Шығыс философиясы

Жоспар

1.Шығыс философиясының  түсінігі, негізгі ілімдері.

2.Ежелгі шығыс философиясының мәдениеті. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Ертедегі шығыс философиясы

Ежелгі Шығыс философиясының көне түрі үнді философиясы ол брахманизмге оппозициядан басталады. Б.э.д 7 – 6 ғасырларда брахманизм ішінен джайнизм және буддизм пайда болады осы бағыттардын негізінен үнді елінде 4 – кастаға бөлінді.

Әскери (кшатрий)

Абыздар. (брахмандар)

Басы бос қоғам мүшелері. (вайшилер)

Төменгі каста (шудралар)

Шудралар теңсіздік, жұпыны жағдайда болды. Оларда меншік те болмады. Шудралар қоғам ісіне араластырылмады. Брахмандар әбден масайрап, үстемдік құрып кетті. Өйткені, брахманизм мифологиялық көзқарасқа негізделген, былайша айтқанда, оның төрт түрлі ведасына немесе құдайларды дәріптеу мен оларға арналған ғұрыптарға тірелген болатын.

    Джайнизм  – этикалық ілім. Оның негізгі – адам жанын тән қыспағынан, құлқын құлдығынан босату. Джайнизм – материяны жансыз дүние затына жатқызады. Әрбір зат субстанция ретінде қаралады, оған материядан басқа кеністік, уақыт, қозғалыс, тыныштық та кіреді. Ал жанның басты белгісі, джайнизм бойынша – сана. Джайнизмнің ұстаған тәртібі буддизмнен де қатаң.

    Буддизм  – біздің заманымызға дейінгі 4 – 5 ғасырларда діни ілім ретінде дүниеге келді. Буддизм христиан, ислам діндері сияқты дүниежүзілік ірі діндерге жатады. Оның негізін салған Сиддхартха Гаутама Будда(б.з.д. 623 – 524). Буддизмде төрт басты мәселе бар:

       1.Өмір азапқа толы;

       2.Ол азаптардың себебі бар

       3.Азаптарды тоқтатудың мүмкіндіктері  бар;

       4.Азаптан құтылудың кезі бар.

Ең көне философиялық ілімдер Ертедегі Шығыс мемлекеттерінде – Қытай мен Үндістанда, Вавилон мен Египетте пайда болды. Ертедегі Қытайдағы біздің эрамызға дейінгі VIII-VI ғғ. Қалыптасқан құл иеленушілік қоғамның дамуы нәтижесінде дүниетанымда прогресшіл және консервативтік, атеистік және мистикалық бағыттар дүниеге келді. Бұл бағыттар арасындағы күрестің барысында заттардың алғашқы бес элементі (металл, ағаш, су, от, жер) туралы, дамудың қарама-қарсы бастамалар (инь және ян), табиғи жолы (дао) туралы т.б. қарапайым матералистік идеялар кеңінен тарай бастады.

 Ертедегі Қытайдың философиялық ойлаудың бастапқы негізі Дао термині түсіндіру төңірегінде болды. Бұл терминнің басқа да мәндері болып, атап айтқанда кез келген болмыстың заңнын, ұйымдастыру сипатын да білдірді. Ол арқылы заттардың табиғи жолмен бірге, аспандағы «табиғаттан тыс» күштің әмірін, ғарыштың үйлесімді құрылымын білдірді. Дао жайындағы ілім алғашында бес элементпен тығыз байланысты қарастырылғанмен, бірақ кейіннен ол жайындағы түсініктер догматтық сипатқа ие болды.

 Дао жалпы заң ғана емес, сондай-ақ дүниенің пайда болу көзі, негізі. Осыдан кейін «дао – аспан мен жердің түп тамыры», «барлық заттардың анасы» деген анықтамалар туды. Даодан дүниеде бар барлық нәрселер пайда болу үшін екі бастаманың: қараңғы мен жарықтың, ұрғашы мен еркектің, жұбайлардың (инь мен ян) әрекеттесуі керек. Бұл қарама-қарсылықтарға бөлінуінің, олардың бірігуі мен терістеуінің шиелініскен түрін құрады.

 Ертедегі Қытай ойшылдарының пайымдауларында адамның табиғаты туралы мәселе – адам табиғаты жағынан қандай – қайырымды ма әлде мейірімсіз бе? – деген мәселе аса маңызды орын алды. Олар қоғамдық тәрбие мен жеке тәрбие мәселелеріне де үлкен көңіл бөлді.

