады, сонымен бірге исі мен дәмін жоғалтады. Осы себептен рафинацияланған майды барлығы жақсы көреді. Кейбіреулер табиғи өнімнің исі мен дәмін дұрыс көреді және тазартуға қарсы болады.
Бірақ біз өсімдік майын тамаққа күнделікті қолданатынымызды ескеруіміз қажет, егер онда қандайда бір зиянды зат қалып қойса, онда ол біртіндеп ағзада жиналады және әр түрлі ауруларды пайда болуына әкеледі. Сондықтан рафинация ең болмағанда қауіпсіздік мақсатында қажет. Сонымен қатар рафинация кезінде пайдалы заттың аз бөлігі жоғалады, сондықтан тағамдық нәрлілігі жағынан рафинацияланған және рафинацияланбаған майлар ұқсас, тең болып келеді.
Барлық кезеңді өткеннен кейін, май иіссізденеді. Мұндай өнімнен маргарин, майонез, аспаздық май дайындалады, консервілеу кезінде қолданылады. Сондықтан оның спецификалық (ерекшеленген) дәмі мен исі болмауы керек. Дүкендерде күнбағыс майы рафинацияланған дезодаризацияланбаған түрінде жиі түседі – сыртқы түсі мөлдір, бірақ өзіне тән исі мен дәмі болады. Немесе рафинацияланған дезодаризацияланған түрінде - өте мөлдір, ашық сары иіссіз және түссіз. Немесе рафинацияланбаған ағартылғанға қарағанда күңгірт, қалдықпен немесе салмақпен болады, бірақ ол фильтрациядан өткен, бала күнімізден білетін исі сақталынған.
1) Барлық механикалық қоспалардан тазарту: Бұл процедураны өткен май тауарлы рафинацияланбаған болып сатылады.
2) Фосфатидтері (гидратация) алынған. Мұндай өңдеу майды мөлдір етеді және ол тауарлы гидрадацияланған болып аталады.
3) Бос май қышқылдарын шығару. Майда мұндай қышқылдардың артық мөлшерде болуы қолаңсыз иісті шығарады. Барлық үш кезеңнен өткен май рафинацияланған, дезодаризацияланған деп аталады.
Соңында, тазартудың соңғы сатысында: түссіз, ттқыр сұйықтық алынады – мұздату немесе желдету арқылы түк қылшықтары алынады.
Жошыбай өнімдер және өндіріс қалдықтары – шрот, дәннің қауызы, Қазақстан республикасының энциклопедиясы үшін маңызды, өйткені Фураж ретінде қолданылып, ірі қара мүйізді малдарға, құс және басқа да үй жануарларына жем ретінде пайдаланылады.
Бұзылмаған дәннен алынатын күнбағыс шроты жемдік мақсатпен қолданылып, жануарлар мен құстардың тамақтарына ендірілуі сондай – ақ жем өндіріс үшін пайдаланады. Жемдік нәрлілігі өте жоғары, өйткені оның протейні құс жұмыртқасындағы протейнге жақын келеді. Оның су немесе май еріткіш В тобының дәрумендерімен, С дәрумендерімен тығыздылығы (рибофлабин, тиамин, токоферолдар) оны жануарлар тамағын жақсарту үшін орны алмаспайтын етеді. Қабығы алынбаған күнбағыс сироты, әсіресе саумалы сиырлардың тамағы үшін өте тиімді, өйткені сауын сүті мен оның майлылығының артуына әкеледі. Сонымен бірге күнбағыс шротында күнбағыс шротының жануарлық ақуызының сіңірімділігін төмендететін, қандай да бір ферментті комплекстер мүлдем болмайтындығының мәні төмен болады.