 Қытай ойшылдарының  алдында философияның негізгі мәселелері мен даму мәселелері кең көлемде және айқын формада қойылмады. Дегенмен, Конфуцийді, Лао- Цзыны идеалистер қатарына, ал Сюнь- Цзы, Хан Фэй, Ван-Чундыт.б. материализмге бейімдер қатарына жатқызуға болады. Лао-Цзы мен Хан Фейдің көзқарастарынан диалектиканың кейбір элементтері байқалады.

 Ертедегі Үнді философиясына тән негізгі сипат- адамгершілікке, риханикалыққа баса назар аудару. Қазіргі кезде «иоганы» жаттықтыру, денені машықтандыру мағынасында түсіндіру орын алуда.

 Ертедегі үнді философиясы үшін адамның «өз басқа барлық нәрседен және басқа барлық нәрселерді өзінен» көре білудің зор маңызы болды. Сондай-ақ адамды рухани жағынан жетілдіру мәселесін барлық философиялық пайымдаудың өзегі етіп қою арқылы ертедегі үнді философиясы адам танымға және бай тұрмысқа талпынуымен қатар, терең рухани өмірге, рухани дүниеге де талпынуы тиіс деген талап қойды.

 Ертедегі үнді философиясына тән екінші бір ерекшелік – онда салт-сана (дәстүрлік) мәдинеттің үстемдігіне байланысты. Бұл мәдинет ұстаздың бет-бейнесін (көзқарасын ғана емес) толық қайта жасауды, яғни оның қимыл-әрекетіне, сөйлесуіне, ойлауына еліктеу арқылы оған толық ұқсауды талап етеді.

 Антик заманының  философиясы

 Антик заманының  философиясы біздің эрамызға дейінгі VII-VI ғасырлар аралығында Кіші Азияның батыс жағалауындағы гректер салған қалаларда өмірге келді.

 Алғашқы туралы» шығармасында баяндап берді. Фалес сияқты, Анаксимандр да философияның негізгі мәселесін материалистік тұрғыдан шешт, дүниенің алғашқы негіз бастамасы «апейрон» деген айқынсыз, бейнесіз бір зат (апейрон – шексіз деген ұғымды білдіреді) деп санады. Бұл пікір материаны қазіргіше түсінуге жақын.

 Ертедегі гректің тағы бір материалисі Анаксимен (б.э. д. 585-525 жж. шамасы) дүниеде бар нәрсенің бәрінің бастапқы бір тұтас материалдық негізгі ауа деп санай отырып, өзінен бұрынғылардың материалистік көзқарасын ілгері дамытты. Дүниенің бастапқы негізі ауа болатын себебі, деді Анаксимен, ауа тән қасиет – сұйылу мен қоюланудың арқасында барлық заттар пайда болды. Ауа, Анаксименнің түсінігінше, сондай-ақ тіршілік пен психикалық құбылыстардың да көзі, бастамасы болып табылады.

 Милет қаласы (б.э.д. V ғ.басынада) саяси дербестіктен айырылуға байланысты ондағы философия құлдырап, оның дамуы тоқтады. Бірақ Милет материалистердің ілімі Грецияның басқа қалаларындағы философтарға зор әсерін тигізіп, өз ізбасарларын тапты. Солардың бірі Эфес қаласынан шыққан Гераклит (б.э.д. 530-470жж. шамасы) болды.

 Гераклиттің ілімі бойынша, дүниеде бар нәрселердің бәрінің материалдық негізі от болып саналады: барлық нәрсе оттан жаратылады және ақыр соңында отқа айналады.Жан да оттан пайда болады. Жан материалдық, ол ең ылғалы аз, құрғақ от. Дүниені «Логос» басқарады. Біртұтас дүниені, деді ол, ешбір құдай, не ешбірадам жаратқан жоқ,ол бірде жанатын,енді бірде өшіп тұратын, бұрын болған, қазір бар және келешекте бола беретін тірі мәңгі от болып табылады. Гераклит сонымен қатар дүниенің үздіксіз өзгерісте,қозғалыста болатындығын, қозғалыстың қайнар көзі қайшылықта екендігін, қарама-қарсылықтардың өзара бір –біріне өтетіндігін және басқа бірқатар диалектикалық ой-пікірлерді атап көрсетті:»бәрі де қозғалыста, бәрі өткінші»... т.б. деді ол. Қозғалмайтын ешнәрсе жоқ: жылы суиды,ал суық жылиды, ылғалды нәрсе құрғацды, құрғақ ылғалданады. Туу мен жойылу,өмір мен өлім,болмыс пен болмау- міне , бұлар өзара байлнысты,бір – бәріне тәуелді және бір – біріне өтіп отырады. Мұның бәрі диалектикалық ойдың даму тарихына қосылған зор үлес екенінде дау жок.