Шроттың тағамдық және жемдік ерекшелігі оның құрамындағы ақуыздармен (протейндермен) анықталады. Өсімдік ақуыздары, жануарлар ағзасы үшін қажетті орны алмаспайтын аминоқышқылдарын (жеткізушілер) жабдықтаушылар болып табылады. Орны алмаспайтын аминоқышқылдардың өсімдік ақуыздарындағы тапшылығы малшаруашылығы тәжірибесінде жемдік бірлікті есептік деңгейінен 1,5 – 2 есеге арттыруды қажет етеді. Соя шроты сұйық түрде, жақсы теңестірілген аминоқышқыл қоспасынан тұрады. Бұл факторлар соя шротын неғұрлым жоғары ингридиентті етеді. Мақсары шроты аминоқышқыл құрамы бойынша нәрлілігі соя және күнбағыс шротына қарағанда төмен, бірақ майлы – қышқылдық құрамы бойынша соя шротынан 1% жоғары болады. Мақсары шротының шикі майды массалық үлесі (абсолютті құрғақ затқа есептегенде) 1,5 – 2,5 % құрайды. Мақсары шроты басқа шроттардан шикі клетчаткаларының құрамының жоғары (36,0 % дейін) болуымен ерекшеленеді. Клетчатка целмолозаның (өсімдік ташығының) бір түрі ретінде ағзаны зиянды заттардан, мутагендерден, канцерогендерден (шлак, улы заттар, ауыр метал тұздары, пестицидтер) тазартады. Асқазан ішекке түскеннен соң клетчаткалар орнатылған микро – қылшықтарды, сілекейлерді сіңіреді, оның барлық беткейін тазартып, тағамдық массамен толық жанасады. Осылайша ол жануар ағзасындағы зат алмасу үдерісінің бұзылу себептерін жояды. Сондықтан ол жемдік таптырмайтын қоспа ретінде қолданылады.
Рансты май өндірісінің қалдығы – шрот жемдік қоспа ретінде қолданылатын болғандықтан ондағы тиогликозидтердің құрамына қатаң талаптар қойылады. Рансты шроттағы гликозинолаттар 1 % көп болмаса, барлық ауыл шаруашылық жануарлары үшін жем ретінде қолдануға болады. Егер тиогликозидтер 1% жоғары болса, қосымша жем ретінде қолдануға болады. Изотиоционаттардың массалық үлесі (гликозинолаттар мен тиогликозидтер) АҚ «ШымМай» өндіретін рансты шротта 0,8% құрайды, яғни оны барлық ауыл шаруашылық жануарлары үшін жем ретінде пайдалануға болады. Сонымен қатар шикі протейннің құрамының жоғары болуы (37% дейін) рансты шроттың тағамдық нәрлілігінің жақсы екендігін көрсетеді. Жалпы энергетикалық нәрлілігі 1,06 жемдік бірлікті құрайды, Соңында тек рансты шрот ұдайы өндіріс функциясын орындау үшін қажетті Едәрумені болып табылады.
Мақта шроты қосымша жем өндірісінде тек нәрлі қоспа емес. Мақта шротында жануар ақуызының В тобының дәрумендерімен бірге көп болуы (40% жоғары) төлдерді тамақтандыруда ерекше құндылығын қамтамасыз етеді.
Сондықтан мақта шроты дәстүрлі айналымда ғана емес (Орта және Оңтүстік – Шығыс Азия), сонымен бірге Дания және Голландияда қолданылады, өйткені мақта шротының протейндері және оның клетчаткалары ірі қара малдың асқазан – ішек бөлігінің жұмысына неғұрлым оңтайлы ықпал етеді. Мақта шротында жеңіл сіңірілетін клетчаткалардың болуы, малдың сүт өнімділігін арттырады және төлдің иммунитетін нығайтады.

- Шымкент мұнай өңдеу зауытының тарихы
- Шыңғыс хан
- Шыңғыс хан
- Шыт матанын технологиясы
- Щебеночно-мастичный асфальтобетон
- Щебень и песок декоративные из природного камня
- Щёлковский муниципальный район
- Шығыс Қазақстан облысы
- Шығыс ойшылы Әль-Фараби тарихы және саясаты
- Шығыс өркениеті
- Шығыстағы саяси-құқықтық ойдың бастаулары
- «Шығыс тәттілері» Алматы ЖШС жаңа Шығыс інжуі өніміне бизнес жоспар
- Шығыс философиясы
- Шылым шегу жəне өкпенің қатерлі ісігі