 Ертедегі Грецияда сонымен қатар айтарлықтай дамыған идеалистік бағыт та болды. Идеализмнің еңалғашқы негізін салған Пифагор(б.э.д 580 – 500 ж.ж шамасы) болды. Оның пікірінше, барлық заттардың мәні – олардың санында, сандық қатынастарында, өйткені бүкіл әлем соларға тәуелді. Пифагор өз ілімін негіздеу үшін Милет мектебінің материалистік көзқарасын сынға алды.

 Демек, ертедегі ойшылдардың философиялдық көзқарасында – ақ тек материализм мен диалектиканың ғана емес, сондай – ақ идеализм мен матефизиканың да алғашқы бастамалары, материя мен ойлау дүниелерін қарама – қарсы қою орын алғанын көреміз.

 Ертедегі Грецияда материализмнің одан әрі дамуы Демокриттің (б.э.д Y ғ.)есімімен, ол тұжырымдаған материяның атомдық теориясымен тығыз байланысты. Бұл теория бойынша барлық дүниедегінің негізі – сансыз көп атомдарды. Атомистер дүниені әрі қарай бөлінбейтін бөлшектер – көзге көрінбейтін аса ұсақ атомдардың тұратын біртұтас дүние деп түсіндірді. Ол атомдар бос кеңістікте қозғалады («жан – жаққа сенделуде, ұшуда», «түрлі бағытта қозғалыста» болады). Атом мен бос кеңістік – бірден – бір шындық. Кеңістікте қозғалушы атомдар өзара қосыла отырып, түрліше заттарды, денелерді түзеді. Дүниеде бардың бәрі атомдардан тұрады. Адам да атомдардан тұрады, бірақ адамның басқа жануарлардан айырмашылығы сол, онда жан атомдары тән атомдарымен алмаса отырып, айрықша түзіліс құрады.Пифагоршылдар жанды мәңгі өлмейді деп түсінген болса, Демокрит оны өледі деп есептеді, тән өлген кезде жанның атомдары оны тастап шығып, кеңістікке тарап кетеді деп түсінді.

 Материяның мәңгі  қозғалысының ішкі себептерін ашып беретін Демокриттің атомистік теориясын одан әрі дамытқан Эпикур (б.э.д 341-270 ж.ж) болды. Атомдар қозғалысының себебі, деді ол, олардың ішкі қасиеті – ауырлығы. Атомдар түзу сызық бойымен қозғалғанда одан өздігінше қозғалуы жайындағы оның бұл идеясы материализмнің дамуына қосылған үлкен үлес болып табылады.

 Демокрит пен Эпикурдың материалистік идеяларын кейіннен ілгері дамытқан ертедегі Рим философы Тит Лукреций Кар (б.э.д 95-55 ж.ж) болды. Лукрецийдің ойынша, әлем уақыт пен кеңістік жағынан шексіз, ал оған енетін дүниелер, оның ішінде Жер де, оны құратын барлық бөлшектер де уақытша өмір сүреді, өткінші. Дүниені құдай жаратты деген түсінікті теріске шығара отырып, Лукреций сонымен қатар адам жаны мәңгі, өлмейді деген діни-идеалистік қағиданы сынады. «Ешнәрсе жоқтан пайда болмайды» деген нақыл сөздің иесі Лукреций.

 Ертедегілердің  стихиялықматериализммін жоғары  бағалай отырып, сонымен бірге олардың философиясында идеалистік жеке-дара түсініктер де кездесетінін айтпасқа болмайды. Мәселен, ертедегі ең ірі материалист Демокрит кескіні мәңгі дерлік ерекше атомдардан тұратын құдай бар деп түсінді, себебтілікті механистік тұрғыдан түсіндіруге бейім болып, диалектикаға қайшы келді. Эпикурдың философиясында да құдайды мойындау бар, бірақ ол құдайлар табиғат құбылыстары мен адамның ісіне араласпайды. Жердегі тіршілікке құдайдың қатысы бар екенін теріске шығарған Лукрецийдің философиясында да дүниеде «әйтеуір бір құпия күш» бар екені, ол күш жәй себептілік принціпіне бағынбайтыны айтылады.

 Материалистік көзқарасқа қарсы идеализм қалыптасты. Объективтік идеализм ілімдерінің пайда болуына әсерін тигізген алғашқы ірі ойшыл афиндік Сократ (б.э.д. 469-399 жж.) еді. Мүсіншілік кәсіппен айналысқан Сократ өзі жазбаша түрде ештеңе қалдырған жоқ – ол өз ілімін әңгімелесу және пікір таластыру түрінде ауызша баяндады. Сондықтан оның ілімінің мазмұнын шәкірттері мен замандастары, әсіресе шәкірті Платонның т.б. ол жайында қалдырған пікірлерін салыстыру арқылы анықтауға болады. Сократ философияның негізгі мәселесін идеалистік тұрғыдан шешті. Бұл - әсірісе оның сыртқы объективтік дүниені танып –білу мүмкіндігінен бас таруынан айқын көрінді: адамның сезім мүшелерінің танымдық қабілеті шамалы, сондықтан адам өз еркіне көнетін жаны ғана. Сондықтан адам тек жан туралы ғана ақиқат білім ала алады. Танымның басты міндеті - өзін -өзі танып- білу, «өзіңді өзің танып -біл» деген қағида қалдырды, ол философияның негізгі бағыты- идеализм.

 Сократтың философиясын ілгері дамытқан аса ірі идеалист Платон (б.э.д. 427-347 жж.). Ертедегі грек идеализмі Платонның философиясында тұңғыш рет матерализмге қарама-қарсы дүниегекөзқарас формасында көрінеді. Осы кезден бастап материализм мен идеализм ертедегі грек философиясындағы және бүкіл одан кейінгі философиясындағы өзара қарама-қарсы екі негізгі бағыт болып қалыптасты. Платонның ілімі бойынша, болмыс шын және жалған дүние болып екіге бөлінеді. Шын дүниеге жалпы идеялар- «идеялық мәндер» жатады; ал жеке сезімдік заттар мен құбылыстар идеялар дүниесінің, яғни шын дүниенің көлеңкесі, сәулесі ғана болып табылады, сондықтан олар шындыққа жатпайды.Платон идеялар дүниесін жаратушы құдай дүниесі дей келіп, адам туылғанға дейін оның жаны сол дүниеде болады, ал содан кейін ол жан бұл дүниеге, яғни жер бетіне келіп, уақытша адам денесіне енедіде қайта шығып кете алмай, түтқын сияқты қараңғы өмір сүреді деп санады. Таным дегеніміз, Платонның пікірінше, жанның жерге жеткеніне дейін өткен өмірін еске түсіру болып табылады. Платонның объективтік идеялизмі ойлаудың диалектикалық тәсілімен ұштасып жатты, жеке мен көптің тепе-теңдік пен өзгешеліктің, қозғалыс пен тыныштықтың диалектикасын байқауға болады. Платон зерттеген ұғымдар диалектикасының идеялистік сипатта екеніне қарамастан олар кейінен диалектикалық логиканың дамуында үлкен рөль атқарады.

 Аристотельдің  (б.э.д. 384-322 жж.) философиялық шығармалары ертедегі Грециядағы философиялық ой- пікірдің даму шыңы болып саналады.

 Антик дүниесі  ғылымның барлық жетістіктерін бойына сіңіре білген Аристотельдің дүние көзқарасынан идеялармен қатар, идеялизмнің де элементтерні кездестіруге болады.

 Материаның объективті түрде өмір сүретінін негізге ала отырып, Аристотель оны мәңгі, жоғалып кетпейді және ешкім жаратпаған деп санады. Материя жоқтан пайда бола алмайды, деді ол, сондай-ақ ол саны жағынан көбейе немесе азая алмайды. Бұл оның алғашқы кезде Платон идеялизмін санағандағы еңбектерінде жазылған пікірі. Алайда кейініректегі еңбектерінде ол Платонның идеялар дүниесін негіз ретінде аздап болса да мойындайтын болды. Материя өздігінше әрекетсіз, деді Аристотель, шындықтағы көп түрлі заттардың одан тек пайда болу мүмкіндіктері ғана бар. Бұл мүмкіндіктің шындыққа айналуы үшін материяға тиісті форма беру қажет. Форма деп Аристотель заттан бұрын болатын пәрменді, жасампаз, мүмкіндікті шындыққа айналдыратын факторды түсінді. Форма бір тектес материядан алуан түрлі заттардың пайда болу себебі, құлшынысы мен мақсаты, идеялық бейнесі, ал материя- өздігінше илеуге көнетін қара балшық. Одан алуан түрлі заттар пайда болу үшін «мүсінші» құдай ( немесе ақыл –ой- бастапқы қозғаушы) қажет. Дүниенің негізгі қозғаушы – барлық формалардың формасы – құдай, әлемнің әрі себепшісі, әрі шындығы. Аристотель сөйтіп заттардың формасын олардың өзінен бөліп тастады да, оны Платонның идеялар дүниесі сияқты дербес субстанцияға айналдырды. Бұл идеялизмге жатады.

Ежелгі Шығыс мәдениеті 

 Ежелгі Шығыс  адамды ертедегі дүние аясынан  алып шыққан ұлы мәдениеттер  отаны болды. Ертедегі дүниеден  шыға отырып, Шығыс адамның дүниеге  қатынасының мифологиялық тәсілін  жеңе алмады. Бірақ ежелгі шығыс  мәдениеттерінің әлемі – бұл  табиғат апаттарының ғана емес, озбыр мемлекет қуатының құдайдай  көрінуі. Ежелгі шығыс мәдениетінің  негізі адамның дербестігі мен  еркіндігін мойындамайтын абсолютті  бірлік идеалы болып табылады. Мемлекеттің бұл типі қатаң  біріктіру қажеттілігінен туды, ол нақты табиғат жағдайларына  жауап болды. Осы мемлекет –  шығыс озбырлығы зор төрешілдік  аппаратпен басқарылады, оның  бірлігі қол астына қарайтын  адамдардың өмірі мен өліміне  абсолютті билік етуге ие билеушімен  бейнеленеді. Мемлекеттің мұндай  типі Ежелгі Шығыс елдері Египет, Месопотамия, Үнді, Қытайға тән. 

 Ежелгі Египет - әлемдік өркениеттің дамуына  үлкен әсер еткен ежелгі мәдениеттердің  бірі. Б.з. дейінгі 3000 жылы перғауын  патшалар басқаратын ерте құл  иеленуші, орталықтандырылған озбыр  формадағы мемлекет пайда болды.  Египеттің жоғарғы билігін құрған  негізгі принциптер оның мызғымастығы  мен ақылға сыйымсыздығы болды. 

 Ежелгі египеттіктер  мәдениетінің маңызды қасиеті  мәңгілікке ұмтылу болды, оның  белгісі «өлген адамға табыну»  сенімінің болуы, оған сәйкес  өлім өмірдің аяқталғандығын  білдірмейді және мәңгілік өмірлік  күш – «ка» ұзарады, және  де тек жерлеу жорасын толық  сақтаған жағдайда. Өлген адамның  денесін сақтау қамы мумиялар  жасау өнеріне әкелді. Өлген адамдардың  денелері бальзамдалып, пирамидаларға  салынды. Пирамидалардың ішіндегі  ең ескісі 5 мың жыл бұрын салынған  Джосер перғауынның пирамидасы, ол аспанға көтеріліп бара  жатқан саты тәрізді салынған. Алайда ең белгілісі және өлшемі  бойынша едәуірі – Хеопс пирамидасы.

 Діни табынуда  перғауынды құдай деп тану  басты орын алды. Ол күн құдайы  Ра тәрізді болды. Осирис - өлім  құдайы және жерасты әлемінің  патшасы. Исида – Осиристің  әйелі және қарындасы, құнарлылық  пен аналар қамқоршысы. Маат –  шындық пен тәртіптілік құдайы. Кейбір жануарлар, өсімдіктер, заттар  құдайлар болып саналды. Аменхотеп  ІV перғауын (Эхнатон) (б.з. дейінгі  1419-1400 ж.ж.) Атон құдайының атымен бір құдай ғана қалдыруды ойлады, бірақ бұған абыздар мен ақсүйектер қарсы тұрды.

 Египет мәдениетінің  маңызды құрама бөлігі иероглифтер  – суретті символдық хат болды,  онымен храмдар мен сарайлар  алдындағы жоғары ескерткіш тастарды  жазды, олар кейіннен буын жүйеліге  айналды. 

 Б.з. дейінгі  ІІ мыңжылдықтың бейнелеу өнерінің  жауһарыТутанхамон перғауынның  әйелімен бақшадағы барельефі,  Аменхотеп ІV әйелі – Нефертитидің  скульптуралық портреті, Аменхотеп  ІІІ мүсіні болды. Ежелгі Египеттің  бейнелеу өнеріне фигураларды  жазық бейнелеу, статикалық, канондық  шарттылық тән. Ерлердің денесі  қызыл түспен, әйелдердің түсі  қызғылт түспен, ал шаштары қара  түспен, киімдері ақ түспен бейнеленген.  Өнер мелшиіп тұру сипатында  болады.

 Египеттің көркем  әдебиетінің ең ерте ескерткіштері  б.з. дейінгі ІІ мыңжылдыққа  жатады. Бұл – патшалар мен  даналардың ұлдарына ақыл айтуы,  ғажайыптар, сиқыршылар туралы көптеген  ертегілер, повестер. Ежелгі Египет  әдебиетінің ұзын сонар, дерексіз  шығармаларының бірі – «Көңілі  қалған адамның өз жанымен  әңгімесі» («Беседа разочарованного  со своей душой»).

 Ежелгі Египет  өркениеті б.з. дейінгі XVI-XV ғ.ғ.  Жаңа патшалық кезеңінде өркендеудің  жоғары дәрежесіне жетті. 

 Б.з. дейінгі  IV-III мыңжылдықта Қос өзен территориясы  – Тигр және Ефрат өзендерінің  аңғарында Египтеттегі мәдениеттегідей  жоғары мәдениет пайда болып,  орнықты. Алайда мыңжылдықтар  бойы бір ғана мемлекет –  Ежелгі Египет қана болған  Ніл аңғарынан ерекшелігі Қос  өзенде (Месопотамияда) бір-бірін  әр түрлі мемлекеттер ауыстырып  отырды, оның ішінде Шумер, Аккад,  Вавилония, Ассирия, Иран. Қос  өзен тарихы мен мәдениеті  Египеттегіге қарағанда динамикалы  болды. 

 Қос өзеннің  ежелгі мәдениеті – шумер-аккадтық. Шумерлер вавилон мәдениетінің  рубасылары болды. Олар тарихта  бірінші рет «Алтын ғасыр туралы»  поэма шығарды, бірінші элегиялар  жазды, бірінші кітапханалық каталог  құрастырды, олар бірінші медициналық  кітаптардың авторлары болды,  егіншінің бірінші күнтізбесін  жазды және т.б. 

 Бұл халыққа  дүниедегі алғашқы жазу – шумер  сына жазуы жатады, бұл белгілері  сына тәрізді сызықшалар топтарынан  тұратын белгілер жазуы, олар  ылғалды сазға басылып жазылды. 

 Шумер-аккад өркениетінің  мұрагері Вавилония болды. Б.з.  дейінгі ІІ мыңжылдық ортасында  Хаммурапи патша кезінде (б.з.  дейінгі 1792-1750 ж.ж. ережелері) Вавилон  қаласы өз маңында Шумер мен  Аккадтың барлық облыстарын біріктірді. Хаммурапи кезінде екі метрлік  тас бағанаға сына жазумен  жазылған белгілі заңдар жиынтығы  пайда болды. Бұл заңдарда Қос  өзеннің ежелгі тұрғындарының  шаруашылық өмірі, тұрмысы, әдет-ғұрыптары  мен дүниетанымы бейнеленді, олардың  мүдделері нақты шындыққа көңіл  аударып, маңындағы тайпалармен  үнемі күресу қажеттігімен анықталды. 

 Қос өзеннің  ежелгі тұрғындарының сенімінде  су мен аспан шырақтарына табыну  үлкен роль атқарды, ол астрономия  мен математиканың тез дамуына  әкелді. Осылай алты ондық жүйесі  құрылды, ол қазіргі уақытқа  дейін уақыт есептеуі – минутада, секундта бар. Вавилон астрономдары  Күннің, Айдың айналуын және күн  тұтылуының қайталануын бірінші  болып есептеп шығарды. Вавилон  ғалымдарының барлық ғылыми білімдері  магиямен және балгерлікпен байланысты  болды. 

 Вавилон абыздарының  іліміне сәйкес адамдар Құдайларға  қызмет ету үшін саздан жасалған. Құдайлар көп болған, ең бастылары  мыналар: Шамаш – Күн құдайы, Син – Ай құдайы, Әйел құдай  Иштар – махаббат құдайы, Нергал  – өлім құдайы, Ирра – соғыс  құдайы. Құдайлар патшаның қорғаушысы  ретінде бейнеленеді, ол күшті  патша билігіне бас иеді.

 Қос өзеннің  ежелгі тұрғындарының діни сенімдері  олардың монументтік өнерінде  бейнеленді. Қалаларда құдайларға  арналған храмдар салынып, олардың  жанында зиккурат – террасалармен  қоршалған жоғары мұнара тұрғызылды, олар көлемі жағынан кертпеш  кертпешпен азаяды, зиккураттың  жоғарғы ярусы алтын күмбезмен  аяқталады. Вавилон сәулетшілері  Ежелгі Рим, одан кейін Орта  ғасырлық Европаның құрылыс өнерінің  негізі болып табылатын сәулет  формаларын жасаушылар болды. 

 Вавилон мәдениетін, діні мен өнерін ассириялықтар  пайдаланып, дамытты. Ассирия патшасы  Ашшурбанипалдың (б.з. дейінгі  VII ғ.) Ниневиядағы сарайының қирандыларынан  ғалымдар үлкен кітапхана тапты,  ол он мыңнан астам сына  жазбалы мәтіндерден тұрады. Шумер  әдебиетінің маңызды ескерткіші  – Гильгамеш туралы аңыздар  циклі. 

VI ғасырда Вавилон  мен Ассирияның орнына Иран  империясы келді. Иран өнері  зиялы және байсалды болды,  онда ассириялықтардың өнеріне  тән мейірімсіздік болған жоқ.  Бірақ мәдениет сабақтастығы  сақталады. Бейнелеу өнерінің  маңызды элементі жануарларды  – қанатты өгіздерді, арыстандарды, грифондарды бейнелеу болып қала  берді. 

 Б.з. IV ғасырда  Иранды Египет сияқты Александр  Македонский жаулап алды және  эллинистік мәдениет әсерінің  сферасына кірді. 

 Б.з. ІІІ ғасырында  әулет билеушісі Сасанидтер болады. Сасанидті Ирандағы мемлекеттік  дін зороастризм (осы діннің  негізін салушы Заратуштра есімімен, европа транскрипциясында Зороастра)  болды. Зороастризмнің бастапқы  ережелері отқа бас ию және  жақсылыққа сену болды. Зороастризмнің  қасиетті кітабы – «Авеста». Ежелгі  ирандықтардың діні пұтқа табыну  емес, олар жеке заттарға емес, жалпы затқа табынады.

 Билік жүргізуші  діннің ауысуы VII ғасырға жатады, онда Иранды арабтар жаулап  алып, жаңа сенім – ислам діні  тарады.

 Ежелгі Қытай  тұрғындары өзіндік материалдық  және рухани мәдениет құрды.  Олар өмірді құдай жаратқанына,  дүниеде барлығы қозғалыста болып,  екі қарама-қарсы космостық күштер  – Жарық пен Түнек қақтығысқанда  өзгеретіндігіне сенді. Осы кезеңде  (б.з. дейінгі ІІ мыңжылдық)  қытайлықтарға табиғатқа табыну  тән болды, олар тау, жер,  өзен, күн, ай, жаңбыр, жел рухтарына  табынды. 

 Сәл кейінірек  патша билігіне бас иді. Патша  аспанның ұлы болып саналды,  яғни Құдайдың жердегі өкілі  болып табылды. Қытайда ата-бабаларға  табыну күшті болды. Ежелгі  Қытай этносы типінің ерекшелігі  рухани өмірде әлеуметтік этика  мен әкімшілік практика басты  роль атқарғандығы болды. Дұрыс  пікірдегі қытай өмір мен өлім  проблемалары туралы ойланған  жоқ, о дүниедегі шатты өмір  немесе қайғы-қасіреттен құтылу  үшін емес, өмір үшін тіршілік  етті. Дін емес, салттық этика  дәстүрлі қытай мәдениетінің  бейнесін қалыптастырды. 

 Басқару жүйесі  мен қоғамдық салттық нормаларда  іске асырылған рухани мәдениет  типі дүниеге көзқарас жиынтығының  жалпы ұтымды бөлігі болды,  әлеуметтік және табиғи тәртіп  бірлігі, тұрмыс толықтығы мен  жеткіліктілігі, табиғи өзі жетілетін  тәртіп ретінде табиғи тәртіпті  мойындау негіз болды. Ақыл-парасат міндеті оны өзгерту және бұзу емес, жалпы Жолмен (Дао) жүру болып табылады. Бұл идея ұлы қытай данасы, мыңдаған жылдар өтсе де құнын жоймаған діни-мифологиялық жүйені жасаушы Конфуций еңбегінде көрсетілген (Кун-Фу-Цзы, б.з. дейінгі 551-479 ж.ж.). «Билеуші билеуші болады, бодан бодан болып қалады, әке - әке, ұл – ұл болады». Конфуций негізгі рақымшылдар адалдық, тыңдау, ата-ана мен үлкенді құрметтеу деп санады. Ата бабаға табыну, ежелгі дәстүрлерді, жораларды сақтау (қытай рәсімі) Конфуций бойынша – идеал қоғамды қалыптастыру негізі. Осы қоғамды құру үшін әрбір адам өзіне талап қойып, барлық ережелер мен канондарды сақтау керек. Сонымен конфуцийлік дін емес, моральдық-саяси доктрина болып табылады. Ол қытай мәдениетін бейнелеп, қытай тұрмыс салтының негізі бола отырып, әкімшілік жүйе мен әлеуметтік және экономикалық процестерді реттеу функциясын атқарады.

 Даосизмді жасаушы  Лао-Цзы – «Қарт дана» (аңыз  бойынша ол 200 жыл өмір сүрген) болып саналады. Оның пікірінше  барлығы әбігершілік. Даоның ізімен  жүру керек (сөзбе-сөз аударғанда  жол), адам Жердің ізімен жүреді, Жер Аспанның, Аспан Даоның, ал  Дао табиғидың ізімен жүреді. Философиялық даосизм адам заттардың  табиғи тәртібін өзгерте алмайды  деп санайды, сондықтан адамның  еншісі - оқиғалардың табиғи барысын  сырттан бақылап, Даоға қол  жеткізу. Даосизмді жақтаушылар  белсенді әрекеттен бас тартуды  насихаттап, «әрекетсіздік» теориясын  ұсынады. Олар әлем адам сияқты  тоқтаусыз өзгерістер процесі  деп санады, сондықтан тану мүмкін  емес. Басты шарты – жолды бұзбау, әлемдік ырғақпен қарама-қайшылыққа  келмеу, дүниеге қосылу, оны тыңдай  білу.

 Қытайдың барлық  діни жүйелерінің ортақтығы бар:  барлығына үлкендер мен ата  бабаларды құрметтеу, отбасыны  тыңдау, «әрекетсіздік» идеясы, шындыққа  сырттан қарау қатынасы тән  болды. Адамның тұлға ретінде  өзіндік құндылығы болған жоқ,  қоғам «тұлға – мемлекеттік  пен ұжымдық алдында ештеңе  емес» деген принцип бойынша  өмір сүрді. 

 Ежелгі Қытайдың  рухани өмірі туралы қазіргі  түсініктер жазба көздерге негізделген.  Б.з. дейінгі XV ғасырда Қытайда  2000 аса иероглифтен тұратын иероглифтік  жазудың дамыған жүйесі болды,  б.з. ІІІ ғасырында олар 18 мыңға  жетті. Б.з. дейінгі І мыңжылдықтың  басына жататын «Әндер кітабы»  мен «Өзгерістер кітабы» әдебиеттің  ежелгі ескерткіші болып саналады.

 Қытайлар ұзақ  уақыт жібекке табиғи бояулармен  жазды, біздің заманымызда тушь  пен қағазды ойлап тапты. Қолданбалы  өнер де дамыды: қола айналарды  жасау, нефрит пен сүйекке ою  жасау, керамика, б.з. IV ғ. Қытайдан  шет жерлерге де белгілі болған  фарфор ойлап шығарылды, алуан  лакты бұйымдар пайда болды. 

 Қытай сәулеті  қызықты да ерекше. Ел біртұтас  орталықтандырылған мемлекетке  біріккен уақыт (б.з. дейінгі  221-207 ж.ж.) Ұлы қытай қабырғасының  негізгі бөлігін салумен есте  қалды, ол біздің заманымызға  дейін жартылай сақталып қалды. 

 Сәулеттегі табыстарға  математиканың дамуы себепкер  болды. Б.з. дейінгі V ғасырда  қытайлықтар тікбұрышты үшбұрыштың  қасиеттерін білді. Олар тарихта  бірінші рет теріс сандар ұғымын  енгізді, б.з. дейінгі ІІІ ғасырда  магнитті аспап, компостың алғашқы  түрін, су диірменін ойлап тапты,  астрономия дамыды. Олар жылды  12 айға, айды 4 аптаға бөлді. Б.з.  дейінгі V ғ. 800 шыраққа жұлдыздар  гороскопы жасалды, олар аспан  күмбезін 28 шоқжұлдызға бөлді. Б.з.  дейінгі 28 жылы қытайлықтар адамзат  тарихында бірінші рет күндегі  дақтарды суреттеп берді, астроном  Чжан Хэн әлемдегі алғашқы  айналатын жұлдыз глобусын жасады.

 Медицина едәуір  табысқа жетті. Б.з. дейінгі  ІІ мыңжылдықта қытайлықтарға  екі ондық музыкалық аспаптар  белгілі болды: барабан, дабыл,  сыбызғы, металл қоңыраулар, ішекті  шертпелі аспаптар, үрмелі – бамбуктен,  балшықтан жасалған және басқалар. Б.з. дейінгі бірінші мыңжылдықта  арнайы сарай маңындағы музыкалық  қызмет құрылады, сонымен мәдениеттің  барлық сфералары реттеуге бағынып,  мемлекеттің билігінде болды. 

Шығыс философиясы